Мерезді алдын ала емдеу

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Контакт с больным и возможность заражения инфекционной болезнью, передаваемой преимущественно половым путем (Z20.2)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген


Мерезді алдын ала емдеу – бұл мерездің алғашқы кезеңдерімен ауыратындармен жыныстық немесе тығыз тұрмыстық байланыста болған тұлғаларға жүргізілетін миркобқа қарсы терапияның сұлбасы, егер байланыс сәтінен бастап 2 айдан аз уақыт өтсе [1, 2, 3].
 
Хаттаманың атауы: Мерезді алдын ала емдеу
 
Хаттаманың коды:
 
Код (кодтар) ХАЖ Х
Z 20.2 Аурулармен байланыс және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруды жұқтыру мүмкіндігі
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
МҚП - микробқа қарсы препараттар
б/і – бұлшықет іші
г - грамм
ӘБ - әрекет бірлігі
ИФТ - иммуноферментті талдау
СРЖ - серологиялық реакциялардың жиынтығы
ХПЕА - халықаралық патенттелмеген аталымы
мл - миллилитр
мг - миллиграмм
ИФР - иммунофлюоресценция реакциясы
МПР - микропреципитация реакциясы
КБР - комплементаның байланыстыру реакциясы
СГАР - селқос гемагглютинация реакциясы
е-і - ерітінді
RW - Вассерман реакциясы
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, гинекологтар, урологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар.

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі: бұл хаттамаға жіктеу қарастырылмаған

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·       Серологиялық: қан сарысуында Вессерман реакциясын қою;
·       Қан сарысуында бозарған трепонеманың антигенімен СГАР;
·       ИФТ: ИФТ-әдісімен қан сарысуында Treponema pallidum-ге Jg M, Jg G анықтау;
·       Қан сарысуында кардиолипинды антигенмен микропреципитация реакциясы;
·       Урогениталдық сүртіндіні өзге ЖЖБИ (терапия басталғанға дейін) жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көкпен және/немесе Грам бойынша бояу).
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: жүргізілмейді.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальді  тізімі: жүргізілмейді.
 

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (жоспарлы госпитализация кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі): жүргізілмейді.

 Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (шұғыл госптализация кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізіледі): жүргізілмейді.

Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар мен анамнез:

Шағымдар: жоқ.
 
Анамнез:
2 айдан кеш емес мерзімде мерездің алғашқы кезеңдерімен ауыратынмен жыныстық қатынас;
·        3 жасқа дейінгі балаларда мерездің алғашқы кезеңдерімен ауыратындармен тұрмыстық қатынастың болуы;
·        кездейсоқ жыныстық қатынас.
 
Физикальды тексеру:
·        Тері жабындылары мен шырышты қабыршақтар бөртулерден бос;
·        Сырттағы лимфалық түйіндер патологиялық өзгеріссіз.

Зертханалық зерттеулер:
·        Серологиялық: қан сарысуында Вессерман реакциясы: нәтижесі теріс;
·        Қан сарысуында бозарған трепонеманың антигенімен СГАР: нәтижесі теріс;
·        ИФТ: ИФТ-әдісімен қан сарысуында Treponema pallidum-ге Jg M, Jg G анықтау: нәтижесі теріс;
·        Қан сарысуында кардиолипинды антигенмен микропреципитация реакциясы: нәтижесі теріс.
 
Аспаптық зерттеулер: жүргізілмейді.
 
Мамандардың кеңесіне арналған көрсеткіштер: жоқ.

 

Дифференциалды диагноз

 
Сараланған диагноз: жүргізілмейді.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары: мерездің алдын алу.
 
Емдеу тәсілі
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
2 режим.
№15 үстел (жалпы).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу [4]:
 

Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПЕА Шы-ғару фор-масы Мөл шерлеу Қол-дану еселігі Ескерту
Бактерияға қарсы препараттар (дәлелділік деңгейі – В-2)
 
Бензатинбензилпеницил
лин
2,4 млн. ӘБ фла коны
  бір еселі Таңдау препараты, ең үлкен комплаентнттігі /4/.
  Бензатинбензилпеницил
линнің, бензилпени
циллинді
натрий (немесе калий) тұзы
ның және
бензилпен
циллинді
новокаин тұзының
қоспасы
фла
кон
ӘБ
1,8 млн.
б/і – жұма ішінде2 инъек ция  
  Бензатинбен
зилпеницил
линнің және бензилпени
циллинді
новокаин тұзының
қоспасы
фла
кон
ӘБ
1,5 млн.
б/і – жұма ішінде 2 инъек ция  
  Бензил пенициллин
ді новокаин тұзы
фла
кон
ӘБ
600 мың
б/і – жұма ішінде 2 инъек ция  
  Цефтри
аксон
флакон 500-1000 мг ересектер үшін
5 күн ішінде күніне 1 рет
б/е 250 мг-нан
Пенициллиндік қатарлы препараттарға аллергия жағдайында баламалы препараттар
  Доксициклин дәрілер 100-200 мг капсулалар 10 күн ішінде күніне 2 рет
100 мг - нан
Пенициллиндік қатарлы препараттарға аллергия жағдайында баламалы препараттар
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу

Негізі (100 % қолдану мүмкіндігі бар) емдік дәрі-дәрмектер тізімі:

·        Бензатинбензилпенициллин (флакон ӘБ 2,4 млн);
·        Бензатинбензилпенициллиннің, бензилпенициллинді натрий (немесе калий) тұзының және бензилпенициллинді новокаин тұзының, қоспасы (флакон ӘБ 1,8 млн);
·        Бензатинбензилпенициллиннің және бензилпенициллинді новокаин тұзының қоспасы (флакон ӘБ 1,5 млн);
·        Бензилпенициллинді новокаин тұзы (флакон ӘБ 600 мың);
·        Цефтриаксон (флакон 500-1000 мг);
·        Доксициклин (100-200 мг дәрілер, капсулалар).
 
Қосымша (қолдану мүмкіндігі 100 % кем) дәрілік заттардың тізімі: жоқ.

Емдеудің өзге түрлері: жүргізілмейді.

Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері:
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін емдеудің өзге түрлері:
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңіндегі емдеудің өзге түрлері
 
Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.

Амбулаториялық жағдайларда хирургиялық араласу
 
Стационарлық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу.

Алдын алуы


·        Емделуден кейін 6 ай ішінде диспансерлі тексеру;
·        Жыныстық серіктестерді уақтылы айқындау, тексеру және емдеу;
·        Нәтижесінде ретсіз жыныстық қатынастарды жою;
·        Бұқаралық ақпарат құралдары, жаднамалар тарату мен мультимедиялық бағдарламалар көру арқылы ЖЖБИ жеке басты және қоғамдық профилактикасы жөнінде жаппай профилактикалық насихаттау;
·        Жеке тұлғалық қарым-қатынастар, сексуалды қарым-қатынастар туралы толық ақпарат, жыныстық өмірді ерте бастау зардабы, қаламаған жүктілік мәселелері бойынша ата-аналармен және жоғарғы сынып оқушыларымен жеке консультациялар мен профилактикалық әңгімелер, қауіпсіз секс (мүшеқапты қолдану) ережелерін түсіндіру;
·        Дерматовенеролог, акушер-гинеколог, уролог дәрігерлерінің қабылдау кабинеттерінде, профилактикалық тексеру кабинеттерінде мерезді және өзге ЖЖБИ жұқтыру қатерін болдырмау мен төмендету тәсілдері бойынша кеңес беру;
·        ЖЖБИ сақтандыру мәселелері бойынша қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелерді жүргізу мен ақпараттық-білім беретін әдебиеттерді тарату үшін еріктілерді (білім беретін мекемелердің оқушыларын) дайындау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1. Европейское руководство по ведению больных по ЗППП.-2001 г.- Журнал 12.- №3.- 111 с. 2. Клинические рекомендации по ведению больных инфекциями, передаваемыми половым путем и урогенитальными инфекциями.-2011 г.- с.- 109. 3. Sexually Transmitted Diseases Treatment Guidelines, 2010 // Department of health and human services Centers for Disease Control and Prevention. Recommendations and Reports December 17, 2010 / Vol. 59 / No. RR-12./ p. 114. 4. Hook EW 3rd, Stephens J, Ennis DM. Azithromycin compared with penicillin G benzathine for reatment of incubating syphilis. Ann Intern Med 1999; 131:434–437.

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі.
1. Бәтпенова Г. Р. - м.ғ.д., ҚР ДСМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі.
2. Баев А. И. - м.ғ.к., ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК а.ғ.қ.
3. Жетпісбаева З. С. - м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының доценты.
4. Жұлфаева М. Г. - ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас дәрігері.
5. Ахмадьяр Н. С. - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Нұрышева С. М. - м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК тері және мерез аурулар кафердрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарастырудың шарттарын көрсету: әрбір 3 жылда немесе диагностика мен емдеудің жаңа дәлелденген мәліметтері пайда болған кезде. 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх