Сыртқы отит

P-S-016

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Наружный отит неуточненный (H60.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Сыртқы отит -  құлақтың сыртқы есту өтісінің немесе дабыл жарғағының 
сыртқы беткейіндегі барлық қабыну үрдістері жатады. Сыртқы отит шектелген немесе жайылған, жедел немесе созылмалы болады.

Шектелген сыртқы отит (сыздауық) – сыртқы есту өтісінің шаштық түйіншігінің қабынуы. Қоздырғышы көбінесе Staphylococcus aureus. Сыртқы жайылған отит себебі болып көп жағдайда Pseudomonas aeruginosa немесе Staphylococcus aureus, сонымен қатар саңырауқұлақтық инфекция, жанаспалық дерматит, аллергиялық жанаспалық дерматит.

 
Хаттама коды: P-S-016 "Сыртқы отит"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): Н60 Сыртқы отит

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: сыртқы есту өтісіне судың енуі, ыстық əрі ылғалды климат, атопиялық немесе басқа аллергиялық жағдайлар, себореялық экзема жəне терінің басқа аурулары, кейбір жүйелік аурулар (қантты диабет), кейбір психоәлеуметтік мəселелер, созылмалы ортаңғы отит, тілме, құрсау теміреткі.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: сыртқы есту өтісі терісінің ісінуі, қызаруы, қабыршықтануы, сулануы, шырыштық немесе іріңдік бөлінулер. Бастапқы кезде пайда болатын қатты ауыру сезімі, кейіннен қатты қышумен жəне құлақтың тығындалып қалуы сезіміне ауысады.
 
Физикалық тексеру: диагноз шағымдар, қарап-тексеру, аудиограмма нəтижелерінің  негізінде қойылады.
 
Лабораторлық зерттеулер: тəне емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: кейде іріңді бактериялық себу жəне саңырауқұлақтарға зерттеу қажет болады.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалықшаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы талдауы (6 көрсеткіш).
2. Микрореакция.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Несептің жалпы талдауы.
2. Глюкозаны анықтау.
3. Нəжісті қарапайымдылар жұмыртқасының болуына зерттеу.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: симптомдарды жою, инфекцияны жою, қайталану қауіпін азайту, асқынулардын алдын алу.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
 
Жайылған сыртқы отит кезінде құлақты риванолдың (1: 5000) жылы ерітіндісімен жуады, күміс нитратының 3-5% ерітіндісін жағады, бриллиант көгінің 1-2% спирттік ерітіндісімен өңдеуді, алюминий субацетатының 2% немесе бор қышқылының 3% спирттік ерітіндісіне малынған тампондар қолданылады.

Сонымен қатар, құрамында гентамицині бар жəне 
антибиотик пен кортикостероид жұптастырылған (Фрамецитин сульфаты 5 мг + Грамицидин, 50 мкг + Дексаметазон метасульфобензоаты, 500 мкг/мл, преднизолон/неомицин, бетаметазон/неомицин, гентамицин/гидрокортизон) құлақ тамшылары қолданылады.
 
Саңырауқұлақтық сыртқы отит кезінде гидрокортизон, оксикорт жəне преднизолон майлары қабынуға қарсы жақсы əсер көрсетеді. СЕҚҚЗ (парацетамол 0,5-1,0 күніне 4 рет, ибупрофен 400 мг күніне 3 рет) саңырауқұлақтық сыртқы отит кезінде қолданылады.
 
Амоксициллин 250/5 мл, эритромицин 250-500 мг күніне 3 рет бактериялық сыртқы отит кезінде тағайындалады.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Риванол ерітінді (1: 5000).
2.  Күміс нитраты 3-5% ерітінді.
3.  Бриллиант көгі 1%, 2% спирттік ерітінді флаконда 10 мл, 20 мл.
4.  Алюминий субацетаты 2% ерітінді.
5. *Бор қышқылы 3% спирттік ерітінді 10-50 мл ұнтақ.
6. *Гентамицин ерітінді (құлақ тамшылары) 0,3% 5 мл.
7. *Бетаметазон инъекцияға арналған ерітінді амп. 1 мл.
8. *Гидрокортизон май, гель 1%.
9. *Метилпреднизолон май.
10. *Ибупрофен 200 мг, 400 мг табл.
11. **Амоксициллин, ішке қабылдайтын суспензия 250 мг/5 мл.
12. **Амоксициллин+клавулан қышқылы ішке қабылауға арналған суспензияны дайындауға арналған ұнтақ 156,25/5 мл; 312,5 мг/5 мл.
13. **Фрамецитин сульфаты 5 мг + Грамицидин, 50 мкг + Дексаметазон метасульфобензоаты, 500 мкг/мл, құлақ тамшылары.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Парацетамол сироп 2,4% флаконда; суспензия; суппозиторийлер 80 мг.
2.  *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл.
3.  *Флуконазол капсула 50 мг, 150 мг; тамыр ішіне құюға арналған флакондағы ерітінді.

Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды жою, инфекцияны жою, қайталау қаупін азайту, асқынулардың бетін қайтару.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: құлақтық қатты ауыру сезімінің, сыздауықтың болуы оперативтік емге көрсеткіш болып табылады.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Hirsch BE. Infection of the external ear. Am J Otolaryngol 1992;17:207 2. Hirsch BE. Infection of the external ear. Am J Otolaryngol 1992;13:145-155 3. Otitis externa. Daniel Hajioff. Search date March 2005 BMJ 4. Prodigy Guidance – Otitis externa, 2004.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С., Алматы қ. №5 ҚКА.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх