Балалар құрысқағы

PN-P-004

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие и неуточненные судороги (R56.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы: Құрысқақ – бұл есті жоғалтусыз немесе жоғалтумен қатар жүретін бұлшықеттердің клондық немесе клондық-тонустық еріксіз жиырылу ұстамасы.

Хаттама коды: PN-P-004  "Балалар құрысқағы"
Педиатрия саладағы медециналық пункттар үшін.

Жіктемесі


Жіктемесі:
- қатерсіз құрысқақтар;
- эпилепсиялық;
- инфекциялық аурулар кезіндегі құрысқақтар;
- метаболиттік бұзылыстар туындатқан құрысқақтар (гипогликемия, гипонатриемия);
- инфекциялық аурулар туындатқан құрысқақтар (жарақат, уланулар, диабеттік кетоацидоз, гломерулонефриттік энцефалопатиясы).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- бай акушерлік анамнез (асқынған босанулар, босану кезіндегі жарақаттар);
- гипогликемия;
- айқын қызба;
- жеке жəне отбасылық анамнездегі эпилепсия;
- ОНЖ инфекциялық аурулары (менингит, энцефалит);
- бас жарақаттары;
- дəрілермен жəне улы препараттармен улану;
- вакцинадан кейінгі асқынулар;
- қандағы кальцийдің, пиридоксиннің төмен деңгейі.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
- бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы;
- керілген жəне шығыңқы еңбек;
- табиғи емес поза;
- бас жарақаты немесе өзге жарақатар белгісі.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (3 параметр).
2. Зəрдің жалпы анализі.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Нəрестені дұрыс орналастыру қажет.
 
Мойын жарақатына күмəн жоқ болса:
- аспирация қауіпін төмендету үшін нəрестенің басын бір қырына бұрыңыз;
- нəрестенің қолын бетіне қойып, басын жайлап бұрыңыз жəне тұрақтандырыңыз;
- дененің қалпын тұрақтандыру үшін, нəрестенің бір аяғын бүгіңіз;
 
Егер мойын жарақатына күмəн болса:
- нəрестенің мойнын тұрақтандырыңыз жəне арқасына жатқызыңыз;
- нəрестенің маңдайын қалыпты бекіту үшін, қатты беткейлікке жанастырыңыз;
- бастың бұрылуын бодлырмау үшін нəресте басының екі жағына жылы сұйықтық құйылған пакет қойыңыз.
 
Құсу кезінде, басын денемен бір линияда етіп нəрестені қырына аударыңыз. Қызба болған кезде (38,5 жəне жоғары) – парацетамол*10-15 мг/кг  жəне/немесе нəрестені бөлме температурасындағы сумен сүртіңіз, аспирация қауіпі үшін, құрысуды толық басқанша оралды препараттар тағайындамаңыз.
 
Құрысқаққа қарсы ем:
- диазепам* 0,5 мг/кг ректальді немесе б/і нəрестелерде < 2 ай немесе в/і диазепам 0,2-0,3 мг/кг бір рет. Тиімділік болмаса – енгізгеннен кейін 10 мин. соң – қайталау қажет. Максималды доза 10 мг (дене салмағы 20 кг кезде).
- балалар үшін < 2 ай. –фенобарбитал ерітіндісі 20 мг/кг. Егер құрысқақ жалғасып жатса 30 мин. соң қайталау қажет. Тез арада стационарға жолдау.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
- *парацетамол 500 мг, табл.;
- *диазепам 5 мг, табл.; 10 мг/2мл, амп.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
-  фенобарбитал 20 мг/5 мл, амп.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: құрысулық синдромды басу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: құрысудың болуы – госпитализациялау үшін абсолюттік көрсетімдер.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Deborah G. Hirtz. Febrile Seizures . Pediatrics in Review. http://www.g-i-n.net/ 2. Лечение судорожных состояний и эпилепсии у детей. КПР. 2004 г. http://medi.ru. 3. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2 издание. 2002 . 4. Ведение ребенка с серьезной инфекцией или тяжелым нарушением питания. Руководство по уходу в стационаре первого уровня в Казахстане: ВОЗ, МЗ РК, 2003. 5. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине. Пер. с англ. ред Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. 2-ое изд., М., ГЭОТАР – МЕД, 2003.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Джаксон Н.Л., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх