Асқазан мен ұлтабардың қан кетусіз және тесілусіз ойық жаралы ауруы (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Язва желудка. Не уточненная как острая или хроническая без кровотечения или прободения (K25.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы 4 шілдедегі
№10 хаттамасымен бекітілген

Асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруы – асқазан мен ұлтабардың шырышты қабының қабынуы және асқыну кезеңінде ойық жаралардың пайда болуы оған тән белгі болып табылатын созылмалы ауру [3].

Хаттаманың атауы: Асқазан мен ұлтабардың қан кетусіз және тесілусіз ойық жаралы ауруы
 
Хаттаманың коды:

Коды (кодтары) ХАЖ-10 бойынша
К 25 Асқазанның ойық жарасы
К 25.3 Қан кетусіз немесе тесілусіз жіті ауруы
К 26 Ұлтабардың ойық жарасы
К 26.3 Қан кетусіз немесе тесілусіз жіті ауруы
К 27 Анықталмаған жердің пептикалық ойық жарасы
К 27.3 Қан кетусіз немесе тесілусіз жіті ауруы
К28 Гастроеюнальді ойық жарасы
К 28.3 Қан кетусіз немесе тесілусіз жіті ауруы

Хаттамада  қолданылатын қысқартулар:
АЛТ - аланинаминтрансфераза
АСТ - аспартатаминтрансфераза
ІҚЖ – ішек-қарын жолдары
ППИ - протонды помпа ингибиторы
АҰШҚ - асқазан мен ұлтабардың шырышты қабығы
ПТР - полимеразды-тізбекті реакция
ҚЖТ – қанның жалпы талдауы
НЖТ - несептің жалпы талдауы
КТТ – көміртекті тыныс алу тесті
УДЗ - ультрадыбысты зерттеу
ФЭГДС - фиброэзофагогастродуоденоскопия
ЭКГ - электрокардиография
ОЖА – ойық жаралы ауру
 
ESPGHAN - European Society for Paediatric Gastroenterology, Hepatology and Nutrition (Еуропалық педиатриялық гастроэнтерологтер, гепатологтер мен нутрициологтер қоғамы)
NASPGHAN - North American Society for Paediatric Gastroenterology, Hepatology and Nutrition  (Солтүстік-Америкалық педиатриялық гастроэнтерологтер, гепатологтер мен нутрициологтер қоғамы)
IgG – G иммунды глобулині
НР - Helicobacter pylori

Хаттаманы   дайындау күні: 2014 жыл
 
Пациенттердің санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: педиатрлар, балалар гастроэнтерологтары, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері, фельдшерлер.


Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі [3].

Орны бойынша:
 
•    Асқазан: медиогастральды; пилороантральды.
•    Ұлтабар: бульбарлы; бульбарлыдан кейінгі.
•    Бірлескен асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары.
 
Этиологиясы бойынша:
•    Helicobacter pylori-мен байланыстырылған.
•    Helicobacter pylori-мен байланыссыз.
 
Клиникалық мерзімі мен эндоскопиялық сатысы.
Асқыну:
•     жаңадан пайда болған ойық жара;
•     эпителий пайда бола бастауы;.

Асқынудың азаюы:
•      ойық жараның тыртықсыз жазылуы;
•      тыртық-ойық жараның өзгеруі. Ауру бетінің қайтуы.
 
Ауырлығы бойынша:
•      жеңіл;
•      орташа ауыр;
•      ауыр.
 
Асқынулар:
•      қан кету;
•      пенетрация;
•      тесілу;
•      стеноз;
•      перивисцерит.
 
Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы ауруын диагностикалауда 

Helicobacter pylori инфекциясын диагностикалауға ерекше мән беріледі. Балалардың НР-инфекциясын диагностикалау және емдеу ережелері 2011 жылы ESPGHAN/NASPGHAN-мен ұсынылған [1,2 және қосымша].

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
•      ҚЖА (6 параметрде);
•      НЖА;
•      Helicobacter pylori-ді инвазивті емес дагностикалау (ХЕЛИК-тесті);
•      қан сарысуындағы Helicobacter pylori-ға (HP) сомалы қарсы денелерді ИФТ әдісімен анықтау;
•      құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ;
•      нәжістегі қанды экспресс әдіспен анықтау (гемокульт-тесті);
•      нәжісті  зерттеу (копрограмма).
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
•      ФЭГДС;
•      ПҰР әдісімен биологиялық материалдағы Helicobacter pylori-ді анықтау;
•      АҰШҚ биоптатын гистологиялық зерттеу;
•      қанның биохимиялық анализі (сарысу темірін, билирубинді, АЛТ, АСТ, альфа-амилазаны анықтау);
•      ЭКГ;
•      гельминттер мен ең қарапайымдардың болуына боқты зерттеу;
•      перианальды қырындыны зерттеу.
 
Жоспарлы ауруханаға жатқызуға жіберу кезінде жүргізілуі тиіс тексеру тізбесі:
•      ҚЖТ (6 параметрде);
•      НЖА;
•      қанның биохимиялық анализі (сарысу темірін, билирубинді, АЛТ, АСТ анықтау);
•      гельминттер мен ең қарапайымдардың болуына нәжісті зерттеу;
•      перианальды қырындыны зерттеу.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі):
•      ҚЖА (6 параметрде);
•      ЗЖА;
•      қанның биохимиялық анализі (сарысу темірін зерттеу);
•      ФЭГДС;
•      Helicobacter pylori-ді инвазивті емес дагностикалау (ХЕЛИК-тесті);
•      қан сарысуындағы Helicobacter pylori-ға (HP) сомалы қарсы денелерді ИФТ әдісімен анықтау;
•      құрсақ қуысы органдандарын УДЗ;
•      нәжестегі жасырын қанды экспресс-әдіспен анықтау (гемокульт-тесті);
•       нәжісті зерттеу                                                                                      (копрограмма).
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (шұғыл ауруханаға жатқызу кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі):
•      қанның биохимиялық анализі (жалпы ақуызды, ақуыздық фракцияларды,  билирубинді, АЛТ, АСТ, альфа-амилазаны анықтау);
•      ПҰР әдісімен биологиялық материалдағы Helicobacter pylori-ді анықтау;
•      АҰШҚ биоптатын гистологиялық зерттеу;
•      ЭКГ;
•      эндоскопиялық әдіспен тәуліктік pH-метрия;
•      контрастілеумен асқазанды рентгеноскопиялық зерттеу;
•      Helicobacter    pylori-ді бактериологиялық анықтау, дәрілерге және
антибиотикті резистенттілікке оның сезімталдығын айқындау.
 
Жедел шұғыл көмек кезінде жүргізілетін диагностикалық шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық  критерийлер:

Шағымдар  мен анамнез:

Шағымдар:
•      эпигастрияда, пилородуоденальды  жерінің, жиі аш қарынға сыздап, ашытып ауру;
•      тамақтанғаннан кейін аурудың жеңілдеуі;
•      диспепсиялық белгі (жүрек айну, құсу, қыжыл, кекіру және т.б.).

Анамнез:
•      гастродуоденальды патология бойынша ауыр тұқым қуушылық;
•      тамақтану сипаты (тамақтану тәртібінің бұзылуы, қышқыл, ащы, сүрленген, қуырылған тамақтарды, газдалған сусындарды асыра пайдалану, құрғақ тамақтану);
•      дәрілерді қабылдау (глюкокортикостероидтер, стероидті емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер, анальгетиктер);
•      баланың есеңгіреу факторларын анықтау;
 
Физикальды тексеру:
•      Жетекші клиникалық белгі: эпигастральды жерде және ортанғы сызықтан оңға қарай, кіндікке жақынырақ ауыру, жиі арқаға, белге, оң жақ иыққа, жауырынға,   эпигастральды жерге қарай көшеді.
•      Сипаты бойынша ауыру: ұстамалы шаншып, бұрап ауыру.
•      Ауыру тамақты қабылдағаннан кейін бірден (асқазанның кардиальды және субкардиальды бөлімдерінің ойық жара аурулары кезінде), тамақтанғаннан кейін жарты-бір сағаттан кейін (асқазан денесінің ойық жара аурулары кезінде) пайда болады.
•      Пилорикалық бөлім мен ұлтабар буылтығының ойық жара аурулары кезінде әдетте кешірек ауырулар (тамқтанғаннан кейін 2-3 сағаттан соң), аш қарынға ауырулар байқалады. Жиі түнгі аурулар атап өтіледі. Ауырудың «Мойнинган» ырғағы: аштық – ауыру – тамақтану – жеңілдеу. 
•      Ауыру антацидтерді, секрецияға қарсы және түйілуге қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін, жылуды қолданғаннан кейін жеңілдейді. 
•      Диспепсиялық белгі: қыжыл (ерте және ең жиі белгі, кекіру, жүрек айну, іш қату.
•      Ішті қолмен басып қарау кезінде ауыртады, тереңірек – алдынғы құрсақ қуысы бұлшық етінің қорғау мақсатында қатаюы салдарынан қиындатылған.
•      Созылмалы уыттану белгілері және астениялық-вегетативті бұзылушылықтар.
 
Зертханалық зерттеулер:

ҚЖТ: анемия, лейкопения, салыстырмалы нейтрофилез, эозинофилия, моноцитоз, асқынулар болған кезде – лейкоцитоз;
Қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз деңгейінің төмендеуі, диспротеинемия, сидеропения, холестерин, билирубин деңгейінің өзгеруі, трансаминаз – жиі ұлтабардың ойық жара ауруы кезінде).
Копрограмма: қайталамалы мальабсорбция белгісі;
Нәжістегі жасырын қанды анықтау – оң нәтиже;

Аспаптық зерттеулер:
ФЭГДС: ойық жара ақауын, тыртықты және/немесе малигнизацияны табу; морфологиялық зерттеу және НР-инфекциясын анықтау үшін биоптатты алу.
 
Мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:
•      тіс дәрігері - созылмалы инфекция ошақтарын анықтау және оларды санациялау мақсатында;
•      оториноларинголог - созылмалы инфекция ошақтарын анықтау және оларды санациялау мақсатында;
•      невропатолог – анық психосоматикалық бұзушылықтар кезінде
•      психолог/психотерапевт - бала мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, баланың өмір сүру ортасының психологиялық жағдайын қалыптандыру;
•      физиотерапевт  -  кешенді емдеу құрамында физиотерапияны тағайындау үшін;
•      хирург – іштің анық ауыру белгісі кезінде.
 

Дифференциалды диагноз


1-кесте. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы ауруын шегерме диагностикалау

 
Белгілер
Ойық жара
ауруы
гастродуоденит Функционалды
    диспепсия
Аурулардың тәуліктіук ағымы
 
Тән
 
Тән
 
Тән емес (ауру тәуліктің кез-келген уақытында)
Аурудың мерзімділігі Тән
 
Тән жоқ
 
Аурудың көпжылдық ағымы
 
Тән
 
  жоқ
 
Аурудың     үдемелі ағымы Тән
 
Тән Тән емес
 
Аурудың
ұзақтығы
Көбінесе 4-5 жылдан ұзақ
 
Тән Көбінесе 1-3 жыл
 
Аурудың басталуы Жиі жоғары сыныпта оқитын балалар мен ересектерде
 
Жиі мектеп жасындағы балалар мен ересектерде
 
 
Жиі бала және жасөспірім
жаста
 
 
Тамақтанғаннан кейін жеңілдеуі
 
Тән
 
Тән Тән емес
 
Түнгі ауыру Дуоденальды ойық жара кезінде тән
 
Дуоденальды ауру кезінде тән Тән емес
Ауырудың психоэмоциональды факторлармен байланысы
 
Кездеседі
 
             Кездеседі Тән
 
Жүрек айну Сирек Сирек
 
Жиі кезедеседі
Дәрет Жиі іш қату Жиі іш қату Көбінесе қалыпты
Арықтау Жиі шамалы Тән емес Тән емес
Оқшауланған пальпаторлы ауырсыну симптомы Айқын ауырсыну
 
Шамалы ауырсыну Тән емес
Ілеспе невротикалық көріністер
 
Кездеседі, алайда жаралық емес диспепсиясиядағыдай  заңды түрде және соншама айқын емес
 
Кездеседі, көрінісі шамалы
 
Тән
Рентгенология
лық зерттеу деректері
Ойық жара қуысы, перидуоде
нит, перигастрит анықталады
АШҰҚ бедерінің өзгеруі (қайта түзілуі, қалыңдауы, ісінуі, тегістелуі), моторикалық бұзушылықтарды бағалау Асқазанның моторикалық-
эвакуациялау дискинезиясы анықталады
ФГДС Ойық жара, ойық жарадан кейінгі тыртық, гастрит АШҰҚ-та – ісіну, гиперемия, қанның құйылуы, эрозиялар, атрофия, қатпарларының гипертрофиясы және т.б. Асқазан тонусының қалыптылығы немесе жоғарлауы, қан жолдарының суреті анық


Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
•   АЖА және Ұ-дағы белсенді қабынуды тоқтату;
•   ауыру және диспепсиялық белгілерді тоқтату;
•   Н. pylori-ді эрадикация.
•   асқазан сөлінің қышқылдық-протеолитикалық басқыншылығын төмендету;
•   репарация үдерістерін жеделдету және ойық жара ақауын жазылту;
•   асқынулардың және аурудың рецидивтері пайда болуының алдын алу.
 
Емдеу тәсілі [4-8, 10,11]

Дәрі-дәрмексіз емдеу.

Диета:
•    5-7 күнге арналған №1А диетасы: сүт (іше алған жағдайға), балғын ірімшік, кисель, желе, тұз аз қосылған шырышты және ұсатылған жармалар мен сүттен жасалған қөже, балықтан жасалған суфле
•    14 күнге арналған №1Б диетасы: диетаны кеңейтумен – кептірілген нан, ет, балық, ботқалар, сүт пен жармалардан пісірілген көжелер, тұз қалыпты мөлшерде.
•    №1 диета: механикалық және химиялық сақтану қағидасын ұстанумен. Сақтану  диетасының ұзақтығы емдеу тиімділігіне байланысты. Денсаулық жақсарған кезде диета кеңейтіледі, №1 үстелді диетаны кеңейтумен кезектестірумен мүмкін, №5 үстелді де пайдалануға болады.
Висмут дәрі-дәрмектерін қабылдау кезінде сүтсіз диетаны (№4 диета) белгілейді. Ашты қоспалар тұздалған және сүрленген тағамдар алып тасталады. Бөліп тамақтану, тәулігіне 5-6 рет.
Күн тәртібі мен жүктемелерді оңтайландыру.

Дәрі-дәрмекпен емдеу [4-8, 10,11]:
 
Эрадикациялық бірінші емдеу желідегі дәрі-дәрмектері:
•   ППИ+амоксициллин+имидазол (метронидазол, тинидазол);
•   ППИ+амоксициллин+кларитромицин;
•   висмут тұздары+амоксициллин+имидазол.
•   Үш компонентті емдеудің ұзақтығы - 10 күн.
 
ППИ:
•   Омепразол – жаңа туған нәрестелерге 700 мкг/кг күніне 1 рет, қажет болған кезде 7-14 күннен кейін 1,4 мг/кг-ға дейін. 1 айдан 2 жасқа дейін 700 мкг/кг күніне 1 рет, қажет болған кезде 3 мг/кг-ға дейін (максималды 20мг); дене массасы 10-20 кг балаларға күніне 1 рет 10 мг-нан, қажет болған кезде  күніне 1 рет 20 мг-ға дейін; дене массасы 20 кг-нан астам  балаларға күніне 1 рет 20 мг-нан, қажет болған кезде – 40 мг-ға дейін. Helicobacter pylori-мен орайластырылған ойық жара ауруы кезінде 1-12 жастағы балаларға 1-2 мг/кг-ға (максималды 40 мг) күніне 1 рет. 12-18 жастағы балаларға күніне 1 рет 40 мг-нан.
•   Омепразолды тағайындау мүмкіндігі болмаған кезде балаларға лансопразол тағайындайды.
•   Омепразол мен лансопразолды тағайындау мүмкіндігі болмаған кезде балаларға эзомепразолды тағайындайды.

Үшкомпонентті емдеу:
Омепразол 20 мг-нан (немесе лансопразол 30 мг-нан, немесе эзомепразол 20 мг-нан) + кларитромицин 7,5 мг/кг (max-500 мг) + амоксициллин 20-30 мг/кг (max 1000 мг) немесе метронидазол 40 мг/кг (max500 мг);
Емделудің сақталуы және қосымша әсерлер бақылануы тиіс.
 
Емдеудің екінші желісі (квадротерапия) бірінші емдеу желідегі дәрі-дәрмектерінің тиімділігі болмаған жағдайда, коллоидті висмут субцитратын (үш калий дицитрат висмутын) қосымша енгізе отырып тағайындалады:
•   тамаққа дейін 30 минут бұран 4-8 мг/кг (max120 мг) күніне 3 рет және тамақтан кейін 2 сағат өткен соң 4-рет ұйықтар алдында. 12 жастан асқан балаларға 120 мг-нан тәулігіне 4 рет (тамаққа дейін 30 минут және ұйықтар алдында) немесе 240 мг күніне 2 рет; 8-ден 12 жасқа дейінгі балаларға 120 мг тәулігіне 2 рет; 4-тен 8 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 8 мг/кг мөлшерінде 2 рет. қабылдау курсы 4-8 апта, кейінгі апталар ішінде құрамында висмуты бар дәрі-дәрмектерді қабылдамау керек; 8 аптадан соң емдеу курсы қайталанады.

Цитопротекторларды енгізу (сукральфат,   трикалий дицитрат висмуты, висмут субгаллаты) антибиотиктердің хеликобактерлерге қарсы әсерін күшейтеді.
 
Прокинетиктер (ұлтабардың, өт жолдарының қозғалыс функцияларын қалыптандыру мақсатында):
•   домперидон 0,25-1,0 мг/кг тамаққа дейін 20-30 минут бұрын, күніне 3-4 рет, емдеу ұзақтығы 2 аптадан кем емес.
 
М-холинорецепторлардың блокаторлары (ішкі органдардың тегіс бұлшық еттерінің тонусы мен жылжу белсенділігін төмендету, ас қорыту бездерінің секрециясын азайту мақсатында):
•   гиосцин бутилбромид 10 мг тамаққа дейін 20-30 минут бұрын тәулігіне 3 рет  немесе бұлшық етке ауыру белгісі жойылғанға дейін.
•   тиімділігі жеткіліксіз болған кезде ауыруды тоқтату үшін платифиллин 0,2%-дық ерітіндісі біржолғы мөлшерде пайдалынады: 1 -5 жас 0,015 мл/кг, 6-10 жас 0,0125 мл/кг, 11-14 жас 0,01 мл/кг немесе
•   дротаверин 2% - 6 жасқа дейінгі балаларға біржолғы мөлшерде 10-20 мг, (максималды тәуліктік мөлшері 120 мг); 6-12 жастағы балаларға біржолғы мөлшер - 20 мг, (ең жоғары тәуліктік мөлшер 200 мг); тағайындау еселігі тәулігіне 1-2 рет.

Функциялық тыныштыққа қол жеткізу және асқазан секрециясын төмендету үшін

Антацидтер
•   алюминий гидроксиді+магний гидроксиді: 2-5 жастағы балаларға 5 мл күніне 3 рет, 5-12 жастағы балаларға 5-10 мл күніне 3-4 рет, 12-18 жастағы балаларға 5-10 мл күніне 4 рет (тамаққа дейін және ұйықтар алдында); Гистаминнің Н2рецепторларының блокаторлары - 10 күн
•  ранитидин ішке 2-4 мг/ кг тәулігіне 2 рет (ең жоғары мөлшер-тәулігіне 300 мг),
•   фамотидин дене массасы 10 кг-нан астам балаларға ішке 1 -2 мг/кг тәулігіне 2 рет; 12 жастан асқан балалаоға 20 мг тәулігіне 2 рет.

Вегетотропты дәрі-дәрмектер: Павлов микстурасы, шүйгіншөп тамырының түнбасы. Емдеу ұзақтығы – 4 аптадан кем емес.

Панкреатиттік ферменттер (ұйқы безінің экскреторлы жеткіліксіздігі кезінде, жітір ауыру үдерісі азайғаннан кейін): липаза бойынша 10 000 3 рет тамақтану кезінде, 2 апта бойы.
Емдеуді аяқтағаннан кейін бір жылдан соң  ауырудың ағзасында НР-бактериялар пайда болған кезде бұл жағдайды қосымша инфекция емес, инфекцияның қайталануы ретінде бағалау керек. Инфекцияның қайталануы кезінде тиімдірек емдеу жолын қолдану қажет.
 
Амбулаториялық деңгейде  дәрі-дәрмекпен емдеу.
Негізгі дәрі-дәрмектер тізбесі:
•  Омепразол 20 мг табл.;
•  Лансопразол 15 мг, 30 мг капсулалар;
•  Эзомепразол 20 мг, 40 мг табл.;
•  Кларитромицин, 250 мг, 500 мг табл.;
•  Метронидазол 250 мг дәрілер; инфузиялар үшін 0,5%-дық ерітінді 100 мл шишада;
•  Амоксициллин, 500мг, 1000мг дәрілер; 250мг, 500 мг капсула; 250 мг/ 5 мл пероральды суспензия;
•  Домперидон, 10 мг, 20 мг дәрілер;
•  Ранитидин, 150 мг, 300 мг дәрілер;
•  Фамотидин 20 мг , 40 мг дәрілер;
•  Үш калий дицитрат висмуты 120 мг, дәрілер;

Қосымша дәрі-дәрмектер тізбесі:
•  Гиосцин бутилбромиді 10 мг драже, дәрі жіберу үшін 20 мг/мл ерітіндісі; 10 мг суппозитарийлер;
•  Платифиллин 2 мл, дәрі жіберу үшін 0,2%-дық ерітінді;
•  Павлов микстурасы, 200 мл;
•  Панкреатин 10000, 25000 ЕД капсулалар;
•  Ретинол пальмитаты, драже 3300 МЕ; капсулалар 3300, 33000 МЕ майдағы ерітінді;
• Токоферол ацетат, 100 мг капсулалар;
•  Пиридоксин гидрохлориді 5%, ампула 1мл;
•  Тиамин бромиді 5%, ампула 1мл;
•  Дротаверин 2% ампула 2 мл; табл. 40 мг, 80 мг;
•  Фолий қышқылы 1мг табл.;
•  Алюминий   гидроксиді+Магний   гидроксиді,   суспензия,   шиша   170 мл, дәрілер, шағын пакеттердегі суспензия (1 пакет - 15 мл); шиша 250 мл;
•  Шүйгіншөп сығындысы, табл. 200 мг.
 
Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізгі дәрі-дәрмектер тізбесі:
•  Омепразол 20 мг табл.;
•  Лансопразол 15 мг, 30 мг капсулалар;
•  Эзомепразол 20 мг, 40 мг табл.;
•  Кларитромицин, 250мг, 500 мг табл.;
•  Метронидазол 250 мг дәрілер; инфузиялар үшін 0,5%-дық ерітінді 100 мл шишада;
•  Амоксициллин, 500 мг, 1000 мг дәрілер; 250 мг, 500 мг капсула; 250 мг/ 5 мл пероральды суспензия;
•  Домперидон, 10 мг, 20 мг табл.;
•  Ранитидин, 150мг, 300 мг табл.;
•  Фамотидин 20 мг , 40 мг табл.;
•  Үш калий дицитрат висмуты 120 мг, табл.;

Қосымша дәрі-дәрмектер тізбесі::
•  Гиосцин бутилбромиді 10 мг драже, дәрі жіберу үшін 20мг/мл ерітіндісі; 10 мг суппозитарийлер;
•  Платифиллин 2 мл, дәрі жіберу үшін 0,2% ерітінді;
•  Павлов микстурасы, 200 мл;
•  Панкреатин 10000, 25000 ЕД капсулалар;
•  Ретинол пальмитаты, драже 3300МЕ; капсулалар 3300, 33000 МЕ майдағы ерітінді;
•  Токоферол ацетаты, 100 мг капсулалар;
•  Пиридоксин гидрохлориді 5%, ампула 1мл;
•  Тиамин бромиді 5%, ампула 1мл;
•   Дротаверин 2% ампула 2 мл; табл. 40 мг, 80 мг;
•   Фолий қышқылы 1мг табл.;
•   Алюминий  гидроксиді+Магний   гидроксиді,   суспензия,   шиша   170 мл, табл., шағын пакеттердегі суспензия (1 пакет - 15 мл); шиша 250 мл;
•   Шүйгіншөп сығындысы, табл. табл. 200 мг.
 
жедел шұғыл көмек кезеңінде жүргізілетін дәрімен емдеу: жүргізілмейді 

Алдын алуы


Профилактикаға белсенді ерте анықтауды және ойық жара ауруына қатысты қауіп төнген аурыу адамдарды емдеуді, этиологиялық себептерді жоюды көздейді.
Профилактикаға ас қорыту жүйесі мен тұтас ағзаның жұмысын қалыптандыруға бағытталған іс-шаралар жатады:  режим және емдік тамақтану, зиян әдеттерден бас тарту, гельминттерге тескеру, ауыз қуысын санациялау.
Қайтара профилактика қарсы емді көздейді. Болжамдалатын асқынудың алдынғы кезендерінде жүргізіледі және оған асқазанның ойық жара ауруының клиникалық-эндоскопиялық кезеңіне сәйкес диеталық тамақтану және ДПК, емдік дене шынықтыру су емшаралары, жеке белсенділікті арттыру, шынықтыру, психикаға қолайлы әсер ететін жағдайды жақсарту жатады [9]. 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 20. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Evidence-based Guidelines from ESPGHAN and NASPGHAN for Helicobacter pylori infection in children //JPGN. - 2011.-vol. 53, №2.-р. 230-243. 2.Щербаков А.П., Щербаков П.Л. Ведение хеликобактерной инфекции у детей: научно обоснованные рекомендации ESPGHAN и NASPGHAN //Лечащий врач.-2011.-№6.-с. 5-15. 3.Практическое руководство по детским болезням. Под общей редакцией проф. В. Ф. Коколиной и проф. А. Г. Румянцева. Том II. Гастроэнтерология детского возраста. Под ред. С. В. Бельмера, А. И. Хавкина, П. Л. Щербакова. Изд. 2-е, перераб. и доп. М., Медпрактика-М., 2010. 4.Хавкин А.И., Жихарева Н.С., Дроздовская Н.С. Медикаментозная терапия язвенной болезни у детей //Лечащий врач.-2006.-№1.-с.26-29. 5.Koletzko S., Richy F., Bontems P. et al. Prospective multicenter study on antibiotic resistance of Helicobacter pylori strains obtained from children living in Europe //Gut.2006; 55 (12):1711-1716. 6.Malfertheiner P., Megraud F., O'Morain C. et al. Current concepts in the management of Helicobacter pylori infection: the Maastricht III Consensus Report //Gut. 2007.-Jun; 56 (6):772-781. 1. Баранская Е.К., Ивашкин В.Т., Шептулин А.А. Современные подходы к лечению язвенной болезни //В кн. Профилактика и лечение хронических заболеваний верхних отделов желудочно-кишечного тракта /Под ред. акад. В.Т. Ивашкина. М.:Медпресс-информ. - 2013. - с.75-78. 2. Корниенко Е.А. Лечение инфекции Helicobacter pylori у детей: лекция для врачей-педиатров //Санкт-Петербург, 2009. - с.39. 3. Мельникова И.Ю., Новикова В.П. Диспансеризация детей и подростков с патологией пищеварительной системы: учебно-методическое пособие //Санкт-Петербург, 2011 - с.26-36. 4. Drumm В., Koletzko S., Oderda G. Helicobacter pylori infection in children: A consensus statement // J Pedatr Gastroenterol Nutr. 2000; 30:207-213. 5. Gold В., Colletti R. В., Abbott M., Czinn S., Elitsur Y., Hassall E. et al. Medical Position Paper: The North American Society for Pediatric Gastroenterology and Nutrition: Helicobacter pylori infection in children: Recommendations for diagnosis and treatment //J Pediatr Gastroenterol Nutr. 2000; 31: 490-497.

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі:
Орынбасарова К.К. – м.ғ.д., «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Балалар аурулары» кафедрасының меңгерушісі.
Мырзабекова Г.Т. - м.ғ.д., «Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты» ШЖҚ РМК «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі.
Смағұлова А.Б. - м.ғ.к., «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Амбулаториялық-емханалық педиатрия» кафедрасының доценті.
Құдайбергенова М.С. «Ұлттық ғылыми-медииналық орталық» АҚ клиникалық фармакологі.

Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Аталықова Г.Т. м.ғ.д., «Астана медицина университеті» АҚ №2 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасының профессоры.

Хаттаманы қайта қарау шарттары: әрбір 3 жыл сайын немесе диагностика мен емдеудің жаңа дәлелденген деректері пайда болған кезде.
 
Қосымша
 
Балалардың НР-инфекциясын диагностикалау және емдеу ережелері 2011 жылы ESPGHAN/NASPGHAN-мен ұсынылған
 
Балалардың Helicobacter pylori инфекциясын диагностикалау және емдеу жөніндегі ұсыныстар:
1.     Фиброгастродуоденоскопия кезінде НР диагностикалау үшін гистологиялық зерттеу үшін асқазан биопсиясы (антральды бөлім және дене) ұсынылады.
1.                НР инфекциясын бастапқы диагностикалау оң экспресс-уреазды тестпен немесе позитивті бактериальды егумен қатар позитивті гистопатологиялық зерттеу нәтижелеріне негізделуі тиіс.
2.                Радиоизотопты көміртекті тыныс алу тесті (КТТ) сенімді инвазивті емес ретінде эрадикациялық емдеуді бағалау үшін қолданылуы мүмкін.
3.                Нәжістегі НР шынайылығын тексеру үшін ИФТ инвазивті емес тест нәтижелері НР эрадикациялауды бақылау үшін бақылануы мүмкін. Ең сенімді тест.
4.                Қандағы, несептегі, сілекейдегі НР-ге қарсы денелерді (IgG, ^А) анықтауға негізделген тесттер клиникалық жағдайларда пайдалану үшін сенімді болып табылмайды. Балалардағы НР қарсы денелерді (IgG немесе IgA) анықтау үшін сезімталдық пен ерекшелік кең ауқымда болғандықтан серологиялық тесттер НР инфекциясын диагностикалау үшін өз бетімен пайдаланылуы мүмкін емес. Ерекше  IgG жұқтырғаннан кейін бірнеше ай немесе жыл бойы онды болып қалаберуі мүмкін.  Сондықтан олар клиникалық педиатриялық тәжірибеде сенімді диагностикалау үшін ұсынылған жоқ.
5.                НеНсоЬаС:ег pylori-ді анықтау үшін инвазивті (биопсияға негізделген зерттеулер) және инвазивті емес тесттерді (КТТ, нәжісті зерттеуді) протонды помпа  ингибиторларын тоқтатқаннан кейін екі аптадан соң және бактерияға қарсы емдеуді аяқтағаннан кейін төрт аптадан соң орындау ұсынылады.
7.     НР-позитивті ойық жара ауруы расталған жағдайда, эрадикациялық емдеуді бастау қажет. 
НР эрадикациялау тиімділігін анықтау үшін инвазивті емес зерттеуді емдеуді анықтағаннан кейін 4-8 аптадан соң жүргізу ұсынылады.
 
Жүргізілетін эрадикациялық емдеудің тиімсіздігі жағдайда мына үш әрекет ұсынылады:
 
1.   ФЭГДС биопсиямен қоса, гистологиялық зерттеу және сезімталдықты анықтау, оған қоса баламалы антибиотиктер (егер емдеудің алдында орындалмаса).  Тек қана кларитромицинге ғана емес, сондай-ақ пайдаланылатын антибиотиктердің барлық түріне Н. pylori штаммының сезімталдығын анықтау.
2. Алдынғы парафинді биопсиялық блоктардағы жасушалардағы флуорисцентті будандастыру әдісімен кларитромицинге сезімталдықты анықтау (егер бүгін орындалмаса). НР штаммдарының кларитромицин – тұрақты деңгейі жоғары орындарында кларитромицин негізінде үш еселік емдеуді бастағанға дейін  кларитромицинге сезімталдықты зерттеуді жүргізу ұсынылады.   
Балаларды эрадикациялау үдерісінде кларитромицинге резистенттілік жағымсыз әсер етеді.
3. Антибиотиктерді қосу, басқа антибиотиктерді, висмутты пайдалану және/немесе емдеуді жалғастыру жолымен емдеуді өзгерту. 
 


Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх