Войти

Алопеция

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2017

Алопеция тотальная (L63.0), Алопеция универсальная (L63.1), Гнездная алопеция (L63), Гнездная алопеция неуточненная (L63.9), Гнездная плешивость (ЛЕНТОВИДНАЯ ФОРМА), Другая гнездная алопеция (L63.8)
Дерматовенерология

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған 

Алопеция – шаш фоликуласына әртүрлі әрекет етумен және баста, сақалда, қаста, кірпікте және денеде толық шаштары жоқ ошақтары клиникалық тұрғыдан қалыптасумен негізделген шаштардың паталогиялық түсіп қалуы. 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары)

АХЖ-10
Коды Атауы
L63 Ұяшықты алопеция
L63.0 Толық қамтитын алопециясы
L 63.1  Жан-жақты алопециясы
L 63.2 Ұяшықты қасқабастық (жолақтәріздес түрі)
L63.8 Басқа да ұяшықты алопеция
L63.9  Нақтыланбаған ұяшықты алопеция
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АЛаТ аланин-аминотрансферазасы
АСаТ аспартат-аминотрансферазасы
ТТГ тиреотропты гормон
ГКС глюкокортикостероидтар
                                                                              
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, педиатрлар, дерматовенерологтар.
 
Пациенттердің санаты: балалар, ересектер.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

A Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ны жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі  РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
B Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерін жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе  жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін. 
C Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін немесе жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар (++ немесе +) РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайды.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу не сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика.
 

Жіктемесі


Жіктеме [1,11-14]:
Түрі бойынша:

·          қарапайым;
·          прегипертензионды;
·          атопикалық;
·          аутоиммунды;
·          араласқан.
 
Нысандары бойынша:
·          жергілікті;
·          жолақтәріздес;
·          субтоталды;
·          толық;
·          жан-жақты (қатерлі)  түрі;
·          тырнақ пластинкалары жараланған ұяшықты алопеция.
 
Ауырлық дәрежесі бойынша:
·          жеңіл 25 % көлемге дейін, жекеошақтар 3,5 см диаметрде;
·          орташа 25-50 % көлемге дейін,  ошақтар 5-10 см диаметрде;
·          ауыр  75 % көлемге дейін.
 
Ағымы бойынша:
·          асқынған;
·          жеделдеу;
·          созылмалы.
 
Белсеңділік дәрежесі бойынша:
·          үдемелі;
·          стационарлы;
·          регрессивті.

Диагностика


ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [1, 10-19]

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар:
·          Шаштың түсуі.  
Ауру анамнезі:
·          ауру басталу жасы;
·          қоздырғыш факторларымен байланысы;
·          жақын туысқандарында берілген паталогияның кездесуі, іліспелі аурулар.
 
Физикалық зерттеп-қараулар:
Патогномиялық белгілер:
·          нақты шекаралары бар алопеция ошақтарының таралуы;
·          ошақта немесе оның шеттерінде сынған шаштарының таралуы;
·          ошағында ашық түсті мамық шаштарының өсуі
 
Зертханалық зерттеулер [ДД – В]:
·          қанның жалпы анализі: тромбоциттердің жоғары саны (эндогенді интоксикация);
·          микроскопия кезінде шаш ошағынан «үзілген арқан» түріндегі дистрофты проксималды шеттерінің анықталуы;
·          саңырауқұлақтарға микроскопиялықзерттеу;
·          Ошақтарда терінің трахиоскопиясы;
·          биохимиялық қан анализі: глюкозаны, жалпыақуызды, холестерин, билорубин, креатинин, несепнәр, АЛаТ, АСаТ, І және ІІ дәрежелі иммунограмма мөлшерін анықтау, қанды жыныс гормондарының құрамына (эстроген, прогестерон), Т-4, Т-4, ТТГ анықтау.
 
Аспаптық зерттеулер: ерекше және міндетті емес, патогенетикалық себеп-салдар байланыстарын анықтаған кезінде келесіні өткізу ұсынылған:
·          эхоэнцефалография (бас миында паталогиялық үрдістерді алып тастау үшін);
·          түрік тоқымының рентгенографиясы (көлемді түзілімдерді алып тастау үшін толық қамтитын және жан-жақты түрлері кезінде);
·          бас миы тамырларының реовазографиясы немесе бас және мойынның тамырларының доплерографиясы.
 
Мамандардың консультациялары үшін көрсетілімдер:
·          терапевтің консультациясы – тері үрдісінің жүруін нашарлататын ілеспелі терапевтикалық патологияның кездесуі  кезінде;
·          невропатологтың  консультациясы – шаш  түсуінің патогенетикалық  себеп-салдар байланыстарын анықтау үшін;
·          эндокринологтың консультациясы – шаш түсуінің патогенетикалық себеп-салдар байланыстарын анықтау үшін;
·          психотерапевттің консультациясы – медициналық-әлеуметтік қалпына-келу үшін.
 
Диагностикалық алгоритм: (сызба) 

Шағым Бастың шашты бөлігінде
Тексерудің нақты мәліметтері Түсіп қалу ошақтары анық шекарасыз Көлденең ошақтар. Домалақ және сопақ пішінді, өлшемі диаметрде 1-ден және одан да жоғары
Дерматоскопия Ошақтары әртүрлі пішінге және көлемге ие, негізінен шеке, маңдай-самай белдемінде орналасқан, шаштар бірдей деңгеде сынған Тазылық ошақтары анық шекараларсыз, шоғырлануы анықталмаған Қабыршақтану, шаштар 2-3 немесе 6-8 мм деңгейде сынып қалған Тері түсі сәл қызғылт немесе қалыпты, түбіршіктердің кездесуі,
Зертханалық диагностика Қанның жалпы талдауы, неврапотолог кеңесі Қанның жалпы талдауы, қанның биохимиялық талдауы, терапевт кеңесі Ошақтан паталлергиялық материалды микроскопиялық диагностикалау, люминисцентті шам астынан сәулелендіру Ошақтануы бойынша, глюкозаны, жалпы ақуызды, холестерин, билорубин, креатининді, несенәрді, АЛТ, АСТ,
 
 
 
Диагнозы Трихотилломания
 
Улылық алопеция Бастың шашты бөлігінің алопециясы Уяшықты
алопеция

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі  [1, 11-19]:
Диагнозы Диффренциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеулер Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Трихотилломания
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шеттері кедір-бұдыр ошақтары, жиі тоқырлану ошақтарында шаштардың қалуы, велюс пен босаған шаштарының белдемдерінің жоқтығымен
 
 
 
 
 
Диагностика биоптат гистологиясының негізінде жүргізіледі (геморрагия және қабыршақтарының жарылуы, телоген фазасында шаштардың жоқтығы)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Ауру емделушінің әдет пен әуестігінің бұзылуына жатады;
2. Шаштарды жылу әдетін басу кезінде шаштың түсіп қалуы орын алады;
2.Пациенттердің арасында 11-16 жас аралығындағы әйел жынысты пациенттер көптен кездеседі;
3.Тақырлану учаскілері әдетте симметриялы болып орналасады
 
 
Бастың шашты бөлігінің микозы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ошақтың шеттері бойынша қабынған валик және тері бетінен 2-3 мм биіктікте сынған шаштар түбіршіктерінің таралуы арқылы анықталады.
 
 
 
 
 
 
Диагнозды растау үшін микозға микроскопиялық зерттеулер жүргізіледі – шаш иінінің ішкі және сыртқы жақтарында қышыма друзулары анықталады. 
 
 
 
 
 
 
1.Балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі
2.Бастың шашты бөлігінде бірқалыпты гипермиясы, терінің қабыршақтануы және тері бетінен 1-2 немесе 5-6 мм деңгейде шаштың сынып қалу орын алған дөңгелек пішінді ошақтар анықталады
3. Вудтың люминисцентті шамы арқылы жарықтандыру
Уытты алопеция Цитостатиктерді, антикоагулянттарды, химиотерапияны, психотропты дәрі-дәрмектерді қабылдау және ауыр инфекциялық үрдіс кезіндегі анық тәуелділікпен байқалады Диагноз ауру аномнезі негізінде, теріде және/немесе денеде  ошақты немсесе  толық алопеция түріндегі клиникалық көрсеткіштер негізінде анықталады. 1.ауру көбнесе интоксикацияның анық көрінген белгілерден басталады.
2.Біруақытта ішкі ағзаларға да таралу жағдайлары да кездеседі

Лечение (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [18-21, 38-41]: берілген диагноз қойылған барлық пациенттер амбулаториялық деңгейде емделеді.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Диета: №15 үстел, тамақта қанның тұтқырлығын жоғарлату есебінен судың тұтыну мөлшерін жоғарлату (шеттегі қанның қоюлану белгілері)

Физиоемделу:
- утолқын ұзындығы 308-нм  (С) болатын эксимерлі лазерді қолдана отырып енсіз жолақты фототерапия. Лазерлік сәулелендірудің алғашқы мөлшері – ең төменгі эритемалы мөлшерлемеден 50 мДж/см2 төмен. Кейін мөлшерлемелі әр екі сеанс сайын 50 мДж/см2  жоғарлайды. Жараланған учаскіні аптасына 2 рет сәулелендіреді, бірақ ол  24 сеанстан аспауы тиіс [20-24].

ГА ауыр түрлері кезінде – ПУВА-терапия (С). Псорален және процедураға 2 сағатқа дейін дене салмағына 0,5 мг мөлшерлемемен  оның түрлендіргіштері қолданылады. Сәулелендіру мөлшерлемесі – 1 см2  1 Дж бастап 1 см2 15 Дж бірқалыпты жоғарлату арқылы жүргізіледі  [25-35].
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:  берілген дәрі-дәрмектерді қолдану әртүрлі емдеу нұсқауларына және түріне байланысты алынады (ескертуде берілген емдеу әдісін таңдау үшін көрсеткіштер берілген). Мысалы, жүйелік ГКС таңдау алопецияның ауыр түрлерінде – ересектер мен балаларда толық қамтитын немесе тез тараған субтоталды алопеция кезінде қолдану қажет. Топикалық ГКС (кремдер, жақпа майлар, лосьондар) витаминдер, микроэлементтер және иммуномодуляторларды бірге пайдалана отырып алопецияның ошақты түрінен бастап қолданады, терапияның ұзақтығы 4-тен 8 аптаға дейін. Топикалық ГКС тиімділігі болмаған жағдайда перифериялық вазодилаторлар, дитранол, физиотерапия (ПУВА) және жүйелік ГКС (стандарты терапия немесе пульстерапия) қосылады.
Ұяшықты алопецияның түзілуінде имунды жүйенің ролі анықталған кезінде иммуносупрессивті дәрі-дәрмектер – циклоспорин, метотрексат қолданылады. Дәрі-дәрмектер ұзақ мерзім бойы жүріп жатқан толық қамтитын алопеция кезінде, рецидивті  созылымға және қарапайым терапияға емделмейтін ауру кезінде қолданылады [32-41].
Емделуші күйзеліске және эмоционалды құбылмалыққа бейімділігі болатын болса, псиолог немесе психитардың кеңесі ұсынылады.
Жеке тоқырлау ошағы бар пациенттер үшін ең жақсы емделу нұсқасы ол бақылау тактикасы жатады, себебі бір жылдан кем жеке ошақтары бар пациенттерде аполеция аяқ асты қайтып кетеді. 

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (100% қолдану ықтималдығы бар):

Дәрілік топ Дәрілік заттар Көрсетілімдер Дозалау, қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі Ескертпе
Топиялық глюкокортикостероидтар Преднизолон Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде крем, мазь 0,5%
тәулігіне 2 рет
С Жергілікті имунитетті қалыптастыру, қабынуды басу мақсаттары үшін
Бетаметазона валерат Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде крем 0,1%
тәулігіне 2 рет
С
Бетаметазона дипропионат Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде 0,05% мазь
тәулігіне 2 рет
С
Гидрокортизона бутират Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде крем 0,1%
тәулігіне 2 рет
В
Метилпреднизолона ацепонат Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде крем 0,1%1 раз в день С
Мометазона фуроат Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде крем 0,1%
тәулігіне 1 рет
С
Бетаметазон Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде Ампула 1,0 мл
в/к 2 см2 0,1 мл-ден әр 4-6 аптада
С
Дипроспан (преднизолонның синетикалық түрі) Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде Кристалды  суспензия, Ампула 1,0 мл
в/к 2 см2 0,1 мл-ден әр 2 аптада
С
  Триамцинолона ацетонид,
 
Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде Егуге арналған суспензия әр 4-6 аптада көптеген тері асты егу түрінде 0,5-1 см аралықпен 30 калибрлі инемен 0,5 дюймға 0,1 мл енгізіледі. Бір сеанс кезінде ең жоғарғы мөлшерлемесі 20 мг құрау қажет.
 
В  
  Клобетазола пропионат,
 
Алопецияның ауыр түрлерінде мазь 0,05% тәулігіне 2 рет сыртқа окклюзивті танғыш астынан, тепаияның ұзақтылығы 2 айға дейін . В  
Перифериялық вазодилятатор Миноксидил Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде Лосьон (2–5% р-раминоксидила) тәулігіне 2 рет А Дәрі-дәрмек фолликулалардың ынталандырушысы болып саналады.
Дерматотропты дәрі-дәрмектер Дитранол Алопецияның жан-жақты түрінен басқа, ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде Мазь
Тәулігіне 1 рет
С Кері әсерлер: қабыну реакциялары және қоршаған сау терінің дақталануы
Микроэлементтер Сульфат мырышы Ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде Ұнтақ  0,2 г тәулігіне 1 рет 2 ай бойы С  
  Мырыш оксиді Ұяшықты алопецияның барлық түрлерінде Ұнтақ 0,1 г
0,02 - 0,05 г (детям) тәулігіне 2 рет 2 ай бойы
   
Глюкокортикостероидтар жүйелік* Преднизолон
 
Алопецияның субтоталды түрі және оның қарқынды таралуы таблетка 5 мг (курстық мөлшерлеме 40-60 мг) С Көрсеткіштер бойынша ауырлық дәрежесіне байланысты (алопецияның толық қамтитын түрі)
Бетаметазон Алопецияның субтоталды түрі және оның қарқынды таралуы ампулалар 1,0 мл 7-10 күнде 1 рет (4-тен  6 процедураға дейін)
 
С
 
Антиметаболиттер
 
метотрексат Алопецияның ауыр түрлері - таблеткалар, егуге арналған ерітінді 15-30 мг аптасына 1 рет ауыз арқылы немесе тері астынан 9 ай бойы; оң тиімділік- терапияны 18 айға дейін ұзарту.
- егуге арналған ерітінді 15-30 мг аптасына 1 рет ауыз арқылы немесе тері астынан 10-20 мг преднизолонмен бірге ауыз арқылы шаштың өсуі басталғанша дейін.
- оң тиімділік болмаған жағдайда – метотрексатты тоқтату 
 
С  
Иммунодепрессанттар
 [44, 48].
циклоспорин Алопецияның ауыр түрлері Капсулалар, ішке қабылдауға арналған ерітінділер тәулігіне дене салмағының кг 2,5-6 мг, 2-12 ай бойы. Оң клиникалық нәтижеге қол жеткізген кезінде мөлшерлемені біртіндеп толық тоқтатқанша дейін төмендетеді.
 
С  
ескертпе: * - дәлелділік базасы қазіргі уақытта сенерліктей дәрежеге жетпеген дәрі-дәрмектер.

Қосымша дәрілік заттардың тізбесі:

Дәрілік топ Дәрілік заттар Көрсетілімдер Дозалау, қолдану әдісі Дәлелділік деңгейі Ескертпе
Перифириялық қан айналымын жақсартатын дәрі-дәрмектер * Бұзаулар қанынан алынған депротеинизирленген гемодериват Таралған түрлері және қайталанбалы ауру кезінде ампулалар 5,0 мл, 1 ай   Микроциркуляцияны және тері астындағы қанды белсеңдіру арқылы  шаштың өсуін ынталандыру
Калий және магний жетіспеушілігін толтыратын дәрі-дәрмектер* Орот қышқылы Калий және магний жетіспеушілік аясында алопецияның түрлері, жүйелік ГКС терапиясы кезінде таблеткалар 0,5
тәулігіне 3 рет
  Гормонотерапияның барлық курсында, кері әсерлерін төмендету үшін
 

Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Одан әрі емдеу:
·          Құрамында витаминдер мен микроэлементтердің үлкен мөлшері бар тиімді тамақтану;
·          Қауіптілік факторларын шектеу;
·          Ілеспелі паталогияны емдеу;
·          Витаминотерапия, фитотерапия, адаптогендер, липотропты дәрі-дәрмектер курсы;
·          Шипажайлық-курорттық емделу
 
Емдеу тиімділігінің индикаторы:
Емдеу тиімділігін бағалау өлшемшарттары:
0 балл – тиімділіктің жоқтығы;
1 балл – веллюстың сирек өсуі;
2 – веллюс және терминалды шаштардың өсуі;
3 – терминалды шаштардың өсуі.
·          Шаш құрылысының қалпына келуі және барлық учаскілерде ошақтарда шаштың өсіп кетуі (ер адамдарда бастың шашты бөлігі, сақал мен мұрт белдемі және денедегі мамық шаштары)

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Скрипкина Ю.К. Кожные и венерические болезни [Текст]: учебник- Москва: ГОЭТАР-Медиа, 2007.- 544с.:ил. 2) Федеральные клинические рекомендации по ведению больных гнездной алопецией. Москва 2012 г. 3) «Лечение кожных и венерических болезней». // Руководство для врачей. И.М. Романенко В.В. Калуга, СЛ Афонин. Москва 2006 г. 4) Рациональная фармакотерапия заболеваний кожи и инфекций передаваемых половым путем. Руководство для практикующих врачей. // Под ред. А.А.Кубановой, В.И. Кисиной. Москва, 2005 г. 5) Evidence based (s3) guidelines for the treatment of androgenetic alopecia in women and in men // 2006 British Association of Dermatologists, British Journal of Dermatology, 149, 692–699. http://www.turkderm.org.tr/pdfs/S3_guideline_androgenetic_alopecia.pdf 6) Guidelines Guidelines for the management of alopecia areata // Accepted for publication 17 April 2007. 7) The therapeutic effect and the changed serum zinc level after zinc supplementation in alopecia areata patients who had a low serum zinc level. Park H, Kim CW, Kim SS, Park CW. // Ann Dermatol. 2009 May;21(2):142-6. Epub 2009 May 31. 8) Combination of topical garlic gel and betamethasone valerate cream in the treatment of localized alopecia areata: a double-blind randomized controlled study. // Indian J Dermatol Venereol Leprol. 2007 Jan-Feb;73(1):29-32. 9) Evidence based (s3) guidelines for the treatment of androgenetic alopecia in women and in men 2005 British Association of Dermatologists, British Journal of Dermatology.-149.-692–699 http://www.turkderm.org.tr/pdfs/S3_guideline_androgenetic_alopecia.pdf. 10) Wolff H, Fischer TW, Blume-Peytavi U, - Dtsch Arztebl Int - May 27, 2016; 113 (21); 377-86 11) Messenger AG, McKillop J, Farrant P, McDonagh AJ, Sladden M. British Association of Dermatologists' guidelines for the management of alopecia areata 2012. Br J Dermatol. 2012 May;166(5):916-26. 12) Gilhar A1, Etzioni A, Paus R,«Published April 19, 2012. The New England journal of medicine,Volume 366, Issue 16; Pages 1515-25. 13) Gilhar A, Etzioni A, Paus R, - N. Engl. J. Med. - April 19, 2012; 366 (16); 1515-25 14) Stefanato C.M. Histopathology of alopecia: a clinicopathological approach to diagnosis. Histopathology 2010; 56, 24—38. 15) Inui S., Nakajima T., Nakagawa K., Itami S. Clinical significance of dermoscopy in alopecia areata: analysis of 300 cases Int J Dermatol 2008 Jul; 47 (7): 688—93. 16) Jain N, Doshi B, Khopkar U, - Int J Trichology - October 1, 2013; 5 (4); 170-8 17) Finner AM, Otberg N, Shapiro J, - Dermatol Ther - July 1, 2008; 21 (4); 279-94 18) Olsen E.A., Messenger A. G., Shapiro J., Bergfeld W.F., Hordinsky M.K., Roberts J.L., Stough D., Washenik K., Whiting D.A. Evaluation and treatment of male and female pattern hair loss // J. Am. Acad. Dermatol. – 2005. – Vol. 52 (2). – P. 301–311. 19) Lee WS, Lee HJ, Choi GS, Cheong WK, Chow SK, Gabriel MT, Hau KL, Kang H, Mallari MR, Tsai RY, Zhang J, Zheng M, - J Eur Acad Dermatol Venereol - August 1, 2013; 27 (8); 1026-34 20) Scarinci F, Mezzana P, Pasquini P, Colletti M, Cacciamani A, - Cutan Ocul Toxicol - June 1, 2012; 31 (2); 157-9. 21) Al-Mutairi N. 308-nm excimer laser for the treatment of alopecia areata. Dermatol Surg 2007; 33:1483-1487. 22) Al-Mutairi N. 308-nm excimer laser for the treatment of alopecia areata in children. Pediatr Dermatol 2009; 26:547-50. 23) Zakaria W, Passeron T, Ostovari N, Lacour JP, Ortonne JP. 308-nm excimer laser therapy in alopecia areata. J Am Acad Dermatol 2004: 51: 837-838. 24) Raulin C, Gundogan C, Greve B, Gebert S. Excimer laser therapy of alopecia areata - side-byside evaluation of a representative area. J Dtsch Dermatol Ges 2005: 3: 524-526. 25) Gundogan C, Greve B, Raulin C. Treatment of alopecia areata with the 308-nm xenon chloride excimer laser: case report of two successful treatments with the excimer laser. Lasers SurgMed 2004: 34: 86-90. 26) Claudy AL, Gagnaire D. PUVA treatment of alopecia areata. Arch Dermatol 1983; 119:975-8. 27) Lassus A, Eskelinen A, Johansson E. Treatment of alopecia areata with three different PUVA modalities. Photodermatology 1984; 1:141-144. 28) Van der Schaar WW, Sillevis Smith JH. An evaluation of PUVA-therapy for alopecia areata. Dermatologica 1984; 168:250-252. 29) Mitchell AJ, Douglass MC. Topical photochemotherapy for alopecia areata. J Am Acad Dermatol 1985; 12:644-649. 30) Taylor CR, Hawk JL. PUVA treatment of alopecia areata partialis, totalis and universalis: audit of 10 years’ experience at St John’s Institute of Dermatology. Br J Dermatol 1995; 133:914-918. 31) Healy E, Rogers S. PUVA treatment for alopecia areata - does it work? A retrospective review of 102 cases Br J Dermatol 1993; 129:42-44. 32) Gupta AK, Ellis CN, Cooper KD et al. Oral cyclosporine for the treatment of alopecia areata. A clinical and immunohistochemical analysis. J AM Acad Dermatol 1990; 22:242-50. 33) Fiedler-Weiss VC. Topical minoxidil solution (1% and 5%) in the treatments of alopecia areata. 34) Coronel-Perez IM, Rodriguez-Rey EM, Camacho-Martinez FM. Latanoprost in the treatment of eyelash alopecia in alopecia areata universalis. J Eur Acad Dermatol Venerol 2010; 24:481-5; 35) Faghihi G, Andalib F, Asilian A. The efficacy of latanoprost in the treatment of alopecia areata of eyelashes and eyebrows. Eur J dermatol 2009: 19:586-7. 36) Acikgoz G, Caliskan E, Tunca M. The effect of oral caclosporine in the treatment of severe alopecia areata. 37) Messenger AG, McKillop J, Farrant P, McDonagh AJ, Sladden M. British Association of Dermatologists’ guidelines for the management of alopecia areata 2012. British Journal of Dermatology 2012; 166: 916-926. 38) Joly P. The use of methotrexate alone or in combination with low doses of oral corticosteroids in the treatment of alopecia totalis or universalis. J Am Acad Dermatol 2006; 55: 632-636. 39) Royer M, Bodemer C, Vabres P, et al. Efficacy and tolerability of methotrexate in severe childhood alopecia areata. Br J Dermatol 2011;165(2):407-10. 40) Gupta AK, Ellis CN, Cooper KD et al. Oral cyclosporine for the treatment of alopecia areata. A clinical and immunohistochemical analysis. J AM Acad Dermatol 1990; 22:242-50. 41) Acikgoz G, Caliskan E, Tunca M. The effect of oral caclosporine in the treatment of severe alopecia areata.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Әзірлеушілердің тізімі:
1)      Батпенова Гүлнәр Рыскелдіқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі;
2)      Жетпісбаева Зульфия Сейтмағамбетовна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының доценті;
3)      Таркина Татьяна Викторовна – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының доценті;.
4)      Цой Наталья Олеговна –PhD, «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының ассистенті
5)      Мажитов Талғат Мансұрұлы – медицина ғылымдарының докторы,  «Астана медицина университеті» АҚ клиникалық фармакология және интернатура кафедрасының профессоры, клиникалық фармаколог.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Рецензенттер:
1)      Нұрмұхамбетов Жұмаш Наскенұлы – медицина ғылымдарының докторы, Семей қаласы Мемлекеттік медицина университетінің иммунология және дерматовенерология кафедрасының профессоры.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
 

Мобильное приложение "Doctor.kz"

Ищете врача или клинику? "Doctor.kz" поможет!

Бесплатное мобильное приложение "Doctor.kz" поможет вам найти: где принимает нужный врач, где пройти обследование, где сдать анализы, где купить лекарства. Самая полная база клиник, специалистов и аптек по всем городам Казахстана.


Запишитесь на прием через приложение! Быстро и удобно в любое время дня.


Скачать: Google Play Market | AppStore

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх