Лямблиоз

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Жиардиаз [лямблиоз] (A07.1)
Инфекционные и паразитарные болезни

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «12» мамырдағы
№ 21 хаттамасымен мақұлданған       

Лямблиоз – басым түрде аш ішектің зақымдануымен латентті паразитті жеткізу түрінде де манифесттік нысандарда да өтетін протозооз.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 код(тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
A07.1 Лямблиоз (жиардиаз)
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АІЖ – асқазан-ішек жолдары
ИФА – иммуноферменттік анализ
ЖҚА – жалпы қанның анализі
ЖЗА – жалпы зәр анализі;
IgА –А сыныбының иммуноглобулиндері
IgM –M сыныбының иммуноглобулиндері
IgG –G сыныбының иммуноглобулиндері
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жедел кезек күттірмейтін көмек дәрігерлері/фельдшерлері, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, инфекционисттер, гастроэнтерологтар, дерматовенерологтар, невропатологтар, аллергологтар.  
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ға жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі  РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерін жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі (+) бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі (++ немесе +) бар РБЗ.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.  
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Жіктеме [3,6,7]:

Лямблиоздың клиникалық жіктемесі:

Клиникалық нысандары:
• симптомсыз;
• ішектік;
• билиарлық-панкреатиттік;
• невротикалық;
• аралас
 
Ауырлығы бойынша:
·          жеңіл;
·          орташа ауыр;
·          ауыр.
 
Ағымы бойынша:
·          жіті;
·          созылмалы.
Клиникалық диагнозды тұжырымдау мысалдары:
- Лямблиоз, ішектік нысан (5.06.2016 жылғы лямблия трофозоиттері/цисталары), орташа дәрежелі ауырлық, жіті ағым.
- Лямблиоз, аралас нысан (өт шығару жолдарының зақымдануымен ішектік), (5.06.2016 жылғы лямблия трофозоиттері/цисталары), орташа дәрежелі ауырлық, созылмалы ағым.
- Лямблиоз, невротикалық нысан (06/05/2016 жылғы лямблия трофозоиттері/ цисталары),  орташа дәрежелі ауырлық, жіті ағым.
- Лямблиоз, симптомсыз ағым (5.06.2016 жылғы лямблия трофозоиттері/ цисталары), жеңіл дәрежелі ауырлық, жіті ағым.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ [1-12]

Диагностикалық өлшемшарттар [1-12]
Көп жағдайда лямблиоз симптомсыз өтеді [1, 4, 6, 9, 11].
Симптомсыз ағым жағдайында: шағымдар жоқ.
Клиникалық манифесттік нысандар 10-12%-дан көп емес адамда дамиды [4, 6, 9, 11].

Шағымдар:
• тәбеттің жоғалуы;
• жүрек айнуы;
• құсу (кейде) ;
• тамақтану барысында кекіру;
• қыжыл;
• сөл бөлінудің артуы;
• оң жақ қабырға астында ауырлық пен ауырсыну;
• іштегі ыңғайсыздық сезімі және ішек шұрқырауы;
• метеоризм;
•  диарея (стеаторея) (сирек жағдайларда);
• іш қатуы және диареяның кезектесуі;
• тез шаршағыштық;
• әлсіреу;
• жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;
• ашуланшақтық;
• жаман ұйқы;
• дене температурасының көтерілуі;
• бас аурулары;
• бас айналуы;
• дене салмағының төмендеуі;
• бөртпе;
• буын ауырсынуы.

Анамнез:
·          инвазия симптомсыз өтеді (симптомсыз ағым жағдайында);
·          аурудың жіті басталуы (ауыр инвазия кезіндегі клиникалық айқындалған нысан).

Эпидемиологиялық анамнез:
• жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек, ластанған суды тағамға тұтыну, жеке гигиена ережелерін сақтамау.
• айналада ұқсас аурумен ауыратын немесе расталған «Лямблиоз» диагнозы бар науқас адамдардың болуы.
 
Физикалық зерттеп-қарау:
• тілдегі қабыршақ, ауыздың жағымсыз иісі;
• ішек бойымен пилородуоденалды аймақта, мезогипогастрияда ауырсыну;
• бауырдың үлкеюі;
• кейде көбікті, өзіне тән майлы жылтырмен, шырыш қосындысымен нәжіс;
• вегетотамырлық дистония симптомдары;
• бозару, әсіресе бет  және мұрын терісінің бозаруы («мәрмәр ақ»);
• тері қабатының әркелкі реңі (құба-иктериялық-қоңыр);
• мойын терісінің «толқынды» пигментациясы (пигментті ұсақ іріңсіз бөртпе);
• ксероз, алақанның қабыршақтануы;
• хейлит (ерін аймағының жеңіл қабыршақтану, құрғақтық, жарықшалар, ауыздық, пероралды аймақтың қабыршақтануы  түрінде зақымдануы).
• блефарит;
• эозинофилді өкпе инфильтраты;
• есекжем, Квинке ісігі.
 
Асқынулар:
Панкреатит (ұйқы безінің ауруы):
• тамақ ішумен байланысты емес эпигастриядағы монотонды ауырсынулар;
• тамақтың қорытылмаған бөлшектері бар ботқа тәрізді нәжіс;
• сыртқысекреторлық белсенділіктің біркелкі бұзылуы.
Мальабсорбция синдромы (бұзылған сіңіру синдромы, аш ішектің ас қорыту-тасымалдау функциясының бұзылуы нәтижесінде туындайтын клиникалық симптомдық кешен, ол метаболикалық бұзылуға әкеледі) (ауыр жұқтыру кезінде жиі туындайды):
• ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік белгілері;
• полидәрумендер жеткіліксіздігі мен минералдар тапшылығы белгілері;
•  гипохромды типті анемия;
• дене салмағының төмендеуі;
• физикалық дамудан тежелу.
 
Ляблиоздың ауырлық өлшемшарттары:
• интоксикация симптомдарының айқындылығы;
• клиникалық белгілердің айқындылығы;
•  асқынулардың болуы немесе болмауы.
 
Зертхналық зерттеулер[1, 6, 8, 11, 13]

Клиникалық анализ:
·          ЖҚА: өзегрістер болмауы мүмкін, сондай-ақ моноцитопения, эозинофилия ( 5-8%-ға дейін), анемия (аурудың ауыр әрі ұзақ ағымында) байқалуы мүмкін, ЭТЖ-ның 20—25 мм/сағ. дейін артуы.
·          Биохимиялық қан анализі: гамма-глобулиндер құрамының көтерілуі, альбуминдер құрамының төмендеуі, шөгінді сынамалары көрсеткіштерінің өзгеруі.
• Нәжіс жағындыларын микроскопиялық зерттеу: сұйық нәжісте - Lamblia intestinalis вегетативті нысандарын (трофозоиттерді) анықтау; ботқа тәрізді және сарқынды нәжісте - Lamblia intestinalis цисталарын анықтау.
Лямблиоздың диагностикасы нәжіс жағындысында цисталарды және (немесе) паразиттердің вегетативті нысандарын анықтауға негізделген. Мүмкіндігінше 6-7 жерден жиналған нәжістің сұйық фракцияларын зерттеу.  Нәжіс жылы күйінде зерттеледі.
Лямблиялардың және цисталардың  вегетативті нысандарының бөлінуі мерзімді сипатқа ие. Лямблиялардың бөлінуіндегі теріс кезеңдер 2-3 тәуліктен бастап 2-3 аптаға дейін ауытқуы мүмкін, сондықтан диагнозды растау үшін 2-4 апта ішінде (2-3 күн аралығымен) 5-6 рет нәжіске зерттеу жүргізуге ұсыным жасалады.
Серологиялық нәжіс анализі: ИФА - нәжісте лямблия цисталарының бетіндегі антигендерді анықтау (аурудың ерте сатысында).
Серологиялық қан анализі: ИФА – Lamblia intestinalis антигендеріне IgM сыныбының антиденелерін анықтау;
• ИФА – Lamblia intestinalis антигендеріне жиынтық антиденелерді (IgM, IgA, IgG) анықтау.
Диагностиканың серологиялық әдістері лямблиозды зертханалық диагностикалаудың жанама әдістері болып табылады, сондықтан қосымша диагностикалық әдістер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Лямблияның антигендеріне айрықша IgM және IgG антиденелерін аурудың 10-14-күнінен қан сарысуында анықтайды. IgM-ді анықтау лямблиозбен жіті ауыруды куәландырады, санациядан кейін олар тез жоғалады. IgG  емделгеннен кейін  12-15 ай бойы сақталуы мүмкін.
 
Осылайша,  лямблиоз диагнозы клиникалық көрініс деректерінің және нәжіс микроскопиясының немесе серологиялық реакциялардың (ИФА-да IgM) оң нәтижесінің  негізінде расталады.
 
Аспаптық зерттеулер:
·          дуоденалды зондтау – дуоденалды құрамда (анағұрлым жиі А порциясында) көп шырышты, вегетативтік нысандарды (трофозоиттерді) анықтау.
 
Мамандардың консультацияларына арналған көрсетілімдер:
• гастроэнтерологтың консультациясы – асқазан-ішек жолы зақымданған жағдайда;
• дерматовенерологтың консультациясы – аллергиялық дерматит, есекжем, экзема, нейродерматит жағдайында;
• аллергологтың консультациясы – ауыр уытты-аллергиялық реакциялар дамыған кезінде;
• пульмонологтың консультациясы – бронх-өкпе синдромы дамыған кезде.
 
Диагностикалық алгоритм: (сызба) 


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі [1,6,9,10,11,12,13]:                                                                                                                      
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Сальмонеллез Гастроэнтерит синдромы: жүрек айнуы, құсу, эпигастрийдегі немесе  мезогастрийдегі толғақ тәрізді біркелкі ауырсыну,  жағымсыз иісі бар жиі сұйық нәжіс. Дене температурасының көтерілуі. Бактериологиялық, серологиялық Сұйық, жеткілікті, батпақ балдыры түстес нәжіс. Оң жақ мықын бөлігінде іштің ауруы. Біркелкі интоксикация. Сальмонелланың копрокультурасын бөлу және оң серологиялық анализ.
Иерсиниоз Гастроэнтерит синдромы: жүрек айнуы, құсу,  біркелкі толғақ тәрізді, Кіндіктің немесе оң жақ мықын бөлігі айналасындағы қарқынды ауырсыну, жиі сұйық жағымсыз иісті нәжіс. Жоғары дене температурасы. Бактериологиялық, серологиялық Жиі шырыш, қан қоспалы жеткілікті нәжіс. Біркелкі интоксикация. Объективті: фарингит, лимфаденит гепатомегалия. ЖҚА-да: гиперлейкоцитоз,нейтрофилез. Y.enterocolitica копрокультурасын бөлу және оң серологиялық анализ.
Ротовирусты инфекция Айқын емес интоксикация. Гастроэнтерит синдромы: жүрек айнуы, құсу,  эпи- және мезогастрийлердегі толғақ тәрізді ауырсыну, іштің қатты шұқырлауы, сұйық, сулы, жағымсыз иісті, көбікті нәжіс. Нәжістің ПТР,  қанды серологиялық зерттеу
 
Жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы: ринит, ринофарингит, фарингит.Энтеровирустарға оң зертханалық анализдер.
Амебиаз Интоксикация айқындалмаған, қалыпты немесе субфебрильді дене температурасы. Іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, метеоризм. Нәжіс мол, шырышты. Нәжісті микроскопиялық зерттеу  Тоқ ішектің бойымен іш ауыруы. Нәжіс таңқурай желесі түрінде, қан араласқан. Эндоскопиялық түрде тоқ ішекте ойық жаралар анықталады. Нәжісте амебаның үлкен вегетативті нысанының анықталуы.

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Амбулаторлық емдеу асқынусыз жеңіл, орташа ауыр ағымы бар науқастарға жүргізіледі.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          № 5 диета, лямблиялардың көбеюін тоқтататын жағдай жасауға бағытталған (көмірсуларды шектеу және сүт өнімдерін алып тастау); нутритивтік сорбенттер болып табылатын өнімдерді (жарма, кебек, пісірілген алма, алмұрт, кептірілген жемістер, өсімдік майы) енгізу.
 
Дәрі-дәрімекпен емдеу:
Этиотроптық терапия (ДД-А) [15,16]:
·          Метронидазол 750-1500 мг/тәу 5-7 күн бойы 3 рет қабылдау
·          Албендазол 400мг/тәу 1 р/күніне 5 күн бойы
 
Симптоматикалық терапия (ДД-В) [17]:
·          Мебеверин ішу арқылы 200-400 мг/тәу
·          Урсодезоксихолды қышқыл 10мг/кг/тәу (капсулалары 250 мг күніне 1-3 рет)
·          Панкреатин орташа дозада  150 000 бірлік /тәу (1-2 табл 3 р/тәу)
·          Флуконазол – ішке бірінші күні 400 мг, содан кейін
200-400 мг 1 рет/тәу., 6-8 апта. Криптококк инфекциясы жағдайында емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне байланысты.
Науқаста полидәрумендер жеткіліксіздігі дамыған жағдайда полидәруменді препараттарды тағайындайды.
 
Емдеудің алғашқы күндерінде интоксикацияның күшею қаупі үшін лямблияға қарсы препараттарды қысқа курстармен қолдану орынсыз. Қысқа курсты немесе бір қрет олданылатын препараттарды қайталама курс үшін пайдаланған жақсы, оны бірінші курстан кейін 7-10 күн өткен соң жүргізуге ұсыным жасалады.
 
Лямблиозға қарсы препараттардың тиімділігі: 

Препарат Тиімділігі Ерекшеліктері
Албендазол 33% - 98% Антигельминттік белсенділіктің кең спектріне ие, гельминттердің дамуының барлық кезеңдеріне (жұмыртқа, дернәсіл, ересек дарақ).
Метронидазол 12,5% - 70% Препаратты науқастар жақсы көтереді. Препаратты жүкті әйелдерге және емізу кезеңінде, осы затқа жоғары сезімталдығы бар адамдарға тағайындауға болмайды.
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          сауығуды бақылау - күн қатарынан емес жүргізілген 3 теріс нәжіс анализі (копроцитограмма).
·          емдеу әсерін әділ бағалау және реинвазияны болдырмау үшін, этиотропты емдеуді аяқтағаннан кейін 3 аптадан кешіктірмей науқастың материалын зерттеу қажет, өйткені химиялық терапиядан кейін 3 аптаға дейінгі мерзімде қоздырғышты анықтау рецидив, кешірек – реинфекция болып табылады.  

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1-11]: сатционарлық деңгейде емдеу интоксикацияның айқын симптомдары, клиникалық белгілер, асқынулар болған кезде жүргізіледі.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          № 5 диета, лямблиялардың көбеюін тоқтататын жағдай жасауға бағытталған (көмірсуларды шектеу және сүт өнімдерін алып тастау); нутритивтік сорбенттер болып табылатын өнімдерді (жарма, кебек, пісірілген алма, алмұрт, кептірілген жемістер, өсімдік майы) енгізу.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу (аурудың ауырлығына байланысты):
Дезинтоксикациялық терапия
• Инфекциялық процестің орташа дәрежелі ауырлығы кезінде науқастарға - 20-40 мл/кг есебінен көп сұйықтық ішу.
• Инфекциялық процестің ауыр дәрежесі кезінде - изотониялық ерітінділерді парентералды енгізу (қан электролиттерін бақылау. Тәуліктік қажеттілік тек қана қажетті препараттардың ең аз көлемінде бөлінеді):
•  0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 400 мл т/і, тамшылы;
• 0,5% декстроза ерітіндісі, 400,0 мл т/і, тамшылы.
 
Этиотропты терапия (ДД-А) [15,16]:
·          Метронидазол 750-1500 мг/тәу 5-7 күн бойы 3 рет қабылдау
·          Албендазол 400мг/тәу 1 р/күн 5 күн бойы
 
Симптоматикалық терапия (ДД-В) [17]:
·          Мебеверин ішу арқылы 200-400 мг/тәу
·          Урсодезоксихолды қышқыл 10мг/кг/тәу (250 мг капсулалар күніне 1-3 рет)
·          Панкреатин орташа дозада 150 000бірлік/тәу (1-2 табл 3 р/тәу)
·          Флуконазол – ішке бірінші күні 400 мг, содан кейін
200-400 мг 1 рет/тәу., 6-8 апта. Криптококк инфекциясы жағдайында емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне байланысты.

Науқаста полидәрумендер жеткіліксіздігі дамыған жағдайда полидәруменді препараттарды тағайындайды.
Емдеудің алғашқы күндерінде интоксикацияның күшею қаупі үшін лямблияға қарсы препараттарды қысқа курстармен қолдану орынсыз. Қысқа курсты немесе бір қрет олданылатын препараттарды қайталама курс үшін пайдаланған жақсы, оны бірінші курстан кейін 7-10 күн өткен соң жүргізуге ұсыным жасалады.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:
·          албендазол, 400 мг таблеткалар
·          метронидазол, 250мг таблеткалар
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі:
·          0,9% NaCl ертіндісі - 100, 200, 400 мл;
·          декстроза – инфузияларға арналған ерітінді 100 мл;
·          мебеверин, 100 мг таблеткалар;
·          урсодезоксихолды қышқыл, 250 мг капсулалар
·          панкреатин, 10000ЕД, 25000ЕД,  25мг, 150мг, 300мг капсулалар
 
Препараттарды салыстыру кестесі:

Препарат, шығарылу нысаны Дозалау Қолданылу ұзақтығы Дәлелділік деңгейі
Антипаразиттік препараттар
1 Албендазол,таблеткалар  400 мг-нан күніне 1 рет 7 күн  (ДД-А) [15,16]
2  Метронидазол,    таблеткалар       
 
 750-1500 мг/тәу 7- 10 күн (ДД-А) [15,16]
Спазмолитикалық препараттар:
3 Мебеверин таблеткалар
 
200-400 мг/тәу 7–10 күн (ДД-В) [17]
Гепатопротекторлар:
 
4 Урсодезоксихолды қышқыл капсулалар
 
250 мг күніне 1-3 рет 7–10 күн (ДД-В) [17]
Ферменттер:
5 Панкреатин, таблеткалар
 
1 г.-нан күніне 4 рет 7–10 күн (ДД-В) [17]
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Одан әрі емдеу:
·           нәжісті ай сайынғы зерттеумен кемінде 3 ай бойы реконвалесценттерді байқауға ұсыным жасалады.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          сауығуды бақылау - күн қатарынан емес жүргізілген 3 теріс нәжіс анализі (копроцитограмма).

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫҢ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [1,6,9,11]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
• асқынулары (гепатохолецистит, панкреатит, ауыр аллергиялық реакция) бар науқастар;
• АІЖ және басқалардың ілеспелі ауруларының болуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Сергиев В.П., Лобзин Ю.В., Козлов С.С. Паразитарные болезни человека (протозоозы и гельминтозы).- Санкт-Петербург.- 2006.- 592с.). 2) Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. – 2-е изд. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 816 с. 3) Амиреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях: практическое руководство. – Алматы, 2008. – Т. 2. – 845 с. 4) Пак С.Г., Данилкин Б.К., Волчкова Е.В., Аленов М.Н. Инфекционные болезни: справочник. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2008. – 368 с. 5) Венгеров Ю.В., Мигманов Т.Э., Нагибина М.В. Инфекционные болезни и паразитарные болезни: справочник практического врача. – М.: МЕДпресс-информ, 2010. – 448 с. 6) Медицинская паразитология и паразитарные болезни: учебное пособие / под ред. А.Б. Ходжаян, С.С. Козлова, М.В. Голубевой. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. – 448 с. 7) Руководство по классификациям заболеваний /под общей ред. И.Р. Кулмагамбетова, К.А. Алихановой. – Караганда. – 2009. – Т. 2. – 416 с. 8) Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. – 3-е изд. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.–1008 с. 9) Медицинская протозоология. Паразитические простейшие человека: учебное пособие / под ред. Н.В. Чебышева, В.П. Сергиева. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. – 264 с. 10) Кишкун А.А. Иммунологические исследования и методы диагностики инфекционных заболеваний в клинической практике. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2009. – 712 с. 11) Токмалев А.К., Кожевникова Г.М. Клиническая паразитология: протозоозы и гельминтозы. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2010.-432 с. 12) Руководство по инфекционным болезням / под ред. В.М. Семенова. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2009. – 752 с. 13) Казанцев А.П., Казанцев В.А. Дифференциальная диагностика инфекционных болезней: руководство для врачей. – М.: ООО «Издательство «Медицинское информационное агентство», 2013. – 496 с. 14) Учайкин В.Ф., Харламова Ф.С., Шамшева О.В., Полеско И.В. Инфекционные болезни: атлас-руководство. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. – 384 с. 15) Granados CE, Reveiz L, Uribe LG, Criollo CP. Drugs for treating giardiasis. Cochrane Database of Systematic Reviews 2012, Issue 12. Art. No.: CD007787. DOI: 10.1002/14651858.CD007787.pub2. 16) WGO practice guideline: acute diarrhea Глобальные практические рекомендации Всемирной Гастроэнтерологической Организации Острая диарея у взрослых и детей: глобальная перспектива.- ВОЗ, 2012г 17) Mark S. Riddle, Herbert L. DuPont , and Bradley A. Connor ACG Clinical Guideline: Diagnosis, Treatment, and Prevention of Acute Diarrheal Infections in Adults/Am J Gastroenterol 2016; 111:602–622; doi: 10.1038/ajg.2016.126; published online 12 April 2016.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1) Егембердиева Равиля Айтмағамбетқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Б.Д. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры.
2) Ким Антонина Аркадьевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК инфекциялық аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі.
3) Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК профессоры, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ бас штаттан тыс инфекционисті.
4) Нұрпеисова Айман Женаевна – Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы «№1 емхана» КМК, гепатологиялық орталық меңгерушісі, дәрігер инфекционист, Қостанай облысы бойынша бас штаттан тыс инфекционист.
5) Юхневич Екатерина Александровна – «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының доцентінің м.а., клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1) Өтепбергенова Гүлмира Әлкенқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті» профессоры, инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы жариялағаннан кейін және ол күшіне енгеннен кейін 5 жылдан соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістері болған жағдайда қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх