Созылмалы жақ остеомиелиті

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Другой хронический остеомиелит (M86.6), Остеомиелит неуточненный (M86.9)
Челюстно-лицевая хирургия

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған

Жақ остеомиелиті – бұл жақтың сүйек тіндерінің бұзылуымен және індет жұқтыруымен сипатталатын жақ облысындағы ісіп қызару ауруы. Cозылмалы жақ остеомиелиті – бұл фаза секвестрдің қабылдамауының аяқталуымен және регенеративті процестердің бір уақытта күшеюімен сипатталады.
NB! Созылмалы остеомиелит кезінде бұзылу және регенерация сияқты екі процестердің параллель дамуы байқалады. Егер репаративті процестер сүйектердің бұзылуына ие болып белсенді өтсе, онда остеомиелиттің гиперостозды түрлері дамиды. Олар аурулардың 2-3% байқалады және асқынған кезеңсіз бастапқы созылмалы ауру ретінде өтеді.

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

АХЖ-10 код(тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
М86.6 Басқа созылалы остеомиелит
М86.9 Анықталмаған остеомиелит
 
Әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

ACT аспартатаминотрансфераза
AЛT аланинаминотрансфераза
к/і күре тамыр ішіне
б/і бұлшықет ішіне
АИВ адамның иммунодефицит вирусы
ЕДШ емдік денешынықтыру
МРТ магнитті-резонансты томография
ЖҚТ жалпы қан талдауы
ЖНТ жалпы несеп талдауы
к/1 күніне бір рет
ЕДШ емдік денешынықтыру
МРТ магнитті-резонансты томография
УДЖ  ультрадыбысты жиіліктер
ДД дәлелділік деңгейі
УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ электрокардиограмма
ЖЖУ ЭМӨ жоғары жиілік ультрасының электр магнитті өрісі
Er эритроциттер
Hb гемоглобин
Ht гематокрит
Le лейкоциттер
Tr тромбоциттер
ППН эритроциттер
 
Хаттама пайдаланушылары: жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, жақсүйек-бет хирургтары, дәрігер-стоматологтар, хирургтар.
 
Пациенттер санаты: ересектер мен балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А РБЗ немесе нәтижелері сәйкес популяцияға таралуы мүмкін жүйелік қателердің өте төмен ықтималдығымен (++) РБЗ жоғары сапалы мета-талдауы, жүйелік шолуы.
В Когортты немесе жағдайларды бақылау зерттеулерін немесе жүйелік қателердің өте төмен тәуекелімен жағдайларды бақылау зерттеулерін немесе нәтижелері  сәйкес популяцияға таралуы мүмкін жүйелік қателердің аса жоғары (+) емес тәуекелдерімен РБЗ  жоғары сапалы (++) жүйелік шолу.
С Когортты немесе жағдайларды бақылау зерттеуі немесе нәтижелері сәйкес популяцияға таралатын жүйелік қателердің жоғары емес қателерімен (+) рандомизациясыз бақыланбайтын зерттеу немесе нәтижелері сәйкес популяцияға тікелей таралмайтын жүйелік қателердің (++ немесе +) өте төмен немесе жоғары емес тәуекелімен РБЗ.
D Жағдайлар сериясын сипаттау немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Ең үздік клиникалық практика.

Жіктемесі


Жіктеу:
Остеомиелиттің үш кезеңінің клиникалық ағының сипаты бойынша: •    асқынған
•    жеделдеу
•    созылмалы
Процестің таралуы бойынша ерекшеленеді:
 
•    шектеулі
•    ошақты
•    жайылма (диффузиялық)остеомиелит
Остеомиелиттің клиникалық-ренгтгенологиялық формасы бойынша
(М.М. Соловьев және И. Худояров, 1979ж.):
 
•    іріңді одонтогенді
•    деструктивті одонтогенді
•    деструктивті – одонтогенді гиперостозды
•    созылмалы деструктивті одонтогенді
•    созылмалы деструктивті-гиперостозды

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКА ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық критерийлер [1,2,4,6,9,10,12,13]:

Пациенттердің  созылмалы жақ остеомиелитіне шағымдары мен анамнезі:
Созылмалы жақ остеомиелиті кезінде шағымдары: ауыру синдромы басылады
альвеолярлық өсіндінің шырышты қабығында, бет терісінде жылансөз жүрістерінің болуы. жыланкөзден ірі бөлінеді, көлемді қан ағатын түйіндер ісінеді. Бірқатар жыланкөздер қотырланады және ішкі тартылады.
тістердің қозғалғыштығы остеомиелитиялық процесс облысында
бет конфигурациясының өзгеруі жақты қоршайтын жұмсақ тіндердің жиналуы және сүйектердің периостальды қалыңдауы нәтижесінде. Қалыңдаған сүйектің терісі біршама жұқарады және созылады.
ауыз ашу шектеулі Төменгі жақ бұрышы мен тармақтарының зақымдануы кезінде
Созылмалы жақ остеомиелиті кезінде анамнезі: Аурудың бірінші клиникалық белгілерінің пайда болу сәтінен диагноз анықтауға дейін ұзақтығы жоғары жақта 3-4 апта және ал төменгі жақты 6-8 апта, тіпті кейде бірнеше ай және жыл құрауы мүмкін.
Құралдық зерттеу:
Жақтардың рентгенографиясы
 
Жоғары жақтың альвеолярлық өсінді облысында созылмалы остеомиелит кезінде секвестрлерді қалыптастыру мерзімдері 3-4 апта.
Төменгі жақ тармақтары мен дене облысында созылмалы остеомиелит кезінде секвестрлерді қалыптастыру мерзімдері 6-8 апта.
Созылмалы остеомиелиттің ұялы формасы кезінде тұтас еес массивте орналасатын бұзылудың ұсақ ошақар жиыны болады, сүйек тіндерінің сау учаскелерімен алмасады. Рентгенограммада бір жағдайларда секвестрлер қатар, ал басқа жағдайларда – бір-бірінен елеулі қашықтықта орналасатыны көрінеді.
Созылмалы остеомиелиттің жайылма формасы кезінде процеске сүйекті жаңа қатысушылары тартылады. Аурудың бұл формасында ауруларда бірінші ошақтан барлығы одан әрі таралатын бұзылудың жаңа ошақтары біртіндеп туындайды.
 
Зертханалық зерттеулер: жоқ.

Мамандар кеңесіне арналған көрсетілімдер:
·     салалық мамандар кеңесі – көрсетілімдер бойынша.

Диагностикалық алгоритм: жақтардың созылмалы одонтогенді остеомиелиттерін амбулаториялық деңгейде:



Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі: 
Диагноз Дифференциалды диагностика негіздемесі Тексерулер Диагнозы алып тастау критерийлері
Одонтогенді теріс асты гранулемасы
 
одонтогенді ошақтан инфекцияның таралу нәтижесінде туындайтын тері асты өзектерінің енжар өтетін ісіп қызаруы. Бұл ретте инфекцияның алғашқы ошағы болып табылатын тістен кейбір ажыратуда немесе деңгейде беттің теріс асты өзегінде (диаметрі 1-1,5 с ауырмайтын инфильтраттың дөңгелек пішіні туындайды). Оның астындағы тері жұқарады, көкшіл-қызыл болады. Ауыз қуысы жағынан инфекцияның алғашқы ошағы болатын тіс қуысынан өзек қалыңдығындағы инфильтратқа жүретін шырышасты қабатында сезілетін тәжі пайда болады. уақы өте инфильтрат шіриді және өте шамалы іріңді бөлінділермен жыланкөздің түзілуімен тері жабындары жағынан ашылады. Мұндай  гранулеманы жедел ашу кезінде ірің мүлдем болмайды, ал қуысы түйірлермен бос толтырылған болады. Рентгенография (дентальды, панорамалық, төменгі жақтың бүйір кескіні) оның жетілуінің алуан кезеңдерінде түйіршікті тіндердің өсуі микроскопиялық анықталады
Жақ актиномикозы Актиномикоз кезінде сүйек ауруы бастапқы және қайталама болуы мүмкін. Сүйектің қайта зақымдануы инфильтрленген жақ маңындағы жұмсақ тіндерден ерекше инфекциялардың таралуы нәтижесінде туындайды. Инфильтрат әдетте тығыз. Аурудың ең кеш кезеңінде ұнтақты іріңмен көптеген жыланкөздер түзіледі.  Остеомиелиттан әсіресе оның гиперпластикалық формасын бастапқы жақ актиномикозынан саралау өте қиын. Экссудат микроскопиясы,
актинолизатпен тері сынамасы,
in vitro актинолизатқа иммундық компетентті жасушалар жауабын бағалау.
Жарадан егу. Оң ерекше тері реакциялары
 
Жақ туберкулезі Сүйектің туберкулездік зақымдануына баяу өту (айлар, жылдар), тез ауыру, айқын лимфаденит тән. Патологиялық процеске беттің басқа сүйектері де тартылған, ісіп қызару орнында ішкі батқан тыртықтар пайда болады. Флюрография (ересектерге), қажеттілік болғанда көкірек қуысының  рентгенографиясы және КТ, Манту сынамасы (балаларға) Жарадан егу. Оң ерекше тері реакциялары
 
Жақ мерезі Жақ мерезі аурудың үшінші кезеңінде сүйектің немесе сүйек қабығының гуммозды зақымдану нәтижесінде туындайды. Жұмсақ тіндерден жаққа өту процесі жағдайында диагностика қиындық тудырмайды. Мерез кезінде мұрын сүйектері, жоғары жақтың таңдай өскіндерінің орталық бөлігі, алдыңғы тістер облысында оның альвеолярлық өскіндері өте жиі зақымданады. Сүйектердің мерездік зақымдануы үшін жұмсару ошақтарының (шірік форма) және қабынған байламның периоститі (гиперпластикалық форма) тән. Серологиялық диагностика әдістері Оң мерез кезінде серодиагностика
Жақтың қатерсіз ісіктері (іріңдеген одонтогенді сарысулы ісік, остеокластома, остеоид-остеома, эозинофильді гранулема)
 
Қатерсіз ісіктердің өсуі әдетте ауыртпайды, әсіресе ауру басталғанда асқынған қабынушы құбылыстармен, іріңді-резорбтивті безгек симптомдарымен ілеспейді. Өскіндер үшін көлемінің кезеңдік ұлғаюы немесе азаюы тән емес. Рентгенография (дентальды, панорамалық, төменгі жақтың бүйір реакциясы), КТ Гистологиялық зерттеулер нәтижесі
Юинг Саркомасы Бұл ісіктің көріністері болады, остеомиелитпен ұқсас (дене температурасының артуы, лейкоцитоз, сүйектің оқшау ауыруы, жұмсақ тіндердің ісіңуі, кейде терінің гипе­ремиясы). Юинг Саркомасы басында баяу дамиды, одан кейін тез ілгерілейді. Ісік үшін остеомиелиттен айырмашылығы асқынған, жайылма және созылмалы ағын, сондай-ақ секвестрлердің түзілуі тән емес. Зақымданған сүйек рентгенографиясы, КТ, МРТ, биопсия Гистологиялық зерттеулер нәтижесі

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [2,4,6,10,12,13]:
Негізгі емдеу іс-шаралары іріңді – шірік процесінің одан әрі таралуын ескерту үшін бағытталған. Бұл фазада жаңа некроздардың түзілуін ескеу және некроздар түзілген орындарда секвестрлердің қалыптасуын жеделдету керек. Зақымданған органға тыныштық жасау керек. Нейро-гуморалды жылжулардың өткізгіштігі мен қарқындылығын төмендету, сондай-ақ қабыну ошағына түсетін патологиялық рефлекстер санын азайту керек.
 
Дәрісіз емдеу:
Режим: IV (еркін, белсенді);
Диета: № 15 стол, диеталық терапия тағайындау – көрсетілімдер бойынша.
 
Дәрілік емдеу:
Негізгі дәрілік заттардың тізімі:

Дәрілік құралдар Қолданылу тәсілі ДД 
Опиоидты анальгетиктер 
1 Трамадол*
100мг/2мл  2 мл немесе
50 мг ауыз арқылы
Ересектерге және балаларға 12 жастан асқан балаларға т/і енгізеді (баяу тамшылық), б/і  50-100 мг (1-2 мл ерітінді). Қанағаттанарлық әсер болмағанда 30-60 мин. кейін 50 мг  (1 мл) препаратты қосымша енгізу мүмкін. Ауыру синдромының көрінуіне және терапия тиімділігіне байланысты енгізу мерзімділігі тәулігіне 1-4 ретті құрайды. Максималды тәуліктік доза – 600 мг.
12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.
А
[4,6,7,12,14] 
NB! *  көрсетілімдер бойынша, препарат 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.
Қосымша дәрілік құралдар тізбесі:
  
Препараттар Қолданылу тәсілі ДД 
Антибиотико-профилактика 
1 цефазолин
500 мг және 1000 мг
1 г т/і (балаларға есеппен 50 мг/кг бір мәрте) А
[15-18] 
2 цефуроксим
750 мг және 1500 мг
+метронидазол
0,5% - 100 мл
цефуроксим 1,5-2,5 г, т/і  (балаларға 30 мг/кг бір мәрте есеппен) +
метронидазол (балаларға 20-30 мг/кг есеппен бір мәрте) 500 мг т/і
А
А
[15-18] 
β-лактамды антибиотиктерге аллергияда 
3 ванкомицин
500мг және 1000 мг
1 г. т/і (балаларға 10-15 мг/кг есеппен бір мәрте);
1 рет тері жабындарын кескенге дейін 2 сағат бұрын. Кемінде  10 мг/мин енгізіледң; инфузия ұзақтығы 60 мин аз болмауы тиіс, қабыну реакцияларының профилактикасы мақсатымен
В
[20-22,24]
  
Нестероидты қабынуға қарсы құралдар 
6 кетопрофен
100 мг/2мл  2 мл
Немесе ауыз арқылы 150мг ұзартылған
100мг.
тәуліктік мөлшер т/і составляет 200-300 мг (300 мг-нан аспауы тиіс), далее ауыз арқылы ұзартылған қолдану ішке  150мг 1 р/к, 100 мг 2 р/к B
[4,6,7,12,14] 
7 ибупрофен
100 мг/5 мл100мл или ауыз арқылы 200 мг; ішке 600 мг
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға ибупрофенді тәулігіне 3-4 рет   200 мг тағайындайды. Ересектерде тез терапевтік әсерге жету үшін мөлшер тәулігіне 3 рет 400 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Суспензия - бір реттік мөлшер 5-10 мг/кг баланың дене салмағына тәулігіне 3-4 ретті құрайды. Максималды тәуліктік мөлшер тәулігіне баланың дене салмағына кг  30 мг-нан аспауы тиіс .
A
[4,6,7,22]
  
8 ацетаминофен 200 мг немесе 500мг;  ішке қабылдау үшін 120 мг/5 мл немесе  ректальды 125 мг, 250 мг, 0,1 г ацетаминофен 200 мг немесе 500мг;  ішке қабылдау үшін 120 мг/5 мл немесе ректальды 125 мг, 250 мг, 0,1 г
Ересектерге және дене салмағы 40 кг артық 12 жастан асқан балаларға:бір реттік мөлшер - 500 мг – 1,0 г тәулігіне 4 ретке дейін. Максималды бір реттік мөлшер – 1,0 г. Қабылдаулар арасындағы интервал 4 сағаттан кем емес. Максималды тәуліктік доза - 4,0 г.
6 дан 12 жасқа дейінгі балаларға: бір реттік мөлшер – 250 мг – 500 мг 250 мг – 500 мг тәулігіне 3-4 ретке дейін. Қабылдаулар арасындағы интервал 4 сағаттан кем емес. Максималды тәуліктік доза - 1,5 г - 2,0 г.
A
[4,6,7,22]
 
  
Гемостатикалық құралдар 
9 этамзилат
12,5% - 2 мл
4-6 мл 12,5 % ерітінді тәулігіне.
Балаларға бір мәрте т/і немесе б/і 0,5-2 мл  дене салмағын ескерумен енгізеді (10-15 мг/кг).
B
[4,6,7,12] 
Антибактериалды препараттар 
10 Амоксицилинклавуланды қышқыл (таңдау препараты) Т/і:
Ересектер: 1,2 г каждые 6-8 ч.
Балалар: 40-60 мг/кг/тәу (амоксициллин бойынша) 3 енгізу.
Емдеу курсы 7-10 күн
A
[23-22]
  
11 линкомицин (балама препарат) Б/і қолданады, т/і (тек тамшылық). Алдын ала енгізусіз т/і енгізуге болмайды.
Ересектер: 0,6-1,2  әр 12 с. сайын
Балалар: 10-20 мг/кг/тәу в 2 енгізу.
Емдеу курсы 7-10 күн
B
[23,24]
 
12 цефтазидим
(белгілеуде P.aeruginosa)
Ересектер: 3,0 - 6,0 г/тәу 2-3 енгізу (при көк іріңді
инфекцияда - 3 р/тәу)
Балалар: 30-100 мг/кг/тәу
2-3 енгізу;
Емдеу курсы 7-10 күн
[24-26]
13 ципрофлоксацин (белгілеуде P.aeruginosa) Тамырішілік
Ересектер: 0,4-0,6 г әр  12 с.
1 сағат ішінде баяу инфузиясы жолымен енгізеді
Балаларға қарсы көрсетілген
Емдеу курсы 7-10 күн
B
[22,24,27]
 
 
Хирургиялық араласу: себептік тісті жою.
 
Әрі қарай емдеу:
·               ауыз қуысы гигиенасы;
·               ауыз қуысының санациясы.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·               жақ аймағындағы ауыру синдромының болмауы;
·               жойылған себептік тіс аймағында қабыну белгілерінің болмауы;
·               жылан көз жолының болмауы. 

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Емдеу тактикасы қалыптасқан секвестрлерді жоюда, некроздарды, жылан көздерді тілуде, сондай-ақ остеомиелитикалық ауқымды ошақ резекциясында жатыр.

Дәрісіз емдеу:
·               режим – III (палаталық, жартылай төсектік);
·               диета: стол №15, диеталық  терапияны тағайындау –көрсетілімдер бойынша.
 
Дәрісіз емдеу:


п/п
Лекарственные средства Қолданылу тәсілі УД
Опиоидты анальгетиктер
1 трамадол * 100мг/2мл,
 2 мл немесе
50 мг ауыз арқылы
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға т/і (баяу тамшылық) енгізеді, б/і 50-100 мг (1-2 мл ерітінді). Қанағаттанарлық әсер болмағанда 30-60 мин. кейін 50 мг  (1 мл) препаратты қосымша енгізу мүмкін. Енгізу мерзімділігі тәулігіне терапия тиімділігі және ауыру синдромының көрінуіне байланысты 1-4 ретті құрайды. Максималды тәуліктік доза – 600 мг. А
[4,6,7,12,14]
NB! * көрсетілімдер бойынша, препарат 12 жасқа дейінгі балаларға тыйым салынған.
 
Қосымша дәрілік құралдар тізбесі:
 
р/с Препараттар Қолданылу тәсілі ДД
Антибиотикті-профилактика
1 цефазолин
500 мг және 1000 мг
1 г т/і (балаларға 50 мг/кг есеппен бір мәрте) В
[15,16,17,18]
2 цефуроксим
750 мг және 1500 мг
+метронидазол
0,5% - 100 мл
цефуроксим 1,5-2,5 г, т/і  (балаларға 30 мг/кг есеппен бір мәрте) +
метронидазол (балаларға 20-30 мг/кг есеппен бір мәрте) 500 мг т/і
А
[15,16,17,18]
β-лактамды антибиотиктерге аллергияда
3 ванкомицин
500мг және 1000 мг
1 г. т/і (балаларға 10-15 мг/кг есеппен бір мәрте);
1 рет  тері жабындарын кескенге дейін 2 сағат бұрын. Кемінде 10 мг/мин енгізіледі; инфузия ұзақтығы 60 мин кем болмауы тиіс, қабыну реакцияларының профилактикасы мақсатымен
В
[20,21,22,24]
 
Нестероидты қабынуға қарсы құралдар
6 кетопрофен
100 мг/2мл  2 мл
немесе ауыз арқылы 150мг ұзартылған
100мг.
тәуліктік доза т/і 200-300 мг құрайды (300 мг аспауы тиіс), бұдан әрі ауыз арқылы ішке ұзақ қолдану  150мг 1 р/к, 100 мг 2 р/к B
[4,6,7,12,14]
7 ибупрофен
100 мг/5 мл, 100мл немесе ауыз арқылы 200 мг; ішке 600 мг
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға ибупрофенді тәулігіне 3-4 рет  200 мг тағайындайды. Ересектерде тез терапевтік әсерге жету үшін 400 мг-ге дейін тәулігіне 3 рет тағайындалады.
Суспензия - бір реттік мөлшер баланың дене салмағына тәулігіне 3-4 рет 5-10 мг/кг құрайды. Максималды тәуліктік мөлшер тәулігіне баланың дене салмағына кг  30 мг-нан аспауы тиіс.
A
[4,6,7,22]
 
8 ацетаминофен 200 мг немесе 500мг; 
ішке қабылдау үшін 120 мг/5 мл
или  ректально 125 мг, 250 мг,
0,1 г
ацетаминофен 200 мг немесе 500мг;  ішке қабылдау үшін 120 мг/5 мл немесе  ректальды 125 мг, 250 мг, 0,1 г
Ересектерге және дене салмағы 40 кг артық 12 жастан асқан балаларға: бір реттік мөлшер - 500 мг – 1,0 г тәулігіне 4 ретке дейін. Максималды бір реттік мөлшер – 1,0 г. Қабылдаулар арасындағы интервал 4 сағаттан кем емес. Максималды тәуліктік доза - 4,0 г.
6 дан 12 жасқа дейінгі балаларға: бір реттік мөлшер – 250-500 м, 25-500 мг тәулігіне 3-4 ретке дейін. Қабылдаулар арасындағы интервал 4 сағаттан кем емес. Максималды тәуліктік доза – 1,5 г-2,0 г.
A
[4,6,7,22]
 
 
Гемостатикалық құралдар
9 этамзилат
12,5% - 2 мл
4-6 мл 12,5 % ерітінді тәулігіне.
Балаларға бір мәрте т/і немесе б/і  0,5-2 мл  дене салмағын ескерумен енгізеді (10-15 мг/кг).
B
[4,6,7,12]
Антибактериалды препараттар
10 Амоксицилинклавуланды қышқыл (таңдау препараты) Т/і:
Ересектер: 1,2 г әр 6-8 с. сайын
Балалар: 40-60 мг/кг/тәу (амоксициллин) 3 енгізу.
Емдеу курсы 7-10 күн
A
[23,22]
 
11 Линкомицин гидрохлориді (балама препарат) Б/і, т/і  қолданады (тек тамшылық). Т/і алдын ала ерітусіз енгізуге болмайды.
Ересектер: 0,6-1,2  әр  12 с. сайын
Балалар: 10-20 мг/кг/тәу 2 енгізу.
Емдеу курсы 7-10 күн
B
[23,24]
 
12 цефтазидим
(белгілеуде P.aeruginosa)
Ересектер: 3,0 - 6,0 г/тәу 2-3 енгізу (көк іріңді
инфекцияда – 3 р/тәулігіне)
Балалар: 30-100 мг/кг/тәу
2-3 енгізу;
Емдеу курсы 7-10 күн
[24-26]
13 ципрофлоксацин (белгілеуде P.aeruginosa) Тамырішілік:
Ересектер: 0,4-0,6 г каждые 12 ч.
1 сағат ішінде баяу  инфузия жолымен енгізеді
Балаларға қарсы көрсетілген
Емдеу курсы 7-10 күн
B
[22,24,27]
 
 
 
Хирургиялық араласу:
Оперативті араласу атаулары:
·               Секвестрэктомия;
Көрсетілімдер:
·               секвестралды қораптағы секвестрді толық қалыптастыру;

Оперативті араласу атаулары:
·               Фистулосеквестрнекротомия.
Көрсетілімдер:
·               некроздар, секвестрлар, түйіршіктер, жаралар және сау тін шегіндегі жыланкөздерді жою;

Оперативті араласу атаулары:
·               остеомиелитті ошақ  резекциясы.
Көрсетілімдер:
·               сүйектің ақауын ауыстыру мақсатымен некроздың ауқымды ошағын жою (қажеттілігі болғанда);
Қарсы көрсетілімдер:
·               жүрек-қантамыр аурулары (инфаркт алды жағдайы және болған миокард  инфарктынан кейін 3-6 ай ішіндегі жағдай және уақыт, ІІ және ІІІ дәрежелі гипертониялық ауру, стенокардияның жиі ұстамаларымен жүректің ишемиялық ауруы, жарқырау аритмиясының пароксизмі, пароксизмалды тахикардия, асқынған септикалық эндокардит және т.б.);
·               паренхиматозды мүшелердің асқынған аурулары (инфекциялық гепатит, панкреатит  және т.б.);
·               геморрагические заболевания (гемофилия, Верльгоф ауруы, С-дәруменсіздену, асқынған лейкоз, агранулоцитоз);
·               өткір инфекциялық аурулар (тұмау, өткір респираторлық аурулар; тілме аурулар, пневмония);
·               орталық жүйке жүйесінің аурулары (ми қан айналымының бұзылуы, менингит, энцефалит);
·               асқыну кезіндегі психикалық аурулар (шизофрения, маниакалды-депрессивті психоз, эпилепсия).
 
Әрі қарай емдеу:
·               жылына 2 рет жақ-бет хирургында динамикалық бақылану;
·               төменгі жақтың бүйірлік проекциясының бақылау рентгенографиясы немесе панорамалы томография (процестің оқшаулануына байланысты (жоғары немесе төменгі жақ);
·               тісті протездеу.
 
Хаттамада сипатталған емдеу және диагностика әдістерінің қауіпсіздігі және тиімділігінің индикаторлары:
·               жараның күшті жазылуы (жылан көздің болмауы);
·               рентгенологиялық тексеруде анықталатын сүйектің анатомиялық тұтастығын қалпына келтіру (секвестрлардың болмауы);
·               жақтардың бұзылған функцияларын қалпына келтіру. 

Ауруханаға жатқызу


ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы жатқызуға арналған көрсетілімдер:
—   қалыптасқан секвестрлардың болуы;
—   ұзақ қызмет ететін жылан көздердің болуы.
 
Шұғыл жатқызуға арналған көрсетілімдер:
—   жақтардың созылмалы остеомиелитінің асқынуы;
—   жақтардың патологиялық сынулары.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Зеленский В.А., Мухорамов Ф.С., Детская хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия: учебник. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 216с; 2) Афанасьев В.В. Хирургическая стоматология - М., ГЭОТАР-Медиа., 2011,-С.468-479; 3) Кулаков А.А. Хирургическая стоматология и челюстно-лицевая хирургия. Национальное руководство / под ред. А.А. Кулакова, Т.Г. Робустовой, А.И. Неробеева. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 928 с; 4) Дурново Е.А. Воспалительные заболевания челюстно-лицевой области: диагностика и лечение с учётом иммунореактивности организма. – Н.Новгород, 2007. – 194с; 5) Елисеев Владимир Валерьевич. Клинико-лабораторная характеристика, диагностика и лечение хронического одонтогенного остеомиелита челюстей: диссертация кандидата медицинских наук: 14.00.21 / Елисеев Владимир Валерьевич; [Место защиты: ГОУВПО "Воронежская государственная медицинская академия"]. - Воронеж, 2005. - 142 с.: 13 ил. РГБ ОД. 6) М.М. Соловьев, проф. Г.А. Хацкевич, И.Г. Трофимов, В.Г. Аветикян, А.В. Фиников./Центр челюстно-лицевой хирургии и стоматологии. ГМПБ №15) Руководитель центра – проф. Г.А. Хацкевич. Бисфосфонатный остеонекроз нижней челюсти в практике челюстно-лицевого хирурга; 7) Анестезия и интенсивная терапия в стоматологии/ С.Ф. Грицук.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014.-240с.- (Серия «Библиотека врача-специалиста»). 8) Гистология органов полости рта: учеб. пособие: атлас/С.Л. Кузнецов, В.Э. Торбек, В.Г. Деревянко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014.-136с. 9) Srinivasan D, Shetty S, Ashworth D, Grew N, Millar B. Orofacial pain - a presenting symptom of bisphosphonate associated osteonecrosis of the jaws. Br Dent J. 2007 Jul 28;203(2):91-2 . 10) Lockhart PB, Loven B, Brennan MT, Baddour LM, Levinson M. The evidence base for the efficiency of antibiotic prophylaxis in dental practice. J Am Dent Assoc 2007; 138(4):458-74. 11) Lockhart, PB, Hanson, NB, Ristic, H, Menezes, AR, Baddour, L. Acceptance among and impact on dental practitioners and patients of American Heart Association recommendations for antibiotic prophylaxis. J Am Dent Assoc 2013; 144(9):1030-5 12) Oral Maxillofac Surg Clin North Am. 2011 Aug; 23(3):415-24. doi: 10.1016/j.coms.2011.04.010. Epub 2011 May 23. Dento alveolar infections.Lypka M1, Hammoudeh J. 13) Impact of antibiotic stewardship on perioperative antimicrobial prophylaxis. Murri R1, de Belvis AG2, Fantoni M1, Tanzariello M2, Parente P3, Marventano S4, Bucci S2, Giovannenze F1, Ricciardi W2, Cauda R1, Sganga G; collaborative SPES Group [Perioperative antibiotic prophylaxis in maxillofacial surgery]. Merten HA1, Halling F.Int J Qual Health Care. 2016 Jun 9. 14) Clinical aspects, diagnosis and treatment of the phlegmons of maxillofacial area and deep neck infections. Krautsevich L1, Khorow, O.J OrthopSurg Res. 2016 Apr 27; 11(1):52. doi: 10.1186/s13018-016-0386-x. 15) Efficacyofvancomycin-releasing biodegradablepoly (lactide-co-glycolide) antibiotics beads for treatment of experimental bone infection dueto Staphylococc usaureus. Ueng SW1,2,3, Lin SS4, Wang IC5, Yang CY4, Cheng RC6, Liu SJ7, Chan EC8, Lai CF9, Yuan LJ4, Chan SC6 http://www.webmd.boots.com/oral-health/guide/dental-abscessMinerva Stomatol. 1988 Dec; 37(12):1005-9. [Clinical evaluation of the efficacy of combined moxicillinandclavulanicacidinacute odonto stomatological pathology]. 16) Zoccola GC, Calogiuri PL, Ciotta D, BarberoP. Dental Abscess Topic Guide http://www.emedicinehealth.com/dental_abscess/topic-guide.htm Clin her. 2016 Mar; 38(3):431-44. doi: 10.1016/j.clinthera.2016.01.018. Epub 2016 Mar 2.Ceftazidime-Avibactam: A Novel Cephalosporin/β-Lactamase Inhibitor Combination for the Treatment of Resistant Gram-negative Organisms. Sharma R1, Eun Park T2, Moy S3. 17) J Zoo Wildl Med. 2010 Jun; 41(2):316-9. Successful treatment of a chronic facial abscessusing a prolonged release antibiotic copolymerin a golden liontamarin (Leontopithecusrosalia). 18) McBride M1, Cullion C. AnnPlast Surg. 2002 Dec; 49(6):621-7. Surgical infections of the hand and upper extremity: a county hospital experience. WeinzweigN1, GonzalezM

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1) Батыров Тулеубай Уралбаевич – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, жақ-бет хирург дәрігері, «Астана медицина университеті» АҚ» стоматология және жақ-бет хирургиясы кафедрасының меңгерушісі.
2) Сагындык Хасан Люкотович – медицина ғылымдарының кандидаты, жақ-бет хирург дәрігері, стоматология және жақ-бет хирургиясы кафедрасының профессор, «Астана медицина университеті» АҚ».
3) Утепов Дилшат Каримович – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ақсай» УК  жақ-бет хирург  дәрігері, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жасындағы стоматология кафедрасының ассистенті.
4) Садвокасова Лязат Мендыбаевна – медицина ғылымдарының кандидаты, жақ-бет хирургі, ҚР ДСӘДМ «Семей қаласы ММУ» ШЖҚ РМК, стоматологиялық пәндер кафедрасының доценті м.а. 
5) Сугурбаев Адиль Асылханович         жақ-бет хирург дәрігері, «Астана медицина университеті» АҚ» стоматология  және жақ-бет хирургиясы  кафедрасының магистранты,
6) Ихамбаева Айнур Ныгымановна – «Астана медицина университеті» АҚ  жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық  фармаколог».
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент:
1) Курашев Амангельды Галымжанович – медицина ғылымдарының докторы, ҚММУ ҮКДФ  № 2 хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы жақ-бет хирургтары қауымдастығының президенті, «профессор А.Г.»Курашев пластикалық хирургия клиникасы» ЖШС директоры.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх