Ерте жасырын мерез

H-Т-023

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Ранний сифилис скрытый (A51.5)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Мерез
– бұл иммундық тұрақсыздықпен мінезделіп, бозғылт 
трепонемамен шақырылатын, клиникалық симптомдардың кезеңдік мінездемесімен бірге, барлық ағзалар мен жүйелерді зақымдауға қабілетті, көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру.

Ерте жасырын мерез – зақымдалу уақытынан бастап аурудың клиникалық белгілерінсіз, инфекцияның 2 жылға дейінгі ұзақтығында, оң серологиялық реакциялармен жасырын ағымды қабылдайтын мерездің түрі.

 
Хаттама коды: H-Т-023 "Ерте жасырын мерез"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  А51.5 Ерте жасырын мерез

Жіктемесі


Жіктемесі:
А 51.    Ерте мерез.
А 51.0. Жыныс ағзаларының біріншілік мерезі.
А 51.1. Аналь тесігі аумағындағы біріншілік мерез.
А 51.2. Өзге орналасулардағы біріншілік мерез.
А 51.3. Тері жəне сілемейлі қабаттың екіншілік мерезі.
А 51.4. Екіншілік мерездің өзге формалары.
А 51.5. Ерте жасырын мерез.
А 51.9. Анықталмаған ерте мерез.

Қауіп-қатерлі факторлар


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Əлеуметтік-бейімделмеген адамдар; оң серологиялық реакциялармен жасөспірімдерді уақытша оқшаулау, беймдеп қалпына келтіру. Орталықтарынан жеткізілген кəмелет жасына толмағандар (ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттіктің 2001 жылдың ақпанындағы №695 «О Жыныстық жолмен берілетін аурулармен күрес шараларын жетілдіру туралы» заңына сəйкес).
2. Оң серологиялық реакциялармен ұйымдасқан ұжымдарда жұмыс істейтін тұлғалар.

Жоспарлы госпитализациялау алдындағы тексерулердің қажетті көлемі :
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Глисттердің жұмыртқасына нəжіс.
4. Флюрография.
5. Вассерман реакциясы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез
Анамнез деректері: соңғы екі жылда антибиотиктер мен 
басқа антибактериалдық препараттарды, гемотрансфузия жəне басқаларды қабылдау, өткен жылдары кездейсоқ жыныстық қатынастардан кейін, бөртпелі жалақ жара элементтерінің, ойық жаралардың болуы; сыртқы тексерулер нəтижелері.
 
Физикалық тексеру: екіншілік қалдық элементтер - тыртықтар, дақтар, шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі.
 
Инструменталдық зерттеулер: жоқ.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: жоқ.
 
Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі диагностикалық қызметтер тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. ВИЧ-ке қанды зерттеу (ҚР ДСМ 1999 жылдың 18 наурызындағы 89 жəне ҚР ДСМ 2002 жылдың 11 маусымындағы 575 «Тұлғаларды ВИЧ инфекциясына куəландыру ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сəйкес – науқастың келісімімен анықталған мерез, соз ауруы, хламидиоз диагноздарымен науқастар ВИЧ инфекциясына куəландырылуға жатады).
4. ИФА-НВsAg.
5. Иммуноферменттік анализ (ИФА).
6. Иммунофлюоресценция реакциясы.
7. Глисттердің жұмыртқасына нəжіс.
8. КСР.

Қосымша диагностикалық қызметтер тізімі:
1. Көрсетімдер бойынша терапевт консультациясы.
2. Көрсетімдер бойынша офтальмолог консультациясы.
3. Көрсетімдер бойынша отоларинголог консультациясы.
4. Соз ауруына, трихоманиазға жəне ашытқы саңырауқұлақтарға жағындыларды зерттеу.
5. Көрсетімдер бойынша ИФА хламидиоз.
6. Иммунограмма.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
1. Оң серологиялық реакциялар (Вассерман реакциясы, иммунофлюоресценция реакциясы, бозғылт трепонеманы иммобилизациялау реакциясы, иммуноферменттік анализ, пассивтік гемагглютинация реакциясы).
2. Антибиотикотерапия басталғаннан кейінгі Герксгеймер-Яриш реакциясы (дене қызуының көтерілуі).
3. Өзіндік ерекшелігі бар мерезге қарсы емнің барысында серологиялық реакциялардың салыстырмалы тез негативі.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Дəрі-дəрмектік ем
Этиотроптық терапия:
1 Əдістеме: Терапия суда еритін пенициллинмен жүзеге асырылады - 1 млн. ЕД 20 күн бойы əр 6 сағат сайын тəулігіне 4 реттен.
2: Əдістеме: (тек қана аса сезімталдылықта қолданылады, пенициллин, сонымен қатар цефалоспорин қатарының антибиотиктері):
-  
30 күн бойы тəулігіне 3 рет əр 8 сағат сайын 0,1 г доксициклин қолданылады, курсқа 9 г;
 30 күн бойы тəулігіне 4 рет əр 6 сағат сайын 0,5г тетрациклин, курсқа 60 г;
-  30 күн бойы тəулігіне 4 рет əр 6 сағат сайын əр қабылдауға 0,5г эритромицин, курсқа 60 г;
3 Əдістеме: Цефазолин 1,0 г əр 4 сағат сайын тəулігіне 6 рет, 28 күн бойы;
4 Əдістеме: Цефтриаксон 1,0 х 1 рет күніне, күнара бұлшықетке, курстық дозасы 10,0 гр.

Ішек дисбактериозының алдын алу үшін сағырауқұлаққа қарсы терапия тағайындалады, итраконазол оралды ерітінді 200 мг 2 р\тəулігіне, 21 күн бойы немесе флуканозол 150 мг 3 күнде 1 рет - 2-3 курс.
 
Организмнің бейспецификалық реактивтілігін арттыру үшін аутогемотерапия тағайындалады, күнара, мына схема бойынша: 2,0-4,0-6,0-8,0-10,0-10,0-8,0-6,0-4,0-2,0.

Ерте жасырын мерез диагнозын қою кезінде (серорезистентті) келесі схема бойынша ем ұсынылады: №1 əдіс жəне цефтриаксон 1,0 – күніне 1 рет, 10 күн бойы, курсқа 10,0 г.
 
Әрі қарай жүргізу: өзіндік ерекшелігі бар ем қабылдаған науқастар үш жыл бойы клиникалық серологиялық бақылауға жатады, сонымен қатар 3 айда 1 рет кезеңділікпен Вассерман реакциясына қан тапсырады.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Бензилпенициллин. пор д/и 1000000 ЕД, фл.
2. *Цефазолин 1 г, фл.
3. *Ампициллин 1 г, фл.
4. *БензатинбензилпенициллинG 2,4 млн ЕД, фл.
5. *Бензилпенициллиннің новокаин тұзы 600000 ЕД, фл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Доксициклин 100 мг, табл.
2. *Эритромицин500 мг, табл.
3. *Азитромицин 500 мг, капс.
4. *Тетрациклин100 мг, 200 мг, табл.
5.  Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
6. *Флуканозол 150 мг, табл.
7. *Цефтриаксон 1 г, фл.
8.  В, С топтарының витаминдері.
9.  Иммуномодуляторлар: метилурацил 500 мг табл, циклоферон амп.
10. Биостимуляторлар: алоэ, шыны дене амп.

Ем тиімділігінің индикаторлары: емнің өзіндік ерекшелігі бар толық курсы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындауға пайдаланылған əдебиеттер: 1. Syphilis National Guideline Clearighouse www. guideline.gov. 2. 2002 national guidelines on the management of early syphilis. National Guideline Clearighouse www. guideline.gov. 3. Кожные и венерические болезни. Руководство для врачей. В двух томах. Под редакцией Ю.К.Скрипкина, В.Н. Мордовцева.- М., Медицина, 1999. 4. Лечение и профилактика сифилиса (методические рекомендации). Научно- исследовательский кожно-венерологический институт. Астана, 2004г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Альменова Л.Т., ҚР ДСМ ТВ ҒИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх