Болжалды инфекция туындатқан диарея жəне гастроэнтерит

P-T-006

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Диарея и гастроэнтерит предположительно инфекционного происхождения (A09)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Диарея
– 24 сағат ішінде үш немесе одан да көп, жиі сұйық дәрет немесе 
сулы дәрет, көлемі 200 мл/тəулігіне асады.

Инфекциялық гастроэнтерит – жиі сұйық дәрет бір немесе бірнеше симптоматикамен қосылған: жүрек айну, құсу, дене температурасының жоғарылауы, анорексия, іштегі ауыру (түйілулер), іштің шұрылдауы немесе кебуі. Жіті кезең ұзақтығы 14 күнге тдейін.
 
Хаттама коды: P-T-006 "Болжалды инфекция туындатқан диарея жəне гастроэнтерит"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
А-09  Болжалды инфекция туындатқан диарея жəне гастроэнтерит

Жіктемесі


Жіктемесі: жоқ.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: Salmonella, Shigella, Esherichia coli, Vibrio cholerae, Yersinia, Campilobacter, Rotavirus and etc., Lamblia intestinalis.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: дене температурасының жоғарылауы, іштің ауыруы, диарея.
 
Физикалық тексеру:
1. Инфекциялы диареяның клиникалық симптомдары:
- диареяның кенеттен жіті басталуы;
- қызба;
- жүрек айну, құсу;
- іштің ауыруы;
- сыңғырлы жəне қысқа ішектік шулар;
- нəжістің мінезі.
 
2. Инфекциялы диареяның клиникалық көріністерін бағалау:
- жалпы жағдай (дәрет пен құсу жиілігі, жүрек айнудың айқындылығы, қызба, іштегі айқын ауыру);
- сусыздану дəрежесі (тіл сілемейінің жағдайы, тері тургоры мен түсі, көз алмасының тығыздық дəрежесі, дауыс тембрі, шөлдің айқындығы, диурездің төмендеуі);
- тамыр соғу жиілігі мен мінезі;
- артериалдық қысым жоғарылылығы;
- ішті сипау, ішек шуын аускультациялау (шұғыл хирургиялық жағдайларды алып тастау: жіті аппендицит, ішек түйілуі, мезентериалды қантамырлар тромбозы).
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Копрология (лейкоциттер, эритроциттер құрамы).
4. Нəжісті бак.себу.
5. Құсу кезінде – құсықты бак.себу.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: Ректороманоскопия.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты:
1. Дене температурасын қалпына келтіру.
2. ОНЖ уыттану симптомдарының жоғалуы.
3. Жүрек айну мен құсудың жоғалуы.
4. Дәреттің қалпына келуі.
5. Су-электролиттік теңгерімнің қалпына келуі.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Алғашқы 24 сағатта 2 литр регидратациялық сұйықтықпен оралды регидратация. Келесі тəулікте 200 мл əр кезекті дәрет пен құсудан кейін.

Антибиотикотерапия үшін көрсетімдер:
1. Аурудың айқын симптомдары (егер диарея, қызбамен қоса жүрсе, 6-24 сағат ішінде басылмасы).
2. Шигеллез, тырыспа, сальмонеллездің ауыр ағымы, эшерихиоз (E.Coli о157).
 
- Ципрофлоксацин 500 мг бес күн бойы күніне 2 рет.
- Құсуға қарсы препараттар тек қана жүрек айну жəне ауыр құсулар кезінде: метаклопромид 10 мг бұлшықетке 1 т (10 мг).
 
Микоздың туындауын емдеу жəне профилактика үшін, ұзақ массивті антибиотикотерапия кезінде итраконазол, оралды ерітінді бес күн бойы 200 мг тəулігіне 2 реттен.
 
Ауыр колит, тоқ ішектің уытты дилятациясы (мегаколон), ащы ішектің бактериалды обсеменениясының даму қаупі болғандықтан, ішек перистальтикасын басатын препараттарды қабылдамау (лоперамид).
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. **Глюкозалық-электролиттік ерітінді дайындау үшін оралды регидратациялық тұз (пакеттер, ұнтақ).
2.   Фуразолидон 500 мг, табл.
3.   Фурамаг 50 мг, капс.
4.   Тилихинол 50 мг, Тилихинол N-додецилсульфат (лаурилсульфат) 50 мг, Тилброхинол 200 мг, капс.
5. **Сульфаметоксазол+триметоприм 120 мг, табл, сироп 240 мг/мл.
6.  *Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Смектит, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға ұнтақ.
2. *Дротаверин 40 мг, табл.
3. *Панкреатин, таблетка, 4 500 БІРЛІК аз емес құрамында липаза бар капсула.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- дене температурасының қалыпқа келуі;
- ОНЖ 
уыттану симптомының жоғалуы;
- жүрек айну мен құсудың жоғалуы;
- дәреттін қалпына 
келуі;
- су-электролиттік балансты қалыпқа келтіру.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализацияға көрсетімдер: амбулаторлық ем тиімсіздігі (тұрақты құсу; 24 сағаттан астам уақытқа созылатын қызба; сусыздану дəрежесінің үдеуі).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Proligy guidance/Managment of acute infective gastrointeritidis. October 2003. 2. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Выпуск 3 за 2004 год. 3. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, 2002. 4. Practice guedelines for the managment of infectious diarrhea, IDSA duidelines. 2001 5. Diarrhea in adults (acute). Clinical evidence, 2004. 6. Приказ МЗ РК №294 от 29.03.2004г. “О мерах по профилактике сальмонеллезов в РК” 7. Приказ МЗ РК №542 от 29.12.2005г. “О мерах профилактики заболеваемости ОКИ в РК”

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: Сүлейменова З.И., АМДБЖИ ересектер инфекциялық ауруы кафедрасы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх