Войти

Балалардың цитомегаловирусты инфекциясы

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Врожденная цитомегаловирусная инфекция (P35.1), Цитомегаловирусная болезнь (B25), Цитомегаловирусная болезнь неуточненная (B25.9), Цитомегаловирусный мононуклеоз (B27.1)
Инфекционные болезни у детей, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «18» тамыздағы
№ 26 хаттамасымен мақұлданған

Цитомегаловирусты инфекция (ЦМВИ) — бетагерпесвирустары тобынан шыққан қоздырғыштар себебінен туындайтын инфекция, ол үшін адам ағзасында негізгі нысана-жасушалар болып оны репликациялау кезінде цитомегалиялыққа жиі трансформацияланатындар, моноциттер, макрофагтар, гранулоциттар, эпителді және эндотельді жасушалар, фибробласттар, бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары болып табылады. ЦМВИ ОЖЖ мен басқа ағзаларды  ауыр зақымдаумен бірге симптомсыз пайда болудан жайылуға (септикалық) дейін сипатталады.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 және АХЖ-9 кодтарының өзара қатынасы:

  АХЖ-10
B25 Цитомегаловирусты ауру
B25.0 Цитомегаловирусты өкпе қабынуы (J17.1)
B25.1 Цитомегаловирусты гепатит (К77.0)
B25.2 Цитомегаловирусты панкреатит (К87.1)
B25.8 Басқа цитомегаловирусты аурулар
B25.9 Анықталмаған цитомегаловирусты аурулар
B27.1 Цитомегаловирусты мононуклеоз
Р35.1 Туа біткен цитомегаловирусты инфекция
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:

ЖПД жалпы практика дәрігері
ТТҚҰ тамыр ішіндегі таралған қан ұю
АлАТ аминотрансферазаланины
МРТ магнитті- резонансты томография
ПТР полимеразды тізбекті реакция
ИФТ иммуноферментті талдау
ЦМВИ (CMV) цитомегаловирусты инфекция
ЭТЖ эритроциттердің тұтыну жылдамдығы
ЖАБ жиі ауыратын балалар
IgG G сыныбының иммуноглобулиндері
IgM М сыныбының иммуноглобулиндері
КТ компьютерлік томография
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жедел жәрдем көмек дәрігерлері, фельдшерлер, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, балалар инфекционнисттері.
 
Пациенттердің санаты: балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы: 

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+)тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға(++ немесе +) қолданылуы мүмкін.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардыңпікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Жіктеме [1,2,7]:
Жұқтыру сипаттары бойынша: •         Туа біткен (жатырішілік).
•         Постнаталды (жүре пайда болған).
 
Ағымы бойынша: •       Жіті (3 айға дейін)
•       Жітіастылық (3-6 ай)
•       Ұзаққа созылған (6-12 ай)
•       Созылмалы (12 айдан аса)
 
Клиникалық түрі бойынша: •       Оқшауланған (сиалоаденит, гепатит, энцефалит, нефрит, өкпе қабынуы, гастроэнтерит, панкреатит, экзантема, тромбоцитопения).
•       Таралған:
•       аралас (құрамдастырылған);
•       жайылған;
•       ЦМВ себебінен туындаған мононуклеозұқсас түрі.
ЦМВИ маркерлерін анықтау сипаттары бойынша: •         Вирус репликасымен.
•         Вирус репликасынсыз.
Аурудың кезеңдері мен сатылары бойынша: •         белсенді кезең:
•         манифестация сатысы;
•         белсенділік кезеңдерімен қайталану сатылары.
•         Белсенді емес кезең;
•         Реконвалесценция кезеңі;
•          Ремиссия кезеңі.
ЦМВИ-дің ассоциацияланған нұсқалары: •         дамудың туа біткен кемістіктерімен;
•         бактериялық және зеңдік аурулармен бірге;
•         герпесвирусты инфекциялармен бірге;
•         АИТВ-жұқтырған тұлғаларда және басқа иммунтапшылығы жағдайындаңыларда.
 
ЦМВИ нәтижелері: •         Сауығу;
•         Латентты фазаға трансформациялану;
•         Жүректің, бас миының, бауырдың, бүйректердің, ұйқы бездерінің туа бітті ауытқушылықтары (кемістіктері);
•         Саңыраулық, көру қабілетінің дефектілері;
•         Физикалық және ой-қабілет дамуында артта қалу;
•         Ағзалар мен жүйелердегі (нейтропениядағы, анемиядағы, кардиомиопатиядағы, гепатит дәне басқалары) созылмалы қабыну үрдістері.
 

Диагностика


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар:
·               Ұзаққа созылған қалтырау, жиірек субфебрильді;
·               әлсіздік;
·               жоғары шаршағыштық;
·               сілекей бездерінің ұлғаюы мен аурушаңдығы;
·               лимфатүйінерінің ұлғаюы (көбінесе мойындық, жақастылық);
·                жөтел;
·               сарыауру;
·               жүрек айну, лоқсу;
·               іштің ауыруы;
·               диарея;
·               көру ауқымының дефекттерімен бірге көрі қабілетінің ұшқырлығының төмендеуі;
·               неврологиялық шағымдар (бас ауыру, бас айналу, лоқсу, парестезия, тырыспа және т.б.).



Анамнез:
 
Физикалық зерттеп-қарау:
 
Ақырындап даму, ұзаққа созылған толқын тәріздес 38,5С жоғары бұрыс түрдегі қалтырау, әлсіздік, ұйқышаңдық, шаршағыштық, тәбеттің азаюы, артралгия, миалгия, жиі ТЖЖИ, бронхиттер сондай-ақ обструктивті, лимфоаденопатия, спленомегалия сирек, гепатомегалия, гепатит.
Туа біткен ЦМВИ, жіті түрі.
Зақымдану сипаты жұқтырудың мерзімдеріне байланысты болады.  
- ерте мерзімде жұқтыру кезінде (алғашқы 4-6 апта) іштегі нәрестенің өлуі мүмкін, өздігінен түсік болуы немесе генетикалық ауруларға ұқсас жүйелік патология қалыптасуы мүмкін.
- жүктіліктің алғашқы 3 айында жұқтырылса іштегі нәрестеге тератогенді әсер етуі мүмкін.  
- одан әлдеқайда кеш мерзімде жұқтырылса даму кемістіктерімен ермейтін туа біткен ЦМВ-инфекциясы болуы мүмкін.
- ЦМВИ-дің туа біткен клиникалық белгілері бар бала туу жұқтырудың туу алды сипатына тән және  әрдайым дерлік  анасының жүктілік кезінде алғаш ЦМВ-инфекциясымен ауырғанын куәландырады.
- анасының анамнезі:
 а) алдыңғы және қазіргі жүктілік кезіндегі акушерлік патология: уақытынан ерте босану, түсіктер, жүктіліктің тоқтау қаупі, көпсулық, гестоз, фетоплацентарлы жетіспеушілік.
б) экстрагениталды патология: субфебрилитет, лимфоаденопатия, ТЖЖА немесе мононуклеозоұқсас синдром, гепатоспленомегалия.
Туа біткен ЦМВИ кезінде: тромбоцитопениялық пурпура, сенсоневралды саңыраулық, сарыауру, гепатоспленомегалия, микроцефалия, гипотрофия, шала туу, гепатит, энцефалит,хориоретинит.
Перинаталдық қиындатылған анамнезі бар шала туылған, әлсізденген балаларда ЦМВИ-дің клиникалық манифестациясы өмірінің 3-5 аптасына қарай болуы мүмкін. Осыған келе көбінесе интерстициалды өкпе қабыну белгіленеді және ұзаққа созылған сарыауру, гепатоспленомегалия, анемия және басқа да гематологиялық бұзылушылықтар дамуы мүмкін.
Туа біткен ЦМВИ, созылмалы түрі:
Жатырішілік ЦМВИ-дің созылмалы түрінің толқын тәріздес ағымы аурудың жіті түрін басынан өткізген бөлігінде белгіленеді.  Жүктіліктің алғашқы айларында жұқтырылса, патологиялық өзгерулер дәрежесі кеңінен құбылады. Осыған орай көбінесе дамудың тіа біткен кемістіктері қалыптасады:  майтабандық, саңыраулық, таңдай өзгерістері, микроцефалия.  Бауыр зақымдануы созылмалы гепатит түрінде өтуі мүмкін. Тыныс жолдарынлдағы өзгерулер өкпесклерозының жәнеи фиброздың дамуымен сипатталады.    
ЦМВИ-дің жүре пайда болған түрі:
 мононуклеоз, «ТЖЖА»-тәріздес аурулар, ЖАБ, ұзақ субфебрилитет, интерстициалды өкпе қабынуы, плеврит, гепатит, панкреатит, интерстициалды нефрит(микропротеинурия, микрогематурия, абактериальды лейкоцитурия) сирек – нефротикалық синдром, ретинит, иридоциклит, увеит (көру қабілетін жоғалту), энтероколит, васкулит, ОЖЖ зақымдануы – вентрикулит, миелит, полинейропатиялар, полирадикулопатиялар, Гийена-Барре  синдромы (мелиенсіздендіру генезді парездар мен параличтар, миокардиттер, кардиттер, анемия, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения (сүйек миының зақымдануы аясында панцитопения).
Жасырын түрі айқын клиникалық симптомдармен көрінбейді, кейде жеңіл тұмауұқсас аурулар, белгісіз субфебрилит байқалады. Оның диагностикасы зертханалық зерттеулерге негізделеді.
 
 
Зақымдалу типі Гестация мерзімі Зақымдану сипаты
Бластопатия 0-14 күн Үрықтың өлуі, түсік немесе  генетикалық ауруларға ұқсас жүйелік патологияның қалыптасуы.
Эмбриопатия 15-75 күн Ағзалық немесе жасушалық деңгейдегі даму кемістіктері (шынайы кемістіктер). Түсік.
Ерте фетопатия 76-180 күн Альтеративті және экссудативті компоненті басымырақжайылған қабыну реакциясының дамуы және ағзалардың фиброзды-склеротикалыө деформациялары (жалған кемістіктер)  нәтижелері. Жүктіліктің тоқтатылуы мүмкін.
Кеш фетопатия 181 күннен бастап босанғанға дейін Түрлі ағзалар мен жүйелердің (гепатит, энцефалит, тромбоцитопения және басқалары) зақымдануымен бірге манифестты қабыну реакциясы дамуы мүмкін.
 
Зертханалық зерттеулер [1,2,3,7]:
·                ЖҚТ – лейкопения, нейтрофилез/лимфоцитоз, тромбоцитопения, атипті мононуклеарлар;
·                ЖЗТ–микропротеинурия, микрогематурия, лейкоцитурия;
·                ПТР–зәрде, қанда, сілекейде ЦМВ ДНҚ-сын анықтау; 
·                ИФТ– авидтік индексі бар анти- ЦМВ IgM және  анти- ЦМВ IgG анықтау.  

Қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулер:
·               Қанды билирубинге, сарыауру синдромы кезінде АОТ-қа биохимиялық талдау;
·               коагулограмма – геморрагиялық синдром кезінде;
·               жұлын сұйықтығының талдауы –менингит пен энцефалиттан күмәнданған кезде;
·               пульсоксиметрия – тыныс алудың жетіспеушілігі кезінде (гемоглабиннің аретриялық қан оттегісімен  перифериялық сатурациясын және минутына тамыр соғу ырғығының жиілігін өлшейді, шамамен 5-20 секунд ішінде есептелетін);
·               кеуде ағзаларының рентгенографиясы (өкпе қабынуының симптомдары бар болған кезде).

ЦМВИ-дің белсенді репликациясының маркерлері:
·               вирусемия;
·               антигенемия (pp 65 (UL83) және б.);
·               ДНК-емия;

Белсенді ЦМВИ-дің иммунологиялық маркерлері:
·               сероконверсия (анти-ЦМВ-IgM және/немесе ерте сұрнегавтиті тұлғаларда авидтілігі төмен анти-ЦМВ-lgG анықтау);  
·                «жұп сарысуларда» анти-ЦМВ-IgG титрларының 4 есе және одан да көп жоғарылауы.  

Бастапқы ЦМВИ: аурудың клиникалық нұсқаларынан тәуелсіз түрде, алғашқы ЦМВИ кезінде тікелей (виремия, ДНК-емия немесе АГ-емия) және жанама (анти-ЦМВ-АТ IgM және/немесе авидтілігі төмен анти-ЦМВ-АТ IgG) цитомегалия вирусының өзіне сәйкестендіру белсенділігінің  зертханалық маркерлері анықталады.

ЦМВИ қайта белсендіру: ертеректе серопозитивті тұлғаларда (яғни ертеректе жұқтырғандарда) аурудың персистикалық ағымы жағдайында вирустың өзіне сәйкестендіру белсенділігінің мерзімі.  ЦМВИ қайта белсендірудің зертханалық өлшемшарттары ертеректе серопозитивті тұлғалардың серологиялық маркерлерін (IgM сыныбының анти-ЦМВ-АТ және/немесе авидтілігі төмен IgG сыныбының анти-ЦМВ-АТ) анықтаумен қоса қанда вирустың өзін (виремия) немесе оның геномын (ДНК-емия), немесе оның антигенін (АГ-емия) анықтау болып табылады.

Шаранаға жұқтыру қаупі және жүктілік кезіндегі ЦМВИ ағымының әр түрлі нұсқасының диагностикасының зертханалық өлшемшарттары

Жүктілік кезіндегі инфекция нысаны Вирусемияның бар болуы ЦМВ антигендері Анти-ЦМВ-АТ Шаранаға жұқтыру қаупі
Жасырын жоқ Табылмайды IgG Өте төмен
Ұзақ сақталушы жоқ Табылады IgG 2% дейін
Қайта белсендірілген бар Табылады IgG өседі,  IgМ пайда болуы мүмкін 8% дейін
Алғаш инфекция бар Табылады IgМ, «жұпты сарысуларда» авидтілігі төмен IgG ақырындап өсуі  
 
50% дейін
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·               кардиологтың – ТЖА бар болған жағдайда;
·               нейрохирургтың– ОЖЖ даму ақаулары болған жағдайда;
·               невропатологтың неврологиялық дамуын бағалау үшін;
·               гематологтың айқын гематологиялық өзгерістер мен геморрагиялық синдром кезінде;  
·               окулисттің– көз түбін тексеру үшін;
·               отоларингологтың– орталық құлақты тексеру үшін.

Диагностикалық алгоритм [1,2,3]:




Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі [1-9]:
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
АИТВ- инфекциясы Қалтырау, полиаденопатия,
бөртпе, гепатолиеналды
синдром
 ИФТ
ПТР
 
Әр түрлі топтардың бөлек лимфатикалық түйіндері ұлғаяды, ауыртпалықсыз, тонзиллит тән емес, ауыз қуысы мен жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарының жаралық зақымдануы, оппортунистті инфекциялардың пайда болуы (кандидоз). ИФТ мен ПТР әдісі арөқылы АИТВ-ға талдаудың оң нәтижесі..
Вирусты гепатиттер
 
Гепатоспленомегалия,
сарыауру.
• Билирубин мен АлАт-қа қанты биохимиялық талдау;
• ИФТ – HBsAg және анти-HCV антиденелері;
• ПТР- HBV ДНҚ-сы және HCV РНҚ-сы
Ұзаққа созылатын қалтырау тән емес. Қан талдауының оң нәтижелері: ИФТ – HBsAg және анти-HCV антиденелер; ПТР- HBV ДНҚ-сы және HCV РНҚ-сы. АлАт тікелей фракциясы есебінен билирубиннің жоғарылауы.
Туберкулез Ұзаққа созылған қалтырау мен жөтел. Тыныс жолдарының рентгенографиясы Созылмалы жөтел (> 30күн);
Салмақта жаман даму/артта қалу немесе салмақ тастау;
Манту реакциясының оң нәтижесі;
Анамнезде туберкулезбен ауырған адаммен байланыстың болуы;
Рентгенологиялық белгілер: алғашқы кешен немесе милиарлы туберкулез;
Ересектеу балалардың қақырықтарын зерттеу кезінде туберкулездің микробактерияларын анықтау. 
 
Токсоплазмоз
Энцефалит, лимфоаденопатия, гепатомегалия, сарыауру, экзантема. ИФТ - Т.gondii қатысты IgM және IgG  анықтау;
ПТР - Т.gondii ДНҚ-сын анықтау
хориоретинит, бас миындағы кальцификаттар, висцеральды зақымданулар. Оң нәтижелер: ИФТ - Т.gondii қатысты IgM және IgG;
ПТР - Т.gondii ДНҚ-сы.
Листериоз Қалтыраудың, гепатомегалияның бар болуы, трансаминаздың, кейде билирубин деңгейінің жоғарылауы. ИФТ, нәжістің, зәрдің бактериологиялық талдауы Ұзаққа созылған қалтырау, бірқалыпты айқындалған гипербилирубинемия, ЖҚТ-да  лейкоцитоз, нейтрофилез сирек емес, ЭТЖ-нығ әлдеқайда жылдамдауы, басқа ағзалар мен жүйелердің зақымдануы. ИФТ-ның оң нәтижелері – листерияға қатысты IgM және листерия өсіріндісінің бөлінуі.
Аденовирусты инфекция Қалтырау, полиаденопатия,
көкбауыр мен бауырдық ұлғаюы, фарингит, тонзиллит.
 
      Мұрынның шырыш қабатында иммунофлюоресцентті талдау әдісі арқылы жұғынды-ізтаңбаларда вирусты анықтау Лимфалы түйіндер бірқалыпты ұлғайған, бірлі-жарым, ауырмайтын;
ринорея, құнарлы жөтел. Көбінесе конъюнктивит, тонзиллит, фарингит және  диарея.
Қызамық Желке лимфатүйіндерінің ұлғаюы,  экзантема. ИФТ-қызамық вирусына қатысты IgM анықтау. Симптомдардың қысқамерзімділігі, желке және артқымойындық лимфатүйіндер ғана зақымданады. Қызамық вирусына қатысты - IgM спеификалық қарсыденелері анықталады.
Инфекциондымононуклеоз Лимфоаденопатия, ангина, гепатолиеналды синдром, қалтырау. ИФТ-  ЭБВ-на қатысты IgM VCA анықтау. Лимфатүйіндерінің жүйелік ұлғаюы басымырақ. Специфиалық қарсыденелерді анықтау – ЭБВ-на қатысты IgM VCA.

Лечение (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1-3,5,6]
Амбулаторлық деңгейде ЦМВИ ауырлық дәрежесінің жеңіл түрімен ауыратынбалалар емделеді. ЦМВИ жеңіл түрін емдеу симптомдық терапиядан тұрады. 

Дәрі-дәрімексіз емдеу:
Режим:
·               Жартылай төсек тарту (өалтыраудың барлық кезеңінде);
·               №13 үстел (жылы сұйықтықтарды бөліп ішу, сүтті-өсімдікті).
 
Дәрі-дәрімекпен емдеу:
·        38,5оС жоғары гипертермиялық синдромды жою үшін арасына 4 сағаттан кем емесе аралықта ауыз немесе  per rectum арқылы 10-15 мг/кг  парацетомол беріледі, үш күннен көп емес, немесе 5-10 мг/кг дозасында  ибупрофен, ауыз арқылы тәулігіне 3 реттен көп  емес.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі [1,2,3,5,6]:

Фармакологиялық топ Халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі ДД
 Анилидтер  Парацетамол Ішке қабылдауға арналған  60 мл және 100 мл шәрбат, в 5 мл – 125 мг; 0,2 г және 0,5 г ішке қабылдауға арналған таблеткалар; ректальды суппозиторийлар; инъекцияға арналған ерітінді (1 мл  ішінде 150 мг). А
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі [1,2,3,5,6]:

Фармакологиялық топ Халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі ДД
Пропион қышқылының туындылары Ибупрофен Ішке қабылдауға арналған суспензия мен таблеткалар. Суспензия 100 мг/5 мл; таблеткалар 200 мг; В
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай жүргізу [1-4,6]:
·               ЦМВИ бар балалар 1,3,6 және 12 айында диспансерлік қарауға және инфекциялық үрдістің белсенділігін зерттеуге бақылауға (анти-ЦМВ IgМ және анти-ЦМВ IgG авидтілік индексін анықтаумен бірге) жатады.
·               профилактикалық екпелерден 3 ай уақытқа медициналық шектеу.
 
Емдеу тиімділігінің және хаттамада сипатталған диагностика мен емдеу әдістерінің қауіпсіздігінің индикаторлары [1-4,6]:
·               дене қызуының қалыпқа келуі;
·               клиникалық симптоматиканың болмауы;
·               анти-ЦМВ IgМ және жоғары авидті оң нәтижелі анти-ЦМВ IgG болмауы. 

Лечение (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1-3,6,7,10-12]
ЦМВИ емдеу этиотропты және симптоматикалық терапиядан құралады. Ішкі ағзалардың зақымдануы мен вирус (виремия, ДНК-емия, антигенемия)өзіне сәйкестендірудің белсенділігінің зертханалық маркерлері  ЦМВИ этиотропты емдеуге көрсеткіш болып табылады.   

Педиатрлық тәжірибеде ганцикловирді қолдану оның жоғары уыттылығы үшін шектелген, ол лейкопения, тромбоцитопенияның туындауына, бауыр мен бүйрек зақымдануына себепкер болуы мүмкін. Бірақ өмірлік көрсеткіштерінің бар болуы кезінде препараттың уыттылығы оны қолданудан бас тартуға себеп болмауы тиіс. Емделу қан талдауының көрсеткіштерінің бақылауымен өткізілуі тиіс.                     (
NB!– Ганцикловирді ҚР аумағында тіркегеннен кейін қолдану).

Науқасты қарау картасы, науқас бағдарлауы [1-4]:


Дәрі-дәрімексіз емдеу:
Тәртіп:
·               Жартылай төсек тарту (өалтыраудың барлық кезеңінде);
·               №13 үстел (жылы сұйықтықтарды бөліп ішу, сүтті-өсімдікті).
 
Дәрі-дәрімекпен емдеу [1-7,10,11]:
·        38,5оС жоғары гипертермиялық синдромды жою үшін арасына 4 сағаттан кем емесе аралықта ауыз немесе  per rectum арқылы 10-15 мг/кг  парацетомол беріледі, үш күннен көп емес, немесе 5-10 мг/кг дозасында  ибупрофен, ауыз арқылы тәулігіне 3 реттен көп  емес; 
·               дезинтоксикациялау мақсатында қантамырішілік ерітінділерді қосумен бірге инфузиялық терапия 30 – 50 мл /кг/тәулігіне мөлшері есебінен:  
-              декстрозаның 5% немесе 10%  (10- 15 мл/кг);
-              0,9% натрий хлориді (10- 15 мл/кг);
·               этиотропты терапия мақсатында: 
ЦМВ ретинитін емдеу үшін қалыпты мөлшерлеу:
-              алғаш терапия: қ/т  ганцикловир инфузиясы әрбір 12 сағат сайын(10 мг/кг/сут)  дене салмағының 5 мг/кг 14-21 күн аралығында (бүйрек қызметі қалыпты науқастар үшін), цитомегаловирусқа қарсы 100ЕД/кг дозасында қантамыры ішіне тамшылап 2 күннен кейін – клиникалық симптомдардың жойылуына дейін;  
-              қолдаушы терапия: 1 сағат ішінде қан тамыры ішіне ганцикловир  5 мг/кг-нан, 7 күн ішінде күнделікті;
-              ЦМВИ ауыр және орта ауыр түрімен ауыратын балаларға – сызба бойынша ганцикловир: 14-21 күн аралығында тәулігіне 2 бөліп құю уақытында дене салмағының 5–7,5 мг/кг-н тамшылап қантамыры ішіне цитомегаловирусқа қарсы 100ЕД/кг дозасында 2 күннен кейін – клиникалық симптомдардың жойылуына дейін;  
-       ОЖЖ зақымданумен қатар ЦМВИ кезінде жаңа туылған нәрестелерге – 6 апта ішінде әр 12 сағат сайын ганцикловир 6 мг/кг.
(NB!– Ганцикловирді ҚР аумағында тіркегеннен кейін қолдану).
·               антибактериалды препараттар бактериалдық асқынулар дамыған кезде болжанылатын және/немесе бөлінген қоздырғышқа байланысты беріледі.
-     Цефтриаксон - 60 минут ішінде қан тамырыішілік инфузия, жаңа туылған нәрестелерге 20-50 мг / кг күніне бір рет.
1 айдан 12 жасқа дейінгі балалар:  дене салмағы 50 кг-ға дейінг 50 мг / кг күніне бір рет; 80 мг / кг дейін күніне ауыр инфекциялар жағдайында. Инфекциялар (менингит); Дозалар 50 мг / кг және одан да көп қан тамырішілік -  дене салмағы  50 кг және одан аса, 12-18 жастағы балалар. 12-18 жастағы бала күніне 1 г; 2-4 г күніне ауыр инфекциялар мен менингит кезінде;
- Цефотаксим – грамоң және грамтеріс бактериялар себебінен туындаған инфекциялар. Бұлшықетішілік салғанда немесе қан тамырыішілік құйғанда немесе қантамырішілік инфузия. 7 күнге дейінгі жаңа туылған нәрестелер 7 күнге дейін 25 мг / кг әр 12 сағат сайын; Ауыр инфекция кезінде доза екі еселенеді.
- Цефуроксим грамоң және грамтеріс бактериялар себебінен туындаған инфекциялар, ауыз арқылы (цефуроксимаксетил сияқты)
Балалар: 3-2 жас 10 мг / кг (125 мг көп емес) күніне екі рет;
Балалар:  2-12 жас 15 мг / кг (максимум 250 мг) күніне екі рет;
Балалар:12-18 жас 250 мг күніне екі рет;
Төменгі тыныс алу жолдарының ауыр инфекциялары кезінде немесе өкпе қабынуы болжанылатын кезде доза екі еселенеді.
  
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі [1-7,10-13]: 

Фармакологиялық топ Халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі ДД
 Анилидтер  Парацетамол Ішке қабылдауға арналған  60 мл және 100 мл шәрбат, в 5 мл – 125 мг; 0,2 г және 0,5 г ішке қабылдауға арналған таблеткалар; ректальды суппозиторийлар; инъекцияға арналған ерітінді (1 мл  ішінде 150 мг). А
Противовирусты препарат ганцикловир* Қантамырыішілік құюға арналған ертінділерді дайындау үшін қажет: (500 мг құтыларда) лиофилизилитталған ұнтақ. В
NB!– Ганцикловирді ҚР аумағында тіркегеннен кейін қолдану
 
Қосымша дәрілік заттар тізімі [1-7,10,-13]:

Фармакологиялық топ Халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі ДД
Пропион қышқылының туындылары Ибупрофен Ішке қабылдауға арналған суспензия мен таблеткалар. Суспензия 100 мг/5 мл; таблеткалар 200 мг; В
Басқа да ирригациялық ерітінділер Декстроза инфузияға арналған ерітінді  5% 200 мл, 400 мл; 10% 200 мл, 400 мл С
Антибактериалды препарат-цефалоспоринді қатар  
Цефтриаксон
Бұлшықетішілік және қан тамырына құюға арналған ерітіндіні дайындауға қажет ұнтақ 1 г А
Антибактериалды препарат-цефалоспоринді қатар  
Цефотаксим
Бұлшықетішілік және қан тамырына құюға арналған ерітіндіні дайындауға қажет ұнтақ 1 г А
Антибактериалды препарат-цефалоспоринді қатар Цефуроксим Бұлшықетішілік және қан тамырына құюға арналған ерітіндіні дайындауға қажет ұнтақ және  еріткіш 250 мг, 750 мг, 1500 мг А
Тұзды ерітінділер Натрий хлориді ерітіндісі инфузияға арналған ерітінді  0,9% 100 мл, 250 мл, 400 мл С
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу [1-4]:
·               ЦМВИ бар балалар 1,3,6 және 12 айында диспансерлік қарауға және инфекциялық үрдістің белсенділігін зерттеуге бақылауға (анти-ЦМВ IgМ және анти-ЦМВ IgG авидтілік индексін анықтаумен бірге) жатады.
·        профилактикалық екпелерден 6 ай уақытқа медициналық шектеу.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары [1-4]:
·               Қалтырау мен интоксикацияның тоқтауы;
·               клиникалық симптоматиканың болмауы;
·               қанда, зәрде және сілекейде ЦМВ-ның болмауы (вирустың ДНҚ-ы);
·               төмен авидті анти-ЦМВ IgM және анти-ЦМВ IgG болмауы;
·               жоғары авидті анти-ЦМВ IgG бар болуы.

Госпитализация


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [2-4]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·        ЦМВИ ауыр түрлерімен ауыратын балалар. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Roberg M.Kliegman, Bonita F.Stanton, Joseph W.St.Geme, Nina F.Schoor/ Nelson Textbook of Pediatrics. Twentieth edition. International Edition.// Elsevier-2016, vol. 2-th. 2) Учайкин В.Ф., Нисевич Н.И., Шамшиева О.В. Инфекционные болезни у детей: учебник – Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2011 – 688 с. 3) Recommendations and guidelines for perinatal practice. Guidelines on CMV congenital infection J. Perinat. Med. 37 (2009) 433–445 • Copyright by Walter de Gruyter • Berlin • New York. DOI 10.1515/JPM.2009.127 4) Bravender T. Epstein-Barr virus, cytomegalovirus, and infectious mononucleosis / T.Bravender // Adolesc Med State Art Rev. – 2010. – Vol. 21, № 2. – P. 251-264. 5) Оказание стационарной помощи детям (Руководство ВОЗ по ведению наиболее распространенных заболеваний в стационарах первичного уровня, адаптированное к условиям РК) 2016г. 450 с.Европа. 6) Цитомегаловирусная инфекция: диагностические и терапевтические аспекты: Учебн. Пособие / Неверов В.А., Васильев В.В., Кирпичникова Г.И.; под ред. Ю.В. Лобзина. — СПб., 2010. — 40 с. 7) Цитомегаловирусная инфекция. Этиология, эпидемиология, патогенез, клиника, лабораторная диагностика, лечение, профилактика / С.Г. Марданлы, Г.И. Кирпичникова, В.А. Неверов. — Электрогорск: ЗАО «ЭКОлаб», 2011. — 32 c. 8) Kitaima, J. Differential transmission and postnatal outcomes in triplets with intrauterine cytomegalovirus infection / J. Kitaima [et al.] // J. Pediatr Dev Pathol. – 2012. – V. 15 (2). – P. 151–155. 16. 9) Enders, G. Intrauterine transmission and clinical out- come of 248 pregnancies with primary cytomegalovirus infection in relation to gestational age / G. Enders [et al.] // J. Clin. Virol. – 2011. – V. 52 (3). – P. 244–246. 10) ADLER SP, NIGRO G. Findings and conclusions from CMV hyperimmune globulin treatment trials. J Clin Virol 2009; 46(Suppl 4): S54-57. 11) AMIR J, WOLF DG, LEVY I. Treatment of symptomatic congenital cytomegalovirus infection with intravenous ganciclovir followed by longterm oral valganciclovir. Eur J Pediatr 2010; 169: 1061-1067. 12) Большой справочник лекарственных средств / под ред. Л. Е. Зиганшиной, В. К. Лепахина, В. И. Петрова, Р. У. Хабриева. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 3344 с 13) BNF for children 2014-2015

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)                Баешева Динагүл Аяпбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі.
2)           Эфендиев Имдат Муса оглы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулары және фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі.
3)           Құттықұжанова Ғалия Ғабдуллақызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулары кафедрасының профессоры.
4)           Девдариани Хатуна Георгиевна      – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулар кафедрасының доценті.
5)           Жұмағалиева Галина Даутқызы      – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК  балалар инфекциялары курсының жетекшісі.
6)           Мажитов Талғат Мансұрұлы – медицина ғылымдарының докторы,  профессор, «Астана медицина университеті» АҚ  клиникалық фармакология кафедрасының профессоры.
7)           Умешева Күміскүл Абдуллақызы – медициналық ғылымдар кандидаты, «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулар кафедрасының доценті.
8)           Алшынбекова Гүлшарбат Қанағатқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялық аурулар кафедрасы профессорының м.а.
 
Рецензенттердің тізімі:
1)      Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК профессоры, үздіксіз кәсіби даму мен клиникалық жұмыс бойынша проректор, инфекциялық аурулар кафедрасының профессоры.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх