Войти

Екі жақты нейросенсорлық есту мүкістігі (педиатрия)

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Нейросенсорная потеря слуха двусторонняя (H90.3)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
 

Нейросенсорлық есту мүкістігі – ішкі құлақтың құрылымын, беткі-ішкі құлақ иірімі нервін немесе есту анализаторларының орталық бөліктерін зақымдаумен туындаған есту қабілетінен айырылу. [1, 2]

Хаттама атауы: Екі жақты нейросенсорлық есту мүкістігі
 
Хаттама коды:
 
АХЖ-10 кодтары:
Н 90.3 Нейросенсорлық, екі жақты есту қабілетінен айырылу
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
 
АЛТ – аланинаминотрансфераза;
АСТ – аспартатаминотрансфераза;
БІТУ – белсендірілген ішінара тромбопластинді уақыт
г – грамм;
Гц – Герц;
дБ – децибел;
ЕА – есту аппараты;
ЖҚА – жалпы қан анализі
ЖНА – жалпы несеп анализі
кг – килограмм;
ҚЕТӘ – қысқа латентті есту қабілетінің туындаған әлеуеттері;
КИ – кохлеарлы имплантация;
мг – миллиграмм;
мл – миллилитр;
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек;
НСЕ – нейросенсорлық есту мүкістігі;
ОНЖ – орталық нерв жүйесі;
ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету;
ПМПК – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация;
сағ – сағат.
тәу – тәуліктер;
ПТИ – протромбин индексі;
ПТУ – протромбин уақыты
ТТОАЭ – тежелген туындаған отоакустикалық эмиссия;
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу;

Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты:  балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: оториноларингологтер (сурдологтер), жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, сурдопедагогтер, логопедтер, психологтер

Жіктемесі


Нейросенсорлық есту мүкістігінің клиникалық жіктемесі:
 
Этиология бойынша [1, 2]:

Мынадай кіші типтері бар құрсақтық аурулар:
генетикалық (дербес немесе синдромдарда); 
жүре пайда болғандар (мерез, қызамық және т.б.);
дәрі-дәрмектік (ото уытты әсерлі препараттар).
 
Жаңа туған нәрестелердің аурулары:
генетикалық;
туғаннан кейін жүре пайда болғандар (аноксия және асфиксия, жарақат, қанның үйлесімсіздігі).
 
Кеш аурулар:
генетикалық (дербес немесе синдромдарда, ересектерде тұқымқуалаушылық-дегенеративті немесе қарттық); 
жүре пайда болғандар (инфекциялық-бактериялық, спирохетиялық, вирустық);
иммунологиялық (аллергиялық, аутоиммундық);
уытты (дәрі-дәрмектік, яғни лабиринтті уытты, вестибулды уытты және ауыр металдардан улану);
эндокринді және метаболизмдік;
жарақатты (физикалық жарақат, шумен туындаған акустикалық, барожарақат және т.б.);
қантамырлық;
неврологиялық;
сүйектердің ауруы;
ісіктер (өспелер);
гематологиялық;
идиопатиялық.
 
Есту қабілетінің төмендеу дәрежелері бойынша [26]:
I дәреже— есту қабілетінен 26-дан 40 дБ-ға дейін орташа айырылу;
II дәреже — есту қабілетінен 41-ден 55 дБ-ға дейін орташа айырылу;
III дәреже — есту қабілетінен н 56-дан 70 дБ-ға дейін орташа айырылу;
IV дәреже — есту қабілетінен 71-ден 90 дБ-ға дейін орташа айырылу;
Саңыраулық— есту қабілетінен 91 дБ және одан жоғары орташа айырылу.

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
• тимпанометрия [23, 24, 25, 26];
• акустикалық рефлексті тіркеу [23, 24, 25, 26];
• ТТОАЭ тіркеу [23, 24, 25, 26];
• ҚЕТӘ тіркеу [23, 24, 25, 26];   
• жиілік-модульді тондарға (5 жасқа дейінгі балаларға) арналған стационарлық туындаған есту әлеуеттерін тіркеу [23, 24, 25, 26];
• тондық шекті аудиометрия (6 жастағы және одан жоғары балаларға) [23, 24, 25, 26];
• пациенттің есту қабілетінің жағдайын сурдопедагогикалық тексеріп-қарау [23, 24, 25, 26].
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
• ЭЭГ [23, 24, 25, 26];
• СА-мен еркін дабыстық алаңдағы тондық шекті аудиометрия (кохлеарлық имплантацияға жіберілген кезде 6 жастағы және одан жоғары балаларға) [23, 24, 25, 26];
• СА-мен сөйлеу аудиометриясы (кохлеарлық имплантацияға жіберілген кезде  6 жастағы және одан жоғары балаларға) [23, 24, 25, 26];
• сурдопедагогтың СА-ның бапталуын тексеріп-қарауы [23, 24, 25, 26];
• самайсүйек пирамидасының компьютерлік томографиясы [23, 24, 25, 26].
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі:
• ЖҚА;
• коагулограмма (тромбоциттер, БІТУ, ПТИ, ПТУ, фибриноген);
• ЖНА;
• ЭКГ;
• биохимиялық қан анализі (жалпы нәруыз, глюкоза, жалпы билирубин, АЛТ, АСТ, креатинин, сарысулы темір);
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
•қан тобын анықтау (операция алдындағы кезеңде);
•резус-факторды анықтау (операция алдындағы кезеңде);
• тимпанометрия (операция алдындағы кезеңде);
• имплант электродтары импедансының телеметриясы (интраоперациялық);
• есту нервінің нерв жауабының телеметриясы (интраоперациялық);
• акустикалық рефлексті тіркеу (интраоперациялық);
• бассүйек сүйектерінің рентгенографиясы (операция алдындағы кезеңде).
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
• электронейромиография (операциядан кейінгі кезеңдегі КИ енгізгеннен кейінгі асқыну жағдайларында/бет нервінің нейропатиясы кезінде).
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.

Диагностикалық критерийлер

Шағымдар және анамнез [23, 24, 25, 26]:

Шағымдар:  
• есту қабілетінің жіті төмендеуі немесе толықтай айырылу;
• сөйлеудің дамуы бойынша кейін қалу.
 
Анамнез:
Анамнезде мыналардың болуы:
• алғаш рет есту қабілетінің/сөйлеудің бұзылуы айқындалған жасты көрсету;
• жүктілік кезеңінде қауіп факторларының болуы (анасының жасы 40-тан асқан болса, жақын туыстық неке, ерте, кеш, ұзақ ағымдық гестоздар, жүктілікті үзу қаупі, жүктілік кезінде бастан өткерген инфекциялық және вирустық аурулар, жатыр ісігі, іштегі нәрестенің бөксемен немесе жамбаспен алда орналасуы, плацентаның ортада орналасуы, плацентаның жартылай ажырауы, қан кету);
• ауыр акушериялық анамнездің болуы (қарқынды, кешіккен, мерзімінен бұрын, ұзаққа созылған босанулар, акушериялық қысқыштар салу, кесар тілігі);
• баланың немесе ананың жүктілік кезінде бастан өткерген инфекциялары туралы ақпараттың болуы (менингит, грипп, қызылша, қызамық, ангина,  цитомегаловирус, герпес, токсоплазмоз, хламидиоз, трихомониаз, ЖИТС, мерез, вирусты гепатит);
•  ауыр перинаталдық анамнездің болуы (шала, мерзімінен асып кеткен, асфиксия, гипоксия, гипербилирубинемия, жаңа туған нәрестенің гемолизистік ауруы, ОНЖ ауыр гипоксиялық, ишемиялық, геморрагиялық зақымдануы, босану кезіндегі бассүйекішілік жарақат, өте төмен және барынша (экстремалды) төмен дене массасы, жаңа туған нәрестелерге 96 сағаттан артық ӨЖЖ ұзақ уақыт қолдану);
• жаңа туған нәрестелерде синдромдық патологиялардың және туа біткен даму (бет-жақ сүйегінің, құлағының) кемістіктерінің болуы;
• жаңа туған нәрестеде немесе ерте шақтағы балада есту мүкістігін анықтауға арналған аудиологиялық скринингтің оң нәтижесінің болуы (ТТОАЭ «өткен жоқ» қорытындысы);
• отоуытты әсерлі препараттарды қолдану (аминогликозид тобының антибиотиктері (стрептомицин, неомицин, канамицин, мономицин, гентамицин, тобрамицин, амикацин), макролид тобының антибиотиктері (азитромицин, кларитромицин, эритромицин, жозамицин, мидекамицин, рокситромицин, спирамицин), полимиксин В, тетрациклин тобының антибиотиктері (тетрациклин), гликопептид (ванкомицин), хлорамфениколы (хлорамфеникол (левомицетин), петл диуретиктері (өндірілген этакринді қышқылдар, фуросемид, буметадин), стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (ацетилсалицил қышқылы, натрий салицилаты), күшәла тәрізді преператтар (осарсол, стоварсол), безгекке қарсы заттар (хинин);
• ауыр тұқымқуалаушылық (есту қабілетінің жіті бұзылуы бар туыстарының болуы);
• бас жарақатының болуы.
 
Физикалық тексеріп-қарау:
Ринофарингоскопия: мұрын-жұтқыншақтың патологиясыз көрінісі.
Отоскопия: қалыпты дыбысжарғақ белгілері.
Бет нервінің нейропатиясы кезінде (КИ кейін операциядан кейінгі кезеңде): бет ассиметриясы, мұрын-еріндік қыртыстың жазылуы, ауыз бұрышының төмен түсуі, қастардың біріне-бірі толық қосылмауы, операция жасалған құлақтың айналасындағы «желкен» симптомы).
Вестибулярлы бұзылулар кезінде (КИ-ден кейін операциядан кейінгі кезеңде): жүрек айну, құсу, бас айналу, шатқаяқтап жүру, Ромберг орнықсыз дене тұрысы, саусақты мұрынға апарудың нашар сынамасы.

Зертханалық зерттеулер:
 
Аспаптық зерттеулер [23, 24, 25, 26]:
 
Тимпанометрия: «А» тимпанограммасының типі.
Акустикалық рефлексті тіркеу:
• I-II дәрежелі НЕМ – қорытынды «тіркелді»;
• III-IV дәрежелі НЕМ – қорытынды «тіркелген жоқ».
 
ТТОАЭ тіркеу: қорытынды «өткен жоқ».
ҚЕТӘ тіркеу: V биіктіктің (пиктің) көзбен шолу детекциясының болуы/болмауы.
Жиілік-модульді тондарға арналған стационарлық туындаған есту әлеуеттерін тіркеу: есту қабілетінен орташа айырылу 500, 1000, 2000 және 4000 Гц:
• I дәрежелі НЕМ – 26-40 дБ,
• II дәрежелі НЕМ – 41-55 дБ,
• III дәрежелі НЕМ – 56-70 дБ,
• IV дәрежелі НЕМ – 71-90 дБ;
 
Тондық шекті аудиометрия: 15 дБ кемінде сүйек-ауа ажырауы; есту қабілетінен орташа айырылу 500, 1000, 2000 және 4000 Гц:
• I дәрежелі НЕМ – 26-40 дБ,
• II дәрежелі НЕМ – 41-55 дБ,
• III дәрежелі НЕМ – 56-70 дБ,
• IV дәрежелі НЕМ – 71-90 дБ;
 
Самайсүйек пирамидасының компьютерлік томографиясы: ортаңғы және ішкі құлақтың құрылымында патологиялық өзгерістердің болуы/болмауы.
Бет нервінің электронейромиографиясы: орнығуы, дәрежесі және патогендік типі көрсетілген бет нервінің ишемиялық, жарақаттық зақымының көрінісін сипаттау.
ЭЭГ: эпилепсиялық нысанды белсенділік белгілері тіркелген жоқ.
СА-мен еркін дабыстық алаңдағы тондық шекті аудиометрия: 500 – 4000 Герц диапазонындағы есту қабілетінің шегі 55 және одан да көп децибилді құрайды.
СА-мен сөйлеу аудиометриясы: ашық таңдауда кемінде 30% көп буынды қиын сөздерді оқи білу.
 
Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер [23, 24, 25, 26]:
• «кохлеарлық имплантация» операциясына жіберу кезінде психикалық бұзылушылықтарды болғызбау мақсатында психиатрдың консультациясы;
• «кохлеарлық имплантация» операциясына жіберу кезінде неврологиялық бұзылушылықтарды болғызбау мақсатында невропатологтің консультациясы;
• «кохлеарлық имплантация» операциясына жіберу кезінде инфекциялардың созылмалы ошақтарын анықтау және санациялау мақсатында стоматологтің консультациясы;
• сурдопедагогтың консультациясы есту аппаратын пайдалана отырып және оны пайдаланбай естуді қабылдауын бағалау, естуді протездеу тиімділігін және есту аппараты баптаудың дұрыстығын, естуді қабылдау процесінің, еріннен оқу және сөзді естіп, көру арқылы қабылдау дағдыларының, мектеп жасындағы балалардың оқу және жазу дағдыларының қалыптасқанын, естуді қабылдау мен сөйлеуді дамыту, пациенттің есту-сөйлеуінің дамуын болжау мен оның және оның жақын туыстарында КИ-дің нәтижелерін күтудің дұрыстығы үшін КИ-дің басымдығын бағалау мақсатында жүргізіледі;
• логопедтің консультациясы ерте шақтағы балалардың сөйлеу алды дамуын, сөзді түсіну жағдайын, сөйлеуді дамыту деңгейін (артикуляциялық аппаратты, дыбысты айтуды және сөйлем құрылымын, сөздікті, грамматикалық құрылымды, буындап сөйлеуді) бағалау мақсатында жүргізіледі;
• Психологтің консультациясы танымдық қызметті дамыту деңгейін, әлеуметтік интеллектуалдық мүмкіндіктерді, оқуға қабілеттіктерін, коммуникативтік қызметті дамыту деңгейін, араласу дағдылары мен қабілеттерін, эмоциялық-еркін саланың және мінез-құлықтың ерекшеліктерін, пациенттің және оның жақын туыстарының жүйелі және ұзақ есту-сөйлеу жұмысына психологиялық дайындығы мен әлеуетін, пациент пен оның жақын туыстарының КИ нәтижелерін күту дұрыстығын бағалау мақсатында жүргізіледі.
 

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз [23, 24, 25, 26]

1-кесте. НЕМ сараланған диагностикасы

Критерийлер Нейросенсорлық есту мүкістігі Кондуктивті есту мүкістігі
Шағымдар есту қабілетінің, сөйлеу анықтығының жіті төмендеуі есту қабілетінің, сөйлеу анықтығының жіті төмендеуі
Отоскопия дыбысжарғақ белгілері өзгермеген Ортаңғы құлақтың әртүрлі қабынған аурулары кезінде дыбысжарғақ белгілерінің өзгеруі
Тимпанометрия «А» типі Тип «В», «С», «D», «Е», «As», «Ad»
Акустикалық рефлексометрия акустикалық рефлексті тікреу шектерін төмендету немесе оны тіркеудің болмауы акустикалық рефлексті тіркеудің болмауы
ҚЕТӘ тіркеу қалыпты латентті кезең латентті кезеңді ұзарту
Тондық шекті аудиометрия ауа және сүйек өткізу шектерінің сәйкес келуі Сүйек өткізгіштіктің қалыпты шектері кезіндегі ауа өткізгіштігінің есту шектерін арттыру, 15 дБ артық сүйектік-ауалық аралықтың болуы.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
Естуді протездеудің және/немесе кохлеарлық имплантацияның көмегімен есту функциясының бұзылуын ішінара қалпына келтіру.
 
Емдеу тактикасы:

Дәрі-дәрмексіз емдеу [23, 24, 25, 26]:
Режим жалпы.
Естуді протездеу:
• екі жақты симметриялық нейросенсорлық есту мүкістігі кезіндегі СА бинауралды естуді протездеу;
• екі жақты ассиметриялық нейросенсорлық есту мүкістігі кезіндегі СА монауралды естуді протездеу.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.

Операция алдындағы премедикация:
• атропин 0,01- 0,02 мг/кг және 1% димедрол 0,1 мл/бір жаста.
 
Периоперациялық профилактика үшін:
• 1 буындағы цефалоспориндер: цефазолин, 50-100 мг/кг, операцияға дейін 30-60 минут бұрын бір рет венаға, немесе
• пенициллиндер бета-лактамаз ингибиторларымен жиынтықта: амоксициллин+клавулан қышқылы 30 мг/кг, операцияға дейін 30-60 минут бұрын бір рет венаға;
• операциядан кейінгі асқынуларды емдеу мақсатында (курс 5-7 күн):
 
2 және 3 буындағы цефалоспориндер:
цефуроксим, тәулігіне 50-100 мг/кг., 3-4 енгізу; бұлшықетке немесе венаға;
немесе цефтриаксон, тәулігіне 20-75 мг/кг., 1-2 енгізу; бұлшықетке немесе венаға;
немесе цефаперазон, тәулігіне 50-100 мг/кг., енгізу; бұлшықетке немесе венаға.
 
Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар (интраоперациялық және операциядан кейінгі кезеңде):
• повидон - йод араластырып 1:10. Ерітіндіні экспозициясы 2 минуттан кем емес уақытта қажетті мөлшерде ылғалды бастырма түрінде жаға отырып, беткі қабатына жағады. Препаратты ыстық сумен араластырмаңыз. Ерітіндіні қабылдаудың алдында тікелей араластыру қажет;
• бриллиант көгі – препаратты айналасындағы сау тіндерді қамти отырып, зақымдалған беткі жағына жағады;
• су тотығы - 3 % ерітінді суланған жараны тазалау;
• этил спирті – жараны тазалау үшін.
 
Алмастыру және сулы-электролитті алмасуды (интрраоперациялық) түзету мақсатында кристалды ерітінділермен инфузиялық терапия:
• 0,9% натрий хлориді ерітіндісі - 20-30 мл/кг енгізеді;
• 5% декстрозалар  - бірінші күні тәулігіне 6 г глюкоза/кг, одан кейін тәулігіне 15 г глюкоза/кг дейін енгізеді.
 
Жергілікті қолдануға арналған (операциялық кезеңде) антибактериялық заттар:
• фторхинолонципрофлоксацин – балалар үшін күніне 2 рет құлаққа 3 тамшыдан тамызу. Бүйірімен жату немесе тамызуды жеңілдету үшін басты шалқайту қажет. Тамшының көрсетілген мөлшерін сыртқы есту өтпесіне тамызу. Құлақтың сырғалығын төменге және артқа тартып тамшының есту өтпесіне ағуына мүмкіндік беру. Басты шалқайған күйде шамамен 2 минуттай ұстау. Сыртқы есту өтпесіне мақтадан жасалған тампонды салуға болады. Ауру симптомдары кеткеннен кейін препаратты қолдануды кейінгі 48 сағат бойы жалғастыру қажет.
 
Микробқа қарсы препараттармен (операциядан кейінгі кезеңде) үйлесімділікте қабынуға қарсы препараттар:
• фрамицетин сульфаты 5 мг., грамицидин 0,05 мг., дексаметазон (дексаметазон метасульфобензоаты натрий түрінде) – 0,5 мг. – құлаққа күніне үш немесе төрт рет екі немесе үш тамшыдан тамызу. Емді (7 күннен аспайтын) қысқа курспен жүргізу қажет.
 
Ауырсынуды басатын терапия (операциядан кейінгі кезеңде):

есірткілік анальгетиктер:
• ибупрофен суспензиясы 100 мг/5 мл - 200 мл., ішу үшін, 7-10 мг/кг дене массасы, барынша жоғары тәуліктік доза - 30 мг/кг. Препараттарды қабылдау арасындағы интервал 6 сағаттан кем болмауы тиіс. Ауырсынуды басу ретінде емдеу ұзақтығы 5 күннен аспайды.
 
апиындық анальгетиктер:
• трамадол 50 мг/мл -2 мл. инъекцияға арналған ерітінді,
 
1 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға: 1 мг/кг-нан 2 мг/кг-ға дейінгі салмақта венаға, бұлшықетке немесе тері астына. Веналық инъекцияларды өте баяу енгізген жөн немесе олар инфузиялық ерітіндіде араластырылуы және инфузия жолымен енгізілуі тиіс. Дозаны 4-6 сағат аралықпен қайталауға болады.
 
Қан тоқтататын терапия (операциядан кейінгі кезеңде):
• этамзилат – тәуліктік доза 3-4 қабылдауға бөлінген 10-15 мг/кг құрайды.
 
Эубиотик (операциядан кейінгі кезеңде):
• Lactobacillusacidophilus - 13.8 мг, Bifidobacteriumanimalissubsp. lactis - 4.2 мг. – емшек еметін балаларға және 2 жасқа дейінгі балаларға күніне 1 рет, 1 капсуладан тамақтану кезінде, аздаған сұйықтық мөлшерімен іше отырып қабылдау ұсынылады. Егер бала капсуланы жұта алмаса, оны ашуға және ішіндегіні сұйықтықтың – шайдың, шырынның, қант қосылған судың аздаған мөлшерімен араластыруға болады. Бұл препарат құрамына кіретін бактериялардың өміршеңдігіне әсер етпейді. 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 1-2 рет, 1 капсуладан тамақтану кезінде, аздаған сұйықтық мөлшерімен іше отырып қабылдау ұсынылады. Егер бала тұтастай капсуланы жұта алмаса, оны ашуға және ішіндегіні сұйықтықтың аздаған мөлшерімен араластыруға болады. 12 жастан үлкен балаларға күніне 1-3 рет, 1 капсуладан тамақтану кезінде, аздаған сұйықтық мөлшерімен іше отырып қабылдау ұсынылады.
 
Шырышты мұрын-жұтқыншақтың ісігін басуға арналған деконгестанттар (операциядан кейінгі кезеңде):
• ксилометазолин интраназалды 0,025 %, емшек еметін балаларға және 2 жасқа дейінгі балаларға: мұрынның әрбір жолына 1-2 тамшыдан, бірақ күніне 3 реттен аспауы тиіс. Инфекцияның таралуын алдын алу үшін бір құтыны бір балаға ғана пайдаланған жөн;
• нафазолин 2 жастан асқан балаларға - 0,05% ерітінді 1-2 тамшыдан.
 
Ерітінді ретінде цефалоспоринді антибиотиктерді араластыру үшін:
• лидокаин 1 г аспайтын. антибиотикті 3,5 мл. 1% лидокаин ерітіндісіне ерітеді және бөксе бұлшықетіне терең енгізеді, құрамында лидокаин мен цефалоспоринді антибиотик бар ерітіндіні венаға енгізуге болмайды.
 
Вестибулярлық бұзылулар кезінде (операциядан кейінгі кезеңде):
• Құсуға қарсы зат:
 
гидрохлорид моногидраты метоклопрамиді – дене массасы 0.1 мг/кг 1-3 күн ішінде.
 
Бет нервінің нейропатиясы кезінде (операциядан кейінгі кезеңде):
• Диуретиктер:
ацетазоламид 250 мг. 10-15 мг/кг-ға. немесе
фуросемид тәулігіне 2-3 рет 1 мг./кг.
 
Глюкокортикостероидтер:
 
дексаметазон - 0,02776 дозада в/і-0,16665 мг/кг.
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:

Негізгі дәрілік заттар тізбесі

Антибиотиктер:
• цефазолин 500 мг. венаға және бұлшықетке енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;
• амоксициллин+клавулан қышқылы, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ.
 
Стероидты емес қабынуға қарсы заттар:
• ибупрофен, ішуге арналған суспензия 100 мг/5мл – дозалайтын шприці бар 200 мл құтыда.
 
Апиындық анальгетиктер:

• трамадол - 50 мг/мл - 1 мл. инъекцияға арналған ерітінді.
 
Цефалоспоринді антибиотиктерді араластыру үшін:
• лидокаин – 1 % ерітінді 3,5 мл.
 
Премедикация үшін:
• атропин - инъекцияға арналған ерітінді 1 мл. 0,1 % ампулада;
• дифенгидрамин - инъекцияға арналған ерітінді 1 % 1 мл. ампулада.
 
Микробқа қарсы препараттармен үйлесімділіктегі қабынуға қарсы препараттар:
• фрамицетин сульфаты 5 мг., грамицидин 0,05 мг., дексаметазон (дексаметазонаметасульфобензоата натрий түрінде) – 0,5 мг. – құлаққа арналған тамшылар 5 мл.
 
Антисептиктер:
• повидон – йод - 30 мл., 50 мл., 100 мл-ден. құтыларды, құты-тамшылатқыштарда, полиэтиленді тығындармен тығындалған ақ түсті полиэтиленнен жасалған құты-спрейлерде;
• бриллиант көгі - 1 % спирт ерітіндісі, 10 мл., 20 мл-ден.;
• су тотығы 3% 25 мл.,30 мл.,40 мл. құтыда;
• этил спирті 90%, 70%, 50 мл.;
 
Плазма алмастырушы және перфузиялы ерітінділер:
• натрий хлориді 0,9% - 500, 400, 200 мл. венаішілік инфузияға арналған ерітінді (50%);
• декстроза 5% - 500, 400, 200 мл. венаішілік инфузияға арналған ерітінді (50%.);
 
Деконгестант:
• ксилометазолин, балаларға арналған назальды тамшылар 0,025 %;
• нафазолин, назальды тамшылар 0,05%;
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі

Антибиотиктер:
• цефуроксим, инъекциялар мен инфузиялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 750 мг. және 1,5 г.;
• цефтриаксон, инъекциялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 0,5 г. және 1,0 г.;
• цефаперазон, венаға және бұлшықетке енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1,0 г.;
• ципрофлоксацин, құлаққа арналған тамшылар 3 мг/мл.
 
Эубиотик:
• Lactobacillus acidophilus - 13.8 мг., Bifidobacteriumanimalis subsp. lactis - 4.2 мг., капсулалар.
 
Қабынуға қарсы заттар:
• дексаметазон - инъекцияға арналған ерітінді 4 мг/мл, 1 мл., 2 мл.
 
Гемостатик:
• этамзилат - инъекцияға арналған ерітінді 12.5 %, 2 мл.
 
Құсуға қарсы заттар:
• метоклопрамид гидрохлорид моногидрат – инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/2 мл.
 
Диуретиктер:
• ацетазоламид – таблеткалар 0,25 грамнан.;
• фуросемид – инъекцияға арналған ерітінді, 20 мг/2 мл.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: Жоқ
 
Емдеудің басқа түрлері:

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері:
• жеке жоспарға сәйкес сурдопедагогпен жеке жұмыс істеу;
• жеке жоспарға сәйкес логопедпен жеке жұмыс істеу;
• жеке жоспарға сәйкес психологпен жеке жұмыс істеу;
• жеке жоспарға сәйкес ата-аналармен жеке жұмыс істеу (тұрмыстық сөйлесу жағдайында есту қабілетін дамыту, дыбысқа шартты-рефлекторлы реакциясын дамыту, артикуляциялық гимнастика, тыңдауға қызығушылығын дамыту).
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері: жоқ
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері: жоқ
 
Хирургиялық араласу

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін хирургиялық араласу: жоқ
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін хирургиялық араласу [23, 24, 25, 26]:
• Кохлеарлық имплантация.
 
Көрсетім:
• IV дәрежелі екі жақты нейросенсорлық есту мүкістігі;
• екі жақты саңыраулық;
• естуді протездеудің төмен тиімділігі немесе тиімсіздігі жағдайындағы аудиторлы нейропатия;
• естуді протездеудің төмен тиімділігі (СА-мен еркін дабыстық алаңдағы есту шегі 500 – 4000 Герц диапазонында  55 және одан да көп децибилді құрайды, көп буынды қиын сөздерді оқу кемінде 40 %, бір буынды қиын сөзді оқу-кемінде 20 %, есту реакциясын дамытудың оң динамикасының СА 6 ай бойы тұрақты пайдаланған кейін үстеу дыбыстарына ғана болуы, СА үнемі тағу талабы кезінде сөйлеудің даму динамикасының болмауы).
 
Қарсы көрсетім:
• аудиторлы нейропатиядан басқа ретрокохлеарлы патология;
• электродтар тізбегін енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ішкі құлақ иірімінің толық немесе болмашы оссификациясы;
• жіті немесе ауыр стоматикалық патологияның болуы (тыныс алу жолдарының жіті аурулары, айқын гипотрофия, вакциналаудан кейінгі жағдай (10-14 күннен кем емес), табиғи түсініксіз гипертермия, бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, ауыр декомпенсацияланған немесе субкомпенсацияланған туа біткен даму кемістіктері, туберкулез, шок және коллпас, бауыр мен бүйрек аурулары, кемінде 80 г/л  гемоглобин деңгейі бар анық анемия, әртүрлі этиологиядағы генерализацияланған құрысулар, қатерлі ісіктер (III-IV сатылардағы), III сатыдан астам тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі, декомпенсация дәрежесіндегі аурулар, түзетуге келмейтін метаболизмдік аурулар, 2 және одан жоғары дәрежедегі ревматизмдік процестің белсенділігі, гормондық терапияның болуы, іріңді тері аурулары, жұқпалы тері аурулары (қышыма, зең аурулары және басқалары);
 
• психикалық және күрделі неврологиялық бұзылулардың болуы (эпилепсия, эпилепсиялық дайындық, тұлғаны десоциализациялайтын психикалық аурулар)  (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 63; F 72–F 73).

Әрі қарай бақылау [23, 24, 25, 26]:
• жеке жоспарға сәйкес сурдопедагогпен жеке жұмыс істеу;
• жеке жоспарға сәйкес логопедпен жеке жұмыс істеу;
• жеке жоспарға сәйкес психологпен жеке жұмыс істеу;
• жеке жоспарға сәйкес ата-аналармен жеке жұмыс істеу (тұрмыстық сөйлесу жағдайында есту қабілетін дамыту, дыбысқа шартты-рефлекторлы реакциясын дамыту, артикуляциялық гимнастика, тыңдауға қызығушылығын дамыту).
• кохлеарлық имплантация жүйесінің сөйлеу процессорын баптау;
• МСАК мамандарының консультациясы;
• өңірлік сурдопедагогикалық кабинеттің отриноларинголог (сурдолог) дәрігернің диспансерлік есебі (есту қабілетін әрбір 6 ай сайын бақылау);
• тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымының отриноларинголог дәрігерінің диспансерлік есебі.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары [23, 24, 25, 26, 27, 28]:
• СА мен немесе КИ-дан кейін есту функциясын есту мүкістігінің I  дәрежесіне дейін ішінара қалпына келтіру.
 

Госпитализация


Емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:

Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер [23, 24, 25, 26, 32]:
• IV дәрежелі екі жақты нейросенсорлық есту мүкістігі;
• екі жақты есту мүкістігі.

Профилактика

 
Профилактикалық іс-шаралар [23, 24, 25, 26]:
• жүкті әйелдер мен балалардың отоуытты әсерлі препараттарды пайдалануының алдын алу;
• жүкті әйелдер мен балалардың инфекциялық аурулармен ауыратын адамдармен байланыста болуының алдын алу.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Национальное руководство «Болезни уха, горла, носа в детском возрасте», Российская ассоциация ЛОР, педиатров, 2011 г. 2. «Кохлеарная имплантация у детей (методы обследования, отбор кандидатов и хирургическое лечение)», Методические рекомендации, Астана-Алматы, 2008 г. 3. Dexamethasone therapy for children with bacterial meningitis. Meningitis Study Group. Pediatrics. 1995 Jan; 95(1):21-8. Wald E.R., Kaplan S.L., Mason E.O. Jr., Sabo D., Ross L., Arditi M., Wiedermann B.L., Barson W., Kim K.S., Yogov R. 4. Pediatric bacterial meningitis prognosis and antibiotic treatment. Article in Japanese.KansenshogakuZasshi. 2011 Mar; 85(2):150-4. Sakata H., Sunakawa K., Nonoyama M., Sato Y., Haruta T., Ouchi K., Yamaguchi S. 5. Sensorineural hearing loss in children. Smith R.J., Bale J.F. Jr., White K.R.Lancet. 2005 Mar 5-11; 365 (9462): 879-90. 6. Sensorineural hearing loss in children. Wormald R., Viani L., Lynch S.A., Green A.J.Ir. Med J. 2010 Feb; 103(2): 51-4. 7. FDA strengthens labeling for long-acting penicillins.Stokowski L.A. Adv Neonatal Care. 2005 Jun; 5(3): 123-4. 8. Adverse effects associated with inadvertent intravenous penicillin G procaine-penicillin G benzathine administration in two dogs and a cat. Kaplan M.I., Lee J.A., Hovda L.R., Brutlag A. J Am Vet Med Assoc. 2011 Feb 15; 238(4):507-10. 9. Acute syphilitic posterior placoidchorioretinitis after an intravitreal triamcinolone acetonide injection.Erol N, Topbas S. ActaOphthalmol Scand. 2006 Jun; 84(3):435. 10. The effects of propofol and sevoflurane on the QT interval and transmural dispersion of repolarization in children. AnesthAnalg. 2005 Jan;100(1):71-7. Whyte S.D., Booker P.D., Buckley D.G. 11. A comparison of the effect on dispersion of repolarization of age-adjusted MAC values of sevoflurane in children. AnesthAnalg. 2007 Feb; 104(2):277-82. Whyte S.D., Sanatani S., Lim J., Booker P.D. 12. Comparing the effects of desflurane and isoflurane on middle ear pressure. ActaOtorhinolaryngol Ital. 2010 December; 30(6): 285. 13. Early vancomycin therapy and adverse outcomes in children with pneumococcal meningitis. Pediatrics. 2006 May; 117(5):1688-94. Buckingham S.C., McCullers J.A., Luján-Zilbermann J., Knapp K.M., Orman K.L., English B.K. 14. Sensorineural hearing loss in children. Ir Med J. 2010 Feb; 103(2):51-4. Wormald R., Viani L., Lynch S.A., Green A.J. 15. Children with minimal sensorineural hearing loss: prevalence, educational performance, and functional status. Ear Hear. 1998 Oct; 19(5):339-54. Bess F.H., Dodd-Murphy J., Parker R.A. 16. Progressive hearing loss in hearing impaired children: immediate results of antiphlogistic-rheologic infusion therapy. Int. J PediatrOtorhinolaryngol. 2001 Feb;57(2):129-36. Streppel M., Wittekindt C., von Wedel H., Walger M., Schöndorf H.J., Michel O., Stennert E. 17. A rare cause of facial nerve palsy in children: hyperostosis corticalisgeneralisata (Van Buchem disease). Three new pediatric cases and a literature review. Eur J Paediatr Neurol. 2012 Nov;16(6):740-3. Van Egmond M.E., Dikkers F.G., Boot A.M., van Lierop A.H., Papapoulos S.E., Brouwer O.F. 18. Drug therapy in sensorineural hearing loss in childhood. LaryngolRhinolOtol (Stuttg). 1987 Dec; 66(12):664-6. Nickisch A., Heinemann M., Gross M. KlinikfürKommunikationsstörungen, Johannes-Gutenberg-Universität, Mainz. 19. Different forms of drug therapy for progressive sensorineural hearing loss in childhood. LaryngolRhinolOtol (Stuttg). 1988 Oct ;67(10):498-500. Nickisch A., Heinemann M., Gross M. 20. Effect of total intravenous anaesthesia on intraoperative monitoring of Cochlear implant function in paediatric patients. Cochlear Implants Int. 2013 Mar. Jana JJ, Vaid N, Shanbhag J. 21. Sudden sensorineural hearing loss. Med Clin. North Am. 1991 Nov;75(6):1239-50. Shikowitz M.J. 22. A new structural rearrangement associated to Wolfram syndrome in a child with a partial phenotype. Gene. 2012 Nov 1; 509(1):168-72. Elli FM, Ghirardello S., Giavoli C., Gangi S., Dioni L., Crippa M., Finelli P., Bergamaschi S., Mosca F., Spada A., Beck-Peccoz P. 23. «Кохлеарная имплантация», Таварткиладзе Г.А., Учебное пособие. - М., 2000 г. 24. «Кохлеарная имплантация глухих детей и взрослых», Королева И.В., Каро, М., 2012 г. 25. «Введение в аудиологию и слухопротезирование», Королева И.В., Каро, М., 2012 г. 26. «Руководство по клинической аудиологии», Таварткиладзе Г. А., М., 2014 г. 27. Cochlear implant complications in 403 patients: Comparative study of adults and children and review of the literature. Farinetti A., Ben Gharbia D., Mancini J., Roman S., Nicollas R., Triglia J.M. Eur Ann Otorhinolaryngol Head Neck Dis. 2014 Jun;131(3):177-82. 28. The evolution of surgical interventions for cochlear implantation at the Russian Research and Practical Centre of Audiology and Hearing Rehabilitation. Fedoseev V., Dmitriev N.S. VestnOtorinolaringol.2014;(2):17-20. 29. Multicentre investigation on electrically evoked compound action potential and stapedius reflex: how do these objective measures relate to implant programming parameters? Van Den Abbeele T., Noël-Petroff N., Akin I., Caner G., Olgun L., Guiraud J., Truy E., Attias J., Raveh E., Belgin E., Sennaroglu G., Basta D., Ernst A., Martini A., Rosignoli M., Levi H., Elidan J., Benghalem A., Amstutz-Montadert I., Lerosey Y., De Vel E., Dhooge I., Hildesheimer M., Kronenberg J., Arnold L. Cochlear Implants Int. 2012 Feb;13(1):26-34. 30. ESRT, ART, and MCL correlations in experienced paediatric cochlear implant users. Walkowiak A., Lorens A, Kostek B, Skarzynski H, Polak M. Cochlear Implants Int. 2010 Jun;11Suppl 1:482-4. 31. ESRT and MCL correlations in experienced paediatric cochlear implant users. Lorens A., Walkowiak A., Piotrowska A., Skarzynski H., Anderson I. Cochlear Implants Int. 2004 Mar;5(1):28-37. 32. Effectiveness of cochlear implantation in children with auditory neuropathy and cochlear nerve aplasia. Huang L.H., Zhang Y.M., Zhang J.P., Chen X.Q., Mo L.Y., Liu H., Liu B., Li Y.X., Gong S.S., Han D.M. ZhonghuaEr Bi Yan HouTou Jing WaiKeZaZhi.2013 Aug;48(8):644-9

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1) Кириллова Мария Николаевна – «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Ақсай» университеттік клиникасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас балалар сурдологі;
2) Медеулова Айгүл Рахманалиқызы – ҚР ДСӘМ «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Ақсай» университеттік клиникасы, ЛОР және Сурдология орталығының басшысы, жоғары санатты хирург-оториноларинголог дәрігер;
3) Айтжанов Болат Маратұлы – «РБОО» АҚ, бірінші санатты оториноларинголог (сурдолог) дәрігер.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент:
Кузовков Владислав Евгеньевич – медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаты оториноларинголог дәрігер, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Санкт-Петербург құлақ, тамақ, мұрын және сөйлеу ғылыми-зерттеу институты» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің отохирургі, Есту имплантациясының жетекші медициналық орталықтары халықаралық бірлестігінің (HEARRING) сарапшысы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх