Есту (евстахий) түтігінің қабынуы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Воспаление слуховой [евстахиевой] трубы (H68.0)
Оториноларингология, Оториноларингология детская, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның
2017 жылғы «10» қарашадағы
№ 32 хаттамасымен мақұлданған

Евстахиит – бұл талаураған орта отит дамуымен бірге болатып дабыл жарғағының желдетілуін нашарлатуға әкеліп соқтыратын есту түтігінің қабынып зақымдануы.   
NB! Евстахиит құлақтың бітелуімен, онда төгіліп тұрған сұйықтық сезімімен, есту қабілетінің төмендеуімен, құлақтағы шумен, аутофониямен білінеді. 

КІРІСПЕ  БӨЛІМ

АХЖ-10 Код(тары)::

АХЖ-10
Код Атауы
Н68.0 Есту (евстахий) түтігінің қабынуы
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

ЕТ - есту түтігі
ЖОО - жіті орта отит 
СОО - созылмалы орта отит
ЖҚА - жалпы қан анализі
ЭТЖ - эритроциттердің тұтыну жылдамдығы
ЖЗТ - жалпы зәр талдауы
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, педиатрлар, оториноларингологтар, балалар оториноларингологтары.  
 
Пациенттер санаты: ересектер, балалар.   
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ны жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі  РБЗ, олардыңнәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерін жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатеніңөте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. 
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін немесе жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар (++ немесе +) РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайды.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу не сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Ағым сипаты бойынша бөлінеді:  

1)      Жіті евстахиит
NB! Жіті евстахиитке мұрын қуысы және есту түтігінің шырышты қабығы мен жұтқыншақ тесігіне жоғарғы тыныс алу жолдарынан таралған инфекциялар  себеп болып табылады.  ЖРВИ, тұмау, ангина, жіті фарингит пен ринит, қызамық, инфекциялы мононуклеоз, қызылша, көкжөтел кезінде. Бұндай жағдайда евстахииттің инфекциялық агенттері  көбінесе вирустар, стафило- және стрептококктар, балаларда – пневмококктар болады. 

2)      Созылмалы евстахиит
NB! Созылмалы евстахиит мұрын қуысындағы созылмалы қабыну үдерістері аясында дамиды: тонзилиттің, аденоидтердің, созылмалы ринит және синуситтің, мұрын кеңсірігінің қисаюы, мұрын қуысының қатерлі емес ісіктері және жұтқыншақтың өскіндері, хоан атрезиясы, төменгі мұрын қабыршақтарының гипертрофиялық өзгерістері.   

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ

Диагностикалық критерийлер

Шағымдар:
Жіті және созылмалы келесі симптомдармен қатарласып жүреді: 
·          құлақтағы шуыл;
·          жұтқан кезде жоғалатын құлақтың бітелуі; 
·          басты бұрған кезде құйылып жатқан сұйықтықтың сезімі; 
·          аутофониямен – науқас өз дауысын естиді, бұндай әсер дабыл жарғағының іші сұйықтыққа толған кезде пайда болады, сол сұйықтық резонатор қызметін атқарады. 
 
Физикалық қарап-зерттеу:
·          Риноскопия: мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуі және гиперемиясы, мұрыннан шырышты немесе іріңді бөлінулер, мұрын қуысының шырышты қабығының гипертрофиясы.   
Артқы  риноскопия: евстахиев түтігінің тесігінің жолағының қысылу белгілері, аденоидты вегетациялары.   
·          Отоскопия:  дабыл жарғағын тарта қысу, есту балғашасының өсіндісінің қысқа сойдиюы, дабыл жарғағының түсінің өзгеруі – лайлану, созылмалы евстахиит кезінде склероз пайда болады, сырт көзге  естен тану сияқты қабылданады. 
·          Фарингоскопия: таңдай бадамшаларының гипертрофиясы, жұтқыншақтың артқы бөлігінің түйіршіктері.  
 
Зертханалық зерттеулер:
·          ЖҚА: нейтрофильді жылжумен бірге лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. 
·          Мұрын қуысынан  бөлінетінді бактериологиялық зерттеу: патогенді микробтардың бар болуы, сондай-ақ антибиотиктарға сезімталдығын анықтау. 
 
Аспаптық зерттеулер:
·          Вальсальва сынамалары: есту түтіктерінің өткізгіштігін зерттеу; 
·          аудиометрия: науқастарда көбінесе өткізгіштік саңырауқұлақтық байқалады, бірақ аралас түрі де кездесуі мүмкін; 
·          Импедансометрия.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетілімдер:
·          невропатолог консультациясы  – ішкі асқынудан күдіктенген кезде; 
·          сурдолог консультациясы –  аудиометрияны, тимпанометрияны өткізу, есту қабілеті төмендеген жағдайда;
·          жалпы практика дәрігерінің, терапевттің, педиатрдың консультациясы – соматикалық ауруларды жоққа шығару үшін.  

Диагностикалық алгоритм:


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі:
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды болдырмау критерийлері
Сыртқы отит
 
Талдаудың клиникалық әдістері(анамнез, оториноларинголог дәрігердің қарауы  – құлақтың ауыруы, құлақтан бөлінулер.   Есту қабілетінің төмендеуі, жіті басталуы)
 
Отоскопия.
Шюллер бойынша самай сүйектерінің рентгенографиясы (үдерістің таралуын және сүйектегі өзгерістерін анықтау мақсатында
Үдеріс сыртқы құлақ шеңберінде өтеді. Ортаңғы құлақ бөлімдері патологияларсыз 
Нейросенсорлы саңырауқұлақтық Талдаудың клиникалық әдістері(анамнез, оториноларинголог дәрігердің қарауы  – құлақтың ауыруы, құлақтан бөлінулер жоқ.   Есту қабілетінің төмендеуі, жіті немесе ақырындап  басталуы. Жоғарғы жиіліктегі шуыл)
 
 
Отоскопия.
Аудиометрия.
Есту паспортын камертональды сынамалармен  талдау.   
Үдеріс есту жүйкетамырын ілестірумен өтеді. Өзгермейтін жергілікті мәртебе кезінде есту қабілетінің төмендеуі белгіленеді. 
Ортаңғы құлақтың адгезивті ауруы, адгезивті отит Талдаудың клиникалық әдістері(анамнез, оториноларинголог дәрігердің қарауы  – құлақтың ауыруы. Есту қабілетінің төмендеуі, созылмалы ағым    Отомикроскопия.
Шюллер бойынша самай сүйектерінің рентгенографиясы (үдерістің таралуын және сүйектегі өзгерістерін анықтау мақсатында
Үдеріс созылмалы ағымға ие. Дабыл жарғағы ортаңғы құлақтың аэрациясының бұзылушылығының созылмалы үдерісі есебіне байланысты өзгерген. 

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Режим – жалпы;
·          Диета  №15.

Жергілікті емдеу:
·          Мұрын қуысын тұзды ерітінділермен шаю;   
·          Вальсальве бойынша есту түтіктерін үрлеу; 
·          Дабыл жарғағына пневмомассаж жасау;   
·          Дабыл жарғағы аймағында сұйықтық бар болған жағдайда дабыл жарғағының парацентезы;   
·          Физиорәсімдер;
·          Емізік тәріздес өскін аймағына жылы компресстер. 

Дәрі-дәрмекпен емдеу: антибактериалды терапия препараттары  тек өткізілетін жергілікті терапиядан оң нәтижелі динамика болмаған жағдайда ғана жазылып беріледі.  Берілу мерзімдері дәрігермен жекеше түрде пациент жағдайын есепке ала отырып жазылады.   
 
Негізгі дәрілік заттар тізбесі (қолданудың  100% мүмкіндігі бар):

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
Антибактериалды препараттар Ампициллин
немесе
 
250 немесе 500мг х тәулігіне 4 рет. 20 кг-ға дейінгі балаларға   50-100 мг/кг салмағына 4 рет қабылдауға бөліп А
  Амоксициллин + клавулан  қышқылы
немесе
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
инфекцияның жеңіл және ортаауыр ағымдары   1 таб-дан 250 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб-дан 500 мг+125 мг әр 12 сағат сайын, инфекцияның ауыр ағымында  -1 таб 500 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб 875 мг+125 мг әр 12 сағат сайын.
Балаларға 50 мг/кг дене салмағы. 500 мг бірреттік доза.  Құйылу жиілігі күніне 2 рет  қ/т 100-200 мг/кг
А
  Азитромицин
 
 
  0,5 г-нан күн сайын (курстық дозасы 1,5 г) 12 жастан ересек балаларға және дене салмағы 45 кг көп балаларға 45 кг . ЛОР-ағзаларының инфекциялары кезінде     - 500 мг/тәу 3 күн ішінде 1 рет қабылдау(курстық  дозасы - 1.5 г). А
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
 
Ибупрофен 
немесе
 
200-800 мг, қабылдау жиілігі - 3-4 рет/тәу; балаларға - 20-40 мг/кг/тәу бірнеше рет бөліп қабылдау. В
Кетопрофен 100мг бір рет. 300 мг тәуліктік дозасы.
Қарсы көрсетілімдер: 18 жасқа дейінгі балалар жас мөлшері – инъекциялар үшін, 6 жасқа дейін – гель үшгін, 15 жасқа дейін – таблеткалар үшін.  
В
Антигистаминді  препараттар клемастин
немесе
 
Ішке, тамақтануға дейін,   1 мг-нан тәулігіне 2 рет, қажеттілік болған жағдайда дозаны тәулігін 3-6 мг/тәу дейін көтереді. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға таңертең және кешке (күніне 2 рет)   0.5 мг-нан тағайындайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға  –  0.67 мг шәрбат (1 ш.қасық). В
  лоратадин 10 мг/тәу
30кг-нан жоғары дене салмағы бар балалар тәулігіне 1 (10мг) таблеткадан немесе шәрбаттан әсер етугі заттың 10мг есебін алғанда. 
30 кг-нан төмен дене салмағы бар балаларға таблетканы 2 күнге немесе тәулігіне 5 мг-ға бөледі 
В
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен):

Дәрі-дәрмектік топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі
Антисептикалық препараттар
 
Сутек  тотығы 3% ерітінді 100 мл-нан С
Йодталған повидон   20-50 мл-нан С
Этил спирті 70% және 96% С
Хлоргексидин Жергілікті және сырты қолдануға арналған ерітінді    С
 
Хирургиялық емдеу
·          Дабыл жарғағының парацентезы (көрсетілімдер бойынша: консервативтік емнен ешқандай әсер болмаған жағдайда);
 
Әрі қарай жүргізу:
·          Жылына 2 рет қаралумен оториноларингологта диспансерлік бақылауда болу, жылына 1 рет неврапатолог консультациясы және жылына 2 рет сурдолог консультациясы. 
·          6 ай ішінде емханадағы оториноларингологта бақылауда болу, бақылау  аудиометриясы. 

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          есту түтігі қуысындағы қабыну үдерісін тоқтату; 
·          құлақта бітелушіліктің болмауы; 
·          есту функциясының қалыпқа келуі; 
·          зертханалық көрсеткіштердің қалыпқа келуі; 
·          аурудың асқынған түрлерінің жоқ болуы.  

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Пациентті қадағалау картасы, пациентті  бағдарлау (сызбалар, алгоритмдер):


Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·        режим – жалпы;
·        диета - ортақ
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу: 3.2 тармағын қараңыз 
 
Хирургиялық емдеу:
1)      дабыл жарғағының парацентезы;
Көрсетілімдер: дабыл жарғағында консервативті емдеуге берілмейтін  сұйықтықтың бар болуы.   
Қарсы көрсетілімдер: дабыл жарғығының ішкі жағымен жабысуы. 

2)      Есту түтігінің баллонды дилатациясы;
Көрсетілімдер: созылмалы қабыну салдарынан есту түтігінің стенозы. 
Қарсы көрсетілімдер: есту түтігінің жаппай стенозы (сәулелі терапия нәтижесі). 

3)      Дабыл жарғағы аймағын құрғату;
Көрсетілімдер: дабыл жарғағы қуысында дабыл жарғағын тілу арқылы шығаруға берілмейтін қою сұйықтықтың бар болуы.   
Қарсы көрсетілімдер: дабыл жарғығының ішкі жағымен жабысуы.   

4)      Аденоидтарды алып тастау;
Көрсетілімдер: тубарлы білекшелерді механикалық қысатын және есту түтіктерінің тесігін кішірейтетін аденоидты вегетацияның бар болуы. Аденоидит есту түтігі және дабыл жарғағы үшін инфекция ошағы болып табылады.     
Қарсы көрсетілімдер: тек қана ауыр соматикалық аурулар бар болған жағдайда. 

5)      тонзилэктомия;
Көрсетілімдер: таңдай бадамшаларының созылмалы қабынуының бар болуы, тонзиллиттер – есту түтігі және дабыл жарғағы үшін инфекция ошағы болып табылады. 
Қарсы көрсетілімдер: тек ауыр соматикалық аурулар бар болған жағдайда. 
 
Әрі қарай жүргізу:
·          6 ай бойына емханадағы ЛОР-дәрігеріне қаралу, 6 айдан кейін бақылау аудиометриясы. 

Емдеу тиімділігінің индикаторлары: Амбулаториялық деңгейдi қараңыз.


Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫҢ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          ЕТ созылмалы қабынуы кезінде отриноларингологиялық бөлімге ЕТ санациялау және хирургиялық емдеу мақсатында жатқызылады. 

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          Ортаңғы құлақ және есту түтігі аймағында іріңді-қабыну үдерісінің бар болуы; 
·          Интоксикацияның айқын симптомдары (тамақ және ішуден бас тарту, кез келген тағамды қабылдаудан және ішуден соң лоқсу, сананың бұзылушылығы); 
·          Амбулаторлық емдеудің тиімсіздігі; 
·          Евстахиит аясында отогенді асқынулардың дамуы кезінде зерттеу үшін және санация көлемінде хирургиялық емдеу мақсатында ЛОР-бөлімшеге емдеуге жатқызу.  

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Surgical management of otitis media with effusion in children pathway // Copyright © NICE 2013 2) Богомильский М.Р., Иваничкин С.А. Слухоулучшающие операции у детей: современное состояние проблемы. Часть I: Тимпанопластика и мирингопластика // Вестн. оториноларингологии. – 2012. – № 3. – С. 99 – 103 3) Овчинников Ю.М., Гамов В.П. Болезни носа, глотки, гортани и уха. — М., 2003, -328с. 4) Пальчун В.Т., Магомедов М.М., Лучихин Л.А. Оториноларингологии, учебник 3-е издание переработанное и дополненное, М.:2013г.- 571с. 5) Солдатов И.Б. Руководство по оториноларингологии. – М.: Медицина.-1997.-608с. 6) Төлебаев Р.К., Ерсаханова Б.К., Жусупов Б.З. Оториноларингологиядан қысқаша оку құралы [Мәтін] : оқу құралы Астана : б.и., 2013. - 175 б. 7) Ina F. Wallace, Nancy D. Berkman, Kathleen N. Lohr, Melody F. Harrison, Adam J. Kimple, Michael J. Steiner. Surgical Treatments for Otitis Media with Effusion: A Systematic Review. February 2014, Vol. 133/ISSUE2 8) S. Burkert, CH. Rasinski, R. Burkert, K. Neumann Otitis media with effusion - current management in children.. - 2012. - Vol. 22, Iss.l. - P. 9-12.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)      Аженов Талапбек Муратович – медицина ғылымдарының докторы, № 1 «Қазақстан Республикасы Президенті істері  Басқармасының медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК хирургиялық бөлімінің меңгерушісі. 
2)      Байменов Аманжол Жумагалеевич – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана қаласының медициналық университеті» АҚ оториноларингология кафедрасының доценті. 
3)      Бекпанов Алмат Жаксылыкович – медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығының «UMC»  КФ филиалының балалар оториноларингологы. 
4)      Смагулова Газиза Ажмагиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, «М.О.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі ауруларды үйрету және клиникалық фармакология факультетінің меңгерушісі. 

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ .
 
Рецензенттер тізімі:
Исмагулова Эльнара Киреевна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, №1 «М.О.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті»  ШЖҚ РМК хирургиялық аурулар кафедрасының отриноларингологиялық курстың меңгерушісі.  
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх