Көздің герпестік зақымданулары

P-S-010

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Герпетическая болезнь глаз (B00.5+)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Көздің герпестік зақымдалуы
– көздің түрлі бөлімдерінің жəне қосалқы 
аппаратының (көбінесе қасаң қабық пен конъюнктива) қарапайым герпес вирусымен
қоздырылған жедел қабынуы (біріншілік немесе қайталанған).

 
Хаттама коды: P-S-010 "Көздің герпестік зақымданулары"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
B00.5  Көздің герпестік аурулары
H16     Кератит
B02.3  Көздік асқынулармен қосылған құрсау теміреткі
H03.1* Басқа тарауларда жіктелген басқа да инфекциялық аурулар кезіндегі қабақтың зақымдалуы
H13.1* Басқа тарауларда жіктелген инфекциялық жəне паразитарлық аурулар кезіндегі конъюнктивит
H19.1* Қарапайым герпес вирусы қоздырған кератит, кератоконъюнктивит
H19.2* Басқа тарауларда жіктелген басқа инфекциялық жəне паразитарлық аурулар кезіндегі кератит жəне кератоконъюнктивит
H22.0* Басқа тарауларда жіктелген инфекциялық жəне паразитарлық аурулар кезіндегі иридоциклит

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Блефароконъюнктивит.
2. Кератит: беткей (везикулездік, ағаштəрізді, ландкартатəрізді) жəне терең (ойық жаралы жəне жарасыз).
3. Иридоциклит.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: Herpes Simplex вирусының 1-түрімен қоздырылған инфекцияның жиі қайталануы, созылмалы инфекция ошақтарының болуы, суық тию, ұзақ инсоляция.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: жарықтан қорқа, жас ағу, блефароспазм.
 
Физикалық тексеру:
- перикорнеалдық инъекция (кератиттер мен иридоциклиттер кезінде);
- арнйы пішінді инфильтрат, көбінесе сұрғылт-ақшыл түсті, ойық жараланған немесе ойық жарасыз, қасаң қабықтың бұлыңғырлануы, қасаң қабық сезімталдығының төмендеуі (кератитьтер кезінде);
- иридоциклиттер кезінде арнайы симптомокомплекс дамиды (опалесценция, преципитаттар немесе гипопион, артқы синехиялар, гиперемия жəне нұрлықабық стромасының ісінуі);
- көздік симптоматиканың неврологиялық жəне/немесе үштік жүйке тармақтарының бойындағы везикулездық бөртпемен (көбінесе опоясывающий лишай кезінде) қатарласуы мүмкін.
 
Лабораторлық зерттеулер: тəне емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: жоқ.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық зерттеулер тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Визометрия.
2. Биомикроскопия.
3. Қасаң қабық сезімталдығын зерттеу.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Периметрия.
2. Офтальмоскопия.
3. Тонометрия (тек иридоциклиттер кезінде).
4. Көзжас жолдарын жуу.
5. Ширмер сынамасы.
6. Бактериологиялық талдау жасау үшін жағынды алу.
7. Терапевт консультациясы.
8. Стоматолог консультациясы.
9. Отоларинголог консультациясы.
10. Невропатолог консультациясы.
11. Диагностикалық сынамалар (иммунофлюоресценттік талдау, ПЦР).

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: қабыну үрдісін тоқтатып, ауыру синдромын жою, асқынулардың жəне процесстің созылмалы түріне айналуын алдын алу, көру қызметін қалпына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
 
Көру жітілігі төмендегенде немесе анамнезде көздің герпестік зақымдалуы болған кезде, диагноз дəлелденбесе кортикостероидтарды тағайындауға болмайды. Кортикостероидтарды қолдану аурудың ойық жараланусыз өтетін стромалық түрлерінде тек патогенездік терапия ретінде ғана қолданылады.
 
Тиімділігі дəлелденген: беткей кератиттерді емдеу үшін вирусқа қарсы препараттарды (идоксуридин, видарабин, трифлуридин, ацикловир, интерферон, полудан) жергілікті қолдану. Тиімділігі жоғары əрі жанама əсерлері аз препараттарға ацикловир, валацикловир, интерферон, полудан жатады. Идоксуридин қолданғанда бірінші аптаның өзінде нүктелік кератопатияның дамуы мүмкін. Терең кератитті емдеу үшін кортикостероидтық препараттарды қолдану. Аурудың қайталануын алдын алу үшін ацикловирді ұзақ қолдану.
 
Тиімділігі болжанады: герпестік кератиттен кейін қасаң қабықты қайта отырғызғаннан (пересадки роговицы) кейін аурудың қайталануын алдын алу ацикловирді қабылдау. Неврологиялық симптоматика дамығанда невропатологпен бірге ем қолдану қажет.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Интерферон көздік тамшылар.
2.  Полудан көздік тамшылар.
3.  Нитрофурал сулы ерітінді.
4.  Сульфацетамид көздік тамшылар.
5. *Атропин ерітінді (көздік тамшылар) (сульфат) 0,1%, 0,5%, 1% 1 мл.
6.  Индометацин көздік май.
7. *Нитрофурал 20 мг табл.
8.  Ацикловир көздік май, 200 мг табл; флакондағы ұнтақ 205 мг.
9.  Валацикловир гидрохлориді, табл 556 мг.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: бір жылдың ішінде 3 реттен көп қайталанған жағдайда иммунолог консультациясы қажет.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: қабынулық процессті жəне ауыру синдромын басу, асқынулар мен созылмалы процесстің алдын алу, көру функциясын тұрақтандыру.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: беткей түрлерін 7 күн ішінде жақсару болмаса. Барлық терең түрлері жəне иридоциклит.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: вирусқа қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Профилактикалық шаралар: жоқ.
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: жоқ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance – Herpes simplex – ocular.2004. 2. Современные аспекты лечения герпес – вирусного кератита. Академик РАЕН проф. А.А.Каспаров. НИИ глазных болезней РАМН. Москва. 3. Kaufman H, Martola E, Dohlman C. Herpes simplex treatment with IDU and corticosteroids. TransAm Acad Ophthalmol Otolaringol 1963;67:695-701. 4. Sonkin P, Baratz K, Frothingham R, et al. Acyclovir-resistant herpes simplex virus keratouveitis after penetrating keratoplasty. Ophthalmology 1992;99:1805-8. 5. Liesegang T. Diagnosis and therapy of herpes zoster ophthalmicus. Ophthalmology 1991;98:1261-29. 6. Hoang-Xuan T, Buchi E, Herbort C. Oral acyclovir for herpes zoster ophthalmicus. Ophthalmology 1992; 99:1062-71 7. Wilhelmus KR. Interventions for herpes simplex virus epithelial keratitis (Cochrane Review). In: The Cochrane Library, Issue 3, 2001. Oxford: Update Software. Search Date November 2000. 8. Wilhelmus KR., Gee L., Hauck WW, et al. Herpetic Eye Disease Study. A controlled trial of topical corticosteroids for herpes simplex stromal keratitis. Ophthalmology 1994; 101: 1883- 1895. 9. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. 2003 - Часть 7. - С. 2340-2349.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Кобцева В.Ю.,  ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх