Фтор және оның қосылыстарымен созылмалы улану

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Токсическое действие других газов, дымов и паров. Газообразного фтора и фтористого водорода (T59.5)
Профессиональная патология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№24 хаттамасымен мақұлданған 

Фтор қосылыстарымен улану –  сүйек тіні, жүйке, тыныс алу, ас қорыту, жүрек-қантамыр жүйелерінің басым түрде зақымдануымен сипатталатын өндірістік қызмет процесінде ШРК асатын концентрациядағы фтордың уытты қосылыстарының ұзақ әсері нәтижесінде туындайтын созылмалы полисиндромды ауру.[18]
NB! Өндірістік үй-жайлар ауасындағы фтордың ШРК әр елде 0,5 мг/м түрленеді.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 және АХЖ-9 бойынша аурулар коды:

АХЖ-10
Коды Атауы
 
T59.5
 
Газ тәрізді фтор және фторлы сутегінің уытты әсері
       
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АЛТ аланинтрансаминаза
АСТ аспартаттрансаминаза
КФК креатининфосфокиназа
ЖПД жалпы практика дәрігерлері
ТЖ тыныс алу жеткіліксіздігі
ДНК дезоксирибонуклеин қышқылы
ЖЕЛ өкпелердің өмірлік сыйымдылығы
ТҚҚК тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
ЕДШ емдік дене шынықтыру
ХЕҰ халықаралық еңбек ұйымы
МӘС медициналық-әлеуметтік сараптама
ТҚМ төс қуысы мүшелері
ММТ мерзімді медициналық тексерулер
ШРК шектік рұқсат етілетін концентрация
ДД дәлелділік деңгейі
УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
УКС ультракүлгін сәулелену
ЭКГ электрокардиография
ЭхоКГ эхокардиография
УДДГ ультрадыбыстық допплерография
ІҰА ішкі ұйқы артериясы
КПСК кәсіби патология бойынша сараптамалық комиссия
 
Хаттама пайдаланушылар: ЖПД, терапевттер, пульмонологтар, профпатологтар.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы: 

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Улану кезеңдері бойынша:
I   дәреже II  дәреже III  дәреже
Жеңіл (сүйекке дейін)         Бірқалыпты айқын деңгей Айқын деңгей

Белгілі бір деңгейдегі созылмалы фторлы улануды анықтауда барлық синдромдардың болуы міндетті емес. Кәсіби ауру диагнозы көріністері өндірістік ерекшелігімен ғана шарттастырылуы мүмкін зақымданған жүйелердің барынша айқын жүйелеріне сәйкес анықталады.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар: ШРК аспайтын концентрациядағы фтордың улы қосылыстары шарттарындағы ұзақ жұмыс өтілі, жетекші клиникалық синдромдарға байланысты болады. 


Атауы I   кезең II  кезең III  кезең
Шағымдар ОЖЖ: бас аурулары, бас айналу, тітіркенушілік, жалпы әлсіздік, тез шаршаушылық, тершеңдік.
Тыныс алу мүшелері: жұтқыншақтағы дызылдау сезімі, сұйық бездің жоғары бөлінуімен тұмау, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі.
Ас қорыту мүшелері: қыжыл, асқазандағы мерзімді аурулар, оң қабырға астындағы ауырлық.
Сүйек жүйесі: сүйектегі ауырсынулар
ОЖЖ: бас аурулары, бас айналу, жалпы әлсіздік, тез шаршаушылық, жадының төмендеуі, тершеңдік.
Тыныс алу мүшелері: тамақтың жыбырлауы,   шырышты, іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтел, бірқалыпты дене жүктемесіндегі ентігу, мұрынның бітелуі, мұрындағы дызылдау және ауырсынулар, жұтқыншақтағы құрғақтықты сезіну, қиындаған тыныс алу.
 Ас қорыту мүшелері: қыжыл,  ауыздағы күйік дәм, асқазандағы мерзімді ауырулар, оң қабырға астындағы ауырлық.
Сүйек жүйесі: тежелу, сүйектегі ауырсынулар, тізе және жіліншік сүйектер, иық белдеуі, ірі буындардағы және омыртқадағы қиын қозғалу
Жүрек-қантамыр жүйесі: жүрек аймағындағы ауырсынулар 
ОЖЖ: бас аурулары, бас айналу,  жалпы әлсіздік, быстрая утомляемость, тершеңдік, жансыздану және аяқ-қолдың тоңғақтығы, аяқ пен қолдың жансыздануы, қолдағы, аяқтағы, белдегі жансыздану және ауыру, ұйқының бұзылуы, тітіркенушілік.
 Тыныс алу мүшелері: тамақтың жыбырлауы,   мұрынның бітелуі, мұрындағы дызылдау және ауырсынулар, мұрыннан қан ағулар, иіс сезудің жоғалуы,  шырышты, іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтел, қиындаған тыныс алу, кейде тұншығу ұстамалары, кішігірім дене жүктемесіндегі демікпе.
Ас қорыту мүшелері: қыжыл,  ауыздағы күйік дәм, асқазандағы мерзімді аурулар, оң қабырға астындағы ауырлық, тамақ сипатына және қабылдауға қарамастан.
Сүйек жүйесі:  тежелу, сүйектегі ауырсынулар, тізе және жіліншік сүйектер, иық белдеуі, ірі буындардағы және омыртқадағы қиын қозғалу.
 Жүрек-қантамыр жүйесі: жүрек аймағындағы ауырсынулар, жүректің шалыс соғуы 
Ауру анамнезі •  фтордың уытты қосылыстарымен ұзақ кәсіби байланысты көрсету;
•  медициналық тексеру нәтижелері фтор қосылыстарымен байланыста жұмыс басталғанға дейін патологияның жоқтығын растайды;
•  фтор қосылыстарымен жұмыс басталғаннан кейін жүрек-қантамыр жүйесі, шеткі жүйке жүйесі аурулары, асқазан-ішек жолы, жоғары тыныс алу жолдары ауруларының себебі бойынша ЕУЖ парағында болу мерзімдерін ұзарту және ЕУЖ жиі ауруларды көрсету.
Физикалық қарап-зерттеу ОЖЖ: жалпы гипергидроз, тұрақты қызыл дермографизм, сіңір рефлекстерінің тірілуі, қабақ, саусақ дірілі, АҚ құбылмалылығы. 
Тыныс алу мүшелері: катаральды, мұрын шырышының, жұтқыншақтың гипертрофиялық өзгерістері; өкпедегі тұрақты емес құрғақ сырылдар.
Ас қорыту мүшелері: эпигастральды аймақта ауырсыну мүмкін.
 
ОЖЖ: жалпы гипергидроз, тұрақты қызыл дермографизм,
АҚ құбылмалылығы, сіңір рефлекстерінің тірілуі,
қабақ, қол саусақтарының дірілі.
Тыныс алу мүшелері: мұрын шырышы, жұтқыншақтың субатрофиялық өзгерістері, ерін, шырыштылардың цианозы; тыныс алу жиілігінің ұлғаюы, қорапты реңкпен өкпелік дыбыс, құрғақ, кейде қатты немесе баяу тыныс алу фонында ылғал сырылдар.
Ас қорыту мүшелері: эпигастральды аймақтағы, оң қабырға астындағы ауырсыну;
бауыр мөлшерлерінің кішігірім ұлғаюы.
Сүйек жүйесі: тежелу в крупных суставах
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан тахикардия, жүрек үнінің көмескілігі.
 
ОЖЖ: парестезия, гиперестезия немесе гипестезия, тырнақ қабығы капиллярларының спастикалық немесе спастико-атониялық жағдайы, бұлшықет тонусы және бұлшықет күштерінің төмендеуі.
 Тыныс алу мүшелері: мұрын, жұтқыншақ, көмейдегі атрофиялық процестер, мұрын шырышының жаралануы және тіпті мұрын қалқанының жарылуы, тыныс алу жиілігінің ұлғаюы, төс қуысының жылжығыштығының  шектелуі, перкуссияж қораптық дыбыс, аускультативті: везикулярлы тыныс алудың бәсеңдеуі, қатты немесе мозаикалы тыныс алу, құрғақ, кейде ылғал сырылдар, өт қабы үйкелісінің шуы.
Ас қорыту мүшелері: оң қабырға астындағы, эпигастральды аймақтағы ауырсыну, бауыр мөлшерлерінің ұлғаюы.
Сүйек жүйесі: тежелу, омыртқадағы, ірі буындардағы қиын қозғалғыштық.
Жүрек-қантамыр жүйесі: тахикардия, экстрасистолы, жүрек үнінің көмескілігі,
 

Зертханалық зерттеулер [16,17]: 
·               қанды жалпы талдау (6 параметр) – лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз, ретикулоцитоз, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, эритроцит деңгейінің төмендеуі, түсті көрсеткіштің азаюы мүмкін;
·               коагулограмма 1 (тромбыға қарсы уақыт, фибриноген, тромбинді уақыт, АЧТВ – қанның ұюының баяулауы мүмкін.
·               кальциді анықтау – гипокальциемия мүмкін;
·               биллирубин  және  фракциялар – билирубин деңгейі артуы мүмкін;
·               аланинаминотрансфераза –  АЛТ деңгейі артуы мүмкін
·               аспартатаминотрансфераза – АСТ деңгейі артуы мүмкін
·               сілтілік  фосфатаза – деңгей артуы мүмкін;
·               тимолды сынама – деңгей артуы мүмкін;
·               ақуыз, ақуызды фракцияларды анықтау – диспротеинемия мүмкін;

Аспаптық зерттеулер:
·                   сүйек жүйесін рентгенологиялық зерттеу (жамбас, омыртқа сүйектері, білек және жіліншіктің, қабырға жауырынның ұзын түтікті сүйектері): ұзын түтікті сүйектердегі сүйек-жұлын каналының біркелкі емес тарылуы, эндостальды өсулер, сүйек астының қалыңдауы, сіңірлердің ізбестенуі, әсіресе сүйекке бекіту орындарында, остеопороза  немесе остеосклероз типі бойынша сүйектердің өзгеруі. Флюороз диагнозы қанқаның үш және одан да артық бөлітерінде флюороз үшін патогномикалық өзгерістерді анықтауда қойылады. Олар әдеттегі жағдайларда ізбестенумен және эндо және сүйекқап тарапынан сүйектің жаңа түзілуімен генерализацияланған жүйелік остесклерозға дәлел болады. (білек және жілінішік байламдары). Процесс жүйелік сипатқа ие, бірақ көбіне омыртқа, жамбас, қабырға, жауырын зақымданады.
·               риноскопия – шырыштының атрофиялық және субатрофиялық өзгерістері, жара немесе оның перфорациясына шығумен бөгеттер, мұрын шырышының беткі эрозиялары мүмкін;
·               төс қуысы мүшелерінің рентгенографиясы – өкпелердің медиалды орта аймақтарындағы біркелкі-айқын перибронхиальды, периваскулярлы пневмофиброз;
·               спирография  –  рестриктиті типті, обструктивті немесе аралас тип бойынша өкпелердің желдету функциялары бұзылуы мүмкін; 
·               фибробронхоскопия – диффузды сипаттағы шырышты бронхылардың атрофиялық өзгерістері;
·               эзофагогастродуоденоскопия – дистрофиялық өзгерістер: шырышты асқазан және өңештің субатрофиялық, атрофиялық, гипертрофиялық өзгерістері; 
·               гепатодуаденальды аймақты ультрадыбыстық зерттеу  –  бауырда дистрофиялық өзгерістер, гепатомегалия мүмкін;
·               электрокардиография – вольтаж төмендеуі мүмкін, әсіресе Т тісі, QR кешенін кеңейту, Q-T ұзарту, жүрек іші өткізгішін баяулату;
·                доплер-эхокардиография – гипертрофия және/немесе  оң қарыншаның дилатациясы, допплерэхокардиографиялық зерттеуде өкпе артериясында орта қысым мүмкін;
·               электроэнцефалография – ритмдік белсенділікпен қайта ұйымдастыру, полиритмді электр белсенділігімен немесе дизритмиямен сипатталатын бас мидың биоэлектр белсенділігінің айқын диффуздық өзгерістері;
·               бастың магистралды артериясын УДДГ – экстравазалды компрессия, ВСА бассейні тамырларының бүгілмелігі, бас миы тамырларының атеросклероз белгілері мүмкін.

Қосымша диагностикалық іс-шаралар:
·               қан сарысуындағы темірді анықтау – қан сарысуындағы темір құрамы азаюы мүмкін
·               КФК – деңгей артуы мүмкін;
·                қанның газды құрамын анықтау – тыныс алу жеткіліксіздігін бағалау үшін: оттегімен қанығу деңгейі (сатурация), артериалды қандағы оттегінің парциалды кернеуі төмендеуі мүмкін;
·               холинэстераза белсенділігі  –  белсенділік төмендеуі мүмкін;
·               электромиография және электронейромиография – жүйке жүрісі бойынша өткізгіштік, қоздырғыштық төмендеуі мүмкін;
·               остеоденситометрия – ұзын түтікті сүйектерді минерализациялау көрсеткіштерін ұлғаюмен сипатталады.

Амбулаториялық кезеңдегі диагностикалық алгоритм: 

 

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі:
Белгі
 
Фтор қосылыстарымен созылмалы улану
 
Созылмалы  обструктивті бронхит
 
Алкогольдік гепатит Созылмалы анкиколилеуші спондилоартрит
Фтор қосылыстарымен кәсіби байланыс ШРК аспайтын конц, фтор қосылыстарының әсері шарттарындағы жұмысты көрсету ауаның шаңдануы, шылым шегудің ұзақ айғағы
 
гепатоуытты заттармен байланысты кәсіби қызметіне нұсқаулардың жоқтығы Фтордың уытты қосылыстарымен байланыстың жоқтығы
Зиянды әдеттер Тән емес Шамадан тыс шылым шегу Алкоголді шамадан тыс қолдану Тән емес
Дебют Мәнге ие емес әдетте 40 жастан көп.
 
Әдетте орташа жас Әдетте кіші жаста прогрестелумен
Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы
 
 
 
 
•      шырышты, іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтел, мұрынның бітелуі, мұрындағы дызылдау және ауырсынулар, қиындаған тыныс алу, кейде тұншығу ұстамалары. ентігу (аурудың ерте белгісі болуы мүмкін), жөтел таңертеңгі уақытта, құрғақ немесе қиын бөлінетін шырышты, шырышты-іріңді қақырықпен •    Тән емес Тән емес
Жүйке жүйесінің зақымдануы
 
Астениялық, астено-невротикалық синдромның дамуы
бұлшықеттер парестезиясы, гиперестезиясы немесе гипестез,
Тән емес абстинентті синдром;
бауыр энцефалопатиясы (жүйке-бұлшықетті және психикалық бұзылулар)
 
Тән емес
Асқазан-ішек жолының зақымдануы
 
 қыжыл,  ауыздағы күйік дәм, асқазандағы мерзімді аурулар, оң қабырға астындағы ауырлық, сипатына және тағам қабылдауға қарамастан,  
 
Тән емес
ағымның сарысулық нұсқасы;
қабырға астындағы ауырсыну сезімдері айқын әлсіздік, анорексия, құсу, лоблу, диарея, арықтау;
тегіс бетпен гепатомегалия
 
Тән емес
Сүйек жүйесінің зақымдануы Остеопороз, остеосклероздың дамуы Тән емес Тән емес  Ірі буындардағы анкилозирлеу «бамбук таяқ»  қалыпты рентгендік картинасымен омыртқа байламдарының ізбестенуі
Зертханалық көрсеткіштер тарапынан өзгерістер зәрдегі фтордың жоғары құрамы, гипокальциемия, гипогликемиядағы тенденция,
лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз, ретикулоцитоз,               гемоглобин деңгейінің төмендеуі, диспротеинемия,  АЛТ, АСТ, ЩФ, КФК деңгейінің артуы, холинэстераза белсенділігінің төмендеуі.
Таяқшалы ядролы жылжумен нейтрофильді лейкоцитоз және  ЭТЖ төмендеуі  - аурудың асқыну белгісі;
тұрақты ағымда маңызды өзгерістер байқалмайды;
 
билирубиннің маңызды көтерілуі, АЛТ үстінде АСТ асуына тән трансаминазды белсенділік;
ЩФ және γ-ГТ, триглицеридтер, холестерин, А класты иммуноглобулин белсенділігінің артуы.
Мерзімді жылдамдатылған ЭТЖ

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Режим: III.
Диета: № 5стол.

ЕДШ:
·               тыныс алу жаттығулары – шырышты бронхылардың қорғаныш қасиеттерін арттырады, бронхылардағы іркілуді жоюға көмектеседі;
·               төс қуысын уқалау – тыныс алу мускулатурасына әсер ете отырып, дем шығарудың күшеюіне, бронхылардың кеңеюіне, қан айналу функцияларының жақсаруына жағдай жасайды.
·               Щербак №10 бойынша гальваникалық жаға – рефлекторлы бас миының трофикасы және қан айналымы жақсарады, сондай-ақ ішкі мүшелер тобының функциясына оң әсер етеді;
·               ионофорез  10% магний сульфаты ерітіндісімен – спазмолитикалық, тыныштандырушы, дірілге қарсы әрекет етеді, ұйқыны реттейді;
·                ине рефлексті терапиясы – сопақша мидағы тыныс алу орталығын стимуляциялайды, қан формуласын жақсартады, гормоналды фонды, айналым процестерін қалпына келтіреді,тамырлы тонусты тұрақтандырады, иммунитетті және инфекцияларға резистенттілікті арттырады, седативті және антидепрессивті әрекет етеді;
·               электро ұйқы – жоғары жүйке қызметін қалпына келтіруге жағдай жасайды, седативті және ұйықтататын әсер етеді;
·               магнитолазеропунктура – шеткі, аймақтық және орталық қан айналымды жаақсартады, ауырсынуды басатын әрекет көрсетеді, тіндер трофикасын жақсартады, нейрогуморалды тұрақтануды және бұзылған иммундық процестерді қалпына келтіреді;
·               эуфиллинмен, хлорлы кальциймен электрофорез – қақырықтық бөлінуінің жақсаруына және сұйылуына, бронхылардың құрғату функцияларын жақсартуға жағдай жасайды;
·     төс қуысы УФО  – қабынуға қарсы әсер етеді, сыртқы тыныс алу функциясын жақсартады, иммуностимуляциялаушы әсер етеді;
·       амбробене, шөптермен  ингаляциялар – қақырықтың бөлінуінің жақсаруына және сұйылуына, бронхыларды құрғату функцияларының жақсаруына жағдай жасайды.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу
·               уытсыздандыру терапиясы бос радикалдардың уытты әсерінен жасушаны қорғауға жағдай жасайды, экзогенді уытты қосылыстарды зарарсыздандырады;
·               орталық әрекетті тамырлылар, тіндік метаболизмді жақсартатын, мидың когнитивті функцияларын жақсартатын препараттар;
·               иммунитет, арнайы емес резистенттіліктің көрсеткіштерін қалпына келтіруге арналған антиоксидантты терапия;
·               анксиолитикалық терапия – дабыл жағдайын, ұйқының бұзылуын, шеткі бұзылуларды жояды;
·               созылмалы бронхит болғанда: муколитикалық, бронхолитикалық терапия
·               уытты гепатитте және өт шығару жолдарының дискинезиясында – бауыр және өт жолдарын емдеуге арналған препараттар, созылмалы панкреатит құбылыстарында – толықтырушы ем;
·               асқазан-ішек жолының эрозиялы-жаралы зақымданулары болғанда –антисекреторлық препараттар;
·               полиневритті синдромда – қабынуға қарсы терапия, ағзада кальциді сіңіруді жақсартатын құралдар, ағзадағы кальций алмасуды реттеу үшін микроциркуляцияны жақсартатын құралдар 
·               алмасу процестерін жақсарту үшін- дәруменмен емдеу

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:
·               декстроза;
·                натрий хлориді;
·                ретинол ацетат/пальмитат+Токоферол ацетат;

Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (жетекші синдромға байланысты):
·               ипратропия бромиді және фенотерол гидробромиді   
·               теофиллин;                                                         
·               ацетилцистеин;
·               урсодезоксихолды қышқыл;
·               фамотидин;
·               омепразол
·               пентоксифиллин;
·               кальций карбонаты және холекальциферол
·               аскорбин қышқылы
·               тиамин
·               пиридоксин
 
Негізгі дәрілік заттар:

Р/с Дәрілік заттар Қолдану тәсілі ДД
 
Дезинтоксикациялық құралдар
1 декстроза т/і там. 500,0 В
2 натрий хлориді т/і там. 500,0 С
Антиоксиданты
3 токоферол ацетаты немесе ретинол ацетат және токоферол 200мг  капсулада С
 
Қосымша дәрілік заттар:

Р/с Дәрілік заттар Қолдану тәсілі ДД
Бронходилататорлар
1. ипратропия бромиді және фенотерол гидробромиді Ингалятор С
2. теофиллин Табл. С
Муколитикалық құралдар
3. ацетилцистеин ұнтақ, табл. 200 мг В
Өт жолдары және бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар
4. урсодезоксихол қышқылы капс. 250мг А
Н2 гистаминді рецепторлар блокаторлары
5. фамотидин табл. 40мг В
Ингибитор Н++-АТФ-азы.
6. омепразол табл. 20 мг В
Ангиопротекторлар
7. пентоксифиллин т/і кап. 5,0 мл В
Кальций препараттары
8. кальций карбонаты
холекальциферол
табл. С
Дәруменмен емдеу
9. аскорбин қышқылы т/і, 5,0 С
10. тиамин б/і, 1,0 С
11. пиридоксин б/і, 1,0 С
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу: стационарлық деңгейдi қараңыз.
 
Емдеу қауіпсіздігі және тиімділік индикаторлары: стационарлық деңгейдi қараңыз.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Стационарлық деңгейде бастапқы науқастар үшін диагностикалық алгоритм


Дәрі-дәрмексіз емдеу: амбулаториялық деңгейдi қараңыз 
 
Дәрі-дәрмектік емдеу

Негізгі дәрілік заттар:

Р/с Дәрілік заттар Қолдану тәсілі ДД
 
Уытсыздандыру құралдары
1 декстроза т/і там. 500,0 В
2 натрий хлориды т/і там. 500,0 С
Антиоксиданты
3 токоферол ацетаты
немесе ретинол
200мг  капсулада С
 
Қосымша дәрілік құралдар:

Р/с Дәрілік заттар Қолдану тәсілі ДД
Бронходилататорлар
1. ипратропия бромид және фенотерол гидробромиды Ингалятор С
2. теофиллин Табл. С
Муколитикалық құралдар
3. ацетилцистеин ұнтақ, табл. 200 мг В
Бауыр және өт жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар
4. урсодезоксихол қышқылы капс. 250мг А
Н2 гистаминді рецепторлар блокаторлары
5. фамотидин табл. 40мг В
Ингибитор Н++-АТФ-азы.
6. омепразол табл. 20 мг В
Ангиопротекторлар
7. пентоксифиллин т/і кап. 5,0 мл В
Кальций препараттары
8. кальций карбонаты
холекальциферол
табл. С
Дәруменмен емдеу
9. Аскорбин қышқылы т/і, 5,0 С
10. Тиамин б/і, 1,0 С
11. Пиридоксин б/і, 1,0 С
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу

Профилактикалық іс-шаралар:
Бірінші профилактика:
·               этиологиялық факторларды жою: шаңды басу, жеке қорғау құралдарымен «Жұмыс берушінің есебінен санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және құрылғылар, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен және арнайы киім, арнайы аяқ киіммен жұмыс берушілерді қамтамасыз ету ережелеріне» сәйкес қамтамасыз ету, ҚР ДСӘДМ  бұйрығы 31.07.2007 ж. 4-п.;
·               алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерді сапалы және уақытылы өткізу мыналарға сәйкес:
·               Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы;
·   Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы.

Қайталама профилактика:
·               емдік-профилактикалық тамақтану – барлық деңгейлерде ағзаның функционалдық резервтерін арттырады, уытсыздандыру және элиминацияның табиғи механизмдерінің тиімділігін арттырады. «Жұмыс беруші есебінен емдік-профилактикалық тамақтану және сүтті жұмыскерлерге беру нормалары және ережелері» сәйкес, ҚР ДСӘДМ 31.07.2007 №184-п.;
·               бронхыларды құрғату фунцияларын жақсарту: қақырту препараттарын қабылдау (бромгексин);
-              антиоксиданттарды қабылдау;
-              шылым шегуден бас тарту; емдік-профилактикалық тамақтану – ас минералды суын қабылдау,  уытсыздандыру және элиминацияның табиғи механизмдерінің тиімділігін арттырады, барлық деңгейде ағзаға фунционалдық резервтерді арттырады; 
-              бос радикалдарды зарарсыздандыру және ағзаны олардың теріс әсерінен тазарту, сондай-ақ тамақтану рационын қосымша байыту мақсатымен полидәрумендерді қабылдау;
-              құрғақ жылы ауалы аймақтардағы санаторлық-курорттық емдеу;
-              ауыру синдромы, бронхоспазма, қабыну құбылыстарын алуға бағытталған ЕДШ, тыныс алу гимнастикасы, төс қуысын уқалау
-              ӨСОА асқынуларының алдыну алу үшін тиімді – тұмау пневмококк және гемофильді таяқшадан екпе.
 
Хаттамада сипатталған диагностика және емдеу әдістерінің қауіпсіздігі және емдеу тиімділігінің индикаторлары.
Өмір сапасын жақсарту:
·               клиникалық-зертханалық және функционалдық көрсеткіштерді қалпына келтіру
Өмір сапасын жақсарту: 
·                клиникалық-зертханалық және функционалдық көрсеткіштерді қалпына келтіру;
·               бронхылы-обструктивті синдромды тоқтату;
·               ауыру синдромын тоқтату;
·                гемодинамиканы тұрақтандыру.


Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Национальное руководство по профессиональным заболеваниям. Под ред. Н.Ф. Измерова - М.: издательская группа «ГЕОТАР- Медиа», 2011г.- С.356-410. 2) Профессиональные заболевания. Руководство для врачей /под ред. Кулкыбаева Г.А., «Гылым», Караганда-Алматы, 2001г., С. 73-112 3) Окороков А.Н. Диагностики болезней внутренних органов. Москва,2002, т. 6 4) Окороков А.Н. Лечение болезней внутренних органов. Витебек «Белмедкнига», 1997, т. 1, 3. 5) Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система). Выпуск XI. — М.: «Эхо», 2010.— 944 с. 6) «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы; 7) «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы; 8) «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы; 9) «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығы; 10) «Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374 бұйрығы (бұдан әрі – №374 бұйрық); 11) «Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығы; 12) «Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығы; 13) Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесімен бекітілген «Өндірістік орта факторлары зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың және сыныптаудың гигиеналық критерийлері» ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық нормалау басқармасының нұсқаулығы (ҚР АДЗ тіркеу нөмірі № 1.04.001.2000, 30.11.2000ж). 14) Глобальная стратегия диагностики, лечения и профилактики хронической обструктивной болезни легких. Пересмотр 2011 г. Перевод с английского, Москва, Российское респираторное общество, 2012, 82 с. 15) Jana Buchancová, Hubert Poláček, Henrieta Hudečková, et all Skeletal fluorosis from the point of view of an occupational exposure to fluorides in former Czechoslovakia // https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC2993488/ 16) D Raja Reddy Neurology of endemic skeletal fluorosis // Neurology India 2009 .- V.57. - 1.- P. 7-12 17) Information notices on occupational diseases: a guide to diagnosis // European Commission, 2009, 282 с. 18) International Labour Office (ILO). List of Occupational Diseases (revised 2010), Geneva, International Labour Office, Geneva, 8 с. 19) Мамырбаев А.А. Фтор и его токсикология, 1990г. 20) http://www.bohrf.org.uk/downloads/asthevre.pdf 21) Guidelines for the prevention, identification and management of occupational asthma : evidence review and recommendations

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1) Аманбекова Айгул Үкенқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК клиникалық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, ҚР ДСМ бас штаттан тыс профпатологы, Республикалық профпатологтар ассоциациясының төрағасы.
2) Бойко Любовь Александровна –ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК кәсіби терапиясының жоғары санатты дәрігер- профпатологыы.
3) Асқаров Қ.А. – медицина ғылымдарының  кандидаты, доцент, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры.
4) Ибраева Айнагүл Серікқызы – консультациялық-диагностикалық бөлімшенің дәрігер неврапатологы
5) Кранина Елена Николаевна – ҚР ДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің дәрігер рентгенологы.
6) Отарбаева Марал Балтабайқызы – медицина ғылымдарының докторы, доцент, Республикалық профпатологтар ассоциациясының хатшысы.
7) Юхневич Екатерина Александровна – медицина ғылымдарының  кандидаты, ҚарММУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының доценті.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1) Қойгелдинова Шолпан Серкебайқызы – медицина ғылымдарының докторы,     №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх