Жүкті әйелдер токсикозы
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)
Анықтамасы
Анықтамасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
Жүкті әйелдер токсикозы (құсу) – әдетте жүктіліктің бірінші жартысында көрінетін және диспепсиялық бұзылыстармен және зат алмасудың барлық түрінің бұзылуымен сипатталатын жүктіліктің асқынуы.
Хаттама атауы: Жүкті әйелдер токсикозы
АХЖ-10 коды:
O21 Жүкті әйелдердің шамадан тыс құсуы
O21.0 Жүкті әйелдердің жеңіл немесе бірқалыпты құсуы
O21.1 Жүкті әйелдердің зат алмасу бұзылуымен шамадан тыс немесе ауыр құсуы
O21.2 Жүкті әйелдердің кейінгі құсуы
O21.8 Жүктілікті қиындататын құсудың басқа да нысандары
O21.9 Жүкті әйелдердің нақтыланбаған құсуы
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АҚ – артериялық қысым
АЛТ – аланинаминотрансфераза
АСТ – аспартатаминотрансфераза
в/і – вена ішіне
б/і – бұлшықет ішіне
ӨТБ – өт қабына тас байлану
АІЖ – асқазан-ішек жолы
НҚЖ – негізгі қышқылдық жай-күйі
КТ – компьютерлік томография
АХЖ-10 – Х қайта қараудағы аурулардың халықаралық жіктемесі
НТА – несеп-тас ауруы
МРТ – магнитті-резонанстық томография
ЖҚА – жалпы қан анализі
ЖНА – жалпы несеп анализі
ІЖБ –ішектің жіті бітелуі
МҚЖБ – ми қанайналымының жіті бұзылуы
РҚТБ – реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек
ТУИ – тағамдық уыттық инфекция
ДД – дәлелділік деңгейі
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ФГДС – фиброгастродуоденоскопия
ОВҚ – орталық веналық қысым
ОНЖ – орталық нерв жүйесі
ЭхоЭГ – эхоэнцефалография
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
Пациенттер санаты: жүкті әйелдер.
Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, жедел жәрдем дәрігерлері, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевттер, фельдшерлер, акушерлер.
Жіктемесі
Клиникалық жіктемесі [1]
Ауырлық дәрежесі бойынша:
-жеңіл
-орташа
-ауыр немесе шамадан тыс
1-кесте. Жүкті әйелдер құсуының клиникалық жіктемесі:
Симптомдар | Құсудың ауырлық дәрежесі | ||
Жеңіл | Орташа | Ауыр (шамадан тыс) | |
Тәулік ішіндегі құсу жиілігі | 3-5 рет | 6-10 рет | 11-15 рет және жиі (толассыз болуға дейін) |
Тамыр соғуының минут ішіндегі жиілігі | 80-90 | 90-100 | 100-ден астам |
Систолалық АҚ | 120-110мм рт.ст | 110-100 мм рт.ст | 100 мм рт.ст төмен |
Салмақтың апта ішіндегі төмендеуі | 1-3 кг (бастапқы салмағының 5%-ына дейін) |
3-5 кг (аптасына 1-1,5 кг, бастапқы салмағының 6-10%-ы) |
5 кг-нан астам (аптасына 2-3 кг, бастапқы салмағының 10%-ынан астам) |
Дене қызуының субфебрильді сандарға дейін көтерілуі | Болмайды | Сирек байқалады | Жиі байқалады (науқастардың 35%-ында) |
Көз ағы мен тері жабынының сарғыштығы | Болмайды |
Науқастардың 5-7%-ында |
Науқастардың 20-30%-ында |
Гипербилирубинемия | Болмайды | 21-40мкмоль/л | 21-60мкмоль/л |
Тері жабынының құрғақтығы | + | ++ | +++ |
Дәрет | Күнделікті | 2-3 күнде бір рет | Дәреттің кідіруі |
Несеп шығару | 900-800мл | 800-700мл | 700мл-ден аз |
Кетонурия | +,++ | +,++,+++ (оқтын-оқтын науқастардың 20-30%-ында) | +++,++++ (науқастардың 70-100%-ында) |
Диагностикасы
Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау:
-шағымдарды, анамнезді жинау;
-физикалық тексеру (дене салмағын бақылау).
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау: [1, 2]
-ЖҚА;
-ЖНА;
-қанның биохимиялық талдауы (билирубин, қалдық азот, несепнәр, электролиттер - калий, натрий, хлоридтер, жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар, -трансаминазалар, глюкоза, креатинин)
-құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ
-бүйректің УДЗ
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет зерттеп-қараудың аз тізбесі:
-ЖҚА;
-ЖНА;
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеп-қарау (шұғыл емдеуге жатқызу кезінде амбулаториялық деңгейде өткізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі) [1, 2]:
-ЖҚА;
-ЖНА;
-несепті кетондық денелерді анықтауға талдау;
-қанның биохимиялық талдауы (билирубин, қалдық азот, несепнәр, электролиттер - калий, натрий, хлоридтер, жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар, -трансаминазалар, глюкоза, креатинин)
-қандағы НҚЖ көрсеткіштері
-құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау (шұғыл емдеуге жатқызу кезінде амбулаториялық деңгейде өткізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі):
-бүйрек УДЗ
-ФГДС
-гепатит маркерлеріне қан
-құрсақ қуысының КТ
-құрсақ қуысының МРТ
-мидың КТ
-мидың МРТ
-қалқанша бездің УДЗ
-көз түбін тексеріп-қарау
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
Диагностикалық критерийлер***:
Шағымдар:
-жеңіл дәрежесі кезінде – күніне 4–5 ретке дейін құсу, лоқсу, апатия және еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі
-орташа дәрежесінде – тәулігіне 10 ретке дейін және одан да көп құсу, сілекей ағу, едәуір әлсіздік, апатия, іш қату.
-ауыр дәрежесі кезінде – тәулігіне 20 ретке дейін және одан да көп құсу, мол сілекей ағу, бастың ауыруы, басы айналу, едәуір әлсіздік, апатия, оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар, іш қату.
Физикалық зерттеп-қарау:
-жеңіл дәрежесі – бірқалыпты тахикардия, артериялық гипотензия.
-орташа дәрежесі – терінің құрғақтығы, дененің субфебрильді температурасы, тахикардия, артериялық гипотензия.
-ауыр дәрежесі – терінің құрғақтығы және божырауы, субфебрильді температура, ауыздан ацетонның иісі шығуы; айқын тахикардия, артериялық гипотензия, «шаңды із» симптомы (теріде саусақпен жүргізген кездегі эпидермистің түлеген қабыршақтарының жолағы).
Зертханалық зерттеулер
Жеңіл дәрежесі – зертханалық деректер қалыпты шекте
Орташа дәрежесі
ЖҚА: жеңіл қаназдық
Қанның НҚЖ анықтау: метаболизмдік ацидоз
ЖНА: ацетонның болуы
Ауыр дәрежесі:
ЖҚА: Ht ұлғаюы (42%-дан көп) және лейкоцитоз (9х10 9 /л-ден көп),
Қанның биохимиялық талдауы: қалдық азот, несепнәр, билирубин деңгейінің жоғарылауы, жалпы ақуыздың аздап төмендеуі, альбуминдердің, холестериннің, калийдің, хлоридтердің азаюы.
ЖНА – протеинурия, цилиндрурия, уробилинурия, эритроцитурия, лейкоцитурия, сары пигменттердің пайда болуы.
Несепті кетондық денелерді анықтауғы талдау: несептің ацетонға айқын оң реакциясы.
Аспаптық зерттеулер:
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ: бауырдың майлық дистрофиясы (жүкті әйелдердің ауыр дәрежедегі құсуы/шамадан тыс құсу кезінде).
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
-терапевт –соматикалық ілеспелі патологияны жоққа шығару мақсатында;
-гастроэнтеролог – АІЖ ауруларын жоққа шығару мақсатында;
-хирург – жіті хирургиялық патологияны жоққа шығару мақсатында;
-уролог – несеп шығару жолдары жұқпасының жолын кесу мақсатында;
-онколог – АІЖ қатерлі өспелерін жоққа шығару мақсатында;
-инфекционист – инфекциялық патологияны жоққа шығару мақсатында;
-эндокринолог – эндокриндік патологияны жоққа шығару мақсатында;
-невропатолог – нерв жүйесінің – жұлын мен мидың, шеткі нервтердің сырқаттарын жоққа шығару мақсатында.
Дифференциалды диагноз
Сараланған диагноз [3, 4, 5,6]
2-кесте – Жүкті әйелдер құсуының сараланған диагностикасы.
Клиникалық симптомдар | Жүкті әйелдердің құсуы |
АІЖ аурулары (гастрит, панкреатит, ӨТБ, асқазан обыры, соқырішек, ІЖБ, гепатит, ойықжара ауруы |
Инфекциялық аурулар (ТУИ, нейроинфекция, вирусты гепатит) |
Эндокриноло Гиялық аурулар (тирео токсикоз) |
ОНЖ аурулары (бас сақинасы, ОНЖ ісіктері, Вестибулярлық зақымдар, Омыртқаның мойын бөлігінің жарақаты, МҚЖБ) |
Түрлі дәрілік және дәрілік емес препараттармен улану (дигоксинмен, улы газбен, есірткімен улану) |
Несеп шығару жүйесінің аурулары (НТА) |
Құсу | +,++,+++ | +,++ |
+,++ Нейроинфекция кезінде – жеңілдеу сезіміне туғызбайтын «бұрқақша» құсу |
- | +,++ | + |
-+ |
Сілекей ағу | + | - | - | - | -+ | + | - |
Ауырсыну | Эпигастриядағы аздап ауырсыну, оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар |
Гастрит – эпигастриядағы ауырсынулар, Панкреатит – қарынның жоғарғы бөлігіндегі қарқынды ауырсыну, арқаға таралады, жөтелу, ішке терең тыныс алу кезінде күшейеді, көбіне белдеулік сипатқа ие. ӨТБ – оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар Асқазан обыры – эпигастриядағы ауырсынулар, Соқырішек – оң жақ мықын аймағындағы ауырсынулар ІЖБ – іштің өне бойындағы ауырсынулар Гепатит – оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар Ойықжара ауруы – эпигастриядағы ауырсынулар, құсқаннан кейін азаяды |
ТУИ – іштің өне бойындағы ауырсынулар, Нейроинфекция – бастың ауыруы болуы мүмкін Вирусты гепатит – оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар |
- |
Көбінде бастың ауыруы |
Бастың ауыруы болуы мүмкін, іштегі (қарындағы) нақты орналасуы жоқ ауырсынулар |
Белдегі және іштің төменгі жағындағы ауырсынулар |
Салмақ жоғалту | -+ | -+ | -+ | -+ | - | -+ | - |
Әлсіздік, апатия | -+ | + | + | + | -+ | ||
Бастың ауыруы, басы айналу | -+ | -+ | -+ |
- |
+,++ |
-+ |
- |
Дәреттің бұзылуы | Дәреттің кідіруі (болуы мүмкін) |
Гастрит – іш қатумен алмасатын диарея Панкреатит – нашар шайылатын дәрет ӨТБ – іш қатумен алмасатын диарея Асқазан обыры - іш қатумен алмасатын диарея Соқырішек - іш қатумен алмасатын диарея ІЖБ - іш қатумен алмасатын диарея Гепатит – түссізденген дәрет Ойықжара ауруы - іш қатумен алмасатын диарея |
ТУИ – диарея Нейроинфекция – дәрет бұзылмайды Вирусты гепатит – диарея болуы мүмкін, дәрет түссізденеді |
- | - | - | - |
Анамнез | Етеккірдің кешігуі | АІЖ аурулары | Инфекциялық науқастармен жанасу, жеке бас гигиенасының бұзылуы | Қалқанша бездің аурулары | ОНЖ аурулары, жарақаттар, АҚ көтерілуі | Есірткі заттарын, дигоксинді қолдану, улы газбен улану | Несеп шығару жүйесінің аурулары |
Терінің құрғақтығы | -+ | - | - | - | - | - | - |
Тахикардия | -+ | -+ | + | ++ | - | -+ | -+ |
Гипотензия | -+ | -+ | -+ | -+ | -+ | -+ | -+ |
Дене қызуының көтерілуі | -+,+,++ | -+ | -+ | - | - | - | -+ |
Несеп шығарудың азаюы | -+,+,++ | - | -+ | - | - | - | -+ |
Ауыздан ацетонның иісі шығу | -+ | - | - | - | - | - | - |
Тері мен көз ағының сарғыштығы | -+ | Гепатит, ӨТБ кезінде болуы мүмкін | Вирусты гепатит кезінде болуы мүмкін | - | - | - | - |
Ацетонурия | -+,+,++ | - | - | - | - | - | - |
Гемоглобиннің төмендеуі | -+,+ | -+ | -+ | - | - | - | -+ |
Метаболизмдік ацидоз | -+,++ | -+ | -+ | -+ | -+ | -+ | -+ |
Жалпы ақуыздың (альбуминнің) төмендеуі | -+,++ | гепатит кезінде болуы мүмкін | Вирусты гепатит кезінде болуы мүмкін | - | - | - | - |
Билирубиннің көбеюі | -+,++ | гепатит кезінде болуы мүмкін | Вирусты гепатит кезінде болуы мүмкін | - | - | - | - |
Несепнәр, қалдық азот деңгейлерінің көтерілуі | -+,+,++ | - | - | - | - | - | -+ |
Гематокриттің артуы | -+ | -+ | -+ | -+ | -+ | -+ | -+ |
Лейкоциттердің артуы | -+,+ | +,++ | + | - | - | - | -+ |
Холестериннің төмендеуі | -+ | Гепатит кезінде | Вирусты гепатит кезінде | - | - | - | - |
Калийдің төмендеуі | -+ | -- | - | - | - | - | - |
Хлоридтердің төмендеуі | -+ | - | - | - | - | - | - |
Протеинурия | -+ | -+ | -+ | - | - | - | -+ |
Цилиндрурия | -+ | - | - | - | - | - | -+ |
Лейкоцитурия | -+ | - | - | - | - | - | -+ |
Эритроцитурия | -+ | - | - | - | - | - | -+ |
Уробилинурия | -+ | - | - | - | - | - | -+ |
Билирубинурия | -+ | - | - | - | - | - | -+ |
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары
Емдеу мақсаттары – сулы-тұзды теңгерімді, метаболизмді, өмірлік маңызды ағзалардың қызметтерін қалпына келтіру.
Емдеу тактикасы:
Жүкті әйелдердің жеңіл дәрежедегі құсуы:
-жүкті әйелдің дене салмағының динамикасын бақылау
-жағдайды ауырлаған кезде несепті ацетонның болуына қайта зерттеу.
Жүкті әйелдердің орташа ауырлықтағы құсуы: амбулаториялық ем, жағдайы нашарлағанда – стационарлық ем.
Ауыр дәрежедегі құсу: стационарлық ем көрсетілген.
Емдеуге жатқызу үшін көрсетімдерді жоғарыдан қараңыз.
Дәрі-дәрмексіз емдеу [7]
Режим: емдік-қорғау, теріс эмоцияларды жою. Науқасты жеке палатаға орналастыру. Бір палатаға құсатын екі жүкті әйел бірге жатқызылмасын (ДД III).
Емдәм: жеңіл сіңірілетін, дәруменге бай әртүрлі тағамдар. Тағамды аз мөлшермен жиі қабылдау. Қорытуға ауыр болатын өнімдерді – қақталған өнімдерді, майлы етті, ащы және тұзды тағамдарды тұтынуды шектеу (ДД III).
Сусын: сілтілі – минералды газдалмаған су, шөп шайлар, лимон қосылған қою емес шай, бөлме температурасындағы немесе салқын сұйықтықтар (ДД III).
Дәрі-дәрмекпен емдеу [7,8]:
Құсубасқыш терапия:
-дофаминнің тікелей тайталастары (антагонистері): метоклопрамид 2 мл (10 мг) б/і немесе в/і күніне 1-2 рет – 5-7 күн (ДД I-В)
-М-холинбөгеуіштері (ДД III): атропин, ерітінді, 0,1%-1мл б/і күніне 1-2 рет, 5-7 күн
-серотониндік рецепторларды бөгейтін, орталық әсері бар препараттар: ондансетрон 2 мл (4 мг) б/і немесе в/і – күніне 1-2 рет, 2-3 күн (ДД I-В)
Тыныштандырғыш терапия:
-нейролептиктер: дроперидол 0.25%-2 мл б/і (ДД III)
-регидратация, уытсыздандыру мақсатымен инфузиялық терапия (ДД III):
кристаллоидтар тәулігіне 2500-3000 мл-ге дейін;
Рингер–Локк ерітіндісі (1000 мл) в/і;
лактасол (1000 мл) в/і;
трисоль (1000 мл) в/і;
хлосоль (1000 мл) в/і.
-Парентералдық қоректендіру мақсатымен инфузиялық ем (ДД III):
амин қышқылдары ерітіндісі күнара, тәулігіне бір рет;
коллоидтық ерітінділер (ДД III) (қандағы жалпы ақуыз 50 г/л-ге дейін төмендеген кезінде): 10%
альбумин ерітіндісі күнара, тәулігіне бір рет 200–400 мл-ге дейін;
Инфузиялық терапияның жалпы көлемі тәулігіне 1–3 л-ді, АҚ, ОВҚ, гематокрит пен несеп шығаруды бақылай отырып, науқас дене салмағы мен сусыздану дәрежесіне қарай 3-5 күнді құрайды.
-метаболизмдік бұзылыстарды түзету:
тиамин 1 мл 5% ерітіндіні б/і күніне 1 рет, 5-7 күн (ДД I-В)
аскорбин қышқылы 5 мл 5% ерітіндіге дейін в/і, б/і, күніне 1 рет, 5-7 күн (ДД III)
рибофлавин 1 мл 1%, күніне 1 рет, 5-7 күн (ДД III)
эссенциалды фосфолипидтер 5 мл в/і күніне 1 рет, 5-7 күн (ДД III) [7,8]
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
-метоклопрамид - таблеткалар 10 мг; ампула 2 мл
-атропин, ерітінді, ампула, 1мл
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен):
Серотониндік рецепторларды бөгейтін, орталық әсері бар препараттар:
-ондансетрон, ерітінді, ампулалар 2 және 4 мл.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):
М-холинбөгеуіштері
-Атропин, ерітінді, ампула, 1мл,
Дофаминнің тікелей тайталастары (антагонистері)
-Метоклопрамид, ерітінді, ампула, 2 мл
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен) [10]:
-серотониндік рецепторларды бөгейтін, орталық әсері бар препараттар
-ондансетрон, ерітінді, ампулалар 2 және 4 мл
-регидратация, уытсыздандыру үшін инфузиялық дәрілер;
-Рингер–Локк ерітіндісі, ерітінді, құты 500мл;
-лактасол (1000 мл), ерітінді, құты 500мл;
-трисоль (1000 мл), ерітінді, құты 500 мл;
-физиологиялық ерітінді (500 мл), ерітінді, құты, 500 мл,
-хлосоль (1000 мл), ерітінді, құты 500мл
-парентералдық қоректендіруге арналған инфузиялық дәрілер –
-амин қышқылдары ерітіндісі, амин қышқылдарының теңгерілген қоспасы – инфузияға арналған ерітінді, құты 100 мл, 200 мл, 400 мл, 500 мл,
-коллоидтық ерітінділер
-альбумин 10% инфузияға арналған ерітінді, құты, 100 мл,
-метаболизмді қалыптандыратын препараттар.
-рибофлавин ерітінді, ампула 1 мл
-аскорбин қышқылы ерітінді, 1 және 2 мл ампула
-эссенциалды фосфолипидтер ерітінді, 1, 5 мл ампула [7,8]
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
-метоклопрамид, ерітінді, ампула 2 мл;
-атропин, ерітінді, ампула, 1мл;
-натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі 0,9%, құты, 500 мл.
Емдеудің басқа түрлері:
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
-электрұйқы (1 емшараның ұзақтығы 60-90 минут, емдеу курсы 6-8 сеанстан тұрады (ДД - III).
-электроанальгезия (емшараның ұзақтығы 60-90 минут, емдеу курсы 6-8 сеанстан тұрады (ДД - III);
-нүктелі уқалау, курс 5-7 күн;
-жанжабіл (имбирь) (ДД - I).
Емдеудің стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
-электрұйқы (1 емшараның ұзақтығы 60-90 минут, емдеу курсы 6-8 сеанстан тұрады (ДД - III).
-электроанальгезия (емшараның ұзақтығы 60-90 минут, емдеу курсы 6-8 сеанстан тұрады (ДД - III);
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жүргізілмейді.
Хирургиялық араласу
Хирургиялық араласудың түрлері: медициналық түсік:
Жүргізіліп отырған терапияның тиімсіздігі (оң нәтиже бермеуі) кезінде жүктілікті тоқтату қажет.
Жүктілікті тоқтату туралы шешім пациентті стационар жағдайында тексеріп-қарағаннан кейін алқалық/комиссиялық түрде қабылданады: емдеуші акушер-гинеколог тиісті бейін мамандарымен (терапевт, хирург, онколог, психиатр және т.б) бірге [9, 11,12].
Жүктілікті тоқтату үшін көрсетімдер:
-РҚТБ-де емдеу жағдайында 3 күн бойына толассыз құсу;
-несеп шығарудың тәулігіне 300 мл-ге дейін төмендеуі;
-3-4 күн бойына өрістеуші ацетонурия;
-дене салмағының өрісті төмендеуі;
-айқын көрінетін тахикардия (минутына 100-120);
-нерв жүйесі қызметінің бұзылуы (адинамия, апатия, сандырақтау, эйфория);
-көз ағы мен терінің сарғыш түске боялуы;
-НҚЖ өзгеруі, гипербилирубинемия (100 мкмоль/л-ге дейін).
Ем тиімділігінің және хаттамада сипатталған диагностикалау мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары
-ағзаның сусыздануының болмауы (тері тығыздығының (тургор) үлкеюі, Ht биіктігінің қалыптануы);
-несеп шығарудың қалыптануы (1500-3000 мл);
-несепте ацетонның болмауы.
Ауруханаға жатқызу
Емдеуге жатқызу түрі көрсетілетін емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер [1]:
Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер: ауыр/шамадан тыс құсу (ауру симптомдарын тоқтату және жүктіліктің әсерін ұзарту мәселесін шешу мақсатында).
Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер: келесі симптомдардың бірі болған кезіндегі орташа және ауыр/шамадан тыс дәрежедегі құсу:
-тамыр соғуы минутына 100-ден астам,
-АҚ 100мм рт.ст төмен,
-көз ағының сарғыштығы,
-қызудың көтерілуі,
-кетонурия ++ (барабар (адекватты) терапияны таңдау, ауру симптомдарын тоқтату және жүктіліктің әсерін ұзарту мәселесін шешу мақсатымен).
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Акушерство: Национальное руководство/ под ред. Э.К. Айламазяна, В.И. Кулакова, В.Е. Радзинского, Г.М. Савельевой. – М.: «ГЭОТАР-Медиа», 2011, С. 436 2. М.М.Шехтман «Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных». Издание четвертое – М., «Триада-Х», 2007, - 816с. 3. Руководство «Беременность и экстрагенитальные заболевания»/ под ред. проф. Кудайбергенова Т.К. -, Алматы, 2013, 424 с. 4. Практическое руководство «Экстрагенитальная патология и беременность» под ред. Логутовой Л.С. – Москва, 2013, 544 с. 5. Am Fam Physician. 2014 Jun 15;89(12):965-70. Nausea and vomiting of pregnancy. Herrell HE. 6. Всемирная организация здравоохранения. Международная статистическая классификация болезней и проблем, связанных со здоровьем (акушерство, гинекология и перинатология). 10-й пересмотр. — М., 2004. 7. Nutr J. 2014 Mar 19;13:20. doi: 10.1186/1475-2891-13-20. A systematic review and meta-analysis of the effect and safety of ginger in the treatment of pregnancy-associated nausea and vomiting. Viljoen E1, Visser J, Koen N, Musekiwa A. http://www.tripdatabase.com 8. J Pain Symptom Manage. 2011 Oct;42(4):589-603. doi: 10.1016/j.jpainsymman.2011.01.007. Epub 2011 Apr 30.The efficacy of acupressure for symptom management: a systematic review. Lee EJ1, Frazier SK 9. В.Е.Радзинский, Р.Ю.Еремичев, Е.В.Радзинская «Ранние токсикозы беременных». М.- 2013, 423с. 10. Sheba Jarvis, Catherine Nelson-Piercy: Management of nausea and vomiting in pregnancy. BMJ 2011; 342 doi: http://dx.doi.org/10.1136/bmj.d3606 11. Б.М. Венцковский, В.Н. Запорожан, А.Я.Сенчук, Б.Г.Скачко «Гестозы для врачей»МИА. М.,-2005., 312с. 12. Клинический протокол диагностики и лечения «Медицинский аборт» № 18 МЗ РК от 19 сентября 2013 года
Ақпарат
1. Сармолдаева Шолпан Қуанышбекқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, жоғары санаттағы акушер-гинеколог
2. Әлиева Шолпан Өркендіқызы – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің № 1акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті, жоғары санаттағы акушер-гинеколог
3. Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы –клиникалық фармаколог, «Астана медицина университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Рецензент: Досжанова Әйгерім Міжәбірқызы – м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» АҚ интернатура және дипломнан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі, жоғары санаттағы акушер-гинеколог
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.