Войти

Балалардағы көмей стенозы

ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014
Стеноз гортани (J38.6)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «5» мамырдағы
№ 6 хаттамасымен
бекітілген
 
Көмей стенозы – тез немесе ұзақ уақыт бойы пайда болатын тыныс алған уақытта ауа қиындықпен өтуіне және дауыстың пайда болуын бұзуға әкеп соғатын көмей саңылауының айтарлықтай кішіреюімен немесе толық жабылуымен байланысты патологиялық үдеріс [1, 2, 5,6].
 
Хаттама атауы: Балалардағы көмей стенозы
 
ХАЖ-10 бойынша кодтар
J38.6. R- Көмкй стенозы
 
Хаттамада  қолданылатын қысқартулар
АҚ – артериалды қысым
Аст - аспартатаминотрансфераза
АЛТ – аланинаминотрансфераза
АИТВ – адамның иммун тапшылық вирусы
ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету
ҚТ – қарқынды терапия
ИФТ- иммуноферментті талдау
КТ – компьютерлік томография
МЯТ – магниттік-ядролы терапия
ЖҚТ – жалпы қан талдауы;
ЖНТ – жалпы несеп талдауы;
ЖРВИ – жіті респираторлы-вирустық инфекция
УДЗ – цльтрадыбыстық зерттеу
ЭКГ – электрокардиография
ІҚ/Ж – ішекқұрт жұмыртқасы            
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл
 
Пациенттердің санаты: балалар

Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар,  инфекционистер, емхана мен стационарлардың балалар оториноларингологтары.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі [1, 2, 5,6, 7].
                                                                                                               
Этиологиясы бойынша:
Туа біткен
Жүре пайда болған
 
Ағымы бойынша          
Жіті:
а) өтірік тамақ ісіп ауыру
б) жіті ларинготрахеобронхит
в) флегмонозды ларингит
г) көмейдегі бөгде зат
д) жарақат алғандағы
е) көмейдің аллергиялық ісінуі
 
Созылмалы:
а) жарақаттан кейінгі тыртықтанып өзгеруі
б) интубациядан кейінгі
в) хондроперихондритте
г) склеромада, дифтерияда, мерезде
д)       көмей ісігенде
е) дауыс қатпарларының парездерінде       

Көмей стенозының дәрежесі бойынша [7].
I  дәреже  - өтеу (тыныс алудағы танаудың қатысы, қосалқы бұлшықеттердің, тыныс алуы терең, кәдімгіден сирек емес);
II дәреже – субөтеу (тыныс алуы жиіліген, бала мазасыз, бозғылт, тырнақтары цианозды (көгерген);
III дәреже – декомпенсация (кері өтеу) (үзіп-үзіп тыныс алу, қабырға араларының, бұғана астындағы және үстіндегі шұңқырлардың тартылып тұруы, өңі бозғылт-сұр, суық тер, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы (көгеруі);
IV дәреже – асфиксия (тұншығу) (жүрек-тамыр қызметінің бұзылуы, артериалды қысымның түсіп кетуі, тыныс алудың тоқтауы).

Созылмалы стеноздардың тарау дәрежесі бойынша жіктелуі 5].
Шектелген тыртықты стеноз – ұзындығы 10 мм-ге дейін бір анатомиялық аумақ шегіндегі үдеріс;
Таралған – ұзындығы 10 мм-ден көп бір анатомиялық аумақ шегінен шыққан үдеріс.
 
Созылмалы стеноздарда саңылаудың тарылу дәрежесі бойынша жіктелуі [5].
I  дәреже - 50%-ға дейін бітелу;
II дәреже – 51-70%;
III дәреже – 71-99%;
IV дәреже – саңылау жоқ.      
 
Созылмалы стеноздардың оқшаулануы бойынша жіктелуі [2, 5].
Алдыңғы комиссуральды синехиялар;
Артқы бөлік синехиялары;
Трахеостоманың жоғарғы шеті бойынша тыртықты-түйір күнқағары;
Саңылаудың толық немесе осыған жақын бітуі;
Сақина тәрізді тыртықты тарылу.
 

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
• Фарингскопия;
• Жақ асты аумақтарын саусақпен басып тексеру;
 Термометрия;
 
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
• ЖҚТ;
Педиатрдың кеңесі;
Отрориноларингологтың кеңесі;        
Аллергологтың кеңесі;
Инфекционистің кеңесі.
 
Жоспарлы госпитализацияға жіберу кезінде жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі:
• ЖҚТ;
ЖНТ;
• қаннын биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, Аст, АлТ, несепнәр, креатинин);
ИФТ - В гепатитіне;
ИФТ – С гепатитіне;
ИФТ – АИТВ-ға;
Нәжісті ІШ/Ж зерттеу;
ЭКГ;
Педиатрдың кеңесі;
Кеуде қуысы ағзаларының  R-графиясы (3 жасқа дейінгі балаларға);
• Патологиялық флораға нәжісті талдау (2 жасқа дейінгі балаларға).
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
• Қан тобы мен резус-факторды анықтау;
Қанның
және ағу уақытын анықтау;
Тікелей ларингоскопия;
Фиброларингскопия;
Фибротрахеоскопия;
Анестезтологтың кеңесі.
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
• Кеуде қуысы ағзаларының  R-графиясы;
 Көмей және кеуде құсы ағзаларының КТ;
Мойын МРТ;
Бастың УДЗ;
Трахеобронхоскопия;
Коагулограмма;
Кардилог кеңесі;
Невропатолог кеңесі;
Гематолог кеңесі;
Онколог кеңесі;
Окулист кеңесі;
Пульмонолог кеңесі;
Хирург кеңесі;
Физиотерапевт кеңесі;
Клиникалық фармаколог кеңесі;
 
Жедел шұғыл жәрдем  кезеңінде өткізілетін қосымша диагностикалық  іс-шаралар:
• АҚ өлшеу;
Тыныс алу жиілігін өлшеу;
Тамыр соғысын санау;
Фарингоскопия;
Термометрия.
                                                                                           
Диагностикалық  критерийлер
 шағымдар және анамнез:
Шағымдар:
• қиналып тыныс алу;
шулы тыныс алу;
дауысы қарлыққан;
афония;                                         
құсып тастау (лоқсу);
• дисфагия;
жөтелу.
 
Анамнез:
• жиі ЖРВИ;
ұзақ ӨЖЖ;
 мойынның жарақаттары;
көмей жарақаттары;
өкпелі патологияның бар болуы;
жұтқыншақ-көмейді күйдіріп алу;
мойын, кеудеаралыққа жасалған оталар.
 
физикалды тексеру:
• стридор белгілері;
ентігу;
цианоз;
тыныс алғанда танаудың едіреюі;
тыныс алу актісіне қосалқы бұлшықеттің қатысуы.

 зертханалық зерттеулер:
қан талдауында ерекше белгілер байқалмайды.
 
 аспаптық зерттеу:
• Тікелей емес ларингоскопия – көмей деңгейінде тарылу және осы стеноз сипатталады;
 Тікелей стеноз – стеноз деңгейі мен оның анатомиялық құрылыс ерекшеліктері анықталады;
Фиброларинготрахеобронхоскопия – тарылу ұзындығы мен тыныс алу жолдарының төменгі бөліктеріндегі патологияның бар/жоқтығы анықталады;
Көмейді рентгенологиялық зерттеу – ауа бағанасы көрінісінде бүйірлік кескінде тыртықты тіндер визуаалданады (көрінеді);
Көмейдің компьютерлік томографиясы – стеноздың оқшаулануы мен топографиясы анықталады; КТ тарылудың дәрежесі мен ұзындығы туралы ақпараттандырады, кеңірдек пен көмейдің стеноздан жоғары және төмен саңылауларының диаметрін, қалыңдауын, тығыздануын және қабырғаларының өзгеруін бағалау мүмкіндігін береді, паратрахеальды жасұнығы, артқы және алдыңғы аралықтар өзгерістерін айқындау мүмкіндігін береді;
Көмей МРТ – оның жоғары мүмкіндік қабілетімен, сондай-ақ жұмсақ тіндерді суреттеуде жоғары сезімталдығымен оңды ерекшеленеді. Бұл әдіс, рентген томографиясына қарағанда, ағзалардың суретін кез келген кесіндіде алуды мүмкін етеді     [3, 4, 5, 6].
 
Мамандар кеңесі үшін көрсетімдер:
 
•гематолог кеңесі – қанның ұю мен кету көрсеткіштеріндегі патологиялық өзгерістерде;
кардиолог кеңесі –   ЭКГ-дағы өзгерістерде;
пульмонолог кеңесі – брох-өкпе жүйесі патологиясын жоққа шығару үшін;
онколог кеңесі кеңесі – қатерлі үдеріске күдіктенгенде;
невропатолог кеңесі -  орталық генезді тыныс алудағы бұзылыстарда;
физиотерапевт  кеңесі -        физиотерапиялық ем таңдау үшін;
окулист кеңесі –      көз түбін қарау үшін;
торакальды хирург кеңесі – емдеудің эндоскопиялық тәсілдері тиімсіз болғанда, хириргиялық араласу тәсілін анықтау үшін;
клиникалық фармакологог кеңесі -  тиімді фармакотерапия өткізу үшін.
 


Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз: ларингоспазм, долдану, бронх демікпесі мен тыныс алу ағзаларының ерекше бұзылу кезінде өткізіледі. Анамнез деректерін мұқият жинау, жан-жақты және толық диагностикалау кезінде алынған деректердің мағынасын дұрыс ашып түсіндіру нақты диагноз қою мүмкіндігін береді.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:          
• Өз бетімен тыныс алу функциясын қалпына келтірумен көмей стенозын жою.

Емдеу  тәсілі [1-5]

Дәрі-дәрмексіз  емдеу:
 
Режим: пациенттің күйіне қарай (еркін, палаталық, төсек, қатаң төсек);
Диета: пациенттің жасына қарай.
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізгі дәрілік заттар тізімі:
Гормональды құралдар:
преднизолон 2-3мг/кг т/і, дексаметазон 0,6 мг/кг ішке;
Бактерияға қарсы құралдар:
Амок сициллин + клавулан қышқылы 20-40 мг/кг х ішке тәулігіне  3 рет -7-10 күн, бензилпенициллин натрий тұзы 100-150 мың БІРЛ Ед/кг/тәу 4 ретке бөліп б/і- 7-10 күн;
Бейстероидті қабынуға қарсы құралдар:
Ацетаминофенол 10-15 мг/кг – ішке бір реттік мөлшер, ибупрофен ішке 10-30 мг/кг/тәу 2-3 қабылдауға;
Гистаминге қарсы құралдар:
клемастин – 1 жасқа дейін ішке шәрбат 1-2,5мл, 1-3 жас – 2,5-5мл, 3-6 жас – 5мл, 6-12лет -7,5мл, лоратадин балаларға ішке:  2 жастан 12 жасқа дейін –5 мг/сут ( дене салмағы 30 кг аз болса), немесе 10 мг/тәу (дене салмағы 30 кг және одан жоғары болса) - 7 күн;
Муколитиктер:
амброксол балаларға ішке: 2 жасқа дейінгі балаларға 7,5 мг 2 рет/тәу, 2 жастан 5 жасқа дейін 7,5 мг 3 рет/тәу, 5 жастан жоғары 15 мг 2-3 рет/тәу, 12 жастан жоғары 30мг 2-3 рет/тәу;
Ингаляциялар:
сілтілі  ингаляциялар, химотрипсинмен ингаляциялар;

Қосымша дәрілік заттар тізімі:
Бактерияға қарсы құралдар:
азитромицин 10 мг/кг 1 рет/тәу ішке – 5 күн, рокситромицин 5-8мг/кг 2 рет/тәу ішке – 5-7 күн;
Спазмолитиктер:
аминофиллин ішке 7-10 мг/кг 3-4 рет/тәу, 2-3 мг кг т/і;
Гистаминге қарсы құралдар:
фенспирид шәрбат ішке 12 жастан жоғары 2 рет/тәу -7-10 күн;
Алаңдатушы құралдар:
Қышақағаз басу, аяққа ыстық ванналар.
 
Стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізгі дәрілік құралдар тізімі:
Бактерияға қарсы құралдар:
цефазолин 20-100 мг/кг – 2,3 рет/тәу б/і -7-10 күн, цефтриаксон - 20-75мг/кг/тәу  1 – 2 рет/тәу б/і, цефтазидим 1-6 г/тәу б/і;
Бейстероидті қабынуға қарсы құралдар:
ацетаминофенол 10-15 мг/кг – ішке бір реттік мөлшер, ибупрофен ішке 10-30 мг/кг/тәу  2-3 қабылдауға;
Другие ирригационные растворы:
5% декстроза ерітіндісі 150-400 мл т/і, 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі т/і;
- Гистаминге қарсы құралдар:
2% хлоропирами ерітіндісі т/і бір жасқа дейін - 0,1-0,25 мл, 1-4 жас - 0,3 мл, 5-9 жас - 0,4-0,5 мл, 10-14 жас - 0,75-1 мл 1-2 рет/тәу, дифенгидрамин 1% б/і;
Зеңге қарсы дәрілік заттар:
флуконазол сусензиясы ішке 1 шай қасық (50 мг) немесе 3 мг/кг/тәу таблетка, нистатин ішке  1 жасқа дейін 100000-125000БІРЛ, 1-3 жас 250000БІРЛ, 3 жастан жоғары 250000-500000БІРЛ 3-4 рет/тәу;
Муколитиктер:
амброксол балаларға ішке до 2 жасқа дейінгі балаларға 7,5 мг 2 рет/тәу,  2 жастан 5 жасқа дейін 7,5 мг 3 рет/тәу, 5 жастан жоғары 15 мг 2-3 рет/тәу, 12 жастан жоғары 30 мг 2-3 рет/тәу;
ацетилцистеин ішке 2 жасқа дейін0,05 г,  6 жасқа дейін 0,1 г, 14 жасқа дейін 0,2г, 14 жастан жоғары 0,4-0,6 г;
Ангиопротекторлар:
этамзилат 0,1-0,25 г ішке 2-3 қабылдауға, б/і, т/і;
Адреномиметикалық заттар:
эпинефрин 0,18% жергілікті қолдану үшін, фенотерол 0,1% ингаляция үшін;
Гормональды терапия:
дексаметазон 1-5 мг/кг т/і, преднизолон 1-3 мг/кг т/і, будесонид 0,2-0,8 2-3 рет/тәу (ингаляциялар үшін);
Анальгетиктер:
кеторолак т/і, 50% натрий метамизолының ерітіндісі - 0,1 мл/кг б/і;
Наркоз үшін құралдар:
пропофол, кетамин, изофлуран, фентанил.
Бұлшықетті босаңсытушылар:
рокуроний бромиді, атракурий бесилаты.

Қосымша дәрілік заттар тізімі:
Бактерияға қарсы терапия:
цефуроксим 30-100 мг/кг -3-4 р б/і, меропенем 10-20 мг/кг – 3 р т/і - 7-10 күн, ванкомицин 40-60 мг/кг -4р т/і, азитромицин т/і 3 күн, амикацин 3-7 мг/кг б/і, т/і  2 р -5 күн;
Холинегрияға қарсы құралдар:
атропин 0,1% б/і;
Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер:
интерферон альфа 2b 1 суппозиторийден күніне 2-3 рет, интерферон назальды;
Антисептикалық құралдар:
хлоргексидин дигидрохлориды сору үшін пастилкалар, Грамицидин С таб.;
Гемостатикалық құралдар:
5% аминокапрон қышқылы 100,0 т/і;
Құрысуға қарсы препараттар:
фенобарбитал ішке 1-10 мг/кг 2-3 рет/тәу;
Транквилизаторлар:
диазепам 0,1-0,2 мг/кг т/і;
Есірткі:
морфин б/і;     
Қан ұюға қарсы:
гепарин 5000 ЕД/мл, т/і, б/і;
Спазмолитиктер:
аминофиллин ішке 7-10 мг/кг 3-4 рет/тәу, 2-3 мг кг т/і;
Ұюдың рекомбинантты факторлары:
Қан ұюдың факторы IX 1000МЕ, 100МЕ/кг;
Диуретикалық құралдар:
лазикс 0,5-1,5мг/кг т/і;
Жергілікті анестетиктер:
лидокаин аэрозолі 10%;
Дәрумендер:
Аскорбин қышқылы 5% -5 мл т/і, б/ім;
Құсуға қарсы құралдар:
метоклопрамид 0,5%  0,01 г б/і 1-3 ет күніне;
Наркоз үшін құралдар:
севофлуран, тиопентал натрия.
 
жедел шұғыл көмек кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Гормональды терапия:
дексаметазон 1-5 мг/кг т/і, преднизолон 1-3 мг/кг т/і, будесонид 0,2-0,8 2-3 рет/тәу (ингаляция үшін);
Басқа ирригациялық ерітінділер:
5% декстроза ерітіндісі 150-400 мл т/і;
Холинегрияға қарсы құралдар:
атропин 0,1% б/і;
Медициналық газдар:
оттегі.
 
Емдеудің басқа түрлері:
• Ылғалдандырылған оттегімен ингаляция, УФС, мойын аумағына электрофорез.
 
               
Хирургиялық араласу өткізіледі:
• Стеноздың созылмалы түрлерінде, оның ішінде тыртықтылардағы, емдеудің негізгі әдісі [5, 6, 7].
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін хирургиялық араласу: жоқ.
шұғыл  жағдайда коникотомия өткізіледі. Бұл – көмейді сақина тәрізді қалқанша без шегінде сақина тәрізді және қалқанша шеміршектер арасын тілу. Коникотомияның бір түрі – коникококрикотомия – (крикотомия), мұнда сақина тәрізді шеміршек доғасының ортаңғы желісі бойынша тілінеді. 8 жастан асқан балалар үшін ауаны үздіксіз аспирирлеп тұратын шприц қосылған көлемі 14-16  G инедегі катетермен сақина тәрізді қалқанша без мембранасы үзілген сызықпен белгілеп отырып, коникотомияның пункциялық нұсқасы қолдану мүмкін.
 
Стационарлық деңгейде хиругиялық араласу:
Тыртықты стенозды хирургиялық жолмен жою жеке анықталып тек стационар жағдайында екі рұқсат арқылы жүргізіледі – эндоскопиялық және көмейге сыртқы рұқсат арқылы ота жүргізу.
Табиғи жолдар арқылы эндоскопиялық оталар тек ұзындығы шамалы ғана стеноздарда көрсетілген, көмей саңылауын қалпына келтіріп түзету оталарынан кейін және көмейде  эндосаңылау өсінділері болғанда жасалады [5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15].
Көмейге сыртқы рұқсат арқылы ота жасау      III-IV дәрежелі тыртықты стеноз болғанда, стеноздың ұзындығы 1,5 см-ден ұзын болса, консервативті  және эндоскопиялық ем тиімсіз болғанда көрсетілген.

Эндоскопиялық арасулардың түрлері:
Баллонды дилатация – дилатацияға арналған жүйені қолданып өткізіледі;
Сүмбілеу          -          көмей сүмбілермен немесе    интубациялық түтікшелермен өткізіледі;
Лазерлі микрохирургия – ота микроскопымен үйлестірілген СО2 лазерімен өткізіледі;
Көмей микрохирургиясы – көмей микрохирургиясына арналған аспаптар жиынтығымен өткізіледі;
Микродебридерді падалану – арнайы ларингеальды жүздер жиынтығы бар әмбебап консольдермен өткізіледі.
 
Көмей саңылауын қалпына келтіретін эндоскопиялық амалдарды қолдану үшін мынадай техникалық жабдық қажет:
балаларға арналған хирургиялық ларингоскоптар жиынтығы;
тірек немесе ілмелі ларингоскопияны жүргізуді қамтитын жүйе;
фокустық қашықтығы 300-400 мм 4-8 есе үлкейтуді қамтитын көмей микроскопы;
қатты және иілгіш оптикалық эндоскоптар;
түрлі диаметрлі көмей сүмбілерді мен интубациялық түтікшелер;
көмейге арналған микрохирургиялық аспаптар жиынтығы.
 
Көмейге сыртық рұқсатпен жасалатын оталар түрі [5, 6, 8].
Қабырға шеміршегін пайдаланып жасалатын ларингопластика III дәрежелі көмей стеноздарында көмей ақауына қабырға шеміршегінен жасалған аутотрансплантат салып тігумен өткізіледі;
Көмейді кесу онда саңылау мүлдем болмаған жағдайда жүргізіледі;
Дауыс қатпарларын латеробекіту дауыс қатпарларын көктеп тігу арқылы жүргізіледі;
Кһмейді стенттеумен реконструктивті-пластикалық оталар  силикон стенттерін 1 айдан 2 айға дейін мерзімге орнатумен өткізіледі.
Мұндай оталардың бірінші кезеңі – кеңірдекті ашып трахеостомия жүргізумен жасалады. Баланың қалпы – баланың иығына астына валик салы, басын шалқайтып арқасына жатқызылады. Тілер алдында кеңірдекті бекітіп қою үшін, оны көлдененң кеңірдек арқылы байлам арқылы келесі тілу орнынан бір сақина жоғары  мықты жіппен көктеп тігеді. Кеңірдекті тіккен жіппен бекітіп қойып, келесі кезеңде оны енді екі тік тігіспен болашақ тілікке қатар бір бірінен 0,5 см аралықпен көктеп тігеді. Жіптерді жоғары және жан-жаққа тартып отрып, оның арасындағы екі сақинаны  қиылыстырып ашады да, еш қиындықсыз трахеостомиялық канюляны енгізеді. Канюля енгізілген соң кеңірдекті бекітіп тұратын жіптерді лейкопластырьмен мойнын жапсырып қояды да тұрақты кеңірдек сағасы қалыптасқан соң алып тастайды. 
 
Әрі қарай жүргізу    
Отадан кейінгі уақыт:    
Қатаң төсек режимі, содан кейін – палаталық;
Дауысты шығармай, демалыс беру;
Мол сусын ішу – ыстық ішуге тыйым салынады;
Жөтелген кезде ауызды қатты ашу ұсынылады;
Стационардан шыққан соң:     
Диспансерлікесепке тұру және тұрғылықты мекенжайы бойынша ЛОР дәрігердің қарауына барып тұру – бірінші айда апта сайын, екінші айдан бастап әр 2 апта сайын;
Созылмалы тыртықты стенозы бар балалар МССК мүгедекті рәсімдеу үшін жолданады;
Бақылау фиброларингоскопиясы тұрғылықты мекенжайы бойынша ауруханадан шыққан соң 1-3 айда өткізіледі;
Отадан кейін 3 апта бойы дауысқа демалыс тәртібі сақталады (қоңыр дауыспен, сирек сөйлеу);
Отадан кейін 2-3 бойы          дауысты бір мезетте көп пайдаланбау, айқаламау және сыбырламау ұсынылады;
Отадан кейін екі бойы құрамында кофеин бар өнімдерді тұтынуға (кофе, шәй, газдалған мумындар), ащы және тұзды тамақ жеуге тыйым салынады;
Отадан кейін 3 апта бойы ауыр заттарды көтеру немесе алып жүруге тыйым салынады;
Көме бұлшықеттерін қызметке қосып физикалық жаттығулар жасауға немесе спорт түрлерімен айналысуға (теннис, гольф, жүзу) тыйым салынады;
Ән салу отадан кейін 2-6 айдан кейін рұқсат (мерзімі жеке ерекшеліктерге байланысты);
Ластаған жерлерде болмау және бармау
 (тозаң, газдар, батпақ).
 
Оңалту          
Трахеостома тұрса:
Әрбір 2-3 сағат сайын трахеостомиялық түтікшеге жалқықпен бітеліп қалмас үшін 2-3 тамшы зарарсыздандырылған май немесе 4 % натрий гидрокарбонатын құйып тұру қажет. Канюляны түтікшеден тәулігіне 2-3 рет алып, тазалап, өңдеп, май жағып, қайтадан сыртқы түтікшеге енгізеді.
 
Егер трахеостомасы бар пациент жөндеп жөтеле алмаса, кеңірдек ішіндегіні оқта-текте сорып алып тұру қажет.
Бұл үшін:
А) сору алдында 30 минут бұрын төсектің аяғын көтеріп қойып, кеудесін ұқалау;
Б) сору алдында 10 минут бұрын жалқықты сұйылту үшін 2 % натрий гидрокарбонаттың 1 тамшысын трахеостомиялық түтікшеге құю;
В) трахеостомиялық түтікшеге 10-15 см тереңдікке зарарсыздандырылған трахебронхиальды катетер енгізу;
Г) катетерді сорғышқа қосып, жиналған жалқықты сорып алу (немесе осыны Жане шприцінің көмегімен жасау).
Трахеостома айналысындағы тері мацерленбеуі үшін, айналасындағы теріні өңдеп тұру қажет.
 
Бұл үшін:
А) бүйрек тәрізді шылапшынға жеткілікті санда мақта анжыларын салып, ослардың үстінен фурациллин ерітіндісін құйып қою;
Б) зарарсыздандырылған пинцетті пайдаланып, әлгі фурациллинмен суландырылған анжылармен стома айналасындағы теріні өңдеу;
В) теріні антсептиалық ерітіндімен өңдеп болған соң Лассар пастасын немесе мырыш жақпамайын жағып, асептикалық таңғыш салу. Бұл үшін екі зарарсыздандырылған майлықты жартысына тіліп, түтікшенің асты мен үстіне салып қою қажет.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
•  Табиғи жолдармен тыныс алуды қалпына келтіру.
Халін жақсарту.
Асқынулардың болмауы.

Госпитализация

Госпитальдау үшін көрсетімдер:
Шұғыл:
Өтірік тамақ ісіп ауыруда, жіті ларинготрахеобронхитте, көмейдің аллергиялық ісінуінде - соматикалық немесе жұқпалы аурулар стацинарына;
флегмонозды ларингитте, көмейдегі бөгде зат болғанда, жарақат алғанда – ЛОР бөліміне.
 
Жоспарлы:
• Созылмалы тыртықты стенозда – ЛОР бөлімдеріне немесе ЛОР төсектері бар  стационарға.

Профилактика

Профилактикалық іс-шаралар:
Суық тигізбеу, ЖРВИ-дан сақтану.
ЛОР ағзаларын жарақаттандырмау. 
Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау.
Трахеостоманы уақтылы салу.
Иммунынталандырушы терапия өткізу.
Жалпы сауықтыру терапиясын өткізіп тұру.  
                                                            

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1) Солдатов И.Б. Руководство по оториноларингологии. – М.: Медицина. -1997.-608с. 2) Преображенский Ю.Б., Чирешкин Д.Г., Гальперина Н.С. Микроларингоскопия и эндоларингеальная микрохирургия. – М.: Медицина, 1980. – 176с. 3) Поддубный, Белоусова Н.В., Унгиадзе Г.В. Диагностическая и лечебная эндоскопия верхних дыхательных путей. – М.: Практическая медицина, 2006. -256с. 4) Дайхес Н.А., Быкова В.П., Понамарев А.Б., Давудов Х.Ш. Клиническая патология гортани. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2009. – 160с. 5) Богомильский М.Р., Разумовский А.Ю., Митупов З.Б. Диагностика и хирургическое лечение хронических стенозов гортани у детей. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. -80с. 6) Зенгер В.Г., Наседкин А.Н., Паршин В.Д. Хирургия повреждений гортани и трахеи. М.: Издательство. «Медкнига», 2007.-364с. 7) Учайкин В.Ф. Детские инфекции. М. 2004. 8) Laryngoscope.2014 Jan:124 (1):207-13.doi: 10.1002/Lary.24141. Epub 2013 May 13. A randomized study of suprastomal stents in laryngotracheoplasty surgery for grade III subglottic stenosis in children. 9) Balloon dilation complication during the treatment of subglottic stenosis: background of the FDA class 1 recall for the 18 x 40-mm Acclarent Inspira AIR balloon dilation system.. Achkar J, Dowdal J, Fink D, Franco R, Song P.Ann Otol Rhinol Laryngol. 2013 Jun;122(6):364-8. 10) Balloon dilatation to treat plasmacytosis of the supraglottic larynx. Mistry SG, Watson GJ, Rothera MP. J Laryngol Otol. 2012 Oct;126(10):1077-80. Epub 2012 Aug 21. 11) Management and prevention of endotracheal intubation injury in neonates. 12) Wei JL, Bond J. Curr Opin Otolaryngol Head Neck Surg. 2011 Dec;19(6):474-7. doi: 10.1097/MOO.0b013e32834c7b5c. Review. 13) Modalities of treatment for laryngotracheal stenosis: the EVMS experience. 14) Sinacori JT, Taliercio SJ, Duong E, Benson C. Laryngoscope. 2013 Dec;123(12):3131-6. doi: 10.1002/lary.24237. Epub 2013 Jun 28. 15) Balloon laryngoplasty in children with acute subglottic stenosis: experience of a tertiary-care hospital. Schweiger C, Smith MM, Kuhl G, Manica D, Marostica PJ. Braz J Otorhinolaryngol. 2011 Nov-Dec;77(6):711-5. English, Portuguese. 16) Williams M.A., Allen P.G., Myer C.M., Powerd instrumentation in laryngeal surgery. Oper Tech Otolaryngol Head Neck Surg 2002. 13.51-2. 17) O,Neill J., Black R. Powered microdebridement treatment for recurrent respiratory papillomatosis. Aust J Otolaryngol 2003.6.81-5.

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
Бекпан Алмат Жақсылықұлы – м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ балалар хирургиясы бөлімінің ЛОР дәрігері.
 
Мүдделер қақтағысының жоқ болуына сілтеме: жоқ.
 
Пікір иесі:
Жандаев Серік Жәкенұлы – м.ғ.д.ғ «Астана медицина университеті» АҚ ҮКД және ҚБ оториноларингология кафедрасының меңгерушісі, профессор.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную Меню
Наверх