Балалардағы бронхит

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Острый бронхит (J20)
Педиатрия, Пульмонология детская

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның
2017 жылғы «5» қазандағы
№ 29 хаттамасымен мақұлданған

Бронхит – созылмалылығы 3 аптадан артық емес жөтел түрінде көрінетін (құрғақ немесе өнімді), инфекциялық этиологиялы, бронхтардың қабынушы ауруы.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 код(тары):

АХЖ-10
Коды Атауы

J 20.0

Mycoplasma pneumoniae туындаған жіті бронхит

J 20.1

Haemophilus influenzae туындаған жіті бронхит [Афанасьев-Пфейффера таяқшасы]

J 20.2

Стрептоккоктен туындаған жіті бронхит

J 20.3

Коксаки вирусынан туындаған жіті бронхит

J 20.4

Парагрипп вирусынан туындаған жіті бронхит

J 20.5

Респираторлық синцитиалды вирустан туындаған жіті бронхит

J 20.6

Риновирустан туындаған жіті бронхит

J 20.7

Эховирустан туындаған жіті бронхит

J 20.8

Басқа нақтыланған агенттерден туындаған жіті бронхит

J 20.9

Жіті бронхит нақтыланбаған

 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2013 жыл (2017 ж. қайта қаралған)

 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

ЖБ жіті бронхит
ЖОБ жіті обструктивті бронхит
ББ бактериялық бронхит
ЖРВИ жіті респираторлық вирустық инфекция
АМСЖ алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем
ТЖ тыныс жеткіліксіздігі
ҚЖА қанның жалпы анализі
КТ компьютерлік томография
ТАЖ тыныс алу жиілігі
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, балалар пульмонлогтары, балалар инфекционисттері.
 
Пациенттердің санаты: балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ны жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі  РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерін жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе  жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. 
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін немесе жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар (++ немесе +) РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайды.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу не сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Бронхиттердің жалпымен қабылданған жіктемесі жоқ:

Тыныс алу ағзаларының басқа жіті ауруларымен аналогия бойынша этиологиялық және функционалдық жіктеу белгілерін бөлім көрсетуге болады [1,2].
Қазақстанда бронхиттер бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілмеген. Бронхиттердің этиологиясы – вирустың және бактериялық, ерте жастағы және кіші мектеп жасындағы балаларда бронхиттің себебі риновирус, респираторлық-синтициалды вирус, көкжөтел вирусы, аденовирус, сонымен қатар микоплазма және хламидия қоздырушылары болып табылады. Үлкен жастағы балаларда бронхиттің басым қоздырушылары парагрипп вирусы, аденовирус, риновирус, сонымен қатар Streptococcus pneumonia, Moraxella catarrahalis, Haemophilus influenza болып табылады [3].

Ағымы бойынша:
·          жіті (созылмалылығы 4 аптаға дейін); 
·          ұзаққа созылған (сырқаттың басынан 4 аптадан артық созылу) бактериялық қабынумен өтуші [2,4].
 
Клиникалық көріністері бойынша:
·          жіті бронхит (ОБ);
·          жіті обструктивті бронхит (ЖОБ);
·          бактериялық бронхит (ББ);

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ [3-5,8,9]

Диагностикалық критерийлер

Шағымдар және анамнез:
·          жөтел (құрғақ немесе өнімді);
·          ысқырықты тыныс алу;
·          әлсіздік.
 
Физикалық зерттеп-қараулар:
·          жиілеген немесе қиындаған тыныс алу (2 айға дейінгі балалар ТАЖ ≥60 минутына; 2 айдан жоғары – 1 жасқа дейін ≥50 минутына; 1-5 жас ≥40 минутына; 5 жастан жоғары >28 минутына);
·          кеуде қусының төменгі бөлігін тарту;
·          аускультативті белгілер (бронхылы (қатты) тыныс алу, қырыл).
 
Зертханалық зерттеулер:
·          қанның жалпы анализі (нейтрофилді солға жылжумен лейкоцитоз, лейкопения, ЭТЖ жеделдеуі).
 
Аспаптық зерттеулер:
·          сыртқы тыныс алу функциясы көрсеткіштерінің өзгерісін спирометриясы (үлкен жастағы балаларда).
 
Мамандардың консультациясына арналған көрсетілімдер:
·          оториноларингологтың консультациясы – көрсетілімдер бойынша;
·          неврологтың консультациясы – көрсетілімдер бойынша;
·          кардиологтың консультациясы – көрсетілімдер бойынша;
·          фтизиатрдың консультациясы – көрсетілімдер бойынша.
 
NB! Қазіргі таңда әлемде негізгі симптомы жөтел болып табылатын респираторлық сырқаттар (ларингит, фарингит, трахеит, бронхит) мәселесіне көзқарас қайта қарастырылған. Дәлелді медицина қағидаларына негізделген жөтелу бойынша Америкалық торакалды қоғамның, Еуропалық респираторлық қоғамның, Британдық торакалды қоғамның нұсқаулықтары бар.
 
Ұзаққа созылған ағымды бронхит үшін диагностикалық алгоритм: (сызба) [5]:
 
Балалардағы ұзақ /созылмалы жөтелді диагностикалау алгоритмі



Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі:
Диагноз Дифференциалды диагностика үшін негіздеме Зерттап-қарау Диагнозды болдырмау критериі
Муковисцидоз Созылмалы жөтел - Тер сұйықтығындағы хлоридтер
- Копрограмма
- Генетикалық анализ
 
- Ұзаққа созылған неонаталды сары ауру
- Терінің тұзды дәмі
- Физикалық жетілуден қалу
- Қайталама немесе созылмалы респираторлық симптомдар
- Рәсімделмеген қатты, майлы және сасық сұйық нәжіс
- Тер сұйықтығында хлоридтер көрсеткішінің көтерілуі
Біріншілік цилиарлы дискенезия Ұзақ өнімді жөтел -Цилиарлы биопсия
(электронды микроскопия)
- Генетикалық анализ
-Декстракардия
-Отиттер
-Тұрақты респираторлық симптомы
Туберкулез Созылмалы жөтел (> 30 күн);
- Дене салмағының нашар дамуы/қалу немесе салмақты жоғалту;
- Манту реакциясы
- Диаскинтест
- МБТ және  Gextert әдісімен қақырық бактериоскопиясы
- Кеуде қуысы органдарының КТ
- Мантуға оң реакция
- Оң диаскинтест
- Балаларда қақырықты зерттеу кезінде микробактериялардың болуы.
 
Бронх тармақтарының туа біткен ақаулары ( трахеомаляция; трахео-бронхомаляция) Созылмалы жөтел
 
- Кеуде қуысы органдарының КТ
- Бронхоскопия
- Трахея немесе бронх стенозы
- Трахея немесе брон қабырғасының иілгіштігі
- қосымша транхеалы бронх
Тыныс алу жолдарының бөтен денесі Ұзақ жөтел;
Төменгі тыныс алу жолдарының қайталама қабынуы.
-  Бронхоскопия;
-  Кеуде қуысы органдарының КТ
 
- Бронхтарда бөтен дененің болуы
- өкпе тінінің ателектазы
- эндобронхит
 
Балалардағы ұзақ мерзімді/созылмалы жөтелді дифференциалды диагностикалау


Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          температура көтерілген жағдайда – төсек тартып жату;
·          адекватты гидратация (көп жылу ішу);
·          емізуді ынталандыру және жасына сәйкес адекватты тамақтану;
·          санитариялық-гигиеналық режимді сақтау (бөлмені желдету, инфекциялық науқастармен байланыста болмау).
 

--------------------------------------------------------- 
--------------------------------------------------------- 
 * ИНФОРМАЦИЯ ПАРТНЕРОВ "МЕДЭЛЕМЕНТ"

Эффективность Умкалора® у детей с острым бронхитом
 
Умкалор растительный препарат с противовирусным, антибактериальным, муколитическим эффектом, для лечения острого бронхита в монотерапии.
Монотерапия Умкалором позволила сократить количество лекарственных препаратов в лечении острого бронхита, что предупреждает полипрагмазию.
 
Эффективность и безопасность были продемонстрированы в 43 клинических исследованиях с участием более 25 000 пациентов, в том числе 15 0000 детей от 1 года.
--------------------------------------------------------- 
--------------------------------------------------------- 

Дәрі-дәрмекпен емдеу

Негізгі дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%)
ЖОБ емдеу:

Дәрі-дәрмек тобы ДҚ халықаралық патенттелмеген атауы Пайдалану жолы Дәлелділік деңгейі
Ингаляциялық бронходилятатор Сальбутамол, 
дозаланған аэрозол 100 мкг немесе жастық дозада ингаляцияға арналғант ерітінді
 
Ересектер мен 12 жастан жоғары балаларға бронхыны кеңейтуші құрал ретінде ішке – 2-4 мг 3-4 рет/тәул., қажет болған жағдайда доза 8 мг 4 рет/тәул дейін көтерілуі мүмкін. 6-12 жастағы балаларға – 2 мг 3-4 рет/тәул.; 2-6 жастағы балаларға – 1-2 мг  3рет/тәул.  
Ингаляциялық бронходилятатор Ипратропия  бромид/фенотерол 20 мл тәулігіне 2 рет жастық дозада; Ингаляциялық  бронходилятатор  
 
Қосымша дәрілік құралдардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% төмен):

Дәрі-дәрмек тобы ДҚ халықаралық патенттелмеген атауы Пайдалану жолы Дәлелділік деңгейі
Антипиретик Парацетамол Балалар үшін бір реттік ішке қабылдау дозасы 10-15 мг/кг. Тік ішектік қолдану кезінде орташа бір реттік доза 10-12 мг/кг құрайды.  
 
Негізгі дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%):
ББ емдеу [3,4]:

Дәрі-дәрмек тобы ДҚ халықаралық патенттелмеген атауы Пайдалану жолы Дәлелділік деңгейі
Қорғалған пенициллин Амоксициллин + клавуланды қышқыл,
ішке қабылдау арналған суспензия 125 мг/5 мл
45мг/кг тәулігіне 2 рет  
Макролид Азитромицин,
суспензия дайындауға арналған ұнтақ
100 мг/5 мл (200 мг/5 мл)
5мг/кг тәулігіне 1 рет  
 
Қосымша дәрілік құралдардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% төмен):

Дәрі-дәрмек тобы ДҚ халықаралық патенттелмеген атауы Пайдалану жолы Дәлелділік деңгейі
Антипиретик Парацетамол 200 мг, 500 мг таб; Балалар үшін бір реттік ішке қабылдау дозасы 10-15 мг/кг. Тік ішектік қолдану кезінде орташа бір реттік доза 10-12 мг/кг құрайды  
 
Хирургиялық емдеу: жоқ.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          жөтелдің тоқтауы;
·          ТЖ симптомдарының тоқтауы;
·          ТАЖ қалпына келуі;
·          өзін-өзі сезіну мен тәбеттің жақсаруы.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: бронхитті стационарлық емдеу жүргізілмейді. Тек ҚЖБ (қауіптің жалпы белгілері) болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалар АМСЖ деңгейінде ИВБДВ стандарты бойынша стационарлық емдеуге жіберіледі.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          ЖБ кезінде респираторлық қолдау;
·          бөлмеде оңтайлы ауа режимін ұстау;
·          температура көтерілген жағдайда – төсек тартып жату;
·          адекватты гидратация (көп жылу ішу);
·          емізуді ынталандыру және жасына сәйкес адекватты тамақтану.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу: Амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
 
Хирургиялық емдеу: жоқ.
 
 Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          жөтелдің тоқтауы;
·          тыныс алу жиілігінің қалпына келуі;
·          дене температурасының қалпына келуі.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫҢ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          ҚЖБ (қауіптің жалпы белгілері) болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалар АМСЖ деңгейінде ИВБДВ стандарты бойынша.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          бөтен денеге күмән болған жағдайда бронхоскопия жүргізу үшін;
·          кеуде қуысының төменгі бөлігінің тарылуымен және тыныс алудың жиілеуімен тыныс алу жетіспеушілігінің артуы;
·          ауыр респираторлық дистресс (тыныс алу кезіндегі айқын ыңғайсыздық немесе емізудің ауырлауы, тамақ және сұйықтықты қабылдаудың қиындауы немесе сөйлеудің қиындауы),
·          2 айдан кіші жастағы барлық балалар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Клинические рекомендации. Пульмонология. Под редакцией А.Г. Чучалина, 2007;129-144. 2) A.N. Morris and committee members. The diagnosis and management of chronic cough. Eur. Respir. J; 24:2015. 481-492 3) A.B. Chang, John J. Oppenheimer, Miles M. Weinberger. Management of children with chronic wet cough and protracted bacterial bronchitis. Chest Guideline and Expert Panel Report. Chest 2017; 151 (4): 884-890. 4) M.D Shields, A. Bush, M. L. Everard. Recommendations for t he assessment and management of cough in children. BTS guidelines. Thorax 2008; 63(Suppl III) iii1-iii15. 5) H. Alsubaie, A. Al-Shamrani, A. S. Alhabi. Clinical practice guidelines: Approach to cough in children: The official statement endorsed by the Saudi Pediatric Pulmonology Association. International Journal of Pediatrics and Adolescent Medicine 2015; 2, 38-43.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)      Наурызалиева  Шамшагуль  Тулеповна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» Алматы қ. РМҚК балалар пулмонологиясы бөлімінің меңгерушісі.
2)      Садибекова Лейла Данигалиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» Астана қ. КФ Филиалының педиатрия бөлімінің аға ординатор-консультанты.
3)      Табаров Адлет Берикболович – «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасы» ШЖҚ РМК инновациялық менеджмент бөлімінің басшысы, клиникалық фармоколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
Рамазанова Лязат Ахметжановна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана Медициналық орталығы» АҚ педиатрия кафедрасының доценті.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады. 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх