Күкіртті сутекпен созылмалы улану

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Токсическое действие других газов, дымов и паров. Сероводорода (T59.6)
Профессиональная патология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы № 24
хаттамасымен мақұлданған

Күкіртті сутекпен созылмалы улану –  бұл көз тері жабындары, қан түзілім жүйесі, асқазан-ішек жолы, жүйке және жүрек-қантамыр жүйелері, жоғары тыныс алу жолдарының зақымдану белгілерімен сипатталатын  және ШРК асатын, күкіртті сутегінің* жоғары концентрациясының ұзақ әсері нәтижесінде туындайтын кәсіби ауру.
NB! Күкіртті сутек – бұл 1% ден 90% дейінгі концентрациялы диапазонмен табиғи газдың басым түсетін күкіртті компоненті. Күкіртті сутек бөлінеді және сульфидті қосылыстарды құрайтын минералдар және тау жыныстарының ажырауында, органикалық заттар іріңдегенде; газды және кокс зауыттарында, мұнай газ өнеркәсібінде шахталарда және өндіруде (көп күкіртті өндіруде және қайта өңдеуде) бөлінеді және түзіледі. Күкіртті сутек ағын суларда, кәріз желісінде болады. Күкіртті сутек жоғары коррозиялық қаблетке ие, ол ауаға күкірт қамтитын газдар маңызды мөлшердің ауаға біруақытта түсуімен жабдықтың герметикалығының бұзылуына әкеледі. Жұмыскерлер өткір және созылмалы улануды тудыруға қабілетті концентрациядағы күкіртті сутектің әсеріне ұшырауы мүмкін.
Өндірістік үй-жайлардағы ауадағы шектік рұқсат етілетін концентрация:
- күкіртті сутек – 10 мг/м3;- көмірсутектермен қоспадағы күкіртті сутек  - 3 мг/м3.

Кіріспе бөлім

АХЖ 10 коды (тары ):

АХЖ-10
Коды Атауы
 
Т59.6
 
Күкірті сутектің уытты әсері
 
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АҚ артериалық қысым
АЛТ аланинаминотрансфераза
АСТ аспартатаминотрансфераза
АТФ аденозинтрифосфат
ЕУЖ еңбекке жарамдылықтың уақытша жойылуы
ДСК дәрігерлік сараптамалық комиссия
ГДЗ гепато-дуоденальды аймақ
ОЕІ он екі елі ішек
ӨӨС өкпелердің өмірлік сыйымдылығы
АІЖ асқазан-ішек жолы
ИРТ ине рефлексотерапия
ТҚҚК тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті
КХ клиникалық хаттама
КТ компьютерлік томография
ҚСТ қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік
ЕДШ емдік дене шынықтыру кешені
ҚР ДМ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АХЖ аурулардың халықаралық жіктелуі
ХПА халықаралық патенттелмеген атауы
МРТ магнитті-резонансты томография
ЕжХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
МӘС медициналық –әлеуметтік сараптама
ҚДШК 1 бірінші секундта қарқынды дем шығару көлемі
РКЗ рандоминизирленген когортті зерттеу
ҚР Қазақстан Республикасы
ЭТЖ эритроциттердің тұну жұлдамдығы
УДДГ ультрадыбыстық допплерография
УДЗ ультра дыбыстық зерттеу
ДД дәлелділік деңгейі
СДФ сыртқы дем алу функциясы
ОЖЖ орталық жүйке жүйесі
БМЖ бас-ми жүйкелері
СФ сілтілік фосфотаза
ЭФГДС эзофагодуоденоскопия
ЭКГ электрокардиограмма
ПБСК профпатология бойынша сараптамалық комиссия
ЭМГ электромиография
ЭНМГ электронейромиография
ЭХОКГ эхокардиография
ЭЭГ электроэнцефалография
ЭХОЭГ эхоэнцефалография
рО2 қандағы оттегінің парциалды қысымы
рСО2 қандағы көмірқышқыл газының парциалды қысымы
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, профпатологтар, терапевттер, токсикологтар, невропатологтар, пульмонологтар, офтальмологтар,  оториноларингология.
 
Пациенттердің санаты: ересек адамдар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Жіктеме [1,2,6]: улану кезеңдері бойынша:
I кезең Бастапқы
 
II кезең Бірқалыпты-көрінген
III кезең Көрінген

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар: ШРК асатын өндірістік діріл әсері шарттарындағы жұмыс өтілі және ұзақтығы, жетекші клиникалық синдромдарға байланысты. Күкіртті сутекпен созылмалы улану кезеңін анықтауда барлық синдромдардың болуы міндетті емес. Кәсіби ауру диагнозы зақымданған мүшелер және жүйелердің барынша көрінген синдромдарға сәйкес анықталады.


  I кезең II кезең III кезең
Шағымдар ОЖЖ тарапынан: астеновегетативті синдром (бас ауырулары, бас айналу  тітіркенушілік, әлсіздік), гиперестезия;
Көру мүшелері тарапынан: жарықтан қорқу, спазмалар, жас ағу, шарпу сезімі, коньюнктивтердің қызаруы және ісінуі;
Жүрек тарапынан: жүрек қағысы; артериялық қысымның тұрақсыздығы;
Тыныс алу мүшелері тарапынан: мұрындағы құрғақтық, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қарлығуы;
Тері тарапынан:  терінің жергілікті қышуы.
 
ОЖЖ тарапынан: уытты жүйке бұзылуы (жоғары жұқаруы, эмоционалды тұрақсыздық), қарқынды бас ауырулары, жүйке-эмоционалдық саласындағы босаңдық;
Көру мүшелері тарапынан: көз алмасындағы сырқырау (невроретинит);
Жүрек тарапынан: жүрек қағысы;
Тыныс алу мүшелері тарапынан: иіскеудің төмендеуі, жөтел, демігу, кеуде қуысындағы ауырсынулар;
АІЖ бұзылулар:  қыжыл, эпигастриядағы ауырлық сезімі, диарея.
Тері тарапынан:  дерматит көріністері.
 
ОЖЖ тарапынан: Энцефаломиелопатия (жады, назардың бұзылулары, диссомния, бас айналу, кенеттен апатия, ипохондриялық, галлюцинациялар, жаман түстер, аносмия).  Бөгде қолдың иыққа жанасу сезімімен жанасу галлюцинациясы, қолдың адымды дірілі.
 Полинейропатиялық синдром (сезімталдықтың терең бұзылулары, толық анестезияға дейін, аяқ-қолдағы ауырсынулар, пальпация кезіндегі жүйке бағанының барысы бойынша, созылу белгілері). Қозғалыстың бұзылулары: аяқ-қолдың дистальды бөлімдеріндегі әлсіздік, диффуздық амиотрофия;
 Дистальды вегетативті бұзылулары (тершеңдік, аяқ-қол цианозы), ашық-қызыл төгілген демографизм.
Көру мүшелері тарапынан: шеткі көрудің төмендеуі; нүкте немесе фигуралар түріндегі көру иллюзияларының пайда болуы, көру өрісінің тарылуы, зағиптықтың пайда болуы, катаракта құбылыстары;
Жүрек тарапынан: брадикардия;
Тыныс алу мүшелері тарапынан: ентігу, кеуде қуысындағы ауырсынулар;
АІЖ тарапынан:  эпигастриядағы ауырлық, оң қабырға астындағы ауырсынулар, диспепсия, бауырдың ұлғаюы.
Тері тарапынан:  дерматит, экземаның пайда болулары.
Анамнез ·            өндірісті күкіртті сутекпен болған қатты уланудағы анамнезде көрсету;
·            Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009 жылғы 03 наурыздағы № 74-ө бұйрығына сәйкес құрастырылған өндірістегі бақытсыз жағдай туралы актінің болуы;
·            күкіртті сутекпен ұзақ кәсіби байланысты көрсету;
·            медициналық тексеру нәтижелері күкіртті сутекпен байланыста жұмыс басталғанға дейін патологияның жоқтығын растайды;
·            күкіртті сутекпен жұмыс басталғаннан кейін тері, шеткі және орталық жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолдары, көз,  жоғары тыныс алу жолдарының аурулары себебі бойынша ЕУЖ парағында болу мерзімдерін ұзарту және ЕУЖ бар жиі ауруларды көрсету.
Физикалық қарап-зерттеу ОЖЖ тарапынан: симметриялық сипаттағы көру және иіс сезу талдағыштары, тері қоздырғыштығын төмендету, гиперестезия;
Көру мүшелері тарапынан: гиперемия конъюнктивы век,
Жүрек тарапынан: жүрек қағысы; артериялық қысымның тұрақсыздығы;
Тыныс алу мүшелері тарапынан: мұрындағы құрғақтық; жұтқыншақтың шырышты қабаты жұқарған, құрғақ, тамырлар инъекцияланған. 
Тері тарапынан:  проявления дерматита.
ОЖЖ тарапынан: уытты жүйке бұзылуы (жоғары жұқаруы, эмоционалды тұрақсыздық), қарқынды бас ауырулары, жүйке-эмоционалдық саласындағы босаңдық;
Көру мүшелері тарапынан: ұсақ эрозиялармен мөлдір қабақтың эпителиясының ісінуі;
Жүрек тарапынан: жүрек қағысы;
Тыныс алу мүшелері тарапынан: мұрын шырышы құрғақ, жұқарған, жеке эрозиялар; жұтқыншақтың шырышты қабаты жұқарған, құрғақ, тамырлар инъекцияланған. Өкпеде құрғақ сырыл естіледі.
АІЖ бұзылулар:  эпигастралды аймақтағы палпациядағы ауырсыну.
ОЖЖ тарапынан: оптикалық вестибулярлық бұзылулар, паркинсонизм белгілері, тоық анестезияға дейінгі сезімталдықтың бұзылуы, палпация кезіндегі жүйке бағандарының жүрісі бойынша, созылу симптомдары. Қозғалыстың бұзылулары: ахилл, сіңір және периостальды рефлекстерді ауырлату, аяқ-қолдың дисталбды бөліктеріндегі әлсіздік. Амиотрофия бұлдыр және диффуздық. Маңызды дистальды вегетативті бұзылулар байқалады (тершеңдік, аяқ-қол цианозы). Көру тарапынан: невроретинит, ауыр ретробульбарлық неврит көру жүйкелерінің атрофиясына ауысумен;                                           жүрек тарапынан: жүрек тондарының дүңгірлеуі, брадикардия, АҚ төмендеуіне бейімділік.     Тыныс алу мүшелері тарапынан: аносмия, мұрын шырышы құрғақ, жұқарған, жеке эрозиялар; жұтқыншақтың шырышты қабаты, құрғақ, тамырлар инъекцияланған. Кеуде қуысындағы ауырсынулар, өкпеде құрғақ және ылғал қырылы.                                            АІЖ тарапынан:  эпигастральды аймақтағы пальпациядағы ауырсыну, бауырдың ұлғаюы.
Зертханалық зерттеулер [2,3]*** :
·               Қанның жалпы анализі – гипохромды анемия, лейкопения, лимфоцитоз, анизоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, базофильді түйіршікті эритроциттер;
·               Қанның биологиялық анализі – бауыр ферменттерінің деңгйі артуы мүмкін (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза), билирубин деңгейінің артуы.
Аспаптық зерттеулер [2,3]***:
·               ЭЭГ – мидың ритмдік белсенділігінің десинхронизациясы, бас мидың орта құрылымдарының дисфункция белгілері;
·               спирография –ЖЕЛ, ОФВ1, Тиффно индексінің төмендеуі;
·               КЩР – рО2 төмендеуі, рСО2 артуы;
·               Бронхоскопия – екі жақты катаралдық құбылыстар, атрофиялық, субатрофиялық эндобронхит;
·               өкпенің шолу рентгенографиясы: пневмосклероз белгілері, эмфиземалар, бронхоэктаздар қалыптасуы мүмкін;
·               ФГДС – эрозиялық зақымданулар;
·               ЭКГ – миокардттың дистрофиялық өзгерістері;
·               Эхо-КГ – миокард гипокинезиясы учаскелері мүмкін;
·               бауыр УДЗ – бауыр паренхимесіндегі диффуздық өзгерістері;
·               бас КТ – диффуздық өзгерістер (ми атрофиясының белгілері, ұсақ гиподенсивті ошақтар, қарыншалық жүйенің кеңеюі);
·               көз түбі – атрофияға өтумен емшектің солғындауы, көз торы тамырларының  гиперемиясы;
·               ЭМГ, ЭНМГ- жүйке талшықтары бойынша өткізгіштік және қоздырғыштықтың төмендеуі.
***Зерттеулердің құралдық және зертханалық әдістері қосымша тағайындалуы және қосалқы патологияның болуы және улану кезеңіне байланысты түрленуі мүмкін.

Диагностикалық алгоритм: 


Пациент картасы

Дәрежесі Бақылаулар жиілігі Басқа мамандық дәрігерлерінің қарап-тексеруі
 
Зертханалық және аспаптық зерттеулердің атауы және жиілігі Негізгі емдік-сауықтыру іс-шаралары Тиімділік белгілері Жұмысқа орналастыру бойынша негізгі ұсыныстар
1 2 3 4 5 6 7
1-дәреже жылына  1 рет невропатолог,
терапевт,
офтальмолог.
ЖҚТ, ЖЗТ, ЭЭГ, УДЗ ГДЗ жылына  1 рет. Еңбек және демалыс режимін сақтау. Емдік-оңалту іс-шаралары жылына  1 рет. Седативті, тамырлы терапия, метаболалық стимуляциялаушы терапия курстары Клиникалық көріністерінің прогрестелуінің болмауы Күкіртті сутекпен байланыссыз тиімді жұмысқа орналастыру.
2- дәреже жылына  1 рет невропатолог,
терапевт,
офтальмолог.
ЖҚТ, ЖЗТ, аминотрансферазы, ЭЭГ, УДЗ ГДЗ жылына  1 рет. Еңбек және демалыс режимін сақтау. Емдік-оңалту іс-шаралары жылына  1 рет. Седативті, тамырлы терапия, метаболалық стимуляциялаушы терапия курстары. Санаторлық-курорттық емдеу. Уқалау. 4ЕДШ. Клиникалық көріністерінің прогрестелуінің болмауы Жалпы жұмыс қабілеттілігі, өндірістік қызметтің көлемінің азаюы шектелген.
3- дәреже жылына 2 рет невропатолог,
терапевт,
офтальмолог.
ҚЖТ, ЗЖТ, аминотрансферазалар, ЭЭГ. УДЗ ГДЗ, бас ми МРТ
жылына  1 рет.
Еңбек және демалыс режимін сақтау. Емдік-оңалту іс-шаралары жылына 2 рет. Седативті, тамырлы терапия, метаболалық стимуляциялаушы терапия курстары. Санаторлық-курорттық емдеу. Уқалау. ЕДШ. Клиникалық көріністерінің прогрестелуінің болмауы Пациентте айқын функционалдық бұзылулардың болуымен байланысты толық тұрақты жұмысқа қабілетсіздік.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі [2,3,4,5,6,7,8]:
  Күкіртті сутекпен улану Мұнай өнімдерімен созылмалы улану Алкогольді улану Гипертензивті энцефалопатия
Кәсіби анамнез күкіртті сутектің әсері шарттарындағы жұмысты көрсету мұнай өнімдерінің ұзақ әсері шарттарындағы жұмысты көрсету (8 жылдан артық) күкіртті сутекпен байланысты кәсіби қызметке нұсқаулардың болмауы күкіртті сутектің байланысының болмауы, артериалдық гипертензия ауруының анамнезде болуы
Зиянды әдеттер тән емес тән емес алкоголді шамадан тыс қолдану және алкоголге тәуелділік. мүмкін
Гепатобилиарлық жүйенің зақымдануы реактивті гепатит болуы мүмкін уытты гепатит, бауырдың майлы дистрофиясы, өт шығару жолдарының дискенезиясы уытты алкогольді гепатит Тән емес
Жүйке жүйесінің зақымдануы бас аурулары, бас  айналулар, кереңдену немесе сананың қозуы, артериалық қысымның төмендеуі, дене температурасының көтерілуі, естен тану;  ауыр улану «дірілді» кома бойынша өтеді: дірілдермен сананы тез жоғалту, қан айналымы және тыныс алудың бұзылуымен рефлекстерді кенеттен ауырлатумен астеновегетативті дисфункцияның бұзылулары, сондай-ақ бас мидың диэнцефалды құрылымдары дисфункцияларының белгілері, вегетативті-тамырлы бұзылулар, полинейропатия синдромы. Ауыр жағдайларда психоэмоционалды бұзылулар, экстрапирамидалық және пирамидалық құрылымдарының зақымданулары қосылады. абстинентті синдром;  бауыр энцефалопатиясы (жүйке-бұлшықет және психикалық бұзылулары);  бауыр комасы, ОЖЖ және бауырдың өршитін бұзылулары көбіне жалпы ми белгілері: бас аурулары, бас айналу, көңіл-күйдің құбылмалылығы, ЧМН зақымданулары мүмкін
Асқазан-ішек жолдарының зақымдануы гастриттер, гастро- энтериттер, диспепсиялық бұзылулар (құсу, лоблу, іш өтулер, ауыздағы жағымсыз иіс және т.б.), моториканың бұзылулары және т.б. төмендетілген секреторлық функциясы бар гастрит гастрит, асқазан жарасы және ДПК, анорексия, лоблу, құсу, диарея, арықтау тән  Тән емес
Терінің зақымдануы қызару, экземалар дерматиттер, витилигоға ұқсас дерматозалар айқын сары ауру, көбіне терінің қышуынсыз;  телеангиэктазия (тамырлы жұлдыздар);  алақанның пальмарлы эритемасы (бауыр) акроцианоз
Зертханалық көрсеткіштер бірқалыпты гипохромды анемия, анизоцитоз, пойкилоцитоз, моноцитоз бауыр ферменттері деңгейінің артуы – АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза, билирубин деңгейінің артуы, В-липропротеинемия, гипохромды анемия, лейкопения, лимфоцитоз, анизоцитоз, ЭТЖ ұлғаюы. билирубиннің жоғары артуы, АЛТ үстіне  АСТ асуы тән трансаминазды белсенділік;  СФ, триглицеридтер, холестерин, А класты иммуноглобулин белсенділігінің артуы;  гиперлипидемия, гемолитикалық анемия және сары ауру (Циве синдромы). дислипидемия, гиперкоагуляция белгілері, гипергликемия, атерогенділік коэффициентінің артуы
Аурудың өршуі өткір немесе біртіндеп баяу өршитін тұрақты тұрақты

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
 ·     улану белгілерін тоқтату;
 ·     процесті тұрақтандыру;
 ·     асқынуларды емдеу.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·               Режим II- III;
·                Диета: стол № 15; №5.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу:
·               уытсыздандырғыш  терапия бос радикалдардың уытты әсерінен жасушаны қорғауға жағдай жасайды экзогенді уытты қосылыстарды зарарсыздандырады;
·               антиоксидантты терапия арнайы емес резистенттілік көрсеткіштері иммунитет көрсеткіштерін қалпына келтіруге жағдай жасайды;
·               анксиолитикалық терапия дабыл жағдайын, ұйқының бұзылуы, шекаралық бұзылулар жояды;
·               бронхолитикалық терапия бронхоспазмаларды тоқтатады, осы арқылы сыртқы тыныс алу функциясын жақсартады;
·               қақырту терапиясы оны құрғатуды жақсартып қақырықтың реологиялық қасиеттрін жақсартады.
·               бауыр және өт жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар уытты гепатит көріністеріндегі өт шығару жолдары және бауыр функцияларын қалпына келтіруге жағдай жасайды;
·               протонды помпа ингибиторлары және Н2 гистаминді рецепторлардың блокаторлары асқазан-ішек жолдарының эрозиялы-жаралы зақымданулары болғанда қолданылады;
·               полиневритикалық синдром көріністерін тоқтату үшін қабынуға қарсы терапия пайдаланылады;
·               күкіртті сутек сенсибилизациясыеың тері көріністерін басу үшін жүйелік әрекеттің антигистаминді құралдары;
·               темір препараттары –гипохромды анемияны емдеуге арналған.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:
·     декстроза;
·     пентоксифиллин;
·     токоферол ацетаты;
·     натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі.

Қосымша дәрілік заттардың тізбесі
·     урсодезоксихолды қышқыл;
·     ипатропия бромиді және  фенотерол гидробромид      
·     теофиллин;                                                            
·     амброксол;
·     тофизопам;
·      фамотидин;
·      омепразол;
·      мелоксикам;
·      цетиризин;
·      темір сульфаты;
·      тиамин хлориды;
·      пиридоксин гидрохлориды.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:

Халықаралық патенттелмеген атауы Қолданылу тәсілі ДД
Дезинтоксикациялық терапия
1. декстроза 500,0 500,0 т/і тамшылық, 10 күн В
2. физиологиялық ерітінді 0,9% 150,0 т/і тамшылық ,10 күн  
Сосудистые препараты
3. пентоксифиллин 5,0 т/і тамшылық 5,0  150,0 натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі,  10 күн В
Антиоксиданттар
4. токоферол ацетаты
200 мг
 200 мг капс. ішке 1×2 р/день, 10 күн С
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі

Халықаралық патенттелмеген атауы Қолданылу тәсілі ДД
Секретолитиктер, тыныс алу жолдарының моторлық функцияларының стимуляторлары
1. амброксол 30 мг таб.  ішке 1×3 р/день, 10 күн В
Бронхо кеңейтетін құралдар
2. ипратропия бромид және фенотерол гидробромид (ингалятор)
            немесе
1-2 ингаляциядан ×3 р/күн, 10 күн
 
В
3. теофиллин 200мг таб. 200 мг, 1×2 р/күн 10 күн В
Н2 гистаминды рецепторлар блокаторлары
4. фамотидин 40 мг таб. ішке 1×1 р/күн, 10 күн В
Жүйелік қолдануға арналған антигистаминді препараттар  
5. цетиризин 10 мг таб. ішке 1×1 р/күн, 10 күн В
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар  
6. мелоксикам, ерітінді 15 мг/1,5 мл б/і 1,5мл 1 р/ күн, 10 күн В
Анксиолитиктер
7. тофизопам 50мг таб. ішке 1×2 р/ күн, 10 күн С
Гепатопротекторлар
8. Урсодезоксихолды қышқыл 250 мг  1 таб. ×3 р/күн, 10 күн В
Темір препараттары
9. темір сульфат 1 табх2 р/күн, 10 күн В
Метаболикалық препараттар
10. тиамин хлориды 1,0 б/і 1,0 х1 р/ күн 7 күн В
11. пиридоксин гидрохлориды 1,0 б/і 1,0 х1 р/күн, 7 күн В
Протонды помпа ингибиторлары
12. омепразол 20 мг таб. ішке 1×2 р/күн, 10 күн В
 
Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Профилактикалық іс-шаралар:
Бірінші профилактика:
·   этиологиялық факторларды жою: шаңды басу, «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету ережелеріне» сәйкес жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету, ҚР ЕжӘХМ  31.07.2007 ж. 4-ө. бұйрығы;
·   «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 мамырда № 10987 тіркелген» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығына сәйкес алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерді өткізу;
·   «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы.

Екінші профилактика:
·               емдік-профилактикалық тамақтану – табиғи механимздерді уытсыздандыру және элиминация тиімділігін арттырады, барлық деңгейлердегі ағза резервтерін арттырады. «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам беру нормалары және ережелеріне» сәйкес, ҚР ЕжХӘҚ 31.07.2007 №184-ө. бұйрығы;
·               бронхыларды құрғату функцияларын жақсарту: қақыртқыш препараттарды пайдалану – амброксол;
·               антиоксиданттарды қабылдау;
·               шылым шегуден бас тарту; емдік-профилактикалық тағам – асхана минералдық суын қабылдау, уытсыздандыру және элиминациның табиғи механизмдері тиімділігін арттырады, барлық деңгейлердегі ағзаның функционалдық резервтерін арттырады; 
·               бос радикалдарды залалсыздандыру және ағзаны олардың теріс әсерінен тазарту мақсатымен, сондай-ақ тағам рациондарын қосымша байыту үшін полидәрумендер қабылдау;
·құрғақ жылы ауамен аймақтардағы санаторлық-курорттық емдеу;
·қабыну құбылыстарын алуға бағытталған ЕДШ, тыныс алу гимнастикасы, кеуде қуысын уқалау, ауыру синдромы, бронхоспазма,
·               тұмаудан вакцинация, пневмококка және гемофильді таяқша – ПН  ХОБЛ асқыну профилактикасы үшін тиімді.
 
 
Әрі қарай емдеу:
·    Күкіртті сутекпен және басқа тітіркену әрекеті бар басқа газдармен байланыссыз тиімді жұмысқа орналастыру;
·     тұрғылықты жері бойынша невропатолог, терапевт, окулистте диспансерлік есеп;
·     оңалту іс-шараларын өткізу – қайталануға қарсы жылына 2 рет емдеу, санаторлық-курорттық емдеу, профилакторий шарттарында емдеу, мөлшерленген дене жүктемелері, емдік дене шынықтыру, физиотерапевтік ем-шаралар, уқалау,  ине рефлексотерапиясы;
·     облыстық (қалалық) профпатологиялық кабинеттерде және амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы диспансерлік есепке кәсіби аурулары бар барлық науқастар, соның ішінде кәсіби аурулардың аз көрінген клиникалық, бастапқы нысандары бар адамдар алынуы тиіс;
·    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен «Кәсіби аурулар тізіміне» сәйкес кәсіби аурулары бар науқастарды диспансеризация сызбасына нозология топтары кірді;
·     кәсіби аурулары бар науқастарды диспансерлік бақылау және емдік-сауықтыру іс-шараларын өткізу бас мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі тиіс – аурудың өршуін және қайталануларының алдын алу, сондай-ақ еңбек қабілеттілігін және өмір сапасын сақтау және ұзақ және берік ремиссияны қолдау;
·  зертханалық және басқа зерттеулер қатарынан диспансерлік бақылау сызбасына тұру орны бойынша амбулаторлық-емханалық ұйымдарда және профпатологиялық кабинеттерде науқастарды (облыстық (қалалық)) профпатологиялық кабинеттерде емдеу тактикасы және стратегиясында анықтауда дәрігерге көмектесетін зерттеулердің ең аз қажетті әдістері қосылған және диагностикалық және прогностикалық жоспарда шешуші болып табылмайтын әдістер алынып тасталған;
·  кәсіби аурулары бар науқастарды диспансерлік бақылау сызбасында ерекше мәнге «Жұмысқа орналастыру бойынша негізгі ұсыныстар» қосылған, жеке бағанда көрсетілген науқастарды диспансеризациялаудың міндетті құрамды бөлігі болып табылатын тиімді жұмысқа орналастыру ие;
·   кәсіби аурулардың өршуі және асқынуларды дамыту мақсатында кәсіби аурулардың айқын нысандарымен жыл сайын профпатологиялық стационарларда курстық емдеу алуы тиіс (профпатология орталықтарында).
Оңалту іс-шаралары:
Күкіртті сутекпен улануда емдеудің базистік кешені негізгі патогенетикалық механизмдерге бағытталған әр түрлі емдік іс-шаралар кешенін қамтиды: 
·               патогенетикалық дәрілік терапия; 
·               емдік уқалау;
·               емдік гимнастика.
Патогенетикалық дәрілік терапия – ноотропты терапия, тамырлы, гепатопротективті терапия, көрсетімдер бойынша қажеттілігі болғанда – бронхолитиктерді қамтиды. 
·               Пациенттің денсаулығын неғұрлым тез қалпына келтіру үшін емдік-профилактикалық мақсатпен ЕДШ дене шынықтыру құралдарын (дене шынықтыру жаттығулары, уқалау) пайдаланады.
Күкіртті сутекпен уланумен «қауіп топтары» факторлары: 
·               8-10 және одан да артық жыл зиянды өндірістік шарттардағы ұзақ жұмыс өтілі; 
·               қауіп тобына жиі және ұзақ – гепатобилиарлы, жүйке жүйесі, соның ішінде вегетативті, бронхо өкпелі жүйелердің ауруымен ауыратындар қосылады.
Медициналық оңалту кезеңдері:

I.              Ескерту кезеңі: 
·        алдын ала медициналық тексеруді өткізу – кәсіби іріктеу жүргізуге және таңдалған мамандықты жұмыскердің денсаулық жағдайының сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді; 
·        мерзімді және тереңдетілген медициналық тексерулерді өткізу; қышқылдану метаболизмінің корригирлеуші жағдайлы препараттарды сауықтыру іс-шараларының кәсіпорындарының сауықтыру орындарында жүзеге асыру;
·        электро ұйқы №8.

II.   Донозологиялық кезең:
Кәсіби аурулардың жекелеген белгілерімен, бастапқы көріністері бар адамдарды профилактикалық тексеруде анықтауда «Қауіп тобы» қалыптасады. Сол топқа қатысты амбулаториялық-емханалық шарттарда,  санаторлық-курорттық емдеу емдік-профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс,. 
·               ингаляция №7; 
·               электроұйқы №7; 
·               жалпы уқалау, уқалау в\к №8;
·               емдік дене шынықтыру №8; 
·               урсодезоксихолды қышқыл 1тх3 рет күніне, 2 апта.
Донозологиялық кезеңде дәрігер профпатолог науқасты жұмысқа орналастыру және емдеу, диспансеризациялау бойынша ұсыныстарды қамтитын медициналық оңалту бағдарламасын қамтиды.

II.           Нозологиялық кезең.
«Қауіп тобы» санаторий, медициналық оңалту орталығында, профпатология орталығында емдік-профилактикалық көмек алады.
Кезең мақсаты: науқасиыі денсаулық жағдайын бағалау, оңалту іс-шараларын өткізу, медициналық оңалту тактикасын анықтау.

Емдеу тактикасы: 
·                тамырлы терапия – пентоксифиллин 5,0 т/і тамш. 150, 0 физиологиялық ерітінді  10 күн;
·                гепатопротективті терапия – урсодезоксихолды қышқыл (С) 250 мг, таб., 1х3 рет күніне 14 күн; 
·                Н2 гистаминді рецепторлар блокаторлары – таб. фамотидин, 40 мг х 3 рет  күніне 14 күн; 
·                секретолитиктер – амброксол 30 мг, таб., 1х3 р/күніне 10 күн.
·                емдік дене шынықтыру топтық/жеке №8;
·                ине рефлексотерапия № 10;
·                жалпы уқалау №7
·                бастың шашты бөлігін, мойын-жаға аймағын уқалау №7;
·                индуктотермия №7;
·                гальванизация №7;
·                дарсонваль №7.
 
Хаттамада сипатталған емдеу және диагностика әдістерінің қауіпсіздігі және емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·            өмір сүру сапасын жақсарту;
·            клиникалық-морфологиялық және функционалдық көрсеткіштерді қалпына келтіру;
·            улану белгілерін тоқтату.
 

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Пациентті бағдарлау:

Диагностикалық алгоритм 


Ескертпе: ***Зерттеулердің құралдық және зертханалық әдістері қосымша тағайындалуы және қосалқы патологияның болуы және улану кезеңіне байланысты түрленуі мүмкін.
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·               II- III режим;
·               Диета: № 15 стол; №5.
·               ЕДШ (тыныс алу жаттығулары) – бронхыларда қан тоқтауын жоюға көмектеседі, жалпы күшейту әрекетіне ие;
·               көкірек қуысын уқалау – бронхылардың кеңеюіне, регионарлық қан айналымның жақсаруына жағдай жасайды.
·               электрофорез (гальваникалық жаға  Щербак №10 бойынша) – қан айналымын және бас ми трофикасын жақсартады, ми тамырының қоздырғыштығын төмендетеді, сондай-ақ ішкі мүшелер тобының функциясына оң әсер етеді.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу:
·               дезинтоксикациялық  терапия бос радикалдарының уытты әсерінен қорғауға жағдай жасайды, экзогенді уытты қосылыстарды зарарсыздандырады;
·               антиоксидантты терапия арнайы емес резистенттілік, иммунитет көрсткіштерін қалпын келтіруге жағдай жасайды;
·               анксиолитикалық терапия мазасыздық күйді, ұйқының бұзылуын, шекаралық бұзылуларды жояды;
·               бронхолитикалық терапия бронхоспазманы тоқтатады, ол арқылы сыртқы дем алу функциясын жақсартады;
·               муколитикалық терапия қақырықтың реологиялық қасиеттерін жақсартады, оны құрғатуды жақсартады.
·               бауыр және өт жолдарын емдеуге арналған препараттар уытты гепатит көріністерінде бауыр және өт шығару жолдарының функцияларын қалпына келтіруге жағдай жасайды ;
·               протонды помпа ингибиторлары және Н2 гистаминді рецепторлар блокаторлары асқазан-ішекжолдарының эрозиялық-жаралы зақымданулары болғанда қолданылады;
·               қабынуға қарсы терапия полиневротикалық синдром көріністерін тоқтату үшін пайдаланылады;
·               күкіртті сутекке сенсибилизацияның тері көріністерін басу үшін жүйелік әсерлі антигистаминді құралдар пайдаланылады;
·               темір препараттары – гипохромды анемияны емдеу үшін.
 
Негізгі дәрілік заттар тізбесі:
·     декстроза;
·     пентоксифиллин;
·     токоферол ацетаты;
·     натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісі.

Қосымша дәрілік заттар тізбесі
·     урсодезоксихолды қышқыл;
·     бромид ипатропиясы жәнем фенотерол гидробромиды        
·     теофиллин;                                                            
·     амброксол;
·     тофизопам;
·     фамотидин;
·     омепразол;
·     мелоксикам;
·     цетиризин;
·     темір сульфаты;
·     тиамин хлориды;
·     пиридоксин гидрохлориды.
 
Негізгі дәрілік заттар тізбесі:

Халықаралық патенттелмеген атауы Қолданылу тәсілі ДД
Уытсыздандыру терапиясы
1. декстроза 500,0 500,0 т/і тамшылық, 10 күн В
2. натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі 150,0 т/і тамш., 10 күн  
Тамырлы препараттар
3. пентоксифиллин 5,0 т/і тамшылық 5,0  150,0 натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі,  10 күн В
Антиоксиданттар
4. токоферола ацетат
200 мг
 200 мг капс. ішке 1×2 р/күн, 10 күн С
 
Қосымша дәрілік заттар тізбесі

Халықаралық патенттелмеген атауы Қолданылу тәсілі ДД
Секретолитиктер, тыныс алу жолдарының моторлық функцияның стимуляторлары
1. амброксол 30 мг таб., ішке 1×3 р/күн, 10 күн В
Бронхо кеңейтетін құралдар
2. ипратропия бромид және фенотерол гидробромиді (ингалятор) немесе 1-2 ингаляциялар, 3 р/күніне, 10 күн
 
В
3. теофиллин 200мг таб. 200 мг, 1×2 р/күніне 10 күн В
Н2 гистаминді рецепторлардың блокаторлары
4. фамотидин 40 мг таб. ішке 1×1 р/күн, 10 күн В
Жүйелік қолдануға арналған антигистаминді препараттар  
5. Цетиризин 10 мг таб. ішке 1×1 р/күн, 10 күн В
Нестероидты қабынуға қарсы препараттар  
6. Мелоксикам, ерітінді 15 мг/1,5 мл б/і 1,5мл  күніне 1 рет, 10 күн В
Анксиолитиктер
7. тофизопам 50мг таб. ішке 1×2 р/ күн, 10 күн С
Гепатопротекторлар
8. урсодезоксихолды қышқыл 250 мг  1 таб ×3 р/күніне, 10 күн В
Темір препараттары
9. темір сульфаты 1 таб х2 рет  күніне, 10 күн В
Метаболиялық препараттар
10. Тиамин хлориды 1,0 б/і 1,0 х1 раз в күн 7 күн В
11. Пиридоксин гидрохлориды 1,0 б/і 1,0 х1 рет күніне, 7 күн В
Протонды помпа ингибиторлары
12. Омепразол 20 мг таб. ішке 1×2 р/күн, 10 күн В
 
Хирургиялық араласу-жоқ
 
Әрі қарай емдеу:
·    Күкіртті сутекпен байланыссыз тиімді жұмысқа орналастыру и другими газами раздражающего действия;
·    тұрғылықты жері бойынша невропатологта, терапевтте, окулистте диспансерлік есеп;
·    оңалту іс-шараларын өткізу - жылына 2 рет қайталануға қарсы емдеу, санаторлық-курорттық емдеу, профилакторий шарттарында емдеу, мөлшерленген дене жүктемелері, емдік дене шынықтыру, физиотерапевтік ем-шаралар, уқалау, ине рефлексотерапиясы;
·    облыстық (қалалық) профпатологиялық кабинеттерде және амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы диспансерлік есепке кәсіби аурулардың бастапқы, клиникалық аз көрінген нысандары бар адамдар, кәсіби аурулары бар барлық науқастар алынуы тиіс;
·    кәсіби аурулары бар науқастарды диспансеризациялау сызбасына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен  «Кәсіби аурулар тізіміне» сәйкес нозология топтары кіреді;
·    кәсіби аурулары бар науқастарды диспансерлік бақылау және емдік-диспансерлік іс-шараларды өткізу бас мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі тиіс – еңбек қабілеттілігі және өмір сапасын сақтау және ұзақ және берік ремиссияны қолдау, аурудың қайталануы және өршуінің алдын алу;
·  диспансерлік бақылау сызбасына зертханалық және басқа зерттеулер қатарынан әдістер алынып тасталған, олар диагностическом и прогностическом плане шешуші болып табылмайды және тұрғылықты жері бойынша науқастарды емдеу (облыстық (қалалық) профпаталогиялық кабинеттерде және амбулаторлық-емханалық ұйымдарда) тактикасы және стратегиясын анықтауда дәрігерге көмектесетін зерттеулердің ең аз қажетті әдістері қосылған;
·  кәсіби аурулары бар науқастарды диспансерлік бақылау сызбасына науқастар диспансеризацияның міндетті құрамды бөлігі болып табылатын тиімді жұмысқа орналастыру ие, ол «Жұмысқа орналастыру бойынша негізгі ұсыныстар» қосылған, жеке бағанда көрсетілген;
·  кәсіби аурулардың айқын нысандары бар барлық науқастар кәсіби аурулардың өршуі және асқынулардың даму профилактикасы мақсатында жыл сайын профпатологиялық стационарларда (профпатология орталықтарында) курстық емдеу алуы тиіс.
Оңалту іс-шаралары:  3-тармақты, 3,5-тармақшаны қараңыз.
 
Хаттамада сипатталған диагностика және емдеу әдістерінің қауіпсіздігі және емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·                өмір сапасын жақсарту;
·                клиникалық-морфологиялық  және функционалдық көрсеткіштерді қалпына келтіру;
·                улану белгілерін тоқтату.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·          бірінші сараптама -  оның еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты аурудың себептік-салдарлық байланысын анықтау;
·          қайталама сараптама – ауру ағымының сипатын нақтылау, асқынулардың қосылуы, аурудың прогрестелуі немесе регресі, МӘС мүшелері куәландырар алдындағы науқас жағдайын бағалау.
 

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·               неврологиялық белгілердің декомпенсациясы;
·               ішкі мүшелер тарапынан декомпенсация.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Боев В.М., Сетко Н.П. Сернистые соединения природного газа и их действие на организм М.Медицина, 2001.-216с. 2) Бакиров А.Б., Карамова Л.М., Каримова Л.К. и др. «Стандарт диагностики заболеваний, связанных с условиями труда в нефтедобывающей, нефтеперерабатывающей, нефтехимической, химической промышленности», Уфа, 2010г. 3) Е.А. Лужников, Л.Г. Костомарова «Клиническая токсикология» 2000 г. 4) Профессиональные отравления: http://medarticle24.moslek.ru/ articles/29485.htm. 5) Асфандияров Р.И., Бучин В.Н., Резаев А.А. «Острые отравления серосодержащими газами», Астрахань, 1995 -156с 6) Куанышбаев С.К., Федоров В.В. «Профессиональные нейротоксикозы», Караганда, 1991г. 7) Справочник профпатолога. Под редакцией Грацианской Л.Н. Медицина, 1977г – 464с. 8) Matthew J. Ellenhorn, Donald G. Barceloux "Medіcal toxіcology. Dіagnosіs and Teatment of human poіsonіng", 1988 г. 9) Дж.Хенри, Х.Уайдман "Профилактика и лечение отравлений", 1998 г. 10) Мамырбаев А.А., Засорин Б.В., Ермуханова и др. «Гигиеническая оценка условий труда работников в нефтедобывающей промышленности», Актобе, 2012г – 56с. 11) Бакиров А.Б. «Закономерности формирования нарушений здоровья и их профилактика у работников нефтедобывающей промышленности», Уфа, 2009г. 208с. 12) Профессиональные заболевания, обусловленные воздействием химических факторов: http://www.alter.med.info 13) Исаев С.Ю. Профессиональные болезни, 2003: http://www.techno. edu.ru:8001/db/msg/6983.html. 14) Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система). Выпуск XI. Под редакцией А.Г. Чучалина, Ю.Б. Белоусова, В.В. Яснецова. 15) Clinical Practice Guideline: Sour Gas Exposure - Assessment and Management http://www.topalbertadoctors.org/download/318/sour_gas_exposure_guideline.pdf 16) Guidelines for the prevention, identification and management of occupational asthma : evidence review and recommendations http://www.bohrf.org.uk/downloads/asthevre.pdf

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)  Сатыбалдиева Үміт Әбілқайырқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, директор, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК Батыс Қазақстандық филиалы, Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс профпатологы.
2)  Мұқажанова Айжан Құмарқанқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК Шығыс Қазақстандық филиалының директоры.
3)  Фазылова Маңғаз-Дана Айтқожақызы – медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ «ЕГ және КА ҰО» РМҚК кәсіби неврология бөлімшесінің меңгерушісі;
4)  Картекенова Сәуле Құланқызы – дәрігер профпатолог, ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК Батыс Қазақстандық филиалы кәсіби патология бөлімшесінің меңгерушісі.
5)  Қожахметова Құндыз Мағзұмқызы – ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК, дәрігер – профпатолог-невропатолог.
6)  Юхневич Екатерина Александровна – PhD,  ҚарММУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы доцентінің м.а.
 
Мүдделер қақтығысы: жоқ.
 
Рецензент:
1)  Жұмабекова Бағлан Қамзақызы – медицина ғылымдарының докторы, еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, балалар және жасөспірімдер гигиенасы кафедрасының профессоры – Қарағанды мемлекеттік медицина университеті. Қарағанды терапевтер және терапия бейіні мамандарының ассоциациясы.  
 
Хаттаманы қайта қарау: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх