Монтеджи сынығы

H-S-022

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Множественные переломы костей предплечья (S52.7)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:


Монтеджи сынығы - шынтақ жілік диафизінің проксималдық бөлігінің сынығы жəне кəрі жілік басының орнынан шығып кетуі. 
 
Хаттама коды: H-S-022 "Монтеджи сынығы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S52.7 Білек сүйектерінің қосарланған сынықтары
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі:

АО Жіктемесі бойынша сынықтың бұл түрі кəрі жілік басының орнына шығуымен қатар келген шынтақ жілік диафизінің қарапайым сынығына жатады (А1.3).

Жұмсақ тіндердің зақымдалу сипатына байланысты:
- жабық;
- ашық.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- шынықпағандық;
- байқамай оқыс қимылдар жасау;
- кəрілік.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері:
1. Жарақат болған қолдағы ауыру синдромы.
2. Шынтақ буынындағы қимылдың шектелуі немесе мүлдем болмауы.
3. Сынық болған жердегі жұмсақ тіндердің өзгерісі (ісіну, гематома, деформация жəне басқалары).
4. Шынтақ жілікке пальпация жасағанда сүйек сынықтарының сықырлауы, патологиялық қозғалғыштық.
5. Нерв-тамырлық шоғырдың зақымдалу белгілері (білек пен қол ұшының сезімталдығының жойылуы, салқындауы).
6. Кəрі жілік басының орнынан шығып жылжып кетуі мен шынтақ жілік диафизінің жоғарғы үштен бір бөлігінің сынығының рентгендік белгілері.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жарақат болған қолды 2 проекцияда рентгендік тексеру.
2. Электрокадиография.
3. Жалпы қан анализі.
4. Жалпы несеп анализі.
5. Коагулограмма.
6. Қанның биохимиялық анализі.
7. Мерезді анықтау үшін серологиялық тексеру.
8. ВИЧ.
9. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша патологиялар кезінде мамандардың тағайындаған сəйкес тексеру шараларын жүргізу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: Монтеджи сынығын дер кезінде анықтау, операциялық ем, мүмкін болатын асқынулардың алдын алу, қалпына келтіру шараларын жүргізу, қолдың қызметін қалпына келтіру.

Емі
Емдеу - əрқашан шынтақ жілікке остеосинтез жəне кəрі жілік басының жабық репозициясы.

Операция: кəрі жілік пен шынтақ жіліктің сүйек сынықтарына ішкі бекіткіш сала отырып ашық репозиция жасау. Репозицияның дұрыстығын операциядан кейінгі алғашқы 2 тəуліктің ішінде тексереді. Сынықтардың бітісуін бақылау рентгендік əдіспен репозициядан кейінгі 21 тəуліктен соң, одан кейін ай сайын жүргізіледі. Анальгетиктер жəне стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар 2 апта бойы тағайындалады. Пластиндерді шынтақ жілік остеосинтезінен кейін 8-12 айдан соң жалпы наркозбен алып тастайды.

Көптеген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, ашық сынығы бар науқастарға антибиотикпен алдын алу шараларын жүргізсе, іріңді-қабынулық асқынулар болу қаупінің барынша азаятыны анықталған.

Науқастарды 3 қауіп-қатер тобына бөлуге болады [3]:
1. Терісі мен жұмсақ тіндерінің зақымдалуы 1 см-ден кем, жарасы таза ашық сынық.
2. Жақын жатқан тіндердің зақымдалуы жəне орнынан таюы айқын емес, терісінің зақымдалуы 1 см-ден жоғары ашық сынық.
3. Кез-келген сегменттік сынық, жақын жатқан тіндері айқын зақымдалған немесе жарақаттық ампутациясы бар ашық сынықтар.

1-2 қауіп-қатер тобындағы науқастарға негізінен грамоң микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктердің операцияға дайындық дозасын енгізеді (жарақаттан кейін барынша ертерек). 3 қауіп-қатер тобындағы науқастарға қосымша грамтеріс микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктер де тағайындалады.

Антибиотикпен алдын-алу кестесі:
1. 1-2 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0.
2. 3 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0 - 12 сағаттан кейін (тəулігіне 2 рет), 7 күн + метронидазол 100 мл. в/і 8 сағаттан кейін (тəулігіне 3 рет), 3-5 күн.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Метронидазол таблетка 250 мг инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл
2. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
3. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
4. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. *Надропарин кальция - иньекциялық ерітіндісі 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4 мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8 мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл
6. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- 1 аптадан кейін рентгендік көрсеткіштер бойынша сыныққа дұрыс репозиция жасау;
- операциядан кейінгі жараның біріншілік өңденуі;
- емнен кейін асқынулардың болмауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жіті.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Доказательная медицина. КЛИНИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ для практикующих врачей.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.523-524 2. National Guideline Clearinghouse. Elbow. Work Loss Data Institute.- 2004.- p.110 3. National Guideline Clearinghouse. Practice Managment for Prophylactic Antibiotic Use in Open Fracture: Eastern Association for the Surgery of Trauma.- 2000.- p.28 4. National Guideline Clearinghouse. Preoperative Test: the Use of Routine Preoperative Tests for Elective Surgery: Evidence, Methods&Guidance. London.-NICE.- 2003. 108p.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Мəлік Б.К., ҚР ДСМ Травматология жəне ортопедия ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх