Балаларда өкпе дамуының туа біткен ақаулары

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Другие уточненные врожденные аномалии органов дыхания (Q34.8)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен
бекітілген
 

Өкпе дамуының туа біткен ақаулықтары (ӨДТА) – бұл олардың құрылымының нұсқалар шегінен шыққан және мүшелердің әрі қарай қалыптасуының бұзылуы салдары, ұрық, тұқым дамуының бұзылуы нәтижесінде жатыр ішінде немесе кейде бала туылғаннан кейін туындайтын, тұрақты морфологиялық өкпе өзгерістері [1,5].

Хаттама атауы: Балаларда өкпе дамуының туа біткен ақаулары
 
Хаттама коды:
 
Код бойынша ХАЖ -10:
Q32.2 Туа біткен бронхомаляция
Q33 Өкпенің туа біткен аномалиясы (даму ақаулығы)
Q33.4 Туа біткен бронхоэктазия
Q33.6 Өкпенің гипоплазиясы және дисплазиясы
Q34.8 Тыныс алу мүшелерінің басқа да нақтыланған туа біткен аномалиялары
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар
БОС – бронхообструктивті синдром;
ӨДТА – өкпе дамуының туа біткен ақаулығы;
МКБ-10 – халықаралық статистикалық классификация -10 қайта қарау;
МЦК – мукоцилиарлы клиренс;
ЖҚТ – жалпы қан талдауы;
ЖНТ – жалпы несеп талдауы;
ӨСБСА – өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулары
ЭХОКГ – эхокардиография
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: туа біткен өкпе дамуының ақаулары бар балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, балалар пульмонологы.

Жіктемесі


Тыныс алу жүйесінің клиникалық  жіктелуінің сипаты [1,2,3]:

Тыныс алу жүйесінің дамуының ақауларының  жіктелуі


1. Бірнеше құрылымның дамуының кұрамдасқан бұзылуларымен шартталған аномалиялар
 
 
 
Өкпенің немесе бөлігінің туа біткен агенезиясы. Өкпенің немесе бөлігінің аплазиясы.
1.2. Өкпенің немесе бөлігінің гипоплазиясы:
•қарапайым;
•кистозды (соның ішінде поликистоз).
1.3. Өкпенің қосымша бөліктері.
2. Бронхоэпителиалды тармақтанудың дамуының басымды бұзылуымен шартталған аномалиялар
 
 
2.1.Трахеобронхомегалия және трахеобронхомаляция.
2.2. Кеңірдектің және бронхтың тарылуы
2.3. Лобарды өкпе эмфиземасы
2.4. Кеңірдек пен бронх дивертикулалары
2.5. Бронхты-өңеш терең жаралар
2.6. Бронхогенді жылауқтар
2.7. Туа біткен бронхоэктазлар
2.8. Гамартохондромдар
3. Кіші шеңбер тамырларының даму аномалиясы
 
3.1. Тамырлардың аплазиясы
3.2. Тамырлардың гипоплазиясы
3.3. Аневризма және артериовенозды терең жылаңкөздер
3.4. Өкпе көктамырларының ойылып түсу аномалиясы
4. Үлкен шеңбер тамырларының аномалиясы
 
4.1 Өкпелі секвестрлеу:
• өкпеден тыс;
• өкпе іші;
4.2. Бронхты тамырлардың аномалиясы:
• аплазия;
• гипоплазия;
4.3. Жұпты емес көк тамырдың бөлшегі
 
5. Басқа тіндер мен ағзалардың аномалиясы
 
5.1. Дермоидты жылауықтар
5.2. Тератомалар
5.3. Муковисцидоз
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
• шағым жинау және анамнез;
• физикальды тексеру;
• ЖҚТ;
• кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
 
Амбулаториялық деңгейінде өткізілетін қосымша диагностикалық тексеріс:
• ЭКГ;
• қақырықты бактериологиялық зерттеу.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберу үшін қажетті минимальды тексеріс тізімі:
• ЖҚТ;
• кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы.
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріс:
• қақырықты бактериологиялық зерттеу;
• қандағы газдарды анықтау (оттекті);
• сыртқы тыныс алу функциясын зерттеу (спирография);
• қаннын биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, калий, натрий, АЛТ, АСТ, темір, креатинин, қалдық азот, глюкоза деңгейін анықтау);
• кеуде қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы;
• диагностикалық бейнебронхоскопия.
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық тексеріс:
• іш қуысы ағзаларының УДЗ;
• қаннын биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, калий, натрий, АЛТ, АСТ, темір, креатинин, қалдық азот, глюкоза деңгейін анықтау);
• туберкулездің микробактериясына бактериологиялық егу;
• 1 аумақтың магниттік-резонансты томографиясы (емдеуге рефрактерлеу кезінде)
• жалпы қан талдауы;
• қан тобын және резус-факторды, антиденерлер бар/жоқтығын анықтау;
• контрастты бронхография;
• ангиопульмонография (өкпе тамырларының дамуындағы ақаулықтар жоқ екеніне көз жеткізу үшін);
• ЭХОКГ (өкпелі гипертензияның бар болуына күдіктенгенде);
• ЖНТ
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде өткізілетін диагностикалық шаралар:
• шағым жинау және анамнез;
• физикалды тексеру;
• ЭКГ
 
Диагностикалық критерийлер [1-5]

Шағымдар және анамнез:

Шағымдар:
• жиі, ұзақ жөтел (ұстама тәріздес немесе күнделікті, күні бойына созылған, тек түнде сирек);
• тұрақты қақырықтың бөлінуінің бар болуы;
• демікпе (ілгеріленген, тұрақты, физикалық жүктеме кезінде күшейеді, ЖРВИ кезінде күшейеді).

Анамнез:
• отбасыда өкпелі патологияның бар болуы;
• жақын туыстық некелердің бар болуы;
• жүктілік және туу ағыны туралы мәліметтер (ананың дәрі қабылдау, алкоголь тұтыну, кәсіби  зияннның болуы);
• өмірінің алғашқы 3 жылында «тез» түзетуге келмейтін, қайталамалы бітелу синдромның бар болуы.
 
Физикальды зерттеу:

Тексеру кезінде анықталады:
• тыныс алу жолдар өтімділігінің бұзылуы немесе өкпенің желдету бөлімінің көлемінің кішіреюімен шартталған тыныс алу жетіспеушілігі;
• кеңірдектің және ірі бронхтардың тарылуында шулы дем алу, ысқырықты сырылдар анықталады;
 
Зертханалық зерттеу:
ЖҚТ: Бактериялық инфекцияның қатпарлануында перифериялық қанда нейтрофилез, лейкоцитоз, ЭШЖ жылдамдатылуы мүмкін;
Қақырықты зерттеу – бактериологиялық зерттеуде ауруды қоздырғышты және антибиотикке сезімталдылықты анықтайды.
 
Аспаптық зерттеу:
• Диагностикалық бейнебронхоскопия тарылуды, тармақталу аномалиясын және бронхтың құрылымын анықтау үшін;
Құрсақ қуысы ағзаларының рентгенографиясы:
көкіректің жылжуын (агенезия немесе гипоплазияда);
нақты шекаралары бар көлеңкені (секвестрация кезінде);
ішкі мүшелердің кері орналасуын (Картагенер синдромында) анықтауға мүмкіндік береді
кеуде қуысы мүшелерінің КТ: бронхоэктаза, өкпе бөлігінің дұрыс жетілмеуі, склерозделген бронхтар;
Спирометрия: рестриктивті тип бойынша тыныс алу функцияларының бұзылуы.
 
Мамандар кеңесі үшін көрсетімдер:
• оториноларинголог, стоматолог кеңесі – созылмалы инфекцияның ошағын табу және оларды санациялау;
• кардиологтың кеңесі – жүректің зақымдануы, ерте жүрек декомпенсациясы;
• хирургтың кеңесі – өкпе дамуының оңашаланған ақаулығы;
• анестезиолог-дәрігердің кеңесі – бронхологиялық зерттеу алдында медикация алды терапия үшін.

Дифференциалды диагноз

Сараланған диагноз [1.5]:
ӨДТА сараланған диагностикасы және бронхоөкпелі жүйенің созылмалы бейспецификалық  ауруы
 
Нозологиялық  нысандары Клиникалық
туындау
Рентгенологиялық белгілері
Кеңірдек-өңештің терең жарасы Алғашқы тамақтанудан бастап шашалу, жөтел, лоқсу және регургитация. Пневмония ертерек қосылады. Өңешті контрастілеу типті көріністі айқындайды
Туа біткен кеңірдектің тарылуы
 
Туғаннан кейін лезде пайда болатын, инфекция көрінісіндегі респираторлық бұзылу (демді шығаруда шулы ауырлау). Тамақтану кезінде шашалу, жөтел, цианоз, физикалық дамуда кешігу, ауыр жағдайда кеуде қуысындағы жұмсақ  жерлердің ішке қарай тартылуы, жұтыну, қылқыну ұстамалары Үрлену, перибронхиалды және периваскулярлы тығыздану.  Ауа бағанының тартылуы. Қол буындарының томпаюы
 
Трахео-бронхомаляция Туғаннан стридормен дем шығару басымдырақ (экспираторлы) араласқан шулы тыныс алу. Демікпе және цианоз ұстамалары, құрғақ қарлыққан жөтел. Ауыр жағдайларда қабырғарасының тартылуы,  өзгеруі және кеуде қуысының үрленуі. Балалардың көбінісінде жас келе тартылу симптомының  азаюы.
 
 
Рентгенограмма бүйірінде кеңірдек тесігі саңылау түріне ие.
 
Мунье-Кун синдромы
 
Ерте жастан қақырығы бар жөтел, бронх-өкпелі аурудың қайта асқынуы, асқыну және жас ұлғайған сайын тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі. Саусақ тырнақтарының «барабан таяқшалары» тәрізді өзгеруі
 
Тығыздану ошағы бар өкпенің өзгеруі. Кеңірдек және ірі бронхтардың тесігінің кеңеюі. Төменгі бөлік сегменттерінде бронхоэктаза
 
Вильямс – Кэмпбелл синдромы
 
Бронх-өкпелі  асқынудың ерте пайда болуы. Кеуде қуысының өзгеруі және үрленуі. Демікпе, ысқырықпен демалу, қықырықпен жөтел, өкпедегі ылғалды қырыл. Саусақ тырнақтарының «барабан таяқшалары» тәрізді өзгеруі. ФВД кенеттен бұзылуы, бітелу типтің желденуінің жеткіліксіздігі.
 
Кең тарлаған “баллондалған”, бронхоэктазалар
 
Алғашқы цилиарлы дискинезия (түктердің қозғалмау синдромы, Картагенер синдромы)
 
Өмірдің алғашқы күнінен бастап үздіксіз қайталамалы бронх-өкпенің асқынуы. Физикалық дамуда кешігу, іріңді қақырығы бар тұрақты жөтел, өкпедегі ылғалды қырылдау, аяқ-қол саусақтары тырнақтары
ның пішіні өзгеру, созылмалы синуеит.
 
Тығыздану ошағы бар өкпе суретінің өзгеруі, бронхоэктазалар. Картагенер синдромында ішкі мүшелердің кері орналасуы.
Муковисцидоз
 
• Ұзаққа созылған неонатальды сарғаю
• Терінің тұзды дәмі
• Физикалық дамуда кешігу
• Қайталамалы  немесе созылмалы респираторлы симптомдар (жөтел, демікпе)
Ресімделмеген,  көп, майлы және сасық үлкен дәрет:
• ыстық ауа-райында тез дегидратациялау
 
Созылмалы гипоэлектролитемия
Гипопротеинемия
Бронх-өкпелік суреттің өзгеруі, ателектазалар, пневмофиброз, бронхоэктазалар
 
Бронхиалды  астма
 
Аллергиялық аурулар бойынша тұқым қуалау ауыртпалығымен. Атопиялық дерматит, дәріге және тамаққа аллергия. Түнгі және таңғы жөтел ұстамалары. Бронходилататорлардың терапиялық әсерлігі. Тұңшығу және ысқырықты тыныс алу ұстамалары. Ұстама кейінгі кезеңде өкпедегі ылғалды қырылдар. ФВД – бітелу типі бойынша желдену ақаулары.
 
Эмфизематозды үрлену
 
Созылмалы обструктивті бронхит
 
Инфекциямен байланыс, тұрақты демікпе, қақырықтың қиын шығумен жөтел. Өкпедегі ірі көбікті ылғылды сырыл. Бронхоөкпелі асқынудың қайталамалары. БОС айқын көрінетін ұстамаларсыз әстін-әстін дамиды. Ысқырықты тыныс алу, демікпе. Бітелу типі  бойынша желдену ақаулары. Аллергиялық реакция пайда болуы  мүмкін.
 
Өкпенің үрленуі, тамырлы суреттің күшеюі.
 
Бітелудің жүре пайда болған оқшауланған  түрлері
 
Аспирация және жарақатты зақымдану ықтималдылығы көрсетілген. Уақыт өте өсе беретін шулы тыныс алу, тұрақты жөтел, демікпе. Бронходилататорамен терапия тиімсіздігі. Бронхтағы және өкпедегі инфекциялық асқыну қайталамары. Қылқыну ұстамалары болуы мүмкін. ФВД- бітелу тип бойынша да,  рестриктивті тип бойынша өзгеруі мүмкін
 
Гиповентиляция, бас бронхта бітедудің оқшаулануында ауқымды ателектаз немесе үрлену. Томографияда жаңа пайда болған немесе бөгде заттың бейнесі.
 
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
• өкпедегі қабыну үдерісін тоқтату;
• өмір сүру сапасын жақсарту.
 
Емдеу тәсілі [1-5]

Дәрі-дәрмексіз  емдеу:
Жоғары калориялы, майы шектеусіз, дәруменге бай диета.
Санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтау (бөлме ауасын желдетіп тұру, инфекциялық  науқастармен байланысты шектеу, таза ішкиім және төсек жабындысы және т.б.)
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Бактерияға қарсы терапия:
• Цефтазидим, ұнтақ д/и 1г шиша күніне 2 рет  14 күн
• Цефепим, ұнтақ д/и 1г күніне 2 рет 10 күн
• Цефуроксим, ұнтақ д/и 750мг күніне 2 рет 7 күн
• Гентамицин 80мг, инъекция үшін ерітінді 2 млкүніне  2рет 5 күн
 
Муколитикалық дәрілер:
• Амброксол, ингаляция үшін ерітінді 15мг/5мл 100мл күніне 2-3 рет 10 -14 күн;
• Амброксол, дәрілер 30мг күніне 2-3 рет 10 -14 күн;
• Ацетилцистеин ингаляция үшін ерітінді 20% , ампула 5мл күніне  2 рет 10күн;
 
Ингаляциялық бронходилятаторлар:
• Ипратропия бромид шиша 20мл-нан тәулігіне 2 рет 10-14 күн;
• Сальбутамол, аэрозоль 12мл 3 күн;
• Аминофиллин, ампула 5 мл  тәулігіне 2 рет 5 күн;

Глюкокортикоидтер:
• Преднизолон, таблеткалар 1мг/кг 5 күн;
 
Зеңге қарсы дәрілер:
• Флуконазол, капсулалар 50мгкүніне  2рет 10күн;
 
Симптоматикалық  терапия:
• Оттегі сатурациясының тұрақтылығына дейін оттекті ылғалдандыру 1-2 л\мин.
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
 Негізгі дәрі–дәрмектер тізімі  (100% қолдану мүмкіндігіне ие);
• Ацетилцистеин ингаляция үшін ерітінді 20% , ампула 5мл күніне  2 рет 10күн;
• Ипратропий бромиді ингаляция үшін ерітінді20 мл
 
Қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі  (қолдану мүмкіндігі  100%  аз):
• Сальбутамол
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін  дәрі- дәрмекпен емдеу:

Негізгі дәрі–дәрмек құралдарының тізімі  (100% қолдану мүмкіндігіне ие);
• Цефтазидим, ұнтақ д/и 1г шиша күніне 2 рет  14күн
• Цефепим, ұнтақ д/и 1г күніне 2 рет 10 күн
• Цефуроксим, ұнтақ  д/и 750мг күніне 2 рет 7 күн
• Гентамицин 80мг, инъекция үшін ерітінді 2 мл күніне  2 рет 5 күн
 
Муколитикалық дәрілер:
• Амброксол, ингаляция үшін ерітінді 15мг/5мл 100мл күніне 2-3 рет 10 -14 күн;
• Амброксол, таблеткалар 30мг күніне 2-3 рет 10 -14 күн;
• Ацетилцистеин ингаляция үшін ерітінді 20% , ампула 5мл күніне  2 рет 10күн;
 
Ингаляциялық бронходилятаторлар:
• Ипратропий бромиді шиша 20мл нан тәулігіне 2 рет 10-14 күн;

Қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі  (қолдану мүмкіндігі  100%  аз):
• Сальбутамол, аэрозоль 12мл 5 күн;
• Аминофиллин, ампула 5 мл күніне 2 рет 5 күн;
• Преднизолон, таблетка 5мг
• Преднизолон, ампула 25мг
• Флуконазол, капсулалар 50мг
 
Жедел шұғыл көмек көрсету деңгейінде  дәрі-дәрмекпен емдеу:
• Ылғалданған оттек 1-2 л\мин
• Сальбутамолингаляциялық аэрозоль, баллонды аэрозоль 12 мл
• Аминофиллин, ампула
 
Емдеудің басқа түрлері:
• Постуральды дренаж.
 
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері:
•Дренажды гимнастика.
 
Стационарлық емдеудің басқа түрлері: жоқ.
 
Жедел шұғыл жәрдем деңгейінде емдеудің басқа түрлері: жоқ
 
Хирургиялық араласу өткізіледі:
Амбулаториялық жағдайда хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
 
Стационарлық жағдайда хирургиялық араласу:
консервативті емдеу бейнесінде клиникалық көріністердің сақталғанында;
• біржақтың бөлігін зақымдағанда: кистозды гипоплазия, кистозды бронхоэктазалар – торакотомия отасы.
 
Әрі қарай бақылау:
• пациенттерді диспансерлік бақылауға алу (6 айда 1 рет тексеріс өтеді).
• ЖҚТ
• кеуде қуысының рентгенографиясы
• спирография                                                  
 
Хаттамада сипатталған емдеу тиімділігі мен диагностика және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:
• тыныс алу жетіспеушілігін жою;
• өмір сүру сапасын жақсарту;
• асқынудың жоқ болуы.

Ауруханаға жатқызу

Госпитальдау үшін көрсетімдер:
Шұғыл госпитальдау үшін көрсетім:
• ӨДТА көрінісінде тыныс алудың ауыр жетіспеушілігі.
 
Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетім:
• Диагнозды верификациялау мақсатында респираторлы жолдың төменгі бөлігінің қайталама инфекциясы асқынуы кезінде өткізілген терапияның тиімсіздігі.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:

Алғашқы профилактика:
ДСҰ-ның ұсыныстарына сәйкес, туа біткен ақаулардың жетілуінде келесі алғашқы профилактикалық шаралар жатады:
• тиісті дәрумендер және минералдарды қолдануды қамту жолымен барлық ұрпақ әкелуге қабілетті жастағы әйелдердің тамақтануын жақсарту;
• алколголь, темекінің және оның ыстықтың әсерінен бұзылу өнімдерінің әсерін шектеу;
• отбасылық жоспарлау, әйелдерге жүктілікті жоспарлау және ұрықтың дамуында туа біткен ақаулардан дәруменді профилактика өткізу;
• заттек-тератогендердің әсерін жою (ауыр темірлер, пестицидтер, кейбір дәрілік заттар);
• әйелдің соматикалық денсаулығын жақсарту (инсулинорезистенттілікпен күрес, гестационды диабеттің алдын алу, артық салмақты тастау және т.б.);
• жатырішілік инфекцияны жою (сонымен қатар қызамық вирусына қарсы екпе);
• туа біткен ақаулыққа қатысты профилактикалық шарларды күшейтуге қатысты медициналық қызметкерлермен оқу жұмысын жетілдіру.
• ақаулардың пренатальды диагностикасы;
• генетиктің кеңесі.

Қайталама профилактика:
• емшек беріп емізу;
• науқастармен және вирус тасымалдаушылармен байланысты шектеу, әсіресе респираторлы аурудың жоғарылау маусымында;
• отбасыда ЖРВИ ауырғандарға бетперде тағу және қол жуу;
• бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстау;
• санаториялық-шипажайда оңалту;
• шынықтыру шараларын өткізу.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдібиеттер тізімі: 1. Review Article. Montasser Nadeem, Basil Elnazir, and Peter Greally. Congenital Pulmonary Malformation in Children. J. Scientifica. Volume 2012, Article, P.1- 7. May 2012. 2. S. Ceran, B. Altuntas, G. Sunam, and I. Bulut, “Congenital lobar emphysema: is surgery routinely necessary,” African Journal of Paediatric Surgery, vol. 7, no. 1, pp. 36–37, 2010. 3. Бородулин Б.Е., Гелашвили П.А., Бородулина Е.А., Подсевалова Н.В. Пороки развития и наследственные заболевания легких /Учебное пособие. – Самара – 2003. – 113 с. 4. Королев Б.А., Шахов Б.Е., Павлунин А.В. Аномалии и пороки развития легких // Н.Новгород. 2000. 300 с. 5. Розинова Н.Н., Лев Н.С. Захаров П.П. Бронхоэктатическая болезнь у детей // Пульмонология 2007. - 4. – 91 -94.

Ақпарат


Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1. Иманқұлова Күлзия Жәлешқызы – м.ғ.д., «Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» РМҚК «Пульмонология» бөлімінің меңгерушісі, жоғары біліктілік санаты бар  дәрігер,  ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас балалар пульмонологы.
2. Наурызалиева Шамшагүл Түлепқызы – м.ғ.к., ҚР ДСӘДМ «Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» РМҚК  «Пульмонология» бөлімінің аға ғылыми қызметкері, жоғары біліктілік санаты бар дәрігер.
3. Бақыбаев  Дидар  Ержомартұлы  - «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі: Сәдібекова Лейла Даниғалиқызы - м.ғ.к.,  «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Педиатрия» бөлімінің басшысы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх