Безеу ауруы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Угри (L70)
Дерматовенерология

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған 

Безеу (синонимі акне) – терінің полиморфты, қабынған ауруы болып келеді және көбнесе бетінде (99% жағдайларда), сирек арқа, кеудеде шығады сәйкес себорея фонында.  

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
L 70 Безеулер
L 70.0 Қарапайым безеулер
L 70.1 Шартәріздес безеулер
L 70.2 Шешектәріздес безеулер
L 70.3 Тропикалық безеулер
L 70.4 Балалар безеулері
L 70.5 Acne excariee des jeunesfilles
L 70.8 Басқа да безеулер
L 70.9 Нақтыланбаған безеулер
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:

РКЗ Рандомизироленген клиникалық зерттеу
ТВД Тері-венерология диспансері
ДД Дәлелділік дәрежесі
ХПА Халықаралық патенттелмеген атауы
ФЫГ Фолликула ынталандырушы гормон
ЛГ Лютеинизирленетін гормо́н
ДГЭА Дегидроэпиандростерон
Мл Миллилитр
Мг Миллиграмм
ҚЖТ Қанның жалпы талдауы
ЗЖТ Зәрдің жалпы талдауы
ЖГКС Жүйелік глюкокортикостероидтар
БПО Бензоила  пероксид
ДСИ - Дене салмағының индексі
ҚІҚК - Қоспалы ішке қабылдайтын контрацептивтер
SAHA-
синдром
- Симптомды кешен себорея, акне, гирсутизм, алопеция
КФК - креатининфосфокиназасы
АЛТ - аланинаминотрансферазасы
АСТ - аспартатаминотрансферазасы
ТГ - триглицеридтер
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, терапевт, педиатр, дерматовенеролог.
 
Пациенттердің санаты: балалар, ересектер.
 
Дәлелділік дәрежесінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Жіктеме [1,2,4]:

Негізгі жіктелуіне ауырлық дәрежесі бойынша безеулердің бөлінуі жатады:
·          Комедоналды безеулер– комедондар (ашық және жабық);
·          Жеңіл немесе бірқалыпты панулопустулезды безеулер – камедондар, папулалар және 5 дейінгі пустулдар;
·          Ауыр папулопустулезды немесе бірқалыпты түйінді безеулер – камедондар, папулалы-пустулезды бөртпе, 5 түйінге дейін.
·          Ауыр түйінді немесе конлобатты акне – көптеген ауыратын түйіндер және өсінділері қалыптасқан дерманың терең қабаттарында көзге көрінетін қабыну реакциясы.

Жіктелуі қабыну элементтерін есептеуде негізделген: папулдар, пустулдар, түйіндер және ауырлық дәрежесін жоғары бағалануы болып саналады.

Сонымен қатар акненің клиникалық түрлері де таралған:
·        Жаңа туылған балалардың безеулері;
·        Нәрестелердің безеулері;
·        Жасөспірім безеулері;
·        Кеш безеулер;
·        Fulminans безеулері;
·        Грамотеріс фолликулит;
·        Механикалық безеулер;
·        Маулы, шайырлы безеулер:
·        Хлоракне;
·        Эксрориирленген безеулер;
·        Тұрақты безеулер, олар генетикалық немесе ятрогенді эндокринопатиямен байланысты (ересектер безеулері: арқада шоғырланған, әйелдердегі постювинилді безелеулер, постменопаузалы, әйелдерде маскулинизация синдромы; аналық безінің поликистозы, жүктілердің андролютеома, ерлерде андрогендердің артық болуы, допингті, ер жыныстағы бойы тым ұзын жасөспірімдердегі тестостерон-индуцирленген кенет безеулері);
·        Фавр-Ракушо ауруы;
·        Акне-келоид.

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [1-3]

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар және анамнез:
Шағымдар:
·          Ауыратын бет, мойын, кеуде, арқа терісінде, бастың шашты бөлігіндегі бөртулер;
·          Оқу орындарын, қоғамдық жерлерге барудан бас тарту, көңілсіз көңіл күйі.

Анамнез:
·          Жаңа туылған балалардың безеулері туылғаннан кейін бірінші апталарда пайда болады;
·          Нәрестелердің безеулері 6-9 айында пайда болады;
·          Жасөспірімдер безеулері 11 жас және одан да жоғары жаста пайда болады.
·          Кеш безеулер 25 және оданда жоғары жаста пайда болады немесе жасөспірімдер безеулерінің өтіп кетуі болады;
Әдетте, ауру бойынша ауырлаған тұқым қуалайтын анамнез және/немесе тұқым қуалайтын негізделген гиперандрогения анықталады.

Физикалық зерттеп-қарау:
·          Неонаталды немесе сәби безеулері бет терісінде пайда болады.
·          Жасөспірімдер безеулері Т-белдемде (маңдай, мұрын, иек) пайда болады.
·          Кеш безеулер U-белмдемде пайда болады  (иек, төменгі жағы, мойын).
Кейін бөртпелер басқа учаскілерге де таралып кетуі мүмкін.
Бастамалы алғашқы морфологиялық элемент қабыну элементі болып келмейді: микромедондар ашық, қара нүктелі және/немесе жабық, ақ. Маңдай, мұрын және бет, иек терісінде шоғырланады.
Қабынбаған элементтер кейін беттік қабыну элементтеріне айналады: папулдар, пастулдар, олар өз кезегінде ауыр дәрежелі ауырлықта терең, қабынған, ауыратын түйіндерге, өлшемі > 1 см дейін айналады. Түйіндер өсінділерге айналып, шар тәріздесбезеулердің түзілімдерімен қосылуы, абсцедирленіп, өзара терең жаралы жолдарды түзеуі  мүмкін. Кең және сиқы бұзылған беттің айналуына әкеледі. Екнішілік морфологиялық элементтер келесімен берілген: іріңді және іріңді-гемаррагиялық қабықтар, постқабынған гиперпигментацияның дақтарымен, атрофикалық тыртығымен, сирек келоидті тыртықтарымен, постакне тыртықтары әдетте аномальды және домаланған, шаршылы, кіріп кеткен фибротикалық және «мұз кесектері» типіне бөлінеді.
Goodman, 2011.

Акненің экскориирленген нысанына алғашқы қабыну элменттерінің шамалы саны және геморрагиялық қабықтарының таралуы тән.  
 
Механикалық акне үшін теріге механикалық әсер ету орындарында ашық және жабық комедондар, папулопустулдар сипатты: мысалы шлем, бас киім, шаш,  байлауыш астында. 
 
Аспаптық зерттеулер: жоқ.
 
Зертханалық зерттеулер:
·          Қанның жалпы талдауы: ЭТЖ жоғары және нейтрофильді ысырмасы бар лейкоцистоз болуы мүмкін.
·          Зәрдің жалпы талдауы: өзгерістер болмауы керек.
·          Қанның биохимиялық талдауы: көрсеткіштер.
·          Преципитация микрореакциясы (14 жастан жоғары): теріс нәтиже.
·          Гельминттер және қарапайымдыларға үлкен дәретті зерттеу (14 жастағы балаларға дейін): теріс нәтиже.
·          Фульминаты акнесі бар науқастардың ревмосынамасы – көрсеткіштер мәнінің жоғарлауы: С-реактивті ақуыз, антистрептолизин О. ревмотоидты факторы теріс.
 
Изотретиниодты тағайындаудын алдында және оны қабылдау процесінде әр 4-6 апта сайын [УД – В]:
Биохимиялық қан анализі: АЛаТ, АСаТ, холестеринді,   триглицеридтерді, креатининфосфокиназдарды (спортшылар үшін) анықтау: изотрестиноидты қабылдау алдында барлық көрсеткіштер нормада болуы тиіс.

Жүктілікке тест:  изотрестиноидты қабылдау алдында, қабылдаудың барлық кезеңдерінде және қабылдау аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде теріс болуы тиіс.

Гормоналды статусты зерттеу [УД – А]:
·          Кеш акнесі бар ер адамдар үшін, классикалық терапияны өткізуіне қарамастан;
·          Кеш акнесі бар әйел адамдар үшін: ҚІҚК қабылдамайтын, етекір циклінің 2-4 күніне.
·          SAHA-синдромы (гирсутиз, акне, себореялы алопеция, себорея) немесе еттекір циклі бұзылған, ҚІҚК қабылдамайтын жасөспірімдер акнесі бар бойжеткендер үшін етеккі циклінің 2-4 күніне.
·          Жаңа туылған балаларда, безеулер 16-24 апта бойы сақталған және/немесе 3-7 жаста акне пайда болған балаларда.
·          ФЫГ; ЛГ, ЛГ/ФЫГ индексін ескере отырып, пролактин, еркін және байланысқан тестостерон, жыныс стероидтарын байланыстырған глобулин, ДГЭА-сульфаттар, эстрадиол, етеккір циклінің 20-22 күніне 17-КС  - прогостерон.
·          Дене салмағының индексі 25 асатын науқастар үшін гликозирленген гемоглобин.
Қан танертен 8.00-ден 9.00 аралығында алынуы тиіс.
Жоғарыда аталған кез келген зертханалық тесттерде қателіктер болуы мүмкін.
 
Demodex folliculorum кенелеріне пустулдар құрамының микроскопиялық диагностикасы – безеулердің қабынған түріне ұшыраған науқастардың 30% кездесуі мүмкін[21].

Акнесі бар пациенттерге микробиологиялық күнделікті диагностика ұсынылмайды, ол келесі жағдайларда жүргізіледі:
·          Грамм-теріс фолликулиттерге күдік болған жағдайда;
·          Антибиотикорезистенттерге күдік болғанда;
·          Акненің абсцедирленген түрінде сезімталдылықты анықтау кезінде.
 
Мамандарының консультациясы үшін көрсетілімдер:
·          Терапевтің консультациясы – сәйкес аурудың белгілері болған жағдайда;
·          Гинекологтың консультациясы – етеккір циклінің бұзылуы немесе басқа да көрсеткіштер болған жағдайда.
·          Психотерапевт консультациясы – оқу орындарын, қоғамдық орындарына баруға бас тарту, көңілсіз көңіл күйде, дисморфофобия  кезінде.
·          Эндокринологтың консультациясы - SAHA-синдрома көрсеткіштері болған, зертханалық талдауларда гормоналды профилдің өзреуінде, дене массасының индексі 25 асқан кезінде acantosisnigricans.

Диагностикалық алгоритм:

Пациент
Ауыр папулопустелезды немесе қалыпты түйінді безеулер Ауыр түйінді, конглобатты, іріңдік фульминантты безеулер Неонаталды және нәресте безеулері, емдеу кезінде немесе 3-7 жаста 16-24 аптадан аспайды SAHA-синдром, мускулинизация, етеккір циклі бұзылған әйел Әйел және ер адамның кеш акне Изотеримді қабылдау жоспарлаған Дене салмағының индексі >25 жоғары және/немесе acantosis nigricans
Demodex кенесіне сбөртпелерді тексеру ҚЖТ, ЗЖТ, антибиотиктерге микробиологиялық сезімталдылығы, буын ауруларында ревмосынамалар, R-графия немесе МРТ Ер адам және балаларға кез келген уақытта, әйелдерге етеккір циклінің 2-4 күніне, ФЫГ, ЛГ, ФЫГ/ЛГ индексі, пролактин еркін және байланысқан тестостерон, глобулиндер, жыныстық стероидтарды байланыстырғыш, ДГЭА-сульфат, эстрадиол,  17-КС, еттек циклінің 20-22 күніне - прогестерон АЛТ, АСТ, ТГ, холестерин, спротшыларға терапия барысында КФК АЛТ, АСТ, ТГ, холестерин Гликозирленген гемоглобин
 

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі [1-5, 13, 14]:
Диагнозы Диффренциалды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеулер Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Розацеа
папуло-пустулезді саты
Персистрленген қызыл-көк тұрақты эритема және телеангиэктазия  аясында персистенцияға ұшырайтын өлшемдері 3-5 мм болатын қызғылт-көп папулалардың түзілуі. Demodexfolliculorum кенесін анықтау үшін пустул құрамының микроскопиясы Атрофиялық тыртықтар
Периоралды дерматит Анық емес және кенет емес шектелген гипермия аясында ауыздың айналасында електен өткізілген дәннің түйіріндеу, сұр құрамды, нда үшкір пусталасы бар  түйіндердің пайда болуы. Лупа астынан тексеру Атрофиялық тыртықтар
Грам – теріс (негативті) фолликулит Ішқке қабылдайтын (негізінен тетрациклин) және топикалық антибиотиктерді ұзақ уақыт бойы қабылдайтын акнесі бар пациенттерде жеңілдік пайда болғаннан кейін емдеу аясында рецидив пайда болады. Бөртпелер гипермиямен қоршалған шектелген беттік пустулалардан құралады.
 
Мұрын немесе ауыз қуысында қоздырғыш ошағының болуына зерттеулер жүргізілу тиіс. Алдыңғы ұзақ мерзімді  жалпы немесе сыртқы антибиотикотерапияның жоқтығы
Стафилококты пиодермия. Вульгарлы сикоз Бет терісінде, қылды шашатардың өсу белдемінде миллиарлы пустулалардың пайда болуы және олар шашы өткен шаш фолукуласының ортасында орналасады. Лупа астынан тексеру Атрофиялық тыртықтар
Туберкулезді қызыл жегі Люпомдардың – өлшемі түйреуіштің басынан жасымыққа дейінгі, қоңыр-қызыл түсті, басқан кезінде «алма желесі» симпотомы пайда болатын төбешіктердің пайда болуы. Біріншіде төбешіктердер топталады, кейін тұтас инфильтратқа бірігіп, жараға айналады. Тері ішінен Манту сынамасы, кеуде қуысының шолулық  R-графия Поспеловтың терілік сынамасы,  диаскопия Атрофиялық тыртықтар
Дискоидті қызыл жегі Нақты шекаралары бар, инфильтрацияланған, тығыз отырған қабыршақтары бар әртүрлі өлшемді эритематозды ошақтардың пайда болуы.  Бенье – Мещерский симптомы, «әйел өкшесі» немесе «кеңсе шегесі» симптомдары   Атрофиялық тыртықтар
 

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [2,3,5,13-16, 18-20]: амбулаториялық емдеу жеңіл, орташа ауырлықпен жүретін немесе өлшемі 5 аспайтын түйінді бөртпелдері бар, бөртпелердің ошақталуына тәуелсіз асқыну кезеңінде, сонымен қатар неонатальды, нәрестелі акнесі бар, изотретиноинмен емдеуде жүрген пациенттерге көрсетіледі.

Дәрі-дәрмексіз емдеу [18-20]:
·          2 режим
·          № 15 стол сүт және сүт өнімдерін, технологиялық шоколадты, майларды, жеңіл сіңіретін көмсірсутектерді, қоздырғыш асты, тәттілерді, жаңадан сығылған жеміс сусындарын шектеу арқылы.  
 
Дәрі-дәрмекті емдеу:
Акненің терапевтикалық стратегиялардың принципиалды таңдауы екі негізгі критерийлардың талдауына негізделуі тиіс:
·          Тері үрдісінің ауырлық дәрежесіне;
·          Оның өту сипатына, бірақ аадекватты терапияны тағайындау емделушінің терінің түрін, жынысын, жасын, ілеспелі аураларды, алдыңғы жүргізілген емдеу әдістерінің тиімділігін, күрделіктерді, репродуктивті жоспарларды ескеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.  
 
Негізгі терапиялық тәсілдер:
1. Жергілікті терапия: безеу ауруының кез келген түрінде қолданылады. Монотерпияны жүргізу мүмкін.
2. Жүйелік терапия: безеу ауруының бірқалыпты және ауыр  түрлерінде қолданылады.
3. терапияның тиімділігін бағалау кезінде егер емдеуді бастағаннан 12 аптадан кейін ақаулықтар 50% дейін төмендегені немесе өмір сапасының жақсарғаны байқалмайтын болса онда терапияны ауыстырған жөн. 

Безеу ауруының терапиясында қолданылатын негізгі дәрілік заттар – таңдау препараттары:

Фармакологиялық топ Препараттың ХПА Шығару түрі Дозалау Пайдалану реттілігі Ескертпе
Жүйелік ретиноидтар(УД - А) Изотретиноин капсулалар 10 мг, 20 мг,
8 мг, 16 мг
Ауырлық дәрежесіне, дене салмағына, жасына байланысты сұлба бойынша жеке тағайындалады. Қарапайым мөлшерлеме немесе төмен мөлшерлеме сұлбасы бойынша
 
Акненің орташа ауыр және ауыр дәрежесінде, жүргізіліп жатқан терапияның қанағаттанарлық клиникалық тиімділігінің жоқтығында, дисмофорфобия, персистирленген өтуінде тағайындалады. Жүкті, емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.
Антибактериалды дәрі-дәрмектер (УД – А,В)  
Тетрациклиндік қатар тобы
Топикалық және жүйелік антибактериалды дәрі-дәрмектерді бірге тағайындау ұсынылмайды, әсіресе әртүрлі топқа жататын. Антибиотиктер папуло-пустулезды, түйінді-кистозды, абсцедирленетін екне түрлерінде, сонымен қатар сыртқы дәрі-дәрмектерден тиімділік болмаған жағдайларда тағайындалады. Орташа емдеу курсы 8-12 аптаны құрайды.
Тетрациклин таблеткалар 1 мг 2 таблетка тәулігіне 3-4 рет
Доксициклин Капсулалар, таблеткалар 50, 100, 200 мг. 1 таблетка тәулігіне 1 – 2 рет
 
Макролидтер және азалидтер тобы
Джозамицин
 
 
 
Эритромицин
 
 
Азитромицин
таблеткалар 500 мг 1 таблетка тәулігіне 2-3 рет
таблеткалар 200, 250 мг 4-5 таблеткадан тәулігіне   2 рет Акненің жүйелік антибактериалды терапияның жалпы көрсеткіштеріне бірге жүкті және емізетін әйелдерде қолданылады.
капсулалар 500 мг Тәулігіне 1 капсула
Цефалоспориндер тобы  
Цефалексин таблеткалар
 
250 мг, 500 мг Жасы бойынша мөлшерлемеде 7-10 күн Жүкті және де антебиотиктердің басқа топтарына аллергиясы бар пациенттерде балама ретінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар ауыр дәрежеді акненің абсцедирленген түрінде тағайындалады. 
Линказамидтер тобы  
Клиндамицин Түйіршіктер, капсулалар, ампула 150 мг., 1,0 мл Тәулігіне  1 тб – 4рет  
Сульфаниламидтер тобы  
Ко-тримаксазол таблеткалар
 
480 мг. 1 тб тәулігіне  – 2 рет  
Жүйелік антиандрогендер [6,7,8] 3 мг дросперинон + 20 мг этинилэстрадиола
 
таблеткалар
 
- Тәулігіне 1 таблетка Әйел адамдарда орташа ауырлықты акнені сыртқы терапиямен бірге емдеу үшін ұсыныоады. Тиімділікті бағалау қабылдау бастағаннан 6 айдан кейін жүргізіледі. Гормоналды антиандрогенді терапия акненің күрделі емес түрлерінің алғашқы монотерапиясы болмайды.
3 мг дроспиренон + 30 мг этинилэстрадиол таблеткалар
 
- Тәулігіне 1 таблетка
Жүйелік кортикостероидтер Преднизолон таблеткалар
 
0,005 мг 30 – 60 мг/тәу Қысқа курспен акненің фульминатты түрінде көрсетіледі. Ұсынылған мөлшерлемесі бірінші апта ішінде 1 мг/кг кейін мөлшерлемесін төмендете отырып. [10,11]
Триамцинолон Ампуладағы ерітінді 40 мг/мл  10 мг / мл немесе
40 мг/мл
 
Қабынған нодулокистозды безеулердің ошағына, акне – колидтардың ішіне енгізу арқылы
 
Сыртқы терапия (УД – А) Изотретиноин* Жақпа май 0,01%, 0,05%, 0,1% Тәулігіне 1 таблетка, түнге қарай Топикалық ретиноидтардың кері әсері: дәрі-дәрмектермен байланысқан кезінде шырышты қабығының қозуы, құрғақтылық, терінің қабыршақтануы
Адапален крем, гель 0,1% Тәулігіне 1 таблетка, түнге қарай
Топикалық антимикробты дәрі-дәрмектер және топикалық антибиотиктер
(УД – А,В)
Бензоил пероксид*
 
гель 2,5%, 5,0%, 10,0% Тәулігіне 1-2 рет Р. Акне колонизацияның кішірею есебінен емдеу тиімділігі көрінеді. Топикалық ретиноидтармен бірге қабылдаған жөн. Бірнеше РКЗ бар, берілген топтардағы дәрі-дәрмектерін әртүрлі біріктіру жоғары тиімділік дәрежесін растайды.
Клиндамицин
 
гель 1,0% Тәулігіне 1-2 рет
Метронидазол гель 1,0% Тәулігіне 1-2 рет
Сыртқы емдеуге арналған біріктірілген дәрі-дәрмектер (УД – А,В)
 
 
Изотретиноин (0,05%) + эритромицин (2%) гель - Тәулігіне 1 таблетка, түнге қарай Бірнеше РКЗ бар, олардың қорытындылары сыртқы терапияда біркомпонентті дәрі-дәрмектермен салыстырғанда көп компонентті дәрі-дәрмектердің тиімділігінің жоғарлығын растайды, себебі олар акне дамуының патогенетикалық механизмнің үлкен көлеміне әсер етеді.
 
Клиндамицина фосфата 10
мг, бензоил пероксид водный 50 мг(документ о регистрации прилагается)
гель 15 г Тәулігіне 1-2 рет
 
Адапален микросферический  + клиндамицина фосфат (тіркеу туралы құжат бірге жіберіледі) гель 30 г Тәулігіне 1 таблетка, түнге қарай
 
*Адапален (0,1%) +
БПО (2,5%)
гель 30 г Тәулігіне 1 таблетка, түнге қарай
 
Эритромицин 1,2%  + цинка ацетат Ерітіндіні дайындауға арналған түйіршіктер   Тәулігіне 1-2 рет
 
Сыртқы антибактериалды терапияны тағайындаудың жалпы көрсеткіштерімен бірге неонатальды және нәрестелі акне, жүкті және емізетін әйелдерге тағайындалады
  Азелаинды қышқыл крем, гель 20%, 15% Тәулігіне 1-2 рет
 
Акненің 3 патогенетикалық буындарына әсер етеді. Жасөспірім және кеш акнесі, сезімтал терісі бар немесе  Fitzpatrick бойынша  I – IV топтағы терісі, жүктілік кезінде В топтағы пациенттерге тағайындалады.  
  Салицилді қышқыл Лосьон, тазартуға арналған гель, крем 0,5% - 2%,
 
Тәулігіне 1-2 рет
 
Майлы-шашты фоликула сағасында комедонолитті және қабынуға қарсы тиімділігі бар
   никотиномид)
(ҚР территориясчында өнім құрамында тіркелген)
Тазартуға арналған гель, крем 2% - 4% Тәулігіне 1-2 рет
 
Шектеулі зерттеулер бар, оны 1% клиндамициннің тиімділігімен салыстырады.
Ескерту:
1) Дәлелділік дәрежесі: 
А – ұсыныстар тиімділігінің сендірерлік дәлел  (80-100%);
В – ұсыныстар тиімділігінің қанағаттанарлық дәлел  (60-80%);
С – ұсыныстар тиімділігінің әлсіз дәлел  (около 50%);
D – ұсыныстар тиімділігінің қанағаттанарлық дәлел  (20-30%);
Е – ұсыныстар тиімділігінің тиімсісздікті дәлел  (< 10%).
2) * – Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрі-дәрмектер

Акне терапиясында пайдаланылатын қосымша дәрілік заттар:

Фармакологиялық топ         Препараттың        ХПА Шығару түрі Дозалау Қолдану реттілігі Ескертпе
Антигистаминді дәрі-дәрмектер (УД – В,С) Дезлоратадин[5] таблеткалар
 
10 мг Тәулігіне 1 таблетка
№ 10-14
Аллергияға қарсы, қышынуға қарсы, қабынуға қарсы және антиэкссудативті әрекеттерді қамтамасыз ету үшін

Ауырлық дәрежесіне байланысты акне терапиясының алгоритмі
Безеу ауырлығының дәрежесі Комедоналды безеулер Жеңіл және бірқалыпты  папулопустулёзді безеулер Ауыр папулопустулёзді немесе бірқалыпты түйінді безеулер Ауыр түйінді немесе конглобатты безеулер
  Топикалық ретиноидтар  (адапален 0,1% изотретиноин 0,05%) немесе
Азелаинді қышқыл
(15%, 20%)
*Адапален (0,1%) +
БПО (2,5%) Адапален микросфералық + клиндамицин фосфаты немесе клиндамицин фосфаты 10
Мг+бензоил сулы пероксид 50 мг немесе
Изотретиноин (0,05%) + эритромицин (2%) немесе азелаинді қышқыл немесе БПО 2,5%, 5%. немесе
Эритромицин 1,2% + ацетат мырышы немесе  метронидозол гель 1%
Изотретиноин (жоғары дәрежелі халықаралық ұсыныс)
 
Жүйелік антибиотик (тетрациклин немесе доксациклин немесе азитромицин) + адапален 0,1% + БПО немесе Жүйелік антибиотик (тетрациклин немесе доксациклин немесе азитромицин) + азелаинді қышқыл.
 
Жүйелік антибиотик + БПО (төмен дәрежелі ұсыныс)
 
Изотретиноин (жоғары дәрежелі халықаралық ұсыныс)
Жүйелік антибиотик (тетрациклин немесе доксациклин немесе азитромицин) + адапален 0,1% + БПО немесе Жүйелік антибиотик (тетрациклин немесе доксациклин немесе азитромицин) + азелаинді қышқыл
 
Сыртқы терапия тиімсіз болған жағдайда    Жүйелік антибиотик (тетрациклин, доксациклин)+ Адапален (0,1%) немесе
БПО 2,5%,5% немесе азелаинді қышқыл
   
Әйелдер үшін баламалы терапия     Гормоналды антиандрогендер  (2 мг  ципротерон ацетат  + 35 мг немесе 3 мг дросперинон + 20 мг этинилэстрадиола
немесе 3 мг дроспиренон + 30 мг этинилэстрадиол) жергілікті БПО немесе азелаинді қышқыл немесе  адапален +БПО
Гормоналды антиандрогендер  (2 мг  ципротерон ацетат  + 35 мг немесе 3 мг дросперинон + 20 мг этинилэстрадиола
немесе 3 мг дроспиренон + 30 мг этинилэстрадиол) жергілікті БПО немесе азелаинді қышқыл немесе  адапален +БПО
Жүктілік кезінде Азелаинді қышқыл ,
Эритромицин + ацетат мырышы
Азелаинді қышқыл  + БПО немесе эритромицин + БПО Жүйелік  эритромицин, немесе азитромицин + азелаинді қышқыл немесе + БПО Ішке қабылданатын эритромицин, немесе  азитромицин немесе цефалексин + азелаинді қышқыл+ БПО,
Преднизолонның қысқа курсы
Демеуші ем Топикалық ретиноид немесе азелаинді қышқыл Топикалық ретиноид немесе азелаинді қышқыл Топикалық ретиноид немесе азелаинді қышқыл  

Амбулаториялық емдеу үшін көрсетілімдерге келесілер жатады:
·          Амбулаториялық емдеу үшін көрсеткіштерге комедоналды, жеңіл, бірқалыпты папулопустулезды, ауыр папулопустулезды немесе 5 төмен емес түйіндері бар бірқалыпты түйінді безеулер арқылы өтіп жатқан клиникалық түрлері жатады.
·          Ауыр түйінді, конглобатты, абсцедирленетін, фульминаентты акне – стационарлық емдеу шараларынан өткеннен кейін.
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Ары қарай емдеу:
·          Тұру орны бойынша дерматологта диспансерлік ескеру;
·          Байланысатын мамандарда бақылану және емделу,
·          Рецедивке қарсы емделу.  
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          Ожаңа бөртпелердің жоқтығы және нақты мәліметтердің регрессі;
·          Бөртпелердің тұрақты регрессі немесе олардың толығымен жоқтығы.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Ауру асқыну мерзімінде, бетте анық көрінетін қатты қабынған белгілер кезінде пациенттер  ауруханаға жатқызылады. [1 – 3,11,13].


Пациент
Комедональды безеулер
Жеңіл және бірқалыпты папулезды жіне пустулезды безеулер
Ауыр папулопустелезды немесе бірқалыпты түйінді безеулер
Ауыр түйінді конглобатты, іріңді безеулер Фульминантты безеу
Амбулаториялық жағдай Стационарлы дәреже, тәулік бойы
АМСК, СВА орталықтары, аудандық емханалар, қалалық, облыстық ТВД Қалалық, облыстық ТВД
ҚЖТ, Demodex foll кеңесіне пустулдардың құрамының микроскопиясы. Изотретиноинді тағайындаудың алдында: АЛТ, АСТ, холестерин. Корсетілімдері бойынша: гипоталды-гипофизарлы-бүйрек безі жүйесінің гормондары ҚЖТ, ЗЖТ, гельминит жұмыртқаларына үлкен дәрет, микрореакция ҚЖТ, ЗЖТ, гельминит жұмыртқаларына үлкен дәрет, микрореакция, ревмосынамалар, буындық синдромда R-графия немесе ИМРТ
«Ауырлық дәрежесіне байланысты акненің емдеу терапиясы» кестесіне сәйкес емдеу Цефотоксим т/ш немесе б/ш 1-2 гр тәулігіне 10 тәулік
Цефалексин 500 мгх2 р 10 тәу
Хлорлы кальций 10% - 10,0 №10
Дезлоратодин 10 мг тәулігіне 28 күн
Сыртқы терапия
Преднизолог 30-40 мг  және біртіндеп түсіріп толық тоқтағанша дейін 4-6 апта
Цефтриаксон 2 г/тәу 1 г 7 тәу, цефруксим 1 г/тәу 15 тәу бойы
Сыртқы терапия
Демеуші ем:
Топикалық ретиноидтар, азелаинді қышқыл 15-20%
Салицилді қышқыл 0,5-5%, неоцинамид
Адьювантты терапия:
Эмоленттер, гидрогельдер, пиллинг, мезотерапия, RF-CO2-өңдеу, IPL, фотодинамикалық терапия
-
Ауруханадан шығару кезіндегі ұсыныстар: изотретиноинмен амбулаториялық емдеу, мөлшерлемесі бірінші айда 0,4-0,5 мг/кг, 2 айдан бастап 0,8-1,0 мг/кг тәулігіне 120-156-8 ай бойы.  Кумулятивті мөлшері 120-150 мг/кг
Демеуші ем:
Топикалық ретиноидтар, азелаинді қышқыл 15-20%
Салицилді қышқыл 0,5-5%, неоцинамид
Адьювантты терапия:
Эмоленттер, гидрогельдер, пиллинг, мезотерапия, RF-CO2-өңдеу, IPL, фотодинамикалық терапия

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·         Түйіндер құрамындағы мануалды эвакуация, кейін антисептиктармен сүрту.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Емделушіні бақылау картасы, емделушінің бағдарлау алгоритмін қараңыз, 5.1-тармақ.
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Ары қарай емдеу:
·          құрамында газды сусындары, тәттілер, жаңадан сығылған шырындар, технологиялық шоколад, сүт, сүтті өнімдері жоқ диета;
·          дермавенерологтың, дерматокосметологтың бақылауымен амбулаториялық емдеу, бірінші айда тәулігіне 0,4-0,5 мг/кг мөлшерде изотретиноин; 2 айдан бастап 6-8 ай бойы 0,8-1,0 мг/кг мөлшерде, кумулятивті мөлшері 120-150 мг;
·          теріге күтім, тазалау үшін құрамында сабыны жоқ, рН 5,5 физиологиялық дәрежесіне сәйкес келетін рН-дәрежелі тазалағыш құралдарын қолданамыз;
·          косметологиялық процедуралар: 20%, 30% салицилді, 30%, 50%, 70% гликол қышқылды, 8%, 12%, 14% резорцинді пилингтер, мезотерапия, RF-, CO2 – өңдеу, IPL терапия, лазеротерапия, фотодинамикалық терапия, криомассаж, Жаке бойынша массаж, мануалды комедоноэкстракция.
Ауыр түйінді, конглобатты, абсцедирлеуішті безеулерде косметологиялық әрекеттер жасалмайды.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          Алғашқы қабынбаған бөртпелердің регрессі;
·          Алғашқы асқынып қабынған бөртпелердің регрессі;
·          Екінші дәрежелі бөртпелердің жартылай регрессі;
·          Субъективті сезімдердің жоқтығы;
·          Жаңа элементтердің пайда болмауы.

Ауруханаға жатқызу


Емдеуге жатқызу типiн көрсете отырып, емдеуге жатқызу үшін көрсетiлiмдер [10,11]

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
·          Ауыр түйінді немесе конглобатты акне – көптеген ауыратын түйіндер мен кисталардың қалыптасуы бар дерманың терең қабаттарындағы көзге көрінетін қабыну реакциясы.
·        Абсцедирленетін акне.
·        Фульминантты акне.

Шұғыл емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер: жоқ. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Guidelines of care for the management of acne vulgaris. Work Group: A. L. Zaenglein, A. L. Pathy et all J Am Acad Drmatol. 2016 . 2) А. Nast, B. Dréno et all. Guideline on the Treatment of Acne Developed by the Guideline Subcommittee “Acne” of the European Dermatology Forum, 2014. 3) А. Nast,* S. Rosumeck, R. Erdmann et all. Methods report on the development of the European evidence-based (S3) guideline for the treatment of acne – update 2016. JEADV 2016, 30, 1–28. 4) А. Nast, B. Rzany et.all Директивы Немецкого дерматологического общества (DDG) и Союза Германских Дерматологов (BVDD), 2010 г. 5) A.L. Zaenglein, A.L. Pathy, B. J. Schlosser et all. Guidelines of care for the management of acne vulgaris // J Am Acad Dermatol http://dx.doi.org/10.1016/ j.jaad.2015.12.037. 6) Lee HE, Chang IK, Lee Y. et all Effect of antihistamine as an adjuvant treatment of isotretinoin in acne: a randomized, controlled comparative study Journal Of The European Academy Of Dermatology And Venereology: JEADV 2014 Dec; Vol. 28 (12), pp. 1654-60. 7) Tan JK, Ediriweera C. Efficacy and safety of combined ethinyl estradiol/drospirenone oral contraceptives in the treatment of acne. International Journal Of Women's Health 2010 Aug 09; Vol. 1, pp. 213-21. 8) Lucky AW, Koltun W, Thiboutot D, et al. A combined oral contraceptive containing 3-mg drospirenone/20-microg ethinyl estradiol in the treatment of acne vulgaris: a randomized, double-blind, placebo-controlled study evaluating lesion counts and participant self-assessment. Cutis. 2008;82:143-150. 9) Webster GF, Leyden JJ, Gross JA. Comparative pharmacokinetic profiles of a novel isotretinoin formulation (isotretinoin-Lidose) and the innovator isotretinoin formulation: a randomized, 4-treatment, crossover study. J Am Acad Dermatol. 2013;69:762-767. 122. 10) Alhusayen RO, Juurlink DN, Mamdani MM, Morrow RL, Shear NH, Dormuth CR. Isotretinoin use and the risk of inflammatory bowel disease: a population-based cohort study. J Invest Dermatol. 2013;133:907-912. 11) S. L. Chua, J. E. Angus, J. Ravenscroft and W. Perkins Synovitis, acne, pustulosis, hyperostosis, osteitis (SAPHO) syndrome and acne fulminans: are they part of the same disease spectrum? Clinical and Experimental Dermatology, 34, e241–e243. 12) Siadat AH; Bostakian A et all Successful Treatment of Facial Acne Fulminans: Antimicrobial Agents and Oral Prednisolone as Promising Regimes. Case Reports In Dermatological Medicine 2017; Vol. 2017, pp. 7092910; 13) Maloney JM, Dietze P Jr, Watson D, et al. A randomized controlled trial of a low-dose combined oral contraceptive containing 3 mg drospirenone plus 20 microg ethinylestradiol in the treatment of acne vulgaris: lesion counts, investigator ratings and subject self-assessment. J Drugs Dermatol. 2009;8:837-844. 14) К. Вольф, Л.А. Голдсмит, С.И. Кац и др. Дерматология Фицпатрика в клинической практике в 3-х томах. Бином – 2012. 15) Бауман Л. Косметическая дерматология, М. «МЕДпресс-информ», 2012, 686 с. 16) Клинические рекомендации. Дерматовенерология // Под ред. А.Кубановой.- М.: ДЭКС-Пресс.- 2007.- С.21-35. 17) Strauss JS, Krowchuk DP, Leyden JJ, Lucky AW, Shalita AR, Siegfried EC, Thiboutot DM, Van Voorhees AS, Beutner KA, Sieck CK, Bhushan R, American Academy of Dermatology/American Academy of Dermatology. Guidelines of care for acne vulgaris management. J Am Acad Dermatol 2007 Apr;56(4):651-63. 18) Bowman S, Gold M, Nasir A, Vamvakias G. Comparison of clindamycin/benzoyl peroxide, tretinoin plus clindamycin, and the combination of clindamycin/benzoyl peroxide and tretinoin plus clindamycin in the treatment of acne vulgaris: a randomized, blinded study. J Drugs Dermatol. 2005;4; 611-618. 19) F.Fiedler, G.I. Stangl et all Acne and Nutrition: A Systematic Review, Acta Derm Venereol 2017; 97: 7–9. 20) Melnik BC Western diet-induced imbalances of FoxO1 and mTORC1 signalling promote the sebofollicular inflammasomopathy acne vulgaris, Experimental Dermatology 2016 Feb; Vol. 25 (2), pp. 103-4. 21) M. P. M. Law, A. A. T. Chuh et all, An investigation of the association between diet and occurrence of acne: a rational approach from a traditional Chinese medicine Perspective, Clinical and Experimental Dermatology, 2009, 35, 31–35. Okyay P. Ertabaklar H et all. Prevalence of Demodex folliculorum in young adults: relation with sociodemographic/hygienic factors and acne vulgaris. Journal Of The European Academy Of Dermatology And Venereology: JEADV 2006 Apr; Vol. 20 (4), pp. 474-6.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)      Батпенова Гүлнәр Рыскелдіұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі;
2)      Таркина Татьяна Викторовна – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының доценті;.
3)      Жетпісбаева Зульфия Сейтмағамбетқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ дерматовенерология кафедрасының доценті;
4)      Цой Наталья Олеговна – PhD доктор, «Астана медицина университеті» АҚ жалпы дәрігерлік практика интернатурасы кафедрасының ассистенті.
5)      Мажитов Талғат Мансұрұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор,  «Астана медицина университеті» АҚ клиникалық фармокология кафедрасының меңгерушісі, клиникалық фармакологияның жоғары санатты дәрігері.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттер тізімі:
1)      Нұрмұхамбетов Жұмаш Наскенұлы – медицна ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласы, дерматовенеролог.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх