Балалардағы тұрақты және қайталанатын гематурия

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Рецидивирующая и устойчивая гематурия. Неуточненное изменение (N02.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен
бекітілген
 
Гематурия - көру аймағында ЖНТ-де 5 эритроциттен артық болуы. Бүйректік және бүйректен тыс гематурияны айырады. Ген өзгерісі оның этиологиялық факторы болып табылатын тұқым қуалайтын нефропатияларда болады.
Егер арудың дамуы бір тұқымының өзгеруімен байланысты болса, онда бұл монотұқымды – тұқым қуалайтын туа бітетін бүйрек ауруы, егер аурудың дамуы бірнеше тұқымының өзгеруімен байланысты болса, онда политұқымдық тұқым қуалайтын деп айтуға тұрады [2]. Гематурия басқа да көптеген жағдайларда кездесуі мүмкін (1-кесте).

Хаттаманың атауы: Балалардағы тұрақты және қайталанатын гематурия.

 

ХАЖ-10 бойынша кодтар: [1]:N02 Тұрақты және қайталанатын гематурия
N02.1 Ошақты және сегментарлы гломерулярлық зақымданулар
N02.2 Таралған мембраналы гломерулонефрит
N02.3 Таралған мезангиалды пролиферативті гломерулонефрит
N02.4 Таралған эндокапиллярлық пролиферативті гломерулонефрет
N02.5 Таралған мезангиокапиллярлы гломерулонефрит
N02.6 Тығыз тұңба ауруы
N02.7 Таралған орақ тәрізді гломерулонефрит
N02.8 Басқа өзгерістер
N02.9 Анықталмаған өзгеріс
N07 Басқа тарауларда жіктелмеген тұқым қуатын нефропатия.
N07.0 Шамалы гломерулярлы бұзушылықтар
N07.1 Ошақты және сегментарлы гломерулярлы зақымданулар
N07.2 Таралған мембраналық гломерулонефрит
N07.3 Таралған мезангиалды пролиферативті гломерулонефрит
N07.4 Таралған эндокапиллярлық пролиферативті гломерулонефрет
N07.5 Таралған мезангиокапиллярлы гломерулонефрит
N07.6 Тығыз тұңба ауруы
N07.7 Таралған орақ тәрізді гломерулонефрит
N07.8 Басқа өзгерістер
N07.9 Анықталмаған өзгерістер

Хаттамада қолданылған қысқартулар:
АГ – артериальды гипертензия
АҚ- артериялық қысым
АЛТ- аланинаминотраснфераза
АСТ- аспаратаминотрансфераза
БІТУ- белсендірілген ішінара тромбопластитинді уақыт
ГН - гломерулонефрит
ИФТ - иммуноферменттік талдау
КТ – компьютерлік томография
ХБ - халықаралық бірліктер
МРТ – магниттык-резонансты томография
ХҚҚ - халықаралық қалыптастырылған қатынас
ЖҚТ- жалпы қан талдауы
ЖНТ – жалпы несеп талдауы
ПУ – протромбиндік уақыт
ПИ-  протромбиндік индекс
ШСЖ - шумақша  сүзу жылдамдығы
УДДГ - ультрадыбыстық допплерография
УДТ - ультрадыбыстық тексеру
ФСГС – фокальдық-сегментарлы гломерулосклероз
СБЖ – созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
ЦМВИ – цитомегаловирусты инфекция
ЭКГ – электрокардиография
эхоКГ – эхокардиография
IgA – А иммуноглобулині
K/DOQI – (Kidney Disease Outcomes Quality Initiative) - Бүйректің созылмалы аурулары бойынша клиникалық практикалық ұсыныстар.
 
Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл.

Пациенттердің санаты: балалар.

Хаттаманы қолданушылар: жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, нефрологтар.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі(1-кесте). Гематуриялардың себептері [2,3]:

бүйректік
Гломерулярлы  IgA я*нефропатиясы
• Жіті инфекциядан кейін ГН
• Жедел үдемелі ГН
• МембранопролиферативтіГН
• Шенлейн-Генох нефриті •
 Люпус-нефрит
• Гудпасчер синдромы
• Жүйелі васкулиттер, криоглобулинемия кездедегі бүйрек зақымдалуы
• Тұқым қуалайтын нефрит
• Жіңішке базальды мембраналар ауруы
• Басқа ГН (ФСГС, мембраналық нефропатия және басқа
Гломерулярлы емес
  • Туа біткен нефропатии:
  • бүйректің поликистоз ауруы және басқа кистозды аурулары
  • Тубул-интерстициальды нефропатиялар:
  1. жіті және созылмалы интерстициальды нефрит (дәрілік, иммунды және басқа.)
  2. Несеп жүйесі инфекциясы мен пиелонефрит
  3. Метаболиялық нефропатия (нефрокальциноз, оксалаттар, несеп қышқылы)
  • Ісіктер
  • Тамырлық (аневризма, гемангиома)
  • Туберкулез
  • Бүйрек зақымдары
Бүйректен тыс
Постренальды (несеп жолдары)
  • Бітелу
  • Инфекция
  • Тастар
  • Ісіктер
  • Зақымдар
  • Дәрілер (циклофосфамид)
  • Тамыр дамуының ақаулары
Басқа аурулар
  • Антикоагулянттар
  • Гиперкальциурия
  • Қан сырқаты және басқалар.
     
*ХАЖ -10 көрсетілмеген бірақ жиі кездесетін IgA-нефропатия бөлек белгіленеді (нефробиопсияның қорытындысы боынша).
 
2-кесте.СБА Созылмалы бүйрек аурулар сатысының халықаралық жіктелуі (К/DOQI,2002)[3] м2

Саты
лары
           Ссипаттама ШСЖ (мл/мин/
1,73 м2)
I Бүйректің зақымдануы ШСЖ-пен немесе қалыпты ≥90
II Жеңіл   ШСЖ-пен бүйректің зақымдануы 89-60
III  ШСЖ –ы шамалы 59-30
IV  ШСЖ –ы ауыр 29-15
V бүйрек жеткіліксіздігі ≤15 (диализ)
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ (6 параметр)
-ЖНТ
-Биохимиялық қан тапсыру (креатинин, несепнәр);
-Бүйректің УДЗ

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-Биохимиялық қан тексеру (жалпы ақуыз, АЛТ, АСТ, тимол сынамасы мен қан билирубин).

Жоспарлы госпитальдау кезінде жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі:
-ЖҚТ (6 параметр);
-ЖНТ;
-Биохимиялық қан тексеру (жалпы ақуыз, АЛТ, АСТ,  тимол сынамасы мен қан билирубин).
-Бүйректің УДЗ;

Стационарлық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ (6 параметр);
-ЖНТ;
-Биохимиялық қан тапсыру (жалпы ақуыз, АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин, креатинин, несепнәр, глюкоза, калий/натрий, жалпы калций/натрий,темір, кальцийға қан сарысуындағы фосфор)

(креатинин мкмоль/л-де)
Коэффициент: жаңа туылғандар 33-40
препубертатты кезеңде    38-48
постпубертатты кезеңде  48-62
-ИФТ әдісі бойынша қан сарысуындағы IgA анықтау;
-Несептегі глюкозаны анықтау (мөлшерлік және сапалық байқаулар);
-Несепті бактериологиялық зерттеу;
-Несептегі ақуызды анықтау (сандық байқау);
-Іш қуысы ағзаларының УДЗ (бүйректі тұрған, жатқан, физикалық жүктеме қалыптарында);
-Бүйрек қантамырларының УДДГ.

 

Стационарлық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде өткізілмеген диагностикалық зерттеу өткізіледі):
-коагулограмма (ПУ-ПТИ-ХҚҚ, фибриноген, тромбиндік уақыт, БІТУ плазманың фибринолитикалық белсенділігі);
-иммуннохемилюминесценция, ПТӘ, ИФТ тәсілімен В және С гепатит вирустарын, ЦМВИ, герпетикалық инфекцияны анықтау;
-аудиограмма;
-кеуде қуысының рентгенографиясы (бір кескінде);
-цистография;
-тамыріші урографиясы;
-ЭКГ;
-эхоКГ;
-құрсақ сегменті КТ (несеп жолдарының бітелуін болдырмау үшін);
-іш қуысы мен құрсақ арты аймақтың МРТ (несеп жолдарының бітелуін  болдырмау үшін);
(Отбасылық гематурия кезінде ауырландырылған тұқым қуалайтын IgA нефропатияға күдіктенуде) УД бақылауында пункциялық/аспирационды биопсия (отбасында – терминальді СБА даму жағдайлары)   (есту және көру мүшелері жағынан өзгерістермен үйлескен).
 
Жедел шұғыл жәрдем кезінде өткізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:  жүргізілмейді.

Диагностикалық крийтерийлер*** (үдеріс деңгейінің ауырлығына байланысты ауру белгілерінің айқын анықтамасы).

Анамнез  және шағымдар:Шағымдар:
-абдоминальды немесе  бел аурулары;
-диурез/полиурия төмендеуі;
-артериальды гипертензиядан;
-шағымдардың болмауы мүмкін.
 
Анамнез:
-туыстарда протеинурия немесе гематурия болуы ;
-отбасында түрлі деңгейлі СБА ауыратындардың болуы.
 
Физикальды зерттеулер:
-улану;
-бозару;
-құлақ мүкістігі;
-артериальды гипертензия;
-дизэмбриогенез стигмалары.
-анемия;
-белдің және/немесе іш ауруы

Жоғарыдағы көрсеткіштер нұсқауларының болмауы  мүмкін.
 
Зертханалық зерттеулер
ЖҚТ: қалыпты/ қаназдылық;
ЖНТ:
-гематурия (5/10 артық көрінетін қайта несеп тексеруде, температураның көтерілуі және/немесе басқа бір ауру көрінісіндегі уланумен байланыссыз);
-абактериальды лейкоцитурия  көру аймағында 7-10 артық (жеке жағдайларда).
Биохимиялық қан тексеру: ШСЖ 90 мл/мин кем төмендеуімен өспелі қалыптан жоғары креатининнің қалыптасуы/көтерілуі.
 
Аспаптық зерттеулер:
бүйректің УДЗ: бүйрек паренхимасының эхогендігінің көтерілуі;
бүйрек тамырларының УДДГ: суретінің нашарлауы/өзгерістердің болмауы урография/цистография;
Тамырішілік КТ/МРТ/: туа біткен ақаулардың, рефлюкстардың, көлемді үрдустердің, тамырлық аномалялардың болмауы;
УД бақылаудағы пункционді биопсия: биоптаттағы морфологиялық  өзгерістер (шамалы гломерулярлы бұзушылықтар, ошақты және сегментарлы гломерулярлық зақымдану, таралған мембраналық гломерулонефрит, таралған мезангиокапиллярлы пролиферативті гломерулонефрит, таралған эндокапиллярлық пролиферативті гломерулонефрет, таралған мезангиокапиллярлы гломерулонефрит, тығыз тұнба ауруы, таралған орақ тәрізді гломерулонефрит, басқа өзгерістер).
 
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:
-генетиктің кеңесі – генетикалық кеңесу мақсатында;
-оториноларинголог кеңесі - созылмалы ошақтарынын инфекциясын анықтау және мұрынтамақ инфекциясын санациялау мақсатында;
-стоматологтың кеңесі – созылмалы ошақтарынын инфекциясын анықтау және оны санациялау мақсатында;
-гинекологтың кеңесі – қыздардың сыртқы жыныстық мүшелерінің қызарған сырқаттанулары кезде;
-аллергологтың кеңесі - ағзаның аллергиясы болған кезде;
-көз дәрігердің кеңесі – көру аномалиясын анықтау, микротамырлардың өзгеруін бағалау үшін;
-сурдологтың кеңесі – аудиографиялық бұзушылықтарын анықтау мақсатында;
-эндокринологтың  кеңесі - эндокриндік зақымдалулар болғанда және оларды дәрі-дәрмектермен түзету мақсатымен;
-кардиологтың кеңесі – артериальды гипертензия, ЭКГ жағынан бұзушылық және басқа жағдайларды;
-инфекционистің кеңесі – зоонозды және басқада инфекциялар, вирусты гепатит болған кезде;
-урологтың кеңесі - оперативті емдеуге көрсетімдер немесе араласу қажеттілігін анықтау үшін;
-анестезиолог-реаниматологтың кеңесі - ерте жастағы балалардың бүйрек биопсиясына КТ, МРТ өткізу алдында, орта тамырларын катетерлеу.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз (кесте түрінде):
Гломерулярлы және бейгломерулярлы гематурияның сараланған диагностикасы (2-кесте)) .
 
2-кесте. Гематурияның сараланған диагностикасы.
 

Гломерулярлы гематурия Бейгломерулярлы гематурия
Гломерулонефриттер
Туа біткен нефрит:
Бүйректің поликистоз ауруы және басқа кистозды аурулар
Тубуло-интерстициальды нефропатия:
Жіті және созылмалы интерстициальды нефрит (дәрілік, иммунды және басқалары)
Пиелонефрит
Метаболиялық нефропатия (нефрокальциноз)
Ісіктер (аневризмнің,
гемангиомнің)
Тамырлық (аневризма, гемангиома)
Туберкулез
Бүйрек зақымдары
Бітелу
Инфекция
Тастар
Ісіктер
Зақымдар
Дәрілер (циклофосфамид)
Бүйректен тыс оқшауланған тамыр дамуының ақаулары
 

Емдеу тактикасы


Емделу мақсаттары:
СБА асқындауын бәсеңдету (анемияны емдеу, АҚ қалыптасуы, ШСЖ жақсаруы)
Емдеу тәсілі***:

Дәрі-дәрмексіз емдеу (тәртіп, диета)
-Жасына қарай тңгерімделген диета, калорияларды, ақуызды (1,5-2г/кг) дәлме-дәл енгізу;
-Жалпы тәртіп.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
ААФи:
-эналаприл, таблеткалар 5мг/тәу;
-фозиноприл, таблеткалар 5мг/тәу;
-ШСЖ 30мл/мин/1,73м2 аз болса, ААФи тағайындалмайды [2-5].
Бактиряға қарсы терапия [8-10]:
-цефтриаксон т/і 500 мг флакондар;
-амоксициллин+клавулон қышқылы, таб. 375 мг.
Бүйректік анемияны емдеу:
-темір сульфаты, капсулалар 300 мг;
-альфа эпоэтині, пісек-сықпа 1000-2000 бірл.
Симптомдар бойынша емдеу:
-Балық майы 500-1000 ХБ [11]
-Кальций карбонаты, шайналатын таблеткалар 1000-3000 мг/тәу
-IgА нефропатияны емдеуде дезагреганттар қолданымайды [9,10] (2С).
 
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрілік құралдар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
-фозиноприл, таблеткалар 5-10мг;
-эналаприл, таблеткалар 5-10мг;
Қосымша дәрілік заттар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
-цефтриаксон б/і 500 мг флакондар;
-кальций карбонаты, шайналатын таблеткалар 1000-3000 мг/тәулігіне;
-темір сульфаты, капсулалар 300 мг;
-рекомбинатты эритропоэтині, пісек-сықпа 2000 бірлік;
-балық майы 500-1000 ХБ;
-амоксициллин+клавулон қышқылы, табл. 375 мг.
 
Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу: 
Негізгі дәрілік құралдар тізімі (қолданудың 100% мүмкіндігі бар):
-фозиноприл, таблеткалар 5-10мг;
-эналаприл, таблеткалар 5-10мг;
 
Қосымша дәрілік құралдар тізімі (қолданудың 100% мүмкіндігі бар):
-цефтриаксон т/і 500 мг флакондар;
-карбонат кальцийі шайналатын таблеткалар 1000-3000 мг/тәулік
-темір сульфаты, капсулалар 300 мг
-рекомбинантты эритропоэтин, пісек-сықпа 2000 бірл.
-балық майы 500-1000 ХБ
-амоксициллин+клавуланды қышқыл, таб 375 мг.
 
Жедел шұғыл жәрдем кезінде дәрі-дәрмекпен емдеу:
 
Емдеудің басқа түрлері – өткізілмейді.
 
Амбулаториялық деңгейдегі  емдеудің басқа түрлері
Стационарлық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері
Жедел  жәрдем кезінде емдеудің басқа түрлері
 
Хирургиялық араласу (егер бұл негізгі болып табылмаса, онда оның негіздемесінің сипаттамасы қажет)- өткізілмейді.
Амбулаторлық деңгейде көрсетілетін хирургиялық араласу
 
Стационарлық деңгейде хирургиялық араласу:
-IgА нефропатиясы кезінде тонзиллэктомия өткізілмейді.
 
Әрі қарай жүргізу (отадан кейін жүргізу, бейінді мамандардың және МСАК дәрігерлерінің келу жиіліктері көрсетілген диспансерлік шаралар, стационар деңгейінде өткізілетін алғашқы оңалту):
-ЖТД/педиатрдың қарауы - 3 айда 1 рет (АҚ бақылау);
-Нефрологтың қарауы- 6 айда 1 рет;
-ЖҚТ 6 айда 1 рет;
-ЖНТ 6 айда 1 рет;
-биохимиялық қан тексеру 1 жылда 1 рет (ШСЖ есептеу үшін) (креатинин);
-бүйрек УДЗ – 6 айда 1 рет;
-бүйрек тамырларының УДДГ;
-сурдологтың қарауы (құлақ мүкістігі болғанда) жылына 1 рет (аудиографикалық бақылау).
 
Емдеу тиімділігі мен диагностикалау және медеу әдістерінің қауіпсіздік  индикаторлары:
-ШСЖ төмендеуінің бәсеңдеуі.

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үлгісі көрсетілген госпитальдау үшін көрсетімдер:

Шұғыл госпитальдау үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.

Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер:
-қайталамалы немесе тұрақты гематурия;
-бүйрек қызметінің төмендеуі – ШСЖ 90 мл/мин кем;
-қан талдауыныдағы өзгерістер (осы жасқа тән креатининнің қалыпты көрсеткіштерден жоғары көтерілуі )
-құлақ мүкістігімен/сіз гематурия
-артериальды гипертензиямен/сыз гематурия
-бүйрек ауруы бойынша ауырланған отбасылық анамнезімен гематурия.

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
СБА профилактикасының мақсаты асқыну екпінін бәсеңдету болып табылады.
-Анемияны емдеу және профилактикасы;
-АГ емдеу және профилактикасы;
-ШСЖ сақтау.
Синфарингитті гематурия кезінде бактерияға қары терапияны тағайындау (синфарингитті гематурия - мұрынтамақ мүшелері ауруларында пайда болатын гематурия).
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. А.Б. Қанатбаева, Б.А. Әбеуова, К.А. Қабұлбаев және басқ. Нефрологиядағы клиникалық симптомдары мен синдромдары.(оқу құралы) Алматы, 2010, 50 пар. 2. Балалық нефрология ред.Э. Лойман, А.Н.Цыгин, А.А.Саркисян. «Литтера». Москва, 2010ж. 400 пар. 3. А.В. Папаян, Н.Д. Савенкова Бала жастағы клиникалық нефрология. Дәрілерге арналған басқарушылық. //Баспа: Левша. Санкт-Петербург , 2008 жыл, 600 пар. 4. Н.А. Мухин, И.Е. Тареева, Е.М. Шилов, Л.В. Козловская Бүйрек ауруларын диагностикалау мен емдеу. Дәрілерге арналған басқарушылық. // ГЭОТАР-Медиа. Москва. 2008. 384пар. 5. Крис А.О'Каллагхан. Көрнекті нефрология // Москва. 2009.Ағылш тілінен аударылған Е.М. Шилова ред. бойынша, 128 пар. 6. K/DOQI Бүйректің созылмалы сырқаттану бойынша клиникалық практикалық ұсыныстар: Бағалау, Классификация мен Стратификация. www.nefro.ru/standard/doqi_ckd/kdoqickd.htm 7. Haematuria EBM Guidelines 26.08.2009 8. Haematuria. Philadelphia (PA): Intracorp; 2009. Various p. 9. Ferraro PM, Ferraccioli GF, Gambaro G et al. Combined treatment with renin-angiotensin system blockers and polyunsaturated fatty acids in proteinuric IgA nephropathy: a randomized controlled trial. Nephrol Dial Transplant 2009; 24: 156–160. 10. Taji Y, Kuwahara T, Shikata S et al. Meta-analysis of antiplatelet therapy for IgA nephropathy. Clin Exp Nephrol 2006; 10: 268–273. 11. Alexopoulos E, Stangou M, Pantzaki A et al. Treatment of severe IgA nephropathy with omega-3 fatty acids: the effect of a 00very low dose regimen. Ren Fail 2010; 26: 453–459. 12. Rasche FM, Schwarz A, Keller F. Tonsillectomy does not prevent a progressive course in IgA nephropathy. Clin Nephrol 2009; 51: 147–152.

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген   хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1. Б.А. Әбеуова - м.ғ.д., «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК «ФНПР педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасының меңгерушісі;
2. Н.Б. Ниғматуллина - м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Уронефрология» бөлімінің нефрологы;
3. В.Х. Алтынова - м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Диализ» бөлімінің меңгерушісі;
4. Н.С. Ахмадьяр - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ  клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі:
М.С. Молдахметов - м.ғ.д., «Астана медицина университеті» АҚ  балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх