Трихинеллез

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Трихинеллез (B75)
Инфекционные и паразитарные болезни

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «12» мамырдағы
№ 20 хаттамасымен мақұлданған 

Трихинеллез (лат. trichinellosis) – адам ағзасында паразиттелетін Trichinella текті нематодтар тудыратын гельминтоз. Жіті ағыммен, қызбамен, бұлшықеттердегі ауырсынулармен, ісінулермен, жоғары эозинофилия және әр түрлі аллергиялық белгілермен сипатталады.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
В75 Трихинеллез
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АІЖ – асқазан-ішек жолы
ИФТ –иммуноферментті талдау
СЕҚҚЗ – стероидты емес қабынуға қарсы заттар
ҚЖА – қанның жалпы анализі
ЗЖА – зәрдің жалпы анализі
ЭТЖ – эритроциттердің тұну жылдамдығы
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ – электрокардиография
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жедел кезек күттірмейтін көмек дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, инфекционисттер, аллергологтар, дерматологтар, невропатологтар, кардиологтар, пульмонологтар, анестезиолог-реаниматологтар.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Жіктеме [1]:
Клиникалық ағымының сипаты бойынша:

·          қалыпты;
·          абортивті;
·          симптомсыз.
 
Ауру ағымының ауырлығы бойынша:
·          жеңіл;
·          орташа ауыр;
·          ауыр.
 
Асқынулардың болуы бойынша:
·          асқынуларсыз;
·          асқынулармен:
−         жіті жүрек жеткіліксіздігінің дамуымен миокардит;
−         пневмония, плеврит;
−         менингоэнцефалит;
−         гепатит;
−         нефрит;
−         жүйелік васкулит, артериялар мен тамырлар тромбоздары.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [1-18]

Диагностикалық өлшемшарттар [1]

Шағымдар және анамнез:
·          5-8  күннен бастап 6 айға дейін, орта есеппен 10-25  күн инкубациялық кезең;
·          1-2 күн ішінде жіті немесе продромалды кезеңнен аурудың басталуы;
·          қызба (дене температурасы 38-40°С);
·          қозғалыс кезінде және пальпация кезінде аяқ-қол бұлшықеттерінде немесе басқа да бұлшықет топтарында (шайнау, қабырға аралық, тіл, жұтқыншақ, көз қозғалтушы);
·          тамырдың, беттің, ауыр ағым жағдайында – мойын, дене, аяқ-қолдың ісінуі;
·          ұйқысыздық;
·          бас ауруы;
·          мазасыздық немесе
·          депрессия;
·          жалпы әлсіздік;
·          бөртпе;
·          кейде қақырықтағы қан қоспасымен жөтел;
·          аурудың қайталануы мүмкін.
 
Эпидемиологиялық анамнез [1]:
·          үй жануарларының (шошқа) және жабайы жануарлардың  (қабандар, аюлар және т.б.) жеткілікті термиялық өңделмеген еті мен өнімдерін тағамға қолдану.
 
Физикалық қарап-зерттеу:
Трихинеллездің қалыпты нысаны:
·          бірнеше күн (1-4) немесе апта (2-3) ішінде дене температурасының 39-40°С-қа  дейін көтерілуі;
·          бастапқыда периорбиталды, одан кейін беттің, ауыр жағдайларда мойын, дене, аяқ-қолдардың ісінуі;
·          конъюнктивит;
·          макулопапулездік немесе геморрагиялық сипаттағы экзантема;
·          кіші конъюнктивалық және  тырнақ асты қан құйылулардың болуы мүмкін;
·          бұлшықет пальпациясынан туындайтын миалгиялар;
·          миастения;
·          жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдануы (миокардит, тахикардия, гипотония, жүрек қағысының бұзылуы, жіті жүрек жеткіліксіздігі);
·          ОЖЖ зақымдануы (менингоэнцефалит);
·          бүйректің зақымдануы (нефрит);
·          тыны салу жүйесінің зақымдануы (бронхит, пневмония, плеврит).
 
Абортивті нысан:
·          продромалды кезеңнің клиникалық белгілері (әлсіздік, шаршаушылық, жүрек айнуы, құсу, іштегі ауырсыну, диарея);
·          ұзақтығы 2-3 күн.
 
Симптомсыз нысан:
·          клиникалық белгілердің болмауы;
·          оң серологиялық реакциялар.
 
 
Трихинеллез ауырлығының өлшемшарттары:
·          интоксикация симптомдарының көріну деңгейі;
·          дене температурасының көтерілу деңгейі мен ұзақтығы;
·          ісіктердің көріну деңгейі;
·          бұлшықет ауырсынуларының  көріну  және таралу деңгейі.
 
Жеңіл нысан:
·          субфебрильді температура;
·          интоксикация белгілері әлсіз көрінген;
·          бұлшықеттердегі ауырсыну әлсіз көрінген.
 
Орташа ауыр нысан:
·          39°С-қа дейінгі қызба;
·          беттің ісуі;
·          бірқалыпты миалгиялар.
 
Ауыр нысан:
·          2 аптаға дейін қызба 39°С және одан жоғары;
·          генерализацияланған ісіктер (бет, мойын, дене, аяқ-қол);
·          бұлшықет контрактураларымен айқын миалгиялар;
·          науқастың толық қозғалыссыздығы.
 
Зертханалық зерттеулер [1]:
·          қанның жалпы анализі (ҚЖА): лейкоцитоз, эозинофилия, эритроциттердің тұну жылдамдығының артуы (ЭЖА);
·          зәрдің жалпы талдауанализі (ЗЖА): ауыр жағдайларда - олигурия, протеинурия, тұнбада - эритроциттер, лейкоциттер, гиалинді және дәнді цилиндрлер;
·          иммуноферментті анализ (ИФА).
·          жалпы ақуыз және оның фракциялары (гипопротеинемия болуы мүмкін).
 
Аспаптық зерттеулер:
·          кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы (бронхитке, пневмонияға, плевритке күдікті кезде);
·          ЭКГ (миокардитке күдікті кезде);
·          бүйрек қуысы ағзаларын УДЗ (гепатит, нефриттің дамуында).
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·           аллергологтың консультациясы – Квинк ісігімен дифференциалды диагностика кезінде;
·          ревматологтың консультациясы – жүйелік васкулит түріндегі асқынулар дамыған кезде;
·          невропатологтың консультациясы – менингоэнцефалит түріндегі асқынулар кезінде;
·          пульмонологтың консультациясы – пневмония және плеврит түріндегі асқынулар кезінде
·          кардиологтың консультациясы – жіті жүрек жеткіліксіздігі бар миокардит түріндегі асқынулар кезінде;
·          дерматовенерологтың консультациясы – контактілік дерматиттермен дифференциалдыдиагностика үшін;
·          клиникалық фармакологтың консультациясы – емдеуді түзету және негіздеу үшін.
 
Диагностикалық алгоритм: (сызба)


Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі:
Диагноз Дифференциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды болдырмау белгілері
Лептоспироз Жіті басталу, қызба, экзантема, бұлшықеттегі ауырсынулар, интоксикациялық синдром, беттің ісінушілігі. Қанды, күңгірт зәрді (лептоспирді анықтау)микроскопты зерттеу, , ИФА, ПГАР, МАР, ПТР Балтыр аяқ бұлшықеттеріндегі, сондай-ақ бел аймағындағы бұлшықеттердегі айқын ауырсыну, көрінетін шырыштылардағы тері жабындарының сарғайған боялулары (сарғайған нысанда), айқын тромбогеморрагиялық синдром (геморрагиялық сипаттағы бөртпе, мұрыннан, тіс иегінен қан ағу, асқазан-тікішек жолдарындағы қан ағулар), гепатореналды синдром. Бет, мойын, дененің айқын ісіктері жоқ. Кеуде торының үстіңгі жартысының және мойын терісінің гиперемиясы тән.
Псевдо-туберкулез Жіті басталу, қызба, интоксикация синдромы, бауырдың ұлғаюы, экзантема, құсу, диарея. Нәжісті, қақырықты, зәрді бактериологиялық зерттеу, ИФА, АР, ПГАР.  «күләпара», «қолғап», «нәски» симптомдары тән, табан және алақан терілерінің күю сезімі, таңқурайлы тіл. Бөртпе қызамық тәрізді ұсақ немесе ірі дақты, уртикарлы, эритематозды, везикулярлы, кейде қышумен ірі буындардың айналасына топталады (тізе, шынтақ, тізе табан), буындардың зақымдану симметриялығы. Іштегі ауырсыну, әдетте оң жамбас сүйектің жалпақ басы жағындағы ауырсынулар.
Жіті описторхоз Жіті басталу, қызба, интоксикация синдромы, экзантема, миалгия, бауырдың ұлғаюы, құсу, лоқсу, диарея, лейкоцитоз, гиперэозинофилия. Паразитологиялық (овоскопия), ИФА Оң қабырға астындағы ауырсыну тән, бірқалыпты сарыауру, өкпедегі «ұшатын» инфильтраттар.
Сальмонеллез Жіті басталу, қызба, интоксикация синдромы, құсу, лоқсу, диарея. Нәжісті, құсық қалдықтарын, қанды, асқазанды шаю суларын бактериологиялық зерттеу. Бірнеше реттік құсу, жасыл түсті ауқымды дәрет,
Квинке ісігі Әр түрлі оқшауланған ісік. Аллергологтың консультациясы Гиперемия және тығыз ісік кенеттен туындайды. Анамнезде –  сенсибилирлеуші қасиеттерге ие болатын әр түрлі өнімдерді немесе медикаменттерді қолдану. Айқын миалгиялар және экзантемалар, гиперэозинофилиялар болмайды.

Трихинеллездің дифференциалды диагнозы:
Симптом Трихинеллез Лептоспироз Описторхоз (жіті) Квинке ісігі
Аурудың басталуы Жіті немесе продромнан Жіті Жіті Кенеттен
Анамнез (эпидемиологиялық) Тағамға жеткілікті термиялық өңделмеген шошқа, жабайы қабан, аю етін қолдану Эндемиялық ошақтарда болу, тарату факторлары – су, инфекцияланған өнімдер Шикі немесе жеткіліксіз қуырылған немесе аз тұздалған тұқы тектес балықты тұтыну (тұқы, ақтабан, қарабалық, шабақ және т.б.) Дәрі-дәрмек немесе тағам өнімдерін қолданумен байланыс
Бұлшықеттегі ауырсынулар Аяқ-қол бұлшықеттерінде, одан кейін басқа бұлшықет топтарында (шайнау, қабырға аралық, тіл, жұтқыншақ, көз қозғалыстушы)көрінетін қозғалыста, пальпацияда туындайды Ауырсынулар бірқалыпты, сирек көрінген, басым түрде балтыр аяқта, кейде бел және мойын бұлшықерттерінде Миалгиялар әлсіз немесе бірқалыпты Жоқ
Ісік синдромы Қабақтың, беттің, ауыр ағым жағдайында мойын, дененің ісуі Гиперемия және беттің ісінушілігі Жоқ Ісік әр түрлі оқшаулануда және мөлшерде, тығыз, басқанда ойыс түзілмейді, ісік орнында - гиперемия
Бөртпе Макулопапулезді немесе геморрагиялық сипат Аурудың 3-5 күнінде кеуде, арқа, іш терісінде пайда болады, дақты-папулезді, қызамықты, петехиалды Полиморфты Жоқ
Қызба Ремиттирлеуші, тұрақты немесе интермиттирлеуші сипат Дұрыс емес сипат Дұрыс емес сипат Жоқ
Конъюнктивит Тән Жоқ Жоқ Жоқ
Перифериялық қан Лейкоцитоз, айқын эозинофилия (50-70% дейін) Лейкоцитоз солға нейтрофильді жылжумен, лимфопения, гипо- немесе анэозинофилия, ЭТЖ – 40-70 мм/сағ Лейкоцитоз 20-40-тан артық *109/л, гиперэозинофилия (60-90%), ЭТЖ – 25-30 мм/сағ және одан да артық  
Арнайы әдістер Бұлшықеттер трихинеллоскопиясының оң нәтижелері, ИФА, КБР, ПГАР, тері аллергиялық сынамасы Зәр, қанның, нәжістің күңгірт бөлігіндегі микроскопияның оң нәтижелері, ПТР, ПГАР Нәжіс, ПГАР және ИФА дуоденалды ішіндегісінің овоскопияларының оң нәтижелері Жоқ

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1,3,4,5]: Амбулаториялық жағдайда трихинеллездің жеңіл нысандарын емдеу жүзеге асырылады.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Режим – жалпы;
·          Диета: № 15 үстел – АІЖ бұзылулары болмағанда. Қосалқы патология болғанда (бауыр, бүйрек және басқа мүшелердің аурулары) тиісті диета тағайындайды.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу:
Этиотропты (антигельминтті) терапия:
Трихинеллезбен ауыратын  науқастарды амбулаториялық жағдайда емдеген кезде төменде атап көрсетілген паразиттерге қарсы препараттардың бірі тағайындалады (барынша ерте):
·          Мебендазол 3 күн ішінде тамақтанғаннан кейін 20-30 минут өткен соң тәулігіне 3 рет  ішке 200-400  мг дозасында  [ДД – А] [3,4,5];
·          немесе Альбендазол 7 күн ішінде 60 кг және одан да артық дене салмағы бар науқастарға  тамақтанғаннан кейін тәулігіне екі рет ішке400 мг-нан немесе 7 күн ішінде 60 кг-нан аз дене салмағы бар науқстарға екі рет қабылдаумен  тәулігіне 15 мг/кг-дан [ДД – А].
 
Патогенетикалық терапия:
Стероидтік емес қабынуға қарсы препараттар:
·          диклофенак натриі 75-150 мг/тәу, ішке, 5-7 күн ішінде [ДД – В];
·          немесе ибупрофен 400-600 мг тәулігіне, ішке 5-7 күн  ішінде [ДД – В].
Десенсибилирлеуші терапия:
·          мебгидролин ішке 0,1-0,2 г 1-2 рет тәулігіне [ДД – С];
·          немесе хифенадин ішке 0,025 г - 0,05 г 3-4 рет тәулігіне [ДД – D];
·          немесе хлоропирамин ішке 0,025 г 3-4 рет тәулігіне [ДД – С];
·          немесе цетиризин ішке 0,005-0,01 г 1 рет тәулігіне, 5-7 күн [ДД – B];
·          немесе лоратадин 0,01 г ішке 1 рет тәулігіне [ДД – B].
Симптоматикалық терапия қызба болған кезде, төмендегі препараттардың бірі:
·          ацетаминофен 500 мг, ішке [ДД – В];
·          немесе ибупрофен 200 мг, 400 мг, ішке [ДД – В].
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:
Антигельминтті препараттар:
·          мебендазол, 100 мг таблеткалар [ДД – А];
·          альбендазол, 400 мг таблеткалар [ДД – А].
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі.
·          натрий диклофенагы 25 мг,100мг,ішке [ДД – В];
·          немесе ибупрофен 200 мг, 400 мг, ішке [ДД – В];
·          немесе ацетаминофен 500 мг, ішке [ДД – В];
 
Препараттарды салыстыру кестесі:

Сыныбы ХПА Артықшылықтар Кемшіліктер ДД
Антигельминтті препараттар Мебендазол Таңдау препараты болып табылады Қарсы көрсетілімдердің кішігірім тізбесі Ас қорыту жүйесі, ОЖЖ, қан өндірім, зәр шығару жүйелерінің тарапынан жанама әсерлер, аллегриялық реакциялар болуы мүмкін А
Альбендазол Таңдау препараты болып табылады Қарсы көрсетілімдердің кішігірім тізбесі АІЖ, қан өндірім жүйелері тарапынан жанама әсерлер, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін  
Антигистаминді  препараттар Мебгидролин Антигистаминді және аллергияға қарсы әрекет Жанама әсерлер: жоғары шаршаңқылық, бас айналу, парестезия; жоғары дозаларды пайдалануда – реакция жылдамдығын баяулату, ұйқысыздық, көру қабылдауының анық еместігі;
сирек – ауыздағы құрғақтық, құсу, қыжыл, асқазанның шырышты қабатындағы тітіркену, эпигастралды аймақтағы ауырсыну, құсу, іш қату, зәр шығарудың бұзылуы, гранулоцитопения, агранулоцитоз.
С
Хифенадин Антигистаминдік және аллергиялыққа қарсы әрекет. Жанама әсерлер: жоғары шаршаушылық, бас айналу, парестезия; жоғары мөлшерлерді пайдалануда — реакция жылдамдығының баяулауы, ұйқышылдық, көру қабылдауының нақты еместігі;
Сирек — ауыздағы құрғақтық, құсу, қыжыл, асқазанның шырышты қабатының тітіркенуі, эпигастралды аймақтағы ауырсыну, құсу, іш қату, зәр шығарудың бұзылуы.
гранулоцитопения, агранулоцитоз.
D
Хлоропирамин Қан сарысуында жинақталмайды, сәйкесінше тіпті ұзақ қолдануда қайта дозалау туындамайды. Жоғары антигистаминдік белсенділіктің нәтижесінде тез емдік әсер байқалады. Бірқалыпты антисеротиндік әрекетті көрсетеді. C
Лоратадин Аллегриялық аурулар терапиясы кезіндегі жоғары тиімділік, әдеттену, ұйқышылдықты туындатпайды. Жанама әсерлер – бас айналу, реакциялардың тежелуі және т.б. – бар, дегенмен әлсіз көрінген. Емдік әсер қысқа уақытты, оны ұзарту үшін  хлоропираминді Н1-блокаторларымен үйлестіреді, олар седативті әсерге ие емес. B
Цетиризин Ісіктердің туындауының алдын алады, капиллярлық өткізгіштікті азайтады,
тегіс мускулатура спазмаларын тоқтатады, антисеротонинді және антихолинергиялық әрекетке ие емес.
Жанама әсердің көрінуі сирек, олар лоқсу, ұйқышылдық, аллергиялық рекциялармен, қозумен, гастрит, бас ауруы, құсумен қөрінеді. В
СЕҚҚЗ Натрий диклофенагы Қабынуға қарсы жоғары белсенділік АІЖ тарапынан асқынулардың дамуының жоғары тәуекелі. В
Ибупрофен Жансыздандыратын және ыстық төмендететін әрекет басым түседі Уытты амблилопия туындауының дара жағдайлары. АІЖ тарапынан жанама әсерлердің болуы мүмкін В
Ацетаминофен Басым түрде «орталық» жансыздандыратын және ыстықты төмеднететін әрекет Гепатотоуытты және нефротоуытты әрекет (үлкен дозада ұзақ қабылдауда) В
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Емдеудің тиімділік индикаторлары:
·          клиникалық симптомдарды тоқтату;
·          асқынулардың дамуының алдын алу;
·          қайталанатын ағымның алдын алу.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1,3,4,5]:  стационарда емдеу трихинеллездің орташа ауыр және ауыр ағымы бар науқастарға өткізіледі.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Режим – төсектік (негізгі клиникалық белгілер– қызба, миалгиялар, ісіктер, бөртпелер және т.б. тоқтағанға дейін).
·          Диета: № 15 үстел (диета асқынулары болғанда ағзалық патологияны ескерумен тағайындайды).
 
Дәрі-дәрмектік емдеу:
Этиотропты (антигельминтті) терапия:
Трихинеллезде неғұрлым ертерек төменде атап көрсетілген антигельминтті препараттардың бірін тағайындайды: (ДД-А) [3,4,5]
·          Мебендазол ішке 200-400 мг дозасында тәулігіне 3 рет тамақ ішкеннен кейін 20-30 минуттан соң 3 күн ішінде және одан кейін 4-10 күн аралығында 400-500мг 3 р/тәу орташа ауыр ағымда  және 14 күн аурудың ауыр ағымында [ДД – А];
·          Албендазол ішке тамақтанғаннан кейін 60 кг және одан да артық дене салмағы бар науқастарға 400 мг-нан тәулігіне 2 рет, дене салмағы 60 кг-нан аз науқастарға тәулігіне 15 мг/кг екі қабылдауда – орташа ауыр ағымда 10 күн ішінде  және аурудың ауыр жағдайында 14 күн [ДД – А].
 
Патогенетикалық терапия:
Дезинтоксикациялық терапия:
·          тамырішілік енгізілетін ерітінділер көлемі – науқас денесінің салмағы 30 мл/кг;
·          кристаллоидты (0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі [ДД-С], декстрозаның 5% ерітіндісі) және  коллоидты арақатынасы 2-3:1 болуы тиіс.
·          60-80 кг дене салмағы бар адам үшін енгізілетін ерітінділердің орташа көлемі патологиялық шығындарды ескерумен 1200-1500 мл/тәу құрайды.
Стреоидтік емес қабынуға қарсы препараттарды қарсы көрсетілімдерді ескерумен антигельминтті терапиямен кешенде пайдаланады:
·          натрий диклофенагы 75-150 мг тәулігіне, ішке [ДД – В];
·          немесе ибупрофен 400-600 мг тәулігіне, ішке [ДД – В].
Десенсибилеуші терапия(7-10 күн ішінде):
·          мебгидролин ішке 0,1-0,2 г тәулігіне 1-2 рет [ДД – С];
·          немесе хифенадин ішке 0,025 г - 0,05 г тәулігіне 3-4 рет [ДД – D];
·          немесе хлоропирамин ішке 0,025 г тәулігіне 3-4 рет [ДД – С];
·          немесе цетиризин ішке 0,005-0,01 г тәулігіне 1 рет, 5-7 күн [ДД-B];
·          немесе лоратадин 0,01 г ішке тәулігіне 1 рет [ДД-B].
Глюкокортикостероидтер (преднизолон) ауырлық деңгейіне қарай ішке 20-60 мг тәулігіне (көрсетілімдер бойынша 80 мг) 5-7  күн ішінде тағайындайды [1].
 
Симптоматикалық терапия:
Қызба кезінде:
Төменде атап көрсетілген препараттардың бірін қолдануға ұсыным жасалады:
·          ацетаминофен 500 мг, ішке, кемінде 4 сағат интервалмен [ДД – В];
·          натрий диклофенагы 75 мг/2 мл, б/і [ДД – В];
·          ибупрофен 200 мг, 400 мг, ішке күніне 3-4 рет 1 таблеткадан [ДД – В].
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:
Антигельминтті препараттар:
·          мебендазол, таблеткалар 100 мг [ДД – А];
·          альбендазол, таблеткалар 400 мг [ДД – А].
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі:
·          натрий хлориді ерітіндісі 0,9% - 200, 400 мл;
·          декстроза ерітіндісі 5% - 400 мл;
·          диклофенак 25 мг,100мг, ішке [ДД – В];
·          ибупрофен 200 мг, 400 мг, ішке [ДД – В];
·          ацетаминофен 500 мг, ішке [ДД – В];
·          мебгидролин, 100 мг, ішке [ДД-С];
·          хифенадин, 25 мг, ішке [ДД-D];
·          хлоропирамин 25 мг, ішке [ДД – С];
·          лоратадин 10 мг, ішке [ДД – В];
·          цетиризин 5-10 мг, ішке [ДД – В];
·          преднизолон 5 мг, ішке [ДД – А].
 
Препараттарды салыстыру кестесі:

Сыныбы ХПА Артықшылықтар Кемшіліктер ДД
Антигельминтті препараттар Мебендазол Бірінші топты препарат. Қарсы көрсетілімдердің кішігірім тізбесі Ас қорыту жүйесі, ОЖЖ, қан өндірім жүйесі, зәр шығару жүйесі тарапынан жанама әсерлер, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін А
Альбендазол Бірінші қатардағы препарат. Қарсы көрсетілімдердің кішігірім тізбесі АІЖ қан өндірім жүйелері тарапынан мүмкін әсерлер, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін А
Антигистаминді препараттар Мебгидролин Антигистаминді және аллергияға қарсы әрекет Жанама әсерлер: жоғары шаршаңқылық, бас айналу, парестезии; жоғары дозаларды пайдалануда – реакцияның баяулауы ұйқышылдық, көзбен қабылдаудың анық еместігі;
сирек – ауыздағы құрғақтық, құсу, қыжыл, асқазанның шырышты қабатының тітіркенуі, эпигастралды аймақтағы ауырсыну, құсу, іш қату, зәр шығарудың бұзылуы, гранулоцитопения, агранулоцитоз.
С
Хифенадин Антигистаминдік аллергияға қарсы әрекет. Жанама әсерлер: жоғары шаршаушылық, бас айналу, парестезия; жоғары дозаларды пайдалануда — реакция жылдамдығының баяулауы, ұйқышылдық, көзбен қабылдаудың анық еместігі;
сирек — ауыздағы құрғақтық, құсу, қыжыл, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, эпигастралды аймақтағы ауырсыну, құсу, іш қату, зәр шығарудың бұзылуы, гранулоцитопения, агранулоцитоз.
D
Хлоропирамин Қан сарысуында жиналмайды сәйкесінше  тіпті ұзақ қолдануда да шамадан тыс дозалануды тудырмайды. Жоғары антигистаминдік белсенділік нәтижесінде тез емдік әсер байқалады. Бірқалыпты антисеротониндік әсер етеді. C
Лоратадин Аллергиялық аурулар терапиясындағы жоғары тиімділік, әдеттенуді, ұйқышылдықты туындатпайды. Жанама әсерлер  – бас айналу, реакциялардың тежелуі және т.б.  – бар, дегенмен әлсіз көрінген. Емдік әсер аз уақытты, оны ұзарту үшін хлоропираминді Н1-блокаторларымен үйлестіріледі, седативтік қасиеттерге ие емес. B
цетиризин Ісіктердің туындауының тиімді алдын алады, капиллярлық өткізгіштікті азайтады, тегіс мускулатура спазмаларын тоқтатады, антихолинергиялық және антисеротонинді әрекетке ие емес. Жанама әсерлердің пайда болуы сирек жағдай, олар құсу, бас ауруы, гастрит, қозумен, аллергиялық реакциялармен, ұйқышылдықпен көрінеді. В
СЕҚҚЗ натрий диклофенагы Жоғары қабынуға қарсы белсенділік АІЖ тарапынан асқынуларды дамытудың жоғары қаупі. В
Ибупрофен Ауырсынуды басатын және ыстықты төмендететін әрекет басым түседі Уытты амблиопия туындауының дара жағдайы. АІЖ тарапынан мүмкін әсерлер мүмкін. В
Ацетаминофен  «орталық» ауырсынуды басатын және ыстық түсіретін әрекет басым түрде Гепатоуытты және нефротоуытты әрекет (үлкен дозада ұзақ қабылдауда) В
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          клиникалық белгілерді тоқтату;
·          асқынулардың алдын алу;
·          рецидивтердің алдын алу.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: жоқ.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер (инфекциялық стационар/бөлімше):
·          трихинеллездің орташа ауыр және ауыр ағымы;
·          трихинеллез асқынуларының болуы;
·          ауырлық дәрежесіне қарамастан ілеспе аурулардың болуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Инфекционные болезни: национальное руководство /Под ред. Н.Д. Ющук, Ю.Я. Венгерова. М.: ГЭОТАР-Медиа ред., 2009, 1009-1016-б. 2) Clinical guidelines: Diagnosis and treatment manual, 2016. – P. 163-165. 3) Gottstein B, Pozio E, Nöckler K. Epidemiology, diagnosis, treatment, and control of trichinellosis. ClinMicrobiol Rev. 2009 Jan. 22(1):127-45 4) Watt G, Saisorn S, Jongsakul K, et al. Blinded, placebo-controlled trial of antiparasitic drugs for trichinosis myositis. J Infect Dis. 2000 Jul. 182(1):371-4 5) Drugs for Parasitic Infections Treatment Guidelines. The Medical Letter. 2013

Ақпарат


ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)      Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы  – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры,                 ҚР ДСМ-нің бас штаттан тыс инфекционисті.
2)      Құлжанова Шолпан Әдлғазықызы – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ, инфекциялық аурулар және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі.
3)      Муковозова Лидия Алексеевна – медицина ғылымдарының докторы, «Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, неврология, психиатрия және инфекциялық аурулар кафедрасының профессоры.
4)      Тоқаева Алма Зейноллақызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, неврология, психиатрия және инфекциялық аурулар кафедрасының доценті.
5)      Нұрпеисова Айман Женаевна – Қостанай облысы ойынша бас штаттан тыс инфекционист, гепатологиялық орталық меңгерушісі, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы «№1 емхана» КМК дәрігер инфекционисті.
6)      Юхневич Екатерина Александровна – «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК дәлелді медицина және клиникалық фармокология кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы, клиникалық фармаколог-дәрігер.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1)      Егембердиева Равиля Айтмагамбетқызымедицина ғылымдарының докторы, «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті» ШЖҚ РМК инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх