Балаларда энтеральды жолмен берілетін жіті А және Е вирусты гепатиттері

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Гепатит a без печеночной комы (B15.9), Гепатит a с печеночной комой (B15.0), Острый гепатит a (B15), Острый гепатит e (B17.2)
Инфекционные болезни у детей, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған

Вирусты гепатит А – қысқа мерзімді интоксикация белгілері бар, бауыр қызметі бұзылыстары тез өтетін, қатерсіз ағымды жіті, циклды ағмды жұқпалы ауру.

Вирусты гепатит Е – РНҚ-құрамды вирустан туындайтын, сулы жолмен ерекше берілетін, бауыр қызметінің бұзылуымен және интоксикация синдромымен сипатталатын жіті жұқпалы ауру.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды (тары):

                                                            АХЖ -10
Коды Атауы
В 15 Жіті  вирусты гепатит А
В 15.0 Бауыр комалы гепатит А
В15.9 Бауыр комасынсыз гепатит А
В17.2 Жіті гепатит Е
 
Хаттаманы қайта қараукүні: 2013/ 2017 жылы қайта қаралған.
 
Хаттамада  пайдаланылатын  қысқартулар:

АлАТ аланинаминотрансфераза
АсАТ аспартатаминотрансфераза
Анти-HAV – JgM, JgG  ВГА қарсы M, G иммуноглобулині
Анти-HEV– JgM, JgG ВГЕ қарсы M, G иммуноглобулині
т/і тамыр ішілік
ВГА вирусты гепатит А
ВГЕ   вирусты гепатит Е
ЖТД жалпы практика дәрігерлері
ДНК HBV вирусты гепатит В геномы
ИФТ иммуноферменттік талдау
ҚЖА Қанның жалпы анализі
ЗЖА Зәрдің жалпы анализі
ЖВГ  жіті вирусты гепатит  
ЖРВИ жедел респираторлық вирустық инфекция
ЖБЖ жедел бауыр жеткіліксіздігі
ПИ протромбинді индекс
ПТР полимерлі тізбектік реакция
РНК HAV вирусты гепатит А геномы
РНК HEV вирусты гепатит Е геномы
ЭТЖ эритроциттердің тұну жылдамдығы
ЭКГ электрокардиограмма
СФ сілтілік фосфатаза
УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
ДД дәлел деңгейі
 
Хаттаманы пайдаланушылар: ЖПД, балалар инфекционисттері, педиатрлар, медициналық жедел жәрдем дәрігерлері, фельдшерлер.
 
Пациенттердің санаты: балалар.
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ , олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


Клиникалық жіктеме [1,2]: 
ЖВГ түрлері Этиологиялық диагноз өлшемшарттары Ауырлық түрі Ауырлығын бағалау өлшемшарттары
(сарғаю кезеңінде)
Гепатит А
 
а/HAV Ig M,
HAV – PНК
Жеңіл Интоксикация белгілері әлсіз.
Билирубин жалпы 10 мкмоль/л-ге дейін, ПИ 80%-ға дейін
Гепатит Е a/HEV  Ig M
HEV – РНК
 
Орташа Интоксикация белгілері орташа.
Билирубин жалпы 100-180 мкмоль/л-ге дейін, ПИ 60%-70%
   
 
Ауыр Интоксикация белгілері тез білінеді.
Билирубин жалпы 180 мкмоль/л және артық, ПИ 40%-60%
Қатерлі (жүкті әйелдердегі гепатит Е кезінде) Бауыр энцефалопатиясы,
Геморрагиялық синдром (коагулопатия), бауыр пішінінің қысқаруы.
Билирубин-протеидті диссоциациясы және билирубин-ферментті диссоциациясы.

Типі бойынша: типтік (сарғыш) және атиптік түрі (сарғаюсыз, сөнген және субклиникалық түрлері)
Ағымы бойынша:
·               жіті  3 айға дейін;
·               ұзақ 6 айға дейін.

Бауыр энцефалопатиясын ауырлығын бағалау критерийлері:

1 кезең  –әлсіздік синдромы:
 
•       психопатологиясы: қарау мен патологияға реакция сақталған, шоғырландыру қабілеті нашар, сарқылу, эйфория немесе депрессия;
•       неврологиялық симптомдары: еріннің жеңіл дірілдеуі, гиперрефлексия
2 кезең – ұйқышылдық: •       психопатологиясы: қарауға реакция тежелген, адекватты емес іс-әрекеттер, уақыт пен кеңістікте дезориентациялануы, ұйқышылдық және мазасыздық, сананың шатасуы;
•       неврологиялық симптомдары: еріннің айқын дірілдеуі, гиперрефлексия, координацияның бұзылуы, жұмарланған тіл
3 кезең – ессіз күй:
 
•       психопатологиясы: қарауға реакция төмендеген, летаргия, пациентті оятуға болады,  афазия, ауру қоздырғыштарына реакция тежелген;
•       неврологиялық симптомдары: клонустық тырыспа, бұлшық еттің ебедейсіздігі мен спазмасы, атаксия, еріннің дірілдеуі, гиперрефлексия
4 кезең – кома:
 
•       психопатологиясы: қарауға реакция жоқ, ауру қоздырғыштарына реакция қатты тежелген және бағытталмаған, тілдесу байланысы мүлдем жоқ;
•       неврологиялық симптомдары: кенеттен қозғалыс белсенділігі жоқ немесе қозғалысы координацияланбаған, клонустық тырыспа,  бұлшық еттің ебедейсіздігі мен спазмасы, біріншілк реакциялар сақталған, Бабинский оң рефлексі
5 кезең – терең терминальды кома: •        психопатологиясы: ауру қоздырғыштарына реакция жоқ;
•        неврологиялық симптомдары: ьұлшық ет тонусы әлсіз немесе созылған немесе жинақталған күйде

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ

Диагностикалық өлшемшарттар [1,2,3,4,8]:

Шағымдар:
Сарғаюға дейінгі кезең:
 
•       дене қызуының көтерілуі ( 70-80% жағдайларда)
•       тәбеттің төмендеуі;
•       жүрек айну, құсу;
•       құрсақта, оң жақ қабырға аймағында ауырсыну;
•       әлсіздік;
•       кіші жастағы балаларда сұйық нәжіс.
Сарғаю кезеңі:
 
•       көздің ағы мен терінің сарғаюы;
•       қалтырауы мүмкін;
•       құрсақта, оң жақ қабырға аймағында ауырсыну;
•       зәр түсінің қоңырлануы;
•       дәреттің түсінің ақшылдануы.
Анамнез:
·      жіті басталу;
·      А және Е вирусты гепатиті лабораториялық расталған науқаспен жанасуда немесе ауру белгілері пайда болғанға дейін 10-15 күн ішінде сары аурумен ауырған науқаспен қатынас;
·     астено-вегетативті және диспепсиялық синдромы, дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы, және сарғаю пайда болуы, денсаулығын жақсарту (А гепатиті кезінде) аурудың циклді ағымда болады.
Физикалық қарап-зерттеу
Сарғаюға дейінгі кезең (кезең мерзімі 3-10 күн) ·      бауырдың ұлғаюы;
·      құрсақты пальпациялауда оң жақ қабырға астында ауырсыну.
Сарғаю кезеңі (мерзімі 2-3 апта) ·       тері жабыны, көздің ағы, таңдайдыңжұмсақ және қатты шырышты қабықшаларының сары түске боялуы, сызаттар және геморрагиялық элементтер, гепатомегалия болуы мүмкін.  «Сыра» тәріздес зәрдің қанық түсі мен ақшыл дәрет. 
 
 

Зертханалық зерттеулер: 
Қанның билирубинге, АлАТ, АсАТ-ға биохимиялық талдауы
 
·       Сарғаюға дейінгі кезеңде – трансаминаз деңгейінің артуы;
·       Сарғаю кезеңінде: АлАТ, АсАТ трансаминаз деңгейінің артуы; тікелей фракция есебінен жалпы билирубин деңгейінің артуы. 
Жалпы несеп талдауы Сары пигменттерді анықтау 
Жалпы қан талдауы лейкопения немесе лейкоциттердің қалыпты деңгейі, лимфоцитоз 
Қанның ИФТ Анти - HAV JgM және анти- HEV JgM 
Аспаптық зерттеулер
Құрсақ қуысы органдарының УДЗ Құрсақтың қайталама ауырсынуы және сарғыш синдром ұзақ сақталған кезде.

Маман консультациялары үшін көрсетілімдер::
·               Білікті мамандардың консультациясы  – көрсетілім бойынша.
 
 Диагностикалық алгоритм:



Дифференциалды диагноз


Дифференциалдық диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі [1,2]:
Диагноз Дифференциалдық диагнозды негіздеу Зерттеулер Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Жіті құрсақ қуысы Аурудың бастапқы күндерінде құрсақ қуысының ауырсынуы ЖҚТ, қанның биохимиялық талдауы Оң жақ қабырға астында ауырсыну, оң жақ мықын облысында инфильтрат болуы. Жіті құрсақ кезінде жалпы қан талдауы - қабынулық өзгерістер (нейтрофилезбен лейкоцитоз). Қанның биохимиялық талдауында – АлАТ қалыпты деңгейі.
Бауыр үсті сары ауру (гемолитиялық анемия) Сарғаю болуы ЖҚТ, қанның биохимиялық талдауы Гемолитикалық анемия кезінде зәр мен дәреттің түсі өзгермейді, АлАТ деңгейі қалыпты, конъюгирленбеген фракциясына байланысты билирубин деңгейінің көтерілуі, жалпы қан талдауында – анемияның болуы.
Механикалық сарғаю Сарғаю болуы, құрсақ қуысының ауырсынуы қанның биохимиялық талдауы, ЖҚТ, құрсақ қуысы органдарын УДЗ,  КТ немесе МРТ болуы мүмкін Механикалық сарғаю кезінде конъюгирленбеген фракциясына байланысты билирубин деңгейінің көтерілуі, ферменттердің белсенділігі қалыпты немесе аздап өседі. Ауырсыну синдромы ішті пальпациялауда анықталуы мүмкін. ЖҚТ лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жылдамдаған болуы мүмкін. Кей жағдайларда УДЗ-де тас түйіршік көлеңкелері анықталуы мүмкін.
Функционалдық гипербилирубинемия (Жильбер синдромы) Сарғаю болуы қанның биохимиялық талдауы Жасөспірім және жастарда кездеседі. Трансаминазаның қалыпты деңгейінде, гепатомегалия, улану болмауы, жанама фракциясының салдарынан гипербилирубинемия болуы. Гипербилирубинемия толқын тәріздес сипатқа ие
Бауыр сары ауруы (иерсиниоз, листериоз, инфекциялық мононуклеоз және т.б.кезінде) Гепатомегалия болуы, құрсақ ауырсынуы, повышения уровня трансаминаз, кейде билирубин деңгейінің артуы. ЖҚТ, қанның биохимиялық талдауы, ИФТ, бактериологиялық талдау. Жиі ұзақ қызба, ақырындап айқын гипербилирубинемия, ЖҚТ жиі лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ  жылдамдығының айарлықтай артуы, басқа да органдар мен жүйелердің зақымдануы. Түпкілікті диагноз зертханалық сынақтардан кейін орнатылады.

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1,2,3,4,5,8]:
·               Аурудың жеңіл түрінде ВГА және ВГЕ үй жағдайында емдеу жүргізіледі. Жартылай төсектік режим ауру қозғышының дер кезінде тағайындалады. Физикалық тыныштық құрылып, сұйықтық ішеді  (сілтілік минералды су, шай, шырын, кисельдер). Тамақтану рационы максималды жеміс-жидек пен көкөніс, шырындар енгізу мүмкін табиғи дәрумендермен байытылған.

Дәрі-дәрмексіз емдеу (базистік терапия):
·               Режим: жартылай төсектік режим ауру қозғышының дер кезінде;
·               Диета: үстел № 5, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың жас нормасы сақталады, азық-түліктер экстративтік заттары, етті сорпалар,  өткір және татымды тұздықтар, қиын қорытылатын клетчаткалар алып тасталып, механикалық және химиялық жолмен дайындалады.
·               Сұйықтық ішу, су, морс, шәрбат; сілтілік минералды су
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
дезинтоксикациялық терапия – жеңіл түрінде энтеральды: 5% глюкоза ерітіндісі енгізіледі.

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі: [4,5,6,7,8]

Р/с ДЗ ХПА Көрсетілім ДД
Басқа ирригациялық ерітінділер  
1. Инфузияға арналаған декстроза ерітіндісі 5 % 200 мл, 400 мл; 10% 200 мл, 400 мл Дезинтоксикациялау мақсатында С

Қосымша дәрілік заттардың тізбесі: жоқ
 
Хирургиялық араласу: жоқ
 
Әрі қарай емдеу:
учаскелік медбикелер патронажы, одан әрі  аптасына 1 рет дәрігер және медбикенің тексеруі;
қандағы билирубинді биохимиялық талдау, АлАТ-1 рет біріншісінен 10 күн өткенде, содан соң айына бір рет талдау, қажет болған жағдайда (бауыр мөлшерінің ұлғаюуы,  оң жақ қабырға астындағы ауырсынуы ) аталған талдауды қайталау.
 
Емдеудің тиімділігінің және диагностикалау және емдеу әдістері қауіпсіздігінің индикаторлары:
• интоксикацияның тоқтауы;
• сарғаюдың тоқтауы;
• бауыр өлшемінің қалыптануы;
•  жалпы билирубин және АлАТ көрсеткіштерінің қалыпқа келуі.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1,2,4,8,10,11]
Гепатит А және Е ауырған балалар дәрілік заттарды тағайындау қажет етпейді.  Қозғалмалы режим, емдік тағамдар, оңтайлы госпитальдау шарттары, супер инфицирлеудің ерекше мүмкіндіктері, әсіресе басқа вирусты гепатиттермен, ауру жұмсақ өтуін және толық айығуын қамтамасыз етеді.
Ауырлығы бойынша орташа және ауыр дәрежелі науқастар көрсетілім бойынша (қайта құсу, тәбеттің жоғалуы) к/і дезинтоксикациялық терапия тәулігіне 30 -50 мл/кг - 5%, 10% глюкоза, Рингер, 0,9% натрий хлоридін енгізу керек.

Пациентті бағыттау:


Дәрі-дәрмексіз емдеу (базистік терапия):
·               Режим: ауыр формадағыларға төсектік және орташалар үшін жартылай төсектік режим.
·               диета: үстел № 5, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың жас нормасы сақталады, азық-түліктер экстративтік заттары, етті сорпалар,  өткір және татымды тұздықтар, қиын қорытылатын клетчаткалар алып тасталып, механикалық және химиялық жолмен дайындалады.

Дәрі-дәрмекпен емдеу: [1,2,4,8,10,11]
Дезинтоксикациялық терапия – энтеральды: 5% глюкоза ерітіндісі, су, жеміс сусындары, компот; 5%, 10% глюкоза, 0,9% натрий хлориді ерітіндісін - тәулігіне 30 -50 мл / кг к/і енгізу, детоксикация терапиясы және ауру көрсеткіштерінің орташа және ауыр ауырлық деңгейінде көрстелім бойынша сілтілік минералды суды ауызша енгізу (қайталанатын құсу, тәбеттің жоғалуы).
Екі аптадан асқан сары ауруда және холестаз кезінде – сарғаю кезеңінің барлығында тәулігіне урсодезоксих қышқылы 10-15 мг/кг енгізу.

Негізгі дәрілік заттардың тізбесі: [4,6,7,8,10]

Р/с ДЗ ХПА                       Көрсетілім ДД
Басқа да ирригациялық ерітінділер  
1. Инфузияға арналған декстроза ерітіндісі 5 % 200 мл, 400 мл; 10% 200 мл, 400 мл Дезинтоксикациялау мақсатында С
  Тұз ерітінділері    
2. Инфузияға арналған натрий хлориді 0,9% 100 мл, 250 мл, 400 мл Дезинтоксикациялау мақсатында С
 
Қосымша дәрілік заттардың тізібесі: [4,6,7,8,10]

  Р/с Дәрілік заттар                      Көрсетілім ДД
  Өт айдағыш және холелитолиттік әсерлі гепатопротектор  
1. Урсодезоксих қышқылы, 250 мг капсулалары Холестаз, гепатит кезінде – мембранотұрақтандырғыш әрекет В

Хирургиялық араласу: жоқ.
 
Әрі қарай емдеу:
·               науқастың қолына берілетін қағазда емдеуші дәрігер жазбаша түрде аймақтық денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы аурулар кабинетіне А және Е ОВГ ауруларды диспансерлейді;
·               ВГА, Е ауырған науқастарды диспансерлік бақылау – үш ай жүргізіледі. Бірінші қарау стационардан шыққаннан 30 күннен кейін, қайталама  — 3 айдан кейін жүзеге асырылады. Бауыр үлгілерінде қалдық құбылыстар болмағанда және толық қалпқа түскенде есептен шығарылады. Ал қалдық құбылыстар болғанда толық айыққанға дейін диспансерлік қарауда болады.
·               ОВГ ауырған тұлғалар үшін стационардан шыққаннан кейін алты ай бойына  профилактикалық екпелер салуға болмайды, одан бөлек (көрсетілім болғанда) сіреспеге қарсы анатоксин және антирабиялық екпелер.
 
Емдеудің тиімділік индикаторлары:
·               интоксикация болмауы;
·               билирубин, АлАТ көрсеткіштінің қалыпты болуы;
·               бауыр өлшемінің қалыпты болуы.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [4,5,6,7,8,10]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
• жабық және басқа да медициналық мекемелердегі балалар ;
• клиникалық көрсеткіштер бойынша - жеңіл түрі бауыр және асқазан-ішек жолдары патологиясы болған жағдайда;
• сарғаюдың ұзақтығы екі апта және одан артуы;

 Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
• жалпы қауіпті белгілері қатысуымен 5 жасқа дейінгі балалар, (еме немесе іше алмауы, әрбір ішкеннен кейін құсу,  әлсіз немесе бейсаналық анамнезді құрысулар);
• ВГА немесе ВГЕ орташа және ауыр нысандары.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1. В.Ф. Учайкин, Н.И. Нисевич, О.В. Шамшева. Инфекционные болезни у детей; учебник – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. – 688 с.: ил. 2. Симованьян Э.Н. Инфекционные болезни у детей. «Справочник в вопросах и ответах», издательство «Феникс» – Ростов н/Д, 2011. – 767 с. 3. Санитарные правила «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий по предупреждению инфекционных заболеваний». Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан №194, 12 марта 2015 г. 4. Клинические рекомендации оказания медицинской помощи детям с острым вирусным гепатитом А, Общественная организация «Евроазиатское общество по инфекционным болезням», 2015г, 33С. 5. Оказание стационарной помощи детям (Руководство ВОЗ по ведению наиболее распространенных заболеваний в стационарах первичного уровня, адаптированное к условиям РК) 2016г. 450 с. Европа. 6. Большой справочник лекарственных средств / под ред. Л. Е. Зиганшиной, В. К. Лепахина, В. И. Петрова, Р. У. Хабриева. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 3344 с 7. BNF for children 2014-2015 8. The Global Burden of Hepatitis E Virus Genotypes 1 and 2 in 2005. 9. Rein DB, Stevens GA, Theaker J, Wittenborn JS, Wiersma ST. Hepatology, Vol. 55, No. 4, 2012: 988-997 10. Global and regional mortality from 235 causes of death for 20 age groups in 1990 and 2010: a systematic analysis for the Global Burden of Disease Study 2010. 11. Colson P, Raissouni F, Borentain P, Le Goffic A, Hardwigsen J, Nafati C, et al. Fulminant hepatitis E in southeastern France. Clinical Microbiology and Infection; 21st ECCMID/27th ICC Milan Italy 2011 2011;17:S574.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1)           Құттықұжанова Ғалия Ғабдуллақызы –  медицина ғылымдарының докторы, «С.Д. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры.
2)           Эфендиев Имдат Муса оглы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК балалар жұқпалы аурулар және фтизатрия кафедрасының меңгерушісі
3)           Баешева Динагүл Аяпбекқызы – медицина ғылымдарының докторы, доцент, «Астана Медицина университеті» АҚ, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі.
4)           Өмешева Күміскүл Абдуллақызы – медицина ғылымдарының кандидаты, «С.Д. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті.
5)           Девдариани Хатуна Георгиевна      – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті.
6)           Жұмағалиева Галина Дәуітқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК балалар инфекциялары курсының жетекшісі.
7)           Алшынбекова Гүлшарбат Қанағатқызы         – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры.
8)           Мәжітов Талғат Мансұрұлы – медицина ғылымдарының докторы,  «Астана медицина университеті» АҚ, клиникалық фармакология кафедрасының профессоры.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1)           Көшерова Бахыт Нұргалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор, ҚР ДСМ бас штаттан инфекционисті.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң және/немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх