Көздің басқа аурулары нәтижесіндегі екіншілік глаукома

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз (H40.5), Глаукома неуточненная (H40.9), Другая глаукома (H40.8)
Офтальмология

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулақ сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «15» қыркүйектегі
№27 хаттамасымен мақұлданған

Салдарлық глаукома – көздің әр түрлі ауруларының (жарақат, ісіктер, көз алмасының қабынуы) немесе көз іші қысымының көтерілуі орын алатын әр түрлі дәрілік құралдар әсерінің салдары немесе асқынуы болып табылатын аурулар тобы [1,2]. Салдарлық глаукома үшін экологиялық факторлардың, патогенетикалық механизмдер мен клиникалық көріністердің үлкен көлемі тән.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
H40.5 Көздің басқа ауралары салдарынан салдарлық глаукома
Н 40.8 Басқа глаукома
Н40.9 Глаукома нақтыланбаған
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2013 жыл (2017 ж. қайта қаралған).
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

КІҚ көз іші қысымы
КЖД көру жүйкесінің дискі
ЖБГ жабық бұрышты глаукома
АБГ ашық бұрышты глаукома
АГҰ ауыр глаукома ұстамасы
ЖҚҚ жалған қалыпты (төмен) көз іші қысымды глаукома
АКБ алдыңғы камера бұрышы
НРБ нейроретиналды белдеуше
КОҚ көздің мүйізгек қабағының орталық қалыңдығы
ТОА көз торының орталық артериясы
АҚЦА артқы қысқа цилиарлы артериясы
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, офтальмологтар.
 
Пациенттердің санаты: ересектер.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Жіктеме

Этиологиясы бойынша:

·               қабыну глаукома;
·               факогенді глаукома;
·               тамырлық глаукома;
·               неоваскулярлы глаукома;
·               флебогипертензивті глаукома;
·               дистрофиялық глаукома;
·               жарақаттық глаукома;
·               отадан кейінгі глаукома;
·               неопластикалық глаукома.

КІҚ деңгейі бойынша:
·               қалыпты КІҚ;
·               шекті жоғары КІҚ;
·               жоғары КІҚ.

Көру аймағының өзгеру және көру жүйкесі дискінің зақымдану деңгейі бойынша:
·               бастапқы;
·               дамыған;
·               алысқа кеткен;
·               терминалды.

Ағымы бойынша (көру функцияларының динамикасы бойынша):
·               тұрақталған;
·               тұрақталмаған.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар және анамнез
Шағымдар:
·               бастың сәйкес бөлігіне аурудың иррадиациясымен көз аймағындағы ауру;
·               көздің қаратуы, көру өткірлігіінң төмендеуі;
·               көру аймағының тарылуы;
·               көздегі дискомфорт.
NB! Шағымдар мен анамнез салдарлық глаукоманың этиологиясына байланысты. Салдарлық глаукоманың ағымы кейде симптомсыз болады.

Анамнез:
·               көру органының басқа да ауруларының болуы;
·               жалпы патологияның немесе жарақаттың болуы.

Физикалық зерттеп-қарау: жоқ.

Зертханалық зерттеулер: жоқ.

Аспаптық зерттеулер:
·               визометрия: көру өткірлігінің төмендеу мүмкіндігі;
·               биомикроскопия: кез келген салдарлық глаукома барысында нұрлы қабықшаның дистрофиясы мүмкін. Факоморфиялық глаукома барысында шағын алдыңғы камера, көз бұршағы бұлыңғыр, жылтыр түсті болуы мүмкін; увеалды глаукомада – артқы синехия, қарашықтың бітелуі және тұтасуы. Гифема, жаңадан пайда болған тамырлар тамырлық глаукома кезінде ықтимал. Жарақатты глаукома – алдыңғы камера құрылымдарының зақымдануы. Факотопиялық барысында – көзбұршақтың болмауы немесе тұтасуы, шыны тәріздес дене жарығы. Неопластикалықта – алдыңғы камера бұрышында тіннің + болуы.
·               офтальмоскопия: көру жүйкесі дискісінде экскавацияның созылуы және тереңдеуі, көру жүйкесі дискісінің деколорациясы және ассиметриясы;
·               тонометрия: КІҚ-ның толерантты деңгейден жоғары көтерілуі;
·               периметрия: көру аймағының тарылуы, орталық көру аймағындағы өзгеріс, Бьеррум зонасында спецификалық скотомдардың болуы, соқыр дақтың созылуы; көру аймағының тарылуы негізінен мұрын жағында орын алады (жоғарғы мұрындық секторда), ал кейінгі сатылар үшін көру аймағының шоғырлы тарылуы тән. Аурудың асқынған сатысында өру аймағы ішкі жағынан кем дегенде 5 градусқа тарылады, алысқа кеткен сатыда көру аймағы кем дегенде бір меридианда тарылған және фиксация нүктесінен 15 градустың шегінен шықпайды. Периметрлік индекстерді де ескеру қажет – MD және PSD. MD – орташа ауытқу немесе орташа дефект, көру аймағы жалпы шығынының көрсеткіші. Көрсеткіш қаншалықты төмен болса, теріс динамика соншалықты айқын көрінеді. PSD – стандартты шаблонды ауытқу (дефекттердің түрленгіштігі) – жасына, рефракциясына, ортаның ашықтығына қарай паттерннің (белгі) көрінгіштік көрсеткіштерінің мүмкін шашырауын ескеру. Көру аймағының ошақты зақымдануларының айқындығын көрсетеді.
-              MD > -2 дБ − норма;
-              MD = -2 − -6 дБ − бастапқы глаукома;
-              MD = -6 − -12 дБ − дамыған глаукома;
-              MD < -12 дБ – алысқа кеткен глаукома;
-              PSD – көру аймағы пішінінің әркелкілік көрсеткіші;
-              PSD < 2 − норма.
·               гониоскопия: алдыңғы камера бұрышының әр түрлі деңгейде ашылуы Ван Бойнингеннің схемасы бойынша бағаланады (0-IV ашылу дәрежесі), гониосинехия, трабекула пигментациясының қарқындылығы байқалады (А.П.Нестеровтың жіктемесі бойынша).
·               офтальмоскопия: офтальмоскопия кезінде КЖД сандық және сапалық бағалау жүргізіледі.

КЖД сапалық бағалау:
-              КЖД экскавациясының созылуы және тереңдеуі;
-              тамырлық түйіннің мұрын жағына қарай ашылуы және жылжуы;
-              көру жүйкесі дискісінің деколорациясы;
-              НРБ контуры, оның болмауы немесе оның шетке жылжу үрдісі;
-              бета-зонадағы хориоидеяның перипапиллярлы атрофиясы.

КЖД сандық бағалау:
-              КЖД өлшемі (ауданы);
-              экскавацияның дискіге қатынасы (Э/Д);
-              НРБ-нің дискіге қатынасы.
·               Көру жүйкесі дискісінің морфометрикалық анализі:  КЖД сандық бағасын нақтылау негізінде глаукомалы оптикалық нейропатия белгілері.
·               Пахиметрия: көз тоннометрінің мәліметтерін барынша дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Көз және көз мүйіздік қабырғасындағы орталықтағы қалыңдығы 570 мкм жоғары болатын тонометр мәліметтері төмендеу жағына қарай коррекцияны қажет етеді. 520 мкм төмен КОҚ-ты емделушілер тонометрлік көрсеткіштерді арты жағына қарай коррекцияны қажет етеді.
·               Эхобиометрия: сындырушы ортаның түссіздігі жағдайында көздің ішкі құрылымдарының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді (топология, өлшемдері, қабықшалардың, көз бұршағының, шыны тәріздес дененің тығыздығы және т.б.);
·               Ультрадыбыстық биомикроскопия: көздің алдыңғы жартысының (көздің мүйізгек қабағының, көздің алдыңғы және артқы камерасының, кірпікті дененің, нұрлы қабақ пен көзбұршағының) құрылымдық элементтерінің кеңістіктік арақатынасын сандық және сапалық бағалауды, түбегейлі эховизуализациясын, сонымен қатар антиглаукомалық оталардан кейінгі хирургиялық қалыптасқан жолдардың қайтуын қамтамасыз етеді;
·               Алдыңғы бөліктің ОСТ: көздің мүйізгек қабағының қалыңдығын, көздің алдыңғы камерасының тереңдігін толықтай максималды дәлдікпен өлшеуге, сонымен қатар алдыңғы камера профилін анықтауға және оның енін өлшеуге мүмкіндік береді. Глаукомасы бар емделушілердегі дренажды жүйелердің жұмысын және алдыңғы камера бұрышының ашылу шамасын бағалау.

Мамандардың консультациясы үшін көрсетілімдер:
·               созылмалы инфекция ошақтарын анықтауға қатысты оториноларингологтың және стоматологтың консультациясы;
·               неопластикалық глаукома кезінде процесстің генерализациясын болдырмау үшін онкологтың консультациясы;
·               тамырлық глаукома кезінде эндокринологтың консультациясы;
·               қабынушы глаукома кезінде инфекционисттің консультациясы.
NB! Ілеспе жалпы патология болған жағдайда хирургиялық емдеуге қарсы көрсетімдердің жоқтығы туралы, сонымен қатар салдарлық глаукоманың этиологиялық даму факторларын анықтау үшін сәйкес маманның қорытындысы қажет. 

Диагностикалық алгоритм (1-қосымша).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулерді негіздеу
NB! Дифференциалды диагноз факоморфтық, факолитикалық глаукома және ауыр глаукома ұстамасының аралығында жүргізіледі.

Диагноз Дифференциалды диагностика үшін негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жою үшін өлшемшарттар
Факоморфтық глаукома Көз іші қысымының едәуір көтерілуі
 
Көз алмасының айқын тоқтаған инъекциясы
Аурулар
Көру өткірлігі
 
 
 
Алдыңғы камера
 
Алдыңғы камера ылғалы
 
 
Көзбұршағы
 
 
Эхография мәліметтері
Нысанды көрудің жоқтығы
 
Ұсақ
 
Ашық
 
 
 
Жылтыр реңкті ақ-сұр түсті
 
 
көзбұршақтың өлшемі үлкейген
Факолитикалық
глаукома
Көз іші қысымының едәуір көтерілуі
 
Көз алмасының айқын тоқтаған инъекциясы
Аурулар
Көру өткірлігі
 
 
 
Алдыңғы камера
 
Алдыңғы камера ылғалы
 
 
Көзбұршағы
 
 
Эхография мәліметтері
Нысанды көрудің жоқтығы
 
 
Орташа тереңдікті
Опалесцирлі
 
Сүтті реңкті
 
 Көзбұршақтың өлшемі қалыпты немесе үлкейген
Ауыр глаукома ұстмасы Көз іші қысымының қатты көтерілуі
 
Көз алмасының айқын тоқтаған инъекциясы
Аурулар
Көру өткірлігі
 
 
 
Алдыңғы камера
 
Алдыңғы камера ылғалы
 
 
Көзбұршағы
 
Эхография мәліметтері
Нұрлы қабық шеңберлері жарыққа қараған кезде төмендеген,
Ұсақ
Ашық
 
Әр түрлі деңгейде бұлыңғырлану болуы мүмкін
 
 
Көзбұршақ өлшемі өзгермейді

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Емдеу қағидалары:
·               КІҚ төмендеуі («мақсатты қысымға» жету);
·               салдарлық глаукоманың даму себебі болып табылатын негізгі ауруды емдеу;
·               көз қан ағымын жақсарту.
Глаукоманы емдеудің негізгі бағыттары көру функцияларының әрі қарай қайтарымсыз үдемелеуінің алдын алу үшін КІҚ төмендетуге бағытталған гипотензивті терапия болып табылады. Емдеуді бірінші таңдалатын дәрі-дәрмекті құралдармен монотерапия арқылы бастайды. Ол тиімсіз, төзгісіз, қарсы көрсетімдер болған жағдайда басқа ДҚ пайдалану басталады немесе аралас терапияға өтеду. Бірінші таңдалатын препараттарға селективті емес бета-блокаторлар және простагландиндердің аналогтары жатады. Бірінші таңдалатын препараттар тиімсіз болған жағдайда комбинацияға екінші тізбекті препараттар қосылады: М-холино-миметиктер, карбоангидразды ингибиторлар немесе альфа-агонистер. Жетілген гипотензивті әсердің дұрыстығы көру функцияларының динамикасымен және көру жүйкесі дискісінің жағдайымен тұрақты тексеріледі. Жергілікті гипотензивті терапияның тиімсіздігі кезінде көз іші қысымын төмендетудің лазерлі әдістеріне немесе көрсетімдерге қарай хирургиялық емдеуге көшеді.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·                   Режим: IV;
·                   15 үстел
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу жергілікті гипотензивті терапия препараттарын, сонымен қатар хирургиялық емдеуді фармакологиялық сүйемелдеу препараттарын (қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, карбоангидразды ингибиторлар, антисептиктер, антиметаболиттер) қамтиды.

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%): 

Дәрілік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
бета-адреноблокаторлар
селективті емес
Тимололамалеат көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан егу А
простагландиндердің аналогтары Латанопрост көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
А
Травопрост көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
 
А
Тафлупрост көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
А
Глюкокортикоидтар жергілікті/жүйелі пайдалану үшін Дексаметазон* көз тамшылары отадан кейін және әрі қарай төмендеуші схема бойынша конъюктива қабына тәулігіне 6 рет 2 тамшыдан
егу
В
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобының микробтарға қарсы препараты
 
Левофлоксацин көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан
егу
пайдалану ұзақтығы жағдайдың ауырлығына қарай
В
М-холинолитик Тропикамид көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне  1 тамшыдан
егу
С
Глюкокортикоидтар жергілікті пайдалану үшін Дексаметазон көз тамшылары Субконъюнктивті
Парабульбарлы
В
Жергілікті жансыздандыраты дәрі дәрмектер Проксиметакаин көз тамшылары Тікелей ота алдында және ота барысында конъюктива қабына егу В
Ингибиторлар карбоангидраздар Ацетазоламид Ішке күніне 1-2 капсуладан
 
В

Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (қолдану ықтималдығы 100% төмен):
Дәрілік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
бета-адреноблокаторлар селективті Бетаксолол  конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
Ингибиторлар карбоангидразды Дорзоламид конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
Ингибиторлар
карбоангидразды
Бринзоламид конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
Альфа-адреномиметик
(Альфа-агонисттер)
Бримонидин конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
М-холиномиметик Пилокарпин конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
бета-адреноблокаторлар
селективті емес + простагландиндердің аналогтары
 
Тимололамалеат+травопрост* конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
В
Тимололамалеат+латанопрост* конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
В
Тимололамалеат+тафлупрост* конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
В
бета-адреноблокаторлар
селективті емес+
ингибиторлар карбоангидразды
Тимололамалеат+бринзоламид конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
Тимололамалеат+дорзоламид* конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
көз жасы қабықшасының протекторы Натрия гиалуронат* конъюктива қабына тәулігіне 4 рет 2 тамшыдан
егу
В
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін стероидты емес қабынуға қарсы препарат Бромфенак капли глазные конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан
егу
14 күн
С
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробтарға қарсы препарат Моксифлоксацин
көз тамшылары
конъюктива қабына тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан
егу
14 күн
В
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробтарға қарсы препарат
 
Офлоксацин көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан
егу
пайдалану ұзақтығы жағдайдың ауырлығына қарай
В
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін құрал
 
Проксиметакаин көз тамшылары конъюктива қабына егу В
* препаратты пайдалану тек ҚР тіркелгеннен кейін
 
 
Хирургиялық араласу
Салдарлық глаукома кезінде жергілікті гипотензивті терапияның тиімсіздігі кезінде лазерлік әрекет қолданылады:
·        лазерлі трабекулопластика;
·        лазерлі гониопластика, синехиолизис;
·        лазерлі иридотомия;
·        циклофотокоагуляция.
Салдарлық глаукомада жергілікті гипотензивті терапияның тиімсіздігі кезінде, жергілікті гипотензивті терапия мен лазерлі әрекеттің тиімсіздігінде хирургиялық емдеу қолданылады:
·        енбейтін терең склерэктомия;
·        трабекулоэктомия.
 
Әрі қарай емдеу:
·               бірінші ай – биомикроскопия аптасына 1 рет;
·               бастапқы 3 ай – тонометрия айына 1 рет;
·               офтальмологке қаралу 3 айда 1 реттен кем емес;
·               КІҚ бақылау айына 1 рет;
·               гониоскопия – жылына 1 рет;
·               периметрияны бақылау жылына 2 рет;
·               офтальмоскопия жылына 2 рет.

Профилактикалық шаралар:
·               салауатты өмір салты;
·               негізгі ауруды емдеу – салдарлық глаукома дамуының этиологиялық факторлары.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·               көз іші қысымының компенсациясы – қорытынды тонометрия;
·               көру аймағын тұрақтандыру – қорытынды периметрия;
·               КЖД глаукомалы экскавациясын тұрақтандыру – қорытынды офтальмоскопия және көз жүйкесінің томографиясы.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ:
1) күндізгі стационар: лазерлі және хирургиялық емдеу.
2) тәуліктік стационар: хирургиялық + ВТМУ бойынша хирургилық емдеу.
Стационарлық деңгейде салдарлық глаукома кезінде жергілікті гипотензивті терапия тиімсіз болған жағдайда лазерлі немесе хирургиялық әрекет қолданылады.
 
Пациентті бақылау картасы, пациентті бағдарлау: жоқ
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·        режим: IV;
·        №15 үстел.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Стационарлық емдеу жергілікті гипотензивті терапия препараттарын, сонымен қатар хирургиялық емдеуді фармакологиялық сүйемелдеу препараттарын (қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, карбоангидразды ингибиторлар, антисептиктер, антиметаболиттер) қамтиды.

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%):

Дәрілік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
бета-адреноблокаторлар
селективті емес
Тимололамалеат көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан егу А
простагландиндердің аналогтары Латанопрост көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
А
Травопрост көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
 
А
Тафлупрост көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
А
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробтарға қарсы препарат Моксифлоксацин
көз тамшылары
конъюктива қабына тәулігіне 3 рет 2 тамшыдан
егу, емдеу 2-3 күн
егер індет жұқтырудан кейін жағдай жақсарса;
егер 5 күннің ішінде жақсару болмаса.
ауыр: тәулігіне 3 рет 2 тамшыдан емдеу ұзақтығы 2-3 күн
егер індет жұқтырудан кейін жағдай жақсарса;
егер 5 күннің ішінде жақсару болмаса
отадан кейінгі жарақаттың профилактикасы үшін тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан қолданылады
отадан кейін 14 күн ішінде
А
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін глюкокортикоидтар  
 
Дексаметазон көз тамшылары отадан кейін конъюктива қабына тәулігіне 6 рет 2 тамшыдан егу және әрі қарай төмендеуші схема бойынша В
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробқа қарсы препарат  
 
Левофлоксацин көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан егу
пайдалану ұзақтығы жағдайдың ауырлығына қарай
А
М-холинолитик Тропикамид көз тамшылары Конъюнктива қабына егу С
Жүйелі және жергілікті пайдаалану үшін
глюкокортикоидтар
Дексаметазон Субконъюнктивалды
Парабульбарлы
В
Жергілікті жансыздандыраты дәрі дәрмектер Проксиметакаин көз тамшылары Тікелей ота алдында және ота барысында конъюктива қабына егу В
Ингибиторлар карбоангидраздар Ацетазоламид Ішке 1 таблеткадан В
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробтарға қарсы препарат Ципрофлоксацин
көз тамшылары
конъюктива қабына тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан
егу
14 күн
А
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін аминогликозидтер тобындағы микробқа қарсы препарат Тобрамицин көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан
егу
14 күн
А
Жергілікті жансыздандыраты дәрі дәрмектер оксибупрокаин + прокиметакаин Тікелей ота алдында және ота барысында конъюктива қабына егу А
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер непафенак +бромфенак + диклофенака натрия конъюктива қабына тәулігіне 1-2 рет 2 тамшыдан
егу
14 күн
С
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% төмен): 

Дәрілік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
бета-адреноблокаторлар селективті Бетаксолол  көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
Ингибиторлар карбоангидразды Дорзоламид көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
Ингибиторлар
карбоангидразды
Бринзоламид көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
Альфа-адреномиметик
(Альфа-агонисттер)
Бримонидин көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
М-холиномиметик Пилокарпин көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
бета-адреноблокаторлар
селективті емес + простагландиндердің аналогтары
 
Тимололамалеат+травопрост* көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
В
бета-адреноблокаторлар
селективті емес + простагландиндердің аналогтары
 
Тимололамалеат+латанопрост
көз тамшылары
конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
В
бета-адреноблокаторлар
селективті емес + простагландиндердің аналогтары
 
Тимололамалеат+тафлупрост конъюктива қабына тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан
егу
В
бета-адреноблокаторлар
селективті емес +
карбонагидразды ингибиторлар
Тимололамалеат+бринзоламид конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
бета-адреноблокаторлар
селективті емес +
карбонагидразды ингибиторлар
Тимололамалеат+дорзоламид
глазные капли
конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
бета-адреноблокаторлар
селективті емес +
М-холиномиметиктер
Тимололамалеат+
Пилокарпин
көз тамшылары
конъюктива қабына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан
егу
В
протектор слезной пленки Натрия гиалуронат глазные капли конъюктива қабына тәулігіне 3-5 рет 2 тамшыдан
егу
14-30 күн
С
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін стероидты емес қабынуға қарсы препарат Бромфенак капли глазные конъюктива қабына тәулігіне 3-4 рет 2 тамшыдан егу
14 күн
С
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробтарға қарсы препарат Моксифлоксацин
көз тамшылары
конъюктива қабына тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан
егу
14 күн
В
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробтарға қарсы препарат
 
Офлоксацин көз тамшылары конъюктива қабына тәулігіне 5 рет 2 тамшыдан
егу
пайдалану ұзақтығы жағдайдың ауырлығына қарай
В
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін құрал
 
Проксиметакаин көз тамшылары конъюктива қабына егу В
Ангиогенез ингибиторлары
 
Афлиберцепт Интравитрельді немесе камера ішілік салу
Глаукома себебі бойынша хирургиялық емдеуге дейін 1-2 күн бұрын 2 мг салынады
А
Ангиогенез ингибиторлары
 
ранибизумаб Интравитрельді немесе камера ішілік салу А
Альфа-адреномиметиктер фенилэфрин Субконъюктивті салу
Отадан кейінгі асқынуларды емдеу үшін қалдыру қажет – ұсақ алдыңғы камера немесе цилиохориодиалды қабаттану синдромы
С
 
Хирургиялық араласу:
·               лазерлі трабекулопластика;
·               лазерлі гониопластика синехиолизиспен;
·               лазерлі иридотомия;
·               циклофотокоагуляция;
·               енбейтін терең склерэктомия;
·               трабекулэктомия;
·               трабекулэктомия+ глаукома дренаждарының имплантациясы;
·               катарактаэкстракциясы;
·               гипотензивті отамен үйлесімдегі катаракта экстракциясы;
·               гипотензивті отамен үйлесімдегі катаракта экстракциясы глаукома дренаждарының имплантациясымен.
 
Әрі қарай емдеу
NB! Бактерияға қарсы және қабынуға қарсы терапия отадан кейінгі асқынулардың профилактикасы үшін. Қайта пайда болған қайту жолдарының зонасында артық тыртықтану профилактикасы үшін кортикостероидты препараттар (дексаметазон 2 мг 0,5 мл) мен антиметаболиттерді субконъюктивалды инъекциялар түрінде пайдалану.
Әрі қарай емдеу:
·               отадан кейін 1 ай ішінде қабынуға қарсы және бактерияға қарсы препараттарын егу;
·               көз іші қысымды айына 1 рет бақылау;
·               периметрияны жылына 2 рет бақылау;
·               офтальмоскопия жылына 2 рет.
 
Емдеу тиімділігінің және диагностика және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:
·               отадан кейінгі асқынулардың болмауы;
·               көз іші қысымының компенсациясы.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: тәулік бойы тұрақтаумен стационарға (облыстық көз ауруханалары, көп профильді қалалық немесе облыстық стационарлардың көз бөлімдері):
·                   хирургиялық емдеу жүргізу үшін көз ішіл қысым компенсациясының жоқтығы;
·                   глаукомалық процесстің үдемеленуі (көру аймағының тарылуы, көру жүйкесі дискісінің глаукоматозды экскавациясының үлкеюі).
 
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·                   ісінген катаракта кезінде көз іші қысымының көтерілуі;
·                   жетіліп кеткен катаракта кезінде көз іші қысымының көтерілуі;
·                   увеалды процесстің өршуі кезінде көз іші қысымының көтерілуі;
·                   факотопиялық глаукома кезінде көзбұршағының алдыңғы камераға люксациясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Руководство по диагностике и лечению глаукомы в Республике Беларусь, Минск,2012. 2) Национальное руководство по глаукоме (путеводитель) для поликлинических врачей. Издание 1. Под редакцией Егорова Е.А., Астахова Ю.С., Щуко А.Г. Москва, 2009. 3) Офтальмоскопическая характеристика изменений диска зрительного нерва и слоя нервных волокон при глаукоме (пособие для врачей). А.В.Куроедов, В.В.Городничий, В.Ю.Огородникова, Н.М.Сольнов, З.П.Кушим, А.С.Александров, К.В.Кузнецов, А.Ю.Макарова. Москва, 2011. 4) Terminology and guidelines for glaucoma. European Glaucoma Society, 4th edition, 2014. 5) The Ahmed shunt versus the Baerveldt shunt for refractory glaucoma: a meta-analysis. Wang S, Gao X, Qian N. BMC Ophthalmol. 2016 Jun 8;16:83. 6) Efficacy and economic analysis of Ex-PRESS implantation versus trabeculectomy in uncontrolled glaucoma: a systematic review and Meta-analysis. Wang L, Sha F, Guo DD, Bi HS, Si JK, Du YX, Tang K. Int J Ophthalmol. 2016 Jan 18;9(1):124-31. 7) Device-modified trabeculectomy for glaucoma. Wang X, Khan R, Coleman A. Cochrane Database Syst Rev. 2015 Dec 1;(12). 8) Comparison of Ahmed glaucoma valve implantation and trabeculectomy for glaucoma: a systematic review and meta-analysis. HaiBo T, Xin K, ShiHeng L, Lin L. PLoS One. 2015 Feb 26;10(2). 9) Meta-analysis of randomized controlled trials comparing EX-PRESS implantation with trabeculectomy for open-angle glaucoma. Wang W, Zhang X. PLoS One. 2014 Jun 27;9(6). 10) Summary of Glaucoma Diagnostic Testing Accuracy: An Evidence-Based Meta-Analysis. Ahmed S, Khan Z, Si F, Mao A, Pan I, Yazdi F, Tsertsvadze A, Hutnik C, Moher D, Tingey D, Trope GE, Damji KF, Tarride JE, Goeree R, Hodge W. J Clin Med Res. 2016 Sep;8(9):641-9. doi: 10.14740/jocmr2643w. Epub 2016 Jul 30. Erratum in: J Clin Med Res. 2017 Mar; 9(3):231. 11) Optic nerve head and fibre layer imaging for diagnosing glaucoma. Michelessi M, Lucenteforte E, Oddone F, Brazzelli M, Parravano M, Franchi S, Ng SM, Virgili G. Cochrane Database Syst Rev. 2015 Nov 30;(11). 12) Efficacy of Additional Glaucoma Drainage Device Insertion in Refractory Glaucoma: Case Series with a Systematic Literature Review and Meta-Analysis. Lee NY, Hwang HB, Oh SH, Park CK. SeminOphthalmol. 2015;30(5-6). 13) Intraocular pressure-lowering effects of commonly used fixed-combination drugs with timolol: a systematic review and meta-analysis. Cheng JW, Cheng SW, Gao LD, Lu GC, Wei RL. PLoS One. 2012; 7(9). 14) Fluorouracil in initial trabeculectomy. A prospective, randomized, multicenter study. Goldenfeld M, Krupin T, Ruderman JM, Wong PC, Rosenberg LF, Ritch R, Liebmann JM, Gieser DK. Ophthalmology. 1994 Jun;101. 15) Trabeculectomy with intraoperative mitomycin C versus 5-fluorouracil. Prospective randomized clinical trial. Singh K, Mehta K, Shaikh NM, Tsai JC, Moster MR, Budenz DL, Greenfield DS, Chen PP, Cohen JS, Baerveldt GS, Shaikh S. Ophthalmology. 2000 Dec;107(12):2305-9. 16) The Effects of Bevacizumab in Augmenting Trabeculectomy for Glaucoma: A Systematic Review and Meta-Analysis of Randomized Controlled Trials. Liu X, Du L, Li N.Medicine (Baltimore). 2016 Apr;95(15). 17) Anti-VEGF agents with or without antimetabolites in trabeculectomy for glaucoma: a meta-analysis. Xiong Q, Li Z, Li Z, Zhu Y, Abdulhalim S, Wang P, Cai X. PLoS One. 2014 Feb 11;9(2).

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)           Алдашева Нэйля Ахметқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2)           Агелеуова Ақмарал Құсаинқызы – «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ жоғары санатты дәрігері.
3)           Абышева Лаура Дорбетханқызы – бірінші санатты дәрігер, «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ постдипломдық білім беру бөлімінің оқытушысы.
4)           Санғылбаева Жамиля Оспанқызы – екінші санатты дәрігер, «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ күндізгі стационарының дәрігер-ординаторы.
5)           Асылбекова Әсел Серікқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ, функционалды диагностика бөлімшесінің меңгерушісі.
6)           Тоқымбаева Жеңісгүл Нұрманкызы – «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалының бірінші санатты дәрігері.
7)           Смағұлова Ғазиза Ажмағықызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі аурулар пропедевтикасы мен клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі – клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер:
Өтелбаева Зәуреш Тұрсынқызы – медицина ғылымдарының докторы, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК офтальмология кафедрасы.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

 

1 қосымша

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх