Балаларда болатын функциялық диспепсия

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Диспепсия (K30)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен
 бекітілген
 

Функциялық  диспепсия – бір жастан асқан балаларда төс шеміршегінің астында болатын ауыру, жайсыздық немесе асыра толу сезімінің, ерте тойыну, іштің кебуі, құсқысы келу, құсу, майлы тамақты көтере алмау және т.б. тамақтанумен немесе физикалық жаттығулармен  байланысты немесе байланысты емес сезімдердің кешенді симптомы, аурудың созылуы соңғы 6 айдың ішінде 3 айдан аскан, бірақ тексерілу кезінде кандай да бір органикалық ауру түрі байқалмайды. 

Хаттаманың атауы: Балаларда болатын функциялық диспепсия
 
Хаттама коды
 
ХАЖ-10 бойынша кодтар:
 
K 30 Диспепсия
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар
 
АлТ - аланинаминотрансфераза
АсТ – аспартатаминотрансфераза
Ұ – ұлтабар
АІЖ – асқазан ішек жолы
ЖҚТ – жалпы қан талдау
ЖНТ – жалпы несеп талдау
АШҚ – асқазанның шырышты қабығы
ЭШЖ – эритроциттердің шөгу жылдамдығы
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ФЭГДС – фиброэзофагогастродуоденоскопия
ОЖЖ– орталық жүйке жүйесі
ЭАС – эпигастральды ауыру синдромы
ЭКГ – электрокардиография
H.pylori – хеликобактер пилори
IgG – G иммуноглобулині
 
Хаттаманы дайындау күні – 2014 жыл
 
Пациенттер санаты: балалар
 
Хаттаманы қолданатындар – балалар гастроэнтерологтері, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел медициналық жәрдем  дәрігерлері, фельдшерлер.
 

Жіктемесі


Функционалды диспепсияның жіктелуі [4]:
постпрандиалды дистресс-синдром (әдеттегі мөлшерде тамақ жегеннен кейін тез тойып калу сезімімен бірге жүретін  ауыру немесе жайсыздық);
эпигастральды ауыру синдромы (тамақ жеумен, үлкен дәретпен байланысты емес және өт бөлу жолдарының бұзылуы байқалмаған жағдайда  эпигастральды аймақтың жүйелі түрде   ауыруы). 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (мінтетті) диагностикалық зерттеулер:
• ЖҚТ (6 көрсеткіш);
•Қанның биохимиялық талдау (АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, билирубин);
• ЖНТ;
• H. рylori- дің инвазиялы емес диагностикасы;
• Нәжісті гельминттер мен қарапайымдыларға қатысты зерттеу
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Іш қуысындағы ағзалардың УДЗ.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін  қосымша диагностикалық тексерулер:
• ИФТ әдісімен Helicobacter pylori -ді қанның сарысуынан табу;;
• ФЭГДС;
• ЭКГ;
• Нәжісті дисбакрериозға қатысты бактериологиялық зерттеу;
• Перианальды қырындыны зерттеу.
 
Жоспарлы госпитальдауға  жіберудегі жүргізуге  қажетті тексерулердің минимальды тізімі:
• ЖҚТ (6 көрсеткіш);
• Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, билирубин);
• ЖЗТ;
• Нәжісті зеттеу (копрограмма);
• Перианальды қырындыны зерттеу.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін  негізгі (міндетті) диагностикалық  тексерулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген тексерулер жүргізіледі):
•ЖҚТ (6 көрсеткіш);
• Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, билирубин , креатинин, қандағы жалпы  альфа-амилазаны анықтау);
• ИФТ- әдісімен қанның сарсуында Helicobacter pylori (HP) -ге қарсы антиденелердің сандық мөлшерін анықтау;);
• ЖЗТ;
• Несептегіі жалпы альфа-амилазаны анықтау;
• Нәжістегі жасырын қанды  анықтау;
• Нәжісті гельминттер мен қарапайымдыларға қатысты зерттеу;
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• ФЭГДС;
• Іш қуысындағы ағзалардың УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (Шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі):
• ПЦР әдісімен Helicobacter pylori -ді табу;
• Иммунограмма;
• Тәуліктік pH метрия;
• Дуоденальды құрамды зерттеу;
• АШҚ және ОЕІ биоптарын зеттеу;
• Іш қуысындағы ағзалардың  КТ («қауіп-қатер» симптомы кезінде);
• Іш қуысындағы ағзалардың МТР («қауіп-қатер» симптомы кезінде);
• Іш қуысындағы ағзалардың  ренгеноскопиясы;
• Электроэнцефалография;
• Реоэнцефалография.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар:

Постпрандиальды дистресс-синдром: [4]:
• Кәдімгі мөлшерде тамақ жегеннен кейін пайда болатын толықсудан   мазасызданатын сезім;
• Тез тойып қалу (тойып тұру);
• Іштің кебуі;
• Тамақтан кейін құсқысы келу;
• Кекіру.

ЭАС  симптомдар [4]:
• эпигастрияда оқшауланған ретростернальды  компонентсіз ауыру белгілірі немесе қыжыл;
• тамақтануға байланысты емес, мезгілмен қайталынатын, күйдіріп ауыру;
• үлкен дәреттен соң немесе газ шыққанда жеңілдеу сезімінің болмауы.
Постпрандиальды дистресс-синдром және ЭАС үйлесуі мүмкін.
 
Анамнез:
• генетикалық бейімділік;
• психоәлеуметтік факторлар (стрестер, физикалық жүктеме түсіру).
 
Физикальды тексеру [4,6,7]:
• Тілдің қабықтануы;
• Пилородуоденальды аймақта және кіндік аймағында, оң жақ қабырға астында, сол жақ қабырға астындағы эпигастральды қолмен басқан кезде  ауыруы;
• диспептикалық көріністер;
• «қауіп-қатер» симптомының болмауы (түсініксіз жағдайда дене салмағын жоғалту, қайта-қайта құсу, үдемелі дисфагия, АІЖ қанауы);
• вегетативті дистония синдромы (алақан және табан гипергидрозы, тұрақты  қызыл дермографизм, артериальды гипотензия).
 
Зертханалық зерттеулер:
ИФТ: антиденелердің  Н.р. (IgG, IgA) ға жоқ болуы /бар болуы.
 
Аспаптық зерттеу [2,3,5]:
ФЭГДС: Асқазан және ұлтабардың шырышты қабығында паталогиялық өзгерістер болмауы.
 
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер
• оториноларингологтың кеңесі – инфекцияның тұрақты ошағын табу және оны санациялау мақсатында;
• стоматологтың кеңесі – инфекцияның тұрақты ошағын табу және оны санациялау мақсатында;
• неврологтың кеңесі – неврологиялық аурулардың жоқ екендігін  анықтау үшін;
• эндокринологтың кеңесі – эндокринологиялық ауралардың жоқ екендігін анықтау үшін;
• психологтың кеңесі – психосоматикалық симптомдардың жоқ екендігін анықтау үшін.
 

Дифференциалды диагноз


1-кесте.  Функциялық диспепсияның сараланған диагностика критерийлері
 

Ауыру түрі Клиникалық критерийлер Зертханалық-құралдық көрсеткіштер
Катаральды
эзофагит
Төстің астында немесе төстің жебе тәрізді өсіндісінің эпигастральды жоғарғы жағында қысылу немесе тамақ жеу,  тез жүру, жүгіру, терең тыныс алу кезінде байқалатын күйдіріп ауыру белгісі. Эндоскопияда -  өңештің шырышты қабығының гиперемиясы қатпарлардың қалыңдауы.
Созылмалы гастродуоденит Эпигастрияда кіндік айналасында және
Пилородуоденальды аймақта ауыру белгілерінің оқшаулануы; айқын диспептикалық көсеткіштер (құсқысы келу, кекіру, қыжыл, сирек- құсу); ерте және кешкі ауырулардың үйлесуі.

 
Ұлтабар және асқазанның сілемейлі қабықшасының  эндоскопиялық өзгерістері (ісіну, гиперемия, қан кету, эрозия, атрофия, қатпарлардың гипертрофиясы және т.б.)
Созылмалы холецистит Оң жақ қабырға астының ауыруы, өтқабы айналасын қолмен ұстағанда ауыруы,
субфебрилитет немесе  фебрильді санға дейін температураның жүйелі көтерілуі, улану.

 
Қанда - лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ артуы, УДЗ - өтқабы қабырғасының жуандауы, онда шырышты жармалардың болуы, өттің тұрып қалуы,периваскулярлы реакция.
 
Созылмалы панкреатит Ауыру сезімінің кіндіктен жоғары сол жақта орналасуы және оң жаққа берілуі, белдің         ауыруы, улану. копрограммада - амилорея, стеаторея, креаторея,  шырыш, лейкоциттер, эритроциттер болуы мүмкін,ішектің микробиоценозының бұзылу белгілері.
УДЗ де- ұлғайуы
Созылмалы энтероколит Кіндік айналасында немесе іштің барлық жері ауыру белгілерінің болуы, дефекациядан кейін қайтуы, іштің кебуі, сүт және сүтті тағамдардың, көкөністердің, жемістердің  жақпауы,  тұрақсыз дәрет, газдың бөлінуі Копрограммада - амилорея, стеаторея, креаторея, шырыш, лейкоциттер, эритроциттер болуы мүмкін, ішек микробиоценозының бұзылу нышандары
Жара ауруы Аш қарында пайда болатын ауырсыну, "әсіресе" кешкі, тамақтанудан кейін 2-3 сағаттан соң. Ауыру кенеттен, қатты болады, колмен ұстағанда ауыруы бірден байқалады, құрсақ бұлшықеттерінің, тері гиперестезия айналасының  қатаюы анықталады, Мендель симптомы расталады Эндоскопияда -гиперемирлі үймекпен қоршалған шырышты қабықтың  терең ақауы, көптеген жаралар болуы мүмкін.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
• Ауыру синдромының тоқтату;
• Қозғалыс бұзылуларын қалпына келтіру.
Емдеу шараларын таңдау функциялық диспепсиясының клиникалық нұсқасына байланысты.
 
Емдеу тәсілі

Дәрі-дәрмексіз емдеу
Тәртіп кестесі:
Тәртіп кестесі 1 – төсек;
Тәртіп кестесі 2 – жартылай төсек;
Тәртіп кестесі 3 – жалпы.
 
Емдәм №1 (асқыну кезінде);
Емдәм №5 (сауығу кезінде) жеке басына тағамдардың жағуына байланысты.
 
Тыйым салынады:
• жануар майлары, қақталған тағамдар,
• қаныққан ет, балық еті, саңырауқұлақ сорпалары, щи, борщ
• қара нан, жаңа піскен нан, жұқа құймақтар,
• газдалған сусындар, кофе,
• шалғам, ащы тұздықтар.
 
Тамаққа келесі тағамдарды қолдануға болады:
• ақ нан, кешегі болса жақсы, ақ нан қытырлағы, құрғақ қамырдан жасалған тоқаш;
• вегетариандық көжелер, қанықпаған сорпадан жасалған көжелер, езілген көжелер
• қайнатылған ет, буға піскен котлеттер, фрикаделькалар (сиыр, тауық, қоян, күркетауық еті), қайнатылған балық еті;
• ботқалар (ірі жарма, күріш, қарақұмық, сұлы) сүт қосылған,
• макарон өнімдері, суға піскен жұмыртқа, буға піскен  омлеттер,
• қаймағы алынбаған сүт және қоюланған сүт, ірімшік, айран, йогурт, ащы емес сыр,
• кисель, желе, тәтті жеміс-жидектерден жасалған шырындар
• қайнатылған көкөністер (қызылша, картоп, кәдіш, асқабақ, түрлі түсті қырыққабат),
• үгітілген шикі сәбіз, қабығы ашылған тәтті алмұрт, банандар, қайнатылған алма. с
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу [2, 3, 4, 5, 7 ]
• Антисекреторлы терапия;
• Қозғалыс бұзылуларын түзету;
• Эрадикационды терапия H.p. бар жағдайда;
• ОЖЖ жұмысын қалпына келтіру.
 
1-кесте. Функциялық диспепсияны дәрі-дәрмектермен емдеу
 

Емдеу іс-шаралары Препараттар тобы Препараттың  атауы,  мөлшерлеу, ұзақтығы
Антисекреторлы топ Протонды помпа ингибиторы Омепразол, 05-1 мг/кг/тәулік, 10 күн бойы
Рабепразол, мг/кг/т, 10 күн бойы
Антицидті дәрі-дәрмектер Алгелдрат + магний гидроксиді,  1-3 қалта, 3-5 күн
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қозғалыс-тасымалдау бұзылуларды түзету
 
 
 
Прокинетиктер
Домперидон - 05-1мг/кг дене салмағы/ тәулік  1-3 күн
 
Метоклопрамид 0,5-1 мг/кг дене салмағы/тәулік, 7-10 күн
Тримебутин 12 жастан аскан балаларға 50 мг нан тәулігіне 3 рет 7-10 күн
Спазмолитикалық
препараттар
Мебеверин 6 жастан бастап 2,5 мг/кг екі ретке бөліп тамақ алдында 20 мин бұрын ішеді
  Папаверин 10 жастан асқан балаларға 0,005-0,06 г нан тәулігіне 2 рет 3-5 күн .
  Дротаверин 6 жасқа дейінгі балаларға ішуге 0,01-0,02 г тәулігіне 1-2 рет, 6-12 жастағы балаларға 0,02 г тәулігіне 1-2 рет 3-5 күн.
  Пинаверия бромид 50-100 мг күніне 3 рет мектеп жасындағы балаларға 7-10 күн.
 
 
Антибактериалды терапия Кларитромицин 7,5 мг/кг/тәулік , 10 күн
 
Метронидазол  20-40 мг/кг/тәулік,  10 күн
Амоксициллин 25 мг/кг/тәулік, 10 күн
  Седативті терапия Павлов микстурасы, 0.5-1 шай қасықпен күніне 2-3 рет, 10-12 күн
Валериан сығындысы, 100-200 мг/ тәулігіне, 10-12 күн
  Ферментотерапия Панкреатин 500-700 липаза БД /кг салмақ тәулігіне,  7-10 күн
 
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%);
• Омепразол, капсулалар, таблеткалар 20 мг;
• Рабепразол капсулалар, таблеткалар 20 мг;
• Домперидон таблеткалар 10 мг;
 
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-н  аз).
• Кларитромицин таблеткалар 250 мг, 500 мг;
• Метронидазол 250 мг;
• Амоксициллин 250 мг, 500 мг, 1000 мг;
• Алгелдрат + магний гидроксиді суспензия, қалта;
• Павлов микстурасы шиша, 200 мл;
• Валериан сығындысы таблеткалар 0,02.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектермен емдеу шаралары:
Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%);
• Омепразол, капсулалар, таблеткалар 20 мг;
• Рабепразол капсулалар, таблеткалар 20 мг;
• Алгелдрат+ магний гидроксиді, қалта;
• Кларитромицин таблеткалар 250 мг, 500 мг;
• Метронидазол таблеткалар 250 мг;
• Амоксициллин таблеткалар 250 мг, 500 мг, 1000 мг;
• Домперидон таблеткалар 10 мг;
• Метоклопрамид 0,5% ампулалар 2 мл-ден.

Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).
• Тримебутин – таблеткалар 200 мг  12 жастан бастап;
• Гиосцинбутилбромид (драже 10 мг, инъекцияға арналған ерітінді: 1 мл ампулада, суппозитарийлер 10 мг);
• Мебеверин капсулалары 200 мг;
• Папаверин таблеткалар 0,01 г; 0,04 г.
• Дротаверин таблеткалар 40 мг.
• Пинаверий бромиді таблеткалар50мг
• Панкреатин таблеткалар, капсулалар 4500 Ед-дан, 10 000 Ед.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетуде қолдыналатын дәрі-дәрмектер: жүргізілмейді.
 
Емнің басқа түрлері:  жүргізілмейді
Амбулаториялық деңгейдегі емнің басқа түрлері:
Стационарлық деңгейде көрсетілетін   басқа түрлері:
Жедел шұғыл жәрдем көрсетуде қолданылатын емнің басқа түрлері:
 
Хирургиялық араласу: жоқ
Амбулаториялық деңгейдегі хирургиялық араласу:
Стационарлық деңгейдегі хирургиялық араласу:

Алдын алуы


.  Профилактикалық іс-шаралар  (асқынудың алдын алу, МСАК деңгейіндегі алғашқы прафилактика, қауіп-қатер факторларын ескере отырып).
Алғашқы  профилактика:
• Баланың жасына қарай дұрыс тамақтану (тәртіппен, ырғағы, үйлесімділігі);
• зиянды қылықтардан бас тарту;
• гельминтоздарға қатысты тексеру;
• ауыз қуысын емдеу;
• қауіптердің әсерін барынша азайту;
• гигиеналық талаптарды орындау.
 
Қайталама  профилактика:
• Асқазанның жұмыс істеу жағдайының ерекшеліктеріне сәйкес диеталық тамақтану;
• үнемі физикалық белсенділік;
• шынығу.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Moayyedi P, Delaney BC, Vakil N et al. The efficacy of proton pump inhibitors in nonulcer dyspepsia: a systematic review and economic analysis. Gastroenterology 2004; 127: 1329–37. 2. Moayyedi P, Soo S, Deeks J et al. Pharmacological interventions for non-ulcer dyspepsia. Cochrane upper gastrointestinal and pancreatic diseases group. Cochrane Database Syst Rev 2003; 3: CD001960 3. Бельмер С. В., Хавкин А. И. Функциональные нарушения органов пищеварения у детей. В кн.: Практическое руководство по детским болезням. Под общей редакцией проф. В. Ф. Коколиной и проф. А. Г. Румянцева. Том II. Гастроэнтерология детского возраста. Под ред. С. В. Бельмера, А. И. Хавкина, П. Л. Щербакова. Изд. 2-е, перераб. идоп. М., Медпрактика-М. 2010. С. 30–51. 4. Rome III: The Functional Gastrointestinal Disorders. Douglas A. Drossman (Editor). Degnon Associates, Inc.; 3 rd edition.2006. 1048 p. 5. Баранов А.А., Володина Н.Н. Рациональная фармакотерапия детских заболеваний. Книга 2. Руководство для практикующих врачей. Москва, Изд-во Литерра, 2007. С.187-196. 6. Drossman DA. The functional gastrointestinal disorders and the Rome III process. Gastroenterology 2006; 130 (5): 1377–90. 7. Tack J, Talley NJ, Camilleri M et al. Functional gastroduodenal disorders. Gastroenterology 2006; 130 (5): 1466–79. 8. Seno H, Nakase H, Chiba T. Usefulness of famotidine in functional dyspepsia patient treatment: comparison among prokinetic, acid suppression and antianxiety therapies. Aliment Pharmacol Ther 2005; 21 (Suppl. 2): 32–6.

Ақпарат


Әзірлеушілер
1. Мырзабекова Г.Т. – м.ғ.д., доцент, «АМДБЖИ» ШЖҚ РМК "Педиатрия" кафедрасының меңгерушісі.
2. Орынбасарова К.К. – м.ғ.д., доцент, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК "Балалар аурулары" кафедрасының меңгерушісі;
3. Оспанова З.М. – м.ғ.д., доцент,  «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" АҚ-ң «ИВБДВ» АҚ стратегиясының Ұлттық үйлестірушісі, ҚР ДМ штаттан тыс бас маман.
4. Құдайбергенова М.С. –  «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі: Оразова С.Н. -  м.ғ.д., «Астана медицина университеті"  АҚ, 1№2  жалпы дәрігерлік тәжірибе1 кафедрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары:
 
Хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе диагностиканың және /немесе емдеу істерінің одан да тиімді жаңа тәсілдері пайда болған жағдайда.  

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх