Войти

Балалардағы крипторхизм

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Неопущение яичка (Q53)
Педиатрия, Урология детская

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның
2017 жылғы «10» қарашадағы
№ 32 хаттамасымен мақұлданған  

Крипторхизм (жұмалақтың ауытқып орналасуы), бұл жағдайда оның ұмаға кіруі тексеру кезінде анықтау мүмкін емес.
NB! Этиология: ұмаға ішастар арты кеңістігінде жұмалақтың түсуінің эмбрионалды үрдісінің бұзылуынан құралады. Генетикалық факторлары анықталмаған, бірақ криптохризм көптеген генетикалық синдромдардың құрамына кіреді және дизэмбриогенездің белгілі маркері болып келеді.
Патогенез: негізгі рольге андрогендердің гормональды бұзылуына (әсіресе екі жақты крипторхизма кезінде), механикалық себептеріне (шап арнасындағы тыртықты өзгерістер), қосынды тінінің дисплазиясы жатады.
Патоморфология: жұмалақ мезофреностан ұманың түбіне дейінгі  қозғалу жолында  кез келген орнында орналасып қалуы мүмкін, көбнесе оның өлшемдері кіші, икемділігі төмендеген, өсінді мен жұмалақтың бөлінуі де мүмкін. Жұмалақтың тамырлары қысқартылған, бұл жұмалақтың төмен түсуіне күрделілік туғыздырады.  Көптеген бақылауларда крипторхизм ішпердеде қынапты өсіндінің бітілмеуімен бірге жүреді [1-7].

Кіріспе бөлімі

АХЖ-10 коды(тары): 

АХЖ-10
Коды Атауы
Q 53.0 Эктопирленген жұмалақ
Q 53.1 Біржақты жұмалақтың түспеуі
Q 53.2 Екі жақты жұмалақты түспеуі
Q 53.9 Анықталмаған жұмалақтың түспеуі
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АЛТ аланинаминотрансфераза
АСТ аспартатаминотрансфераза
АИТВ адамның иммунтапшылығы вирусы
ТБДК туа біткен даму кемістіктері
КТ компьютерлік томография
ЛГ лютеинизирлеуші гормон
ЗШЖ зәр шығару жүйесі
ЖҚА жалпы қанның анализі
ЖЗА жалпы  зәр анализі
ЦҚМ циркуляциядағы қанның мөлшері
ПГА полигидроксиацетилді
ИТП интенсивті терапия палатасы
ЭТЖ эритроциттердің тұнбалау жылдамдығы
УДЗ ультрадыбысты зерттеу
ФЫГ Фолликулоынталандырушы гормон
Шр шарьер
 
Хаттаманы пайдаланушылар: дәрігер педиаторлар, балалар урологы, жалпы пратика дәрігерлері.
 
Пациенттердің санаты: балалар.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі:
1. Жалған крипторхизм (жоғарлаған кремастерлік рефлекс, жұмалақты ұмаға түсіруге болады, бірақ ол қайтадан жоғары қарай орналасып кетеді)
2. Нақты крипторхизм:
а) абдоминалды ретенция (іштің ішперде арты кеңістігінде жұмалақтың орналасуы);
б) ингвиналды ретенция (жұмалақ шап арнасында);
в) сыртқы шап эктопиясы (жұмалақ шап арнасының сыртына шыққан және апоневрозда шап облысында орналасқан);
г) жұмалақ эктопиясы (жамбасты, бұт арасында).

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізбесі

Негізгі диагностикалық зерттеулер:

·               Ұма және шап арнасы ағзаларының УДЗ – жұмалақтың орналасуын және өлшемдерін анықтау үшін;
·               Үш өлшемді бейнесі бар/жоқ КТ – жұмалақтың орналасуын және өлшемдерін анықтау үшін – көрсетілімдер бойынша

Көрсетілімдер бойынша диагностикалық зерттеулер:
·               қанның жалпы анализі – гемоглобинді анықтау, лейкоциттерді есептеу, эритроциттерді, тромбоциттерді есептеу, СОЭ анықтау, лейкоцитарлы формуланы есептеу;
·               жалпы зәр анализу;
·               қанның биохимиялық анализі –  жалпы билирубин және оның фракциялары, глюкоза мөлшерін анықтау, жалпы ақуызды,  АЛТ, АСТ, калий, натрий, креатинин, несепнәр мөлшерін анықтау;
·               қан тобын, резус факторды анықтау;
·               АИТВ қан ;
·               электрокардиография – көрсетілімдер бойынша;
·               ішастар қуысы және несепшығарушы жүйесі ағзаларының УДЗ – көрсетілімдер бойынша;
·               жынысты хромотин – баланың жынысын анықтау;
·               тестостерон мөлшері – қанда гормонның мөлшерін анықтау;
·               қан сарысуында ЛГ және ФСГ анықау – қанда гормонның мөлшерін анықтау.

Лечение за рубежом

Вам помогут ведущие врачи Кореи, Турции, Израиля, Германии, России

 Сервис "МедЭлемент" сотрудничает с лучшими зарубежными клиниками и надежными операторами медицинского туризма. Мы подберем для вас оптимальный вариант лечения за рубежом.

Получите консультацию по лечению за рубежом сейчас!

Лечение за границей

Заявка на медицинский туризм

Как удобнее связаться с вами?

Емдеу тактикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ

Емшараларды/араласуды жүргізу мақсаты:
·        Жұмалақты ұмаға түсіру.
 
Емшараға/араласуға көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер

Емшараға/араласуға көрсетілімдер:
·               жұмалақтың ауытқып орналасуы.
Емшараға/араласуға қарсы көрсетілімдер:
·               Жүрек-тамыр жүйесінің және тыныс алу ағзаларының аурулары.

Емшаларды/араласуларды жүргізуге қойылатые талаптар:
Емшаларды/араласуды жүргізуге арналған шарттар:
·               ота блогы бар хирургиялық саласының бөлімшесі және қарқынды терапия және реанимация бөлімшесінің болуы (немесе ҚТП палатасы).
·               лапароскопиялық орхидопексия немесе диагностикалық лапароскопия жүргізу кезінде – эндовидеохирургиялық қондырғылардың болуы

Емшараны (араласуды) жүргізудің тікелей  әдістемесі.
·               екі жақты крипторхизма және құрсақ ретенциясының криптохризмасы кезінде – құрсақ қуысында және шап арнасында жұмалақ элементтерінің лапароскопиялық ревизиясы және оны төмен түсіру және орхидопексиясы.
·               Біржақты жұмалақ  эктопиясы кезінде – ревизия, бірсатылы немесе екісатылы (шәуетбауының қысқа элементтері кезінде) орхидопексиясы.

Дәрі-дәрмектермен емдеу: Косметикалық эффектіні қолайлы қалыптасу жағдайларын алуға, сонымен қатар цистоуретрит отадан кейінгі асқынуын және жараның іріндеуін профилактикасы үшін:
1)           отадан кейінгі асқынуларды профилактикасы мақсатында және отаға дайындау мақсатында антибактериалды терапия: цефалоспорины I немесе II дәрежелі, ІІІ дәрежелі көрсетілімдер бойынша, 25-75 мг/кг мөлшерінде, 1-2 енгізу, көрсетілімдер бойынша 7 күнге дейін.  
2)           зең аурулары кезінде:
·               флуконазол (50 мг, 150 мг), күніне 1 рет тәулігіне 3-6 мг/кг есебінен, антибактериалды терапиясымен бірге.
3)           жергілікті анестизациялаушы, нашақор және нашарқор емес заттар:
·               ибупрофен 5 – 10 мг/кг/тәу емдеу ұзақтылығы көрсетілімдер бойынша, ерте отадан кейінгі кезеңде ауырсынуды басу;
·               дифенгидрамин 1%, 50-150 мг/тәу, емдеу ұзақтылығы көрсетілімдер бойынша, отаға дейінгі және ерте отадан кейінгі кезеңде ауырсынуды басу;
·               атропин 0,1%, 0,01 мг/кг, премедикация үшін;
·               кетамин 4 - 5 мг /кг, бастапқы наркоз үшін;
·               севофлуран ингаляциялық150,0 мл, ингаляциялық наркоз үшін;
·               лидокаин 1-2% 2,0мл дәрі-дәрмектерді және жергілікті анестетикті араластыру үшін;
4)           ОЦК толтыру, су-электролитті бұзылуларды қалпына келтіру үшін инфузиялық терапия отаны жүргізу барысында:
·               натрия хлорид ерітіндісі 0,9%, 10-30 мл/кг /і және паренталды енгізілетін дәрілік заттарды араластыру және еріту үшін;
·               натрий хлорид ерітіндісі, күрделі ерітіндісі 10-30 мл/кг, тұзды балансты түзету;
5)           симптоматикалық терапия:
·               этамзилат, гемостатикалық терапия (көрсетілімдер бойынша);
·               симетикон 40-100,0мл, зерттеулерге дайындық, отадан кейінгі кезеңде газтүзілудің профилактикасы (көрсетілімдер бойынша);

Жабдықталуға, шығын материалдарына қойлатын талаптар:
·               қан тобын анықтауға арналған сарысу, 1 жиынтық;
·               вазелин стерильді, сұйық, флакон, 5 мл;
·               алсепт 1,0л. №1, медициналық қызметкерлердің қолдарын зарасыздандыруға арналған;
·               спирт медициналық 96% 100 мл, асептика және антисептика;
·               йодповидон 1%-150,0мл., асептика және антисептика;
·               бриллиант жасыл ерітінді спирттік, жарақаттарды зарасыздандыру үшін;
·               хлорамин 0,25%-0,8кг., асептика және антисептика;
·               бұғана асты катеторы №1, дәрілік заттарды т/і егу үшін;
·               интубациялық түтікшесі №1, жоғары тыныс жолдарын интубациялау үшін;
·               оттегі 1 сағ=180литр (360 литр), өкпені жасанды желдету үшін;
·               инвзиондық жүйе,
·               көмірқышқыл газы 1 сағ=50 литр (50 литр), пневмоперитонеумді жасау үшін;
·               бір реттік стерилді оталық жақтаулы материал жиынтығы №1;
·               эндоскопиялық камера мен өткізгіштерді шектеуге арналған стерилді түтік №1;
·               хирургқа арналған стерилді жиынтығы (халат, баскиім, бахила), бір реттік №2;
·                перифириялық ангиокатетер №3, дәрілік заттарды т/і егу үшін;
·               бір реттік шприцтер 2,0, 5,0, 10,0, 20,0, №20, инекция үшін;
·               Неолатанның зәр катеторы – 6Шр., 8Шр., 10Шр, лапороскопиялық араласу кезінде зәр жолдарын дренаждау үшін;
·               скальпель (ұшы үшкір - 11), стерилді, бірреттік, №11;
·               интубациялық түтікшесі №1, жоғары тыныс жолдарын интубациялау үшін;
·               шелк 3-0, 4-0, екі сатылы ота кезінде жамбасқа жұмалақты бекіту үшін, шап арнасын тігу үшін;
·               викрил, ПГА 4-0, 5-0, 6-0, 7-0, тесуші және кесуші ине, жараны тігу және жұмалақты ұма түбіне бекіту үшін;
·               тегадерм №2, жараны пластрлік жабуға арналған;
·               уретралық катеторды орналастырушы;
·               дәке 20 м., отадан кейінгі жараны таңуға арналған;
·               стерильді қолғап, анатомиялық №7-8, 50 жұп, жараны таңу үшін;
·               лейокпластырь, қағаз, гипоалергенді 50 см, жараны таңу үшін.
 
Араласуды жүргізу әдістемесі:
Оталық емдеудің ашыө және лапороскопиялық әдістері кезінде бірінші сатыда жұмалақтың орналасуын, өлшемдерін және оның бар элементтерін анықтау қажет.
Екінші сатыда – жұмалақ пен оның элементтерін жұмылдыру қажет.
Үшінші сатыда –ұма түбіне бекіту немесе екі сатылы операцияларда ұмалы-жамбасты анастомозды құрастыру.
 
Емшараның тиімділік индикаторлары:
·                   Ұмада жұмалақтың орналасуы және оның кейінгі дамуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Урология. Ұлттық нұсқама / Н.А.Лопаткин редакциясымен – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 340-351 с. 2) Балалар хирургиясы Т.2 / К.У. Ашкрафт, Т.М. Холдер. – СПб., Пит – Тал, 1997. – 280-287 с. 3) Bloom DA (1991) Two-step orchiopexy with pelviscopic clip ligation of the spermatic vessels. J Urol 145:1030–1033. 4) Arnbjornsson F, Mikaelsson C, Lindhagen T, et al (1996). Laparoscopy for nonpalpable testis in childhood: is inguinal exploration necessary when vas and vessels are not seen. Eur J Pediatr Surg 6:7–9. 5) Peters CA (1993). Laparoscopy in pediatric urology. Urology 41(1 suppl):33–37. 6) Corkery JJ (1975). Staged orchidopexy: a new technique. J Pediatr Surg 10:515–518. 7) Gill IS, Ross JH, Sung GT, et al (2000). Needlescopic surgery for cryptorchidism: the initial series. J Pediatr Surg 35:1426. 8) Evaluation and treatment of cryptorchidism: AUA guideline. Kolon TF, Herndon CD, Baker LA, Baskin LS, Baxter CG, Cheng EY, Diaz M, Lee PA, Seashore CJ, Tasian GE, Barthold J. Evaluation and treatment of cryptorchidism: AUA guideline. Linthicum (MD): American Urological Association Education and Research, Inc.; 2014 Apr. 38 p. [244 references]

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып,хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)           Абекенов Бахытжан Дайрабаевич – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ғылыми ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» РМКК урология бөлімшесінің меңгерушісі.
2)           Бишманов Рустем Какимжанович – «Ғылыми ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» РМКК урология бөлімшесінің дәрігер-ординаторы
3)           Турсбеков Чокан Айтбекович – «Ғылыми ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» РМКК урология бөлімшесінің дәрігер-ординаторы.
4)           Сакенов Бауыржан Тилеукабылович – «Ғылыми ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» РМКК урология бөлімшесінің дәрігер-ординаторы.
5)           Юхневич Екатерина Александровна – клиникалық фармаколог, «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» ШЖҚ РМК клиникалық фармакология және дәлелділік медицина кафедарысының доценттің м.а.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер:
1)           Айнакулов Ардак Джаксылыкович – медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер жоғарғы санаттағы балалар урологы, «University Medical Center» «Ұлттық ана және бала ғылыми орталығы»  КФ урология бөлімшесінің меңгерушісі
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх