Діріл ауруы
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)
Анықтамасы
Анықтамасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы № 24
хаттамасымен мақұлданған
Діріл ауруы* – бұл ағзаға өндірістік дірілдің** ұзақ әсері нәтижесінде дамитын, ШРД асатын және тірек-қозғалыс аппараты және тамырлы, жүйке жүйесінің зақымдану белгілерімен сипатталатын созылмалы кәсіби ауру.
NB! Діріл ауруы жұмыс машина құрылысы, металлургиялық, құрылыс, авиа және кеме құрылысы, металл өңдеу, тау кен өндіретін өнеркәсібінде жиі кездеседі.
**Өндірістік діріл шарттарындағы жұмыс өтілі 8 жылдан кем емес.
Кіріспе бөлім
АХЖ 10 коды(тары ):
АХЖ-10 | |
Коды | Атауы |
Т75.2 |
Діріл ауруы |
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
т/і | тамырішілік |
б/і | бұлшықетішілік |
ЕУЖ | еңбек қабілеттілігінің уақытша жойылуы |
ДСК | дәрігерлік сараптамалық комиссия |
ИРТ | инерефлексотерапиясы |
ТҚҚК | тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті |
ЕДШ | емдік дене шынықтыру |
ҚР ДСМ | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҰЭМ | Ұлттық экономика министрлігі |
МҰ | медицина ұйымы |
МӘС | медициналық-әлеуметтік сараптаа |
ЕХӘҚМ | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ШРД | шектік рұқсат етілетін деңгей |
РБЗ | Рандомизирленген бақыланатын зерттеулер |
ҚР | Қазақстан Республикасы |
УДЗ | ультрадыбыстық зерттеу |
УЖЖ | ультра жоғары жиілікті индуктотермия |
ДД | дәлелділік деңгейі |
ЭКГ | электрокардиограмма |
ПСК | профпатология бойынша сараптамалық комиссия |
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, профпатологтар, невропатологтар, терапевтер, тамырлы хирургтер, ревматологтар.
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:
А | Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. |
В | Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. |
С | Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. |
D | Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі. |
Жіктемесі
Жіктеме [1,2,3,4,5,6]:
Әсер етудің үш нысанына байланысты: | |
А | жалпы дірілдің әсерінен; |
Б | жергілікті діріл әсерінен; |
В | «үйлестірілген» діріл әсерінен (жалпы және жергілікті) |
Әрекет етуші дірілдің және оның орналасқан жерінің айқындылық деңгейі, көрсету нысандары және спектралды сипаттамасына байланысты: | |
I | бастапқы (жеңіл көріністері) |
II | айқын көрінген |
III | айқын |
IV | генерализацияланған |
Әрекет етуші діріл факторына байланысты: | |||
Бастапқы көріністері (I дәреже) |
Біркелкі- айқын көріністер (II дәреже) |
Айқын көріністер (III дәреже) |
|
жергілікті діріл әсерінен | 1. Қолдың шеткі ангиодистониялық синдром, соның ішінде саусақтардың сирек ангиоспазмалармен. | 1. Саусақтардың ішінара ангиоспазмаларымен шеткі ангиодистониялық синдром. | 1. Қолдың сенсорлық-моторлық полинейропатиясы синдромы. |
2. Қолдың сенсорлық (вегетативті-сенсорлық) полинейропатия синдромы. | 2. Қолдардың вегетативті-сенсорлық полинейропатиясы синдромы: а) саусақтардың жиі ангиоспазмаларымен; б) білезіктегі вегетативті-трофикалық бұзылуларымен; в) қол және иық белдеуі тірек-қимыл аппаратының дистрофиялық бұзылуларымен (миопатоза, миофиброз, пери- артроз, артроздар); г) мойын-иық плексопатиясымен; д) церебральды ангиодистониялық синдром. | 2. Энцефалопатия синдромы. | |
3. Генерализацияланған акроангиоспазмалармен полинейропатия синдромы | |||
жалпы діріл әсерінен | 1. Ангиодистониялық синдром (церебралды немесе шеткі) | 1. Церебралды-шеткі ангиодистониялық синдром | 1. Сенсорлық-моторлы полинейропатия синдромы |
2. Вегативті –вестибулярлық синдром |
2. Вегативті-сенсорлық полинейропатия синдромы үйлесімде: а) полирадикулярлық бұзылулармен; б) қайталама бел-сегізкөзді түбіршікті синдроммен (омыртқаның бел бөлігінің остеохондрозы салдарынан); в) жүйке жүйесінің функционалды бұзылуларымен (неврастения синдромы) |
2. Шеткі полиневропатиямен үйлесімдегі дисциркуляторлық энцефалопатия синдромы | |
3. Қолдың сенсорлық (вегетативті-сенсорлық) полинейропатия синдромы. |
Диагностикасы
ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ
Диагностикалық өлшемшарттар [1,2,3,4,5,6,7,8]: ШРД асатын өндірістік діріл әсері шарттарындағы жұмыс өтілі және ұзақтығы, жетекші клиникалық синдромдарға байланысты болады.
Шеткі ангиодистониялық синдром | Шеткі ангиоспастикалық синдром | Вегетосенсорлы полиневропатия синдромы | |
Шағымдар | • Түнгі уақытта және демалыс кезінде басым түрде білезіктегі сыздаған және тартатын ауырсынулар. Ауырсынулар парестезиялардың пайда болуымен жалғасуы мүмкін: құмырсқаның жыбырлау сезімі, шаншу, жансыздану. Аяқ-қолдың тоңғақтығы тән. Ауырсынулар 10-15 минут дірілді құралмен жаңартуда тоқтатылады. Мерзімді саусақ білезіктерінің ұстамалары туындайды |
• Акроспазма ұстамаларымен сипатталады және діріл әсері үшін патогномониялық болып табылады. Ол сирек және жиі ангиоспазмалар болуы мүмкін. Аурулардың пайда болу қарқындылығы және жиілігі күшейеді. • Саусақтардың ағаруы, парестезия ұстамалары мазалайды. Аурудың прогрестелу дәрежесіне қарай ағару екі қолдың да саусақтарына таралады. |
• Қолдағы, кейде аяқтағы ауырсынулармен және парестезиямен сипатталады. |
Ауру анамнезі | • Ауру баяу дамиды, жұмыс басталғаннан кейін дірілмен байланысты 5-7 жылдан кейін. Ауру белгілері артады, тоқтатылғаннан кейін – баяу байқалады, кейде толық емес сауығу. | ||
Физикалық қарап-зерттеу | Бұлдыр көрінген білезіктер гипотермиясы, цианоз және гипергидроз, тырнақ қабаты капилляарларының спазмасы және атониясы, дірілді және ауырсыну сезімталдығы шегінің біркелкі көтерілуі, білезіктің тері температурасының төмендеуі, суықтық сынамадан кейін оны баяу қалпына келтіру. Бұлшықеттердің төзімділік күші өзгермеген. | Айқын көрінгені сезімталдықтың бұзылуы, әсіресе дірілдің бұзылулары болады. | • Дірілді, температуралық,тактилді сезімталдық полиневритикалық тип бойынша төмендетілген. Бұлшықеттер күші және төзімділігі төмендетілген. Әрі қарай вегетотамырлы және сезімтал бұзылулары аяқта да анықталады. Саусақтардың шалғырттануы жиілейді, олар неғұрлым ұзақ болады. Иық белдеуі және қолдың дистрофиялық өзгерістері дамиды. Электромиограмма құрылымы өзгереді, шынтақ жүйкесінің қозғалыс талшықтары бойынша қозу жылдамдығы баяулайды. Вегето тамырлы және трофикалық бұзылулар генерализациясымен қолдың сенсомоторлы полиневропатия синдромына діріл құралдарымен ұзақ жалғасатын байланыста энцефалоневропатия синдромы қосылады. |
· паллестезиометрия – дірілдік сезімталдықты анықтау;
· суық сынамасы – білезіктің тері температурасын өлшегеннен кейін (су температурасы 8-10 °С) 5 мин. Қол саусақтарының шалғырттануы пайда болғанда оң болып есептеледі. Одан кейін қайтадан терім температурасын өлшейді және бастапқы шамаға дейін оны қалпына келтіргеннен кейінгі уақытты анықтайды. Сау адамдарда қол саусақтарындағы тері температурасы әдетте 27-31°С, ал қалпына келтіру уақыты –20 мин-тан артық емес;
· шеткі тамырлардың реовазографиясы – пульсті қан толу қарқындылығын және тамырлы тонусты бағалауға мүмкіндік береді;
· тірек-қимыл аппаратының рентгенографиясы – алақан және табан сүйектері, фаланг метаэпифиздері, кеуекті заттар трабекуласының қалыңдауы, түтікті сүйектердің кешенді заттары және диафиздерінің қалыңдауы, тырнақ фалангының бұдырмақтығының өсуін анықтау үшін;
· ЭКГ – миокард және оның жекелеген учаскелерінің барлық миокардының қозушылығы, өткізгіштігі, автоматизмі, деполяризация және реполяризациялауды бағалауға мүмкіндік береді. Эталондық электрокардиографиялық қисықтың өзгерістері бойынша жүректегі патологиялық процестердің оқшаулануын және сипатын анықтайды;
· Мак Клюр – Олдрич сынамасы – натрий хлоридінің стерилді ерітіндісін теріішілік енгізумен түзілген күлбіреудің жылдамдатылған сіңуі бойынша ісуге бейімділік және жабық ісіктерді анықтау әдісі. Изотониялық натрий хлориді ерітіндісін 0,2 мл теріасты енгізгеннен кейін түзілген көпіршіктің сіңірілуінің жылдамдауы (30— 50 мин артық), парасимпатикалық тонустың артуына, ал баяулау — терінің сипатикалық иннервациясының тонусының артуына дәлел болады.
Клиникалық сынамалар: ақ дақ сынамасы – саусақпен пациент білезігінің сыртынан басуда ақ дақ пайда болады, 5 сек ішінде ақ дақ пайда болады, ол нормада қысым тоқтағаннан кейін 4-6 сек кейін жойылады, ал капиллярлардың спазмаларға бейімділігінде айтарлықтай ұзақ сақталады (10 сек және одан артық);
· Боголепов сынамасы – науқас бір қолын жоғары көтереді және оны осындай жағдайда 30с ұстайды, одан кейін тез екі қолын алдыға тартады; сынама оң болып есептеледі, егер білезіктер боялғандағы айырмашылық 15 сек ішінде түзелмесе.
Зертханалық зерттеулер [1,2,4,6,7]: дифференциалды диагностика үшін және қосалқы патология болғанда қосымша тағайындалуы мүмкін.
Ескертпе: **құралдық және зертханалық әдістерді қолдану қосалқы патологияның болуы және клиникалық көріністерінің көріну деңгейіне байланысты түрленуі мүмкін.)
Диагностикалық алгоритм [1,2, 7,9,12,16,17,22,23]:
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі [1, 3,5, 9]:
Негізгі клиникалық ерекшеліктер |
Діріл ауруы |
Рейно ауруы |
Сирингомиелия |
Вегетативті полиневриттер |
Миалгиялар, миозиттер, плекситтер |
Мамандық және жынысқа байланысты |
· Тәуелді · Ерлерде жиірек |
· Байланысты емес · Әдетте әйелдерде |
· Байланысты емес |
· Мамандыққа байланысты |
· Мамандыққа байланысты |
Жалпы бұзылулар |
· Әр түрлі формалар, Полисиндромдылық. Шеткі тамырлар ангиоспазмалар және діріл, ауыру сезімталдығының бұзылуларымен полиневритикалық синдром міндетті. · Жүйелер және мүшелердің зақымдануы |
· Айқын ангиодистониялық синдром шеткі тамырларымен тіндер асфиксиясының болуымен. Гангренаға ауысу |
· Біртіндеп басталады. · Баяу прогрестеледі. · Сезімталдықтың сегментарлық бұзылулары тән. · Атрофия, кесіктер, параличтер |
· Полиневритикалық тип бойынша сезімталдықтың бұзылулары. · Ангиоспазма ұстамалары және діріл сезімталдығының бұзылуларының болмауы · Трофиканың бұзылуы |
· Белгілі бір бұлшықеттердің және нүктелердің пальпациясындағы ауырсыну. · Плекситтердегі сезімталдықтың бұзылуларының сан алуандығы. · Шеткі тамырлар ангиоспазмасы жоқ |
Саусақтардың бозару ұстамалары |
· Екі қолда немесе аяқта жергілікті көрінген |
· Аяқ және қолда айқын көрінген |
· жоқ | · жоқ | · жоқ |
Діріл сезімталдығының бұзылулары |
Барлық жағдайларда |
· жоқ |
· Сирек жағдайларда | · Сирек жағдайларда | · жоқ |
Ауырсыну сезімталдығының бұзылулары |
· Полиневритті және сегментарлық тип бойынша |
· Тән емес |
· Сегментарлық тип бойынша |
Полиневритті тип бойынша | · Өрілу аймағындағы плекситтерде |
Температуралық сезімталдықтың бұзылулары |
Аурудың айқын кезеңдерінде | Өзгермеген немесе күрт өзгермеген |
· Сегментарлық тип бойынша маңызды түсу |
· Төмендетілген | · жоқ |
Тактильді сезімталдық |
· өзгермеген | · Өзгермеген | · Өзгермеген |
· Полиневритті шамадан тыс ширығуларда төмендеген |
· жоқ |
Трофиканың бұзылуы |
· Нысанына байланысты көрсетілген |
· Кезеңіне байланысты көрінген |
Кезеңіне байланысты көрінген |
· Кезеңіне байланысты көрінген |
· Кезеңіне байланысты көрінген |
Жалпы вегетодистония |
· Көрінген | · Бұлдыр көрінген | · Бұлдыр көрінген | · жоқ | · жоқ |
Ішкі органдар тарапынан өзгеру |
· Кезеңі және нысанына байланысты көрінген |
· жоқ | · жоқ | · жоқ | · жоқ |
Профилактикалық іс-шаралар
:
Бірінші профилактика:
· тиімді кәсіби іріктеу;
Өндірісте профилактиканың туындауындағы базалық мәнге ауруды дамытуды ескертуге бағытталған ұйымдастыру-медициналық іс-шаралары ие:
· ҚР ҰЭМ 24.02.2015 ж. №128, 28.02.2015 ж. №175 бұйрықтары бойынша және ҚР ҰЭМ 22.05.2015 ж. №379 бұйрығында көрсетілген міндетті профилактикалық медициналық тексерулер;
· жұмысқа қабылдауда адамның жеке ерекшеліктерін, туа біткен патологиялардың жоқтығын, диагностикаланбаған қосалқы ауруларды анықтау, уақытылы емдеу және диагностиканы ескеруі қажет;
· жаңа қазіргі технологилялар және процестерді уақытылы енгізу;
· жеке және жалпы қорғау құралдарын жақсарту.
Қайталама профилактика:
· салауатты өмір салтын жүргізу;
· жылына 2 рет қайталама емдеу;
· санаторлық –курорттық емдеу;
· физиотерапевтік ем-шаралар, ЕДШ, уқалау, ИРТ.
Емдеу тактикасы (амбулатория)
АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Емдеу тактикасы клиникалық көріністерді азайтуға, ауыру синдромының қарқындылығын төмендетуге, жүйке өткізгіштігін жақсартуға, вазоспазманы азайтуға бағытталған.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
· Режим III;
· Стол № 15;
Дәрі-дәрмектік емдеу [7,10,21]:
Негізгі дәрілік заттар тізбесі:
· пентоксифиллин;
· теноксикам немесе мелоксикам немесе лорноксикам немесе натрий диклофенагы;
· тиамин хлориді;
· пиридоксин гидрохлориді;
· натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі.
Қосымша дәрілік заттар тізбесі:
· глюкозамин;
· никотин қышқылы;
· мебеверин.
Негізгі дәрілік заттар тізбесі [7,10,21]:
Халықаралық патенттелмеген атауы | Қолданылу тәсілі | ДД |
Шеткі вазодилататоры | ||
пентоксифиллин 2%-5мл | т/і тамшылық 150,0 мл 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісі, 10 күн. | В |
нестероидты қабынуға қарсы құралдар | ||
теноксикам 20мг | б/і 20 мг× 1 р/ күніне, 7 күн | В |
мелоксикам 7,5 мг | таблеткалар 7,5мг× 2 р/күніне, 7 күн | В |
лорноксикам 8 мг | таблеткалар 8 мг× 2 р/ күніне, 7 күн | В |
натрий диклофенагы 3,0 -75 мг | амп 3,0 - 75 мг ×1 р/күніне, 7 күн | В |
Метаболиялық терапия | ||
хлорид тиамині | ампула 1,0 б/і-1 р/күніне,7 күн | С |
пиридоксин гидрохлориды | ампула1,0 б/і 1 р/күніне, 7 күн | С |
Қосымша дәрілік заттар тізбесі:
Халықаралық патенттелмеген атауы | Қолданылу тәсілі | ДД |
Спазмолитиктер | ||
мебеверин 200 мг | капс, 1 капс х 2 рет күніне 5-7 күн | С |
Хондропротекторлар | ||
глюкозамин | ішке 1 пакетик тәулігіне, 30 күн | С |
Метаболикалық препараттар | ||
никотин қышқылы 1 мл -1% | б/і 1 мл 1% ерітінді 1р /күніне,10 күн | С |
Хирургиялық араласу: жоқ.
Әрі қарай емдеу [1,5,9]:
· тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауы;
· дірілмен байланыстан тыс тиімді жұмысқа орналасу (дірілмен жұмыс қарсы көрсетілген, суық шарттарында және аяқ-қолдың шамадан тыс маңызды кернеуімен;
· тұрғылықты жері бойынша невропатолог, терапевтке диспансерлік есепке алу;
· оңалту іс-шараларын өткізу.
Оңалту іс-шаралары:
· тұрақты (жылына 2 реттен кем емес) қайталап емдеуге қарсы курстар:
- вазобелсенді құралдар – пентоксифиллин, никотин қышқылы;
- «В» тобының дәрумендері (тиамин а хлорид, пиридоксин гидрохлориды, цианокобаламин);
- хондропротекторлар –глюкозамин;
- нестериодты қабынуға қарсы құралдар (мелоксикам, лорноксикам, натрий диклофенагы, ибупрофен).
· жалпы уқалау 15—20 мин ішінде соңыра оксигенотерапиямен
(ылғалдандырылған оттегіні иіскеу немесе оттегілік коктейлді қабылдау; жағалық аймақты, мойын-көкірек қуысын уқалау, гидро уқалау. 15-20 ем-шаралық курсқа. Жылына 2-3 курс;
· 5-8 мин. Ішінде паравертебралды аймақтардың инелі дірілдерімен дірілді уқалау. Курс 15—20 ем-шара;
· бірқалыпты дене жүктемелері (жүзу, шаңғымен серуен, жүгірумен үйлесімдегі жүріс, ойындар және т.б.);
· ЕДШ – жалпы дамытатын жаттығулар, созылуға жаттығулар.
· санаторий-профилакторий шарттарындағы сауықтыру.
Санаторлық –курорттық емдеу мыналарды көздейді:
· Күн және ауа ванналары, жүзу (теңізде), суда жүгірумен үйлесімдегі қыдырулар (немесе теңіз жағасының бойымен), оттегі коктейлін қабылдау, уқалау, балшықпен емдеу аппликациялары, күкіртті сутекті, радонды ванналар, ойындар, диета, дәрумендендіру:
· монша (сауна): 2-3 кіру 5-8 мин, курс 30-45 күн (аптасына 1-2 рет);
· шипалы саз немесе парафинді аппликациялар, курс 15—20 ем-шара;
· қолдарды мұзды уқалау 5—8 мин, курс 10—15 ем-шара;
· оттегілік ванналар (температура 36—37°С), курс 10—20 ем-шара;
· шаңғымен және жаяу қыдырулар (қысқы маусымда).
Хаттамада сипатталған емдеу және диагностика әдістерінің қауіпсіздігі және емдеу тиімділігінің индикаторлары:
· клиникалық-морфологиялық және функционалдық көрсеткіштерін қалпына келтіру;
· вазоспазманы азайту;
· ауыру синдромын тоқтату;
· өмір сапасын жақсарту.
Емдеу тактикасы (стационар)
СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Пациентті байқау картасы, пациентті бағдарлау [1,2,7,9,12,17,22,23]:
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
· Режим II-III;
· Диета: стол № 15.
Емдеудің басқа түрлері:
· Физио ем-шаралары – электрофорез новокаинмен жаға аймағына немесе білезікке №5, УЖЖ № 5-6;
· гидро ем-шаралар – қол және аяқ ванналары № 6-7 , 4-х камералық ванна №4-5, жалпы ванналар (күкіртті сутекті, радонды, азоттық, оттегілік) - №5;
· акроспазмада – лазеротерапия №5;
· топтық ЕДШ, жалпы №8, қолды уқалау №8-10, аяққа № 8-10, мойын-жаға аймағы № 8-10.
Дәрі-дәрмектік емдеу [7,10,21]
Негізгі дәрілік заттар тізбесі:
· пентоксифиллин;
· теноксикам немесе мелоксикам немесе лорноксикам немесе диклофенак натрий;
· тиамина хлорид;
· гидрохлорид пиридоксині;
· натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі.
Қосымша дәрілік заттар тізбесі:
· глюкозамин;
· никотин қышқылы;
· мебеверин.
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі [7,10,21]:
Халықаралық патенттелмеген атауы | Қолданылу тәсілі | ДД |
Перифериялық вазодилататорлар | ||
пентоксифиллин 2%-5мл | т/і тамшылық 150,0 мл 0.9% натрий хлориды ерітіндісі, 10 күн. | В |
Нестероидты қабынуға қарсы құралдар | ||
теноксикам 20мг | б/і 20 мг× 1 р/ күніне, 7 күн | В |
мелоксикам 7,5 мг | таблеткалар 7,5мг× 2 р/ күн, 7 күн | В |
лорноксикам 8 мг | таблеткалар 8 мг× 2 р/ күн, 7 күн | В |
натрий диклофенагы 3,0 -75 мг | амп 3,0 - 75 мг ×1 р/күніне, 7 күн | В |
Метаболиялық терапия | ||
тиамин хлориды | амп 1,0 б/і-1 р/күніне,7 күн | С |
пиридоксин гидрохлориды | амп 1,0 б/і күніне 1 рет, 7 күн | С |
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі
Халықаралық патенттелмеген атауы | Қолданылу тәсілі | ДД |
Спазмолитиктер | ||
Мебеверин 200 мг | капс, 1 капс х2 рет күніне, 5-7 күн | С |
Хондропротекторлар | ||
глюкозамин | ішке тәулігіне 1 пакет, 30 күн | С |
Метаболические препараты | ||
никотин қышқылы 1 мл -1% | б/і 1 мл 1% ерітінді күніне 1р,10 күн | С |
Хирургиялық араласу: жоқ.
Әрі қарай емдеу:
· тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерді бақылау;
· дірілмен байланыстан тыс тиімді жұмысқа орналастыру (аяқ-қолдың айтарлықтай тырысуымен және суық шарттарындағы дірілмен жұмыс қарсы көрсетілген;
· тұрғылықты жері бойынша неврапатолог, терапевтте диспансерлік есепке алу;
· оңалту іс-шараларын өткізу.
Хаттамада сипатталған диагностика және емдеу әдістерінің қауіпсіздігі және емдеу тиімділігінің индикаторлары:
· клиникалық-морфологиялық және функционалдық көрсеткіштерді қалпына келтіру;
· жүйке талшықтары бойынша өткізгіштікті жақсарту;
· вазоспазманың азаюы;
· ауырсыну синдромын тоқтату;
· өмір жағдайын жақсарту.
Ауруханаға жатқызу
ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР
Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
· бірінші сараптама - оның емдік (қызметтік) міндеттерін жұмыскердің орындауымен байланысты аурулардың себептік-салдарлық байланыстарын анықтау;
· қайталама сараптама – МӘС органдары куләандырар алдында аурудың жағдайын бағалау, ауру регресі немесе прогрестелуі, асқынулардың қосылуы, ауру ағымы кезіндегі сипатты нақтылау.
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
· неврологиялық симптомдар декомпенсациясы;
· ішкі органдар тарапынан декомпенсация.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
- 1) Национальное руководство по профпатологии. Под редакцией Н.Ф. Измерова. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2011. – 784 с. 2) Измеров Н.Ф. Профессиональные болезни: Учебник. - Академия, 2011.-464с. 3) Косарев В.В., Бабанов С.А. Профессиональные болезни: Учеб. пособие.— М.: Вузовский учебник: ИНФРА-М, 2011.— 252 с. 4) Костюк И.Ф., Капустник В.А., Брыкалин В.П., Калмыков А.А. Профессиональные болезни: Учебное пособие. – Харьков: ХГМУ, 2007. - 155 с. 5) Артамонова В.Г., Мухин Н.А. Профессиональные болезни: Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Медицина, 2006. – 480 с.: ил. (Учеб. лит. для студентов мед. вузов.); 6) Косарев В.В., Бабанов С.А. Профессиональные болезни: Учебник. – М.: ГЭОТАР - Медиа, 2010.-368с. 7) Машковский М.Д. Лекарственные средства. – Москва, 2000. 8) Измеров Н.Ф., Каспаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность: Пособие для последипломной подготовки врачей. – М.: Медицина; 2002. 9) Измеров Н.Ф. Российская энциклопедия по медицине труда. – М.: ОАО «Издательство «Медицина»»; 2005. 10) Кукес В.Г., Стародубцев А.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. М.: «Геотар-Медиа», 2006. 11) «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету ережесі» ҚЕ, ҚР Еңбекминінің 2007 жылғы 31 шілдедегі бұйрығы, 4-тармақ. 12) Olsen N , Hagberg M, Ekenvall L, et al. Клиническая и лабораторная диагностика сосудистых симптомов, вызванных вибрацией рук. Отчет от обсуждения в рабочей группе. In: Gemne G, Brammer AJ, Hagberg M, et al , eds. Материалы семинара в Стокгольме 94, Синдром вибрации кисти рук: диагностика и количественные взаимосвязи с воздействием. Арб Хяльса, 1995 год ; 5 : 181 -6. 13) «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10987 болып тіркелді. 14) Приказ и. о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 128 «Об утверждении Правил проведения обязательных медицинских осмотров». 15) Руководство Р 2.2.013-94 "Гигиенические критерии оценки условий труда по показателям вредности и опасности факторов производственной среды, тяжести и напряженности трудового процесса" (утв. Первым заместителем Председателя Госкомсанэпиднадзора РФ - Заместителем Главного государственного санитарного врача 12 июля 1994 г.) – 45 с. 16) «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы. 17) «ҚР халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374 бұйрығы (бұдан әрі – №374 бұйрық). 18) «Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығы. 19) «Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығы. 20) Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система). Выпуск XI. — М.: «Эхо», 2010.— 944 с.; 21) Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығының 25-қосымшасы. 22) «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығы. 23) Clinical practice guidelines for the management of rotator cuff syndrome in the workplace. https://guideline.gov/summaries/summary/46923 24) American Academy of Orthopaedic Surgeons clinical practice guideline on management of carpal tunnel syndrome. https://guideline.gov/summaries/summary/50092
Ақпарат
ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ
Хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1) Аманбекова Айгүл Үкенқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, клиникалық жұмыс бойынша директордың орынбасары, ҚР ДСМ бас штаттан тыс профпатологы, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК, Республикалық профпатологтар ассоциациясының төрағасы.
2) Фазылова Маңғаз-Дана Айтқожақызы – медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМКК кәсіби неврология бөлімшесінің меңгерушісі.
3) Қожахметова Құндыз Мағзұмқызы – дәрігер профпатолог/невропатолог, ҚР ДСМ « Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы » РМКК.
4) Юхневич Екатерина Александровна – Ph.D, ҚарММУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафдерасы доцентінің м.а.
Мүдделер қақтығысы: жоқ.
Рецензент:
1) Әбдірахманова Майра Ғалымжанқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» неврология кафдерасының меңгерушісі, Қарағанды облысы Неврапатологтар ассоциациясының президенті. Жоғары санатты дәрігер-невропатолог, Қарағанды облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің тәуелсіз сарапшысы.
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.