Балалар өңешндегі бөгде дене

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Инородное тело в пищеводе (T18.1)
Педиатрия, Хирургия детская

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған

Өңештегі бөгде заттар    – бұл онда тұрып қалған денелер, тамақ қалдықтары немесе бала жұтқанда өңешке түсетін өңеште пайдаланылмайтын заттар. 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
T 18.1 Балаларда өңештегі бөгде дене
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АЛТ аланинаминотрансфераза 
АСТ аспаратаминотрансфераза 
ЖТА жүректің туа біткен ақауы
ҚБА Қалалық балалар ауруханасы
ХБ Хирургиялық бөлімше
БД Бөгде дене
ӨБД Өңештің бөгде денесі
ИБД Инертті бөгде дене
ҮӘБД Үйлестірілген әсермен бөгде дене
МББД Механикалық белсенді бөгде дене
КТ Компьютерлік томография 
ҚЖА Қанның жалпы анализі
УДЗ Ультрадыбыстық зерттеу
ФББД Физикалық белсенді бөгде дене
ФБС фибробронхоскопия 
ФЭГДС фиброэзофагогастродуоденоскопия 
ХББД Химиялық белсенді бөгде дене
ЭТ Энтеральды тамақтану
ЭКГ электрокардиограмма
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар хирургтары, балалар гастроэнтерологтары, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, дәрігер-реаниматологтар, анестезиологтар, эндоскописттер, рентгенологтар,  жедел көмек дәрігерлері, фельдшерлер, балалар оториноларингологтары.
 
Пациенттердің санаты: балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Типі:

·          ИБД – инертті бөгде денелер (тиындар, ойыншықтар, шариктер):
·          ХБӨД – химиялық белсенді бөгде денелер (батарейкалар);
·          ФББД – физикалық белсенді бөгде денелер (магниттер);
·          МББД – механикалық белсенді бөгде денелер (инелер);
·          ҮӘБД – үйлестірілген әсерлі бөгде денелер (безоарлар).

Оқшаулануы бойынша:
·          өңеш;
 
R-контрастілігі бойынша:
·          рентгеноконтрастілі;
·          рентгеноконтрастілі емес.
 
Саны бойынша:
·          дара;
·          көптеген.

Жылжу динамикасы бойынша:
·          көшетін;
·          еркін жататын;
·          бекітілген. 

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [1,2]

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар
·          қинала жұтыну немесе жұтудың мүмкін еместігі, қақалу;
·          «қадалғыш» өткір, жұтынуда мойын және кеуде аймағындағы ауырсыну;
·          сілекейдің көп бөлінуі;
·          төстегі тысыраю;
·          жөтел
·          қарлыққандық;
·          шөлдеу;
·          салмақтың төмендеуі;
·          жүрек айнуы
·          құсу
·          лоқсу; қанды шырыш құсу
·          кекірік;
·          тамақтан бас тарту
·          тыныс алудың бұзылуы
·          температураның көтерілуі

Ауыру синдромы:    
·          айқын көрінген ауыру синдромы бөгде денелерді өңештің жоғары бөліктеріне тұрып қалуында туындайды;
·          ауыру тұрақты немесе ауыспалы сипатқа ие болуы мүмкін.

Тұрақты ауыру – оның зақымдануымен немесе тіпті тесілуімен өңеш қабырғасына бөгде денелерді енгізуде.

Ауыспалы ауырсыну – омыртқаның төс бөлігіндегі және омыртқаның мойын бөлігіндегі қозғалыстарда ғана бөгде заттарды сыналауда күшейеді.
Ауырсыну сезімдері болуы мүмкін:
·          оқшауланған (мойын аймағында, кеуде немесе жауырын аралық кеңістікте);
·          төгілген;
·          жаңғырып ауыратын.

Ауырсыну сезімі тегіс дөңгеленген бөгде заттарда болуы мүмкін.

Кеңірдек бифуркациясы аймағына бөгде заттарды енгізуде ауыру ретростернальды оқшауланады, төс қуысы тереңдігінде немесе превертебральды II - IV кеуде омыртқалары деңгейінде.

Бөгде заттарды өңештің төменгі бөліктеріне енгізу жүрек аймағы және құрсақ үсті аймағында қысымды сезіну туындайды. Кейде ауырсынулар арқада, белде және сегізкөз аймағында жаңғырады.
Әр түрлі оқшауланудағы ауыруларға шағымдар  өңеш қабырғаснда бөгде денелермен қалдырылған із құбылыстарымен ғана шарттастырылған (әдетте  бұл жаралар немесе тіпті неғұрлым терең зақымданулар), онда бөгде дененің өзі асқазанға сырғыған

Өмір анамнезі:
·          жұту уақытынан бастапқы уақытты анықтау;
·          бөгде дене өңешке ересектерге байқаусыз түскен жағдайда, келесі белгілер болғанда дәрігерге жүгінген жөн: жөтел, аспирациялық пневмония, температура,  өңештің тесілу белгілері;
·          бөгде денені жұтқанда қалыпты көрсетілім, ол сұйық тамақ (көбіне) немесе тамақ түйірін жұтқанда «қадалғыш» ауырулар және кернеу сезімі туындағанына науқастың өтініші болып табылады.
 
Физикалық зерттеп-қарау:
Пальпацияда:
·          Зарицкий симптомы (жартылай ашылған ауыз);
·          Декмайер симптомы (кеңірдектің төменгі бөлігі неғұрлым ашық болғанда өңеш аузында БД қысқанда кеңірдектің жылжуы);
·          Шлиттер синдромы (кеңірдекті басудағы ауырсыну).

Қарап-тексеруде байқалады:
·          цианоз;
·          мойындағы органикалық қозғалғыштық
·          жалпы жағдайдың орташа немесе ауыр деңгейі
·          бас, дененің мәжбүрлі жағдайы (алдыға және кішкене жанына бұру;
денені бұру);
·          тері жабындары және шырыштылардың бозарыңқылығы;
·          жөтел.

Аускультацияда:
·          тахикардия;
·          шулы (ызыңды, ысқыратын, стридорозды) тыныс алу;
·          демікпе;
·          мазасыздық;
·          тыныс алудың бұзылуы;
·          жүрек қағысының бұзылуы. 
 
Ерте симптомдар -  Киллиан белгілерінің триадасы  өңешті қоршаған өзекке қабыну процесінің таралуы.
·          ауырсыну сезімдерінің күрт күшеюі және олардң бөгде заттар сыналану сәтінде белгіленген деңгейден төмен таралуы;
·          жүзік тәрізді желбезек аймағындағы және мойынның жұмсақ тіндеріндегі инфильтрат;
·          қалтыраумен дене температурасының күрт көтерілуі.

Киллиан Триадасы  -  қайталама симптомдар  дисфагия ең төменгі болуы және тығыз тамақты қабылдауда ғана көрінуі немесе мүлде болмауы мүмкін.
Өңеш тесілгенде қабыну белгілері ерте белгілермен біруақытта туындайды.  
 
Зертханалық зерттеулер
·          ҚЖА ретикулоциттерді анықтаумен, жалпы зәр талдауы, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, несепнәр, креатинин, билирубин, АЛТ, АСТ, глюкоза);


Аспаптық зерттеулер:
Негізгі:
·          өңештің шұғыл эндоскопиялық зерттеуі;
·          кеуде торын және ішті шолу рентгенограммасы көкірек қуысы және  көкіректегі газ, эмфиземаны анықтау үшін;
·          өңеш және асқазанды шұғыл рентгеноконтрастілі зерттеу;
·          екі стандартты проекцияда мойын аймағындағы кеуде торын шолу рентгенографиясы  ӨБД – «батареяны» анықтайды – рентгенологиялық белгілер: баспалдақ түріндегі шеттері немесе сынған шеттері бүйірлік суретте көрінеді, дөңгелек рентгенді контрастілі БД қос контуры фронтты суретте көрінеді;
·          екі стандартты проекцияда мойын аймағында ұстаумен кеуде торын шолу рентгенографиясын зерттеулер асқынуларды анықтайды: өңештің тесілуі, пневмоторакс, қабыну инфильтративті өзгерістері.
·          ӨБД эзофагоскопиядағы диагностиканың негізгі әдісімен. Металл бөгде денелер анықталады; контрастілігі аз бөгде денелерде еритін контрастілік затпен және эзофагоскопиямен өңешті зерттеуде анықтайды.
 
Қосымша
·          УДЗ өңеш қабырғалары және жақын жатқан жұмсақ тіндердің инфильтративті өзгерістерін, өңеш айналасы кеңістігінде ауаның болуын визуализациялайды;
·          БД бронхыларының диагностикасына арналған бронхоскопия;
·          күрделі БД және асқынуларды анықтау және диагностикаға арналған компьютерлік томография  (КТ). Екі сәулелену көзі бар КТ, себебі әдіс зерттеуді екі жылдамдықпен және неғұрлым жоғары рұқсатпен орындауға мүмкіндік береді
·          тік ларингоскопия.
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:  
·          балалар хирургының консультациясы – мамандандырылған орталыққа жіберу және диагнозды анықтау үшін;
·          торакальды хирургтың консультациясы – периэзофагальды асқынуларды дамытуда, эзофаготомия әдісімен бөгде денені жою қажеттілігінде ригидті эндоскопия немесе фиброэндоскопияда бөгде денелерді қиындатылған жою жағдайларында;
·          балалар гастроэнтерологының консультациясы  – асқынуларды емдеу, өңештің пептикалық жарасы, жіті эзофагит, эзофагоспазманы болдырмау үшін: эзофагит;
·          балалар оториноларингологының консультациясы  –  жұтқыншақтың қабынуы, жұтқыншақта бөгде денені болдырмау үшін;
·          балалар анестезиологының консультациясы  – операцияларға мүмкін қарсы көрсетілімдерді анықтау және болдырмау;
·          балалар диетологы, гастроэнтерологының консультациясы  – ӨБД жойғаннан кейін тағамдық энтералдық қоспаларды іріктеу, ӨБД жойғаннан кейін диета тағайындау үшін;
·          балалар реаниматологының консультациясы  – уытсыздандыру терапиясының көлемі және сипатын анықтау мақсатымен ауыр асқынулар жағдайында;
·          балалар пульмонологының консультациясы  – өкпелер ауруларын болдырмау үшін;
·          балалар кардиологының консультациясы  – тұрақсыз кардиодинамикада, ЖТА;
·          балалар инфекционистінің консультациясы  –дифтерияны болдырмау үшін;
·          балалар гематологының консультациясы  – гематологиялық асқынуларды дамытуда – анемияда;
·          балалар онкологының консультациясы  – өңештегі онкологиялық процесті болдырмау үшін;
·          морфологтың консультациясы  – өңештің шырышты қабатын гинекологиялық зерттеуді өткізу үшін.

Диагностикалық алгоритм:  



Дифференциалды диагноз


Қосымша зерттеулер негіздемесі және дифференциалды диагноз:
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Тексерулер Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Балалар өңешіндегі бөгде дене  Жөтел, құсу, тамақ ішуден бас тарту гиперсаливация,
тыныс алудың бұзылуы
ФЭГДС
 
ФЭГДС-те өңештің бөгде денесін анықтау
 
Балалардың бронхыларындағы бөгде дене Жөтел,  тыныс алудың бұзылуы Бронхо
скопия
·      Бронхоскопияда бронхылардың бөгде денесін анықтау;
·      Бронхылардың бөгде денесін көкірек қуысы рентгенографиясында анықтау
 
Балалардағы эзофагит құсу, тамақтан бас тарту гиперсаливация жөтел   ФЭГДС ·    Эзофагоскопияда өңештің шырышты қабатының қабыну өзгерістерін анықтау
Балалардағы эзофаго
спазм
·    Жауырын аралық аймақтағы көкірек қуысы ауырулары, мойынды, арқаны, құлақты жаңғыртып ауыртады
·    Ауырсыну дербес болуы мүмкін
·    Сұйық және қатты тамақты қабылдаудағы дисфагия
·     Көкіректегі түйірді сезіну
•      ФЭГДС
•      Өңешті рентгено
скопиялық зерттеу 
·   Эзофагоскопияда өңештің шырышты қабатының қабыну өзгерістері көрінбейді
·  Өңешті рентгенологиялық зерттеуде «жұп», «бұранда» түріндегі өңештің өзгеруі анықталады
Өңештің пептикалық жарасы
 
·  көкірек немесе эпигастриядағы ауыру, тамақ ішу кезінде немесе тамақтан кейін, тағамды жұтуда
·  дисфагия
·  қыжыл
·  кекіру
·  қышқыл асқазан ішіндегісін құсу
·  ФЭГДС
· Өңешті рентгеноскопиялық зерттеу 
·  Эзофагоскопияда өңештің шырышты қабатындағы жара көрінеді
· Рентгенологиялық зерттеуде пептикалық жара шырышты қабат рельефінде немесе контурында текше түрінде анықталады
Балалардағы дифтерия ·    тамақпен қақалу
·    жөтел
·    дауыстың қарлығуы
тәбеттің болмауы, құсу
·  тамақтағы ауырсыну
·  бадамша бездеріндегі фиброзды қабат
·  температураның 39-40С  дейін көтерілуі
·    жұтқыншақты тексеру
·    ларингоскопия
Бадамша безде қиын алынатын, фиброзды қабаттың болуы
 
 
 
Балалардағы пневмония Жөтел,  тыныс алудың бұзылуы, тамақтан бас тарту  Өкпелер рентгені ·              Көкірек қуысы рентгенографисында пневомнияны анықтау

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [7]:  өңештің расталған бөгде денелерінің барлық жағдайы  және оларды жұтуға тез арада жұтуға жатады.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          дисфагияның болмауы;
·          ағзаның физикалық көрсеткіштерін қалпына келтіру;
·          қан көрсеткіштерін қалпына келтіру;
·          ауыру синдромының болмауы;
·          тамақтың түсуін қалпына келтіру
 

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [6,7]

Пациентті бақылау картасы, науқасты бағдарлау ызбалар, алгоритмдер)
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          палаталық режим; ерте операциялық кезеңде төсек.
·          № 1 диета кіші жастағы балалар – емшек сүті немесе қоспа;
·          энтералды тамақтану Т) –операциядан кейінгі кезеңде энтеральды қоспалар. 1-3 жастағы балаларға арналған дәрумендер және микроэлементтердің ұсынылған тәуліктік мөлшері 1000 мл (1 ккал/мл) Клинутрен Юниор дайын қоспасында болады, 4–10 лет  жастағы балалар үшін – 1500 мл (1 ккал/мл) дайын қоспа.
·          ЭТ пайдаланудың бастапқы кезеңдерінде жартылай элементті қоспаларды тағайындау ұсынылған, олар бос амин қышқылдарының кішігірім санын және олигопептидтердің тағамдық ақуыздары гидролизі әдісімен алынған, ол аралық қабырғаның ас қорытуын және тікішекте сіңірілуін жақсартады. Қоспалар орташа тізбектік триглицеридтерді қамтиды, оларды сіңіру қосымша ферментативтік күштерді талап етпейді, ол асқазан асты безінде және бауырда функционалдық салыстырмалы тыныштықты қамтамасыз етеді.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу

Негізгі дәрілік заттар тізбесі:

Дәрілік заттар Қолданылу тәсілі  Дәлелділік деңгейі
 
Антибактериалды құралдар: b-лактамды антибиотиктер және басқа антибактериялық заттар
цефуроксим
 
1 айдан 18 жасқа дейінгі  балаларға тамырішілік 30 минут бұрын ем-шараға дейін 50 mg/kg (max. 1.5 g), соңыра б/і немесе т/і 30 mg/kg (max. 750 mg) әр 8 сағат сайын инфекцияның жоғары қауіпті ем-шаралары үшін  - 7-10 күн В[18]
цефтазидим Екі айға дейінгі балалар – 30 мг кг салмаққа т/і, екіге бөлінген; екі айдан 12 жасқа дейін  – 3050 мг т/і кг салмаққа, үшке бөлінген.- 7 – 10 күн В[18]
амикацин әр  8 сағат сайын 5 мг/кг немесе әр 12 сағат сайын 7,5 мг/кг. Зәр жолдарын зақымдағанда асқынған бактериалды инфекцияларда амикацинді әр 12 сағат сайын 250 мг.
Шала туылған балаларға 10 мг/кг мөлшерлемеде, 7,5 мг/кг дозасына өтумен,  әр 18-24 сағат сайын. Б/і енгізуде терапия 7-10 күнге созылады, б/і – 3-7 күн.
В[18]
гентамицин Б/і, т/і. Доза жеке анықталады. Парентеральды енгізуде аурулардағы әдеттегі тәуліктік доза бүйректердің қалыпты функциясымен б/і және т/і енгізуде бірдей анықталады — 3 мг/кг/тәу, енгізу жиілігі — тәулігіне 2–3 рет; ауыр инфекцияларда — 5 мг/кг дейін (максималды тәуліктік доза). В[18]
Зеңге қарсы дәрілік заттар
метронидазол Неонатальды кезең 5–10 мг/кг 2 қабылдауға.
Балалар 1 айдан 1 жылға дейін 5–10 мг/кг 2 қабылдауға.
Балалар 1 ден 18 жасқа дейін 10 мг/кг  (max. 600 mg) 2 қабылдауға.
В[18]
флюконазол Терінің және шырыштының кандидозды зақымдануында балаларға т/і енгізуде 1 – 3 мг/кг. Инвазивті микоздарда  доза  6 – 12 мг/кг-ге дейін көтеріледі. В[18]
Симптоматикалық терапия
альбумин 10% гипоальбуминемияда, гипопротеинемияда операциялық шокта тамшылық т/і.
Балаларға альбумин  тәулігіне дене салмағына 3 мл/кг есеппен  тағайындалады (көрсетілімдер бойынша).
С[18]
альбумин 20% 15 жасқа дейін  т/і немесе б/і енгізу үшін орташа тәуліктік мөлшер - 0,5-1,5 мг/кг. С[18]
Диуретиктер
фуросемид Орташа тәуліктік мөлшер т/і немесе б/і 15 жасқа дейін енгізу - 0,5-1,5 мг/кг. В[18]
         
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі (100%  аз қолдану ықтималдылығы):

Дәрілік заттар Қолданылу тәсілі  Дәлелділік деңгейі
 
Антисекреторлық құралдар
Пантопрозол Ішке ½ табл 10 мг – 1табл 20 мг күніне 2 рет тамақтан 30 минут бұрын В[18]
Рабепразол Ішке ½ табл 10 мг – 1табл 20 мг күніне 2 рет тамақтан 30 минут бұрын В[18]
Эзомепразол магния
 
Ішке 1, 2 там. 10 мг, 1 капс  20 мг 12 жастан күніне 2 рет тамақтан 30 минут бұрын В[18]
Прокинетиктер
Метоклопрамид ішке, б/і 5-10 мг, т/і В[18]
Домперидон
(Табл 10 мг сіңірілуі үшін 20 мг) 
Балаларға 5 тен 12 жасқа дейін:  1 табл 10  мг күніне  3 рет  тамаққа дейін 30 минут бұрын - 7-14 күн;
12 жастан асқандарға 2 табл 20 мг 3 рет ішке тамаққа дейін 30 минут бұрын – 7-14 күн
В[18]
Антацидтер
алюминий фосфаты гель 20%
 
6 жастан асқан балаларға: 1 пакет күніне 3 рет тамаққа дейін 10 минут бұрын – 7-14 күн В[18]
Спазмолитиктер
гиосцин бутилбромиді
10 мг
6 жасқа дейінгі балаларға: 1 табл күніне  3 рет 100 мл су ішу – 3 7 күн С[18]

 
Хирургиялық араласу [6]:
1)      Мойын эзофаготомиясы.
2)      Мойын медиастинотомиясы. 
 Көрсетілімдер:
Абсолютті көрсетілімдер: 
·          өңештің дөрекі зақымдаусыз терең енген бөгде денені эзофагоскопиялық әдіспен жою әдісі;
·          асқазан-кеңірдек жыланкөзі, қан ағу қаупі бар периэзофагельді эмвиземаның болуы; қайталама инфекцияның айқын белгілермен өңештің тесілуі;

Салыстырмалы көрсетілімдер:
·          шырышты қабаттың ауқымды зақымданулары;
·          эзофагоскопияны уақытында өткізбеу (24 сағаттан артық).
 
Онда ұзақ уақыт бөгде дене болуы нәтижесінде ұзақ болуы нәтижесі зақымданғанда асқазанды көкірек қуысына асқазанды ауыстыру жолымен өңеш пластикасын өткізеді.
 
Әрі қарай емдеу:
·          №1 диета (ЭТ);
·          ЭТ пайдаланудың бастапқы кезеңдерінде жартылай элементті қоспаларды тағайындау ұсынылған, олар бос аминқышқылдарының кішігірім саны және олигопептидтерге дейін тағамдық ақуыздаодың гидролизі әдісімен алынған жартылай сегментті қоспаларын тағайындау ұсынылған, ол тікішекте сіңірілу және олардың қабырға ортасындағы ас қорытылуын жақсартады. Қоспалар орташа тізбекті триглицеридтерді қамтиды, олардың сіңірілуі қосымша ферментативті күштерді талап етпейді, ол ұйқы безі және бауырдың функционалды салыстырмалы тыныштығын қамтамасыз етеді.
·          Барийдің қолданылуын рентгенологиялық бақылау.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          дисфагияның болмауы;
·          ағзаның физикалық көрсетілімдерін қалпына келтіру;
·          қан көрсетілімдерін қалпына келтіру;
·          ауыру синдромының болмауы;
·          тағамның қорытылуын қалпына келтіру.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: өңештің расталған бөгде денелерінің барлық жағдайлары және оларды жұтуға күмәнда тез арада жатқызуға жатады. Диагноситкалық фиброэндоскопияны өткізу үшін тұрғылықты жері бойынша салалық стационарға шұғыл жатқызу. Мамандандырылған мекемеге әрі қарай ауыстырумен қажеттілігі болғанда  эндоскопиялар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1. Хесем А-Кадер, Х. (2010). Заболевание инородных тел: детям нравится ставить предметы во рту . Всемирный журнал педиатрии , 6 (4), 301-310. DOI: 10.1007 / s12519-010-0231-y 2. Абакумов М.М.., Пинчук Т.П. Эндоскопическая тактика при инородных телах верхних отделов желудочно-кишечного тракта // Эндоскопическая хирургия.-210.-№1- с.52-55 3. Быстрыгин А.В., Махотин А.А. Гандуров С.Г., Ефременко А.Д., Жила Н.Г. Лечебная тактика при инородных телах – батарейках верхних отделов желудочно-кишечного тракта у детей, особенности эндоскопической диагностики и лечения // Дальневосточный медицинский журнал.-2008.-№4- С.99-101 4. Богданов В.В., Юнусов Р.Ф.- Инородное тело в пищеводе, осложненное перфорацией его шейного отдела, эмфиземой клетчаточных пространств шеи, шейно-грудным медиастенитом // журнал вушних, носових i горлових хвороб. -2010.-№2-С.71-76 5. Возгомент О.В. О проблеме лечения детей с повреждением пищевода, вызванного инородными телами // Трудный пациент.-2013.-Т11.№6-С.6-8 6. Долецкий С.Я. Лечебная тактика при инородных телах желудочно-кишечного тракта у детей // Детская хирургия.-2008.-№5.-С34-36 . 7. К.У. Ашкрафт, Т.М. Холдер Источник: http://medbe.ru/materials/inorodnye-tela-ukusy-ozhogi/inorodnye-tela-u-detey-inorodnye-tela-pishchevoda/ 8. Национальное руководство Детская хирургия / Под ред. Ю.Ф. Исакова, А.Ф. Дронова. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. — 1068 с. 2. 9. Разумовский А.Ю., Гераськин А.В., Обыденнова Р.Р. Лечение химических ожогов пищевода у детей // Хирургия. Журнал им. Н.И. Пирогова. — 2012. — № 1. — С.43-48 10. Сowan S.A., Jacobsen P. Ingestion of button batteries. Epidemiology, clinical sings and therapeutic recommendations. // Ugeskz Laeger. — 2002. — Vol. 164 (9). — P. 61204-1207. 11. Ziegler M.M., Azizkhan R.G., Weber J.R. Operative pediatric surgery. — McGraw-Hill, 2003. — P. 341-345. REFE 12. Гришин О.О., Притула В.П., Коломоєць І.В., Жежера Р.В. и др. Магніти — агресивні сторонні тіла шлунковокишковогго тракту у дітей // Актуальні питання лікування дітей з хірургічною патологією. Матеріали науковопрактичної конференції з міжнародною участю. — К., 2012. — С. 5254. 13. Birk Michael et al. Удаление инородных тел в верхнем желудочно-кишечном тракте у взрослых: (ESGE) Клинические рекомендации ... Эндоскопия 2016; 48: 1-8 14. Атлас детской оперативной хирургии/ под ред. П.Пури. М.Гольварта: пер с англ. Под общей ре. Проф Т.К.Немиловой.-М.:МЕДпресс-информ.2009.-с.8-9. 15. Детская гастроэнтерология: руководство для врачей/под ред.проф. Шабалова Н.П.., 2011- С.281-283 16. Обыденова Р.В., Веровский В.А., Полюдов С.А. Гуз В.И., Мызин А.В., Михопулос А.М.. Осложнения инородных тел пищевода у детей. Российский вестник детской хирургии, анестезиологии и реаниматологии. 2011. №1.- С. 65-70. 17. Ерпулёва Ю.В. Раннее энтеральное питание детей с хирургической патологией // РМЖ. 2009. №25. С.1636 Большой справочник лекарственных средств. Под редакцией Зиганшиной Л.Е.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)      Хаиров Константин Эдуардович – медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директорының м.а. 
2)      Тұрлыбекова Зәкия Ермекқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы Республикалық диагностикалық орталығының «UMC» КҚ балалар гастроэнтерологы.
3)      Рүстемов Дастан Зейноллаұлы – «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы», «UMC» КФ филиалының балалар хирургы, Астана қаласы.
4)      Мәжитов Талғат Мансұрұлы – медицина ғылымдарының докторы, клиникалық фармакология және интернатура кафедрасының профессоры, клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1)       Қалиасқарова  Күлпаш Сағындыққызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, гепатолог, «Universial  medical center» КҚ Гепатология және гастроэнтерология бойынша республикалық үйлестіру орталығының басшысы, Астана қаласы.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары:  жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң және/немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх