Бір нәресте туу, кесарь тілуі арқылы босандыру

H-O-012

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие одноплодные роды путем кесарева сечения (O82.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Кесарь тілігі - жатыр қуысын тіліп, артынан жатыр қуысын ашу арқылы іштегі нәрестені алып шығу.


Хаттама коды: H-O-012  "Бір нәресте туу, кесарь тілуі арқылы босандыру"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): 
О82 Бір ұрықтық босану, кесарев тілігі арқылы босандыру
О82.0 Элективті кесар тілігін жасау
О82.1 Жедел кесар тілігін жасау
О82.2 Гистерэктомиялық кесар тілігін жасау
О82.8 Кесар тілігі жолымен басқа да бір ұрықты босандырулар
О82.9 Анықталмаған кесар тілігі жолымен босандыру

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Суыт кесар тілігі егер табиғи жолмен босану мүмкін болмай босанушы әйелдің немесе іштегі нәрестенің өміріне қауіп туғызса, немесе босану қиын болса, не іштегі нәрестеге өте қауіпті болған кезде дереу жасалады.
2. Жоспарлы кесар тілігі анасының немесе іштегі нәрестенің жүктілік мерзіміндегі толғақ басталмай тұрғандағы операция арқылы босанадыруға абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштер бойынша жасалады.

Диагностикасы


Диагностика критерилері (операция көрсетімдері):

Абсолюттік көрсетімдер:
1.III-IV дәрежелі анатомиялық тар жамбас, тарылу.
2. Анасының жамбасы мен іштегі нәресте басының клиникалық сәйкессіздігі.
3. Бала жолдасының толық алда жатуы.
4. Босану жолдары дайын болмаған кезде бала жолдасының жартылай алда жатуы.
5. Босану жолдары дайын болмаған кезде қалыпты орналасқан бала жолдасының анық қан кету байқалып, уақытынын бұрын ажжырап кетуі.
6. Жатырдың қауіп туғызатын немесе жаңадан жыртыла бастауы.
7. Баланың тууына кедергі келтіретін кіші жамбас ағзаларының ісіктері.
8. Операциядан кейін толық жазылмаған жатыр тыртығы.
9. Зәр шығару және ішек-қарын жолдары жыланкөзінің операциядан кейін қалпына келу жағдайы.
10. Жатырдың жазылмаған III дәрежелі жыртығы, жатыр мойны мен іншектегі үлкен тыртықтар.
11. Консервативті емдеудің әсерсіздігі кезіндегі және босану жолдары дайын болмаған кездегі преэклампсия мен эклампсияның ауыр түрлері.
12. Экстрагеитальды обыр және жатыр мойны обыры.
13. Іншек пен қасаға аймақтарындағы шұғыл байқалған көк тамырлардың кеңеюі.
14. Экстрагенитальды аурулар (декомпенсация құбылысты ауыр ССС? аурулары, мидың кейбір аурулары, жоғары дәрежелі асқынған миопатия, сетчаканың? қабыршықтануы және т.б. ).
15. Іштегі нәрестеге инфекция жұғу қаупінің жоғары болуы (АҚТҚ, ВПГ, В,С гепатит вирустары).
16. Табиғи жолмен босануға жағдай болмаған кезде іштегі нәрестенің көлденең жатып қалуы.

Салыстырмалы көрсетімдер:
1. Консервативті емдеуге көнбейтін босану қызметінің ауытқулары.
2. іштегі нәрестенің дұрыс келмеуі және дұрыс алда жатпауы.
3. Кіндік тұзағының алда жатуы немесе түсіп қалуы.
4. Жатыр дамуының ақауы.
5. Басқа да акушерлік патологиясы бар немесе 30 жастан асқан не ОАА-мен қосылған іштегі нәрестенің алда жатуы.
6. Жасы 30-дан асқан онымен қоса акушерлік немесе экстрагенитальды патологиясы бар.
7. Дәрі-дәрмектік реттеуе келмейтін әр түрлі генезді құрсақішілік гипоксия.
8. ОАГА немесе акушерлік патологиямен қосыла өткен жүктілік.
9. Көпнәрестелі жүктілік (үшем немесе одан да көп, бірінші немесе екінші нәрестенің де көлденең жатуы, құрсақішілік гипоксия, екі нәрестенің де алда жамбастап жатуы).
10. Басқа да ауыр факторлармен қосылған анамнезіндегі ұзақ уақыт бала көтермеуі.
Жоспарлы кесар тілігі салыстырмалы көрсеткіштер нәтижесіне сәйкес жасалауы мүмкін.

Шағымдар мен анамнез - операцияға көрсетімдер.

Физикалық тексеру: тән емес.
Лабораторлық зерттеулер: тән емес.
Инструменталдық зерттеулер: тән емес.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
Дифференциалды диагноз: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, қанның ұйығыштығы).
2. Зәрдің жалпы талдаауы.
3. Қан тобы, анасының Rh - факторы.
4. Қанның биохимиялық анализі.
5. Коагулограмма.
Жоспарлы түсуде госпитализациялау алдында:
6. Антиботиктерге сезімталдығын анықтау үшін цевикальды каналдан баксебінді алу.
7. ЭКГ.
8. Терапевттің, көз дәрігерінің, ҚМ-дәрігердің, консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ.
2. Іштегі нәрестеге аускультация немесе КТГ.
3. УДЗ (іштегі нәрестенің шоғырлануы, іштегі нәрестенің жетілу деңгейі).
4. Анестезиологтың қарауы.
5. ЭКЗ кезінде басқа да мамандардың қарауы.
6. Қандағы қантты анықтау.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты
Кесар тілігін жасау көрсеткішін анықтау, қауіп тобындағы жүкті әйелдерді уақытында аукушерлік станционарға жатқызу, дер кезінде операция арқылы босандыру, операциядан кейінгі болуы мүмкін асқынудың алдын алу.

Дәрі-дәрмексіз ем: жоқ.

Дәрі-дәрмектік ем:
1. Кесар тілігі арқылы босандыру босанудың III кезеңінде басқа да операцилық жолмен босандыруларға қарағанда (акуршелік қысқыштар, іштегі нәрестені аумен сорып алу) ең қауіпсізі болып саналады.
2. Суыт кесар тілігі операциясын жасау акушер-гинеколог маманның келісімімен, акушер-гинеколог маманның, анестезиологтың, неонатологтың, акушердің операцияға міндетті түрде қатысуымен жасалады. Аурухана кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда жедел кесар тілігін жасауға дайын болуы керек.
3. Кесар тілігі арқылы босандыру көрсеткіштерінен бастап операция басталғанға дейін уақыт 30 минуттан аспауы керек.

Кесар тілігі арқылы босандырудан кейін үлкен асқынулар болуы мүмкін:

Босаушыда болуы мүмкін асқынулар Іштегі нәрестеде болуы мүмкін асқынулар
1. Анестезиологиялық қауіптің жоғарылылығы
2. Аспирациялық синдром даму қаупі
3. 1000мл-ден аса қан жоғалту
4. Инфекция жұғу қаупінің жоғары болуы
5. Веналық тромбоэмболия қаупі
6. Зәрағардың, қуықтың хирургиялық жарақат алу қаупі
7. Ана өлімі қаупі 4 есе өседі
8. Келесі жүктілікте кесар тілігін жасау қажеттілігі
9. Гистереоктомия қаупі
1. Іштегі нәрестедегі респираторлық синдром
2. Өкпеге қосымша жел берудің қажеттлігі

Кесар тілігін жасаудың хирургиялық техникасы:
1. Соңғы стандарттарға сәйкес АҚТҚ жұғуының болдырмау мақсатында биялайды қабаттап кию арқылы жасалады.
2. Теріні кесудің қолайлы жолы Joel-Cohen бойынша тілу болып табылады (теріні маңдай жақ симфиздің шетінен 3 см жоғары алып тік тілік жасау керек, астындағы жұмсақ тіндер жақсы тілінбейді, қажет болса өткір қайшымен тілу керек, себебі бұл техника операциялық араласу уақытын азайту үшін және операциядан кейін іріңді-септикалық асқынулар жиілігін азайту мақсатында қолданылады). Астындағы тіндерді қандауырмен тілу іріңді-септикалық асқынуларды қаупін көбейтеді.
3. Жатырдың төменгі сегменті жақсы жинақталған кезде жатыр қабырғасын өткір емес тілу арқылы ашудан гөрі өткір тілген жақсы, себебі бұл операцияаралық қан жоғалтуды, босанудан кейінгі қан кету жиілігін және қан құю қажеттігін азайтады.
4. Операция жасаған кезде бала жолдасы кіндіктен тарту арқылы алынуы босанудан кейінгі эндометрия қаупін азайтады.
5. Қан кетудің алдын алу мақсатында 5БР окситоцинді б/і немесе іштегі нәрестені алып шыққан соң 5БР окситоцинді интрамиометральды енгізу керек.
6. Жатыр денесін оның қабырғасын қалпына келтіру мақсатында экстраперитоенальды алып шыққанда инфекциялық асқынулар мен босанудан кейінгі қан кету қаупі әлдеқайда көбейеді.
7. Жатыр қабырғасын қалпына келтіруге бірқатарлық тігіс әлдеқайда дұрыс.
8. Висцеральды құрсақты тігу босанушыға операциядан кейін ауру сезімін тудырады, сондықтан ауыртпайтын дәрі-дәрмектер тағайындау қажеттілігін тудырады, операция уақытын ұзартады.
9. Тері асты май клетчаткаларын тігу оның қалыңдығы 2 см-ден жоғары болса ғана болады, себебі мұндай жағдайда  іріңді-септикалық аурулар қаупінің дамуын көбейтеді.
10. Іріңді-септикалық аурулар даму жиілігі мен гематома азаймайтындықтан жараның үстіне кәріз жасау қажет емес деп саналады.
11. Кесар тілігі кезінде I шыққан цефалолоспоринмен немесе ампицилинмен операцияаралық антибиотикопрафилактика жасау эндометриттің, зәр шығару жолдары мен жараларға жұқпа түсу қаупін азайтады.

Операциядан кейінгі күтім:
1. Сәби мен анасының терісін бір-біріне ертерек тигізу.
2. Кесар тілігін жасаған соң сәбиді анасының төсіне неғұрлым тезірек жатқызу.
3. Қарсы көрсетілімдер болмаса операциядан кейінгі кезеңде жансыздандыру мақсатында нестероидты препараттарды қолдану апиындық препараттарды қолдану қажетілігін әлдеқайда азайтады.

Профилактикалық шаралар: жоқ.
Әрі қарай жүргізу: жоқ.
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Иньекцияға арналған ампуладағы 5БІР/мл окситоцин ерітіндісі.
2. 500 мг, 1000 мг. иньекциялық ерітінді жасауға арналған ампицилин ұнтағы.

Ем тиімділігінің индикаторлары: сәби мен босанған әйелдің қанағаттандырарлықтай жағдайы, анасы мен сәбиде асқынулардың болмауы.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы, шұғыл.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. SOGC Policy Statement: Attendance t Labour and Delivery Guidelines for Obstetrical Care.- #89, May, 2000, p.3 2. SOGC Clinical Practice Guidelines: Guidelines for Operative Vaginal Birth.- #148, August, 2004.- p.747-753 3. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Caesarean Section. Clinical Guideline, 2004, p.142 4. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p.286

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: Раева Р.М. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх