Балалардағы митральды қақпақшаның пролапсы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Пролапс [пролабирование] митрального клапана (I34.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен
бекітілген

Митральды қақпақша пролапсы – сол жақ қарыншаның систоласы кезінде митральды қақпақшаның бір немесе қос жармаларының сол жақ жүрекшеге қарай патологиялық түрде салбырауы (иілуі), митральды қақпақшаның  қақпақшалы-қақпақшаасты аппаратының бұзылуы, нәтижесінде аускультативті көрініс - систолиялық шертпе және/немесе систолды шу туындайды  [1,8]. 

Хаттаманың атауы: Балалардағы митральды қақпақшаның пролапсы
 
Хаттаманың коды
 
ХАЖ-10 бойынша  коды (тар):
I34.1 – Митральды қақпақшаның пролапсы (пролабирленуі)
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар
АҚ – артериалдьды қысым;
АЛТ – аланинаминотрансфераза;
АСТ – аспартатаминотрансфераза;
АСЛО – антистрептолизин «О»;
АӨФ – ангиотензинөзгертуші фермент;
ТБУ - белсендендірілген ішінара тромбинді уақыт;
т/і– тамырішілік;
ЖТБА – жүректің туа біткен ақауы;
ВТД – вегето-тамырлы дистония;
ДТДА– дәнекер тіннің дуффузды аурулары;
ДТД – дәнекер тіннің дисплазиясы;
КФК – креатинфосфокиназа;
ӨА – өкпе  артериясы;
ЛДГ- лактатдегидрогеназа;
МҚ – митральды қақпақша;
ЖАҚ – жүрекшеаралық қалқа;
ҚБ– қанайналымының бұзылуы;
ЖҚТ – жалпы қан талдау;
ЖНТ – жалпы несеп талдау;
ОҚ– оң жақ қарынша;
МЖП – митральды қақпақшаның пролапсы;
УДДГ – ульрадыбыстық допплерография;
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ – электрокардиография;
ЭХОкг – эхокардиография;
ЭЭГ – электроэнцефалография.
 
Хаттаманы  дайындау күні    – 2014 жыл
 
Пациенттердің санаты :  балалар мен жасөспірімдер.
 
Хаттаманы пайдаланушылар – балалар гастроэнтерологтері, педиатрлар, жалпы тәжірибие дәрігерлері, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, фельдшерлер. 

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі [8]:

МЖП пайда болуына қарай бөлінеді:
• идиопатикалық
• екінші реттік (ДТД, ДТДА, жинақ аурулары, ЖТА, кардиомиопатия, ВТД).

Жүрек жетіспеушілігінің дәрежесіне қарай: 0, I, IIА, IIБ, III; ФК I-IV
МҚ жармасының құрылымдық өзгерісіне қарай МҚП ның келесі түрлері болады:
• классикалық (миксоматоздық  өзгерістердің болуы);
• классикалық емес (өзгерістердің болмауы).

МЖП оқшаулануына қарай бөлінеді:
• алдыңғы жармалық МҚП;
• екі жақты жармалық МҚП.

Пролабирлеуіне қарай бөлінеді:
• 1-ші дәрежелі МҚП (3–5 мм);
• 2-ші дәрежелі МҚП(6–9 мм);
• 3-ші дәрежелі МҚП (9 мм ден жоғары).

Гемодинамикалық сипаттамасына қарай МҚП түрлері:
• регургитациясыз;
• регургитациямен.

Митральды  регургитацияның деңгейлері:
• I деңгейлі– регургитациялық ағымы 4 см2
 кем емес немесе сол жақ жүрекше қуысына 20 мм-ден аса еніп кетеді;
• II деңгейлі – регургитациялық ағымы 4- тен 8 см2  
дейін немесе жүрекшеге оның ұзындығының жартысынан аспай енеді;
• III деңгейлі – регургитациялық ағымы 8 см
жоғары немесе жүрекшенің ішіне қарай оның ұзындығының жартысынан көп шамада енуі, бірақ оның «төбесіне» жетпейді;
• IV деңгейлі – регургитациялық ағым артқы қабырғасына жетеді, сол жақ жүрекшенің құлағына немесе өкпе тамырларына кіреді.

МЖП клиникалық  нұсқалары:
• аз симптомды («мылқау»);
• аритмиялық;
• жалған тәжілік;
• астеноневротикалық;
• синкопальды.

Асқынудың болуы және оның айырмашылықтарына  қарай:
• асқынусыз МҚП;
• асқынулары бар МҚП.

Вегетативті тонус айырмашылығына қарай:
• эйтониялы МҚП;
• ваготониялы МҚП;
• симпатотониялық МҚП

Өту барысына қарай бөлінеді:
• тұрақты емес МҚП;
• тұрақты МҚП;
• өрістемелі МҚП;
• кері қайтпалы МҚП.
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетің негізгі (мінтетті) диагностикалық  зерттеулер:
• ҚЖС (6 көрсеткіш);
• ЭКГ;
• ЭхоКГ.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін  қосымша диагностикалық тексерулер:
•  ЭКГ Холтер мониторингі
 
Жоспарлы госпитальдаудау кезіндегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі  :
• ҚОС (6 көрсеткіш);
• ЭКГ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін  негізгі (міндетті) диагностикалық  тексерулер (жедел госпитализация кезінде  амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген тексерулер жүргізіледі):
• ЖҚТ (6 көрсеткіш)
• Қанның биохимиялық талдау (калий, билирубин натрий, несепнәр, АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, жалпы ақуыз, ақуыз фракциясын, креатин, СБР, АСЛО);
•  ИФТ-әдісімен қанның сарысуынан p24 ВИЧ антигенін анықтау;
• өңешті констратілеу арқылы жүректің ренгенографиясын жасау;
• ЭКГ;
• эхоКГ  допплер зерттеуімен;
• іш қуысындағы мүшелердің УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін  қосымша  диагностикалық  тексерулер (шұғыл госпитальдау кезінде  амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген  тексерулер жүргізіледі):
• Қанның биохимиялық талдауы (магнийді анықтау, АДГ, КФК);
• Коагулограмма (ПВ-ПТИ-МНО, РФМК, БЖТУ, ТВ, фибриноген);
• тромбоциттердің агрегация  және адгезия реакциясын жүргізу ;
•  ИФТ-әдісі арқылы В және С гепатит вирустарына қарсы антигендер мен антиденелерді анықтау;
• Өңеш арқылы эхоКГ;
• ЭКГ  Холтер мониторингі
• Мойын тамырларының УДДГ;
• Стресс-эхокардиография;
• Өлшеулі жүктемемен ЭКГ  (велоэргометр);
• Кардиоинтервалография;
• ЭЭГ;
• Аңқадан алынатын бактериологиялық зерттеу;
•Микробтарға қарсы препараттарға бөлінген өсірінділердің сезімталдығын анықтау.
 
Диагностикалық критирийлер [2,3]:

Шағымдар және  анамнез:
Шағым
• кеуде қуысының ауруы,
• әлсіздік,
• бас айналу,
• ентігу,
• қорқыныш сезімі;
 
Анамнез
• невротикалық көрсеткіштер,
• психоэмоционалды тұрақсыздық,
• 1 деңгейдегі туыс адамдарда митральды қақпақша пролапсының болуы.
 
Физикальды тексерулер:
МЖП  негізгі клиникалық көрсеткіштері:
• вегетативті көріністерімен кардиальды синдром;
• жүрек қағысы және жүрек жұмысындағы шалыс қағыстар;
• гипервентилялық синдром;
• вегетативті күйзеліс;
• синкопальды жағдай;
• жылу реттелудің бұзылуы.
• дене салмағының төмендігі, астеникалық дене бітімі,  диспластиялық даму белгілері (дәнекер тінедердің дисплазия маркері);
 
МЖП-на тән аускультативті белгілер болып саналады:
• оқшауланған шертулер (айғайлар);
• шертпелердің кеш систоликалық шумен үйлесуі;
• оқшауланған кеш систоликалық шулары (КСШ);
• ашық систоликалық шулар.
•  эхокардиография–голосистоликалық шулар эхокардиографиямен үйлескен аускультация - митральды регургитацияның ашық систоликалық шуы және сәйкесінше эхокардиографиялық өлшемдер.
 
Зертханалық зерттеулер:
 
ЖҚТ: анемия;
Қанның биохимиялық  талдауы:  СРБ, КФК, ЛДГ жоғарылау, диспротеинемия (альбуминнің төмендеуіне байланысты);
Коагулограмма: тромбоциттер агрегациясының бұзылуы.
 
Аспаптық зерттеулер:
 
Рентгенологиялық зерттеу:
• жүрек өлшемінің кіші болуы;
• жүрек артерия доғасының ісінуі.
 
ЭКГ:
• II, III, aVF бұрылыстарында Т тісшелерінің оқшауланған инверсиясы  немесе сол жақ кеуде бұрылыстарындағы инверсиямен үйлесуі;
 
эхоКГ:
• ұзын осилев қарыншасының кескіні мен төбесіне жететін төрткамералы кескініндегі септалды жармалардың коаптация нүктесі үшін систолаға қарай жылжуы;
• кешкі состолиялық пролабирлену 3 мм жоғары;
• кешкі систолиялық пролапс (2 мм);
• ашық систолиялық  пролапс (3 мм) екі өлшемді белгілермен үйлестірілген;
• жармалардың төрткамералы кескіндегі коаптация сызығынан әрі қарай систоликалық бүгілуі;
• митральды жармалардың төрткамералы кескінде оқшауланған шамалы (3 мм дейін) систолиялық бүгілуі;
 
ЭКГ  Холтер   мониторингі:
• жүрекше және қарыншалық  экстрасистолалар,
• суправентрикулярлы пароксизмальды  тахикардия  ұстамасы.
 
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер 
 
• оториноларингологтың кеңесі–инфекцияның тұрақты ошағын табу және    оны санациялау мақсатында;
•  кардиохирургтың кеңесі  – қанайналым  кемшіліктерінің дамуы кезінде 
   митральды қақпашаның одан әрі зақымдануына кардиохирургиялық түзетулер жүргізу мақсатында;
•  невропатологтың кеңесі – неврологиялық  симптоматикалар бар болған   жағдайда;
•  психиатрдың кеңесі – психосоматикалық  симптоматикалар бар болған жағдайда;
•  стоматологтың  кеңесі – инфекцияның тұрақты ошағын табу және 
   оны санациялау мақсатында;
 

Дифференциалды диагноз

Белгілері МҚП Трукуспидальды жарғақшаның оқшауланған пролапсы Жүрекшеаралық қалқаның оқшауланған
аневризмасы
Орналасуы Митральды қақпақша Трикуспидальды жарғақша Сопақша терезе айналасында
Себебі Митралды қақпақша жармаларының миксоматозды трансформациясына әкеліп соғатын дәнекер тіннің аурулары (Марфан синдромы, Элерс-Данлос- Русаков және т.б.)
•                     қақпақша-жүрекшелі диспропорциялар тудыратын жүрек аурулары (ақау, қанайналымының коронарлы ауытқулары, миокард аурулары және т.б.)
•                     нейроэндокринді, психоэмоциональды, метаболиялық бұзылулар
•                     нұсқалар
•                     алғашқы (идиопатикалық, оқшауланған) МЖП - сол жақ жүрекше куысының кішірейуіне әкеп соғатын дәнекер тіннің ауруларына немесе жүрек аурылар жүйесімен байланыссыз түрде сол жақ жүрекшеге қарай жармалардың бүгілуі
 
Казуистика
лық түрде сирек кездеседі, оның пайда болу себебі анықталмаған, бірақ МҚП синдромы сияқты ұқсас сипатқа ие болуы мүмкін
Дәнекер тіндік элементтердің қабілетсіздігі
Гемодинамикалық бұзылулар •                     митралды ақау болмаған жағдайда сол жақ жүрекшенің жиырылғыш қызметі өзгеріссіз қалады;
•                     вегетативті ауытқулардың салдарынан гиперкинетикалық кардиалды синдром байқалады (жүрек соғысының жылдамдауы, ұйқы артерия қағысының айқын білінуі,
•                     pulsusceleretaltus, айдаудың систолдық шуы, бір қалыпты систолдық гипертензия
•                     алғашқы МЖП-ның 70 %-да аралық  ӨГ бар екендігі анықталады.
•                     ұзақ жүгіру, спортпен шұғылдану кезінде оң жақ қабырғаастында пайда болатын ауырсыну белгілеріне қарап күдіктенуге болады.  Бұл симптом ОЖ жұмысының жүрекке келетін үдемелі ағысымен сәйкес келмейтігіндігінің клиникалық көрсеткіші болып саналады.
•                     жүйелі циркуляциясына қараса физиологиялық артериялы гипотензияға беімдеушілік байқауға болады.
•                    қосымша жүрек соғысының  ІІ екпінді, паталогиялық сипатқа ие емес дыбысы  ӨА үстінен естіледі ( ІІ екпіннің ұзақтығы қысқартылған, оның аорталы және өкпе компоненттері бірігіп кетеді), ӨА -нан максималды түрде жоғары естілетін функционалды состолдық шу.
Гемодинамикалық бұзылулармен бірге жүрмейді Гемодинамикалық бұзылулармен бірге жүрмейді
Аускультативті •                     Оқшауланған систолдық шертпе дыбыстар жоғарғы ұшында әрқашан естіліп тұрады  немесе тасымалдамалы түрде, дене қалпын қозғалтқан кезде өзінің қарқынын өзгертіп тұрады;
•                     ашық систолды шу сирек байқалады және оның митральды регургитациясының бар екендігін дәлелдейді;
•         Систоланы толық қамтып жатады және іс жүзінде өз жиілігін дене қозғалысы кезінде өзгертпейді, қолтықасты айналасына әсерін береді. Вальсальва сынымасы кезінде күшейеді;
•                    МЖП кезінде қосымша (міндетті емес) аускультативті көрініс ретінде "ызың" ("мияулау") байқалады, ол хордалардың немесе жарғақша бөліктерінің вибрациясынан туындайды, олар көбінесе систолдық шерту дыбыстарының шумен бірге қабысуында байқалады, және сирек жағдайда оқшауланған шертпе дыбыстар кезінде байқалады.
Жебе тәрізді өсіндінің үстінен және төстен оңға қарай шерту дыбысы және кешеуілді шу естіледі;
шертпелер енер кезде кешеуілді систолдық болады және шығар кезде ертесистолдық болады. Тынысалу процесінің кезеңдерімен байланысты жарғақша проекциясында бар систолдық  шертпелер (шыққан кезде шертпе дыбыстарының саны азады).
•                     МЖП кезіндегіге ұқсас шертпе дыбыстар болса клиникалық аневризмабар екендігіне күдіктенуге болады;
•                     Сол жақ қарыншаның жұмысы басымдырақ болғанда және оң жақ қарыншаның жиырылу күші қатты болғанда  әдетте жүрек соғысының І дыбысы күштірек болады, ал 7 жасқа дейінгі балаларда жүрек қағасының ІІ дыбысы күштірек болады.
•                    Күш түскен кезде қайтып кететін қалыпты биологиялық шумен салыстырғанда ЖАҚ аневризмасы кезіндегі шу денеге физикалық күш түскен кезде ұлғаяды.

Нышандары М\қП-ның аускультивті түрлері,  нұсқа МҚП-ның дыбыссыз түрлері, нұсқа
  1-ші 2-ші 3-ші Аралық Симпатико-сергіткіш Дистондық Ваготонды
Аускульта
Ция
Оқшауланған шертпелер Орташа систолды шертпе және кешеуілдісистолды шудың үйлесуі Кешеуілдеген ашық систолалышу  
МЖП-ның әдеттегі аускультативті белгілері жоқ
Кішігірім аномалиялық дамулар Негізгі мөлшерде Жоғарылаған Көп жоғарылаған негізгі мөлшерде
Бастапқы вегетативті тонус Гиперсимпатикотониялық, симпатикотониялық Симпатикотония, дистония Дистония, ваготония симпатикотония дистония ваготония
КОП нұсқа гитерсимпатикотониялық Асимпатикотониялық гиперсимпатикотониялық қалыпты гипердиастолиялық
 
Вегетативті әрікет қабілеттілігі
Асимпатикотониялық, қалыпты гитерсимпатикотониялық гиперсимпатикотониялық асимпатикотониялық гиперсимпатикотониялық
МЖП-ның сыпаты және тереңдігі, мм кешеуіл
д ісисто
лиялық
ашық
систоля
ялық
Кешеуілді систоликалық ашық систолиялық

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
• Вегетативті кризді тоқтату,
• Қанайналым жүйесінің тұрақтандыру,
• АҚ қалпына келуі;
• Жүрек  ырғағының қалпына келуі,
• Психовегетативті ахуалды түзету.
 
Емдеу тәсілі:
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
 
Тәртіп кестесі:
Тәртіп кестесі 1 – төсек режимі;
Тәртіп кестесі 2 – жартылай төсек режимі;
Тәртіп кестесі 3 – жалпы.
Диета: үйлестірілген, калий тұзы бар тағамдарды қолдану.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу [2,7]:
 
Седативті препараттар:
• тофизопам таблеткалары, тәулігіне 50-150 мг 10 күн бойы;
• диазепам  тәулігіне 2,5-15 мг-ды 2-3 ретке бөліп ішу 10 күн бойы;
• таужалбызының тұнбасы  1 шай қасықтан күніне  3 рет 20 күн бойы;
• валериан сығындысы таблеткалар 0,02 ден  1 таблеткадан күніне  2-3 рет 20 күн бойы;
 
Жалпы сергіткіш фитопрепараттар
• кәдімгі женьшень тұнбасы 30 мл 20 күн бойы;
• элеутерококк сығындысы сұйық 30 мл 20 күн бойы.
артериялық гипотезия болған жағдайда мойын тамырының УДДГ мәліметтерін ескере отырып тағайындалатын жалпы сергіткіштік препараттар
 
Метаболизмді және ми қанайналымын жақсартатын препараттар (көрсеткіштер бойынша)
• пирацетам 200-400 мг  тәулігіне  2 реттен 7-10 күн бойы,
• глицин 100 мг тәулігіне  3 реттен 30 күн бойы,
• циннаризин  50-75 мг тәулігіне  20 күн бойы,
• винпоцетин  10-15 мг тәулігіне  20 күн бойы.
 
Кардиометаболитикалық  препараттар (көрсетімдер бойынша)
• карнитин хлориді 50-75 мг тәулігіне  30 күн бойы;
• калий оротаты 10-20 мг/кг/тәулігіне, 3 ретке бөліп ішу 20 күн бойы;
• магний оротаты тәулігіне   1 таблеткадан  3 рет 30 күн бойы;
• инозин 0,4-0,8 г тәулігіне.
Кардиометаболиялық топтағы препататтармен бір уақытта 2 препараттан артық емес  төмендегідей алмастыруға болады.
 
Бактерияқа қарсы терапия (көрсетімдер бойынша):
• амоксициллин  0,125-0,5 г күніне  3 рет 10 күн бойы;
• амоксициллин/клавуланат 1,875 г 3 ретке бөліп 10 күн бойы;
• цефазолин 50-100 мг/кг/тәулігіне.
• цефтазидим 1-6г/тәулігіне-10күн;
• цефуроксимпо 50-100 мг/кг/тәулігіне. 3-4 рет тәулігіне 10-14 күн бойы;
• эритромицин 30-50 мг/кг/тәулігіне 4 ретке бөліп ішу;
 
Әртүрлі топтағы аритмияға қарсы  препараттар (көрсеткіштер бойынша)
• α- и β-адреноблокатор: амиодарон таблеткалар  5-9 мг/кг/тәулігіне 3 ретке бөліп ішу;
• мембранотұрақтандырушы  (қарын экстрасистолиясында): лидокаин 1-2% ерітінді ампулалары  1-2 мг/кг бір рет в/і;
• кальций  антагонистері: верапамил таблеткалар  1-3 мг/кг/тәулігіне  2-3 ретке бөліп ішу.
 
Қанайналым ақауымен байқалатын митралды ақау дамыған кезде кардиотоникалық дәрілер: жүрек  гликозидтері қанайалымының ІІ-ші және одан жоғары дәрежедегі ақаулары кезінде - дигоксин таблеткалар қалпында ұстайтын мөлшерде 0,008-0,01мг/кг/тәулігіне  2 ретке бөліп ішу 12 сағат сайын;
диуретиктер  қанайналымының ақауы кезінде фуросемид 1-3 мг/кг/тәулігіне 3 ретке бөліп ішкен соң спиронолактонға өтеді 2-4 мг/кг/тәулігіне.
АПФ ингибиторлары - каптоприл 0,3-1,5 мг/кг/тәулігіне  3 ретке бөліп ішу; эналаприл 2,5-20 мг/тәулігіне 2 ретке бөліп ішу.
 
Вегетативті дисфункцияның айқын симптомдары байқалса (көрсетімдер бойынша) 
Симпатикотония кезінде:
β-адреноблокаторлар – пропранолол 0,25-0,5 мг/кг/тәулігіне 3 ретке бөліп ішу; атенолол 50-100 мг в тәулігіне бір рет.
Айқын ваготония болса: альфа-адренорецепторлардың агонистері  -мидодрин 3-7 тамшыдан- күніне 2 рет
 
Амбулаториялық деңгейде дәр-дәрмекпен емдеу шаралары:
 
Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%);
• тау жалбызының тұнбасы, шиша 25 мл, 30мл;
• валериан сығындысы, таблеткалар 20 мг, шиша 30 мл;
• кәдімгі женьшень  тұнбасы, шиша 30 мл, 50 мл;
• элеутерококк сығындысы сұйық, шиша 50 мл;
• элеутерококк сығындысы құрғақ, таблеткалар 100 мг;
• пирацетам, 400 мг капсула, 5 мл ампула;
• глицин, таблеткалар100 мг;
• карнитин   хлориді, ампула 5 мл (500 мг);
• магний  оротаты, таблеткалар 500 мг.
 
Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).
• дигоксин, таблеткалар 0,25 мг, 0,1 мг;
• верошпирон, таблеткалар 25 мг, 50 мг;
• калий оротаты, таблетклар 500 мг.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектермен емдеу шаралары:
 
Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%);
• тофизопам, таблеткалар 50 мг;
• диазепам, таблеткалар 2 мг, 5 мг, ампула 2 мл (10 мг);
• тау  жалбызының тұнбасы, флакон 25 мл, 30мл;
• валериан сығындысы, таблеткалар 20 мг, флакон 30 мл;
• пирацетам, капсула 400 мг, ампула 5 мл;
• глицин, таблеткалар 100 мг;
• циннаризин, таблеткалар 25 мг
• винпоцетин, таблеткалар 5 мг, 10 мг, ампула 2 мл.
• карнитин хлориді, ампула 5 мл (500 мг);
• калий оротаты, таблеткалар 500 мг;
• магний оротаты, таблеткалар 500 мг;
• инозин, таблеткалар 200 мг, ампула 5 мг (100 мг).
 
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).
• Амоксициллин, капсула 250 мг, 500 мг, таблеткалар 500 мг, 1000 мг,  ішуге арналған суспензия 250 мг/5 мл;
• амоксициллин/клавуланат, таблеткалар 500мг/125мг, 875мг/125мг,  тамырішілік егуүшін ерітінді жасауға арналған ұнтақ 500мг/100мг;
• цефтазидим, шиша 500 мг, 1 г, 2 г;
• цефуроксим, шиша 750 мг, 1,5 г;
• эритромицин, таблеткалар 250 мг, 500 мг, шиша (ішуге арналған  суспензия) 250мг/5мл;
• цефазолин, шиша  (инъекциялық ерітінді жасауға арналған ұнтақ) 1000 мг;
• дигоксин, таблеткалар 0,25 мг, 0,1 мг, ампула 0,025% р-р - 1 мл;
• верошпирон, таблеткалар  25 мг, 50 мг;
• каптоприл таблеткалар  25 мг, 50 мг;
• эналаприл, таблеткалар 2,5 мг, 10 мг, ампула 1,25 мг/1 мл.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі қолдыналатын дәрі-дәрмектер:
 
Қанайналым жұмысының кемшіліктерімен байқалатын митральды ақау дамыған кезде қарынша фибрилляциясы болса
• Верапамил (тек QRS-дің шағын кешендерінде  т/і енгізіледі  2,5-5 мг  мөлшерінде 2-4 мин  ішінде (коллапс немесе  айқын  брадикардияның пайда болуын алдын алу үшін) және мүмкіндігінше қайталап егу  5-10 мг 15-30 минут    кейін  тахикардия тұрақты болса  және гипотензия болмаған жағдайда.  МЖС, АҚ, ЭКГ қадағалап бақылау керек.
• Прокаинамид (новокаинамид) 10% -10 мл (1000 мг)  0,9% NaCl ерітіндісімен араластыру 20 мл  дейін (шоғырлануы 50 мг/мл) және  50 мг/мин  ағыс жылдамдықпен ақырын  және АҚ,  ЭКГ, МЖС ырғағын әрдайым тексере отырып  20 минут аралығында  т/і егу. Синусты ырғақ қалпына келген кезде препаратты беруді тоқтатады.
 
Вегетативті дисфункцияның айқын симптомдары байқалған кезінде [4] симпатикотония болса - β-адреноблокаторлары – пропранолол 0,25-0,5 мг/кг/тәул 3 ретке бөліп қабылдау немесе атенолол 50-100 мг тәулігіне бір рет;
айқын ваготония болса – мидодрин 3-7 тамшыдан күніне 2 рет.
 
Талма жағдай кезінде
• мүсәтір спирті (иісін иіскейді).
• талмасы ұзаққа созылған жағдайда ұсынылады
•  кофеин-бензоат натрийдің  10%-дық ерітіндісін (0,1 мл/өмір жасы) немесе кордиаминді (0,1 мл/ өмір жасы) теріасты егу 
• Егер артериялық айқын гипотензия сақталса, мезатонның 1% ерітіндісін (0,1 мл/өмір жасы) сорғалатып  тамырішілік егеді.
 
Емнің басқа түрлері:

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емнің басқа түрлері:
• психотерапия, аутотренинг,
• мойын-жаға айналасын, омыртқаны уқалау,
• инемен рефлексотерапия, шомылу  процедуралары,
• физиемдеу: мойын-жаға айналасына магний  және бромды электрофорез,
• электроұйқы.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлері:
• мойын-жаға айналасын, омыртқаны уқалау,
• физиоемдеу: мойын-жаға айналасына магний  және бромды электрофорез,
• электроұйқы.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі қолданылатын емнің басқа түрлері:
• «Жүректің күшті ақауы» деген клиникалық хаттамасына сәйкес  ем жүргізіледі.
 
Хирургиялық араласу:

Амбулаториялық деңгейдегі хирургиялық араласу: жоқ
 
Стационарлық деңгейдегі хирургиялық араласу:
 
Хирургиялық емдеу көрсеткіштері:
• Митральды регургитациядан туындайтын клиникалық айқын көрсеткіштердің болуы;
• жыпылықтау аритмиясының болуы;
• өкпе гипертензиясы болса (өкпе артерия қысымының тыныштық жағдайында  50 мм сн. бғ. жоғары  немесе  салмақ түскенде 60 мл сн. бғ. жоғары);
• сол жақ жүрекшенің айқын систолиялық  дисфункциясының болуы (СЖ лақтырыс фракциясы 30% кем,  СЖ соңғы систолиялық өлшемі  55 мм жоғары ).

Оперативті араласу түрлері:
• митральды қақпақшаны протездеу.
 

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар [8]
 
Алғашқы профилактика
• салауатты өмір салты
• физикалық белсенділікті арттыру;
• таза ауада қыдыру;
• шомылу ем-шаралары;
• калориясы  төмен және антисклеротикалық бағыттағы тағамдармен үйлесімді дұрыс тамақтану .
Екіншілік профилактика
• инфекциялық эндокардиттің алдын алу мақсатында инфекциялардың тұрақты ошағын жою;
•  QT ұзартылған интервалы бар немесе синкопальды жағдайдағы  адамдарға аритмияға қарсы дәрілерді жүрек қағысындағы өмірлік маңызы бар бұзылулардың алдын алу мақсатында тағайындаған дұрыс. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Белозеров Ю. М., Османов И. М., Магомедова Ш. М.Новые взгляды на проблему пролапса митрального клапана у детей и подростков. Кардиология, Том 1, 2010 2. Белозеров Ю.М. Детская кардиология. Медпресс-информ, 2004, 600 с. 3. Mitral Valve Prolapse: Time for a Fresh Look. Reviews in Cardiovascular Medicine 2001; 2(2): 73-81. Guidelines: https://www.americanheart.org 4. Scordo K.A. Medication use and symptoms in individuals with mitral valve prolapse syndrome. Clin. Nurs. Res. 2007. Vol. 16. № 1. P. 58 - 71. 5. Matsumura Y., Fukuda S., Tran H. et al. Geometry of the proximal isovelocity surface area in mitral regurgitation by 3-dimensional color Doppler echocardiography: difference between functional mitral regurgitation and prolapse regurgitation. Am. Heart J. 2008. Vol. 155. № 2. P. 231 - 238. 6. ACC/AHA/ASE 2003 Guideline Update for the Clinical Application of Echocardiography A Report of the American College of Cardiology/American Heart Association Task Force on Practice Guidelines (ACC/AHA/ASE Committee to Update the 1997 Guidelines for the Clinical Application of Echocardiography) 7. Клинические рекомендации+фармакологический справочник: Под ред И.Н.Денисова,Ю.Л. Шевченко – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 1184 с.:ил. (серия «ДоказательнаяМедицина») 8. Токарева Ю., Мельникова И.. Пролапс митрального клапанау детей. Врач, 2013;8:18-22. 9. Мутафьян О.А. Врожденные пороки сердца у детей. — М.: Binom; СПб.: Невский диалект, 2002.

Ақпарат


Әзірлеушілер
1. Нұрғалиева Ж.Ж. – к.м.н., ассоциияланған профессор,  «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті»  ШЖҚ РМК «№2  педиатрия бойынша интернатура және  резидентура» кафедрасының меңгерушісі
2. Абдрахманова С.Т. – м.ғ.д., профессор,    «Астана медицина университеті» АҚ «№2 балалар аурулары» кафедрасының меңгерушісі
3. Смағұлова Әлия Болатқызы –м.ғ.к.,  «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК №2  амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедрасының доценті
4. Құдайбергенова М.С. – «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ клиникалық фармакологы
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету
Хаттаманы дайындаушылар қорытындыны шығаруға әсерін тигізетін  қаржылық немесе басқада пайданы көздемейді,  сонымен қатар  хаттамада көрсетілген препараттардың, құрал-жабдықтардың және т.б. сатылуына, шығарылуына немесе таралуына ешқандай қатысы жоқ. 
 
Пікір иесі
Майтбасова Р.С. –м.ғ.д., ҚР ДСМ «Педиатрия және балалар хирургиясы» РМКК  кардиоревматология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары:
Хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе диагностиканың және /немесе емдеу істерінің одан да тиімді жаңа тәсілдері пайда болған жағдайда.  

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх