Бартолин безі аурулары

H-O-001

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Болезнь бартолиновой железы неуточненная (N75.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 

Анықтамасы:   Бартолинит - бартолиндік бездің қабынуы.
 

Абцесс - ірің еркін ағып тұрса, бартолинит анық байқалмаған клиникалық көріністерсіз өтеді. Науқас толық жазылуы мүмкін.

Абцестің қалыптасуы қабыну реакциясы әсерінен, тыртықтың қысуы немесе қою секреттердің жиналуы әсерінен бартолиндік бездер өзектерінің өткізілімділігі бұзылғанда болады.

Бартолиндік без кистасында жұқпадан кейінгі қысуы пайда болуынан, сондай-ақ эпизиотома немесе жарақат әсерінен шығару өзегінің өткізілімділігі бұзылғанда қалыптасады. Киста көлемі кішкентай болуы мүмкін немесе білінбей өтуі мүмкін. Көлемі үлкен киста маңайындағы тіндерді ісітуі және диспареунияға әкеліп соғуы мүмкін. Ол инфекциялы асқынса, екіншілік абцесс болуы мүмкін.


Хаттама коды: H-O-001 "Бартолин безі аурулары"

Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

N75 Бартолин безі аурулары

N75.0 Бартолиндік без кистасы

N75.1 Бартолиндік без абцесі

N75.8 Басқа да бартолиндік без аурулары

N75.9 Анықталмаған бартолиндік без аурулары

Жіктемесі


 Жіктемесі:

1. Бартолинит.

2. Абцесс.

3. Бартолиндік без кистасы.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Жыныстық серігін ауыстыру.

2. ЖЖБА болуы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:

 
Шағымдар мен анамнез:
жоқ.

 
Физикалық тексеру

1. Жыныстық үлкен ерін маңына түзінді пайда болуы.

2. Аурушаңдық.

3. Гипермия.

4. Тіндердің ісінуі.

5. Абцесс кезіндегі флюктуация, гипертермия.


Лабораторлық зерттеулер: тән емес.

 
Иструменталдық зерттеулер:
тән емес.

 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
көрсетімдер бойынша.


Диференциалды диагностика:

Қасаға маңында инфекциялы гематома.

Дистальды зәрағар айналасындағы инфекциялы парауретральды бездер (Скин бездері).


Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қанның жалпы анализі.

2. Зәрдің жалпы анализі.

3. Тазалық деңгейіне жағынды алу.

4. Антибиотиктерге сезімталдығына баксебінді алу.

5. Инфекцияға, (ИФА, ПЦР), созға, трихомонадқа, хламидиге тексеру жүргізу.


Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. HBsAg.

2. Анти HCV.

Емдеу тактикасы

 

Емдеу тактикасы


Ем мақсаты: қабынуға қарсы терапия, инфузиялық терапия, абсцессті ашу, кистаны алып тастау.


Дәрі-дәрмексіз ем: жоқ.


Дәрі-дәрмектік ем: 


Абцесс

-Жаңадан пайда болған флюктуациясы бар абцесті іншектің есік жағынан сыртқа қарай ашып, кәріздеу керек. Бұл үшін жергілікті жансыздандыруды қолданған жөн. Марсупиализация мынандай жағдайда жақсы болады:

-Абцестер көбінесе көпкамералы болады сонықтан бүкіл камераларды дренаждау керек.

-Антибактериалды терапия ұсынылады, егер:

абцестің көлемі үлкен болса;

абцес бездің аумағынан асып кетсе;

науқастың ене қызуы жоғары болса.

-Антибактериялық дәрі-дәрмектерден I шыққан цефалоспоринді (цефалексин немесе цефадроксил) 500 мг-нан күніне 3 рет және метронидазолды 400 мг-нан күніне 3 рет 10 күн бойы тағайындауға болады.

-Егер абцесс қалыптаспаған болса, оны ашқаннан пайда жоқ. Антибактериялық ем тағайындауға болады және СЕҚҚП қолдану арқылы ауруды бәсеңдету, сондай-ақ тыныштандыру, жылы ванна қабылдау ұсынылады. Абцесс қалыптасқан кезде оны алып тастау керек және марсупиализация операциясын жасау қажет.


Киста

Емдеу бездің қызметін қалпына келтіруге бағытталған, ол үшін жаңа тесігі бар өзек жасай отырып, марсупиализация операцисын жасайды.

Жергілікті жансыздандыру арқылы қыздыққа бекітілген жерден кистатың үстіңгі жағынан сыртқа қарай шырышты қабыққа түзу тілік жасайды. Кистаты алып тастаған соң, оның қабырғасын диаметрі ең кем дегенде 15 см болатындай етіп құйылыс қалдырып кеседі. Сонан соң кистатың шетін сыртқа қарай шығарып оны қоршаған тері мен шырышты қабыққа тігеді.

Жүктілік кезде кистаты инемен сорып алуға болады. Абцесті дренаждау әдеттегі әдіспен жүргізіледі.


Профилактикалық шаралар. Бартолиндік без өзегінде жаңадан пайда болған кистаты гинекологиялық тексеру арқылы және сипап тексеруге болады.


Әрі қарай жүргізу:


Бақылау

-Қайталап тексеруді операциядан екі ай өткен соң жасайды.

-Бартолиндік без өзегінде қайтадан пайда болған кистаты марсупиализация операциясынан кейін бартолиндік безді өзегімен қоса алып тастайтын операция жасау қажеттігі де тууы мүмкін.

 
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1. 250 мг, 500 мг-нан таблеткадағы, флакондағы цефалексин 125 мг, 250 мг/5 мл суспензия мен сироп

2. Метрондазол таблеткасы 250 мг, инфузияға арналған 0,5 100 мл-лік құтыда

3. Флакондағы флуканозол 50 мг, 150 мг, ішке енгізуге арналған 100 мл құтыдағы ерітінді

4. Поливидон, 400 мл құтыда

5. Натрий хлориді, инфузияға арналған ерітінді 500 мл

6. Метронидазол, инфузияға арналған ерітінді 0,5 100 мл құтыда

7. Диоксидин, амп.


Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.


Ем тиімділігінің индикаторлары: операциядан кейінгі жараның бірден жазылып кетуі.


* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Ауруханаға жатқызу

 

Госпитализациялауға көрсетімдер:

- бартолиндік без кистасы;

- бартолиндік без абцесі;

- бартолиндік без кистасын амбулатория жағдайында емдеу тиімсіздігі.
 

Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер:

1. RW-ға қан өткізу.

2. Қан тобы және резустылығы.

3. Қанның жалпы анализі.

4. Тазалық деңгейіне жағынды алу.

5. Цервикальды өзектен бак. себінді алу.

6. HBsAg.

7. Анти HCV.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. Candidiasis (vulvovaginal) Search date November 2004 Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, incorporated in the United Kingdom, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 2. Oral fluconazole Search date November 2004 Clinical Evidence is a website owned by BMJ Publishing Group Limited, incorporated in the United Kingdom, company registration number 3012371. Their registered office is situated at BMA House, Tavistock Square, London WC1H 9JP. VAT Number 674738491. 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

Ақпарат

Әзірлеушілер тізімі: Сұлтанова Ж.У. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу Орталығының жетекші ғылыми қызметкері

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх