Войти

Балалардағы бронхоэктатикалық ауру

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Бронхоэктазия (J47)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы 4 шілдедегі 
№10 хаттамасымен
бекітілген
 
Бронхоэктатикалық ауру – бронхиалды дарақта созылмалы іріңдеу-қабыну процесінің дамуымен және толлықанды функция атқара алмаумен болатын, бронхтардың қайтымсыз өзгеруін (созылу, деформация) сипаттайтын ауру. Түр сипаты өзгерген бронхтар бронхоэктаздар (немесе бронхоэктазия) деген атауға ие [1.6].

Хаттама атауы: Балалардағы бронхоэктатикалық ауру
 
Хаттама коды:
 
Код бойынша ХАЖ-10:
J47 Бронхоэктазия
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар
АлТ – аланинтрансфераза;
АсТ – ацетилаланинтрансфераза;
БЭК – бронхоэктатикалық ауру;
БОС – бронхообструктивті синдром;
АИТВ – адамның иммун тапшылық вирусы;
ӨӨС - өкпенің өмірлік сыйымдылығы;
ХСЖ–10 – халықаралық статистикалық жіктеу-10 қайта қарау;
ЖҚТ – жалпы қан талдауы;
ЖНТ – жалпы несеп талдауы;
УЗИ – ультраздыбыстық зерттеу;
ЭКГ – электрокардиограмма;
ЭхоКГ – эхокардиограмма
 
Хаттаманы  дайындау күні: 2014 год.
 
Пациенттер санаты: балалар
 
Хаттаманы пайдаланушылар: педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, балалар пульмонологы.
 

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі [1,2.3].
• цилиндрлік;
• варикозды (немесе ұршық тәріздес);
• қаптәріздес.

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Емханалық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріс:
• шағым жинау және анамнез;
• физикальды тексеру;
• ЖҚТ;
• кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
 
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
• спирография;
• қақырықты бактериологиялық зерттеу.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберу үшін қажетті тексерулердің минимальды тізімі:
• ЖҚТ;
• кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы.
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріс:
• жалпы қан талдауы;
• қақырықты бактериологиялық зерттеу;
• спирография;
• қеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы (екі кескінде);
• ЭКГ;
• емдік-диагностикалық бронхоскопия;
• бронхиалдық шайманы бактериологиялық зерттеу;
 
Стационарлы деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық тексеріс:
• қаннын биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, калий, натрий, АЛТ, АСТ, темір, креатинин, қалдық азот, глюкоза деңгейін анықтау);
• кеуде қуысы ағзаларының КТ (өткізілетін терапияға резистентті);
• ЖНТ
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде өткізілетін диагностикалық шаралар:
• шағым жинау және анамнез;
• физикальды тексеру;
• өттектің сатурациясын анықтау;
• ЭКГ (жіті өкпе-жүрек жеткіліксіздігінде).
 
Диагностикалық критерийлер [1,6]
 
Шағымдар:
 
• таңертең оянғанда және кешке ұйықтар алдыңда тұрақты түрде  туындайтын іріңді қақырығы бар жөтел.
 
Анамнез:
• қайталама және ұзақ ағынды қайталамалы пневмония;
• тыныс алғанда кеуде қуысында ауыру;
• асқынуда қақырық сасық иіспен, қан түкіру.
 
Физикальды тексеру
 Тексерісте анықталады:
• кеуде қуысының деформациясы (бөшке тәріздес);
• созылмалы гипоксия белгілері: тырнақтар «сағат әйнектері» пішінді, саусақ деформациясы «барабан таяқшалар» тәрізді; 
•аускультацияда: өкпеде біржақты нығайған сырылдар, ылғалды сырылды тұрақты сипатта оқшаулануы;
• тыныс алудың жетіспеушілік симптомдары.
 
Зертханалық зерттеулер:
ЖҚТ: лейкоцитоз, нейтрофилез, бактериалды инфекция қосылған кезде ЭШЖ жылдамдауы, гемоглобиннің түсуі;
•Қақырықты зерттеу: бактериологиялық зерттеуде ауруды қоздырушылар анықталады (H.influenzae, Streptococcuspneumoniae, Staphylococcusaureus, анаэробалар, қышымалар).
 
Аспаптық зерттеулер:
Рентгенография: кеуде қуысының екі кескінінде: созылмалы бронхит немесе пневмонияның рентгенологиялық белгілері;
Спирометрия: рестриктивті тип бойынша сыртқы тыныс алу функцияларының бұзылуы;
Кеуде қуысы ағзаларының КТ: кең таралған бронхоэктазалар.
 
Мамандар  кеңесі үшін көрсетімдер:
• Оториноларинголог, стоматолог кеңесі – созылмалы инфекцияның ошағын табу және оларды санациялау;

Дифференциалды диагноз


Бронхоэктатикалық аурудың сараланған диагнозы:

Нозологиялық  түрлері Клиникалық көріністері Рентгенологиялық белгілері
Созылмалы  бронхит
 
Процестің жайылуы, өкпенің барлық сегменттері зақымданады. Бітелу типі бойынша вентиляциялық бұзылулар, қылқыну ұстамасы бар және жабысқақ шырышты қақырығы бар ұзақ өнімсіз жөтел.
 
Қайталама тез білінбейтін цилиндрлік бронхоэктаза, бірақ ешқашан бронхоэктатикалық аурудың үлгілік рентгенологиялық және бронхографиялық белгілері байқалмайды.
Туа біткен өкпе кеселі Бронхоөкпе құрылымының дұрыс дамымауымен байланысты (қарапайым гипоплазия, кистозды гипоплазия, өкпе бөлігінің аплазиясы), іріңдеу сатысында бронхоэктатикалық ауруға ұқсас. Олар баяу ілгерілейді. Аускультациияда ылғал сырылдар сирек естіледі. Жалпы күй ұзақ уақытқа қанағатты болып қала береді. Бронхоэктатикалық ауруға кеселге тән гипоксемия байқалмайды.
 
 
Зақымдану әдетте оқшауланған сипатта болады, бронхоэктатикалық ауруы бар тұра сондай рентгенологиялық нышандар белгіленеді. Ақаулық сипаттас морфологиялық субстраттың дамуы бар болғанда нақты белгіленген нышандар рентгенологиялық зерттеулерде байқалуы мүмкін. Көбінесе кистозды гипоплазияда көптеген жұқа қабырғалы қуыстар анықталады. Егер аурудың морфология
-лық субстраты рентгенограммаларда көрінбесе, онда көптеген жағдайларда сараланған диагности
ка қиындайды.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
• өкпедегі қабыну процесін тоқтату;
• тыныс алу жетіспеушілігін, жалпы интоксикация симптомдарын жою.
 
Емдеу тактикасы [1-6]:

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Жоғары калориялы, майы шектеусіз, дәруменге бай диета.
Санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтау тәртібі (бөлмені жедледіп тұру, инфекциялық  науқастармен байланысты шектеу, таза ішкиім мен төсек жабындысы және т.б.)
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:

Антибактериалды  терапия:
• Цефазолин, инъекция үшін ұнтақ, 1г + 3 рет күніне 10 күн
• Цефтазидим, ұнтақ д/и 1г шиша күніне 2 рет  10күн
• Цефепим, ұнтақ д/и 1г күніне 2 рет 10 күн
• Цефуроксим, ұнтақ д/и 750 мг күніне 2 рет 7 күн
• Гентамицин 80 мг, инъекция үшін ұнтақ 2 мл күніне 2 рет 5 күн
• Меропенем ұнтақ д/и 1гр күніне 2 рет 10 күн
• Сульфаметоксазол + триметоприм, дәрілер, 480 мг № 20 күніне 2 рет 7 күн
 
Муколитикалық дәрілер:
• Амброксол, ингаляция үшін ерітінді 15мг/5мл 100мл күніне 2-3 рет 10 -14 күн;
• Амброксол, дәрілер 30мг күніне 2-3 рет 10 -14 күн;
• Ацетилцистеин ингаляция үшін ерітінді 20% , ампула 5мл күніне  2 рет 10күн;
 
Ингаляциялық бронходилятаторлар:
• Ипратропия бромид шиша 20мл-нан тәулігіне 2 рет 10-14 күн;
• Сальбутамол, аэрозоль 12мл 5 күн;
• Аминофиллин, ампула 5 мл  тәулігіне2 рет 5 күн;
 
Глюкокортикоидтер:
• Преднизолон, дәрілер 1мг/кг 5 күн;
 
Зеңге қарсы дәрілер:
• Флуконазол, капсулалар 50мг күніне 2 рет 10күн;
 
Симптоматикалық терапия:
• Оттегі сатурациясының тұрақтылығына дейін оттекті ылғалдандыру 1-2 л\мин.
 
Амбулаториялық деңгейде  дәрі-дәрмекпен емдеу:
 Негізгі дәрілік заттардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%);

• Ацетилцистеин ингаляция үшін ерітінді 20% , ампула 5мл күніне  2 рет 10күн;
• Сульфаметоксазол + триметоприм, таблетка, 480мг №20 күніне 2 рет 7 күн.
 
 Қосымша дәрілк заттардың тізімі  (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз):
• Ипратропий бромиді ингаляция үшін ерітінді 20 мл
• Цефазолин, инъекция үшін ұнтақ, 1г + 3 рет күніне 10 күн
 
Стационарлы деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
 Негізгі дәрілік заттардың тізімі  (қолдану мүмкіндігі 100%);
• Цефтазидим, ұнтақ д/и 1г шиша күніне 2 рет  10күн
• Цефепим, ұнтақ д/и 1г күніне 2 рет 10 күн;
• Цефуроксим, ұнтақ д/и 750 мг күніне 2 рет 7 күн
• Гентамицин 80 мг, инъекция үшін ұнтақ 2 мл күніне 2 рет 5 күн
Муколитикалық дәрі-дәрмектер:
• Амброксол, ингаляция үшін ерітінді 15мг/5мл 100мл күніне 2-3 рет 10 -14 күн;
• Амброксол, таблетка 30мг күніне 2-3 рет 10 -14 күн;
• Ацетилцистеин ингаляция үшін ерітінді 20% , ампула 5мл күніне  2 рет 10күн;
 
Ингаляциялық бронходилятаторлар:
• Ипратропий бромиді шиша 20мл нан тәулігіне 2 рет 10-14 күн;
 Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі  (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз):
• Меропенем ұнтақ д/и 1гр күніне  2рет 10 күн
• Сальбутамол, аэрозоль 12мл 5 күн;
• Аминофиллин, ампула 5 мл тәулігіне 2 рет 5 күн;
• Преднизолон, дәрі 5мг
• Преднизолон, ампула 25мг
• Флуконазол, капсулалар 50мг
 
Жедел шұғыл көмек көрсету деңгейінде  дәрі дәрмекпен емдеу:
• ылғалданған оттегі 1-2 л\мин
• сальбутамол мөлшері 5 мл
• Аминофиллин, ампула
 
Емдеудің басқа түрлері:
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері:
Кеуде қуысын дренажды уқалау:

Өкпе бөліктерінің орналасуы бойынша уқалау тәртібі
 
Өкпе бөлігі
 
Дене қалпы
 
1 және 2
 
Өкпенің жоғарғы-алдыңғы бөлігі үшін Басы тік, арқаның сүйенішімен отыру немесе тұру қалпы
3 және 4 Өкпенің жоғарғы-артқы бөлігі үшін Кеуденің сүйенішімен отыру немесе тұру қалпы
5 Орта оң бөлігі үшін Сол жақ бүйірде жазылған қалпы белдікте, оң қол көтерілген, аяқтар төмен
6 Орта сол бөлігі үшін Оң жақ бүйірде жазылған қалпы белдікте, сол қол жоғары көтерілген бастын артына, аяқтар төмен
7 және 8 Оң және сол төменгі бөліктер үшін Ішке, немесе белдікте, немесе дренажды тақтайда жату қалпы, бас қатты төменге түскен, аяқ соңы жоғары көтерілген
 
Стационарлық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері:: кеуде қуысын уқалау
 
Жедел шұғыл көмек деңгейдегі емдеудің басқа түрлері: жоқ.
 
Хирургиялық араласу өткізіледі:
• торакотомия: біржақты кистозды бронхоэктазға ота
 
Амбулаториялық деңгейде хирургиялық араласу: жасалмайды.
 
Алдын-алу шаралары:
• науқастармен және вирус тасымалдаушылармен байланысты шектеу, әсіресе респираторлы аурудың жоғарылау маусымында;
• отбасында ӨРВИ ауратындарға маска кию және қол жуу;
• бөлмедеге оңтайлы ауа режимін ұстау;
• шынықтыру шараларын өткізу.
 
Әрі қарай жүргізу:
• Пациенттер диспансерлік бақылауда болады (6 айда 1 рет тексеріс өтеді).
• ЖҚТ
• кеуде қуысының рентгенографиясы
• спирография
 
Хаттамада сипатталған емдеудің тиімділігі мен диагностика және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:
• кеуде қуысының кезде астыңғы бөлігінің тартылуын болдырмау;
• тыныс алу жиілігін қалыптастыру;
• қалыпты перкуторлы және аскультативті динамика;
• уланудың азаюы;
• асқынудың болмауы.

Лечение в Турции

Лучшие клиники и врачи Турции!

Сеть клиник "ACIBADEM" ("Аджибадем") в Турции. Полное сопровождение пациентов: трансфер, проживание, услуги переводчика.

Представительство в РК: +7 778 638 22 00

Лечение в Турции

ACIBADEM: Лучшие клиники и врачи Турции!

Сеть клиник "ACIBADEM" ("Аджибадем") - это 21 клиника в 4 странах мира. Самое современное оборудование и новейшие методики лечения. Мы оказываем полное сопровождение пациентов из Казахстана: трансфер, проживание, перевод документов, услуги переводчика.

Представительство в РК: Алматы, Кабанбай Батыра 96, +7 778 638 22 00

Как удобнее связаться с вами?

Госпитализация


Госпитальдау үшін көрсетімдер:

Шұғыл госпитальдау үшін көрсетім:
• тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі.
 
Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер:
• бронхоөкпелі процестің асқынуы;
• емханалық деңгейде емнің тиімсіз болуы;
• декомпенсация көрінісінде өкпелі жүректің дамуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Внутренние болезни в 2-х томах: учебник / Под ред. Н.А. Мухина, В.С. Моисеева, А.И. Мартынова - 2010. - 1264 c. 2. Розинова Н.Н. Хронические заболевания легких у детей. Пособие для врачей. М., 2011.-С.224. 3. Piccione JC, McPhail GL, Fenchel MC, et al. Bronchiectasis in chronic pulmonary aspiration: risk factors and clinical implications. PediatrPulmonol 2012; 47:447. 4. Pizzutto SJ, Grimwood K, Bauert P, et al. Bronchoscopy contributes to the clinical management of indigenous children newly diagnosed with bronchiectasis. Pediatr Pulmonol 2013; 48:67. 5. Santamaria F, Montella S, Pifferi M, Ragazzo V, De SS, De PN, Maglione M, Boner AL: A descriptive study of non-cystic fibrosis bronchiectasis in a pediatric population from central and southern Italy. Respiration 2009, 77:160-165. 6. Chang AB, Grimwood K, Macguire G, King PT, Morris PS, Torzillo PJ: Management of bronchiectasis and chronic suppurative lung disease (CSLD) in Indigenous children and adults from rural and remote Australian communities. Med J Aust 2008, 189:386-393.

Ақпарат

Біліктілік мәліметтері көрсетілген хаттаманы дайындаушылар тізімі:
1.Иманқұлова Күлзия Жәлешқызы - м.ғ.к., ҚР ДСӘДМ «Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» РМҚК "Пульмонология" бөлімінің меңгерушісі, жоғары біліктік санаты бар дәрігер,  ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас балалар пульмонологы.
2.Наурызалиева Шамшагүл Түлепқызы – м.ғ.к., ҚР ДСӘДМ «Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» РМҚК  "Пульмонология" бөлімінің аға ғылыми қызметкері, жоғары біліктілік санаты бар  дәрігер.
3. Бақыбаев  Дидар  Ержомартұлы  - «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ клиникалық фармаколог дәрігері.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі: Сәдібекова Лейла Даниғалиқызы - м.ғ.к.,  «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ "Педиатрия" бөлімінің басшысы.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх