"Оңалту ІІ А" екінші кезеңі. "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (балалар)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Врожденная аномалия системы кровообращения неуточненная (Q28.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптамалық кеңесінің
2014 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 9 хаттамасымен ұсынылған

Хаттама атауы: «Оңалту ІІ А» екінші кезеңі, «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар).
 
Хаттама коды:
 
АХЖ Х код(тар)ы
C38 Жүректің, көкірекорта мен өкпеқаптың қатерлі жаңа өспесі
C38.0 Жүректің қатерлі өспесі
C45.2 Жүрекқап мезотелиомасы
D15 Кеуде қуысының басқа да және нақтыланбаған ағзаларының қатерсіз жаңа өспесі
D15.1 Жүректің қатерсіз жаңа өспесі
I05 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның ревматизмдік сырқаттары
I05.0 Митралды стеноз
I05.1 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның ревматизмдік кемістігі
I05.2 Жеткіліксіздікпен митралды стеноз
I05.8 Қос жармалы (митралды) қақпақшаның басқа да аурулары
I05.9 Митралды қақпақшаның нақтыланбаған ауруы
I06 Қолқа қақпақшасының басқа да ревматизмдік сырқаттары
I06.0 Қолқаның ревматизмдік стенозы
I06.1 Қолқа қақпақшасының ревматизмдік кемістігі
I06.2 Жеткіліксіздікпен қолқаның ревматизмдік стенозы
I06.8 Қолқа қақпақшасының басқа да ревматизмдік сырқаттары
I06.9 Қолқа қақпақшасының нақтыланбаған ревматизмдік сырқаты
I07 Үш жармалы қақпақшаның ревматизмдік сырқаттары
I07.0 Трикуспидалды стеноз
I07.1 Трикуспидалды жеткіліксіздік
I07.2 Жеткіліксіздікпен трикуспидалды стеноз
I07.8 Үш жармалы қақпақшаның басқа да сырқаттары
I07.9 Үш жармалы қақпақшаның нақтыланбаған сырқаты
I08 Бірнеше қақпақшалардың зақымдануы
I08.0 Қос жармалы (митралды) және қолқа қақпақшаларының қосыла зақымдануы
I08.1 Митралды және үш жармалы қақпақшалардың қосыла зақымдануы
I08.2 Қолқа қақпақшасы мен үш жармалы қақпақшаның қосыла зақымдануы
I08.3 Митралды, қолқалық және үш жармалы қақпақшалардың қосыла зақымдануы
I42 Кардиомиопатиялар;
I43 Басқа айдарларда жіктелген сырқаттар кезіндегі кардиомиопатия
Q20 Жүрек камералары мен қосылыстарының туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q20.0 Жалпы артериялық дің
Q20.1 Оң жақ қарыншаның шығу тесігінің екі еселенуі
Q20.2 Сол жақ қарыншаның шығу тесігінің екі еселенуі
Q20.3 Қарынша-артериялық дискорданттық қосылыс
Q20.4 Қарыншаның кіру тесігінің екі еселенуі
Q20.5 Жүрекше-қарыншалық дискорданттық қосылыс
Q20.6 Жүрекше құлақшасының изомериясы
Q20.8 Жүрек камералары мен қосылыстарының басқа да туа біткен ауытқулары
Q20.9 Жүрек камералары мен қосылыстарының туа біткен, нақтыланбаған ауытқуы
Q21 Жүрек қалқасының туа біткен ауытқуы [даму кемістіктері]
Q21.0 Қарыншалар аралық қалқаның ақауы
Q21.1 Жүрекше қалқасының ақауы
Q21.2 Жүрекше-қарыншалық қалқаның ақауы
Q21.3 Фалло төрттігі
Q21.4 Қолқа мен өкпе артериясы арасындағы қалқаның ақауы
Q21.8 Жүрек қалқасының басқа да туа біткен ауытқулары
Q21.9 Жүрек қалқасының туа біткен, нақтыланбаған ауытқуы
Q22 Өкпе қақпақшасы мен үш жармалы қақпақшаның туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q22.0 Өкпе артериясы қақпақшасының бітеуөзегі (атрезиясы)
Q22.1 Өкпе артериясы қақпақшасының туа біткен стенозы
Q22.2 Өкпе артериясы қақпақшасының туа біткен жеткіліксіздігі
Q22.3 Өкпе артериясы қақпақшасының басқа да туа біткен кемістіктері
Q22.4 Үш жармалы қақпақшаның туа біткен стенозы
Q22.5 Эбштейн ауытқуы
Q22.6 Жүректің оң жақ гипоплазиясы синдромы
Q22.8 Үш жармалы қақпақшаның басқа да туа біткен ауытқулары
Q22.9 Үш жармалы қақпақшаның туа біткен, нақтыланбаған ауытқуы
Q23 Қолқа қақпақшасы мен митралды қақпақшаның туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q23.0 Қолқа қақпақшасының туа біткен стенозы
Q23.1 Қолқа қақпақшасының туа біткен жеткіліксіздігі
Q23.2 Туа біткен митралды стеноз
Q23.3 Туа біткен митралды жеткіліксіздік
Q23.4 Жүректің сол жақ гипоплазиясы синдромы
Q23.8 Қолқа қақпақшасы мен митралды қақпақшаның басқа да туа біткен ауытқулары
Q23.9 Қолқа қақпақшасы мен митралды қақпақшаның туа біткен, нақтыланбаған ауытқуы
Q24 Жүректің басқа да туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q24.0 Жүректің оң жақта орналасуы (декстрокардия)
Q24.1 Левокардия
Q24.2 Үш жүрекшелі жүрек
Q24.3 Өкпе артериясы қақпақшасының құйғытәріздес стенозы
Q24.4 Туа біткен субқолқалық стеноз
Q24.5 Тәждік тамырлар дамуының ауытқуы
Q24.6 Жүректің туа біткен бөгеті
Q24.8 Жүректің басқа да туа біткен, нақтыланған ауытқулары
Q24.9 Жүректің туа біткен, нақтыланбаған кемістігі (ақауы)
Q25 Ірі артериялардың туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q25.0 Ашық артериялық түтік
Q25.1 Қолқаның тарылуы (коарктациясы)
Q25.2 Қолқа бітеуөзегі (атрезиясы)
Q25.3 Қолқа стенозы
Q25.4 Қолқаның басқа да туа біткен ауытқулары
Q25.5 Өкпе артериясының бітеуөзегі (атрезиясы)
Q25.6 Өкпе артериясының стенозы
Q25.7 Өкпе артериясының басқа да туа біткен ауытқулары
Q25.8 Ірі артериялардың басқа да туа біткен ауытқулары
Q25.9 Ірі артериялардың туа біткен, нақтыланбаған ауытқуы
Q26 Ірі веналардың туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q26.0 Қуыс венасының туа біткен стенозы
Q26.1 Сол жақ жоғарғы қуыс венасын сақтау
Q26.2 Өкпе веналары қосылысының тұтас (жаппай) ауытқуы
Q26.3 Өкпе веналары қосылысының ішінара ауытқуы
Q26.4 Өкпе веналары қосылысының нақтыланбаған ауытқуы
Q26.5 Порталды вена қосылысының ауытқуы
Q26.6 Порталды вена-бауыр-артериялық жыланкөз (фистула)
Q26.8 Ірі веналардың басқа да туа біткен ауытқулары
Q26.9 Ірі вена дамуының нақтыланбаған кемістігі
Q27 Шеткі (перифериялық) тамырлар жүйесінің басқа да туа біткен ауытқулары [даму кемістіктері]
Q27.0 Кіндік артериясының туа бітті болмауы және гипоплазиясы
Q27.1 Бүйрек артериясының туа біткен стенозы
Q27.2 Бүйрек артериясы дамуының басқа да кемістіктері
Q27.3 Шеткі (перифериялық) артерия-веналық даму кемістігі
Q27.4 Тіа біткен флебэктазия
Q27.8 Шеткі (перифериялық) тамырлар жүйесінің басқа да туа біткен, нақтыланған ауытқулары
Q27.9 Шеткі (перифериялық) тамырлар жүйесінің туа біткен, нақтыланбаған ауытқуы
Q28 Қанайналым жүйесінің басқа да туа біткен ауытқулары [даму кемістктері]
Q28.0 Прецеребралды тамырлар дамуының артерия-веналық ауытқуы
Q28.1 Прецеребралды тамырлар дамуының басқа да кемістіктері
Q28.2 Прецеребралды тамырлардың артерия-веналық даму кемістігі
Q28.3 Прецеребралды тамырлардың басқа да даму кемістіктері
Q28.8 Қанайналым жүйесінің басқа да туа біткен, нақтыланған ауытқулары
Q28.9 Қанайналым жүйесінің туа біткен, нақтыланбаған ауытқуы
S26 Жүрек жарақаты
Z94.1 Трансплантталған жүректің болуы
Z95 Жүрек пен тамыр имплантаттары мен трансплантаттарының болуы
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ – аланинаминотрансфераза
АсАТ – аспартатаминотрансфераза
КТ – компьтерлік томография
МРТ – Магнитті-резонанстық томография
ЖК – жүрек кемістігі (жеткіліксіздігі)
ФК – функционалдық класс
ЭКГ – электрокардиография
ЭхоКГ – эхокардиография
PROBNP – В-типті натрий-уретикалық пептид
NYHA – Нью-Йорк Жүрек қауымдастығы
 
Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:
-үйлестіруші–дәрігер;
-реабилитолог-дәрігер («Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология)» мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар) (ересектер, балалар);
-психология саласындағы маман («психиатрия» мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар);
-емдік шынықтыру бойынша нұсқаушы-маман (медициналық жоғары білімі бар);
-физиотерапия бөлмесінің мейіргері;
-әлеуметтік қызметкер.
 

Емдеу тактикасы


ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕМШАРАЛАРЫ
 
Оңалту мақсаты:
-зақымданған ағзаның немесе жүйенің бұзылған функцияларын толық немесе ішінара қалпына келтіру және (немесе) жоғалтқан функцияларын теңгеру (компенсация);
-жіті дамыған патологиялық үдерістің аяқталуы барысында ағзаның функцияларын ұстап тұру;
-зақымданған мүшелер немесе ағза жүйелері функцияларының мүмкін болатын бұзылыстарының алдын алу, ерте диагностикалау және түзету;
-ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету;
-өмір сүру сапасын жақсарту;
-пациенттің еңбекке жарамдылық қабілетін сақтау;
-пациенттің қоғамға әлеуметтік интеграциясы.
 
Оңалту үшін көрсетімдер :
 
1-кесте.  «Оңалту ІІ А», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар), оңалтудың екінші кезеңі үшін көрсетімдер
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
1 Кардиомиопатиялар I 42; I 43 II- III ФК (NYHA) ЖК
2 Жүректің туа біткен және жүре пайда болған кемістіктері (ақаулары)
Q 20-Q 28; I 05-I 08.5
егер 6 айға дейін ЖК II-III ФК (NYHA) болса, хирургиялық емге дейін және одан кейін,
3 Жүрек пен тамырларға жасалған операциялардан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру бойынша жасалатын операциялардан кейін
С 38.0; C 45.2; D 15.1; S 26; Z 95; Z 94.1
Егер ЖК I - II ФК (NYHA) ЖК-нен жоғары болса, хирургиялық емге дейін және одан кейін
4 Өкпенің салдарлық гипертензиясы
Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2
I–III ФК (NYHA) ЖК
 
Оңалту үшін қарсы көрсетімдер:
-шығу тегі әртүрлі, жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер, гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден кем болатын айқын қаназдық;
-әртүрлі этиологиядағы жайылған, жиі құрысулар;
-жіті инфекциялық аурулар;
-туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
-қатерлі жаңа өспелер (III-IV сатылары);
-III дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі (пульмонологиялық оңалту бөлімшелерінен басқа);
-шығу тегі белгісіз қызулық (фебрильді) қызба немесе субфебрильді қызба;
-күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
-декомпенсация сатысындағы аурулар, нақты айтқанда, түзетілмейтін метаболизмдік сырқаттар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық кемістігі;
-жыныстық жолмен берілетін аурулар (мерез, соз ауруы, трихомоноз және басқалары);
-терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, зеңді аурулар және басқалары);
-тұлғаны қоғамнан алшақтатын (әлеуметсіздендіретін) психологиялық аурулар (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 60; F 63; F 65; F 72–F 73);
-жүрек ырғағының асқынған бұзылыстары, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес ЖК;
-айтарлықтау улану кезіндегі әртүрлі іріңді (өкпенің) аурулар (J 85; J 86);
-кез келген орналасудағы таспақұрт (эхинококк) және басқа да паразиттер (B 67);
-жіті остеомиелит;
-терең веналардың жіті тромбозы;
-оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де ілеспелі аурулар болған кезде.
 
Медициналық оңалту көлемдері:
10 жұмыс күні ішінде бір науқасқа ұсынылатын қызметтер
 
Оңалтудың негізгі әдістері:
Емдік дене шынықтыру:  
-ЕДШ – 10 емшара;
-ингаляциялар – 15 емшара.
 
Оңалтудың қосымша әдістері:
Физиотерапия:
-лазерлік терапия –7 емшара;
Массаж:
-мойын-жаға аймағы – 7 емшара;
-қолдардың – 7 емшара;
-аяқтардың – 7 емшара.
Логопедтік терапия– 7 емшара (сөйлеудің бұзылуы болған кезде).
Кинезотерапия – 7 емшара.
 
2-кесте. «Оңалту ІІ А», «Кардиология және кардиохирургия» бейіні (балалар), оңалтудың екінші кезеңінің ұзақтығы
 

Нозологиялық нысаны (АХЖ-Х бойынша коды) Халықаралық критерийлер
(БӘФ  бұзылу дәрежесі және (немесе) аурудың ауырлық дәрежесі)
Оңалтудың ұзақтығы/
мерзімдері
1 Кардиомиопатиялар I 42; I 43 II- III ФК (NYHA) ЖК 14
2 Жүректің туа біткен және жүре пайда болған кемістіктері (ақаулары) Q 20-Q 28; I 05-I 08.5 егер 6 айға дейін ЖК II-III ФК (NYHA) болса, хирургиялық емге дейін және одан кейін, 10
3 Жүрек пен тамырларға жасалған операциялардан кейін (2 айға дейін). Жүрек алмастыру бойынша жасалатын операциялардан кейін
С 38.0; C 45.2; D 15.1; S 26; Z 95;
Z 94.1
Егер ЖК I - II ФК (NYHA) ЖК-нен жоғары болса, хирургиялық емге дейін және одан кейін
 
10
4 Өкпенің салдарлық гипертензиясы Q21.0, 21.1, 25.0,25.8., 21.2 I–III ФК (NYHA) ЖК 10
 
Диагностикалық іс-шаралар:
Негізгі іс-шаралар:
-жалпы қан анализі;
-жалпы несеп анализі;
-қанның биохимиясы (АлАТ, АсАТ, билирубин, жалпы ақуыз, электролиттер, несепнәр, креатинин, глюкоза);
-ЭКГ;
-ЭХОКГ;
-алты минуттық жүрістің қашықтығын (дистанциясын) анықтау (балаларға 6 жастан бастап).
 
Қосымша іс-шаралар:                                         
-қанның биохимиясы (PROBNP);
-ИФА әдісімен ТТГ, еркін тироксин, еркін трийодтиронин концентрациясын анықтау;
-ЭКГ тәуліктік мониторлауы  (өмірге қауіп төндіретін ырғақсыздықтарды (аритмия) жоққа шығару үшін);
-Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
-Құрсақ қуысының, ішпердеарты кеңістігінің ағзаларын, өкпеқап қуысын УДЗ.
-Жүрек пен тамырлардың КТ/МРТ;
-нейросонография;
-коронарография.
 
Мамандар консультациялары:
-аритмологтың консультациясы (жүрек ырғағының бұзылыстары болған кезінде);
-неврологтың консультациясы (ми қанайналымының ілеспелі жіті бұзылуы болған кезінде);
-нефрологтың консультациясы (бүйрек функциясының жеткіліксіздігі болған кезінде);
-пульмонологтың консультациясы (өкпенің ілеспелі патологиясы болған кезінде).
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) Е.Т Лильин , В.А Доскин Детская реабилитология. 3-е издание . Москва 2011г. 2) Клиническое практическое руководство по кардиологической реабилитации Министерства здравоохранения и социальных услуг населению США (1995 г.) (Wenger NK, Froelicher ES, Smith LK, Ades PA, et al. Cardiac Rehabilitation: Clinical Practice Guideline 17: U.S. Department of Health & Human Services; 1995; 2008). 3) Руководство Американской Ассоциации по профилактике и реабилитации Американского общества кардиологов «Показатели исполнения кардиологической реабилитации по направлению и оказанию услуг кардиологической реабилитации/вторичной профилактики». (AACVPR/ACC/AHA2007). Journal of the American College of ardiology/Journal of American College of Cardiology: Vol.50,N 14:1401-1410. 4) Клиническое Руководство по кардиологической реабилитации амбулаторных пациентов Американской Ассоциации по профилактике и реабилитации Американского общества кардиологов. Последний обзор 6.08.2006 г.(Cardiac Rehabilitation (Outpatient): Clinical Guideline (CG-REHAB -02//Empire/Current Effective Date 11/17/2006. Last Review Date: 06/08/2006: Medical Policy &Technology Assessment Committee (MPTAC) review. 2005 AHA/AACVPR guideline and the 2005 AHRQ Technology Assessment). 5) Программы кардиологической реабилитации и вторичной профилактики: Statement From the American Heart Association Exercise, Cardiac Rehabilitation and Prevention Committee, the Council on Clinical Cardilogy; the Council on Cardiovascular Nursing, Epidemiology and Prevention. and Nutrition, Phisical Activity, and Metabolism; and the AACPR.Gary J.Balady, Mark A. Williams, Philip A.Ades et al. //Circulation 2007; 115;2675-2682.

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің біліктілік деректері көрсетілген тізім:
1) Мамежанова  Людмила  Ильинична  –  «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, балалар оңалтуы бөлімшесінің кардиолог дәрігері;
2)  Аймақова  Гүлсім  Тарғынқызы  –  «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ, қалпына келтіру емі бөлімшесінің меңгерушісі.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензент: Беркінбаев Сәлім Фахатұлы – м.ғ.д., профессор, Қазақстанның  кардиологтары қауымдастығының президенті, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, директор.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх