Иық буының шығып кетуі

P-S-008

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Вывих плечевого сустава (S43.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы
Буындық беттердің физиологиялық қалыпты шектен толық ығысуын сүйектің шығуы деп аталады. Бұл кезде буындық қаптың бүтіндігі міндетті түрде бұзылады. Толық емес шығуды.


Хаттама коды: P-S-008 "Иық буының шығып кетуі"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S43.0  Тоқпан жіліктің таюы

Жіктемесі


Жіктемесі: толық жəне толық емес, жаңадан болған жəне ескірген, жабық жəне ашық, туа біткен жəне жүре пайда болған (жарақат немесе ауру салдарынан), сүйектің шыққан басының қалпына байланысты: алдыңғы, төменгі, артқы. Егер тоқпан жіліктің шығуы ең болмаса 2 рет қайталанса, онда оны үйреншікті деп атайды.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Дельта тəрізді бұлшықет рельефінің жалпақтануы.
2. Иықтық өсіндінің айқын шығыңқы болуы, одан төмен жатқан тіндердің ішке қарай тартылуы.
3. Белсенді қимылдардың шектелуі.
4. Серпімділігі.
5. Иықтық буынды қысқан кезде неврологиялық симптоматика анықталады.

Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер:  диагноз рентгенография кезінде, тура, бүйірінен жəне аксиалдық проекцияларда дəлелденеді. Шығуды сынықтан ажырату қажет.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.

Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: тайған сүйекті орнына салу, ауыру сезімін жою. Егер науқас зақымдалған қолдың қолбасын қарама - қарсы иығына сала алса, онда тоқпан жілік дұрыс салынды деген сөз.
 
Дəрі-дəрмектік ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем:
Тоқпан жіліктің алдыңғы шығуын жалпы анестезия немесе петидинді тамыр ішіне енгізгеннен кейін келесі əдістердің бірін қолдана отырып, орнына салады.
 
Кохер əдісімен тоқпан жілікті орнына салу
Кохер əдісімен таюды салу
-  зақымдалған қолдың білегін тік бұрыш жасап бүгіп, тоқпан жілікті денеге қысып, тоқпан жіліктің білігі бойынша созып-тартады.
-  тоқпан жілікті денеден ажыратпай, білегі бойынша созып тұрып, тоқпан жілікті баяу сыртқа қарай ротациялайды.
-  созуды босаңсытпай, шынтақты алдыға жəне медиалды жаққа қарай тартады.
-  иықты күрт ішке қарай ротациялайды. Бұл кезде науқастың қолбасы қарама-қарсы тоқпан жілікке орналасады.
 
Шығуды Гиппократ əдісімен салу
Дəрігер арқасында жатқан науқасқа арқасымен зақымдалған иық жағынан отырып, науқастың қолбасын қолына алады. Одан кейін дəрігер өз аяғының өкшесін (зақымдалған қолмен аттас) науқастың қолтық аймағына орналастырып, қол білігі бойынша соза отырып, өкшесімен тоқпан жіəліктің басына қысым түсіреді.
 
Шығуды Милч əдісімен салу
- науқас артқа қарау 30 градусқа шалқаяды;
- дəрігер науқастың білегін 90 градусқа дейін баяу бүгеді;
- одан кейін науқас дəрігердің көмегімен қолын шүйдесіне жеткізгенше көтереді;
- бұл кезде дəрігер тоқпан жілік білігімен созады, ал оның көмекшісі иықүстін нық ұстап тұрады.
 
Тоқпан жіліктік артқы шығуы.
Ірі буындардың барлық шығуларының ішінде осы шығуды 
анықтау қиынға түседі. Жарақаттың механизмі – иыққа алдынан тиген қатты соққы немесе тоқпан жілікке қарай ротацияланып тұрғанда созылған қолға құлау. Артқы шығу кезінде иықтық буынның контуры өзгермеуі де мүмкін. Тоқпан жіліктің артқы шығуының негізгі белгісі тоқпан жілікті сыртқа қарай айналдырудың толық шектелуі. Тоқпан жіліктің артқы шығуы қояншық ұстамасынан кейін дамуы мүмкін. Емі – жансыздандырғаннан кейін білекті тік бұрыш жасап бүгеді, одан кейін тоқпан жілікті 90 градусқа дейін əкетіп, оны білігі бойынша соза отырып, сыртқа қарай айналдырады.
 
Тоқпан жіліктің үйреншікті шығуы.
Тоқпан жіліктің үйреншікті шығуын орнына салудың қарапайым əдісі бар:
- науқас орындыққа аяғын аяғына салып отырады;
- содан кейін ол үстінде жатқан аяғын көтіріңкіреп, екі қолымен тізесін құшақтайды;
- аяғын біртіндеп түсіре отырып, науқас қолдарын созады;
- осы қалыпта науқас иық белдеуінің бұлшықеттерін толық босаңсытады, осы сəтте сүйек əдетте орнына түседі.
 
Тоқпан жіліктің үйреншікті шығуын радикалдық жолмен емдеудің жалғыз жолы – операция. Қайталанған шығу кезінде тіндер айтарлықтай зақымдалмайды, əрі оңай қалпына түседі. Нығайтуды жүргізудің қажеті жоқ. Тоқпан жіліктің шығуы үшінші рет қайталанғанда науқасты хирургиялық емге жолдайды.
 
Тоқпан жілікті орнына салғаннан кейінгі ем:
• міндетті түрде бақылау рентгенографиясын жүргізеді;
• 2 аптаға Вельпо тектес таңғыш салынады;
• физикалық емдік жаттығуларды неғұрлым ерте тағайындайды;
• таңғышты алғаннан кейін кемінде 3 апта бойы науқастың физикалық белсенділігін, əсіресе тоқпан жілікті сыртқа айналдыру жəне əкетуді шектейді.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Кетонал инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/2 мл амп.
2. *Трамадол инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/1 мл амп.
3. *Тримепиридин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді амп. 1% по 1 мл.
4. *Йод 5% спирттік ерітіндісі флаконда 10 мл, 20 мл.
5. *Этанол ерітінді 70% (денатурацияланған).
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: таюды салу, ауыру синдромының болмауы. Егер науқас зақымдалған қолының алақанын екінші иыққа қоя алса, салу сəтті деген сөз.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: консервативтін терапия тиімсіздігі, дұрыс салмаған кезде науқасты хирургиялық емге жолдау қажет.

Алдын алуы

 
Профилактикалық шаралар: дəрігер тағайындауларын сақтау.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: жоқ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Большая медицинская энциклопедия. http://www.neuro.net.ru/bibliot/bme/ 2. Справочник врача общей практики. Дж. Мерта. ПРАКТИКА, М., 1998 3. Клинические рекомендации для практикующих врачей. ГЭОТАР-МЕД, 2002.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Малик Б.К.,  ҚР ТО ҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх