Жасанды ұрықтандырумен байланысты асқынулар

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Осложнения, связанные с искусственным оплодотворением, неуточненные (N98.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Жасанды ұрықтандырумен байланысты асқынулар әр түрлі және ем-шараны жүргізудің кез-келген сатысында туындауы мүмкін.
Жасанды ұрықтандырумен байланысты инфекциялар созылмалы аурудың асқынуымен байланысты болып, фолликула пункциясы кезінде туындауы мүмкін.
Эмбрионды жатыр қуысына ауыстыру инфекцияның дамуына және қан кету, эмбрионды жатыр түтігіне енгізу және жатырдан тыс жүктіліктің дамуы тәрізді асқынуларға алып келуі мүмкін.
Овуляцияны ынталандыру (АБАЫС) мен фолликула пункциясы үшін дәрілерді пайдаланумен байланысты аса қауіпті асқынулар – жедел араласуды қажет ететін қан кету;

Аналық безді асыра ынталандыру синдромы – негізінде физиологиялық шектен шыққан овуляция индукторларын экзогендік енгізуге аналық жасушалардың жауабы жататын ятрогенді ахуал. АБАЫС жиілігі овуляцияны ынталандырудың әр түрлі нобайлары бойынша 0,5% -ден 14% аралығында болады. Ауруханаға жатқызуды талап ететін АБАЫС ауыр формалары 0,2-10%-ды арасында диагностикаланады [1].
Жақын орналасқан қан тамырларынан қан кету және қынап далдасының сілемейасты кеңістік пен кіші жамбастан қан кету және гематомалардың пайда болуы. [12].

Хаттама атауы Жасанды ұрықтандырумен байланысты асқынулар.

Хаттама коды:

ХАЖ-10 кодтары:

N98.0 Жасанды ұрықтандырумен байланысты инфекциялар
N98.1 Аналық безді аса қатты ынталандыру
N98.2 Экстракорпоральды ұрықтандырудан кейінгі ұрықтандырылған аналық жасушаларды импланттау тәуекелімен байланысты асқынулар
N98 3. Эмбрионды импланттау тәуекелімен байланысты асқынулар
N98.8 Жасанды ұрықтандырумен байланысты басқа асқынулар.
N98.9 Жасанды асқынулармен байланысты асқынулар, нақты емес

Хаттамада пайлаланылатын қысқартулар:
Ht - гематокрит
АҚ – артериалды қысым
АлАТ - аланинаминотрансфераза
АсАТ - аспартатаминотрансфераза
БІТУ – белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақыт
Е2 - эстрдиол
ИФТ – иммуноферментті әдіс
ХҚҚ – халықаралық қалыптандырылған қатынас
МРТ - магнитті-резонансты томография
ҚЖТ – қанды жалпы талдау
ҚАК – қан айналымының көлемі
пг/мл - миллилитрге пикограмм
ЖБЖ – жіті бүйрек жеткіліксіздігі
РДС - респираторлы дистресс-синдром
ЕФМК – ерітілетін фибринмономерлі кешен

АБАЫС – аналық безді асыра ынталандыру синдромы
ТВП - трансвагиналды пункция
ТВУДЗ – трансвагиналды ультрадыбыстық зерттеу
УЗИ – ультрадыбыстық зерттеу
ЭКҰ – экстракорпоралды ұрықтандыру
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.

Пациенттер санаты: жасанды ұрықтандырумен байланысты асқынулары бар әйелдер.

Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар.
 

Жіктемесі


Клиникалық жіктеу

1-кесте. АБАЫС-ты клиникалық жіктеу [2-3]:


Деңгей Аналық бездің көлемдері Симптомдар
Жеңіл деңгей <6см Абдоминалды ширығу және жайсыздық, Е2 деңгейі, пг/мл 1500-4000
Орта деңгей 6-12см Жеңіл деңгей + УДЗ – асцит белгілері, құсу, жүрегі айну, диарея, Е деңгейі , пг/мл
>4000-6000
Ауыр деңгей >12см Орта деңгей + өкпеқап қуысының тарлануы,
выпот в плевральной полости
бауыр функциясының бұзылуы, шиыршықты напряженный  астит, гемошоғырлану (Ht>45%), бүйрек перфузиясының төмендеуі, олигурия, тромбоэмболия, гиповолемикалық шок,эстрадиол деңгейі >6000.
Сыни деңгейі >12см Ауыр деңгей + екі жақты гидроторакс, гидроперикард, анасарка, олиго-анурия, ОПН, (Ht>55%), тромбоэмболиалық асқынулар
 

ТВП жүргізгеннен кейін қан кетуді жіктеу

[9]:
-ТВП жүргізгеннен кейін қынап далдаларынан қан кету;
-ТВП жүргізгеннен кейін аналық бездің тінінен қан кету;
-ТВП жүргізгенгендегі жарақат алу кезінде қуық қалбыршағынан қан кету.

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:

-шағымдар мен анамнезді жинау;
-физикалды тексеру;
-қанды жалпы талдау;
-есепті жалпы талдау;
-коагулограмма (ПВ, фибриноген, БІТУ, ХҚҚ);
-кіші жамбас органдарының УДЗ.


Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:

-қанды биохимиялық талдау (несепнәр, креатинин, жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, жалпы билирубин);
-Е2  деңгейін ИФТ әдісімен анықтау;
-жамбас қуысы органдарыың УДЗ;
-өкпеқап  қуысына УДЗ.

 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерулердің минимальды тізімі: жүргізілмейді.


Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-қанды жалпы талдау;
-несепті жалпы талдау;
-коагулограмма (ПВ, фибриноген, БІТУ, ХҚҚ);
-қанды биохимиялық талдау  (несепнәр, креатинин, жалпы ақуыз, АлАТ, АсАТ, глюкоза, жалпы билирубин);
-ABO цоликлон жүйесі бойынша қан тобын анықтау;
-қанның резус-факторын анықтау;
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
-ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы АИТВ р24 антигенін анықтау;
-ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы В гепатитінің HbeAg вирусын анықтау;
-ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы С гепатиттің вирусына қарсы жалпы антиденелерді анықтау;
-кіші жамбас органдарының, құрсақ қуысы және өкпеқап пен перикардиалды қуысының УДЗ;
-ЭКГ.

 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:

-қосымша лапароскопия (құрсақ қуысының жарақатына, қан кетуге күдік туғанда);
-кеуде бөлігінің рентгенографиясы (ересектерде РДС-ке және тромбоэмболияға күдік туғанда).
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін  диагностикалық іс-шаралар:
-шағымдар мен анамнезді жинау;
-физикалды тексеру (АҚ өлшеу, тамыр соғысы мен тыныс жиілігін өлшеу);
-ЭКГ.
 
Диагностикалық критерийлер (УД I, A)[4]

Шағымдар мен анамнез

АБАЫС: іштің кебуі, тыныс жетпеу, іш ауруы, жүрегі айну және құсу, диурездің төмендеуі.
Анамнез: овуляцияны ынталандыру ресімдерін жүргізу

Қан кету: әлсіздік, бас ауру, іштің төменгі жағындағы ауру және тік ішекке берілетін бел бөлігіндегі аурулар, жүрек айну, кейде құсу, суық тер, адамның есінен тануы.
Анамнез:  ЭКҰ бағдарламасында фолликула пункциясы.
 
Физикалды тексеру.

АБАЫС:  
қарын шеңберінің үлкеюі, терінің бозғылттығы, тыныс жиілігі мен пульстің артуы. Ішті саусақпен басып тексергенде іш шамалы  ширығып тұрады, төменгі бөліктеріндегі ауыру сезімі, ұлғайған аналық безді саусақпен  басып тексеру. АҚ төмендеуі, тамыр соғысының жиілеуі, гиповолемикалық шок кезінде тыныстың жиілеуі.

Қан кету: терінің бозғылт болуы, тахикардия, артериалды қысымның төмендеуі.
Қарын біршама кепкен.
Саусақпен басып тексергенде мықын аймағындағы ауыру, мықын аймағының тітіркену симптомдары.
Перкуссия кезінде перкуторлы дыбыстың естілмеуі (құрсақ қуысындағы бос сұйықтықтың болуы себепті).
АҚ төмендеуі, пульстың жиілеуі, гиповолемикалық шок кезінде тыныстың жиілеуі.
 
Зертханалық зерттеулер.
АБАЫС:
ҚЖТ:
гематокриттің, гемоглобиннің, лейкоциттің, тромбоциттің артуы.
Коагулограмма:  фибриноген мен РМФК санының артуы, БІТУ қысқаруы, ХҚҚ төмендеуі, Д-димер құрамының артуы.
Қанды биохимиялық талдау: гипопротеинемия, АСТ және АЛТ көрсеткішінің өсуі, несепнәрдің, қалған азоттың және креатининннің өсуі мүмкін,  (ОАБЖ кезінде).
Е2 деңгейін анықтау: эстрдиол 3000 пг/л артық (эстрадиол деңгейі>6000 ауырлықтың орташа/ауыр деңгейі)
Қан кету:
ҚЖТ: гематокриттің, гемоглобиннің, лейкоциттің, тромбоциттің азаюы, гематокриттің артуы (Ht>45% орташа деңгей, Ht>55%, ауыр деңгей)
Коагулограмма: фибриноген мен РМФК-н санының өсуі,  БІТУ
мен ХҚҚ ұзару.
Қанды биохимиялық талдау: гипопротеинемия, АСТ мен АЛТ көрсеткіштерінің артуы, (ОАБЖ кезінде) - АБАЫС-тың орта және ауыр деңгейлерінде несепнәрдің, қалған азоттың және креатининнің өсуі

Аспаптық зерттеулер:
АБАЫС:
Кіші жамбас, құрсақ қуысына, плевральды және перикардиальды қуысқа УДЗ:

Ауырлықтың орта деңгейі – аналық без көлемдері >12см, асцит белгілеріне УДЗ,+ өкпеқап қуысына ауруы, өкпе қуысындағы жалқық.
асцит, Ауыр деңгей – аналық без өлшемдері >12см, асцит белгілеріне УДЗ, + екі жақты гидроторакс, гидроперикард
Қан кету:
ТВУДЗ:
құрсақ қуысындағы сұйықтық және қан ұю.
Диагностикалық лапароскопия: қан тамырларының, ішектің зақымдануы, аналық безден қан кету.
Кеуде клеткасына рентгенография: өкпе инфаркттері.
 
Мамандар кеңесіне арналған көрсетімдер:
-терапевтің кеңесі (экстрагенитальды аурулар бар болғанда);
-анестезиолог-реаниматологтың кеңесі (АБАЫС ауыр деңгейі және геморрагиялық шок кезінде);
-торакальды (кеуде қуысы) хирургтің кеңесі (гидроторакс болғанда);
-нефрологтың кеңесі (ОАБЖ кезінде).

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагностика:

2-кесте. АБАЫС сараланған диагностикасы

Жетекші симптом Нозология Шағымдар Гинекологиялық тексерулердің деректері Зертханалық және аспапты тексерулердің деректері
Іштегі аурулар Жіті аппенди
цит
эпигастралды бөліктегі қарқындап өскен аурудың оң жақ мықын тұсқа – құрт тәрізді өсіндінің орналасу аймағына ауысуы Жатыр мойнағы өзгеріссіз. Жатыр қосалқыларында патологиялық түзілімдердің жоқтығы, оң жақ қосалқыларының ауыруы Көк еттің тітіркену симптомдары, дене қызуының  37-­37,5 °С артуы, және   лейкоцитоз 10-14- 10 9л
Іштей
қан кету
Жатырдан тыс жүктілік Етеккірдің кешігуі, іштің ауыруы, бас айналуы, жеңіл сырттай қан кету, іштей қан кетудің белгілері
 
Жыныс жолдарынан қан аралас шығындылар, жатыр қалыпты көлемде, жатыр қосалқыларында түзілімдердің болуы, жатыр мойнағының қозғалуы кезіндегі ауырлық, қынаптың артқы кіре берісінің салбырап тұруы Жүктіліктің бар болуының  зертханалық расталуы      (жүктілікке арналған тест). УДЗ белгілері: жатыр қуысындағы ұрықты анабездің жоқтығы, қосалқыларында  түзілімдердің және құрсақ қуысында бос сұйықтықтың болуы.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
АБАЫС:
Полиағзалы бұзылулар дамуының профилактикасы.
Қан кету: қан кетуді тоқтату.
 
Емдеу тәсілі

Дәрісіз емдеу:
Жеңіл деңгейдегі АБАЫС кезінде:
салмақ пен диурезді күн сайын бағалау, тәни белсенділік пен жыныстық өмірді шектеу, суды көп тұтыну.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу (УД I, А) [ 4]:
АБАЫС:
ҚАК-ті қолдау, гиповолемияны, гемоконцентрацияны түзету:
-тәуліктік мөлшермен 1500 мл асыриай  6% гидроксиэтилкрахмалмен (молекулярлы салмағы 200000) 500,0 до 2000 мл 0,9% натрий хлориді;
Гиперпролактинемияны төмендету:
-
каберголин 0,5 мг  күн сайын 8-12 күн (УД A);
-хинаголид 75 мкг күн сайын 8-12 күн;
Ақуыздың жоғалуын толтыру:
-альбумин 5% немесе 10% тәулігіне 200- 400 мл қанда ақуыздың физиологиялық мағыналарына жеткенше;
Тромбоэмболикалық асқынулардың профилактикасы:
-
надропарин кальций тәулігіне 0,3-0,8 мл -  гемошоғырлану көріністерін тоқтатқанша;
-ацетилсалицил қышқылы тәулігіне 50-100 мг - гемошоғырлану көріністерін тоқтатқанша;
Бактерияға қарсы терапия (инфекциялық асқынулардың профилактикасы мақсатында):
-ампициллин/сульбактам(1,5г т/і);
-амоксициллин/клавуланат(1,2г т/і);
-цефазолин (2г т/і), цефуроксим(1,5гт/і).
Ауырлық синдромын тоқтату:
қабынуға қарсы бейстероидті дәрілер:

-кетопрофен, б/і, т/і, тәулігіне 100 мг/2 мл 4 ретке дейін;
-кеторолак внутрь, б/і, т/і тәулігін 10-30мг 4 ретке дейін;
-диклофенак 75-150мг тәулігіне б/і 3 ретке дейін.
синтетикалық опиоидтер:
-трамадол т/і,б/і,п/к тәулігіне 50-100мг- 400мг, тәулігіне ішке 50мг- 0,4г 4-6 сағаттан жиі емес.
Қан кету:
-этамзилат 250 мг бұлшықет ішіне тәулігіне 750 мг 3-4 ретке дейін (күту тәсілі бойынша: қатты қан кету, гемодинамиканың тұрақты көрсеткіштері болмаған кезде)


Амбулаториялық деңгейде дәрілік емдеу;

Негізгі дәрілік құралдар тізімі (қолдану мүмкіндігі  100%): жүргізілмейді
Қосымша дәрілік құралдар тізімі (қолдану мүмкінділігі 100%-дан аз): жүргізілмейді

Стационарлық деңгейде дәрілік емдеу:
Негізгі дәрілік құралдар тізімі (қолдану мүмкінділігі 100%):
АБАЫС:
-натрий хлориді 0,9% 400 мл флакон
-инфузияға арналған гидроксиэтилкрахмал ерітіндісі 6%, 500 мл флакон
-каберголин 0,5 мг таблеткалар
-хинаголид 75 мкг таблеткалар
-кетопрофен 100 мг таблеткалар
-кеторолак  т/і, б/і арналған ерітінді  инъекция 30 мг/мл 1 мл, ампулалар
-диклофенак инъекцияға арналған ерітінді 75 мг/3 мл, инъекцияға арналған ерітінді 75 мг/2 мл, ампулалар
-трамадол инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/2мл ампуламен, ішке қабылдауға арналған ерітінді 10 мл флаконда,
-альбумин инфузияға арналған ерітінді 5% 100 мл флакон немесе 10% 20 мл ампула
-ацетилсалицил қышқылы 100 мг таблетка
-надропарин кальций алдын ала шприцтерге  толтырылған инъекцияға арналған ерітінді, 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл.
Қан кету:
-этамзилат инъекцияға арналған ерітінді 250 мг/2 мл.
Қосымша дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкінділігі  100%-дан аз):
-ампициллин/сульбактам  инъекция ерітіндісін әзірлеуге арналған ұнтақ 750 мг; 1,5гр флакон
-амоксициллин/клавуланат 600мг;1,2гр инъекция ерітіндісін әзірлеуге арналған ұнтақ, флакон
-цефазолин инъекция ерітіндісін әзірлеуге арналған ұнтақ, 1 гр
-цефуроксим инъекция ерітіндісін әзірлеуге арналған ұнтақ, 750 мг;1,5гр
 
Жедел шұғыл жәрдем кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеу:
натрий хлорид 0,9% 400 мл флакон.
Қан кету кезінде:
-этамзилат инъекцияға арналған ерітінді 250 мг/2 мл.
АБҚЫС кезінде:
-надропарин алдын ала шприцтерге  толтырылған инъекцияға арналған ерітінді, 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл;
-ацетилсалицил қышқылы 100 мг таблетка.


Емдеудің басқа түрлері:  жүргізілмейді.


Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді
 
Стационарлық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері:


Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңіндегі емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді


Хирургиялық араласу:

Амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу: жүргізілмейді.

Стационарлық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу:

Оталар: лапароскопия/лапаротомия:
-қанды тасу (беру) мақсатында;
-қан кету көзін анықтау мақсатында;
-биполярлы коагулятор көмегімен коагуляция  немесе қан кетіп жатқан тамырды тігу.
Көрсетім:
-геморрагиялық шоктың дамуымен байланысты іштей қан кету;
-дәрі терапиясының тиімсіздігі.


Әрі  қарай жүргізу:
-жүктілік кезінде динамикалық жүргізу.
-жүктілік ішінде айына 1 рет коагулограмма деректері бойынша (тромбоциттер, тромбоциттер агрегациясы) тромбинемияны қадағалау.
-жүктілік ішінде айына 1 рет бауыр фукнциясының ахуалын динамикалық бағалау (қандағы АлАТ, АсАТ, жалпы билирубин, альбумин).


Емдеу тиімділігі мен диагностикалау және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:

-ауырлық синдромын жою;
-АБАЫС регрессиясы;
-қан кетуді тоқтату.

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау түрін көрсетумен госпитальдау үшін көрсетімдер –  шұғыл  госпитальдау үшін көрсетімдер [3-6]:
-орта және ауыр деңгейдегі АБАЫС;
-құрсақ  (қарынішілік) ішіндегі қан кету.
Жоспарлы  госпитальдау үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.

Алдын алуы

Профилактикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1) Delvigne A., Rozenberg S. Review of clinical course and treatment of ovarian hyperstimulation syndrome (OHSS). HumReprodUpdate 2003;9:1:77—96. 2) Корнеева И.Е. Синдром гиперстимуляции яичников. В кн.: Бесплодный брак. Под ред. В.И. Кулакова. М: ГЭОТАР-Медш 2006;449—496. 3) Корнеева И.Е., Иванова А.В., Баркалина Н.В. Синдром гиперстимуляции яичников: профилактика, диагностика, лечение (обзор литературы). Пробл. репрод 2004;10:1:43—50. 4) Binder H., Dittrich R., Einhaus F. et al. Update on ovarian hyperstimulation syndrome: Part 1—Incidence and pathogenesis. Int J FertilWomens Med 2007;52:1:11—26. 5) Binder H., Dittrich R., Einhaus F. et al. Update on ovarian hyperstimulation syndrome: part 2 — clinical signs and treatment. Int J FertilWomens Med 2007;52:2— 3:69—81. 6) Carizza C., Abdelmassih V., Melati L. et al. C Cabergoline prevents early but not late onset ovarian hiperstimulation syndrome (OHSS). HumReprod 2007;22:Suppl 1:Abstract:71. 7) Комиссарова Ю.В. Оптимизация программы экстракорпорального оплодотворения и переноса эмбрионов с учетом ангиогенных факторов: Автореф. дис.канд. мед.наук. М 2010;133 8) Клинические случаи внутрибрюшного кровотечения как осложнения пункции яичников во время забора яйцеклеток при проведении вспомогательных репродуктивных технологий. Айзятулова Э.М. - Научно-исследовательский институт медицинских проблем семьи Донецкого национального медицинского университета им. М. Горького. Журнал «Медико-социальные проблемы семьи» 2 (том 18) 2013г

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген  хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
  1. Валиев Равиль Камилевич - акушер-гинеколог, ҚР ДСМ «Ғылыми акушерия, гинекология және перинатология» ШЖҚ РМК зертханасының меңгерушісі.
  2. Имтосими Дмитрий Георгиевич - акушер-гинеколог, «Республикалық ғылыми жедел медициналық көмек көрсету орталығы» АҚ.
  3. Құдайбергенова Махира Сейдолақызы – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ , дәрігер – клиникалық фармаколог.
 Мүдделер  қақтығысының жоқтығын  көрсету: жоқ.
 Пікір иесі: Мұстафин Рамил Табрисұлы, м.ғ.д, «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ акушер-гинеколог дәрігері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх