Фармакорезистентті эпилепсия кезіндегі кезбе нервті ширату

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Эпилепсия неуточненная (G40.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған
 
 
Фармакорезистентті эпилепсия кезіндегі кезбе нервті ширату – эпилепсияға қарсы перапараттарға төзімді қояншықты (эпилепсияны) кезбе нервті электрлік ширату жолымен емдеу амалы [1,3,4,5].

Хаттама атауы: Фармакорезистентті эпилепсия кезіндегі кезбе нервті ширату.
 
Хаттама коды:
 
АХЖ -10 коды
G40 Қояншық (эпилепсия)
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АП      антибиотиктік профилактика
КТ       компьютерлік томография
МРТ    магнитті-резонанстық томография
ЖҚА   жалпы қан анализі
ЖНА   жалпы несеп анализі
ЭКГ     электрокардиогроафия
ЭЭГ     электроэнцефалография
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: ересектер мен балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: нейрохирургтар, невропатологтар.

Диагностикасы


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі

Негізгі диагностикалық іс-шаралар:
• ЖҚА;
• қанның биохимиялық талдауы (қалдық азот, несепнәр, креатинин, жалпы ақуыз, билирубин, калий, натрий, глюкоза, АлТ, АсТ);
• АИТВ-на ИФА;
• В гепатитіне ИФА;
• С гепатитіне ИФА;
• ЖНА;
• қан тобын анықтау;
• резус-факторды анықтау;
• ЭКГ;
• коагулограмма;
• мидың МРТ;
• ЭЭГ видеомониторингі.
• нейрохирургтың консультациясы;
• терапевтің/педиатрдың консультациясы;
• неврологтың консультациясы;
• психиатрдың консультациясы;
• психологтың консультациясы (психологиялық даму деңгейін анықтау үшін).
 
Қосымша диагностикалық іс-шаралар:
• инфекционистің консультациясы (В, С вирусты гепатиттеріне оң анализдер болған кезде).

Емдеу тактикасы


Емшараны/араласуды өткізу мақсаты:
• құрысулардың жиілігін төмендету/тоқтату
 
Емшара/араласу үшін көрсетімдер
• фармакорезистентті эпилепсия.
 
 Жаңа әдісті пайдалану үшін қарсы көрсетімдер:
• кезбе нервті кесу (ваготомия);
• декомпенсация сатысындағы соматикалық ілеспелі патология;
• айқын психикалық бұзылыстар.
 
Емшараны/араласуды жүргізуге қойылатын талаптар
Қауіпсіздік шараларын сақтауға, санитариялық-эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қауіпсіздік шаралары мен эпидемияға қарсы режим
 
Жарақтандыруға қойылатын талаптар: «Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығына сәйкес.
 
Жарақтандырылуы:
• дәрігер программаторы.
 
Шығыс материалдарына қойылатын талаптар:
• импульстар генераторы;
• электродтар;
• бақылау магниті;
• туннелдеуші.
 
Пациентті дайындауға қойылатын талаптар:
• нейрохирургия пациенттері үшін стандартты – операциялық өрісті даярлау (повидон йод 100 мл),
• премедикация,
• антибиотиктік профилактика.
 
1-кесте. АП сызбанұсқасы
 

Операция түрі АП сызбанұсқасы АП үшін баламалы антибиотик *
Шунттарды және т.б қоса алғанда, әртүрлі жасанды/бөгде денелер орнатылатын операциялар
 
Цефазолин
(дұрысырақ) 2 г, в/і, тілуден 1 сағат бұрын немесе
Цефуроксим 1,5-2,5 г, в/і, тілуден 1 сағат бұрын. Егер операция 3 сағаттан көпке созылатын болса, бірінші мөлшерден кейін 6 және 12 сағат өткен соң ұқсас мөлшерде қайталап енгізу.
 
Балалар үшін – 50-100 мг/кг/тәу мөлшерінде
 
Вентрикулит жағдайындағы операция кезінде
Ванкомицин* + Гентамицин
интратекалды
* в/і енгізер алдында бір реттік мөлшерді 200 мл 5 % глюкоза ерітіндісінде немесе 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді, кемінде 60 минутта енгізеді.
 
Емшараны өткізу әдістемесі:
1-кезең.
Мойынның алдыңғы беткейі тұсынан, сол жақтан бірінші шағын тілік жасалады, мойындырық венас мен ұйқы артериясы аралығында орналасқан сол жақ кезбе нервке доғал (үшкір емес) қол жеткізу жүргізіледі. Содан кейін сол жақ кезбе нервке екі электрод пен зәкір бекітіледі (1-сурет).

1-сурет. Электродтардың сол жақ кезбе нервке бекітілуі.
 
Сол жақ қолтық немесе бұғанаасты аймағына екінші тілік жасалады.
Туннелдеу жүргізіледі: электродтар кабелін мойын тұсындағы бірінші тілік орнынан (кезбе нервке электродтарды бекіту орнынан) сол жақ қолтық/бұғанаасты аймағындағы екінші тілікке дейін тері астынан өткізу.
Электрод кабель арқылы генераторға жалғанады.
2-кезең.
Импульс генераторы тері астына, сол жақ қолтық/бұғанаасты аймағына орнатылады.(2-сурет).
 

2-сурет. Генераторды бұғанаасты аймағына, тері астына импланттау.
 
Жаралар тігіледі: барлық қабаттар анатомиялық ретімен, жара жиектерін қатар қоя отырып тігіледі.
3-кезең.
2 аптадан соң дәрігердің программаторының көмегімен генератор жұмысын бағдарламалау жүргізіледі (3-сурет).
 

3-сурет. Стимуляторды бағдарламалау.
 
Генератор жұмысын бағдарламалау аяқталғаннан кейін пациент жай-күйінің өзгерістерін бағалау мақсатымен дәрігерге қараудың жеке режимі тағайындалады [1,7].
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
•  динамикада ұстамалардың жиілігін азайту (жыл бойына);
•  операциядан кейінгі асқынулардың болмауы.
 


Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Alexopoulos AV, Kotagal P, Loddenkemper T, Hammel J,Bingaman WE: Long-term results with vagus nerve stimulation in children with pharmacoresistant epilepsy. Seizure 15: 491–503, 2006. 2. Ardesch JJ, Buschman HP, Wagener-Schimmel LJ, van der Aa HE, Hageman G: Vagus nerve stimulation for medically refractory epilepsy: a long-term follow-up study. Seizure 16: 579–585, 2007. 3. Arhan E, Serdaroglu A, Kurt G, Bilir E, Durdağ E, Erdem A, et al: The efficacy of vagal nerve stimulation in children with pharmacoresistant epilepsy: practical experience at a Turkish tertiary referral center. Eur J Paediatr Neurol 14:334–339, 2010. 4. Blount JP, Tubbs RS, Kankirawatana P, Kiel S, Knowlton R,Grabb PA, et al: Vagus nerve stimulation in children less than 5 years old. Childs Nerv Syst 22:1167–1169, 2006. 5. Colicchio G, Policicchio D, Barbati G, Cesaroni E, Fuggetta F, Meglio M, et al: Vagal nerve stimulation for drug-resistant epilepsies in different age, aetiology and duration. Childs Nerv Syst 26:811–819, 2010. 6. De Herdt V, Boon P, Ceulemans B, Hauman H, Lagae L, Legros B, et al: Vagus nerve stimulation for refractory epilepsy: a Belgian multicenter study. Eur J Paediatr Neurol 11:261–269, 2007. 7. Elliott RE, Morsi A, Kalhorn SP, Marcus J, Sellin J, Kang M, et al: Vagus nerve stimulation in 436 consecutive patients with treatment-resistant epilepsy: long-term outcomes and predictors of response. Epilepsy Behav 20:57–63, 2011. 8. Ghaemi K, Elsharkawy AE, Schulz R, Hoppe M, Polster T, Pannek H, et al: Vagus nerve stimulation: outcome and predictors of seizure freedom in long-term follow-up. Seizure 19:264–268, 2010. 9. Kang HC, Hwang YS, Kim DS, Kim HD: Vagus nerve stimulation in pediatric intractable epilepsy: a Korean bicentric study. Acta Neurochir Suppl 99:93–96, 2006. 10. Spanaki MV, Allen LS, Mueller WM, Morris GL III: Vagus nerve stimulation therapy: 5-year or greater outcome at a university-based epilepsy center. Seizure 13:587–590, 2004.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Шашкин Шыңғыс Сақайұлы – м.ғ.к., «Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ, тамырлы функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирургы;
2) Шпеков Азат Сәлімұлы - «Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ, тамырлы функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирургы;
3) Бақыбаев Дидар Ержомартұлы – «Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ, клиникалық фармакология жөніндегі бас маман.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Дүйсембеков Ермек Қавтайұлы – м.ғ.д., «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ, нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ. ДСБ штаттан тыс бас нейрохирургы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх