Жамбас буынын ревизиялық эндопротездеу

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Доброкачественное новообразование длинных костей нижней конечности (D16.2), Злокачественное новообразование длинных костей нижней конечности (C40.2), Инфекция и воспалительная реакция, обусловленные эндопротезированием (T84.5), Осложнение механического происхождения, связанное с внутренним суставным протезом (T84.0)
Травматология и ортопедия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «25» мамырдағы
№ 22 хаттамасымен мақұлданған

Жамбас сан буынын ревизиялық эндопротездеу – имплантамен байланысты жұқпалы асқынулар немесе эндопротез компоненттерінің сынуы немесе тозуы нәтижесінде бұрын орнатылған эндопротезді ауыстыру бойынша қайталама операция.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары)

АХЖ-10 АХЖ-9  
Коды Атауы Кодтары Атауы
Т84.0 ішкі буындық протезбен байланысты механикалық текті асқыну 81.53
 
Жамбас буынының ревизиясы, дәлелденбеген
Т84.5 эндопротездеумен шарттастырылған инфекция және қабыну реакциясы
 
С40.2 аяқтардың ұзын сүйектерінің қатерлі жаңа түзілуі
D16.2 аяқтардың ұзын сүйектерінің қатерсіз жаңа түзілімдері
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2013 (2017 ж. қайта қаралған).

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АЛТ аланинаминотрансфераза
АСТ аспартатаминотрансфераза
ХНҚ халықаралық нормаланған қатынас
ҚЖА қанның жалпы анализі
ЗЖА зәрдің жалпы анализі
ПТИ протромбалы индекс
ЯМТР ядролық магнитті томография
ЭКГ электрокардиограмма
 
Хаттаманы пайдаланушылар: травматологтар-ортопедтер

Пациенттердің санаты: ересектер

Жіктемесі


Клиникалық жіктеме

Әр түрлі этиологиялы жамбас сан буынын ревизиялық тотальды немесе бір компонентті эндопротездеу жүргізіледі:
·               жамбас сан буынының cептикалық тұрақсыздығы;
·               жамбас сан буынының асептикалық тұрақсыздығы;
·               патологиялық ошақ резекциясын талап ететін сан сүйегінің мойнындағы және басындағы ісік процестері (ревизиялық жүйелерді қолданумен жамбас сан буынын бастапқы эндопротездеу жүргізіледі).

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Негізгі диагностикалық іс-шаралар тізбесі:

·               ҚЖА;
·               ЗЖА;
·               қан тобы және резус фактор;
·               коагулограмма (фибриноген);
·               қан глюкозасы.
·               электрокардиография.
·               жамбас сан буынын рентгенологиялық тексеру 2 проекцияда;
 
Қосымша диагностикалық іс-шаралар тізбесі:
·               қанды биохимиялық талдау (жалпы билирубин, АЛаТ, АСаТ, несепағар, креатинин, жалпы ақуыз, С реактивті ақуыз);
·               ашық коагулограмма;
·               жамбас сан буыны пунктатының цитологиялық және микробты құрамын анықтау (антибиотиктерге сезімталдықпен);
·               синовиалды сұйықпен дефенсин және лейкоцитарлық эстераз диагностикасының экспресі;
·               аяқ тамырларының доплерографиясы;
·               жамбас сан буынының компьютерлік томографиясы;
·               жамбас сан буынын радиоизотопты зерттеу;
·               сүйек метаболизмінің таңбалары (остеокальцин, дезоксипиридинолин);
·               сүйек тіні денситометриясы;
·               емдеу сызбалары және қосымша қажетті зерттеулерді көрсетумен ілеспе ақау болғанда салалы мамандарға кеңес беру.

Емдеу тактикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Ем-шара/араласуды өткізу мақсаты: операция жасалған жамбас сан буынының тірек және қозғалу функциясын қалпына келтіру мақсатымен бұрын жойылған немесе орнатылған эндопротезді жаңа имплантқа ауыстыру.
 
Ем-шара/араласуды өткізу үшін көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер

Ем-шара/араласуды өткізуге арналған көрсеткіштер:
·               эндопротез компоненттерінің асептикалық босауы;
·               қайталанатын шығулар;
·               терең перипротезді инфекция;
·               үдемелі остеолизммен полиэтиленнің тозуы;
·               эндопротез компоненттерін жоғалтумен перипротезді сынулар;
·               құрылымдардың бұзылуы;
·               шарттастырылған буындық себеппен ауыру синдромы;
·               бастапқы эндопротез компоненттерінің дұрыс емес кеңістіктік бағдарымен шарттастырылған буын функциясының кішігірім бұзылуы.

Абсолютті қарсы-көрсетілімдер:
·               науқастың өзіндік қозғалу мүмкін еместігі (төсек тартып жату);
·               декомпенсация кезеңіндегі жүрек-қантамырлы жүйесінің аурулары;
·               асқыну кезеңіндегі тромбофлебит;
·               2-3 деңгейлі созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігімен сыртқы тыныс алу патологиясы;
·               жамбас сан буыны аймағындағы қабыну процесінің белгілерінің болуы;
·               кез келген оқшауланудағы өткір және созылмалы санацияланбаған ошақтар;
·               болған сепсис;
·               жоспарланатын операция жағындағы гемипарез;
·               айқые остеопения;
·               поливалентті аллергия;
·               сан сүйегіндегі сүйек жұлын каналының болмауы;
·               ота барысында және отадан кейінгі кезеңде науқастың гемотрансфузийядан бас тартуы/абсолютті қарсы-көрсетілімдердің болуы;
·               отадан кейінгі кезеңде қалпына келуге кедергі жасайтын психикалық /нейробұлшықетті бұзылулар.

Қарсы көрсетілімдер мыналарға қатысты:
·               онкологиялық аурулар;
·               созылмалы соматикалық аурулардың асқынуы/декомпенсация;
·               бауыр жеткіліксіздігі;
·               гормональды остеопатия;
·               анамнезде жамбас сан буынының үш және одан да артық ревизияларының болуы.

Ем-шара/араласуды өткізуге талаптар

Эпидемияға қарсы режим және қауіпсіздік шаралары:
ревизиялық құралдар жинақтарының болуы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы № 87 Қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес.

Шығын материалдарына, дәрі-дәрмекпен жабдықтауға талаптар:
·                ревизиялық құралдар жинақтарының болуы;
·                ревизиялық имплантаттар сызғышының болуы;
·                сүйек банкінің болуы.

Пациентті дайындауға қойылатын талаптар:
·                операциялық жолды дайындау;
·                операция күні тағамды қабылдауға тыйым салынады;
·                медициналық ұйымның ішкі бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
·                медициналық ұйым саясатына байланысты инфекцияның алдын алу бойынша стационардың ішкі СОЕ сәйкес қазіргі антибактериалды терапия міндетті.
NB! Антибактериалды препаратты басқа топтардан таңдау микробиологиялық зерттеу (бөлінген қоздырғыш) нәтижесіне байланысты. Қандай да бір препараттарға аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда әрі қарай аталмыш нозология хаттамаларын әрі қарай басшылыққа алады.
 
1-кесте. Медициналық араласу өткізілгенге дейінгі дәрі-дәрмекті терапия

Дәрілік құрал ХПА Мөлшерлеу Қолдану ұзақтығы Дәлелділік деңгейі
Операциядан кейінгі антибиотикопрофилактика
1 Цефазолин
 
Ересектерге 1-2 г т/і
 
операцияға дейін  0,5-1 с. бұрын бір рет (егер операция 3 с. артық болса: қайтадан 4 сағ. кейін) В
β-лактамды антибиотиктерге аллергияда
2 Ванкомицин
 
Ересектерге: 1 г т/і
 
Тері жабындарының кескенге дейін 2 сағатта 1 рет. кемінде 10 мг/мин енгізіледі; инфузия ұзақтығы кемінде  60 мин. болуы тиіс. А
Тромбоэмболикалық асқынулардың алдын алу
3 Кальций надропарині Егер дене салмағы 70 кг-нан аз болса, п/к 0,3 мл тәулігіне бір рет;
70 кг артық 0,6 мл п/к,  тәулігіне бір рет
B
 
 
Операция өткізу әдістемесі:
·                жамбас сан буынына рұқсат;
·                эндопротез тұрақтылығын талдау;
·                жоспарлы зерттеу үшін биоматериалды жинау (тіндер, жарадан бак себу);
·                бар болса спейсорды жою;
·                модульді қосымшаны бекітудің механикалық зақымданулары, дұрыс емес кеңістікті орналасу, перипротезді инфекцияның болуы, асептикалық босау жағдайында эндопротез ұршықты компонентінің жойылуы;
·                ұршықтық ойыс ақауын бағалау;
·                моноблокты құрылым немесе ескірген конуста модульді бастиекті ауыстыру мүмкін еместігі, сандықты жоюсыз ұршықты компонент ревизиясының мүмкін еместігі, позицияның айқын бұзылуы, френттеинг-коррозияның айқын құбылыстары және мойнында жолдың түзілуі, бастиек астында қондыру конусының үйкелуі түріндегі механикалық зақымдану, аяқтың сынуы, перипротезді инфекцияның болуы, асептикалық шайқалу – жағдайында эндопротез сан компонентін жою;
·                сан сүйегінің ақауын бағалау
·                орнатылатын ревизиялық имплантат типі туралы шешім қабылдау;
·                ұршықты компонентті орнату, тәсілдердің бірімен ақауларды қайта салу, ұршықты ойысты өңдеу;
·                сан компонентін орнату тәсілдерінің бірімен ақауды қайта салу, сан сүйегін өңдеу;
·                эндопротез басын орнату және қою;
·                буын функциясын бағалау;
·                жараны қабаттап тігу;
·                жамбас сан буынын соңғы рентген тексеру.
 
Тиімділік индикаторлары:
·                операция жасалған жамбас сан буынының тірек және қозғалыс функцияларын қалпына келтіру;
·                ауыру синдромының болмауы/төмендеуі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) ТихиловР.М., Шаповалов В.М. Руководство по эндопротезированию тазобедренного сустава: СПб.: РосНИИТО им. Р.Р. Вредена, 2008. - 324 с. 2) Косинская Н. С. Дегенеративно-дистрофические поражения костносуставного аппарата. – Л.: Медгиз. – 196 с. 3) Ревматология. Клинические рекомендации. Под ред. Е.Л. Насонова. М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008;288 с. 4) KuettnerK.E., Goldberg V.M. Osteoarthritic Disorders // Rosemont, IL: American Academy of Orthopedic Surgeons. 5) SeedhomB.B. Conditioning of cartilage during normal activities is an important factor in the development of osteoarthritis // Rheumatology 2006;45(2): 146–9. 6) Beck M., Leunig M., Clarke E. et al. Hip morphology influences the pattern of damage to the acetabular cartilage: femoroacetabular impingement as a cause of early osteoarthritis of the hip // JBJS [B] 2005. - 87. -1012. – P. 18. 7) Ganz R., Leunig M., Leunig-Ganz K. et al.The etiology of osteoarthritis of the hip.An Integrated Mechanical Concept // Clin. Orthop.Relat.Res. 2008.- 466(2).- 264.- P. - 72. 8) GoldriringM.B. The role of the chondrocyte in osteoarthritis//Arthr. Rheum.2000. - 43(9).- 1916.P. - 26. 9) Mastbergen S.C., BijlsmaJ.W., LafeberF.P. Synthesis and release of human cartilage matrix proteoglycans are differently regulated by nitric oxide and prostaglandin-E2 // Ann Rheum Dis. 2008. - 67(1):52. P.–8. 10) Antibiotics and antiseptics for preventing infection in people receiving revision total hip and knee prostheses: a systematic review of randomized controlled trials.Voigt J1, Mosier M2, DarouicheR3. BMC Infect Dis. 2016 Dec 12;16(1):749. 11) Use of a provincial surveillance system to characterize postoperative surgical site infections after primary hip and knee arthroplasty in Alberta, Canada.Rennert-May E1, Bush K2, Vickers D2, Smith S3. Am J Infect Control. 2016 Nov 1;44(11):1310-1314. doi: 10.1016/j.ajic.2016.03.021. Epub 2016 May 6. 12) Infections in Total Hip and Total Knee Arthroplasty: Development of a Score To Assess Endogenous Risk of Surgical Site Infections.Debreuve-Theresette A1, DialloS2, SiboniR2, OhlX2, DehouxE2, BajoletO1. Surg Infect (Larchmt). 2015 Dec;16(6):794-8. doi: 10.1089/sur.2014.155. Epub 2015 Aug 10.

Ақпарат


ХАТТАМАН ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсетумен хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)           Тулеубаев Берік Еркебуұланұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» ШЖҚ РМК жалпы хирургия,  травматология және ортопедия кафедрасының профессоры;
2)           Белокобылов Алексей Александрович – медицина ғылымдарының кандидаты, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК эндопротездеу орталығының басшысы;
3)           Тезекбаев Қанат Марденұлы – Алматы қаласы бойынша ДБ бас штаттан тыс травматологы, Алматы қаласы № 4 жарақат орталығы басшысы;
4)           Ихамбаева Айнұр Нығыманқызы – «Астана Медициналық университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығына нұсқау: жоқ.
 
Рецензенттер тізімі:
Дюсупов Ахметқали Зейнолдаұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖҒ мүшесі-корреспондент, Семей қаласы мемлекеттік медициналық университетінің Медицина кафедрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх