Балалар тілмесі

erysipelas

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Рожа (A46)
Инфекционные болезни у детей, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің 
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «18» тамыздағы
№ 26 хаттамасымен мақұлданған

Тілме – стрептококкты инфекцияның бір түрі, лимфатикалық және қан тамырларының, сирек жағдайда шырышты қабықтардың  зақымдануымен сипатталады, терінің, теріастылық-майлы жасұнықтың сірлі-экссудативті немесе сірлі-геморрагиялық оқшауланып қабыну және ортақ уытты реакциялары түрінде шығады.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары)

АХЖ-10
Код Атауы
А46.0 Тілме
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:

ЖПД жалпы практика дәрігері
ТТҚҰ тамыр ішіндегі таралған қан ұю
ИАК инфекциялық аурулар кабинеті
СРА С-реактивті ақуыз
ЖБЖ жіті бүйрек жетіспеушілігі
ЖЗТ жалпы зәр талдауы
ЖҚТ жалпы қан талдуы
ЭТЖ эритроциттердің тұну жылдамдығы
ИУШ инфекционды-уытты шок
БЖАИЖ балалар жасындағы ауруларды интегралды жүргізу
ҚОБ қауіптіліктің ортақ белгілері
УФС ультрафиолетті сәулелендіру
ЭКГ электрокардиограмма
 
Хаттаманы қолданушылар: балалар инфекционисты, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, балалар хирургі.
 
Пациенттердің санаты: балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+)тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға(++ немесе +) қолданылуы мүмкін.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардыңпікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Жіктеме [1-4]:
Пайда болу сипаты бойынша: •       алғашқы;
•       қайталанған (алғаш ауырғаннан кейін 2 жыл немесе одан да көп уақыт өткен соң немесе одан ерте мерзімде қайта ауыру, бірақ үрдістің басқаша оқшаулануында);
•       қайталанушы (балалар өте сирек кездеседі; қайталанулар бірнеше күннен 2 жылға дейін үрдістің дәл сол оқшаулануында туындайды).
Жергілікті біліну сипаты бойынша: •       эритематозды;
•       эритематозды-буллезді;
•       эритематозды-геморрагиялық;
•       буллезді-геморрагиялық.
Ауырлық дәрежесі бойынша: •       жеңіл;
•       орта ауыр;
•       ауыр.
Үрдістің таралуы бойынша: •       оқшауланған;
•       таралған;
•       метастаздық.
Тілменің асқынуы: •       жергілікті (абсцесс, флегмона, некроздар);
•       ортақ (сепсис, өкпе қабынуы, ИУШ).
NB! Диагнозы рәсімдеу мысалы: тілме, алғашқы, оқшауланған, эритематозды түрі, ауырлығы орта ауыр дәрежелі

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар[1-5]

Шағымдар:
·               дене қызуының  39-400С дейін көтерілуі;
·               қалтырау (тоңу);
·               бас ауыру;
·               әлсіздік;
·               жүрек айну;
·               лоқсу;
·               сандырақ, менингизм(ауыр түрлерінде);
·               зақымдалған аймақтағы ауырлық сезімі, парестезия;
·               аймақтық лимфатүйіндерінің ауыршаңдығы.

Анамнез:
·               аурудың жіті басталуы;
·               тері қабатының бүтіндігінің бұзылуы (микрозақымдардың және жарақат бетінің, тырналған жерлердің, жарылған жерлердің және басқалардың бар болуы);
·               соғып алған жерлер;
·               дерматит және ерте эастағы балалардың басқа да тері аурулары.  
 

Физикалық зерттеп-қарау:
Тілменің эритематозды нысаны: •      эритема (тісшелер, доғалар, алаудың тілі түріндегі ирек келбетті кенет шектелген тері гиперемиясы);
•      терінің ісінуі, эритема аймағының сыртына таралған (өзіне жататын майлы тіндерді қамтитын);
•      зақымдалған аймақтың ауыруы, күйдіру, күшею;
•      эритемадағы жергілікті дене қызуының көтерілуі; ;
•      аймақты лимфаденит (кейде периаденит пен лимфангит пен асқынады).
Эритематозды-буллезді нысаны: •      гиперемия және ісіну кезіндегі буллезді элементтер, құрамында түссіз сұйықтық бар (элементтер әр түрлі мерзімдерде пайда болады, кішігірім везикулалардан үлкен көпіршіктерге дейін өзгереді);
•      сұр немесе сары-сұр түсті қабышақтар, грануляцияның дамуымен эрозиялар мен жаралар.
Эритематозды-геморрагиялық нысаны: •      қабыну аймағындағы гиперемия мен ісіну кезіндегі қан құйылу (көлемі кішкентай қанталаулардан кең экхимоздарға дейін).
Тілменің буллезды-геморрагиялық нысаны: •      геморрагиялық құраммен сіңірілген көпіршіктер;  
•      эритема маңайындағы теріге кеңінен қан құйылуы.
Жаңа туған сәбилер мен 1 жасқа дейінгі балалардың тілмесі •      кіндік аймағындағы үрдістің жиі оқшаулануы (1 тәулік ішінде іштің алдыңғы аймағында таралады, төмен жыныстық мүшелерге түседі, арқа мен денеге өтеді);
•      гиперемия аз айқындалған (ересектерге қарағанда емізулі балаларда);
•      шектеушілік білікше анық емес;
•      тілменің таралған және жылжитын тілменің түрі жиі (жаңа тәған нәрестелерде);
•      интоксикацияның тез өсуінің ауырлығымен, омыраудан бас тарту, септикопиямен өтеді.
 
Тілме ауырлығының өлшемшарттары:
Тілменің жеңіл нысаны •        мардымсыз интоксикация, субфебрильді қалтырау, оқшауланған, көбінесе эритематозды түрі.
Тілменің орташа ауыр  нысаны: •        айқындалған интоксикация;
•        ортақ әлсіздік, бас ауыру, тоңу, бұлшықеттердің ауыруы, кейде жүрек айну, лоқсу;
•        дене қызуының  38-39°С дейін көтерілуі, тахикардия, ануқастардың тең жартысында дерлік – гипотензия;
•        жергілікті үрдіс оқшауланған да, сондай-ақ таралған (екі анатомиялық аймақты қамтиды) сипатта болуы мүмкін.
Тілменің ауыр нысаны: •        айқындалған интоксикация;
•        гипертермия39-40°С;
•        кейде сананың тұтылуы, менингизмнің көрінісі, тырыспа;
•         тахикардия, жиі гипотензия;
•        кең көпіршіктері бар таралған буллезды-геморрагиялық тілме.
 
Зертханалық зерттеулер[1-4]:
·               ЖҚТформуласы солға нейтрофильді жылжыған лейкоцитоз, нейтрофилдердің уыттық түйіршіктелуі,  ЭТЖ жылдамдауы.
·               Бактериологиялық егу құрамында буллалар бар.
Қосымша зертханалық зерттеулер:
·               Қанды биохимиялық талдауС-реактивті ақуыз, антистрептолизин-О.
 
Аспаптық зерттеулер: жоқ.
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·               хирург консультациясы – хирургиялық асқынулар кезінде (флегмонаның, некроздың дамуы).
 
Диагностикалық алгоритм:[1-6]

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі [1-7]:
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Флегмона Эритема, қалтырау Хирург қарауы Гиперемия ошақтарының анық шекаралары жоқ, ортасында жарқынырақ. Пальпация кезінде кенет ауыртпашылық сипаты тән.
Тромбофлебит (іріңді) Эритема, қалтырау, оқшауланған ауыртпашылық Қан тамырлары хирургының қарауы Қан тамырлары бойындағы гиперемия аймақтары, ауыртпалық тәждері түрінде пальпацияланады.
Белдеулік ұшық Эритема, қалтырау Herpeszoster вирусына IgМ ИФТ Эритема бетте, денеде орналасқан; әрдайым біржақты, 1-2 дерматтар мөлшерінде. Ісіну айқындалмаған. 2-3 күні өзіне тән көпіршікті бөртпелер пайда болады
Сібір жарасы (тілмеұқсас нұсқасы) Қалтырау, интоксикация, эритема, ісіну Бөртпені B. Antracis  элементтерінен бөлініп алынатын бактериологиялық себу Үрдіс көбінесе қолдарда оқшауланады. Жергілікті өзгертулер қалтыраудың алдында келеді: ісіну мен гиперемия шекаралары айқын емес, жергілікті ауыртпашылық жоқ; ортасында – сипатты карбункул
Эризипелоид Эритема Ісіну сұйықтығынан, биопсияланған терінің бөлігінен Erysipelothrixrhusiopathiae қоздырғышының бөлінуі Интоксикацияның болмауы. Эритема саусақтар, білезік аймағында оқшауланады. Ісіну әлсіз айқындалған; жергілікті гиперемия жоқ. Бөлек ошақтары өзара қосылады; көбінесе саусақаралық қан тамырлары жараланады.
Экзема, дерматит Эритема, тері инфильтрациясы Дерматолог қарауы Қалтырау, интоксикация, ошақтың ауыршаңдығы. Қышыну, терінің қабыршықтануы, ұсақ көпіршіктер тән.

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1-4,8-11]
Амбулаторлық деңгейде тілменің жеңіл түрлерін емдеу жүзеге асырылады. Барлық пациенттерге этиотропты, десенсибилизациялатын, дезинтоксикациялайтын және жергілікті терапия белгіленеді. Антибиотиктардан көп жағдайда пенициллиндер, макролидтер және әсерінің спектрі кең антибиотиктер қолданылады.
 
Дәрі-дәрімексіз емдеу:
Режим:
·               төсек тартып жату (қалтыраудың барлық кезең ағымында).
Диета:
·               үш жасқа дейінгі балаларға № 16 үстел;
·               үш жастан ересек балаларға № 13 үстел (бөліп жылы ішу. Сүтті-өсімдікті диета).
 
Дәрі-дәрімекпен емдеу:
38,50С жоғары гипертермиялық синдромды тоқтату үшін: парацетамол 10-15 мг/кг қабылдау аралығы 4 сағаттан кем емес, ауыз арқылы немесе perrectum үш күннен көп емес немесе ибупрофен тәулігіне 3 реттен көп емес 5-10 мг/кг мөлшерінде ауыз арқылы.

Этиотропты терапия мақсатында:
·               бензилпенициллин натрийлі тұз –  100мыңнан б/кг/ тәулігіне әрбір алты сағат сайын 7-10 күн ішінде; немесе
·               амоксициллин клавуланды қышқылы 30-40 мг/кг/тәулігіне 3 рет немесе кларитромицин 15 мг/кг/тәулігіне 2 рет 7-10 күн ішінде; немесе
·               азитромицин 10 мг/кг бірінші күні және 2 күннен 5 күн аралығында 5 мг/кг – күніне 1 рет.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі [1-4,6,9,13,14]:

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі ДД
Бета-лактазаға сезімтал пенициллиндар Бензилпенициллин Бұлшықетішілік және қан тамырына құюға арналған ерітіндіні дайындау үшін қажет ұнтақ  1000000 ЕД А
Анилидтар Парацетамол Ішке қабылдауға арналған шәрбат 60 мл және 100 мл, 5 мл-да – 125 мг; 0,2г және 0,5г  ішке қабылдауға арналған таблеткалар; тік ішектік суппозиторийлар; инъекцияға арналған ерітінді (1 мл-да 150 мг). А
 
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі [1-4,6,9,13,14]:

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі ДД
Бета-лактамаз ингибаторларымен қосылған пенициллиндар Амоксициллин клавуланды қышқылы Қабықшамен қапталған таблеткалар 375 мг, ұсақталатын таблеткалар 500 мг/125 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия үшін қажет ұнтақ 125мг/31,25мг/5мл, 312,5мг/5мл А
Пропион қышқылының туындамалары Ибупрофен Ішке қабылдауға арналған суспензия және таблеткалар. Суспензия 100мг/5мл; таблеткалар 200 мг; А
Макролидтер Азитромицин ішке қабылдауға арналған капсулалар мен таблеткалар 125 мг, 250 мг, 500 мг, суспензиялар 100 мг/5 мл және 200 мг/5 мл құтыда 20 мл А
 Макролидтер  Кларитромицин Ішке қабылдауға арналған супензия 125 мг/5 мл. 250 мг/5 мл А
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу [1-4]:
·               5 күннен кейін учаскелік дәрігердің қайта қарауы;
·               егер баланың жағдайы нашарласа (5 жасқа дейін), әше алмайды немесе омырауды еме алмайды, 380С-тан жоғары қалтырау – ауруханалық емделуге жіберу;  
·               антибактериалды терапия басталғаннан кейін 10 күннен соң зертханалық көрсеткіштерді қайта бақылау (ЖҚТ, ЖЗТ);
·               алғашқы тілмелік қабынумен ауырған балалар, учаскелік дәрігерге немесе инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігеріне 3 ай бойы (айына 1 рет) қаралады.
 
Емдеу тиімділігінің және хаттамада сипатталған диагностика мен емдеу әдістерінің қауіпсіздігінің индикаторлары:
·               дене қызуының қалыпқа келуі;  
·               ісіну синдромын, лимфостазды тоқтату;
·               асқынудың, аурудың қайталануының 6-12 ай ішінде болмауы. 

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1-4,6,8-12]
Барлық пациенттерге этиотропты, десенсибилизациялатын, дезинтоксикациялайтын және жергілікті терапия белгіленеді. Антибиотиктардан көп жағдайда пенициллиндер, макролидтер және әсерінің спектрі кең антибиотиктер қолданылады. Инфузиялық терапия лимфостаздың дамуымен қатар тұрақты түрде қайталанатын тілме түрі кезінде пайдаланылады.
 
Пациентті қарау картасы, пациентті бағдарлау: 

Дәрі-дәрімексіз емдеу:
Режим:
·               төсек тартып жату (қалтыраудың барлық кезең ағымында).
Диета:
·               үш жасқа дейінгі балаларға № 16 үстел;
·               үш жастан ересек балаларға № 13 үстел (бөліп жылы ішу. Сүтті-өсімдікті диета).
 
Дәрі-дәрімекпен емдеу[1-4,6,8-12]:
38,50С жоғары гипертермиялық синдромды тоқтату үшін: парацетамол 10-15 мг/кг қабылдау аралығы 4 сағаттан кем емес, ауыз арқылы немесе perrectum үш күннен көп емес немесе ибупрофен тәулігіне 3 реттен көп емес 5-10 мг/кг мөлшерінде ауыз арқылы.
Этиотропты терапия мақсатында:
·               бензилпенициллин натрийлі тұз –  100мыңнан б/кг/ тәулігіне әрбір алты сағат сайын 7-10 күн ішінде; немесе
·               цефтриаксон  50–80 мг/кг/тәулігіне б/е, қ/т 7-10 күн ішінде; немесе  
·               цефотаксим по 50–100 мг/кг/ тәулігіне б/е, қ/т 7-10 күн ішінде;
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (антибиотик терапиясымен бір уақытта, қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, 7-10 күнге дейін):
·               ибупрофен 5-10 мг/кг ішке 5-7 күн ішінде тәулігіне 3 реттен көп емес.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі [1-4,6,8-14]:

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі ДД
Бета-лактазаға сезімтал пенициллиндар Бензилпенициллин Бұлшықетішілік және қан тамырына құюға арналған ерітіндіні дайындау үшін қажет ұнтақ  1000000 ЕД А
Пропион қышқылының туындамалары Ибупрофен Ішке қабылдауға арналған суспензия және таблеткалар. Суспензия 100мг/5мл; таблеткалар 200 мг; А
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі [1-4,6,8-14]:

Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі ДД
Басқа да ирригациялық ерітінділер Декстроза инфузияға арналған ерітінді  5% 200 мл, 400 мл; 10% 200 мл, 400 мл              С
Бензодиазепинның  туындылары Диазепам Бұлшық етішілік және қан тамырына құюға арналған ерітінді немесе  per rectum, 2 мл-нан 5 мг/мл  В
Антибактериалды препарат-цефалоспоринді қатар  
Цефтриаксон
Бұлшықетішілік және қан тамырына құюға арналған ерітіндіні дайындауға қажет ұнтақ 1 г А
Антибактериалды препарат-цефалоспоринді қатар Цефуроксим Бұлшықетішілік және қан тамырына құюға арналған ерітіндіні дайындауға қажет ұнтақ және  еріткіш 250 мг, 750 мг, 1500 мг А
Тұзды ерітінділер Натрий хлориді ерітіндісі инфузияға арналған ерітінді  0,9% 100 мл, 250 мл, 400 мл С
Жүйелі ГКС Дексаметазон Қантамырына және бұлшықетішілік құюға арналған ерітінді 1 мл ішінде 0,004 А
Жүйелі ГКС Преднизолон Қантамырына және бұлшықетішілік құюға арналған ерітінді 30 мг/мл, 25 мг/мл А
 Анилидтер  Парацетамол Ішке қабылдауға арналған  60 мл және 100 мл шәрбат, в 5 мл – 125 мг; 0,2 г және 0,5 г ішке қабылдауға арналған таблеткалар; ректальды суппозиторийлар; инъекцияға арналған ерітінді (1 мл  ішінде 150 мг). А
 
Хирургиялық араласу[1-4]:
Тілмелік қабынудың эритематозды-буллезді түрінің жітілік кезеңінде:
·               зақымданбаған көпіршіктерді ашу, жалқықты алып тастау және сұйық антисептиктары бар байлайыштармен таңу.
Суланатың кең эрозиялар кезінде:
·               жергілікті емдеу – аяқ-қолдарға арналған марганецті ванналар, содан кейін сұйық антисептиктері бар таңғыштармен таңу.
Тілмелік қабынудың іріңді-некротикалық асқынулары кезінде:
·               жараны хирургиялық тазарту – некротизацияланған тіндерді тілу, сұйық антисептиктары бар таңғыштарды қою.
NB! Аурудың жіті кезеңінде жақпа майлар үзілді-кесілді қарсы көрсетілген (ихтиол жақпа майы, Вишневский бальзамы, антибиотиктары бар жақпамайлар).
 
Әрі қарай емдеу [1-4,8,11]:
·          аурудың орта ауыр және ауыр (іріңді-септикалық асқынулармен) түрімен ауырған реконвалесценттер учаскелік педиатр дәрігерлерінде, ЖПД, инфекционист-дәрігерлерінде 3 айдан 12 айға дейін (қайталанусыз) толық клиника-зертханалық сауығуға дейін  диспансерлік қарауға жатады.
·          қайталанатын түрімен ауырған балалар, 2 жылдан кем емес уақыт (3 айда бір рет) аралығында қаралады, 3-4 ай аралығында бициллинопрофилактика көрсетілген (бициллин-5 – 6 жасқа дейінгі балаларға 600 мыңнан жіне 6 жастан асқан балаларға 1,2 млн.-нан БІРЛІК 3-4 аптада бір рет б/е. Салғанға дейінгі 1 сағат бұрын антигистаминді препараттар берілуі тиіс); 
·               жиі қайталануларда – бициллин-5-ті жыл бойы 2-3 жыл аралығында бұлшықетішіне салу.
 
Емдеудің тиімділік индикаторлары [1-4]:
·               ортақ уытты синдромды тоқтату (дене қызуының қалыпқа келуі);  
·               жергілікті қабыну үрдісін тоқтату;
·               ісіну синдромын, тұрақты лимфостазды, аурудың қалдық көріністері мен зардаптарын жою немесе азайту;
·               асқынудың, аурудың қайталануының 6-12 ай ішінде болмауы  
·               ЖҚТ көрсеткіштерінің қалыпқа келуі;
·               зақымдалған ағза қызметінің қалыпқа келуі. 


Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [2-4]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер [1-4]:
·               тілменің орта ауыр және ауыр ағымы, үрдістің оқшаулануына қарамастан (әсіресе тілменің буллезды-геморрагиялық түрі);
·               интоксикацияның дәрежесіне, жергілікті үрдістің сипаты мен оның оқшаулануына қарамастан тілменің жиі қайталануы және ерте қайталануы;
·               тілменің асқынуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Roberg M.Kliegman, Bonita F.Stanton, Joseph W.St.Geme, Nina F.Schoor/ Nelson Textbook of Pediatrics. Twentieth edition. International Edition.// Elsevier-2016, vol. 2-th. 2) Учайкин В.Ф., Нисевич Н.И., Шамшиева О.В. Инфекционные болезни у детей: учебник – Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2011 – 688 с. 3) Симованьян Э.М. Инфекционные болезни у детей. Учебное пособие – Ростов н/Д, 2007.–766 с. 4) Инфекционные болезни у детей: под ред. проф. В.Н. Тимченко. – 4-е изд., испр. и доп. - СПб.: СпецЛит, 2012. – 218-224 с. 5) Erysipelas, a large retrospective study of aetiology and clinical presentation/Anna Bläckberg, Kristina Trell, and Magnus Rasmussen. BMC Infect Disease. 2015. 6) A systematic review of bacteremias in cellulitis and erysipelas/ Gunderson CG1, Martinello RA. Journal of Infection 2012 Feb.4. 7) Krasagakis K, Samonis G, Maniatakis P, Georgala S, Tosca A "Bullous erysipelas: clinical presentation, staphylococcal involvement and methicillin resistance". Dermatology. 212 (1): 31–5. (2006). 8) Koster JB, Kullberg BJ, van der Meer JW "Recurrent erysipelas despite antibiotic prophylaxis: an analysis from case studies". The Netherlands Journal of Medicine. 65 (3): 89–94. (March 2007). 9) Consensus Document on the Management of Cellulitis in Lymphoedema; British Lymphology Society (2013). 10) Thomas K, Crook A, Foster K, et al; Prophylactic antibiotics for the prevention of cellulitis (erysipelas) of the Br J Dermatol. 2012 Jan 166(1):169-78. 11) Oh CC, Ko HC, Lee HY, et al; Antibiotic prophylaxis for preventing recurrent cellulitis: a systematic review and meta-analysis. J Infect. 2014 Jul 69(1):26-34. doi: 10.1016/j.jinf.2014.02.011. Epub 2014 Feb 24. Copyright © 2014 The British Infection Association. 12) Aboltins CA, Hutchinson AF, Sinnappu RN, et al; Oral versus parenteral antimicrobials for the treatment of cellulitis: a randomized non-inferiority trial. J Antimicrob Chemother. 2015 Feb 70(2):581-6. doi: 10.1093/jac/dku397. Epub 2014 Oct 21. 13) Большой справочник лекарственных средств / под ред. Л. Е. Зиганшиной, В. К. Лепахина, В. И. Петрова, Р. У. Хабриева. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 3344 с 14) BNF for children 2014-2015

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)           Эфендиев Имдат Муса оглы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулары және фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі.
2)           Баешева Динагүл Аяпбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі.
3)           Құттықұжанова Ғалия Ғабдуллақызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулары кафедрасының профессоры.
4)           Девдариани Хатуна Георгиевна       – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулар кафедрасының доценті.
5)           Жұмағалиева Галина Даутқызы       – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК  балалар инфекциялары курсының жетекшісі.
6)           Мажитов Талғат Мансұрұлы – медицина ғылымдарының докторы,  профессор, «Астана медицина университеті» АҚ  клиникалық фармакология кафедрасының профессоры.
7)           Умешева Күміскүл Абдуллақызы – медициналық ғылымдар кандидаты, «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулар кафедрасының доценті.
8)           Алшынбекова Гүлшарбат Қанағатқызы   – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулар кафедрасы профессорының м.а.
 
Рецензенттердің тізімі:
1)      Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК профессоры, үздіксіз кәсіби даму мен клиникалық жұмыс бойынша проректор, инфекциялық аурулар кафедрасының профессоры.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх