Балалар және жасөспірімдерде түйінді зоб
Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)
Другие формы нетоксического зоба (E04), Нетоксический многоузловой зоб (E04.2), Нетоксический одноузловой зоб (E04.1)
Педиатрия, Эндокринология детская
Анықтамасы
Анықтамасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «18» тамыздағы
№ 26 хаттамасымен мақұлданған
Түйінді зоб – пальпация кезінде немесе көзбен шолу әдісінің көмегімен анықталатын, ҚБ түзілімдерінен құралған жинақтаушы түсінік. [1-3].
КІРІСПЕ БӨЛІМ
АХЖ-10 коды (тары)::
АХЖ-10 | |
Коды | Атауы |
E04 | Улы емес зобтың басқа түрлері |
E04 |
Улы емес диффузиялық зоб Улы емес зоб: диффузиялық (коллоидты), қарапайым |
E04.1 |
Улы емес біртүйінді зоб Колоидты түйін (сарысу ісікті) (тиреоидты). Улы емес мононодозды зоб. Тиреоидты (сарысу ісікті) түйін ҚН |
E04.2 |
Улы емес көптүйінді зоб Сарысу ісікті зоб ҚН Полинодозды (сарысу ісікті) зоб ҚН |
E04.8 | Улы емес зобтың басқа да нақтыланған түрлері |
E04.9 |
Нақтыланбаған улы емес зоб ҚН зоб. Түйінді зоб (улы емес) НҚ |
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017жыл.
Хаттаманың пайдаланушылар: балалар дәрігерлері- эндокринологтар, ЖПД, педиатрлар.
Пациенттердің санаты: балалар және жас өспірімдер.
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:
А | Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. |
В | Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+)тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. |
С | Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. |
D | Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі. |
GPP | Үздік клиникалық практика |
Жіктемесі
Клиникалық жіктеме[1]
«Түйінді зоб» ұғымы келесі ауруларды біріктіреді:
1) Түйфінді коллоидты зоб – қатерсіз тұзілім, бұл жағдайда ҚБ жасушалары тығыздалған шырышты заттармен толып қалған (коллоидтармен);
2) Фолликулярляаденома–ҚБ қатерсіз ісігі (балаларда сирек кездеседі);
3) Жалған түйіндері бар АИТ гипертрофты түрі және ол ҚБ ісіну нәтижесінде пайда болады;
4) ҚБ солитарлы қышқылы– сұйықтықпен толған қуыс;
5) Қатерлі ісіктер – ҚБ қатерлі ісігі:
· Папиллярлы қатерлі ісік – балаларда ҚБ қатерлі ісігінің 90%құрайды (көбнесе мультифокалды, екі жақты, аймақтық мойын лимфалық түйіндеріне метастазалар түседі, 25% өкпеге метостаза түседі);
· Фолликулярлы қатерлі ісік (бірфокалды, өкпе және сүйектерге гематогенді метостазалар түседі);
· Медуллярлы қатерлі ісік (балаларда сирек кездеседі);
· Анапластикалық қатерлі ісік (балаларда сирек кездеседі).
NB! Балаларда ҚБ қатерлі ісігі көбнесе түйін түрінде, сирек – ұлғайған мойынды лимфалық түйіндер түрінде көрінеді.
2 кесте.Зоб өлшемдерінің жіктемесі (ВОЗ, 1994)
Зоб дәрежесі | Сипаттамасы |
0 | Зоб жоқ. Әр бөлшегінің өлшемдері зерттелушінің үлкен саусағының дистальді бөлігінің өлшемінен аспайды. |
I | Зоб өлшемдері зерттелушінің үлкен саусағының дистальді бөлігінің өлшемдерінен үлкен, зоб пальпацияланады, бірақ көрінбейді. |
II | Зоб ұстаған кезінде білінеді және көзге көрінеді |
Диагностикасы
ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [1-3]
Диагностикалық өлшемшарттар
Шағымдар және анамнез
Шағымдар:
· даусының өзгеруіне шағымдар;
· тамақ және су қабылдау кезінде жайсыздық және шашалу;
· демалу және жұтылудың бұзылуы;
· қалқанша без облысында деформация.
Анамнез:
· йодтың тапшылық аудандарында тұру;
· туысқандарында қалқанша без ауруларының бары;
· зобтың ұзақтылығы және оның жоғарлау динамикасы;
· иондаушы сәулеленудің әсері.
Физикалық қарап-зерттеу;
· ҚБ өлшемдерінің үлкеюі, ҚБ түйіндері саусаққа білінеді.
· ұстау кезінде ҚБ консистенциясы, оның өлшемдері, жұту кезіндегі қозғалуы, ауыратыны анықталады;
· мойын жағында лимфалық түйіндерді тексеру (өлшемі, тығыздығы);
· түйіндері 5 см жоғары болған кезінде – мойынның деформациясы, мойын тамырларының ісуі;
Зертханалық зерттеулер:
Гормондар және антиденелерді анықтау үшін қанның биохимиялық талдауы:
· ТТГ мөлшерін анықтау (ҚБ қатерлісі ісігі кезінде өзгермейді, гипитериоз бар АИТ кезінде – жоғары, ал улы адемома кезінде – төмен болады);
· свТ4 және свТ3 мөлшерін анықтау (ҚБ қатерлісі ісігі кезінде өзгермейді, гипитериоз бар АИТ кезінде – төмен, ал улы адемома кезінде – жоғары болады);
· кальцитонин мөлшерін анықтау, егер ТАБ нәтижелері бойынша ҚБ медуллярлы қатерлі ісігін болжамдайды.
· Биопсияның күдік тудыртатын (анықталмаған) нәтижелерін нақтылау үшін гистохимиялық маркерлерді (HBME-1, галектин-3) анықтау ;
· Алғашқы рет ҚБ медуллярлы қатерлі ісігін диагностикасын жасаған барлық пациенттерге, сонымен қатар ҚБ тұқым қуалайтын медуллярлы қатерлі ісігі бар пациенттердің туысқандарына RET протоонкогеннің мутациясына генетикалық тест;
· Тұқым қуалайтын RET протоонкогеннің мутациясы бар барлық пациенттерге – феохромоцит (МЭН-2А және -2В кезінде) және гиперпаратиреоз (МЭН-2А кезінде) зерттеулер жүргізу.
Балаларда сирек қатерлі ісіктер (қалқанша безінің қатерлі ісігі) хаттамасы бар!
NB! Түйінді зоб кезінде, ТГ АД және ТПО анықтау – орынсыз!
Түйінді түзілімдер болған кезде ҚБ-да қатерлі ісік процесінің пайда болу ықтималдығын арттырушы факторлар:
· жасы< 15жас;
· еркек жынысты;
· түйіннің диаметрі> 4 см;
· басынан өткен мойынның радиоактивті сәулеленуі;
· феохромоцитома;
· 2 типті КЭНс индромы;
· жанұялық аденоматозды полипоз;
· Карнисиндромы;
· Кауденасиндромы;
· УДЗ нәтижелері бойынша күдіктің пайда болуы (контуры кедір-бұдыр, кальцинаттардың кездесуі, диаметрі 1 см және одан да жоғары болатын үлкен түйін).
· ПЭТ мәліметтерімен расталған ҚБ кездейсоқ анықталған ісікті ошағы .
Диаметрі> 1–1,5 см болатын бір түйін кезінде ҚБ-да қатерлі ісік процесінің жоғары ықтималдығы:
· тез өсіп жатқан түйін;
· өте тығыз түйін;
· жақын орналасқан ағзаларға тіркесуі;
· жанұялық анамнезде ҚБ қатерлі ісігі;
· дауыс желбезегінің параличі;
· үлкейген регионарлы лимфалық түйіндер;
· мойын құрылымында инвазия белгілері.
Қолайсыз болжамдық факторлар:
· пациенттердің жасы< 15және> 45 жас;
· алдын ала болған сәулелік терапия;
· ҚБ алғашқы-көптеген жарақаттануы;
· өлшемдері > 4 см болатын ісіктер
· ҚБ капсуладан тыс жерлерге ісіктің таралуы;
· регионарлы метостазалардың таралуы;
· алшақтаған метостазалардың таралуы;
· капсуладан тыс жерлерге метастазалардың таралуы;
· қатерлі ісіктің агрессивті гистологиялық түрі (анапластикалық қатерлі ісік, ұзын жасушалы қатерлі ісігі, папилярлы карциономаның цилиндрлі жасушалы түрі; папилярлы қатерлі ісіктің диффузді-склеротикалық нұсқасы, инвазивті қатерлі ісігі).
3 кесте.Түйінді зоб кезіндегі аспаптық зерттеулер[1-3]
Зерттеу | Сипаттамасы |
ҚБ УДЗ | Көлемнің диффузиялық ұлғаюы, эхогенділіктің төмендеуі және Грейв ауруы кезінде қан ағынының күшеюі АИТ кезінде бірқалыпты болмауы, ТЖУЖ және ТА кезінде түйінді түзілімдер. ҚБ қатерлі ісігі үшін түйіннің контурлары кедір-бұдыр болатын гипоэхогенді түзілімдер, капсуладан тыс түйіннің өсуі және кальцификациялануы, түйіннің ішінде қан ағынының күшеюі, аймақтық лимфалық түйіндерге ҚБ қатерлі ісігінің метастазаларының таралуы |
ҚБ сцинтиграфия |
• ҚБ стинтиграфиясына көрсетілімдер; • Қанда ТТГ шоғырының төмендеуі (тиреотоксикозбен өтіп жатқан аурудың дифференциалды диагностикасы үшін); • ҚБ түйіндерінің функционалды автономиясына күдіктің пайда болуы; • зобтың кеудеден тыс таралуы; • ҚБ және метастазалардың эктопирленген тінінің анықталуы – ҚБ жоғары дифференцирленген қатерлі ісігі; • ҚЮ улы аденомасы үшін (УА) «ыстық түйіндер», ал қатерлі ісік кезінде – «суық түйіндер» сипатты. |
ҚБ жұқа инелі аспирациялық биопсия (ЖАБ) УДЗ бақылауымен |
ҚБ ЖАП-қа көрсетілімдер: • Кез келген өлшемді ҚБ түйінді түзілімдерінің саусаққа сезілуі; • УДЗ-да диаметрі 1 см және одан да жоғары түйінді анықтағанда; • Кез келген өлшемді түзілімдерде УДЗ мәліметтері бойынша ҚБ қатерлі ісігіне күдіктену; • Ертеде анықталған түйінді түзілімнің клиникалық маңызы бар ұлғаюы (динамикалық бақылау кезінде 6 ай ішінде >5 мм ) немесе тез өсуі; • ҚБ жаңа түзілімдері кезінде қатерлі ісіктің жасушалары, АИТ кезінде – лимфоцитарлы инфильтрация анықталады |
Өңешке қарама-қарсы түстері бар заттарды енгізу арқылы кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуі |
Көрсетілімдер: • Пациенттерде үлкен көлемді түйінді (көптүйінді) зобтың кездесуі және/немесе ауа жолдарын (ауаның жетіспеушілігі, демалу қиындығы туындағанда) және өңештің (жұтылудың бұзылуы) қысылу симптомдарымен жүретін болса |
Мойын ағзаларының МРТ және КТ |
Көрсетілімдер: • Кеуде қуысынан тыс зоб және метастазалары бар ҚБ қатерлі ісігі түрінің таралу жағдайларында. |
4 кесте. Мамандар консультациясы үшін көрсетілімдер
Мамандар | Көрсетілімдер: |
Хирург | Хирургиялық емдеу мәселесінің шешілуі |
Онколог | Қатерлі ісік үрдісінің анықталуы кезінде |
Радиолог | Радиойодтерапии туралы мәселені шешу кезінде |
Түйінді зоб кезінде диагностикалық алгоритм [1]:
1-сызба.
Жоспарланған түйінді түзілімдер | УДЗ кезінде 1 см жоғары болатын түйінді түзілімді кездейсоқ анықтаған кезінде | ||
УДЗ | |||
ТТГ | Пункциялық биопсия | Сцинтиграфия | |
Коллоидты пролиферлеуші зоб | Аутоимунды тиреоидит | Қалқанша безінің қатерлі ісігі | Фолликулярлы неоплазия (аденома) |
2-сызба.
ҚБ түйіндері бар балаларды диагностикалау, емдеу және бақылау алгоритмі [4]:
УДЗ немесе физикалды зерттеу кезінде анықталған солитарлы түйін немесе күдік тудыртатын түйін | ТТГ басылған | ҚБ сцинтиграфиясы |
Гиперфункция |
|
Гипофункция | ||||
ТТГ басылмаған | ЖАБ УДЗ бақылауында | Қатерлі ісік | ||
Қатерсіз ісік | Сәйкессіз немесе диагностикаға қонбайтын | Нақты емесе немесе күдік тудыртатын | ||
УДЗ 6-12 айдан кейін қайталау | УДЗ және ЖАБ 3-6 айдан кейін қайталау | Хирургия | ||
Түйін тұрақты | Түйіннің өсуі және/немесе күдік тудыртатын өсінділер | Түйін тұрақты және/немесе қатерсіз ЖАБ | Түйіннің өсуі және/немесе қалыпсыз ЖАБ | |
УДЗ әр 1-2 жылда қайталау | ЖАБ немесе хирургияны қайталау | УДЗ 6-12 айдан кейін қайталау | Қатерсіз: 4 аптадан кейін ҚБ гормондарын тексеру, клиникалық бақылау |
Қатерлі: папиллярлы; Медуллярлы; Фолликулярлы қатерлі ісік |
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз [1-3]
5-кесте. ҚБ түйінді түзілімдерінің дифференциалды диагностикасы:
Диагнозы | Диагноздың пайдасына | Емдеу |
Коллоидты пролиферленген зоб | Йод тапшылығының таралуы. УДЗ-да – ҚБ түйіндері, тиреоидты гормондарының қалыпты мөлшері, ТПО АД және ТГ. |
· калий йодиды; · хирургия. |
АИТ, гипертрофикалық түрі | Саусақпен тексеру кезінде бірқалыпсыз тығыз ҚБ. УДЗ-да – эхогенділіктің бірқалыпсыздығы, «жалған түйіндер». Гипотериоздың дамуымен блоктаушы ТПО АД және ТГ типтрінің жоғарлауы. ЖАБ – ҚБ лимфоцитарлы инфильтрациясы. | Гипотиреоз кезінде–левотироксин. |
ҚБ қатерлі ісігі |
Иондаушы сәулеленудің әсері, бас және мойынның сәулеленуі. ҚБ медуллярлы қатерлі ісігі кезінде – туысқандарында КҚБҚІ. УДЗ-бейнесі -–түйіннің бірқалыпсыз контуры бар гипоэхогендің түзілімдер, капсуладан тыс түйіннің өсуі және кальцификациялануы, аймақтық лимфалық түйіндеріне ҚБ ісігінің метастазаларының таралуы. ҚБ сцинтиграфиясын өткізу кезінде «суық» түйіндерінің таралуы. Ras-онкогендердің (H-ras, K-ras, N-ras), РТС/RET (Rearranged during transfection) онкогеннің мутациясы |
Радиоактивті йодпен терапиясы бар жаппай тироидэктомиясы, кейін – левотироксинмен супрессивті терапиясы |
Улы аденома (фолликулярлы неоплазия) | ҚБ сцинтиграфиясын жүргізу кезінде «ыстық» түйіннің таралуы, тиреотоксикоздың клиникасы | Гистологиялық зерттеуі бар аденоманы оталық алып тастау |
Емдеу тактикасы (амбулатория)
АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
ҚБ шамалы көлемді түйіннің таралу жағдайында, онкологиялық сақтықтың жоқтығында, анамнез және ЖОБ нәтижелеріне сәйкес түйінді түзілімдерінің кейінгі өсуіне маманда динамикалық бақылауда болу, және ултрадыбысты зерттеуден өтіп, жылына 1 рет ТТГ, тиреоидты гормондарының мөлшерін өлшеу ұсынылған.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Режим: IV.
Диета:№15 үстел.
Дәрі-дәрмектік емдеу:
NB!Калий иодид дәрі-дәрмектерімен терапия: түйінді зоб кезінде дәрі-дәрмектің тиімділігінің нақты дәлелдері жоқ, бірақ ол зобтың көлемін кішірейту үшін диффузиялық коллоидты зоб кезінде тиімді. [3,4].
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (100% қолдану мүмкіндігі бар) – жоқ.
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (100% қолдану мүмкіндігі төмен) [1-3].
Дәрілік топ | ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы | Қолдану әдісі | Дәлелділік деңгейі |
Йодқұрамды препараты | калий йодиды | Таблеткаларды ішке 100 және 200 мкг танертен 1 рет | В |
Тиреоидты гормондардың препараттары | левотироксин | Таблеткалар 25, 50, 75, 100 мкг бойынша танертен 1 рет | В |
Хирургиялық араласу:жоқ.
Одан әрі емдеу:
ҚБ функцияларын бұзбайтын түйінді (көптүйінді), коллоидты пролифирленген зобта динамикалық бақылау ұсынылады.
Ағза функциясының жыл сайынғы бағалануы:
· Қанда ТТГ, св Т4 мөлшерін анықтау;
· Түйінді түзілімдердің көлемдерінің өзгеруін анықтау үшін ҚБ УДЗ.
NB!Түйінді түзілімдердің көлемдерінің ұлғаюы жоқ кезінде қосымша ЖАБ көрсетілмейді.
NB!Бірқалыпты баяу өсуі әдетте көптеген жағдайларда коллоидты пролиферлеуші зобты көрсетеді, және бұл қатерлі түйінді түзілімнің барын растамайды.
Емдеудің тиімділік индикаторлары:
· ҚБ түйіндерінің өспеуі және асфиксия белгілерінің, көптүйінді улы зоб кезінде түйіндердің дербестігінің жоқтығы.
· Гипотиреозы бар АИТ кезінде – ТТГ деңгейінің бірқалыпты болуы және гипотиреоз белгілерінің тоқтауы;
· ҚБ улы аденомасы кезінде – тиреотоксикоз белгілерінің жойылуы:
· ҚБ қатерлі ісігі кезінде – түзілімдер рецидивінің жоқтығы, жалпы күйінің тұрақтануы (Балаларда сирек ісіктерді (қалқанша безінің қатерлі ісігі) диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы).
Емдеу тактикасы (стационар)
СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Коллидты зоб: қоршаған ағзалар және тіндерге компрессиондық әсер ету кезінде, мойынның көзге көрінетін косметологиялық ақаулық кезінде оталық емдеу ұсынылады. Көрсетілімдеріне байланысты ҚБ зақымдалған бөліктерін немесе ағзаны толығымен алып тастау ұсынылады. ҚБ қатерлі ісігі – Балаларда сирек ісіктерді (қалқанша безінің қатерлі ісігі) диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы қараңдар. Улы аденома (фолликулярлы неоплазия) – оталық алып тастау.
Пациенттердің бақылау картасы, пациенттерді бағдарлау: жоқ.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Режим: I-IV.
Диета: №15 үстел.
Дәрі-дәрмектік емдеу [1-3]:
Гипотериозы бар АИТ бар пациенттерде эутиреозға қол жеткізу үшін тиреодтты гормондар препараттарымен алмастырғыш терапиясын жүргізеді.
Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі (100%қолдану мүмкіндігі бар) – жоқ.
Қосымша дәрі-дәрмекетрдің тізімі (100% қолдану мүмкіндігі төмен) [1-3]
Дәрілік топ | ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы | Қолдану әдісі | Дәлелділік деңгейі |
Йодқұрамды препараты | калий йодиды | Таблеткаларды ішке 100 және 200 мкг танертен 1 рет | В |
Тиреоидты гормондардың препараттары | левотироксин | Таблеткалар 25, 50, 75, 100 мкг бойынша танертен 1 рет | В |
Хирургиялық араласу [4,5]:
Оталық араласудың атауы: Тироидэктомия/гемитироидэктомия
Көрсетілімдер:
· Түйінді (көптүйінді) эутиреоидтық коллоидты пролиферирлеуші зоб кезінде қоршаған ағзалардың комперссиялық және/немесе косметикалық ақаулық белгілері;
· ҚБ түйіндерінің декомпрессвті функционалды дербестігі (улы зоб);
· Фоллекулярлы аденома;
· Кеуде арты зоб;
· ҚБ қатерлі ісігі (Балаларда сирек ісіктерді (қалқанша безінің қатерлі ісігі) диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасын қара).
Одан әрі емдеу: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
Емдеудің тиімділік индикаторлары:
· ҚБ түйіндерінің өспеуі және асфиксия белгілерінің, көптүйінді улы зоб кезінде түйіндердің дербестігінің жоқтығы.
· Гипотиреозы бар АИТ кезінде – ТТГ деңгейінің бірқалыпты болуы және гипотиреоз белгілерінің тоқтауы;
· ҚБ улы аденомасы кезінде – тиреотоксикоз белгілерінің жойылуы:
· ҚБ қатерлі ісігі кезінде – түзілімдер рецидивінің жоқтығы, жалпы күйінің тұрақтануы (Балаларда сирек ісіктерді (қалқанша безінің қатерлі ісігі) диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы).
ҚБ қатерлі ісігін емдеу тиімділігі ДДҰ өлшемшарттары бойынша бағаланады:
· толық пайда – кем дегенде 4 апта ішінде барлық зақымдалу ошақтарының кетуі;
· жартылай пайда – басқа ошақтардың пайда болмай барлық немесе жеке ісіктердің 50% немесе одан да жоғары кішіреюі;
· тұрақтандыру – (өзгеріссіз) жаңа ошақты зақымдалудың жоқтығында басқалардың 50% төмендеуі немесе 25% өсуі;
· аурудың күшеюі – бір немесе одан да көп ісіктердің 25% өсуі немесе жаңа зақымдалу ошақтарының пайда болуы;
ҚБ қатерлі ісігін негізгі емделуден кейінгі бақылаулы тексерілу:
· мойынның УДЗ;
· көрсетілімдері бойынша ЖАБ;
· тиреоглубин мөлшерін және олардың антиденелерін анықтау;
· ТТГ мөлшерін анықтау;
· өкпенің рентгенографиясы;
· қанда кальций және фосфор, кальцитонин, қатерлі ісіктің эмбрионалды антигенін, ПТГ (көрсетілімдер бойынша) мөлшерін анықтау.
ҚБ тереоидектомиясы және радиойодатерапиясынан кейін қан сарысуында тиреоглубиннің концентрациясы 2 нг/мл-ден аспауы тиіс.
Тиреоглубиннің мөлшерінің жоғарлауы анықталған кезінде пациентті барлық денесін радиоактивті йодпен (2–10 мКи) міндетті сцинтиграфиясының көмегімен жете клиникалық-аспаптық зерттеуден өткізу қажет. Аурудың рецидиві анықталған кезінде қайта хирургиялық араласу және/немесе РЙТ туралы сұрақ шешіледі («Радиойодатерапия» клиникалық хаттамасын қара).
Тиреоидты тіні қалдырылған науқастарда тиреоглобулиннің диагностикалық ерекшелігі рецидив маркері сияқты біршама төмен, тиреоглубиннің күдік тудыртатын мәніне 10 нг/мл-ден көп концентрация жатады.
Медулярлы ҚБҚІ бар науқастарда отадан кейінгі кезеңде теиреокальцитониннің және қатерлі ісік эмбрионалды антигеннің мөлшерімен анықталады. Берілген көрсеткіштер өткізілген оталық емдеудің радикалдылық өлшемшартты және ауру рецидивініңм маркері болып табылады.
ҚБ медулярлы қатерлі ісікпен ауыратын барлық науқастарда RET генінің мутациясын анықтау үшін қан алады. Герминалды RET-мутацияны анықтаған кезінде (сонымен қатар ауырлаған туысқандық анамнезде) медулярлы ҚБҚІ тұқым қуалаушылық түрін анықтайды (МЭН2 синдромы) және басқа да эндокринді неоплазияны анықтауға бағытталған зерттеулерді жүргізеді (гиперпаратиреозды және бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі). Тұқым қуалайтын медуллярлы ҚБҚІ анықталған кезінде RET-протоонкогенде дені сау мутацияның тасушысын анықтау мақсатында пациенттің барлық жақын туысқандарын клиникалық және генетикалық зерттеуден өткізеді.
· МЭН-2B типі бойынша тұқым қуалайтын RET – протоонкогеннің мутациясын анықтаған кезінде тиреоидэктомияны бірінші өмір жылында немесе диагноз анықтаған сәттен бастап жасайды. Қосымша паратрахеалды ЛТ алып тастау немесе ұлғайған (диаметрі > 0,5см) ЛТ кезінде кең лимфодиссекцияны жүргізеді. Балаларға сәулелендіру терапиясын жүргізу сирек жағдайларда ғана ұсынады.
· МЭН-2A типі бойынша мутацияны анықтаған кезінде және гиперпаратиреоз белгілері анықталмаған кезінде тиреоидэктомияны 5 жасында немесе диагнозы анықтау сәттен бастап жасайды. Сонымен қатар, көрсетілімдер болған жағдайда (ҚБ түйінінің өлшемі > 1 см және кальцитониннің немесе КЭА жоғары мөлшері) шектелген (VI дәреже) немесе біршама кеңейген көлемде лимфодиссекцияны жүзеге асыруға болады. Хирургиялық араласу кезінде алғашқы гиперпаратиреозды анықтаған кезінде қалқанша безінің күйі бағаланады. Біріңғай аденоманы анықтаған кезінде оны алып тастайды. Ал плюригландулярлы жарақаттарды анықтаған кезінде сау тініне балама болатын қалқанша без тінің ғана қалдырып, барлқ аденомаларды алып тастайды. Отадан кейінгі кезенде ТТГ мөлшерін түзету жүргізіледі.
Ауруханаға жатқызу
ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР
Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
· Түйінді (көптүйінді) эутиреоидты коллоидты пролиферлеуші зоб кезінде қоршаған ағзалараныңы компрессиялау белгілеріжәне/немесе косметикалық белгілер;
· ҚБ түйіндерінің декомпресирленген функционалды дербестігі (улы зоб);
· Кеуделік зоб;
· ҚБ қатерлі ісік.
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
· Қоршаған ағзалардың компрессиялау белгілері.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
- 1) Эндокринология. Национальное руководство под редакцией И.И. Дедова и Г.А. Мельниченко. «ГЭОТАР», Москва,2013, с. 345-375. 2) Дедов И.И., Петеркова В.А. Детская эндокринология. Москва, Универсумпаблишинг, 2006, с. 161-174. 3) Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В., Герасимов Г.А., ГриневаЕ.Н., Кузнецов Н.С., ВанушкоВ.Э., Бельцевич Д.Г., Свириденко Н.Ю., Трошина Е.А., Петунина Н.А., Мазурина Н.В., Гарбузов П.И., Румянцев П.О., Ильин А.А., Артемова А.М. Клинические рекомендации Российской Ассоциации Эндокринологов по диагностике и лечению узлового зоба., 2014. 4) Management Guidelines for Children with Thyroid Nodules and Differentiated Thyroid Cancer.The American Thyroid Association Guidelines Task Force on Pediatric Thyroid Cancer. THYROID Volume 25, Number 7, 2015, Р.716-760. 5) American Association of Clinical Еndocrinologists, American College of Endocrinology, and Association Medici Endocrinology. Medical Guidelines for Clinical practice for the diagnosis and management of Thyroid nodules, 2016 Update. ENDOCRINE PRACTICE,Vol 22 (Suppl 1), May 2016, P. 1-60.
Ақпарат
Хаттамада пайдаланатын қысқартулар:
АИТ | – | Аутоиммундық тиреоидит |
ТТГ р АД | – | ТТГ рецепторына антиденелер |
ТГ АД | – | тироглобулинге антиденелер |
ТПО АД | – | тиропероксидазға антиденелер |
ГА | – | грейвс ауруы |
КТ | – | компьютерлік томография |
КЭА | – | карциноды-эмбрионалды антиген |
ЛТ | – | лимфатикалық түйін |
КТУЖ | – | көптүйінді улы зоб |
КЭНС | – | көптеген эндокринды неоплазияның синдромы |
ПТГ | – | паратгормон |
ПТГ | – | паратгоргомон |
ПЭТ | – | позитрондық эмиссиондық томография |
РЙТ | – | радиойодтерапиясы |
ҚБІ | - | қалқанша безінің ісігі |
Т3 | – | трийодтиронин |
Т4 | – | тироксин |
ТА | – | тиреотоксикалық аденома |
ЖАБ | – | ҚБ жұқа бұрышты аспирациялық биопсия |
ТТГ | – | тиреотропты гормон |
УДЗ | – | ультрадыбысты зерттеу |
СГЧ | – | созылмалы гонадотропин |
ҚБ | – | қалқанша без |
I131 | – | радиобелсеңді йод |
ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ
Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1) Нұрбекова Ақмарал Асылқызы – медицина ғылымдарының докторы, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ медицина университеті» ШЖҚ РМК №2 терапия кафедрасының профессоры;
2) Базарбекова Римма Базарбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ эндокринология кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстанның дәрігер-эндокринологтар ассоциациясы» РҚБ төрағасы;
3) Досанова Айнур Қасымбекқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ эндокринология кафедрасының доценті, «Қазақстанның дәрігер-эндокринологтар ассоциациясы» РҚБ хатшысы;
4) Смағұлова Ғазиза Ажмағықызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК ішкі аурулар пропедевтикасы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі.
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
Рецензенттердің тізімі:
Таубалдиева Жаннат Сатыбайқызы – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ эндокриндік бұзылыстар бөлімінің жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты.
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.