Жамбас сүйектерінің зақымдануы
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)
Анықтамасы
Анықтамасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «25» мамырдағы
№ 22 хаттамасымен мақұлданған
Жамбас сүйегінің зақымдануы – бұл олардың жарақат факторлары немесе сыртқы әсерлер ықпалымен олардың тұтастығының бұзылуы [1].
КІРІСПЕ БӨЛІМ
АХЖ-10 коды (тары):
АХЖ-10 | |
Коды | Атауы |
S32.1 | Сегізкөздің сынуы |
S32.2 | Құйымшақтың сынуы |
S32.3 | Жамбас сүйектің жалпақ басының сынуы |
S32.4 | Ұршықтық ойыстың сынуы |
S32.5 | Қасаға сүйегінің сынуы |
S32.7 | Жамбас сүйегі және омыртқаның бел-сегізкөзді бөлігінің көптеген сынулары |
S32.8 | Жамбас сүйегі және омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінің басқа және дәлелденбеген бөліктерінің сынулары |
S33.2 | Сегізкөзді-жамбас сүйектің жалпақ басы буынының және сегізкөзді-құйымшақты қосылыстардың шығуы |
S33.4 | Қасағалық симфиздің травматикалық ажырауы [құрсақтық мүшелену] |
S33.6 | Жамбас сүйектің жалпақ басы-сегізкөзді бунның капсулалық-байламды аппаратының зақымдануы және созылуы |
S33.7 | Жамбас және бел-сегізкөзді басқа және дәлелденбеген бөлігінің капсулалық-байламды аппаратының созылуы және зақымдануы |
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
ОА | – | остеосинтез ассоциациясы |
ТҚЖТ | – | теріс қысымды жаралар терапиясы |
СБЖ | – | созылмалы бауыр жеткіліксіздігі |
Хаттаманы пайдаланушылар: жедел көмек дәрігерлері, фельдшерлер, травматолог-ортопедтер, хирургтер, жалпы практика дәрігерлері, тамырлы хирургтер (интервенциялық хирургтер), нейрохирургтер, урологтар, гинекологтар.
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:
А | Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. |
В | Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. |
С | Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. |
D | Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі. |
GPP | Үздік клиникалық практика |
Жіктемесі
Жіктеме
Жамбас зақымдануларының жіктелуіне сәйкес 3 типке бөлінеді (1-сурет).
А типті сынулар – тұрақты, аз қозғалумен және ереже бойынша жамбас сақинасының тұтастығын бұзусыз. Барлық сынулар жамбас сақинасының сынуынсыз. А1 типті сынуларға алдыңғы үстіңгі немесе алдыңғы төменгі жамбастың жалпақ сүйегінің қырының үзілуі құйымшақ дөңесінің сынуы жатады. А2 типіне төс және құйымшаө сүйектерінің бір немесе екі жақты сынулары жатады, бірақ фрагменттерді жылжытусыз, сол себепті сақталған, тұрақты жағдайдағы жамбас сақинасымен. A3 типіне көлденең немесе шеткі сегізкөз және құйымшақ сынулары, минималды қозғалумен және қозғалусыз жатады.
В типті сынулар – ротациялық –тұрақсыз деп аталатындар (бірақ тік-тұрақты), компрессиялық немесе ротациялық күштердің жамбасқа әсері салдарынан туындайтындар. В типті сынулар – зақымданулар ротациялық тұрақсыздықпен сипатталады. Бұнда жамбас және түбінің артқы бөліктерінің байламдық кешені зақымдалмаған немесе ішінара бір немесе екі жақтан зақымдалған деп есептеледі. В1 типті сынулар «ашық кітап» немесе сыртқы-ротациялық тұрақсыз типті сынулар деп аталады. Жамбастың екі бөлігі де тұрақсыз, бір немесе екі жағынан ашық, ал жон симфизі үзілген. В2 типті зақымдануларда жамбастың жартысына құйымшақ және жон сүйектерінің сынуымен бір жағынан сегізкөзді-бүйірлі байламдардың ажырауы болады. Бұнда жондық симфиз сақталған және үзілген болуы мүмкін, көбіне алдыңғы-артқы бағытта. Артынан сегізкөздің сынуы орын алуы мүмкін, бірақ бұнда жамбас сақинасының тік қозғалуы болмайды. ВЗ типіне жамбастың артқы және алдыңғы жартылай сақинасының екі жақты сынулары жатқызылған, ереже бойынша, бір жағынан «ашық кітап» типі бойынша, басқа жағынан «жабық кітап» типі бойынша зақымдану болады.
С типті сынулар – жамбас сақинасының толық ажырауымен, ротациялық және вертикалдық тұрақсыздықпен зақымданулар. С – ротациялық және тік тұрақсыздықпен анатомиялық ауыр зақымданулар. Олар жамбас сақинасы және түбінің толық ажырауымен сипатталады, соның ішінде сегізкөзді-бүйірлі байламның б.кіл артқы кешені. Бір жақты қисаюмен С1 типті зақымдануларда жамбас сүйектік жалпақ басының бір жақты сынуы, сегізкөздің толық тік сынуы немесе сегізкөзді-жамбас сүйектің жалпақ басының мүшеленуінде сыну-буын шығу болуы мүмкін; жамбастың артқы жартылай сақинасында зақымдану бір жағынан болуы мүмкін. С2 типті зақымдануларжа жамбас сақинасының бұзылулары неғұрлым маңызды, әсіресе артқы бөлімдерде. Бір жағынан С1 типті зақымдану, басқа жағынан В типті зақымдану бар. СЗ типті зақымданулар С типті екі жақты міндетті.
1-сурет. Жамбас сынуларын жіктеу.
Ұршықтық ойыстың сынуларында емдеу тактикасын анықтау және жарақатты түсіну үшін Letournel and Judet жіктеу қолайлы (2-сурет). Ұршықтық ойыстың барлық сынулары аталмыш жіктеме бойынша 10 түрге бөлінеді: 5 қарапайым және 5 күрделі (үйлескен) сынулар. Қарапайым сынулар: артқы қабырғаның сынуы (d), алдыңғы колоннаның сынуы (c), артқы қабырғаның сынуы (a), артқы колоннаның сынуы (b), тік сыну (e). Үйлескен сынулар: артқы қабырғаның сынуы + артқы колоннаның сынуы (f), Т-тәрізді сыну (j), екі колоннаның сынуы (j), артқы қабырғаның сынуы + көлденең сыну (g), алдыңғы колоннаның сынуы + жартылай көлденең сыну (h).
2-сурет. Ұршықты ойыс сынуларын жіктеу.
Сегізкөз сынулары көлденең (горизонталды) және тік (3-сурет) болып бөлінеді. Сегізкөздің тік сынуларында F ұсынылған жіктелу пайдаланылады. Denis [2]:
· сегізкөздің қанаттарының сынуы (1-аймақ);
· фораминалды сыну – сыну сызығы сегізкөз саңылауы арқылы өтеді (2-аймақ);
· орталық сыну – сызу сызығы сакральды канал арқылы өтеді (3-аймақ).
Сегізкөз қанаттарының сынулары жиі кездеседі, бұнда сыну сызығы латералды сегізкөзді саңылаулар арқылы өтеді. Фораминалды сыну сегізкөзді саңылау арқылы өтеді және сирек кездеседі, алайда сегізкөз жүйкелерінің үгінділерінің зақымдануымен асқынады. Орталық сынулар ми жұлын каналы (сакральды) арқылы өтеді.
3-сурет. Сегізкөз сынуларын жіктеу.
Диагностикасы
ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ
Диагностикалық өлшемшарттар
Шағымдар және анамнез:
· жамбас аймағындағы ауырулар;
· қозғалыс функциясы және аяқ-қолдардың тірек қабілеттілігінің бұзылуы.
Анамнез:
· жарақаттың болуы.
Физикалық қарап-зерттеу
· науқастың мәжбүрлі жағдайы;
· табандардың сыртқы ротациясы;
· жамбас сан және тізе буындарындағы аяқтардың жартылай бүгілген жағдайы;
· жамбас ассиметриясы;
· аяқ-қолдың қысқаруы;
· терінің тұтастығына ерекше назар аудару қажет, олардың зақымдануы сынудың ашық сипатын көрсетуі мүмкін.
Пальпацияда анықталады:
· жамбастың сыну орындарының ауыруы;
· ауырсыну жүктемеде және аяқтың қозғалыстарында күшейеді;
· Ларрейдің оң белгісі;
· Вернейдің оң белгісі;
· Жабысқан өкше белгісі оң.
Зертханалық зерттеулер: жоқ.
Аспаптық зерттеулер:
· Жамбасты шолу рентгенограммасы – жамбастың алдыңғы артыңғы проекциясында – сынулардың дөрекі қисаюлары, диастозды симфиздің ажырауы, жамбастың жартысының жоғарыға қисаюын орнату мүмкін;
NB! Осы рентгенограммалар өте жиі жеткіліксіз ақпаратты және оларда жамбастың артқы бөліктерінің зақымданулары үнемі нақты анықталмайды (сегізкөзді-жалпақ жамбас сүйегінің мүшеленуі, сегізкөз), ұршықты ойыс колонналары және қозғалусыз сынулар.
· жамбастың көп проекциялы рентгенографиясы. Бұл жамбасқа кіру (рентгендік түтік 30-45° бұрышпен краниалды орналастырылады) және жамбастан шығу (рентгендік түтік 30-45° бұрышпен каудалды орналастырылады) тік деңгейін ғана емес, сонымен қатар артқы ауысу шамасын да нақтылауға мүмкіндік береді. Ұршықты ойыстың сынуларында диагнозды нақтылау және емдеу тактикасын анықтау үшін қосымша рентгенографиялық зерттеулер өткізу қажет (Judet проекциялары): жамбастың жалпақ сүйегі және бітеу проекциялары. Жамбастың жалпақ сүйегінде және бітек проекциясында рентгенография өткізу үшін науқасты денені немесе аппарат тубусын 30-45 градусқа оңға және солға бұрумен жатқызады [3].
NB! Сегізкөз және құйымшақтың сынуларында және шығуында бүйірлік проекцияда рентгенография өткізу керек.
· компьютерлік томография – сезімтал болып табылады және жамбастың артқы бқлігінің тұтастығын бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ гематоманың оқшаулануын және мөлшерін анықтауға болады.
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
· урологтың консультациясы – ерлерде зәр шығару каналының сыртқы саңылауының жанына тамшыларды бүрку типі бойынша уретрорагияны анықтау үшін, бүйірдің сыртқы бетінде — маңызды клиникалық белгі, ықтималдықтың үлкен үлесімен, уретраның зақымдануын көрсетумен;
· хирургтың немесе проктологтың консультациясы – айланшықтан қан немесе қан ағу іздері анықталғанда;
· гинекологтың консультациясы – қынаптан қан ағуда немесе қан анықталғанда;
· невропатологтың консультациясы – жамбас мүшелерінің функциялары бұзылғанда L5, S1, S2 түптері, құйымшақты жүйкенің зақымдануындағы белгілерде.
Диагностикалық алгоритм
1-сызба. Жамбас сақинасының сүйектері сынғандағы диагностикалық алгоритм
2-сызба. Ұршықты ойыстың сынуларындағы емдеу алгоритмі
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі
Диагноз | Дифференциалды диагностика үшін негіздеме | Зерттеп-қараулар | Диагнозды алып тастау белгілері |
Жонды, құйымшақты, сегізкөзді сүйектердің сынуы | Жамбас аймағындағы ауырсыну |
Жамбастың шолу рентгенографиясы Компьютерлік томография |
Ларрей симптомы оң Верней симптомы оң Рентгенограммадағы сүйек құрылымының бұзылуы |
Санның проксималды бөлігінің сынуы | Жамбас сан буыны аймағындағы ауырсыну |
Жамбас сан буынының екі проекциядағы рентгенографиясы Компьютерлік томография |
Ауырсыну осьтік жүктелуде күшейеді Жамбас сүйегінің сүйек құрылымының рентгенограммадағы бұзылуы |
Омыртқаның бел бөлігінің сынуы | Сегізкөз және бел аймағындағы ауырсыну | Омыртқаның бел бөлігінің екі проекциядағы рентгенографиясы | Бел омыртқасының қылқанды және көлденең өсінділері аймағындағы ауырсыну Рентгенограммадағы сүйек құрылымының бұзылуы |
Емдеу тактикасы (стационар)
СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Карта наблюдения пациента,маршрутизация пациента: нет.
Дәрісіз емдеу:
· диета 15;
· режим –1.
· сыртқы бекіту аппаратын, емдік-көліктік жамбас белдігін (бандаж) салумен/ораумен жамбас иммобилизациясы. Белдік ретінде жайманы пайдалануға болады. Жамбас белдігін салу үнемі және барлық жағдайларда мүмкін. Белдікті жамбастың артынан орналастырады. Одан кейін ұштарын алдыға әкеледі және қысқыштармен бекітеді (тігуге болады) 4-сурет.
· «бақа» немесе Волкович бойынша жағдай; сыртқы бекіту аппараттарымен жамбасты тұрақтандыру жамбас ішілік кеңістікті азайтады және физиологиялық гемостазды қалпына келтіреді, осы арқылы қан ағуға қарсы әрекет етеді. Сыртқы бекіту типін травматолог сыну ерекшелігін негізге ала отырып анықтайды. Сыртқы бекіту аппараттары ішкі кесік-тесіктерден жалпы немесе жергілікті анестезияда реанимация және қарқынды терапия палатасында орнатуға болады.
· қаңқалық созылу қою;
· гамак қою;
Құйымшақ сынуларында және шығуларында стационарлық емдеу айқын ауыру синдромында болады, ол жергілікті анельгетиктер және нашақорлық емес нестероидты препараттармен тоқтатылмайды. Құйымшағы сынған науқастарға сынудың жергілікті бұғатын қою және отыруды 4 аптаға болдырмау, одан кейін медициналық шеңберді 1-3 апта пайдалану ұсынылады. Үгінділерді тік ішек арқылы репонациялауға тырысуға болмайды. Құйымшақтың шығуын жергілікті жансыздандурымен түзету және отыратын жағдайды 4 аптаға болдырмау, одан кейін медициналық шеңберді 1-3 апта пайдалану ұсынылады.
Теріс қысымды жаралар терапиясы (ТҚЖТ) – VAC жүйесі.
Көрсеткіштер:
· жамбас сүйектерінің ашық сынулары;
· тұрақсыз сынулардағы рұқсат ретінде ауқымды отадан кейінгі жаралар.
NB! ТҚЖТ – жамбастың зақымдануларындағы іріңді-қабыну асқынуларының алдын алу және емдеуде таңдау әдісі болып табылады.
4-сурет. Емдік-көліктік жамбас белдігін қою.
Дәрі-дәрмектік емдеу:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі:
№ | Дәрілік заттар ХПА | Мөлшерлеу | Қолдану ұзақтығы | Дәлелділік деңгейі |
Ауыру синдромын тоқтатуға арналған стероидты емес қабынуға қарсы заттар | ||||
1 | Кеторолак |
Ішке, ересектерге, 10 мг тәулігіне 4 рет, максималды тәуліктік мөлшер 40 мг аспауы тиіс (дене салмағы 50 кг кем науқастарға немесе кұніне 1-2 рет бүйрек функциялары бұзылатын науқастарға) Максималды тәуліктік мөлшерлер бұлшықет ішілік тамырішілік енгізу үшін 16-64 жастағы дене салмағы 50 кг аспайтын пациенттер үшін 90 мг/тәу және дене салмағы 50 кг аз немесе СПН бар ересектер үшін, сондай-ақ қарт пациенттер үшін, 60 мг/тәу құрайды. 15 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. |
Емдеу ұзақтығы 5 тәуліктен аспауы тиіс. | В |
Опиоидты анальгетиктер | ||||
2 | Трамадол | т/і (баяу тамшылап), т/і 50-100 мг (1-2 мл ерітінді). Қанағаттанарлық әсер болмағанда 30-60 минуттан кейін қосымша 50 мг (1 мл) препарат енгізілуі мүмкін. Енгізу мерзімділігі терапия тиімділігі және ауыру синдромына байланысты тәулігіне 1-4 ретті құрайды. Максималды тәуліктік мөлшер – 600 мг. Балаларға 12 жасқа дейін ұсынылмайды. |
1-3 тәу |
А |
3 | Тримеперидин |
Ересектерге: п/к, б/і және, шұғыл жағдайларда, т/і 10-40 мг (1 мл 1% ерітінді - 2 мл 2% ерітінді). Ішке 25-50 мг. Балаларға: п/к немесе б/і. 2-18 жас: 3-10 мг. |
||
Седативті терапия психикалық бұзылулар ауырлығына және психомторлық қозу деңгейіне байланысты | ||||
4 | Диазепам |
Дабылды жағдайлар (аз уақытты терапия түрінде, симптоматиканы тез тоқтату мақсатымен): ішке, 2-10 мг тәулігіне 2-4 рет; б/і немесе т/і 2-10 мг (2-5 мг симптоматиканың біркелкі көрінуінде, 5-10 мг айқын клиникалық суретте); қажеттілігі болғанда енгізуді 3-4 с. сайын қайталайды. |
В | |
Көрсетілімдер бойынша су-электролитті тепе-теңдікті түзету | ||||
5 | Натрий хлорид і 0,9% | Енгізер алдында ерітіндіні 36–38 °C дейін қыздырады. Мөлшері ағзада сұйықтың жоғалуымен байланысты, Na+ және Cl−, және орташа 1000 мл/тәу. құрайды. Сұйықты үлкен жоғалтуда және айқын интоксикацияда 3000 мл/тәу. дейін енгізу мүмкін. Енгізу жылдамдығы — 540 мл/с; қажеттілігі болғанда — енгізу жылдамдығы артады. |
Оперативтік араласу атауы:
· Ішкі бекітумен басқа нақтыланған сүйектің ашық репозициясы (79.39);
· Ішкі бекітумен нақтыланған басқа сүйектің сүйек қалдықтарының жабық репозициясы (79.19);
· басқа сүйектерге сыртқы бекіту құрылғыларын қолдану (78.19).
Оперативтік араласуға арналған көрсеткіштер: сынықтардың қанағаттандырылмайтын жағдайымен сүйектердің сынулары.
Оперативтік араласуға арналған қарсы көрсетілімдер:
· асқынған және созылмалы іріңді-қабыну процестері
· ішкі органдардың асқынған аурулары, соның ішінде инфекциялық.
· ауыр соматикалық патология (жүйке аурулары, бауыр циррозы, инфарктыдан кейінгі кардиосклероз, полиорганды жеткіліксіздік және т.б.).
Әрі қарай енгізу:
· Пациент ерте мерзімдеоде белсенділенеді, оталанған жаққа жүктемесіз балдақпен жылжуға үйренеді;
· ауыруды жансыздандыру, балдақпен жылжу техникасын игергеннен кейінгі амбулаторлық емдеуге беріледі.
· бақылау рентгенограмалары отадан кейінгі 6, 12 және 36 аптада өткізіледі.
Емдеу тиімділігінің индикаторлары
· бақылау рентгенограммаларында жамбас сақинасын қалпына келтіру және сынықтардың қозғалуын жою;
· ауыруды тоқтату;
· аяқтың тірек қабілеттілігін қалпына келтіру.
Ауруханаға жатқызу
ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР
Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ.
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
· жамбас сүйектерінің зақымданулары.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
- 1) Саймон Р.Р. Шерман С.С., Кенигснехт С.Дж. Неотложная травматология и ортопедия. – БИНОМ, 2012. – 573 с. 2) Denis F., Devis S., Comfort T. Sacral fractures: an important problem // Clin. Orthop.. – Vol. 26, № 4. – P. 354-359 3) Rockwood and Green’s fractures in adults / editors. Robert W. Bucholz, James D. Heckman, Charles M. Court-Brown; associate editors, Margaret McQueen, William M,Ricci. - 7th ed. 2010
Ақпарат
ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ
Хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1) Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы – медицина ғылымдарының докторы, Астана қаласы № 1 «Қалалық емхана» ШЖҚ РМК № 5 поли жарақат және қалпына келтіру ортохирургия орталығының басшысы;
2) Мұрсалов Нағмет Қапанұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК № 5 травматология бөлімшесінің меңгерушісі;
3) Сартаев Борис Валерьевич – жедел жәрдем дәрігері (мобильді бригада) «Республикалық санитарлық авиация орталығы» ШЖҚ РМК;
4) Ырымбаева Назигүл Жарасқызы – «Санитарлық авиацияның республикалық орталығы» ШЖҚ РМК медицина блогының меңгерушісі;
5) Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы – «Астана медицина университеті» АҚ Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог.
Мүдделер қақтығысыны жоқтығын көрсету: жоқ.
Рецензенттердің тізімі:
Төлеубаев Берік Еркебұланұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК жалпы хирургия, травматология және ортопедия кафедрасының профессоры.
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
Диагностика және емдеу
клиникалық хаттамасының
үлгілік құрылымына
1-қосымша
ЖЕДЕЛ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН КӨМЕК КЕЗЕҢІНДЕГІ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМДЕУ АЛГОРИТМІ:
1-Сызба.
Жамбас сүйегінің зақымдануы травматикалық шокпен жалғасады. Сол себепті жамбас сүйегінің зақымдану қаупі бар науқастарды шокты деп қарастырған жөн. Медициналық сұрыптау немесе триаж (француз сөзінен «triage»-сұрыптау) – зардап шегушілерді және науқастарды топтарға бөлу, бастапқы және біртекті іс-шараларға қарай (емдік, профилактикалық, эвакуациялық) нақты жағдайда, аталмыш жағдайда жамбас зақымданулары бар науқастар.
Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңдегі «Triage» принципі
санаты | түсіндіру | Әрекеті | |
I |
Immediate Кезек күттірмейтін көмек |
Ауыр зардап шегушілер, олар бір сағат ішінде өлуі мүмкін | Көмекті және ауруханаға тасымалдауда тез арада көрсету |
II |
Delayed Жедел көмек |
Өмірлеріне қауіп төніп тұрмаған ауыр зардап шегушілер | Жағдайды тұрақтандыру және тасымалдау екінші кезекте болады |
III |
Minor Жедел емес көмек |
Өздері қозғалуға қабілетті зардап шегушілер | Көмек соңғы кезекте көрсетіледі. Ауруханаға өздері бара алады |
IV |
Morgue морг |
Жанталасып жатқан, тыныс алу мен жүрек қағысы жоқ зардап шегушілер | Көмек көрсетілмейді |
Ауырлықты бағалау шкаласы
Бас сүйек | Баллдар | Төс қуысы | Баллдар |
GCS 9 - 12 | 2 | Төс, қабырғаның сынуы (1-3) | 2 |
GCS 6 - 8 | 4 | Бірнеше қабырғалардың сынуы | 4 |
GCS 3 - 5 | 16 | Қабырғаның екі жақты сынулары | 10 |
Бет бас сүйегінің орташа бөлімінің сынуы | 1 | Пневмоторакс | 2 |
Бет бас сүйегінің орта бөлігінің ауыр сынуы | 2 | Гемоторакс | 1 |
Қолқаның жарылуы | 16 | Өкпенің екіжақты ауыруы | 5 |
Қарын | Жамбас | ||
Көкбауырдың жарылуы | 5 | Жамбастың жай сынуы | 2 |
Бауырдың жарылуы | 8 | Жамбастың үйлестірілген сынуы | 5 |
Бауырдың ауқымды жарылуы | 13 | Жамбас және зәр шығару жүйесінің зақымдануы | 8 |
Ұйқы безі жарақаты | 8 | Омыртқаның сынуы | 2 |
Асқазан, тікішек, шажырқай, бүйрек жарақаты | 5 | Ми жұлынының зақымдануы салдарынан паралич | 8 |
Аяқ-қолдар | Жамбастың жаншылуы | 12 | |
Жамбастың уатылып сынуы | 8 | Жасы | |
Жамбастың сынуы | 6 | <39 | 0 |
Иықтың сынуы | 4 | 40 - 54 | 1 |
Жіліншіктің сынуы | 2 | 55 - 59 | 2 |
Тізе тобығының, білек, шынтақ буынының, жіліншікті, білекті, тізе табан буындарының сынуы | 1 | 60 - 64 | 3 |
Сан тамырларының зақымдануы | 5 | 65 - 69 | 5 |
Иық | 4 | 70 - 74 | 8 |
Жіліншіктер, білек | 2 | 75 | 17 |
2 – 3 деңгейлі ашық сыну | 3 | Негіздер тапшылығы | |
Жұмсақ тіндердің зақымдануы | 1 | 16 | 26 |
Коэффицент Pa 02/F 1 02<50 | 22 | 14 - 15,9 | 20 |
50 - 99 | 12 | 12 - 13,9 | 14 |
100 - 149 | 8 | 10 - 11,9 | 9 |
150 - 199 | 5 | 8 - 9,9 | 5 |
200 - 249 | 3 | 6 - 7,9 | 3 |
250 - 299 | 2 | 4 - 5,9 | 1 |
300 - 349 | 1 | 3,9 | 0 |
>350 | 0 |
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.