Войти

Асқынған және созылмалы синусит (Балаларды және ересектерде)

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Острый синусит (J01), Хронический синусит (J32)
Оториноларингология, Оториноларингология детская, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның
2017 жылғы «10» қарашадағы
№ 32 хаттамасымен мақұлданған 

Синусит – бұл мұрын айналасындағы қуыстың шырышты қабығының, шырышты асты қабығының, кейде сүйек үсті және сүйекті қабырғаларының қабынуы
NB!Бұл жалпы практика дәрігерлері және оториноларингологтар айналысатын жиі кездесетін аурудың біреуі. Ағымдылық уақыты бойынша асқынған синусит – ауру ағымдылығы 8 аптаға дейін және созылмалы синусит – патологиялық үрдістің ұзақ ағымы немесе бір жылда асқынған синуситтің төрт және одан да жоғары рецидивтері кезінде.
Қабыну үрдісіне мұрын айналасындағы қуыстың кез келгені ұшырауы мүмкін, бірақ көбнесе ересектер мен 7 жастан асқан балаларда жоғарғы жақ, маңдайлы қуыстар, сирек сынатәріздес қуыстар ұшырайды. Үрдіс біруақытта екі немесе одан да қуыстарда немесе екі жақтан дамуы мүмкін: гаймороэтмоидит, гемисинусит, пансинусит или полисинусит.

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

АХЖ-10 коды(тары):

АХЖ - 10
Коды Атауы
J01 Асқынған синусит
J01.0 Асқынған жоғарғы жақтықсинусит
JO 1.1 Асқынған фронталды синусит
J01.2 Асқынған этмоидалды синусит
J01.3 Асқынғансфеноидалды синусит Асқынғангемисинусит
J01.4 Асқынғанпансинусит
J01.8 Басқа да асқынған синуситтер
J01.9 Асқынған синуситнақтыланбаған
J32 Созылмалы  синусит
J32.0 Созылмалы жоғарғы жақтық  синусит
J32.1 Созылмалыфронталды синусит
J32.2 Созылмалы этмоидалды синусит
J32.3 Созылмалы сфеноидалды синусит
J32.4 Созылмалыпансинусит
J32.8 Басқа да созылмалы пансинуситтер
J32.8 Басқа да созылмалысинуситтер
J32.9 Созылмалы синусит нақтыланбаған
 
Хаттаманыәзірлеу/қайтақарастырукүні: 2013жыл(қайта қарастыру 2017 ж.).
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

КТ - компьютерлік томография
ЖҚА - жалпы қан анализі
ЖЗА - жалпы зәр анализі
МҚҚ - Мұрынның қосалқы қуыстары
РКЗ - рандомизирленген клиникалық зерттеулер
 
Хаттаманы пайдаланушылар:жалпы практика дәрігері, терапевтер, педиатрлар, оториноларингологтар, балалар оториноларингологтар.
 
Пациенттер санаты:ересектер, балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ны жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерін жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі барРБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. 
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+)
Олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін немесе жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар (++ немесе +) РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайды.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу не сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Ағымы және зақымдалу түрі бойынша:

·          асқынған (катаралды, ірінді, некротикалық).
·          Созылмалы (катаралды, ірінді, қабырға маңы-гиперпластикалық, полипозды, фиброзды, кистозды, аралас түрлері, күрделенген – остеомиелит, холестеатома, пиомукоцеле, орбита клетчаткасына, бас сүйек жазықтығына).
·          Вазомоторлы (аллергиялық, аллергиялық емес).

Этиологиясы бойынша:
·          риногенді;
·          одонтогенді;
·          травматикалық.
 
Қоздыру сипаты бойынша:
·          вирусты;
·          бактериалды аэробты;
·          бактериалды анаэробты;
·          зеңді;
·          аралас.
 
Үрдістің таралуы бойынша:
·          этмоидит (алдыңғы, артқы, тоталды);
·          гайморит;
·          фронтит;
·          сфеноидит;
·          этмоидогайморит;
·          гемисинуит (оң жақты, сол жақты);
·          пансинусит.

Диагностика


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар:

Шағымдар:
·          Мұрын тынысының бұзылуы;
·          Қуыстардың зақымдалуына байланысты шектелген ауру:
-     көз түбіндегі (гайморит);
-     қас түбіндегі (фронтит);
-     желке жақты(сфеноидит);
-     кеңсірек  жағында (этмоидит);
·          мұрын қуысынан ірінді бөлінулер;
·          мұрынның бітелуі;
·          бет жағында, мұрын түбінде жұмсақ тіндерінің қабынуы;
·          сырқаттану.
 
Анамнезден: аурумен ауырып жатқан уақыт ұзақтылығын және реттілігін анықтаймыз.
 
Физикалды  зерттеу:
·          Риноскопия: гиперемия, шырышты қабығының қабыну, ортаңғы мұрын қуысынан іріннің шығуы, мұрынның артқы жақтарынан іріннің шығуы, шығып жатқан ірін жаман иісті. 
Мұрынның қосалқы қуыстарының проекцияларын саусақтармен басып тексеру:
-         маңдайлы;
-         торлы сүйектерін;
-         жоғарғы жақтық қуыстарын.
NB! Екі қолдың да саусақтарымен да үш тармақты жүйкенінің бірінші және екінші нүктелерін  басу кезінде олардың ауыратының тексереді, нормада ол ауырмайды.  Иттік ойыс маңының алдыңғы жақтарын саусақтармен ақырындап басып тексереді. Торлы сүйектер лабиринтінің және маңдайлы қуыстың патологиялық үрдіске ұшырау белгілеріне орбиталардың медиалды және жоғарғы бөлімдерінің  ішкі беттік облыстарын саусақтармен тексеру кезінде ауыруы мүмкіндігі жатады.
Мұрынның қосалқы қуысының проекциясындағы перкуссия: ортаңғы саусақты тік бұрыш ұқсап бүгіп, мұрынның қосалқы қуыстарының алдыңғы жақтарында перкуссия жүргізіледі.
 
Зертханалық зерттеулер:
·          жалпы қан анализі: лейкоцитоз, СОЭ көтерілуі;
·          микрофлораны зерттеу: қоздырғышты анықтау;
·          цитологиялық зерттеу: нейтрофиллез, тыңдау эпителиясының жасушалары, шырыш.
 
Аспаптық зерттеулер:
·          Мұрын және мұрын маңы қуыстарының эндоскопиясы: серпімді эндоскопты, диамтері 4 мм 0,30 және 45 град. қатты эндоскопты  қолдану арқылы, балаларда диаметрі 2,8 мм 0,30 және 45 град. Қатты эндоскопты қолдану арқылы. Анатомиялық құрылысын анықтау үшін.
·          Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенологиялық зерттелуі (мұныр-иек астын, мұрын-маңдайлы, жақтық проекциялары): мұрын маңы қуыстарының пневматизациясын төмендету үшін, кейде қуыста сұйықтықтың орналасуының көлденең деңгейін анықтауға болады (егер түсірілім отырған күйінде жүргізілсе);
·          Контрастік рентгенография: қуыста созылмалы үрдістің түрін анықтау үшін жүргізіледі.
·          Флюорография ППН: шырышты қабығының өзгеруі, эссудаттың кездесуі.
·          Гайморлы қуыстың пункциясы: іріңді құрамының барын анықтау.
 
Мамандардың консультациясына арналған көрсетілімдер:
·          Окулистің консультациясы – көз ішінде асқынулардың барына күдік бар кезінде;
·          невропатологтың, нейрохирургтың консультациясы – бас ми сүйегінің ішінде асқынулар болған кезінде;
·          стоматологтың, жақсүйек-бет хирургтың консультациясы – тістер зақымдалған кезінде (одонтогенді түзілімді синусит болған кезінде).
 
Диагностикалық алгоритм:


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі: 
Диагнозы Дифференциалды диагностика үшін негіздеме Зерттеу Диагнозды шектеу өлшемшарттары
Мұрын қуысының полиптері
 
Клиникалық зерттеу әдістері (анамнез, дәрігер-оториноларингологтың тексеруі – мұрын қуысында полипозды тінінің болуы) Риноскопия.
Рентгенография, МҚҚ КТ
Үрдіс МҚҚ бірге мұрынның барлық қуысын шегінде жүреді, полипозды тінінің таралуы
Юношеская ангиофиброма  носоглотки Клиникалық зерттеу әдістері (анамнез, дәрігер-оториноларингологтың тексеруі – мұрын демалуының төмендеуі, мұрыннан жиі қан кетуі )
 
Риноскопия.
Рентгенография  жұтқыншақта және МҚҚ үрдістің таралуы және сүйек деструкциясының таралуы
Үрдіс МҚҚ бірге жұтқыншақ шегінде жүреді. Өсінділер бар, оған қол тиген кезінде қанап кетеді.

Лечение (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: аурудың жеңіл түрінде және орташа ауырлықты синусит кезінде оториноларингологтың бақылауымен амбулаториялық деңгейде жүргізіледі. Емдеу шараларының негізін жүйелік немесе жергілікті антибактериалды терапия жатады. 

Схема лечения синусита на амбулаторном этапе:


Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Режимі – жалпы;
·          №15 диета.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу: бактериалды табиғаты бар синуситтер кезінде антибактериалды заттар қолданылады, қуысттарды іріңнен босату үшін оны ашып тастайды. Вирусты синуситтер кезінде антибиотикотерапия көрсетілмеген, себебі берілген жағдайда антибиотиктер тиімсіз және иммунды статустың бұзылуына әкеліп, жоғарғы тыныс алу жолдарының микрофлорасының қалыпты құрамын бұзып, үрдістің созымалы болуына себеп болады. Сонымен қатар, асқынған синуситтері бар пациенттерге антигистаминді заттар мен тарағыш заттарды тағайындайды, бұл қабынған қуыстарда өсінділер түзілмес үшін. Аллергиялық этиологиясымен синусинуситтері бар пациентер үшін аллергияға қарсы заттар көрсетілген.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (қолдануға мүмкіндігі 100% болатын): 

Дәрілік топ
 
ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану әдісі
 
Дәлелділік деңгейі
 
Антибактериалды заттар
 
Ампициллин
немесе
 
250 немесе 500мг х 4 рет тәулігіне. Салмағы 20 кг дейінгі балаларға тәіліктік мөлшері  50-100 мг/кг салмағына 4 реттік қабылдау А
Амоксициллин + клавулановты қышқыл  
немесе
Инфекцияның жеңіл және орташа ауырлықты өтуі кезінде 1 таб 250 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб 500 мг+125 мг әр 12 сағат сайын, инфекцияның ауыр түрінде  1 таб 500 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб 875 мг+125 мг әр 12 сағат сайын.
Дене салмағы  50 мг/кг болатын балаларға бір реттік мөлшері 500 мг. Енгізу жиілігі тәулігіне 2 рет т/і  100-200 мг/кг
А
азитромицин
 
 
0,5 г-нан күнсайын (курстық мөлшері 1,5 г) 12 жастан асқан және дене салмағы 45 кг жоғары балаларға  ЛОР-ағзаларының инфекциясы кезінде - 500 мг/тәулігіне 1 рет қабылдағанда 3 күн бойы (курстық мөлшері 1,5 г) А
Жергілікті қолдануға арналған кортикостероидті  заттар Беклометазонадипропионат немесе Ересектер үшін орташа тәуліктік мөлшері 2-4 қабылдағанда 400 мкг құрайды. Қажет жағдайларында мөлшері 600-800-1000 мкг/тәулігіне дейін жоғарлатуға болады. Балалар үшін бір реттік мөлшері – 50-100 мкг, қабылдау реттілігі – 2-4 р/тәу В
будезонид
немесе
Ереектерге 4 инголяцияға дейін. 6 жастан асқан балаларға 1-2 инголяция (50-200 мкг тәулігіне) В
мометазонафуроат
немесе
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға 2 инголяциядан тәулігіне 1 рет, дәрінің тәуелділік мөлшері– 200 мкг. 2-11 жастағы балаларға бір инголяциядан. Дәрінің жалпы реттік мөлшері 100 мкг құрайды. В
флутикозонафуроат 6-11 жастағы балаларға тәулігіне бір рет (55 мкг).
12 жастан асқан балаларға және ересектерге тәулігіне  екі реттік мөлшері (100 мкг).
В
Стероидты емес қабынуға қарсы заттар
 
ацетаминофен
немесе
10-15  мг/кг реттік мөлшері ішіне. Ең жоғарғы реттік мөлшері ацетаминофеннің таблеткада 6 айлық нәрестелер үшін 350 мкг, 1 жастағы балаларға – 500 мкг, 3 жастағы балаларға – 750 мг, 6 жастағы балаларға – 1 грамм, 9 жастағы балаларға – 1,5 грамм, 12 жастағы балаларға – 2 грамм. Қабылдау реттілігі – 4 рет/тәулігіне, қабылдау арасындағы аралық – 4 сағат және одан да жоғары. Емдеудің ұзақтығы – 3 күн (ыстықты түсіретін дәрі ретінде) және 5 күн (анальгетик ретінде қабылдау кезінде). В
ибупрофен 
немесе
200-800 мг, қабылдау жиілігі 3-4 рет/тәулігіне; балалар үшін – 20-40 мг/кг/тәу бірнеше рет қабылдаумен. В
кетопрофен 100мг бір ретте,  300 мг тәуліктік мөлшері.
Қарсы көрсетілімдер: 18 жасқа дейінгі балаларға – инекция үшін, 6 жастағы балаларға – гель, 15 жастағы балаларға – таблеткалар үшін  к.
В
Гистаминге қарсы заттар клемастин
немесе
Ішке, тамақтануға дейін, 1 мг 2 рет тәулігіне, қажет жағдайларда мөлшерін 3-6 мг/тәулігіне дейін жоғарлатады. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 0,5 мг-нан танертен және кешке тағайындайды (2 рет тәулігіне), 1 жастан 6  жасқа дейін – сироп 0,67 мг (1 шай қасық) В
лоратадин 10 мг/тәу
Дене салмағы 30 кг жоғары балаларға 1 таб (10 мг) тәулігіне немесе сироп әрекет етуші заттың 10 мг есебінен.
Дене салмағы 30 кг төмен балалар үшін таблетканы екі күнге бөледі немесе 5 мг тәулігіне
В
Муколитикалық заттар теофиллин
немесе
Дене салмағы 30 кг дейінгі балаларға 10-20 мг/кг тәулігіне екі рет қабылдайды. Ересектерде 200-ден 400 мг тәулігіне. Емі жеке таңдап алынады. В
  Ацетилцистеин 2 жастан асқан балаларға 200 мг үш реттік қабылдауға бөлінеді. Ересектерге 200 мг 2 немесе 3 рет тәулігіне.
 
В
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (қолдану мүмкіндігі 100% төмен):

Дәрілік топ
 
ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану әдісі
 
Дәлелділік деңгейі
 
Наркотиктік емес анальгетиктер
 
 
Метамизол натрия** Балаларға 0,1-0,5 мл ішке, тамақтан кейін немесе ректальдытәулігіне 2-3 рет, 250-500 мг. Ең жоғарғы реттік мөлшері 1 г, тәуліктік мөлшері 3 г. Балалар үшін 2-3 рет тәулігіне – 50-100 мг, 4-5 жаста – 100-200 мг, 6-7 жас – 200 мг, 8-14 жас – 250-300 мг.  В
Антисептикалық заттар Сутегі қышқылы 3% ерітінді 100 мл-ден С
Повидон йодталған 20-50 мл-ден С
Этил спирті 70% және 96% С
Хлоргесидин Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған ерітінді С
** үнемі бақылаумен ерекше сақтықпен қабылдау
 
Хирургиялық емдеу:
Амбулаториялық деңгейде пункциялық емдеудің артықшылығына мұрын маңы қуысынан ірінді бөлінгендерді тез және мақсатты эвакуциялау болып табылады. Бұл ірінді хирургиясының негіз қалаушы принциптеріне сәйкес келеді. Балаларға пункциондық емдеу қуыстар мен анатомиялық құрылысының дамуын ескере отырып қатаң көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
Амбулаториялық деңгейде пункиондық емдеу үшін қарсы көрсетілімдерге келесілер жатады:
·          Ішкі ми сүйегінің ірінді асқынулар белгілері;
·          Көрінген психомоторлы қозуы.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          мұрын қуысында және МҚҚ ірінді-қабыну үрдісінің тоқтауы;
·          мұрыннан бөлінгеннің тоқтауы;
·          демалу функциясының қалпына келуі;
·          зертханалық көрсеткіштерінің нормаға келуі;
·          аурудың асқынған түрлерінің таралмауы. 


Лечение (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1-4,6-8,10,12-14, 16-18]
Синуситтің ауыр өтуінде, сонымен қатар орташа ауырлықты ауру кезіндегі бірқатар жағдайларда пациентті отоларингологиялық бөлімшесіне жатқызылу көрсетілген. Емдеу тактикасы жалпы және жергілікті дәрі-дәрмекті және физиотерапевтік тағайындау кешенінен құралады.
 
Пациентті бақыдау картасы, пациентті бағыттау ұлбалар, алгоритмдер):


Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Режим – жалпы;
·          №15 диета.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу: жүргізілген дәрі-дәрмекті терапияның басты мәселесіне – мұрын айналасындағы қуыстардың қоздырғышын эрадикациялау және биоценозды қалпына келтіру. Синуситтің терапиясы үшін антибиотикті таңдау кезінде пациент күйінің ауырлығы ескеріледі.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (қолдануға мүмкіндігі 100% болатын): 

Дәрілік топ
 
ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану әдісі
 
Дәлелділік деңгейі
 
Антибактериалды заттар Ампициллин
немесе
 
250 немесе 500мг х 4 рет тәулігіне. Салмағы 20 кг дейінгі балаларға тәіліктік мөлшері  50-100 мг/кг салмағына 4 реттік қабылдау А
Амоксициллин + клавуланді қышқыл
немесе
Инфекцияның жеңіл және орташа ауырлықты өтуі кезінде 1 таб 250 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб 500 мг+125 мг әр 12 сағат сайын, инфекцияның ауыр түрінде  1 таб 500 мг+125 мг әр 8 сағат сайын немесе 1 таб 875 мг+125 мг әр 12 сағат сайын.
Дене салмағы  50 мг/кг болатын балаларға бір реттік мөлшері 500 мг. Енгізу жиілігі тәулігіне 2 рет т/і  100-200 мг/кг
А
Азитромицин
 
немесе
0,5 г-нан күнсайын (курстық мөлшері 1,5 г) 12 жастан асқан және дене салмағы 45 кг жоғары балаларға  ЛОР-ағзаларының инфекциясы кезінде - 500 мг/тәулігіне 1 рет қабылдағанда 3 күн бойы (курстық мөлшері 1,5 г) А
Цефуроксим
 
немесе
Ересектерге 750 мг 3 рет тәулігіне тағайындайды.
Балаларға 30-100 мг/кг тәулігіне 3-4 рет қабылдауды тағайындайды. Жаңа туған нәрестелер мен 3 айға дейінгі балаларға 30 мг/кг тәулігіне 2-3 рет қабылдауды тағайындайды.
А
Цефазолин
немесе
Ересектер үшін орташа тәуліктік мөлшері - 0.25-1 г; енгізі реттілігі - 2-4 рет тәулігіне. Ең жоғарғы тәуліктіки мөлшері  - 6 г. 1 ай және одан жоғары балалар үшін - 25-50 мг/кг тәулігіне, инфекцияның өтуінің ауыр жағдайларда мөлшері 100 мг/кг тәулігіне дейін жоғарлауы мүмкін. Енгізу реттілігі 2-4 рет тәулігіне А
Цефиксим
немесе
Ересектер және 12 жастан асқан және дене салмағы 50 кг жоғары балаларға тәуліктік мөлшері 400 мг тең (200 мг 2 рет тәулігіне немесе 400 мг 1 рет тәулігіне).
0,5-12 жастағы балалар үшін: 4 мг/кг әр 12 сағат сайын немесе 8 мг/кг/тәу
А
  Джозамицин Ересектер және 14 жастан асқан балаларға ішке  - 1-2 г тәулігіне 2-3 рет қабылдау кезінде. 14 жасқа дейінгі балаларға - 30-50 мг/кг тәулігіне 3 рет қабылдау кезінде А
Гормоналды заттар Преднизолон
 
 Преднизолона мөлшері мен емделу ұзақтылығы дәрігермен жеке ауру көрсетілімдері мен ауырлығына байланысты анықталады.
Преднизалон капельницамен  тамырға (тамшылатып немесе ағызып) немесе бұлшық етке  енгізеді. т/і дәріні біріншіден ағызып, кейін тамшылатып енгізеді.
В
Дексаметазон
 
Мөлшерлеу режимі жеке болады және көрсетілімдер, науқастың күйі мен оның терапияға реакциясына байланысты анықталады. Дәріні тамырға баяу ағызып немесе тамшылатып (асқынған және шұғыл күйінде); бұлшықетке енгізеді
 
В
Жергілікті қолдануға арналған кортикостероидты заттар Беклометазонадипропионат немесе Ересектер үшін орташа тәуліктік мөлшері 2-4 қабылдағанда 400 мкг құрайды. Қажет жағдайларында мөлшері 600-800-1000 мкг/тәулігіне дейін жоғарлатуға болады. Балалар үшін бір реттік мөлшері – 50-100 мкг, қабылдау реттілігі – 2-4 р/тәу В
будезонид
немесе
Ереектерге 4 инголяцияға дейін. 6 жастан асқан балаларға 1-2 инголяция (50-200 мкг тәулігіне) В
мометазонафуроат
немесе
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға 2 инголяциядан тәулігіне 1 рет, дәрінің тәуелділік мөлшері– 200 мкг. 2-11 жастағы балаларға бір инголяциядан. Дәрінің жалпы реттік мөлшері 100 мкг құрайды. В
флутикозонафуроат 6-11 жастағы балаларға тәулігіне бір рет (55 мкг).
12 жастан асқан балаларға және ересектерге тәулігіне  екі реттік мөлшері (100 мкг).
В
Гистаминге қарсы заттар клемастин
немесе
Ішке, тамақтануға дейін, 1 мг 2 рет тәулігіне, қажет жағдайларда мөлшерін 3-6 мг/тәулігіне дейін жоғарлатады. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 0,5 мг-нан танертен және кешке тағайындайды (2 рет тәулігіне), 1 жастан 6  жасқа дейін – сироп 0,67 мг (1 шай қасық) В
  лоратадин 10 мг/тәу
Дене салмағы 30 кг жоғары балаларға 1 таб (10 мг) тәулігіне немесе сироп әрекет етуші заттың 10 мг есебінен.
Дене салмағы 30 кг төмен балалар үшін таблетканы екі күнге бөледі немесе 5 мг тәулігіне
 
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (қолдану мүмкіндігі 100% төмен): Амбулаториялық деңгейдi қараңыз.

Кейінгі жүргізу:
АСО кезінде:
·          6 ай бойы мекен жайы бойынша емханада отоларингологта бақылануы, бақылаулы аудиометрия.
САО кезінде:
·          Жылына 2 рет тексерісі бар отоларингологтар диспансерлі бақылау, жылына 1 рет неврапотолгтың консультациясы, жылына 2 рет сурдологтың консультациясы.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          Ортаңғы құлақ қуысында іріңді-қабыну үрдісін тоқтату;
·          Құлақтың ауырмауы;
·          Есту функциясының қалпына келуі;
·          Зертханалық көрсеткіштерінің нормаға келуі;
·          Аурудың асқынған түрлерінің жоқтығы.


Лечение в Турции

Лучшие клиники и врачи Турции!

Сеть клиник "ACIBADEM" ("Аджибадем") в Турции. Полное сопровождение пациентов: трансфер, проживание, услуги переводчика.

Представительство в РК: +7 778 638 22 00

Как удобнее связаться с вами?

Лечение в Турции

ACIBADEM: Лучшие клиники и врачи Турции!

Сеть клиник "ACIBADEM" ("Аджибадем") - это 21 клиника в 4 странах мира. Самое современное оборудование и новейшие методики лечения. Мы оказываем полное сопровождение пациентов из Казахстана: трансфер, проживание, перевод документов, услуги переводчика.

Представительство в РК: Алматы, Кабанбай Батыра 96, +7 778 638 22 00

Как удобнее связаться с вами?

Госпитализация


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫҢ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          мұрын қуысының және МҚҚ санациясы және қалпына келуі үшін оториноларингологиялық бөлімшесіне. 
 
 
Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          амбулаториялық емдеу кезінде тоқтата алмаған мұрын қуысы және МҚҚ іріңді-қабыну үрдісінің таралуы;
·          ішкі бас ми сүйегінде риногенді асқыну белгілерінің болуы;
·          науқастың жалпы күйінің нашарлауымен интоксикация анық белгілері. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Itzhak Brook, Kaparaboyana Ashok Kumar, Maggie Kramper, Richard R. Orlandi Clinical Practice Guideline: Adult. Society of Otorhinolaryngology, oct.2014 2) Безруков В.М., Брусова Л.А. Руководство по хирургической стоматологии и челюстно-лицевой хирургии. М., 2005. -366с. 3) Богомильский М.Р., Чистякова В.Р. Детская оториноларингология. Учебник для вузов. М.: Гэотар-Мед. -2002.С. 259-268. 4) Крюков А.И., Ивойлов А.Ю., Туровский А.Б., Хамзалиева Р.Б., Товмасян А.С. Консервативня терапия и хирургическое лечение хронического тонзиллита у детей. Вестник оториноларингологии, №4, 2013г. С.15-21. 5) Овчинников Ю.М., Гамов В.П. Болезни носа, глотки, гортани и уха. — М., 2005, -328с. 6) Пальчун В.Т. Классификация и лечебная тактика при хроническом тонзиллите. Вестник оториноларингологии, №3, 2013г. С.8-11. 7) Солдатов И.Б. Руководство по оториноларингологии. – М.: Медицина/608с. 8) Beahm E.K., Walton R.L. Auricular reconstruction for microtia: Part I. Anatomy, embryology and clinical evolution// Plast. Reconstr. Surg.-2002.-Vol.109, №7.-P.2473-2484. 9) Likith V. Reddy, Zide F. M. Reconstruction of skin cancer defects of the auricle // J. Oral Maxillofac. Surg. 2004. - Vol.62, N12. - P.1457-1471. 10) NachlasN. Отопластика // Пластическая и реконструктивная, хирургия лица Под ред. А. Д. Пейпла. М.: БИНОМ Лаборатория знаний, 2007. -Р.340-352. 11) Bonding P., Ectopic adenoid tissue in the choanae// J. Laryngol. Otol.-2001/Vol.115, №3. Р.198-201.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Клиникалық хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)      Аженов Талапбек Муратович – медицина ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасының Президен ісін басқару медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК №1 хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі.
2)      Байменов Аманжол Жумагалеевич – медицина ғылымдарының кандидаты, «астана медициналық университеті» АҚ оториноларингология кафедрасының доценті.
3)      Бекпанов Алмат Жаксылыкович – медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық ғылыми Ана мен бала орталығының «UMC» КФ филиалының балалар оториноларингологы.
4)      Смағулова Ғазиза Ажмагиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» ШЖҚ РМК ішкі аурулар және клиникалық фармакология проведевтика кафедрасының меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету:жоқ.
 
Рецензент:
Исмагулова Эльнара Киреевна – медицина ғылымдарының докторы, «М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» ШЖҚ РМК хирургиялық аурулар кафедрасының оториноларингология курсының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары:жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 3 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх