Балаларда болатын термиялық және химиялық күйіктің және үсіктің салдары

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Последствия термического и химического ожога и отморожения головы и шеи (T95.0)
Комбустиология детская, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама
 
Күйік, термиялық, үсік шалу жарақатының салдары әртүрлі және көптеген себептерге байланысты болады, оның ішінде негізгісі – зақымдану орны, тереңдігі мен аумағы, бірақ осылардың бәрін бір жерге біріктіретін анатомиялық субстрат – тыртық. Тыртық – құрылымның жоғалуы мен бұзылысына организмнің берген жауабы ретінде дәнекерлік тіннің пайда болуы. Тіннің бұлай алмасуы әрқашан толық жетілмеген және алмасу түріне қарай әртүрлі тыртықтар пайда болады [1, 16].
Оңалту – организм функциясының күшті бұзылыстары және денсаулықтың бұзылуы салдарынан тіршілік әрекетінің шектелуін жоюға немесе мүмкіндігінше орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық шаралар процесі мен жүйесі.
Медициналық оңалту дегеніміз науқас организмінің физиологиялық функциясын орнына келтіруге және дамытуға бағытталған емдік шаралар кешені, өздігінен өмір сүруін қамтамасыз ету үшін оның компенсаторлық мүмкіндігін анықтау.
 
Хаттама атауы: Балаларда болатын термиялық және химиялық күйіктің және үсіктің салдары

Хаттама коды:

АХЖ-10 код(тар)ы:
Т 95. Термиялық және химиялық күйіктің және үсіктің салдары
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
ЖПД – жалпы практика дәрігері
ИФА – иммунды-ферменттік анализ
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
ЖҚА – жалпы қан анализі
ЖНА – жалпы несеп анализі
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ - электрокардиография
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар травмотолог-ортопедтері, балалар хирургтері, медициналық реабилитологтер (физиотерапевтер, ЕДШ дәрігерлері), педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері.

Жіктемесі


Клиникалық жіктемесі [2, 6, 10]:

Зақымданған аяқ-қол функциясының бұзылу дәрежесіне қарай:
I дәреже – буындардың қозғалысы аздап шектеулі. Иықбуын және ұршықбуынның шектелуі алшақтату есебімен алғанда 20-30°-тан аспайды. Осылайша, шынтақ, тізе, кәріжілік-білезік, сирақ-табан буындары үшін қозғалыс амплитудасы функциялық тиімді қалыптың кемінде 50° диапазонда сақталады;
II дәреже – буындардың қозғалысы едәуір шектеулі. Иықбуын және ұршықбуынның қозғалыс амплитудасы 50°-тан аспайды, шынтақ, тізе, кәріжілік-білезік, сирақ-табан буындары үшін қозғалыс амплитудасы 45-20°-қа дейін;
III дәреже – қозғалыстың шектелуі айқын көрінеді. Қозғалыс амплитудасы буынның функциялық тиімді қалпымен салыстырғанда 15°-тан аспайды немесе анкилоз салдарынан қозғалыссыздығы байқалады;
IV дәреже – III дәрежеге тән функциялық тиімсіз қалыптағы буындар қозғалысының айқын шектелуімен сипатталады.

Тіннің тыртықталу түріне қарай:
•  атрофиялы;
•  гипертрофиялы;
•  келоидты.

Атрофиялы тыртық – қоршалған сау тері деңгейінен төмен жататын бүріскен тыртық. Ол дәнекер тін талшықтары өте аз пайда болып, жарақат баяу жазылғанда пайда болады.

Гипертрофиялы тыртық – бұл қалың, тығыз, беткейі дөңес болып біткен, кейде жарылып, қыртыстанып түсетін эпителиймен жабылған құрылым. Гипертрофиялық тыртық ешқашан зақымдану аумағы шегінен шықпайды,  жарақат эпителизациясынан кейін 6-12 ай бойы қалыптасады. Гипертрофиялық тыртықтың қалыптасуында басты рөлге екі фактор ие: жарақат ақауының үлкендігі мен функциялық белсенді аймақтардағы тыртықтың үнемі жарақаттануы. Үнемі жарақаттану, жыртылу және эпидермистің ойықжарасы тыртықтың жұмсақталуына кедергі келтіретін созылмалы қабыну процесіне әкеледі.

Келоидты тыртық – бұл, негізінен, сау тері деңгейінен айқын көтеріңкі тұратын, цианит реңкті қызғылт түсті, төмпешікті, тығыз ісік құрылымы. Барлық тыртықтар ішінде келоидты тыртық 15%-ды құрайды. Бұл құрылым қышынумен жиі қосамжарласатын жіті ауыру. Тыртық өз негізінен жалпағырақ және қоршаған тері шеттерінен салбырап тұрады. Келоидты тыртық меланоциттердің ең көп шоғырланған жерінде жиі пайда болады. Алақан мен табан терісінде меланоциттер мейлінше аз болғандықтан, бұл жерлерде мүлдем болмайды. Келоидты тыртықтың кәдімгі тыртықтың орнында 6, 8, 10 айдан соң пайда болуы қалыпты жағдай. Келоидты тыртықтың даму жиілігі гипофиздің жоғары физиологиялық белсенділігі (жыныстық даму) кезінде жоғарырақ болатындығы белгілі. Жекелеген адамдарда келоидты тыртық пайда болуға бейімділігі қандай да бір тұрақты белгіге ие емес. Осылайша, бір рет келоидты тыртық пайда болған науқаста алдағы уақытта мұндай тыртықтардың пайда болмауы мүмкін. Сондай-ақ жергілікті иммунологиялық реакция да патогенезде маңызды рөл атқарады.
Келоидты тыртықтардың даму қарқыны үш кезеңмен сипатталады: 1) олардың қарқындап өсуі; 2) фибробластогенез процесінің тұрақтануы; 3) кері дамуы. Барлық кезеңдер 1-3 жыл арасында аяқталады. Келоидты тыртықтардың өсу қарқындылығы тұрақты емес, бірақ олардың кері даму процесінің жекелеген ерекшеліктері өте көп. Жетілген келоидты тыртық өзінің кері даму процесі аяқталғаннан кейін жіңішке, жұмсақ, ағарыңқы болып, көбірек жылжиды. Бұл көп жағдайда ішкі жақтан, аралық қабат деп аталатын дәнекер тінмен капиллярлық тордың үлпілдек қабаты пайда болатын теріасты талшық шегінде таралуымен байланысты.  
 

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:

-қол-аяқтың іргелес буындарының рентгенографиясы.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық  тексеріп-қарау:
-ЭКГ;
-КТ (қол-аяқтың өрескел деформациясыы кезінде сүйек-буындық жүйеге операциялық араласу көрсетімдері туралы мәселені шешу үшін).

Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі:
•  қан тобын анықтау;
•  резус-факторды анықтау;
•  ЖҚА;
•  НЖА;
•  Коагулограмма (қан кету ұзақтығы мен ұю уақыты, протромбин, фибриноген, адгезия реакциясы мен тромбоциттер агрегациясы, антитромбин);
(қанның биохимиялық анализі (жалпы нәруыз, аланинаминотрансфераза, жалпы холестерин, билирубин, тіке билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза, •  калий, натрий, фосфор, кальций, хлор);
•  ЭКГ.
 Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау:
•  қан тобын анықтау;
•  резус-факторды анықтау.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау:
•  ЖҚА;
•  жалпы несеп анализі;
•  коагулограмма (қан кету ұзақтығы мен ұю уақыты, протромбин, фибриноген, адгезия реакциясы мен тромбоциттер агрегациясы, антитромбин);
•  қанның биохимиялық анализі (жалпы нәруыз, аланинаминотрансфераза, жалпы холестерин, билирубин, тіке билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза, калий, натрий, фосфор, кальций, хлор);
•  ЭКГ.
•  КТ (қол-аяқтың өрескел деформациясыы кезінде сүйек-буындық жүйеге операциялық араласу көрсетімдері туралы мәселені шешу үшін).

Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жоқ.
 
Диагностикалық критерийлер: [2, 3, 4, 9, 11, 16]:
Шағымдар және анамнез:
Шағымдар:
•  пациенттің психологиялық жағдайын нашарлататын тері жамылғысының косметикалық және эстетикалық кемістігі;
•  тері іркістерінің жылжымалылығының шектелуі;
•  зақымдалған қол-аяқ буындарының жылжымалылығының шектелуі;
•  зақымдалған қол-аяқ функциясының бұзылысы.

Анамнез:
•  термиялық, химиялық жарақат алу немесе үсік шалу фактісі;
•  зақымданған қол-аяқ немесе дене терісінің тыртықты деформациясының үдеуі.

Физикалық тексеріп-қарау:
•  тері жамылғысы тыртықтарының өзгерісі (көп жағдайда іріңді-қабынбалы, некроздық және аллергиялық процестермен, трофикалық ойықжаралармен қосамжарласа жүреді);
•  қол-аяқ буындарының жылжымалылығы мен контрактурасының бұзылысы;
•  бір уақытта бірнеше буынның зақымдануы (көп таралған терең термиялық күйіктер кезінде, әдетте, 2-3 қол-аяқ жарақаты және осыған орай 4-6-8-буындардың функциясы бір мезгілде зардап шегеді).
 
Зертханалық зерттеулер:
•        еш өзгеріссіз.
 
Аспаптық зерттеулер: [10, 13]:
Зақымданған қол-аяқты және іргелес буындарды зерттеу рентгені:
Рентгенологиялық өзгеріс суреті буын саңылауының үдемелі тыртықты контрактура жағына қарай тарылғанын көрсетеді.
Зақымданған қол-аяқты зерттеудің КТ: аурудың өту мерзіміне байланысты зақымданған сегменттің буындық бетіндегі жұмсақ тінді құрылымының дегенеративті өзгерісі анықталады. Ұзақ мерзімді контрактураларда буын өзгерістері айқынырақ көрінеді.

Арнаулы мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
•  педиатр/ЖПД консультациясы (қосамжарласқан соматикалық патология кезінде);
•  хирургтің консультациясы (қосамжарласқан бейіндік патология кезінде);
•  травматолог-ортопедтің консультациясы (сүйек қаңқасының деформациясы кезінде);
•  психологтің консультациясы (психологиялық ахуалдың өзгерісі кезінде);
•  анестезиологтің  консультациясы (операция алдында дайындау мақсатында);
•  медициналық реабилитологтің консультациясы (алғашқы оңалту емін тағайындау үшін);
•  трансфузиолог дәрігердің консультациясы (венаішілік қан құю тағайындауға көрсетімдер болған кезде);
•  дерматологтің консультациясы (қосамжарласқан дермотологиялық патология кезінде).

Дифференциалды диагноз


Балаларда термиялық және химиялық күйіктің және үсіктің салдарына сараланған диагноз:
Тері деформациясы мен қол-аяқ функциясының бұзылысы көзге көрініп тұратындықтан, диагноз қою қиындық тудырмайды.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары [1, 2, 6]:
•  өрескел тыртықты тінді кесіп алып тастау;
•  қол-аяқ пен дененің зақымданған сегментінің тыртықты контрактурасын жою;
•  зақымданған қол-аяқ функциясының бұзылысын қалпына келтіру;
•  косметикалық кемістікті жою мен пациенттің өмір сүру сапасын жақсарту.
 
Емдеу тактикасы [2, 8, 9, 11]:

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Емдәм:
№15 үстел.
Режим: жалпы.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – а
нтитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды  антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.

Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.

Антибактериялық терапия:
операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу мақсатында:

1 буын цефалоспориндері: цефазолин, 50-100 мг/кг, венаішілік, операциядан 30-60 минут бұрын бір рет.
операциядан кейінгі асқынуларды емдеу мақсатында (5-7 күндік курс):
2 және 3 буын цефалоспориндері:
 цефуроксим, 50-100 мг/кг/сут., 3-4  енгізу арқылы,  бұлшықетке немесе вена ішіне;
немесе цефтриаксон, тәулігіне 20-75 мг/кг., 1-2 енгізу арқылы, бұлшықетке немесе вена ішіне;
немесе цефаперазон, тәулігіне 50-100 мг/кг., 2-3 енгізу арқылы, бұлшықетке немесе вена ішіне;
линкозамидтер:
         линкомицин
бұлшықетке, тәулігіне 10 мг/кг, әрбір 12 сағат сайын,
вена ішіне тамшылатып енгізу, тәулігіне 10-20 мг/кг мөлшермен, ауыр инфекциялар кезінде және балаларға 1 айдан бастап және одан жоғары бір немесе бірнеше енгізу арқылы;
гликопептидтер:
ванкомицин: тәулігіне 15 мг/кг, тәулігіне 2 г. көп емес, әрбір 8 сағат сайын, вена ішіне, әр дозаның енгізілу уақыты 60 минуттан кем болмауы керек.
 
Ауырсынуды басатын терапия (операциядан кейінгі кезеңде): наркотикалық емес анальгетиктер:
•        парацетамол, 200 мг, таблеткалар – баланың дене массасының 1 кг-на 60 мг есебімен, тәулігіне 3-4 рет. Қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза 1,5-2,0 г;
парацетомол суппозитарийлері, ректальды 125, 250 мг, бір реттік доза баланың дене массасының 1 кг-на 10-15 мг, тәулігіне 2-3 рет әр 4-6 сағат сайын;
парацетамол суспензиясы 120 мг/5 мл, ішке қабылдауға – препараттың бір реттік дозасы дене массасының 1 кг-на 10-15 мг, тәулігіне 4 рет, қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем емес (1 айдан 3 айға дейінгі балаларға арналған доза жеке анықталады.
парацетомол сиробы ішке қабылдауға 2,4% 50 мл – 3 айдан 12 айға дейінгі балалар үшін 1А -1 шай қасықпен (60 -120 мг); 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін 1-2 шай қасық (120-240 мг); 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін 2-3 шай қасық (240-360 мг), тәулігіне 2-3 рет.
Анельгетик ретінде парацетомолмен емделудің ең ұзақ мерзімі
3 күннен артық болмауы тиіс.
•        ибупрофен суспензиясы 100 мг/5мл - 200 мл, ішке қабылдау үшін, дене массасының 1 кг-на 7-10 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 30 мг/кг. Препаратты қабылдау арасындағы аралық 6 сағаттан кем болмауы тиіс. Ауырсындырмайтын дәрі ретінде емделу ұзақтығы 5 күннен артық болмауы тиіс.

Апиындық анальгетиктер:
•  трамадол 50 мг/мл - инъекцияға арналған ерітіндіде 2 мл,
1 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін: 1 мг/кг бастап 2 мг/кг дейін венаға, бұлшықетке және тері астына. Венаішілік инъекцияларды өте баяу енгізу қажет немесе оларды инфузия ерітіндісінде ерітіп алып, инфузия енгізу жолымен енгізілуі қажет. 4-6 сағат аралықтан соң дозаны қайталауға болады.
•  тримеперидин 2% - инъекцияға арналған ерітіндіде 1 мл, 2 жастан үлкен балаларға  дене массасына қарай доза 0.1 - 0.5 мг/кг құрайды. 2 жасқа дейінгі балаларға  қолдануға болмайды.
•  морфин 2% 1 мл:
2 жастан 3жасқа дейінгі балалар үшін бір реттік доза 0,1 мл (1 мг морфин), тәуліктік доза - 0,2 мл (2 мг морфин);
3-4 жас: бір реттік доза - 0,15 мл (1,5 мг), тәуліктік - 0,3 мл (3 мг);
5-6 жас: бір реттік доза - 0,25 мл (2,5 мг), тәуліктік - 0,75 мл (7,5 мг);
7-9 жас: бір реттік доза - 0,3 мл (3 мг), тәуліктік  - 1 мл (10 мг);
10-14 жас: бір реттік доза 0,3-0,5 мл (3-5 мг), тәуліктік - 1-1,5 мл (10-15 мг).
Су-электролит алмасуын ауыстыру және түзету мақсатында кристаллоид ерітіндісімен инфузиялық терапия:
•  0,9% натрий хлориді ерітіндісі - 20-30 мл/кг енгізу;
•  5% декстроза – бірінші күні тәулігіне 6 г глюкоза енгізіледі, кейін – 15г/кг/ тәулігіне.

Периоперациялық қансырауға байланысты қан ауыстыру мақсатында қан препараттары:
•  жаңадан тоңазытылған плазма (қансырау негізінде айналымдағы қан мөлшерінің тапшылығы 25-30%-дан көп кезінде, плазманың 1,5 көп ХНҚ кезінде (норма 0,7-1,0), венаға қан құю дозасы дене массасына 10-20мл/кг);
•  эритроцитті жүзінді (айналымдағы қан мөлшерінің тапшылығы 25-30%-дан көп, гемокрит 24%-дан кем кезінде, қансырау негізінде гемоглобиннің 70-80 г/л  төмендеуі, қан айналымының бұзылушылығы болған кезде дене салмағына қарай 10-20 мл/кг дозасымен қан құю.
•  тромбоконцентрат (қан кету туындауының аясында тромбоциттердің деңгейі 50*10/9-дан төмендеген кезде, кейінгі тромбоциттердің деңгейін 100*10/9 -да ұстау – 10 кг дене массасына 1 доза венаға қан құю).
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жоқ
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
- негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар); операциялық араласу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмекпен емдеу.
Антибиотиктер:
цефазолин 500 мг венаға және бұлшықетке енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін ұнтақ
Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер:
•  парацетамол, 200 мг таблеткалар;
•  парацетамол, 125, 250 мг ректальды суппозиторийлер;
•  парацетамол, ішке қабылдау үшін 120 мг/5 мл суспензия;
•  парацетамол, ішке қабылдау үшін 2,4% 50 мл шырын;
•  ибупрофен, ішке қабылдау үшін 100 мг/5мл суспензия - мөлшерлеуіш шприцпен 200 мл құты.
Анальгетиктер:
•  трамадол - 50 мг/мл - инъекцияға 1 мл ерітінді;
•  морфин - 1% - 1 мл, инъекцияға арналған ерітінді.
Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер
•  натрий хлориді 0,9% - 500, 400, 200 мл венаішілік инфузияға арналған ерітінді (50%);;
•  декстроза 5% - 500, 400, 200 мл венаішілік инфузияға арналған ерітінді(50%.).
- қосымша дәрілік заттар тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан
төмен)
Антибиотиктер

•  цефуроксим, 750мг және 1.5 г инъекция мен инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;• 
цефтриаксон, 0,5 г және 1,0 инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;
•  цефаперазон, 1.0 г венаға және бұлшықетке енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;
•  линкомицин, 300 мг/мл венаға және бұлшықетке енгізуге арналған ерітінді
•  ванкомицин, 500 мг, 1000 мг инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат.
 
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: жоқ.
 
Емдеудің басқа түрлері  [1].:
Емдеудің амбулаториялық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері [1, 6, 16]:
Күйіктің тереңдігі, орны, баланың жасына қарай диспансерлік бақылау мерзімін сақтау (1 айдан 2-3 жылға дейін) ауыр тыртықты деформацияларды емдеу нәтижелілігін арттырады
•  ЕДШ;
•  массаж;
•  электрофорез
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
•  емдік жағдай;
•  өрескел тыртықты өзгерістердің пайда болуының алдын алу мақсатында биогенді және ферментті препараттар инъекциялары (алоэ, шыны тәріздес дене, комбутек, лидаза);
•  физиоемдеу.
 
Емдеудің жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде көрсетілетін басқа түрлері: жоқ.
 
Хирургиялық араласу: [5, 7, 12, 15]
Терең тыртықты және терең дермалық күйік салдары бар балаларды хирургиялық оңалту тактикасы тыртық процесі мен деформация дәрежесінің таралуына қарай құрылуы тиіс. Тыртықты деформация болған жағдайда операциялық араласу мерзімі тыртықтың жағдайына, деформацияның ауырлығына, баланың жасына қарай айқындалады.
 
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
 
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:
Операция түрлері

•  Жергілікті тіндермен жамау
•  Аутодермопластика
•  Қоректендіруші тармағы бар аутодермопластика
•  Баллонды дерматензия
Операциға көрсетімдер:
Тері жамауын таңдау әдісі ақаудың орнына, көлеміне және тереңдігі мен айналасындағы тіндердің жағдайына қарай айқындалады. Қимылдың ең жоғарғы амплитудасында күш түсетін және буын функциясын аз дәрежеде шектейтін тыртық жолағы болған кезде жергілікті тері жамау қолдану көрсетіледі.
Қимылды едәуір шектейтін немесе іргелес буын беттерінің жазықтық жабыспаларын және тығыз тыртықты ауқымдардың пайда болуын тудыратын көлемді тыртықтардың болуы қоректендіретін тармағы бар қиындымен терінің еркін ауыстырылуына немесе жамауға көрсетім болып табылады.
Денеде, баста шектелген тыртықты ауқымдар болған кезде мәселені пластикалық шешу жолы – баллонды дерматензия. Тыртықты кесу нәтижесінде терең анатомиялық құрылымдар – сіңірлер, тамырлар және нерв діңгектері жалаңаштанған жағдайда жарақатты жергілікті ресурстардың тері-майлы қиындысымен немесе қоректендіретін тармағы бар қиындымен жабылуы тиіс. Көптеген тыртықты деформациялар кезінде ең алдымен ерекше ауыр функциялық зардап келтіретін деформация жойылады.
Операция жасауға абсолютті  қарсы көрсетімдер:
•  қосамжарласқан созылмалы аурулар (жүрек, бүйрек, бауыр және т.б.) болуы;
•  пациенттің психикалық жабырқаушылығы, бейадекваттылығы
Операция жасауға салыстырмалы қарсы көрсетімдер:
•  жіті соматикалық аурудың болуы;
•  тері ауруларының болуы (терінің бактериялық және микоздық аурулары);

Әрі қарай бақылау[1, 8, 15]:
Операциядан кейінгі бақылау:
емдік жағдай;
таңулар;
ауырсындырмайтын терапия;
антибактериялық терапия.
Алғашқы оңалту:
ЕДШ (тыныс алу гимнастикасы);
дренажды массаж;
физиоемдеу.

Ем тиімділігінің және диагностикалау мен емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
зақымданған қол-аяқ буындарында белсенді қозғалыс көлемін ұлғайту;
зақымданған сегмент пішінін қалпына келтіру (сау организмнің антропометриялық көрсеткіштеріне сәйкес);
зақымданған қол-аяқ функциясын қалпына келтіру;
косметикалық нәтиженің болуы (өрескел тыртықты тіннің пайыздық арақатысының төмендеуі).

Ауруханаға жатқызу


Емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:

Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер: жоқ.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетімдер:
[8, 9, 14]:
•  зақымданған ағза функциясының бұзылысына әкелетін термиялық жарақат салдары;
•  тіннің өрескел косметикалық ақауы.
Термиялық жарақат салдарынан болатын негізгі анатомиялық-физиологиялық төрт түрі белгілі:
•  тері жамылғысының тыртықты деформациясы;
•  тіндердің тыртықты ақауы;
•  буындардың контрактурасы;
•  күйіктен кейінгі трофикалық ойықжара.
Термиялық жарақаттан кейін науқастарды оңалту операциялық, дәрі-дәрмектік, физиотерапиялық және санаторий мен курортта емдеуден тұрады. Уақтылы емдеу жүргізу терең термиялық күйіктен зардап шеккендердің, шамамен, жартысында тірек-қимыл аппараты бұзылысының алдын ала алмайды. Олардың көбі жарақаты жазылғаннан кейін-ақ ұзақ уақыттық қалпына келтіру еміне мұқтаж.

Алдын алуы

Профилактикалық шаралар[1, 3, 4]:

-операциядан кейінгі іріңді асқынудың алдын алу:
операция алдындағы антибиотиктік профилактика; операциядан кейінгі санация; таңулар;
-аурудың қайталануының алдын алу:
Дамып келе жатқан деформацияны түзету жағдайында операциядан кейінгі 6 ай ішіндегі үнемі орындалатын сегментті иммобилизациялау тұрақты тыртықты контрактуралардың алдын алудың міндетті компоненті болып табылады.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Афоничев К.А. «Профилактика и лечение рубцовых последствий у детей», С¬Пб, 2010; 2) Азолов В.В., Дмитриев Т.И. Хирургическое лечение последствий ожогов, Н. Новгород, 1995; 3) Алексеев A.A., Крутиков М.Г., Бобровников А.Э., Новое в профилактике и лечении инфекции у обожженных. Материалы II Конгресса Ассоциации хирургов им. Н.И.Пирогова: сб. научн. тр., С.Петербург, 1998, с.257; 4) Алексеев A.A., Кудзоев O.A., Клименто М.В., Шмелькин Б.В., Современные средства профилактики и лечения послеожоговых рубцов, Консервативное лечение рубцов, Материалы симпозиума, М.2000, с. 13-15; 5) Ваганова H.A., Использование экспандеров при хирургическом лечении дефектов мягких тканей волосистой части головы с обнажением костей черепа, Международный конгресс "Комбустиология на рубеже веков", М.2000, с. 188-189; 6) Вихриев Б.С., Бурмистров М.В., Ожоги (Руководство для врачей). Л., Медицина, 198, стр. 32; 7) Григорьева Т.Г., Пекарский Д.Е., Олейник Г.А., Арсений И.А., Цого-ев A.A., Савви Е.Л., Клиническая эффективность дермотензии в превентивной хирургии ожогов, Интенсивное лечение тяжелообожжен-ных. Международная конференция. М., 1992, с.216-211; 8) Григорьева Т.Г., Цогоев А.Д., Современная превентивная и восстановительная хирургическая реабилитация обожженных, Материалы XIX съезда хирургов Украины, Харьков, 2000, с. 312-313; 9) Гришкевич В.М., Мороз В.Ю., Хирургическое лечение последствий ожогов нижних конечностей. М., 1996, 297 с.; 10) Карваял Х.Ф., Парке Д.Х. Ожоги у детей.- М.: Медицина, 1990,- 512 с.; 11) Островский Н.В., Белянина И.Б., Якунин Г.С. Выбор сроков и методов устранения рубцовых деформаций у детей// Проблемы термической травмы у детей и подростков, Екатеринбург, 2003, с. 140; 12) Островский Н.В., Механизм острой дерматензии и перспективы ее применения для замещения ограниченных дефектов кожного покрова конечностей, Пластическая хирурргия при ожогах и ранах, Международная конференция, М.1994, с.137-139; 13) Парамонов Б.А., Порембский О.Я., Яблонский В.Г., Ожоги. Руководство для врачей. Санкт-Петербург, 2000, 480 с.; 14) Парин Б.В. Оперативное лечение рубцовых контрактур.- Оп-гиз., 1946 72 с.; 15) Харковер М.Е. Цветаев Е.В., Баиндурашвили А.Г. Сравнительная характеристика отдаленных результатов оперативного лечения глубоких ожогов у детей // Вопросы детской травматологии.- Алма-Ата, 1989.-Ч. 2.- С. 51 -54.; 16) Юденич В.В Лечение ожогов и их последствий, М.: Медицина, 1980,- 69с.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
  1. Нағыманов Болат Абыкенұлы, м.ғ.к., доцент, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ №1 травматология-ортопедия және вертебрология бөлімінің меңгерушісі, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс балалар бас травмотолог-ортопеді; 
  2. Жұмаділдаев Раджа Сарсенбайұлы, м.ғ.к., Алматы қаласының «Балаларға кезек күттірмейтін медициналық көмек орталығы» ШЖҚ МҚК комбустиолог балалар дәрігер;
  3. Дүйсембаева Назигүл Қуандыққызы, «Астана медицина университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті,  жоғары санатты терапевт дәрігер, клиникалық фармаколог дәрігер.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер: Дүйсенов Нұрлан Болатұлы, м.ғ.д., Қазақ ұлттық медициналық университетінің «Ақсай» университеттік клиникасының ортопед-дәрігері,
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх