Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

P-T-017

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другая хроническая обструктивная легочная болезнь (J44)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс жолдарының дистальді бөлігінің, өкпе паренхимасының зақымдалуымен жəне эмфизема қалыптасуымен жүретін біріншілік созылмалы қабынбалық ауру; ол қайтымды немесе 
жартылай қайтымды бронхылық обструкцияның дамуымен байланысты ауа ағымының шектелуімен мінезделеді. Тыныс жолдары өтімділігінің төмендеуі үдемелі мінезде жəне өкпенің шаң немесе түтінге, темекіге, атмосфералық ауаның ластануына қабынбалық жауабымен байланысты.
 
Хаттама коды: P-T-017 "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J44  Басқа созылмалы обструктивті өкпелік ауру
J42  Анықталмаған созылмалы бронхит

Жіктемесі


Жіктемесі:
 
Cтадия 0. ӨСОА қауп стадиясы – созылмалы жөтел жəне қақырықтың түсуі; өкпе функциялары қалыпта.

Стадия I. Жеңіл ӨСОА – айқын емес (жеңіл) бронхообструкция (ОФВ1/ЖЕЛ < 70%, но ОФВ1 80 % қалыпты мəннен) жəне бірақ барлық жағдайда созылмалы жөтел, қақырықтың түсуі болмауы мүмкін.
 
Сстадия II. ӨСОА ауыр дəрежесі – бронхообструкцияның үдеуі (50% ОФВ1<80 % қалыпты мəннен) жəне симптомдардың үдеуі, физикалық жүктемеде ентікпе дамиды.
 
Стадия III. Ауыр ӨСОА – бронхообструкцияныі əрі қарай үдеуі (30% ОФВ1<50 % қалыпты мəннен), өмір сапасына əсер ететін, ентікпенің үдеуі жəне жиі асқынулар.
 
Стадия IV. Аса ауыр ӨСОА – ауыр бронхообструкция (ОФВ1<30 % қалыпты мəннен) немесе созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар
Темекі тарту ӨСОА аса маңызды қауіп қатерлі факторлары 
болып табылады. Əрі қарай жұмыс орнындағы тозаңдар мен химикаттар (тітіркендіргіш заттар, булар, буланулар), органикалық отындардың жануынан бөлмелердегі ауаның ластануы, қоршаған ауаның ластануы, пассивті темекі тарту, ерте бала жастағы тыныс алу жолдарының инфекциялары, генетикалық бейімділік (темекі тартпайтын 40 жастан кішілерде ауруды альфа1-антитрипсин тапшылығымен байланыстырады).

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
- созылмалы жөтел (күн сайын, жиірек күні бойы жалғасады; сирек жағдайда түнде);
- созылмалы қақырық түсу (кез келген созылмалы қақырық түсу ОСОА көрсету мүмкін);
- жіті бронхиттер (көп рет қайталамалы);
- ентікпе (Үдемелі. Тұрақты түрде физикалық жүктеме, тыныс алу жолдарының инфекциясы кезінде);
қауіп қатерлі факторларға көрсететін анамнез.
 
Физикалық тексеру:
- форсирленген патологиялық ұзарған тыныс алу соңында аускультация кезінде тыныс жолдарының обструкциясымен шартталған құрғақ сырылдарды тыңдауға болады;
өкпе эмфиземасы бар науқастарда көкірек клеткасы бөшке тəрізді формада болады, аускультация кезінде əлсіздеген тыныс, ал перкуссия кезінде қораптық дыбыс анықталады;
- гипоксемия кезінде цианоз пайда болады.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Терапевт консультациясы.
2. Қанның жалпы анализі.
3. Зəрдің жалпы анализі.
4. Микрореакция.
5. Қақырықтың жалпы анализі.
6. Флюорография.
7. Сыртқы тыныс алу функцияларын зерттеу.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қақырық цитологиясы.
2. БК ға қақырықты зерттеу.
3. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау.
4. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.
5. Фибробронхоскопия.
6. Пульмонолог консультациясы.
7. Отоларинголог консультациясы.
8. Қанның газдық құрамы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: эритроциттер санының жəне гемоглобин деңгейінің артуына бейімділік, əсіресе тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде.
 
ӨСОА диагнозы спирометриямен расталуы қажет:
- ОФВ1 үдемелі төмендеуі;
өкпенің форсирленген өмірлік көлемі (ФЖЕЛ) - (FVC);
- 1 секундта дем алудың форсирленген көлемі (ОФВ1) - (FEV1);
Қатынастар есептеледі ОФВ1/ФЖЕЛ (FEV1/FVC).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

                                                     СОА жəне БД негізгі дифференциалдық-диагностикалық критерилері


Белгілер СОА БД
Аллергия Тəн емес Тəн
Жөтел Тұрақты, түрлі тиімдікте Ұстаматəрізді
Ентікпе
Тұрақты, бірден
айқындықсыз
Эспитраторлық ентікпе
ұстамалары
ОФВ тəуліктік өзгеруі Қалыптағыдан 10% аз Қалыптағыдан 15% көп
Бронхиалды обструкция
Қайтымдылық тəн емес,
өкпе функциясының үдемелі
нашарлауы
Қайтымдылық тəн, өкпе
функциясының үдемелі
нашарлауы
Қан эозинофилиясы
жəне 
қақырық
Тəн емес Тəн

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: аурудың үдеу қарқынын төмендету басты болып табылады.

Ем мақсаты: бронхиалды обструкцияға жəне тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келетін аурудың үдеу қарқынын төмендету.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
Бірінші жəне аса əрекетті əдіс болып темекі тартуды тастау табылады. Темекі зияны туралы кез келген консультациялар, тиімді жəне əр қабылдауда айтылуы қажет. СБ емдеуде бронхтық теректің дренаждық функциясын жақсартуға жəне тыныс алу мускулатурасына бағытталған емдік тыныстық гимнастика маңызды орын алады. Мұнымен қоса физиотерапиялық əдістер мен тыныс алу мускулатурасының массажы белгілі мəнге ие.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Басым жағдайда ингаляция түріндегі бронхилиттік заттар, ӨСОА негізгі симптоматикалық емі болып табылады:
- «қажет жағдайда», уақытша жəне нашарлаған симптомдарды жою үшін, жəне тұрақты түрде – персистирлеуші симптомдарды азайту жəне профилактикасы үшін тағайындалады;
- түрлі топтағы бронхолитиктер арасындағы таңдау жəне олардың комбинациясы қолда бар дəрілік затарға байланысты;
қысқа əсердегі бронх кеңейткіш препараттармен емдеу, ұзақ əсерлі бронходилятаторлармен емнен гөрі тиімді, бірақ қымбат;
- түрлі маханизмдегі жəне ұзақтықтағы дəрілер комбинациясы бронхтың кеңею дəрежесін арттырады;
- теофиллин ӨСОА кезінде тиімді; бірақ оның потенциалды уытты əсерімен байланысты, қолда бар болса ингаляциялық бронходилататорлар қолданылады.
 
Ингаляциялық кортикостероидтар келесі емделушілер үшін қолданылады - қалыпты мəннен ОФВ1<50% жəне қайталамалы асқынуларда (мысалы, соңғы 3 жылда 3 рет).
 
Ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу тиянақты таңдалған топтағы емделушілерде симптомдарды жеңілдетеді, ОФВ1 үдемелі төмендеуін азайтпайды. ӨСОА барлық кезеңдерінде қажет: қауіпті факторларды жою, тұмауға қарсы вакцинамен жыл сайынға егу жəне қажет болса қысқа əсердегі броходилятаторлар. Жеңіл кезеңінде (1 стадия) жəне аурудың клиникалық көріністері болмаған кезде науқас тұрақты дəрілік терапияға зəру.

Интермиттирлеуші симптомдармен науқастарға ингаляциялық бета 2 - агонисттер немесе қысқа əсердегі М-холинолитиктер бірі көрсетілген (сальбутамол - 200-400 мкг, фенотерол - 200-400 мкг), ипротропий бромиді 40 мкг, беродуал (фенотеролдың фиксирленген комбинациясы жəне ипротропий бромиді).
 
2-4 кезеңде бір немесе ұзақ əсердегі бронходилятаторлармен тұрақты ем қосылады (сальметерол-50 мкг немесе формотерол-12 мкг тəулігіне екі рет).
 
3-4 кезеңде ингаляциялық глюкокортикостероидтармен тұрақты ем көрсетілген (беклометазон дипропионат – тəулігіне 600-800 мкг, будесонид – тəулігіне 800-1600 мкг, немесе флутиказон пропионат– тəулігіне 250-1000 мкг). Жүйелік глюкокортикостероидтар тұрақты ем кезінде ұсынылмайды.
 
Муколитиктер (амброксол) тек қана тұтқыр қақырықпен науқастарға тағайындалады.
 
Антибактериалды терапияны антибиотикограмманы ескеріп іріңді қақырық болған кезде тағайындайды. Жаңа генерациядағы макролид препараттарына көңіл бөлінеді (спирамицин), амоксициллин+клавулан қышқылы (амоксиклав), муколитиктермен қоса клиндамицин (спирамицин 3 000 000 БІР х 2 рет, 5-7 күн, амоксиклав 625 мг х 2 рет, 7 күн, кларитромицин 250 мг х 2 рет, 5-7 күн, цефтриаксон 1,0 х 1-2 рет, 5 күн, метронидазол 100 мл в/і тамшылап).

Бактериологиялық зерттеудің нəтижесі бойынша, клиникалық тиімділік 
жəне шығарылған микрофлораға байланысты емге түзетулер енгізіледі (цефалоспориндер, фторхинолондар жəне басқалар).
 
СБ емдеуде бронхтық теректің дренаждық функциясын жақсартуға жəне тыныс алу мускулатурасына бағытталған емдік тыныстық гимнастика маңызды орын алады. Мұнымен қоса физиотерапиялық əдістер мен тыныс алу мускулатурасының массажы белгілі мəнге ие.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
2. *Ипратропия бромид аэрозоль 100 доза.
3. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
4. *Теофиллин таблетка 200 мг, 300 мг таблетка ретард 350 мг.
5. *Фенотерол аэрозоль 200 доза.
6. *Ипратропий бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.
7. *Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.
8. *Амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг.
9. *Азитромицин 500 мг.
10. *Метронидазол 100 мл, флакон.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% 5 мл ампулада, 10 мл.
2. *Салметерол ингаляция үшін аэрозоль 25 мкг/доза.
3. *Флютиказон аэрозоль 120 доз.
4. *Кларитромицин 500 мг, табл.
5. *Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: бронхылы обструкция жəне тыныс жеткіліксіздігіне алып келетін аурудың үдеу темпін төмендету.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялдауға көрсетімдер:
1. 3 күннен артық субфебрильді дене қызуы.
2. Бастапқы ОФВ1, ЖЕЛ, ФЖЕЛ, Тифнодан ФВД көрсеткіштерінің 10% төмендеуі.
3. Тыныс алу жеткіліксіздігінің үдеуі мен жүрек жеткіліксіздігінің белгілері.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: темекіден бас тарту.

Профилактикалық шаралар: рецидивке қарсы ем.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: терапевтте диспансерлік бақылауда болу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Краткое руководство для врачей и медсестер по хронической обструктивной болезни легких. Диагностика, лечение и профилактика. Национальный Институт здоровья США, ВОЗ, 2004. 2. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. Изд-во «ГЕОТАР-МЕД», 004. 3. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Вып. 3, изд-во Медиа Сфера, 2004 4. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 1. М. Медиа Сфера, 2003, с 82-100 5. Доказательная медицина. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2 изд. ГЕОТАР, 2002. 6. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Семенова Р.И., Қаз ҰМУ пульмонология кафедрасы

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх