Кератопатия
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)
Анықтамасы
Анықтамасы
Денсаулақ сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «15» қыркүйектегі
№27 хаттамасымен мақұлданған
Кератопия буллезді немесе эндотелийлі-эпителийлі дистрофия – эндотелий жасушаларын жоғалтумен байланысты полиэтиологиялық ауру [1-4]. Бұл ауру көздің мүйізгек қабағының созылмалы ісінуінің дамуымен және оның әрі қарай трофикасының бұзылуымен, тұрақты бұлыңғырланудың пайда болуымен, көру өткірлігінің төмендеуімен, қалжырататын ауру синдромының дамуымен сипатталады, көп жағдайда көздің функционалды және анатомиялық жойылуымен аяқталады [6-8].
ТМД елдерінде «салдарлық ЭЭД» және «буллезді кератопия» терминдері бірдей терминдер ретінде қолданылса, ал ағылшын тіліндегі әдебиеттерде салдарлық ЭДД-ні буллезді кератопия деп атау қабылданған, ал бастапқыны – Фукс дистрофиясы [9,10]. 80% жағдайларда ЭЭД ятрогендік сипатқа ие, көз алмасын хирургиялық ашумен байланысты және көп жағдайда – бұл катаракта хирургиясы [4,5,8].
КІРІСПЕ БӨЛІМ
АХЖ-10 және 9 коды (тары):
АХЖ-10 | АХЖ-9 | ||
Кодтар | Атауы | Кодтар | Атауы |
Н 18.1 | Кератопатия буллезді | 11.7101 | Фототерапевтическая кератэктомия |
Н 18.2 | Көздің мүйізгек қабағының басқа да ісінулері | 11.4901 | Көздің мүйізгек қабағы коллагенінің кросслинкингі |
Н 18.3 | Көздің мұйізгек қабағы қабықтарының өзгеруі | 11.62 | Қабатты кератопластиканың басқа да түрлері |
Н 18.4 | Көздің мұйізгек қабағының дегенерациясы | 11.64 | Тұтас ойылған кератопластиканың басқа да түрлері |
Хаттаманы дайындау/қайта қарау күні: 2017 жыл
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
БК | – | буллезді кератопатия |
ИОЛ | – | интраокулярная линза |
ЖБЛ | – | жұмсақ байланыс линзасы |
ЖРВИ | – | жіті респираторлы-вирустың инфекция |
ТОК | – | тұтас ойылған кератопластика |
УДЗ | – | ультрадыбыстық зерттеу |
ФТК | – | фототерапевтік кератэктомия |
ЭФЗ | – | электрофизиологиялық зерттеу |
ЭЭД | – | эндотелийлі-эпителийлі дистрофия |
Хаттаманы пайдаланушылар: офтальмологтар, жалпы практика дәрігерлері.
Пациенттердің санаты: ересектер.
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:
А | Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. |
В | Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. |
С | Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. |
D | Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі. |
GPP | Үздік клиникалық практика |
Жіктемесі
Жіктеме
З.И.Морозов және бірлескен авторлар бойынша ЭЭД жіктемесі [4]
Сатылар | Клиникалық сипаттамасы |
Тәуекел тобы | Көздің мүйізгек қабағы ашықтау, қалыңдығы қалыпты, эндотелий жасушаларының тығыздығы 320-510 кл/мм2 |
I | Көздің мүйізгек қабағының ашықтығы төмендеген, оның қалыңдығы жергілікті 0,7 мм дейін үлкейген, эндотелий жасушаларының тығыздығы біркелкі емес |
II | Ашықтықтың шекті төмендеуі, қалыңдығы 0,7-0,8 мм, жасушалардың контурлары бұлдарланған, эндотелий жасушаларының тығыздығы төмен, эндотелий көздің мүйізгек қабағының бетін толықтай жабады, бірақ жасушалар лезде үлкейген |
III | Көздің мүйізгек қабағының ашықтығы едәуір төмендеген, орташа қалыңдық 0,82 мм, эндотелий жасушалары өсінділердің есебінен байланысады, эндотелий микроскопиясын жүргізу мүмкін емес |
IV | Көздің мүйізгек қабағының ашықтығы едәуір төмендеген, оның қалыңдығы 0,97 мм, үлкейген эндотелий жасушаларының жеке топтары анықталады, эндотелий микроскопиясын жүргізу мүмкін емес |
V | Көздің мүйізгек қабағының ашықтығы лезде төмендеуі, оның қалыңдығы 1,15 мм жоғары, эндотелий жасушалары бірдей, эндотелий микроскопиясын жүргізу мүмкін емес |
Т.У.Горгиладзе және бірлескен авторлар бойынша ЭЭД клиникалық-анатомиялық жіктемесі [4,5]
Саты | Шағымдар | Көру өткірлігі | Көздің мүйізгек қабағының жағдайы | Нұрлы қабықшаның жағдайы | Ауытқулар | Ұсынылатын емдеу әдістері |
I |
Мардымсыз тұрақсыз |
Өзгермеген | Эндотелийдің тұрақсыз жергілікті ісінуі, сәйкесінше біріңғай ДМ қабаттары | Өзгермеген | Жоқ |
Консервативті терапия Лазертерапия Криотерапия |
II |
Тұрақсыз бөтен дене сезімі, мерзімді қызару |
Өзгереді |
Эндотелийдің тұрақты жергілікті ісінуі және оның диффузиялық булануы және пигменттің таралуы, ДМ қабаттары эпителийдің артқы қабаттарының тұрақсыз жергілікті ісінуі |
Біршама ісінген |
Ирит құбылысы, көзбұршақтың алдыңғы капсуласындағы пигменттер |
Жұмсақ байланыс линзалары, консервативті терапия, криотерапия, хирургиялық емдеу (синехиотомия, кератопластика) |
III |
Тұрақты көзден жастың кетуі, көз қарлығуы, қабыну, өткір аурулар |
Төмендеген | Эндотелийдің диффузиялық ісінуі, онда пигменттің жиналуы, айқын ДМ қабаттануы, строманың диффузиялық ісінуі, эпителийдің тұрақты диффузиялық ісінуі |
Ісінген, қатты, жеке пайда болған жолдар, артқы синехия |
Иридоциклит |
Кератопластика |
IV |
Айқын көз қарлығуы, көз жасының ағушылығы, қабыну және көздегі ауру, бастың ауруы |
Лезде төмендеген | Барлық қабаттардың айқын ісінуі, эндотелийде пигменттердің, экссудаттың жинақталуы, айқын ДМ қабаттануы және строма ісінуі, эрозиямен, ошақты инфильтрациямен, жолдардың бірігуімен эпителийдің буллезді ісінуі |
Ісінген, қатты, жеке пайда болған жолдар, артқы синехия, қарашықтық экссудативті қабықша |
Айқын иридоциклит, көзбұршақтың бұлыңғырлануы, ретрокорнеалді қабықша |
Кератопластика Биологиялық жабын |
V |
Көз алмасының қозуы, көздегі тұрақты ауру, бастың ауруы |
Жарықты сезінуге дейін төмендеу | Көздің мүйізгек қабағының әр түрлі тығыздықта жолды бұлыңғырлануы – көздің мүйізгек қабағындағы барлық қабаттардың ошақты туындылармен тамырлы тінмен орын ауысуы |
Суб немесе атрофты артқы синехия, қарашықтың бітелуі, алдыңғы камера бұрышының облитерациясы |
Салдарлық глаукома |
Кератопластика Кератопротездеу |
Дистрофты көздің мүйізгек қабағының жіктемесі бойынша Халықаралық комитеттің жіктемесі (International Committee for Classification of Corneal Dystrophies – IC3D) [11] патологиялық процесстің анатомиялық және генетикалық деңгейлері бойынша:
· 1 категория: Көздің мүйізгек қабағының айқын дистрофиясы, мұнда ген салыстырылған және идентификацияланған және анықталған. Мутациялар белгілі;
· 2 категория: Көздің мүйізгек қабағының айқын дистрофиясы, 1 немесе біршама нақты хромосомалық локустармен салыстырылған, бірақ генді(дер) әлі идентификациялау қажет;
· 3 категория: Көздің мүйізгек қабағының айқын дистрофиясы, мұнда ауытқу хромосомалық локуспен әлі салыстырылмаған;
· 4 категория: бұл категория нақтылаушы дәлелдер жеткіліксіз болғған жағдайда көздің мүйізгек қабағының жаңа немесе ертеректе тіркелген дистрофия типін білдіреді.
Диагностикасы
ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ
Шағымдар:
· көрудің төмендеуі/жоғалуы;
· ауру;
· көз жасаурауы;
· жарықтан қору;
· бөтен дене, қабақ астындағы «құм» сезімі.
Анамнез:
· алдыңғы хирургиялық/лазерлі араласу;
· алдыңғы жарақарт;
· алдыңғы ауыр көз іші іріңді-қабыну процессі;
· алдыңғы созылмалы қайталамалы көз іші қабыну процесстері.
Физикалық зерттеп-қарау: ақпарат жоқ.
Зертханалық зерттеп-қарау: жоқ.
Аспаптық зерттеулер:
Визометрия:
· төмен көру өткірлігі / оптикалық коррекцияның тиімсіздігіне қарай көрудің жоғалуы;
· эндотелийдің зақымдану сатысы мен деңгейіне қарай көру өткірлігі 0,1-0,3 –тен жарық проекциясына дейін.
Биомикроскопия:
· конъюктивті қуыстан бөлінділер жоқ;
· конъюктивте/көздің мүйізгек қабағында отадан кейінгі тігістердің болуы;
· көздің мүйізгек қабағы жергілікті/диффузиялы ісінген;
· эпителий бұлыңғыр/борпылдақ/ісінген;
· эпителийлену толық/нүктелік дефекттер/жергілікті дефекттер/ буллалар/эрозия;
· десцеметті қабықшаның қабаттары біріңғай/жұмсақ/қатты/барлық бойлық бойынша;
· алдыңғы камера орташа/терең/ұсақ/біркелкі емес/иридокорнеалды бітісу – локализация.
· ылғал ашық/шыныс тәріздес дененің фибриллалары;
· қарашық дөңгелек/зақымдалған; синехия/фотореакция бар/сақталған/нашар/ жоқ; мидриаз дәрі-дәрмекті/ салдарлық;
· көзбұрша* ашық/бұлыңғыр; ИОЛ – артқы камералық / алдыңғы камералық; орналасуы дұрыс/дислокация/ИОЛ қамту;
· шыны тәріздес дене* ашық/бұлыңғыр/деструкция/гема/авитрия/силикон;
· көз түбі* көрімделеді/ көрімделмейді, рефлекс ашық қызыл/сұр
*айқын ісіну/ көздің мүйізгек қабағының орталық зонада бұлыңғыралуы кезінде – визуализация мүмкін емес
Тонометрия:
· көз іші қысымы қалыпты шегінде / ілеспе глаукома кезінде көтерілген
УДЗ:
· өзіндік көзбұршақ жоқ/алдыңғы/артқы камерада ИОЛ болуы;
· витриалды қуыста/алдыңғы камерада силикон;
· шыны тәріздес дененің деструкциясы / көз торының қабаттануы
Кератопахиметрия:
· жергілікті/диффузиялық көздің мүйізгек қабағының ісінуі; орталық зонада 600-ден 1500 мкн дейін.
Емдеу-диагностикалық алгоритм:
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулерді негіздеу:
Диагноз | Дифференциалды диагностика үшін негіздеме | Зерттеп-қараулар | Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары |
бастапқы Фукс кератопатиясы |
көздің мүйізгек қабағының ісінуі |
1. биомикроскопия – ісіну диффузиялық, айқын, буллалар / эрозия 2. УДЗ – айқын патологиясыз және алдыңғы ота салдарларынсыз / жарақаттарсыз 2. Кератопахиметрия – көздің мүйізгек қабағының айқын ісінуі жергілікті/диффузиялық 1000 мкн жоғары орталық, п/орталық зоналарда. |
1. Анамнезде алдыңғы хирургиялық әрекеттерге, жарақаттарға, ауыр/созылмалы көз іші қабыну процесстеріне нұсқаулар жоқ; 2. Процесс әрқашан екі жақты; 3. Генетикалық бейімділік. |
кератит | көздің мүйізгек қабағының ісінуі |
1. биомикроскопия – ісіну әдетте жергілікті, шекті, қабыну инфильтраты, эпителий сақталған/инфильтрат зонасында деэпителизация 2. УДЗ – айқын патологиясыз және алдыңғы оталардың/жарақаттардың салдарларынсыз 3. Кератопахиметрия - көздің мүйізгек қабағының ісінуі айқын, 800/1000 мкн төмен орталық/ п/орталық зонада. Мүмкін, керісінше, жергілікті қозу. |
1. Анамнезде алдыңғы микро жарақаттарға, күйіп қалуға, ЖБЛ пайдалануға, гигиенаны сақтамауға, инфекция жұқтыруға, ЖРВИ-ге және т.б. нұсқаулар жоқ; алдыңғы хирургиялық әрекеттерге де нұсқаулар жоқ. 2. Процесс әдетте бір жақты. 3. Генетикалық бейімділік жоқ. |
Емдеу тактикасы (амбулатория)
АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
1. Дәрі-дәрмектік терапия: кератопротекторлы, салдарлық инфекцияланудың профилактикасы. Салдарлық инфекциялану дамыған жағдайда – антибиотиктермен егу, КІҚ көтерілген жағдайда – гипотензивті препараттармен егу.
2. Көздің мүйізгек қабағының этилелийлеу мақсатында ЖБЛ.
3. Көздің мүйізгек қабағының ісінуін тоқтату мақсатында физиологиялық емдеу.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
· Режим: III;
· Диета: №15 үстел
Жұмсақ байланыс линзалары гидрофильді, силикон-гидрогельді, ұзақ уақыт кию, әрбір 2 апта сайын ауыстыру – ауыру синдромын тоқтату мақсатында [12].
Көрсетілімдер:
· ұзақ уақыттық эрозия;
· дәрі-дәрмекті терапияға резистентті.
Физиологиялық емдеу: He-Ne (гелий-неонды) лазер көздің мүйізгек қабағының бетіне қабынуға қарсы, ісінуге қарсы мақсатпен №3-7.
Дәрі-дәрмекпен емдеу: кератопротекторлы, салдарлық инфекцияланудың профилактикасы. Салдарлық инфекциялану дамыған жағдайда – антибиотиктермен егу, КІҚ көтерілген жағдайда – гипотензивті препараттармен егу.
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%):
Дәрілік топ | ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы | Қолдану тәсілі | Дәлелділік деңгейі |
Жас препараты | Натрия гиалуронат* көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – С [28-29] |
Кератопротектор | Натрия гиалуронат* + декспантенол* көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – С [50] |
Кератопротектор |
Декспантенол гель |
Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – С [14,51] |
Дәрілік топ | ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы | Қолдану тәсілі | Дәлелділік деңгейі |
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробтарға қарсы препарат | Левофлоксацин көз тамшылары |
Конъюктива қабына тәулігіне 4 рет 2 тамшыдан егу 5-7 күн |
ДД – C [20] |
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін глюкокортикоидтар | Дексаметазон көз тамшылары | Конъюктива қуысына тәулігіне 4 рет 2 тамшыдан егу – азаю схемасы бойынша 1-2 апта | ДД – C [18-19, 43-44] |
М-Холинолитик созылмалы әсерлі, мидриатиялық дәрі-дәрмек |
Атропин көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД - С [13] |
М-холинорецепторлардың блокаторлары альфа-адреномиметикпен бірге (мидриатик) | Фенилэфрина гидрохлорид + тропикамид көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция |
ДД – B [22-24] |
Бета- адреноблокаторлар селективті емес | Тимолол малеат | Конъюктива қуысына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан егу – КІҚ көтерілген кезде | ДД – В [31,32] |
Альфа-адреномиметик (Альфа-агонисты) |
Бримонидин | Конъюктива қуысына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан егу – КІҚ көтерілген кезде | ДД – B [33] |
Бета- адреноблокаторлар селективті емес+ ингибиторлар карбоангидраздар |
Тимолола малеат+бринзоламид | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – B [34] |
Жергілікті жансыздандыратын дәрі-дәрмек | Проксиметакаин көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – B [25-27] |
Дәрумендер және дәрумен тектес дәрі-дәрмектер |
Рибофлавин |
әрбір 5 мин сайын 1 тамшыдан 30 мин ішінде Кросслинкинг отасы кезінде конъюктива қуысына егу |
ДД – B [17,43-45] |
Опиоидты есірткі анальгетики | Трамадол | 0.05-0.1 г. Ауру кезінде бұлшықет ішілік инъекция | ДД – C [22, 35-37] |
Декстроза 40% | ерітінді | Күшейтілген егу | ДД - С |
_______________________________________________________________________
* ЖБЛ болған жағдайда сульфацетамидпен егу нәтижесіз.
**ЖБЛ кезінде – силикон-гидрогельді, пайдалану мерзімі созылмалы, әрбір 2-3 апта сайын ауыстыру. Салдарлық инфекция, инфильтрат белгілері болған жағдайда – әрбір 7-10 күн сайын ЖБЛ ауыстыру + күніне 6 рет антибиотиктермен егу – 7-10 күн.
NB! Салдарлы инфекциялану немесе ықтималдықтар болған жағдайда жергілікті егуге тыйым салынған: декстроза ерітіндісі, дәрумендер, ферментті, пептидті препараттар.
Хирургиялық араласу:
Дәрі-дәрмекті терапия тиімсіз, соңғы хирургиялық араласудан кейін жыл бойына тұрақты ауыру синдромдары болған жағдайда:
Лазерлі әдістер:
· фототерапевтік кератэктомия, кросслинкинг.
Фототерапиялық кератэктомия:
Көрсетілімдер [52,53]:
· тұрақты ауыру синдромы;
· соңғы хирургиялық араласудан кейін кем дегенде бір жыл мерзімі.
Қарсы көрсетілімдер [52,53]:
· кез келген зонадағы көздің мүйізгек қабағының минималды қалыңдығы 450 мкн кем емес;
· салдарлық инфекциялану;
· қайтарылмайтын глаукома.
Көздің қасаң қабағының коллагенді кросслинкингі рибофлавиндермен:
Көрсетілімдер [53-55]:
· тұрақты ауыру синдромы;
· соңғы хирургиялық араласудан кейін кем дегенде бір жыл мерзімі;
Қарсы көрсетілімдер [53-55]:
· кез келген зонадағы көздің мүйізгек қабағының минималды қалыңдығы 450 мкн кем емес;
· салдарлық инфекциялану;
· қайтарылмайтын глаукома.
Әрі қарай емдеу: тұрақты мекен-жайы бойынша поликлиникада қаралу: көздің мүйізгек қабағының жағдайын аптасына 1 рет тексеру – 1-ші ай, 2 аптада 1 рет – 2-ші ай, айына 1 рет – жарты жылға дейін.
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
· ауру синдромын тоқтату;
· көздің мүйізгек қабағы эпителийінің жағдайы;
· салдарлық инфекцияланудың болмауы.
Емдеу тактикасы (стационар)
СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: көздің мүйізгек қабағының трансплантациясы, отадан кейнгі емдеу: салдарлық инфекцияланудың профилактикасы, трансплантатты қабылдамау реакциясын алдын алу/тоқтау.
Пациентті бақылау картасы, пациентті бағдарлау (сызбалар, алгоритмдер):
Сызба – Көздің қасаң қабағының трансплантациясы пациентті бағдарлау
* «Тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) алу, консервациялау, адамнан адамға, мәйіттен адамға және жануардан адамға ауыстырып қондыруды жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР ДСМ №623 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ДСМ-нің 2013 жылғы 3 қазандағы №573 бұйрығына сәйкес трансплантация тек осы қызмет түріне лицензиясы бар мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
• Режим: III;
• Диета: №15 үстел.
Дәрі-дәрмекпен емдеу: бактерияға қарсы, кератопротекторлы, жас орнын толтырушы препараттар; кортикостероидтар – егу, периокулярлы инъекциялар. Көрсетілімдер бойынша – жергілікті гипотензивті препараттар, диуректиктер, кортикостероидты – жүйелі. Интраоперациялық – препараттар жансыздандыру, премедикация үшін.
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%):
Дәрілік топ | ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы | Қолдану тәсілі | Дәлелділік деңгейі |
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін фторхинолондар тобындағы микробтарға қарсы препарат | Левофлоксацин көз тамшылары | Инстиляции в конъюнктивальную полость по 2капли 4 раза в день – 5-7 дней | ДД – C [20] |
Сульфаниламид | Сульфацетамид көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – C [13] |
Жас препараты | Натрия гиалуронат* | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – В [28-29] |
Кератопротектор | Натрия гиалуронат* + декспантенол* | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – C [50] |
Кератопротектор |
Декспантенол гель |
Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – ДД – С [14,51] |
Наркоздық дәрі-дәрмектер | Пропофол эмульсия | Тамыр ішілік | ДД – В [25,38,39] |
Наркоздық дәрі-дәрмектер | Промедол | Бұлшықет ішілік инъекциялар | ДД – B [41] |
Опиодты есірткі анальгетики | Тримеперидин | Бұлшықет ішілік | ДД – С [41] |
Жергілікті жансындандырғыш дәрі-дәрмек | Проксиметакаин көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – B [25-27] |
м-Холинолитиктер | Тропикамид | Егу | ДД – С |
Офтальмологияда жергілікті пайдалану үшін глюкокортикоидтар | Дексаметазон көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД – C [18,19, 43-44] |
М-Холинолитик созылмалы әсерлі, мидриатиялық дәрі-дәрмек |
Атропин көз тамшылары | Конъюктива қуысына инстиляция | ДД - С [13] |
М-Холинолитиктер | Тропикамид | ЕГу | ДД – B [16] |
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% төмен):
Дәрілік топ | ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы | Қолдану тәсілі | Дәлелділік деңгейі |
М-холинорецепторлардың блокаторлары альфа-адреномиметикпен бірге (мидриатик) | Фенилэфрина гидрохлорид + тропикамид көз тамшылары | Конъюктива қуысына тәулігіне 6 рет 2 тамшыдан егу – 7-10 күн |
ДД – B [22-24] |
Бета- адреноблокаторлар селективті емес | Тимолол малеат | Конъюктива қуысына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан егу – КІҚ көтерілген кезде | ДД – В [31,32] |
Альфа-адреномиметик (Альфа-агонисты) |
Бримонидин | Конъюктива қуысына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан егу – КІҚ көтерілген кезде | ДД – B [33] |
Бета- адреноблокаторлар селективті емес+ингибиторлар карбоангидраздар |
Тимолола малеат+бринзоламид | Конъюктива қуысына тәулігіне 2 рет 2 тамшыдан егу – КІҚ көтерілген кезде | ДД – B [34] |
Дәрумендер және дәрумен тектес дәрі-дәрмектер |
Рибофлавин |
әрбір 5 мин сайын 1 тамшыдан 30 мин ішінде Кросслинкинг отасы кезінде конъюктива қуысына егу |
ДД – B [17,43-45] |
Хирургиялық араласу (ДД - В) [56-58]:
Көздің қасаң қабағының трансплантациясы:
· тұтас ойылған кератопластика;
· қабатты кератопластика.
Көрсетілімдер:
· көрмеушілік;
· тұрақты ауыру синдромы.
Қарсы көрсетілімдер:
· аутоиммунды аурулардың салдарынан донорлық көздің мүйізгек қабағын қабылдамау тәуекелі;
· көз алмасының қабыну аурулары;
· УДЗ деректері бойынша артқы қиманың ауыр патологиясы (көз алмасының субатрофиясы, көз торының қабаттануы);
· бағдарланған VIS, ЭФЗ деректері бойынша көру жүйкелері өткізгіштігінің жоқтығы.
Хирургиялық емдеу тиімділігінің индикаторлары:
· ауыру синдромын тоқтату;
· көру функцияларының жақсаруы (ықтималдық – 30% дейін).
Әрі қарай емдеу: тұрақты мекен-жайы бойынша поликлиникада қаралу: көздің мүйізгек қабағының жағдайын аптасына 1 рет тексеру – 1-ші ай, 2 аптада 1 рет – 2-ші ай, айына 1 рет – жарты жылға дейін. Көздің мүйізгек қабағының тігісін алу – отадан кейін 12-20 айдан соң. Трансплантатты қабылдамау реакциясы болған жағдайда (отадан кейін бір жылдың ішінде) – дәрі-дәрмекті емдеу.
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
· ауыру синдромын тоқтату;
· көру функцияларының мардымсыз жақсаруы / көру функцияларының нашарламауы.
Ауруханаға жатқызу
ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР
Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
· көздің мүйізгек қабағының трансплантациясы.
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
- 1) Амансахатов Ш.А., Куртов Б.К., Жутдиева М.Б., Шакулиев М.Р. Современные аспекты лечебной кератопластики // Материалы Международной научной конференции, посвященной 100-летию со дня рождения академика Н.А.Пучковской «Современные аспекты клиники, диагностики и лечения глазных болезней.- Одесса.- 2008.- С.23-24. (2) 2) Чекина А.Ю., Бирич Т.А. Послойная и сквозная кератопластика при реабилитации больных с патологией роговицы // Материалы Международной научной конференции, посвященной 100-летию со дня рождения академика Н.А. Пучковской «Современные аспекты клиники, диагностики и лечения глазных болезней.- Одесса.- 2008.- С.57-58. (136) 3) Anwar M., Teichmann K.D. Deep lamellar keratoplasty: surgical techniques for anterior lamellar keratoplasty with and without baring of Descemet’s membrane // Cornea.-2002.- Vol.21, № 2.- P.374-383. (158) 4) Кобцева В.Ю. Хирургическое лечение эндотелиально-эпителиальной дистрофии роговицы: дисс… канд.мед. наук.- Ташкент, 2009. – 250с. 5) Труфанов С.В. Селективная кератопластика в лечении буллезной кератопатии, дисс… Москва, 2015.-293с. 6) Kyung-Hwan S. Sporadic occurrence of bullous keratopathy immediately after uneventful phaco-surgery in senile cataract // XXIII Congress of the European Society of Cataract and Refractive Surgeons.- BookofAbstracts.- Lisbon.- 2005.- P.176. (301) 7) Luchs J.I., Cohen E.J., Rapuano C.J., Laibson P.R. Ulcerative keratitis in bullous keratopathy // Ophthalmology.-1997.- Vol.104.- № 5. P.816-822. (309) 8) Tandon R., Davda M., Chawla B., Titiyal J., Sharma N., Vajpayee R. Factors affecting outcome of optical penetrating keratoplasty in bilaterally blind patients in India // XXIV Congress of the European Society of Cataract and Refractive Surgeons.- BookofAbstracts.- London.- 2006.- P.286-287. (408) 9) Keramati F., Geerards A. The survival of penetrating corneal graft in Fuchs endothelial dystrophy comparing patients with and without contact lens // XXIV Congress of the European Society of Cataract and Refractive Surgeons.- BookofAbstracts.- London.- 2006.- P.75. (286) 10) Schmid E., Lisch W., Philipp W., Lechner S., Göttinger W., Schlötzer-Schrehardt U., Müller T., Utermann G., Janecke A.R. A New, X-linked Endothelial Corneal Dystrophy // American Journal of Ophthalmology.-2006.- Vol.141.- № 3.- P.478. (386) 11) Weiss J.S., Moller H.U., Lisch W. et al. The IC3D classification of the corneal dystrophies // Cornea. –2008. – Vol. 27 (suppl. 2). – P. 1–42. 12) Lin PY, Wu CC, Lee SM. Combined phototherapeutic keratectomy and therapeutic contact lens for recurrent erosions in bullous keratopathy. Br J Ophthalmol. 2001;85:908–11. 13. G. Weiner. Confronting Corneal Ulcers // Eye net magazine. - July 2012, P.44-52 13) Petrovskiy AV, Trishkin KS, Gndoyan IA. Effectiveness of epithelialization therapy after surgical treatment of pterygiu. Vestn Oftalmol. 2017;133(2):64-69. doi: 10.17116/oftalma2017133264-69. 14) Silva GCM, Jabor VAP, Bonato PS, Martinez EZ, Faria-E-Sousa SJ. Penetration of 0.3% ciprofloxacin, 0.3% ofloxacin, and 0.5% moxifloxacin into the cornea and aqueous humor of enucleated human eyes. Braz J Med Biol Res. 2017 Jul 3;50(7):e5901. doi: 10.1590/1414-431X20175901. 15) Yoo SG, Cho MJ, Kim US, Baek SH. Cycloplegic Refraction in Hyperopic Children: Effectiveness of a 0.5% Tropicamide and 0.5% Phenylephrine Addition to 1% Cyclopentolate Regimen. Korean J Ophthalmol. 2017 Jun;31(3):249-256. doi: 10.3341/kjo.2016.0007. Epub 2017 Apr 24. 16) Brian S., Boxer W. Corneal collagen crosslinking with riboflavin // Cataract and refract. Surg. Today, Jan. – 2005. – P. 73-74 17) Jorge L. Alio., Alfredo Vega-Estrada., Pablo Sanz-Diez. Keratoconus Management Guidelines. International Journal of Keratoconus and Ectatic Corneal Diseases, January-April 2015;4(1):1-39. Available from:https://www.researchgate.net/publication/282904057_Keratoconus_Management_Guidelines Christopher J Brady , Andrea C Villanti , Hua Andrew Law , Ehsan Rahimy , Rahul Reddy , Pamela C Sieving , Sunir J Garg and Johnny Tang. Corticosteroid implants for chronic non-infectious uveitis. Cochrane Database of Systematic Reviews. 18) Emily W Gower , Kristina Lindsley , Afshan A Nanji , Ilya Leyngold and Peter J McDonnell. Perioperative antibiotics for prevention of acute endophthalmitis after cataract surgery. Cochrane Database of Systematic Reviews. Online Publication Date: July 2013. Available from: http://onlinelibrary.wiley.com/doi/10.1002/14651858.CD006364.pub2/full 19) Laursen LC1, Faurschou P, Munch EP. Intramuscular betamethasone dipropionate vs. topical beclomethasone dipropionate and placebo in hay fever. Allergy. 1988 Aug;43(6):420-4. 20) Briscoe D, Edelstein E, Zacharopoulos I, Keness Y, Kilman A, Zur F, Assia EI. Actinomyces canaliculitis: diagnosis of a masquerading disease. Graefes Arch Clin Exp Ophthalmol. 2004 Aug;242(8):682-6. Epub 2004 Jun 21) Siderov J and Nurse S. The mydriatic effect of multiple doses of tropicamide. Optometry and vision science : official publication of the American Academy of Optometry, 2005, 82(11), 955 22) Bolt B , Benz B , Koerner F and Bossi E. A mydriatic eye – drop combination without systemic effects for premature infants: a prospective double-blind study. Journal of pediatric ophthalmology and strabismus, 1992, 29(3), 157 23) Stavert B, McGuinness MB, Harper CA, Guymer RH, Finger RP. Cardiovascular Adverse Effects of Phenylephrine Eyedrops: A Systematic Review and Meta-analysis. JAMA Ophthalmol. 2015 Jun;133(6):647-52. doi: 10.1001/jamaophthalmol.2015.0325. 24) C M Kumar, T Eke, C Dodds, J S Deane, et al. Local anaesthesia for ophthalmic surgery—new guidelines from the Royal College of Anaesthetists and the Royal College of Ophthalmologists. Eye (Lond). 2012 Jun; 26(6): 897–898. Published online 2012 Apr 27. doi: 10.1038/eye.2012.82 25) Swaminathan A, Otterness K, Milne K, Rezaie S. The Safety of Topical Anesthetics in the Treatment of Corneal Abrasions: A Review. J Emerg Med. 2015 Nov;49(5):810-5. doi: 10.1016/j.jemermed.2015.06.069. Epub 2015 Aug 15. 26) Davis MJ, Pollack JS, Shott S. Comparison of topical anesthetics for intravitreal injections : a randomized clinical trial. Retina. 2012 Apr;32(4):701-5. doi: 10.1097/IAE.0b013e31822f27ca. 27) Johnson ME, Murphy PJ, Boulton M. Effectiveness of sodium hyaluronate eyedrops in the treatment of dry eye. Graefes Arch Clin Exp Ophthalmol. 2006 Jan;244(1):109-12. Epub 2005 Jun 28. 28) Marchenko NR. Oсumethyl in the treatment of allergic diseases of eyelids and conjunctiva. Vestn Oftalmol. 2016;132(5):81-85. doi: 10.17116/oftalma2016132581-85. Russian. 29) Kernt K , Martinez MA , Bertin D , Stroman D , Cupp G , Martínez C , Tirado M , Guasch J and International Tobrex2x Group (Eu). A clinical comparison of two formulations of tobramycin 0.3% eyedrops in the treatment of acute bacterial conjunctivitis. European journal of ophthalmology, 2005, 15(5), 541 30) Li T, Lindsley K, Rouse B, Hong H, Shi Q, Friedman DS, Wormald R, Dickersin K. Comparative Effectiveness of First-Line Medications for Primary Open-Angle Glaucoma: A Systematic Review and Network Meta-analysis. Ophthalmology. 2016 Jan;123(1):129-40. doi: 10.1016/j.ophtha.2015.09.005. Epub 2015 Oct 31. 31) Lusthaus JA, Goldberg I. Brimonidine and brinzolamide for treating glaucoma and ocular hypertension; a safety evaluation. Expert Opin Drug Saf. 2017 Jul 6:1-8. doi: 10.1080/14740338.2017.1346083. [Epub ahead of print] PMID: 28656780 32) Balsak S, Kaydu A, Erdem S, Fuat Alakus M, Ozkurt ZG. Brimonidine-timolol versus brinzolamide-timolol for treatment of elevated intraocular pressure after phacoemulsification surgery. Int Ophthalmol. 2017 Jul 3. doi: 10.1007/s10792-017-0626-z. 33) North RV, Kelly ME. A review of the uses and adverse effects of topical administration of atropine. Ophthalmic Physiol Opt. 1987;7(2):109-14. 34) Chia A, Chua WH, Cheung YB, Wong WL, Lingham A, Fong A, Tan D. Atropine for the treatment of childhood myopia: safety and efficacy of 0.5%, 0.1%, and 0.01% doses (Atropinefor the Treatment of Myopia 2). Ophthalmology. 2012 Feb;119(2):347-54. doi: 10.1016/j.ophtha.2011.07.031. Epub 2011 Oct 2. 35) Delgado C, Bentley E, Hetzel S, Smith LJ. Comparison of carprofen and tramadol for postoperative analgesia in dogs undergoing enucleation. J Am Vet Med Assoc. 2014 Dec 15;245(12):1375-81. doi: 10.2460/javma.245.12.1375. 36) Zöllner C , Mousa S , Klinger A , Förster M and Schäfer M. Topical fentanyl in a randomized, double-blind study in patients with corneal damage. The Clinical journal of pain, 2008, 24(8), 690 37) Sato Y, Oshiro M, Takemoto K, Hosono H, Saito A, Kondo T, Aizu K, Matsusawa M, Futamura Y, Asami T, Terasaki H, Hayakawa M. Multicenter observational study comparing sedation/analgesia protocols for laser photocoagulation treatment of retinopathy of prematurity. J Perinatol. 2015 Nov;35(11):965-9. doi: 10.1038/jp.2015.112. Epub 2015 Sep 10. 38) Hayashi K, Yoshida M, Manabe SI, Yoshimura K. Prophylactic Effect of Oral Acetazolamide against Intraocular Pressure Elevation after Cataract Surgery in Eyes with Glaucoma. Ophthalmology. 2017 May;124(5):701-708. doi: 10.1016/j.ophtha.2016.12.027. 39) Yudin MA, Vengerovich NG, Sagalov GS, Vahvijanen MS, Bykov VN, Chepur SV. Changes in Respiratory Function during Treatment with Combination of Analgesic Substances Trimeperidine and Dexmedetomidine. Bull Exp Biol Med. 2016 Dec;162(2):215-219. Epub 2016 Dec 2. 40) Sinegani AAS, Younessi N. Antibiotic resistance of bacteria isolated from heavy metal-polluted soils with different land uses. J Glob Antimicrob Resist. 2017 Jul 18. pii: S2213-7165(17)30099-1. doi: 10.1016/j.jgar.2017.05.012. 41) Woo JH, Au Eong KG, Kumar CM. Conscious sedation during ophthalmic surgery under local anesthesia. Minerva Anestesiol. 2009 Apr;75(4):211-9. Epub 2008 Nov 6. 42) José A. P. et al. Gomes,Global Consensus on Keratoconus and Ectatic Diseases. Cornea. 2015 April; 34(4):359-69. Available from: https://www.corneasociety.org/sites/default/files/global_consensus_on_keratoconus_and_ectatic.1.pdf 43) Evripidis Sykakis , Rushmia Karim , Jennifer R Evans , Catey Bunce , Kwesi N Amissah-Arthur , Showrob Patwary , Peter J McDonnell and Samer Hamada.Corneal collagen cross-linking for treating keratoconus. Cochrane Database of Systematic Reviews. Online Publication Date: March 2015. Available from: http://onlinelibrary.wiley.com/doi/10.1002/14651858.CD010621.pub2/full 44) Van Keer J, Van Keer K, Van Calster J, Derdelinckx I. More Than Meets the Eye: Klebsiella pneumoniae Invasive Liver Abscess Syndrome Presenting with Endophthalmitis. J Emerg Med. 2017 Jun;52(6):e221-e223. doi: 10.1016/j.jemermed.2017.01.043. Epub 2017 Mar 9. 45) Talukder AK, Sultana Z, Jahan I, Khanam M, Rahman M, Rahman MF, Rahman MB. Antibiotic Resistance: New Challenge in the Management of Bacterial Eye Infections. Mymensingh Med J. 2017 Jan;26(1):29-36. 46) Hosseini SM, Ahmadabadi A, Tavousi SH, Rezaiyan MK. Endogenous Endophthalmitis after Severe Burn: A Case Report. J Ophthalmic Vis Res. 2017 Apr-Jun;12(2):228-231. doi: 10.4103/jovr.jovr_144_15. 47) Cheikhrouhou F, Makni F, Neji S, Trigui A, Sellami H, Trabelsi H, Guidara R, Fki J, Ayadi A. Epidemiological profile of fungal keratitis in Sfax (Tunisia). J Mycol Med. 2014 Dec;24(4):308-12. doi: 10.1016/j.mycmed.2014.06.047. Epub 2014 Oct 19. 48) Göbbels M, Gross D. Clinical study of the effectiveness of a dexpanthenol containing artificial tears solution (Siccaprotect) in treatment of dry eyes. Klin Monbl Augenheilkd. 1996 Aug-Sep;209(2-3):84-8. 49) Raczyńska K, Iwaszkiewicz-Bilikiewicz B, Stozkowska W, Sadlak-Nowicka J. Clinical evaluation of provitamin B5 drops and gel for postoperative treatment of corneal and conjuctival injuries. Klin Oczna. 2003;105(3-4):175-8. 50) Thomann U, Meier-Gibbons F, Schipper I. Phototherapeutic keratectomy for bullous keratopathy. Br J Ophthalmol. 1995;79:335–8. 51) Ghanem RC, Santhiago MR, Berti TB, Thomaz S, Netto MV. Collagen crosslinking with riboflavin and ultraviolet-A in eyes with pseudophakic bullous keratopathy. J Cataract Refract Surg. 2010;36:273–276.[PubMed] 52) Kozobolis V., Labiris G., Gkika M. et al. UV-A Collagen CrossLinkingTreatment of Bullous Keratopathy Combined With Corneal Ulcer // Cornea. — 2010. — Vol. 29, N 2. — P. 235–238. 53) Ehlers N, Hjortdal J, Nielsen K, Sondergaard A. Riboflavin-UVA treatment in the management of edema and nonhealing ulcers of the cornea. J Refract Surg. 2009;25:S803–S806. doi:10.3928/1081597X-20090813-08 [CrossRef] 54) Patel N.P., Kim T., Rapuano C.J., Cohen E.J., Laibson P.R. Indications for and outcomes of repeat penetrating keratoplasty, 1989–1995 // Ophthalmology.- 2000.- Vol.107.- № 4.- P.719-724. 55) Garg P., Krishna P.V., Stratis A.K., Gopinathan U. The value of corneal transplantation in reducing blindness // Eye.- 2005.- Vol.19.- № 10.- P.1106-1114. 56) Indications for penetrating keratoplasty and associated procedures / CB. Cosar, MS. Sridhar, EJ. Cohen, EL. Held et al. // Cornea. 2002 mar, 21 (2). -P. 148-151.
Ақпарат
ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ
Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1) Исергепова Ботагөз Искакқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ ғылыми және инновациялық қызмет секторының менеджері.
2) Бегімбаева Гүлнара Еңбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, «Авторлық Медицина» МО офтальмохирургы.
3) Құтжанова Айбарша Серікқызы – «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ күндізгі стационар дәрігер-офтальмологы.
4) Манабаев Қуатхан Уәлиханұлы – «Медициналық апаттың темір жол госпиталы» АҚ дәрігер-офтальмологы, Астана қ.
5) Смағұлова Ғазиза Ажмағықызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі аурулар пропедевтикасы мен клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі – клиникалық фармаколог.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Рецензент: Өтелбаева Зәуре Тұрсынқызы – «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» ШЖҚ РМК офтальмология кафедрасының профессоры.
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.