Балалардың диареясы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Диарея и гастроэнтерит предположительно инфекционного происхождения (A09)
Инфекционные болезни у детей, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен бекітілген
 
 
Диарея әдеттегідей, 24 сағат ішінде кемінде үш рет өзгеше сұйық және сулы нәжістің экскрециясы болып көрінеді.
Нәрестенің диареясы, егер балада дәреттің өзгеруі бар болса, оның массасының ұлғаюы және оның сұйық сипаты болса (нәжістегі судың көп болуы) жіктеледі [1].

Хаттаманың атауы: Балалардың диареясы

Хаттаманың коды:

ХАЖ-10 коды (кодтары):
А00 – Тырысқақ
А02 – Өзге сальмонеллезді инфекциялар
А03 – Шигеллез
А04 – Өзге бактериологиялық ішек инфекциялары
А05 – Өзге бактериологиялық тамақтан уланулар
А05.0 – Стафилококкты тамақтан улану
А05.2 – Clostridium perfringens [Clostridium welchii] болған тамақтан улану. Некротикалық энтерит Pig-bel
А05.3 – Vibrio parahaemolyticus болған тамақтан улану
А05.4 – Bacillus cereus болған тамақтан улану
А05.8 – Өзге анықталған бактериологиялық тамақтан уланулар
А05.9 – Анықталмаған бактериологиялық тамақтан уланулар
А08 – Вирусты және өзге анықталған ішек инфекциялары
А09 – Диарея және болжамды инфекциялы текті гастроэнтерит
К59.1 – Функциялық диарея

Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
ІҚЖ – ішек-қарын жолдары
БЖАЫЖ – балала жасындағылардың ауруларын ықпалдастыра жүргізу
ИТШ – инфекциялық-токсикалық шок
ИФТ – иммуноферментті талдау
ОРҚ – оральды регидратациялық құралдар
ЖІИ – жіті ішек инфекциялары
ЖБЖ – жіті бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгi
ҚОБ – қауіп-қатердің ортақ белгілері
ГУС – гемолитикалық уремиялық синдром
ЖМП – жаңа мұздатылған плазма

Хаттаманы дайындау мерзімі: 2014 жыл.

Пациенттердің санаты: диареясы бар балалар.

Хаттаманы пайдаланушылар: бала инфекционисті, жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, анестезиолог-реаниматолог, жедел медициналық көмек дәрігері, фельдшер.
 

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі: [1,2]

БЖАЫЖ бойынша диареяның жіктелуі (0-ден 5 жасқа дейінгі балалар):
Балаларда аурудың ауырлығы бойынша (БЖАЫЖ) [1,2]:
-ауыр сусыздану;
-шамалы сусыздану;
-сусыздану жоқ.
0-ден 2 айға дейінгі балаларда диареяның ұзақтығы бойынша (БЖАЫЖ):
-ауыр ұзаққа созылған диарея (диарея 14 күн және одан аса жалғасады).
 2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда диареяның ұзақтығы бойынша (БЖАЫЖ):
-ауыр ұзаққа созылған диарея (диарея 14 күн және одан аса жалғасады және сусыздану бар);
заққа созылған диарея (диарея 14 күн және одан аса жалғасады және суыздану жоқ).
 
Дәретте қанның болуы бойынша: дизентерия.
ІҚЖ зақымдану топикасы бойынша [3]:
-гастрит;
-энтерит;
-энтероколит;
-колит;
-гастроэнтерит;
-гастроэнтероколит.
 
Науқастың ауырлығы бойынша:
-жеңіл;
-орташа ауыр;
-ауыр форма.

Этиологиясы бойынша:
-бактериальды инфекциялар: шигеллёз, сальмонеллёз, эшерихиоз, УПФ болған ЖІИ, іш сүзегі, паратиф, иерсиниоз, тырысқақ;
-вирусты инфекциялар: ротавирусты гастроэнтерит, аденовирусты, норлоквирусты, энтеровирусты, реовирусты инфекциялар және т. б.;
-ішек инвазиялары: амебиаз, лямблиоз, аскаридоз және басқа гельминтоздар.

Аурудың ағымы бойынша:
-жіті (1 айға дейін);
-ұзақ созылған (1 - 3 ай);
-созылмалы (3 айдан жоғары).
 
Сальмонеллездің  жіктелуі: [3,4]
Ағымның нұсқалары:
Типті:
-гастроинтестинальды (гастрит, энтерит, гастроэнтерит, гастроэнтероколит, энтероколит, колит)
-сүзек тәрізді
-септикалық

Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр.
Аурудың ағымы бойынша: жіті (1 айға дейін), ұзақ созылған (1 - 3 ай), созылмалы (3 айдан жоғары).
Типтік емес:
-өшіп кеткен
-субклиникалық
-сальмонелла бактерияларын тасушы (тұрақты, транзиттік, реконвалесцентті).
 
Шигеллездің жіктелуі: [3,4]
Ағымның нұсқалары:
Типті: жеңіл, орташа ауыр, ауыр форма: а) уланудың басымдылығымен, б) колит синдромының басымдылығымен, в) аралас форма.
Аурудың ағымы бойынша: жіті (1 айға дейін), ұзақ созылған (1 - 3 ай), созылмалы (3 айдан жоғары) - 1. Қайталанбалы. 2. Үздіксіз.
Типтік емес:
-өшіп кеткен
-субклиникалық
-диспепсиялық
-гипертоксикалық
-шигелл бактерия тасушы
 
Эшерихиоздардың жіктелуі: [3,4]
Этиология бойынша: энтеропатогенді, энтероинвазивті, энтеротоксигенді, энтерогеморрагиялық ішек таяқшалары
Клиникалық  нысаны бойынша:
-типті гастроэнтерит, энтерит, энтероколит
-типтік емес: өшіп кеткен, абортивті, гипертоксикалық
Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр.
Аурудың ағымы бойынша: жіті (1 айға дейін), жітілі (1 - 1,5 ай), ұзақ созылған (3 айға дейін).
 
Ішек иерсиниозының жіктелуі: [3,4]
Таралуы бойынша:
-оқшауланған;
-таралған (септикалық).
Нысаны бойынша:
-типті: ішек-қарын, жалған аппендикулярлы, иерсиниозды гепатит, түйінді эритема, буынды;
-типтік емес: өшіп кеткен, субклиникалық, қас қаққанша;
Үрдістің ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр.
Аурудың ағымы бойынша: жіті, асқынулармен және қайталанулармен.
Асқынулардың сипаты бойынша: дисбактериоз, пневмония, отит, миокардит, остеомиелит және т. б. Микст-инфекция.
 
Тырысқақтың жіктелуі: [3,4]
Нысаны бойынша:
-типті;
-типтік емес: гипертоксикалық, «құрғақ», геморрагиялық, өшіп кеткен, субклиникалық.
Үрдістің ауырлығы бойынша:
-жеңіл;
-орташа ауыр: I дәрежелі дегидратация;
-ауыр: II дәрежелі дегидратация, III дәрежелі дегидратация.
Ағымы бойынша: жіті, қас қаққанша.
Асқынулардың сипаты бойынша: жіті бүйрек функциясы жеткіліксіздігі, бас миының ісінуі, сал болдыртын илеус, пневмония, ішек дисбактериозы.
 
Ротавирусты инфекцияның жіктелуі: [3,4]
Түрі бойынша:
-типті гастроэнтерит, гастрит, энтерит;
-типтік емес: өшіп кеткен, субклиникалық.
Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр.
Ағымы бойынша: жіті, ұзаққа созылған, асқынулармен микст-инфекция.
 
Шартты-патогенді ішек инфекциясының жіктелуі: [3,4]
Таралуы бойынша:
-оқшауланған;
-таралған (септикалық).
Түрі бойынша:
-типті гастроэнтерит, гастрит, энтерит, энтероколит;
-типтік емес: өшіп кеткен, симптомсыз, гипертоксикалық.
Үрдістің ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр.
Аурудың ағымы бойынша: жіті, ұзаққа созылған, созылмалы.
Асқынулардың сипаты бойынша: ішек дисбактериозы, пневмония, отит және т. б. микст-инфекция.
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Диареясы бар пациенттерге амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
-копрологиялық зерттеу;
-дәреттерді бактериологиялық зерттеу.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
-қанның жалпы талдауы;
-несептің жалпы талдауы;
-қанның биохимиялық талдауы (глюкоза, креатинин, билирубин, АЛТ, АСТ, диастаза);
-нәжістегі ішек құрттар және қарапайымдар;
-ішек құрттарын қырып алу;
-дәретттерді вирусологиялық зерттеу;
-құрсақ қуысының УДЗ.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (шұғыл жатқызу кезінде):
-қанның жалпы талдауы;
-несептің жалпы талдауы;
-копрологиялық зерттеу;
-дәреттерді бактериологиялық зерттеу;
-дәреттерді вирусологиялық зерттеу;
-нәжістегі ішек құрттар және қарапайымдар;
-ішек құрттарын қырып алу.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (шұғыл жатқызу кезінде):
-қан сарысуында электролиттердің шоғырлануы;
-қанның биохимиялық талдауы: несепнәр, креатинин, қалдық азот, жалпы ақуыз;
-коагулограмма (ХНҚ, ПУ, фибриноген, РУ);
-газды құрамға қан;
-метгемоглобиннің мөлшеріне қанның талдауы;
-ерекше антигенді диагностикумдармен қанның БГАР (ТГАР, ИФТ);
-құсық массаларының бактериологиялық зерттеуі;
-қанның бактериологиялық зерттеуі;
-несептің бактериологиялық зерттеуі;
-тырысқақ вибрионды бөлу үшін үлкен дәретті бактериологиялық зерттеу;
-ЭКГ;
-іш қуысының УДЗ;
-кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
-іш қуысы ағзаларының рентгенографиясы.
 
Жедел шұғыл жәрдем кезеңіндегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
-аурудың шағымдары мен анамнезін, эпидемиологиялық анамнезін жинау;
-физикальды тексеру.
 
Диагностикалық белгілері:
шағымдар мен анамнез: [3,4,5,6]
-нәжістің сипаты (сұйық, сулы, «күріш қайнатындысы» үлгілі, жұтаң, патологиялық қоспалардың болуы);
-қызба;
-лоқсу, құсу;
-іш ауыруы;
-дәреттің жиілігі (тәулік ішінде 3 рет немесе одан аса);
-диареяның ұзақтығы 14 және одан аса күн (ұзаққа созылған диарея);
-бозарғанша жылау ұстамасы;
-түйілулер;
-жуырда антибиотиктермен немесе басқа препараттармен жүргізілген емдеу.
 
Эпидемиологиялық анамнез:
-сапасыз азық-түліктерді қолдану;
-ішек инфекцияларының жергілікті тарауы, соның ішінде басқа стационарларды болуы туралы хабарлау;
-отбасының немесе балалық ұжымның мүшелері ұқсас симптомдарға ие.
 
физикалды тексеру: [2,6,7]
-көтеріңкі тітіркенгіштігі, тежеулігі, мазасыздығы;
-естің бұзылуы (сопор, қатаңдануы, кома);
-құрысулардың болуы;
-үлкен еңбегінің түсіп кетуі, кернелуі/томпаюы;
-желке бұлшық еттерінің ебдейсіздігі; үлкен еңбегінің түсіп кетуі, кернелуі/томпаюы;
-желке бұлшықеттерінің ебдейсіздігі;
-қызба;
-шүңірейген көздер;
-шөлдеу немесе ішуден бас тарту;
-тері қабатының баяу тегістелуі;
-суық аяқ-қолдары, капиллярлы толудың уақыты 3 с. аса;
-тамыр соғысы әлсіз, жиі немесе тамыр соғысының болмауы;
-іштің кебуі;
-іш қуысында қолмен басып байқалатын тығыздалуы;
-гепатомегалия мен спленомегалия;
-тік ішектің айналуы;
-бөртпелер (пустула, геморрагилер, розеолалар, папулалар);
-тамақтанудың бұзылуы (БЭН);
-қол ұшында және табанның тұсында ісінулер;
-диурездің төмендеуі;
-алшақтық колиттің белгілері: шырышы, көгі бар, қан тамырлары білініп тұруымен, үлкен дәрет сипатын жоғалтатын «ректальды түкірік» жұтаң сұйық нәжіс, -тенезманың ауырғыш дефекациялары; ішті қолмен басқан кезде сигма тәрізді ішектің тарылуы мен ауыруы; анус иілгіштігі немесе үңіреуі; дефекацияға «жалған шақырыстар».
 
№1-кесте. Эксикоз дәрежесін бағалау критерийлері

Белгілері Эксикоз дәрежесі
I II III
дәрет жиі емес тәулігіне 10 ретке дейін, энтеритті жиі, сулы
құсық 1-2 рет қайталанған дүркінді
жалпы күйі орташа ауыр орташа ауырдан ауырға дейін ауыр
дене массасын жоғалту 5% дейін 6-9% 10% аса
шөлдеу біркелкі айқын көрінген болмауы мүмкін
тіндердің тугоры сақталған төмендетілген
баяу тегістеледі
қабат өте баяу тегістеледі
шырышты қабықшасы ылғалды құрғақтау, сәл гиперемироватетілген құрғақ, жарқын
үлкен еңбегі қалыпты аздап тартылуы тартылған
көз алмасы қалыпты тартылады тартылады
жүрек соғу дыбысы қатты сәл бәсеңдетілген бәсеңдетілген
артериялық қысым қалыпты немесе аздап көтерілен систологиялық қалыпты, диастологиялық көтерілген төмендетілген
цианоз жоқ қозу немесе ұйқышылдық, әлсіздік летаргиялық немесе ессіз
ауруға реакция көрінген әлсіз жоқ
дауыс қалыпты әлсіз жиі афония
диурез сақталған төмендетілген айтарлықтай төмендетілген
тыныс алу қалыпты біркелкі ентігу улағыш
дене температурасы қалыпты жиі көтерілген жиі нормадан төмен
тахикардия жоқ біркелкі көрінген
 
Зертханалық зерттеулер [2, 3, 4, 5, 8, 9, 10]:

Қанның жалпы талдауы:
-гематокрит деңгейінің көтерілуі;
-таяқшалы ядролы солға жылжумен нейтрофильды сипатты лейкоцитоз, ЭШЖ жоғарлауы (бактериалды ішек инфекциясы кезінде);
-лейкоциттердің қалыпты көрсеткіштері немесе лимфоцитоздардан лейкопения (вирусты ішек инфекциясы кезінде).

Несептің жалпы талдауы: альбуминурия, цилиндрурия, микрогематурия (бүйректің улағыш зақымдануы нәтижесінде ЖІИ ауыр ағымы кезінде).

Қанның биохимиялық талдауы: креатинин деңгейінің жоғарлауы (ОПН кезінде), гипопротеинемия.

Қан сарысуында электролиттердің шоғырлануын анықтау – көрсеткіштердің төмендеуі/жоғарылауы.
Ерекше антигенді диагностикумдармен қанның БГАР (ТГАР) – қайталанған реакция кезінде антиденелер титрлерінің 4 және одан аса ретке өсуі.

Дәретті ИФТ әдісімен вирустарға талдау – ротавирустердің, энтеровирустардың және т. б. антигендерін табу.

Копрограмма: шырыштың, лейкоциттердің, эритроциттердің, бейтарап майлардың болуы, гельминттердің және ең қарапайымдардың жұмыртқаларын табу.

Дәретті бактериологиялық зерттеу – патогенді/шартты патогенді флораның шығыстары.

Құсық массаларын немесе асқазанның жуып тазартатын суларын бактериологиялық зерттеу – патогенді/шартты патогенді флораның шығыстары.

Қанның және несептің бактериологиялық зерттеуі – патогенді/шартты патогенді флораның шығыстары.

Аспаптық зерттеулер:

Мамандардың кеңестері арналған көрсеткіштер:
-хирургтың кеңесі – аппендецитке, ішектің тарылуына, ішектің инвагинациясына күдік кезінде.
-педиатрдың кеңесі – ілеспелі соматикалық және тұқым қуалайтын аурулар кезінде.
-Гастроэнтерологтың кеңесі – ерекше емес жаралы колитке, лактазды жетіспеушілікке күдік кезінде.
-Нефрологтың кеңесі – ЖӨЖ күдік кезінде.

Дифференциалды диагноз


Диареяның сараланған диагностикасы:

№2-кесте Диареяның сараланған диагностикасы


Белгілер Жұқпалы диарея Жіті аппендицит Функцияналды диарея НЯК Ішектер инвагинациясы
Анамнез Науқаспен байланыс, зарарсыздандырылмаған суды қолдану Ерекшеліктерсіз Ерекшеліктерсіз Ауырлату үрдісімен диареяның эпизодтары Ерекшеліктерсіз
Аурудың басталуы Жіті, біруақытта іштің ауыруы, диарея, безгек Оң жақ жамбастың кемік басы тұсына ауыспалығымен эпигастрияда ауыру Жіті Жіті, жітілеу, диарея, безгек Сәбидің терісінің сұрлануына дейін жылау
Дәрет Шырышпен және қанмен тәулігіне 3 реттен аса сұйық Ботқа тәрізді, сұйық үлкен дәретті, патологиялық қоспаларсыз, 3-4 ретке дейін, жиі іш қату Ботқа тәрізді, қортылмаған, сары түсті, патологиялық қоспаларсыз Жойқын, жиі, сұйық, қанмен («ет жуындысы») Үлкен дәретте қан ("таңқурай" немесе "қарақатты тоңба") ауру басталғаннан 4-6 сағаттан кейін үлкен дәреттің қоспаларыңсыз
Іште ауыру Толғақ тәрізді Қатты, тұрақты жөтел кезінде күшейетін. Диарея тоқтаған кезде сақталады және күшейеді Біркелкі Әлсіз көрінген, төгілген Қатты, тұрақты мерзімді сипатқа ие (мерзімділігі 5-30 минут)
Ішті тексеру Жұмсақ, қампайған Бұлшықеттің күш салуымен оң жақ жамбастың кемік басы тұсына аурушандық Болмашы тегіс кебу Қампайған, аурусыз Қампайған, құрсақ қуысында тығыздалу, жұмсақ-иілімді, біркелкі жылжымалы
Құсық Бірнеше рет болуы мүмкін Кейде, аурудың басында, 1-2 рет Лоқсу Сипатты емес Бірнеше рет болуы мүмкін
Сигма тәрізді ішектің тарылуы мен ауыруы Тарылған, дистальды колит кезінде ауыртады Жоқ Жоқ Белгіленбейді Жоқ
Эндоскопия Катаральды, катаральды-геморрогиялық колит Қалыпты Қалыпты Өкпек ісіну, қансырау, фибриннің жұқа қонулары, эрозия, жаралар Ректальды зерттеу көмегімен инвагинаттың басын ұстап көруге болады

3-кесте Ішекті инфекциялардың сараланған-диагностикалық белгілері

Белгілер Сальмонеллез Шигеллез Тырысқақ Энтероуыттекті
эшерихиозы
Ішек иерсиниозы Ротавирусты гастроэнтерит Норволк-вирусты инфекция
Маусымдылығы Жазғы-күзгі Жазғы-күзгі Көктемгі-жазғы Жазғы Қысқы-көктемгі Күзгі-қысқы Жыл ішінде
Дәрет Жағымсыз иіспен сулы, жиі саз балдырлы түсті көгілдірі қоспасымен Үлкен дәретсіз жұтаң, шырыштың және қанның қоспасымен – «ректальды қақырық» Сулы, күріш қайнатындысы түсті, иіссіз, кейде шикі балықтың иісімен Жойқын, қоспасыз сулы Жойқын, сасыған, жиі шырыштың, қанның қоспасымен Жойқын, сулы, көбікті, сарғылт түсті, қоспасыз Сұйық жойқын емес, патологиялық қоспаларсыз
Іште ауыру Біркелкі толғақ тәрізді, эпигастрияда немесе мезогастрияда, диареядан бұрын немесе онымен бір уақытта кетеді Қатты, жалған шақырыстармен, іштің төменгі бөлігінде, сол жақ жамбастың кемік басы тұсында Сипатты емес Толғақ тәрізді, эпигастрияда Қарқынды, кіндік айналасында немесе оң жақ жамбастың кемік басы тұсына Сирек, эпигастрияда біркелкі көрінген, кіндіктің айналасында Сыздаған, эпигастрияда, кіндіктің айналасында
Жүрек айну + + - + + + +
Құсық Бірнеше рет,
диареяның алдында болады
Гастроэнтеро-колиттық нұсқа кезінде болуы мүмкін (Shig.Sonnei) Бірнеше рет,
диареядан кейін пайда болады
Қайталанған Қайталанған Бірнеше рет +
Сигма тәрізді ішектің тарылуы мен ауыруы Колитикалық нұсқа кезінде болуы мүмкін Сипатты          
Дегидрата ция Біркелкі Сипатты емес Типті, айқын көрінген Біркелкі Біркелкі Біркелкі Біркелкі
Температу
ра
Көтерілген, 3-5 күн және одан аса Көтерілген, 2-3 күн Қалыпты,
гипотермия
1-2 күн 2-5 күн 1-2 күн 8-12 күн
Эндоскопия Катаральды, катаральды-геморрагиялық колит Шигеллез үшін типті өзгерістер          
Гемограмма Лейкоцитоз, нейтрофилез Лейкоцитоз, нейтрофилез Лейкоцитоз, нейтрофилез Шамалы лейкоцитоз Гиперлейкоцитоз, нейтрофилез Лейкопения, лимфоцитоз Лейкоцитоз, лимфопения
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
-сулы-электролитті балансты қалпына келтіру;
-дене температурасын нормалау;
-улану симптомдарын оқшаулау;
-дәретті нормалау;
-қоздырғыштың эрадикациясы (элиминациясы).
 
Емдеу тактикасы: [1 2, 3, 4, 5, 6, 7]

Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Тәртібі - көрінген улану мен сұйықтықты жоғалту кезінде төсек тартып жату.
Диета – баланың жасына, оның тамақта ұнатуларына және аурудың басталғанына дейін тамақтану әдеттеріне байланысты.
Емшек еметін балаларды емшек сүтімен олардың қалауынша жиі және ұзақ емізген жөн.
Жасанды емізудегі балаларды оларға үйреншікті тамақтанумен тамақтандыру.
6 айдан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға – № 16 үстел.
2 жастан бастап және одан үлкен жастағы балаларға – № 4 үстел.
Лактазды жетіспеушілігі бар балаларға төмен/лактозасыз қоспалар белгіленеді.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:

1. Регидратация: А жоспары, Б жоспары мен В жоспары [1, 2, 6, 7]

А жоспары. Диареяны үй жағдайларында емдеу:
1. Анасына қосымша сұйықтықтарды беруге (бала қанша іше аласа сонша) ұсыңыздар:
-жиі емшеу беру және әрбір емізудің ұзақтығын арттыру.
-егер бала тек қана емшек емізуінде ғана болса, емшеу сүтінен басқа, қосымша АРҚ немесе таза су беру.
-Егер бала аралас немесе жасанды емізуде болса, келесі сұйықтықтарды кез келген үйлесуде беру: АРҚ ерітіндісі (Декстроза+Калий хлориді+Натрий хлориді+Натрий цитраты), сұйық тамақ (мысалы, сорпа, күріш қайнатындысы) немесе таза су.
Ананы АРҚ ерітіндісін дайындауға және беруге үйретіңіздер. Үй жағдайларында қолдану үшін анаға АРҚ екі қалтасын беріңіз. Анаға әдеттегі қабылдауға қосымша қанша сұйықтық беру қажет екендігін түсіндіріңіздер:
-2 жасқа дейін 50-100 мл әрбір сұйық дәреттен кейін
-2 жас және одан үлкен 100-200 мл әрбір сұйық дәреттен кейін.
Анаға кеңес беріңіз: балаға шынаяқтан кішкене жұтымдардан жиі ішуге беру; егер балада құсық болса, 10 минут тосып, содан кейін жалғастыру, бірақ ақырынырақ. Сұйықтықты қосымша беруді диарея аяқталмағанынша дейін беруді жалғастыру.
2. Емізуді жалғастыру.
3. Ана қандай жағдайларда медициналық мекемелерге қайта жүгіну қажет екендігін білу керек:
 Егер балада төменде аталған кез келген белгілердің бірі пайда болса анаға баланы шұғыл түрде қайта ауруханаға жеткізуге кеңес беріңіздер:
-іше алмайды немесе емшек еме алмайды;
-баланың жағдайы нашарлайды;
-безгек пайда болды;
-баланың дәретінде қан бар немесе ол нашар ішеді.
 
Б жоспары.  Біркелкі сорғытумен диареяны АРҚ көмегімен емдеу:
Қажетті АРҚ көлемін (мл) баланың массасын (кг) 75-ке көбейте отырып есептеуге болады.
Сұйықтықтың есептелген көлемімен 4 сағат ішінде ішкізу.
Егер бала АРҚ ерітіндісін ынтықпен ішсе және тағы сұраса, ұсынылған мөлшерден көп беруге болады. Баланың қалауынша емшекпен емізуді жалғастырған жөн. Жасанды емізудегі сәбилерге алғашқы 4 сағатта тамақтануды алып тастайды және оральды  регидратацияны жүргізеді.
4 сағаттан кейін баланың жағдайын қайта қарап және гидратацияның ахуалын анықтаныз: егер біркелкі сорғытудың 2 немесе одан аса белгісі сақталса, Б жоспарын тағы 4 сағат жалғастырыңыз.
Амбулаториялық жағдайларда оральды регидратациядан нәтиже болмаған кезде науқасты стационарлық емделуге жолдайды.
Емделуді жалғастырудың тиісті жоспарын таңдап алыңыз. Баланы медициналық мекемеде емізе бастаныз. Егер ана медициналық мекемеде емделу аяқталғанға дейін қала алмаса, оған АРҚ ерітіндісін үйде қалай дайындау керек екендігін көрсетіңіздер. 4 күндік курсты аяқтау үшін үйде АРҚ қандай көлемін беру қажет екенін түсіндіріңіздер. Регидратацияны аяқтау үшін оны АРҚ қалталарының қажетті мөлшерімен жабдықтаныз. А жоспарында ұсынылатындай оған қосымша 2 қалта беріңіз. Үйде емдеудің 3 ережесін түсіндіріңіздер (А емдеу жоспарын қара).
Парентеральды регидратацияны және дезинтоксикацияны жүргізу үшін көрсетімдер:
-гиповолемиялық шок көрсеткіштерімен сорғытудың ауыр формалары;
-жұқпалы-улағыш шок;
-нейротоксикоз;
-сорғытудың ауыр формалары;
-эксикоздың (кез келген дәрежелі) ауыр уланумен үйлесуі;
-басылмайтын құсық;
-Б жоспары кезінде 8 сағат ішінде пероральды регидратацияның тиімсіздігі немесе біркелкі сорғытудың ауыр сорғытуға ауысуы.
 
В жоспары Ауыр асқынуы бар диареяны емдеу: [1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15]
Ауыр сырқаты бар балаға сұйықтықты т/і егу:
12 айдан кем жастағы: алдымен 1 сағат ішінде 30 мл/кг егіңіз, кейін 5 сағат ішінде 70 мл/кг егіңіз;
12 айдан кем жастағы: алдымен 1 сағат ішінде 30 мл/кг егіңіз, кейін 5 сағат ішінде 70 мл/кг егіңіз;
Әрбір 15–30 минут сайын қайталаныз. Егер гидратацияның ахуалы жақсармаса, сұйықтықтарды тамшылап енгізу жылдамдығын арттырыңыз. Сондай-ақ, АРҚ ерітінділерін (шамамен 5мл/кг/сағ.) бала іше алған сәттен бастап беріңіз: әдетте 3-4 сағ. кейін (сәбилер) немесе 1-2 сағ. (аса үлкен жастағы балалар).
Сәбидің жағдайын 6 сағаттан кейін, ал аса үлкен жастағы баланың жағдайын – 3 сағаттан кейін қайталап бағаланыз. Усыздану дәрежесін анықтаныз. Одан кейін емдеуді жалғастыру үшін тиісті жоспарды таңданыз (А, Б немесе В).

Бактерияға қарсы терапия.
Антибиотиктерді тағайындау үшін көрсетімдер:
-бактериальды диареялары бар науқастар: гастроэнтероколиттер, колиттер (шигеллез, сальмонеллез, энтеропатогенді, энтероинвазивті және -энтерогеморрагиялық эшерихиоз, УПФ-инфекциялар, иерсиниоз, кампилобактериез және белгіленбеген этиологияның ЖІИ);
-жасына тәуелсіз диареяның ауыр формасымен ауыратындар;
-орташа ауры формасы кезінде – 2 жасқа дейінгі балаларға (бактериальды ісінулерге және/немесе безгекке сипатты қанның 3 күннен аса өзгерулері кезінде);
-ілеспелі ауруларымен, алғашқы немесе екінші иммун тапшылық жағдайымен және өзге бактериальды инфекциялармен (пневмония, ангина және т. б.) -науқастарда ЖІИ.

Антибиотиктерді егу тәсілдері:
-орташа ауыр формалары кезінде антибиотиктерді пероральды егеді;
-аурудың ауыр ағымы кезінде антибиотиктерді ішке қабылдауды парентеральды егумен үйлестірген жөн;
-препараттарды ауыз арқылы қабылдау мүмкін болмаған кезде, жиі лоқсу, көп ретті құсық кезінде оларды парентеральды егу пайдалы.
 
№3-кесте. Балаларда ЖІИ емдеуге арналған бактерияларға қарсы препараттардың мөлшерлері

Топ Препараттың аты Егу жолы Тәулік мөлшері (еселігі)
Нитрофурандар Фуразолидон per os 8-10 мг/кг (3-4)
Цефалоспориндер Цефиксим per os 8 мг/кг (2)
Цефтриаксон б/і, т/і 50-75 мг/кг (1-2)
Цефотаксим б/і, т/і 50-100 мг/кг (3-4)
Цефепим т/і 50 мг/кг (2-3)
Аминогликозидтер Гентамицин б/і, т/і 3-7 мг/кг (2)
Амикацин б/і, к/і 10-15 мг/кг (2)
Аминопенициллиндер Ампициллин/сульбактам Сультамициллин б/і, т/і
per os
25-50 мг/кг (2)
Макролидтер Азитромицин per os 1 тәу.-10 мг/кг, бұдан әрі 5 мг/кг (1)
Сульфаниламидтер Ко-тримаксозол per os Триметоприм бойынша 6-8 мг/кг (2)
Хинолондар
Фторхинолондар
Налидикс қышқылы per os 60 мг/кг (3-4)
Норфлоксацин per os 10-20 мг/кг (2)
Карбапенемдер Меропенем б/і, т/і 30-60 г/кг (3)
 
Бактерияға қарсы терапияның курсы аурудың ауырлығына, асқынулардың болуына және бактерия тасушының қалыптасуына байланысты. Курстың орташа ауыр түрлері кезінде 5 - 7 күнінен аспайды, ауыр жағдайларда 10 - 14 күнге дейін ұзарта алады.
 
Ферментотерапия:
Науқастың өміріне қауіп төңдіретін клиникалық симптомдарды (нейротоксикоз, II-III дәрежелі эксикозы бар токсикоз, ЖУЕ және т. б.) оқшаулағаннан кейін, диетаны кеңейту кезеңінде, сондай-ақ, ілеспелі гастроэнтерологиялық патологияның (гастродуоденит, ферментопатия және т. б.) бар болуы кезінде ферментті препараттар белгіленеді.
Жас мөлшерінде 10-14 күнге тамақтану уақытында полиферментті препараттарды белгілеудің артықшылығы бар:
-Панкреатин.
 
Симптоматикалық терапия.
Көрсеткіштер бойынша белгіленеді: антипиретиктер, спазмолитиктер, метаболиялық және электролитті бұзылулардың түзетулері жүргізіледі.
Ішектің динамикалық өткізбеушілігі даму қатері себебінен ішектің толқи жиырылуын (лоперамид) басатын препараттарды белгілеуден қашқақтау қажет.
 
Асқынған диареяны емдеу
1. Гиповолемиялық есеңгіреуді емдеу.
Тамақтанудың ауыр бұзылуысыз гиповолемиялық есеңгіреу кезінде:
Терапия В жоспарының шараларына сәйкес жүргізіледі, ауыр сусыздануы бар диареяны емдеу.
Гормональды терапия: преднизолон 2-5 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 0,2-0,3 мг/кг/тәулік, гидрокортизон – 12,5 тәулігіне мг/кг/.
 
Тамақтанудың ауыр бұзылуларының үйлесуімен гиповолемиялық есеңгіреу кезінде:
1 сағат ішінде т/і 15 мл/кг сұйықтығын егіндер.
Басында және әрбір 5-10 минут сайын тамырын және тыныс алу жиілігін санандар:
-егер жақсарудың белгілері бар болса (тамырдың және тыныс алудың жиілігі азаяды; одан әрі қолдаушы т/і сұйықтықтарды егіндер (4-6 мл/кг/сағат);
-егер т/і регидратация уақытында баланың жағдайы нашарласа (тыныс алу жиілігі 1 минутта 5 тыныс алу қозғалысына және тамыр минутына 15 соғуға жоғарласа) егуді тоқтатындар, себебі бұдан әрі ағзаға сұйықтықтардың келуі баланың жағдайын нашарлата алады.
Микроциркуляцияны, дезинтоксикацияны жақсарту, ҚАМ және гидроксикрахмалдың, желатиннің, стерофундиннің, меглюмин натрия сукцинаттың орнын толтыру мақсатымен.
Гипопротеинемия кезінде: альбумин.
ДТҰ-синдромы кезінде: ЖМП.
Гормональды терапия: преднизолон 2-5 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 0,2-0,3 мг/кг/тәулік, гидрокортизон – 12,5 тәулігіне мг/кг/.
2. Ішек парезін емдеу.
-натрий хлоридінің 5% ерітіндісімен тазартқыш клизмалар;
-ішті уқалау;
-ішке құрғақ жылу;
 
 
ЖБЖ, ГУС емдеу.
Емдеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының 2014 жылғы 12-шілдедегі бекітілген № 14 «Балаларда жіті бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгi» клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.

ЖУЕ емдеу.
-маска немесе мұрын катетері арқылы ылғалды оттекті беру жолымен үнемі оксигенация
-жүргізілетін терапияны түзету мақсатымен сағаттық диурезді анықтау үшін науқасты есеңгіреуден шығармас бұрын мерзімге катетерді қуық қалбыршағына енгізу.
 
ЖУЕ кезінде препараттарды егу реттілігі
Науқастың күйін бағалау – гемодинамика (БЖАЫЖ бойынша 5 жасқа дейінгі балаларда есеңгіреу белгілері), тыныс, ес-түсінің деңгейі.
-Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, оттегі беру, қажет кезде – кеңірдектің интубациясы мен ЖӨЖ аудару;
-Веннозды кіру. Орталық/шеткі көктамырларды катетерлеуді бастау.
 
Қарқынды инфузионды терапия 20 мл/кг бойынша ретті 3 сорғалап егу (кристаллоидтердің және коллоидтердің қатынасы 1:1), егер қажет болса, онда инфузияға геодинамикалық жауап негізінде, одан да көп. Егер бала өте арық болса, онда сұйықтықтардың көлемдері мен егілу жылдамдығы басқаша болу керек, сондықтан, балада тамақтанудың ауыр бұзылуы жоқ па, соны тексеріңіз.
-Преднизолонды мөлшерде егу;
1 дәрежелі ЖУЕ кезінде – преднизолон 2-5 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 0,2-0,3 мг/кг/тәулік, гидрокортизон 12,5 тәулігіне мг/кг;
2 дәрежелі ЖУЕ кезінде – преднизолон 5-10 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 0,5-1,0 мг/кг/тәулік, гидрокортизон 25 тәулігіне мг/кг;
3 дәрежелі ЖУЕ кезінде – преднизолон 10-15 мг/кг/тәулік, дексаметазон – 1,0 мг/кг/тәулік, гидрокортизон 25-50 тәулігіне мг/кг;
-Антибиотик егу – ампициллин/сульбактам т/і 150 мг/кг мөлшерінде (тәулік мөлшері) немесе цефалоспориндер 3 буынды.
-Әрбір 6 сағаттан кейін гепарин (коагулограмма есебімен):
1 дәрежелі ЖУЕ – 50-100 ӘБ/кг,
2 дәрежелі ЖУЕ – 25-50 ӘБ/кг,
3 дәрежелі ЖУЕ – 10-15 ӘБ/кг
-Бірінші қатарлы катехоламинді егу – Допамин 10 мкг/кг/мин бастап және бұдан әрі гемодинамикалық жауап бойынша мөлшері әрбір 10-15 минут 20 мкг/кг/мин дейін жоғарлайды.
-Гемодинамиканың Допаминге (20 мкг/кг/мин мөлшерінде) реакциясы болмаған жағдайда 0,05-2 мкг/кг/мин мөлшерінде эпинефрин/норэпинефринді егуді бастау.
-Метаболиялық ацидозды түзету: ЖӨЖ аудару.
-протеаздың баяулатқыштары – апротонин 500-1000 АТЕ/кг (бір ретті мөлшері).
-мидің ілеспелі ісінуі болған кезде – маннитол 15 % - 1-1,5 г/кг және АД тұрақтануы кезіне – фуросемид 1 % - 1-3 мг/кг/тәулік.
-Инфузионды терапияны 10-15 мл/кг/сағ. көлемінде жалғастыру;
-Гипопротеинемия кезінде:
альбумин.
ЖМП 10-20 мл/кг, эритроцитарлы массаны құю (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 06.11.2009 жылғы № 666 бұйрығына сәйкес көрсеткіштердің бар болуы кезінде).
Алғашқы мақсатты бағытталған терапияның хаттамасын сақтау кезінде келесі көрсеткіштерге (тиімділік белгілеріне) талпыну керек:
-ЦВД - 3-5 мм. сынап бағанасы кем емес (орталық көктамырдың катетерлегуі бар болған кезде);
-Орташа АҚ (орт. АҚ)>65 мм. сынап бағанасы.;
-Диурез - 0,5 мл/кг/сағ.;
-Сатурация – 85 об% кем емес.
Көрсеткіштерді бақылау мен белгілеу әрбір сағат сайын бақылау парағында
 
Нейротоксикозды емдеу.
-30 минут бойынша немесе әрбір 2 сағат тұрақты мұрын катетері арқылы жылы ылғалды 50% оттекпен оксигенотерапия;
-Қызу түсіретін дәрілерді қайталап егу: ацетаминофен немесе ибупрофен.
Оральды қабылданатын қызу түсіретін дәрілердің тиімсіздігі кезінде парентеральды (б/е):
-1 жасқа дейінгі балаларға бір реттік мөлшерде метамизол натрийдің 50% ерітіндісі – 0,01 мл/кг, 1 жастан үлкен балаларға – 0,1 мл/өмір сүру жылы;
үйлестірумен:
-1 жасқа дейінгі балаларға бір реттік мөлшерде дротавериннің 2,5% ерітіндісі – 0,01 мл/кг, 1 жастан үлкен балаларға – 0,1-0,15 мл/өмір сүру жылы немесе 1 жасқа дейін бір реттік мөлшерде дифенгидраминнің 1% ерітіндісі – 0,2-0,5 мл, 1 жастан үлкен балаларға – 0,7 мл, 3 жастан кейін – 1-1,3 мл;
-1 жасқа дейінгі балаларға бір реттік мөлшерде папавериннің 2% ерітіндісі – 0,1-0,2 мл және үлкен балаларға – 0,2 мл/өмір сүру жылы немесе дибазолдың 1% ерітіндісі б/е – 0,1 мл/өмір сүру жылы.
-Егер 30-45 минут ішінде температура төмендемесе, нейролептиктермен үйлестіре отырып антипиретиктерді - 1 жасқа дейінгі балаларға бір реттік мөлшерде хлорпромазиннің (Аминазин) 2,5% ерітіндісі – 0,01 мл/кг, 1 жастан үлкен балаларға – 0,1-0,15 мл/өмір сүру жылында қайталап егу. Бұдан әрі антипиретиктерді тәулігіне 4 рет белгілеу, себебі олардың терапевтиялық әсері 4-6 сағатқа жалғасады. Менингеальды синдром кезінде – преднизолон 2–3 мг/ кг т/і немесе б/і, фуросемид 1–3 мг/ кг т/і немесе б/і.
Түйілу кезінде:
-бензодиазепин 0,2-0,5 мг/кг мөлшерде т/і баяу;
-бір реттік мөлшерде натрия оксибаттың 20% ерітіндісі – 0,25-0,5 мл/кг (50-100 мг/кг) 20,0-30,0 мл декстрозаның 10% немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі т/і баяу ағынымен;
-дроперидолдың 0,25% ерітіндісі – 0,3-0,5 мг/кг (0,1-0,15 мл/кг), бірақ АҚ бақылауында 15 мг аса емес к/і.
Түйілу ахуалы кезінде – тез әрекет ететін барбитураттар:
-фенобарбитал бір реттік мөлшері 10-15 мг/кг б/і немесе т/і;
-натрий тиопенталы бір реттік мөлшері 3-5 мг/кг т/і сорғалап баяу 5 минуттың ішінде.
-Массасының 30-50 мл/кг есебінен инфузионды терапияны бастау.
 
Бас миының ісінуін емдеу
Мидің ісінуін емдеу ми гипоксиясын оқшаулауға, ми тінінің метаболизімін және мидің осмореттейтін жүйелерін нормалауға әкеледі.
Бас миының ісінуі кезінде жалпы емдеу іс-шаралары.
1.Өкпенің сәйкес желдетілуін және газ алмасуын қамтамасыз ету. Бұл оксигенотерапияның алуан түрлерімен, немесе тыныс алу қоспасына оттектің уланғыш емес концентрациясын (30-40%) қосумен науқасты ИВЛ аударумен қол жетімді болады. РаО2 біркелкі гипокапниямен 100-120 мм сынап бағанасы  деңгейде (РаСО2 – 25-30 мм сынап бағанасы) сақтаған орынды, яғни ИВЛ-ді біркелкі гипержелдету тәртібінде жүргізуге.
2.Тамырлы қол жетімділікті қамтамасыз ету
3.Дегидратациялау терапиясы:
-10% натрий хлоридінің ерітіндісі – 1 сағаттың ішінде 10 мл/кг;
-25% магний сульфатының ерітіндісі – 02,-0,8 мл/кг;
осмодиуретики – маннитол ерітіндісінің тәулік мөлшері (10, 15 және 20%):
-емшек еметін жастағы балаларға – 5-15 г
-кіші жастағы – 15-30 г
-үлкен жастағы – 30-15 г.
Диуретикалық нәтиже өте жақсы көрсетілген, бірақ инфузияның жылдамдығына байланысты, сондықтан препараттың есеп айырысу мөлшері 10-20 минут ішінде егілуі керек. Тәулік мөлшерін (0,5-1,5 г құрғақ заты/кг) 2-3 егуге бөлу қажет.
Назар аударған жөн!
Маннитолды тағайындауға қарсы көрсетімдер:
-жіті тубулярлы некроз
-ҚАМ тапшылығы
-ауыр жүрек декомпенсациясы
-салуретик – фуросемид 1-3 мг/кг мөлшерде (ауыр жағдайларда 10 дейін) маннитол әсерін толықтыру үшін күніне бірнеше рет (маннитол инфузиясы аяқталғаннан соң 30-40 мин кейін егіледі)
4.Кортикостероид – дексаметазон келесі сұлба бойынша белгіленеді: алғашқы мөлшері 2 мг/кг, 2 сағаттан кейін – 1 мг/кг, содан кейін тәулік ішінде әрбір 6 сағат – 2 мг/кг; бұдан әрі апта ішінде 1 мг/кг/тәулік.
-Барбитураттар– әрбір 3 сағатта 10 мг/кг-нан бұлшықетке тиопентал-натрийдің 10% ерітіндісі. Тәулік мөлшері 80 мг/кг дейін.
Назар аударған жөн! Артерия гипотензиясы және гиповолемия кезінде барбитураттарды қолдануға болмайды.
-Антигипоксанттар – натрий оксибатының 20% ерітіндісі 50-70 мг/кг мөлшерінде (бір реттік мөлшері).
-Айқын көрінген шеткі вазоконстрикция кезінде – допиман 5-10 мкг/кг/мин мөлшерінде
-Инфузиялық терапия орталық және шеткі гемодинамика көрсеткіштерін қалпына келтіруге, су-электролитті теңгерімнің, қышқылды-негізді күйінің көрсеткіштерін түзету, ДТҰ-синдромының профилактикасы мен тоқтату.
-Су жүктемесін тәулік қажеттілігінің 2/3 дейін шектеу.
 
№4-кесте Баланың жасына байланысты сұйықтықта физиологиялық қажеттіліктер [12]

Жасы Суда қажеттілігі, мл/кг/тәу
1 тәулік 60-80
2 тәулік 80-100
3 тәулік 100-120
4-7 тәулік 120-150
2-4 апта 130-160
3 ай 140-160
6 ай 130-155
9 ай 125-145
1 жас 120-135
2 жас 115-125
4 жас 100-110
6 жас 90-100
10 жас 70-85
14 жас 50-60
18 жас 40-60
 
Баланың сұйықтықта тәуілік қажеттілігінің есебі:
физиологиялық қажеттілік+сұйықтық тапшылығы+патологиялық жоғалтулардың сұйықтығы
Сұйықтық тапшылығының есебі:
сусыздану 1 ст.: 1 жасқа дейін – дене массасының 5% (50 мл/кг/тәулікте)
> 1 жас – дене массасының 3% (40 мл/кг/тәулікте)
сусыздану  2 ст.: 1 жасқа дейін – дене массасының 10% (75 мл/кг/тәулікте)
> 1 жас – дене массасының 6% (60 мл/кг/тәулікте)
сусыздану  3 ст.: 1 жасқа дейін – дене массасының 15% (100 мл/кг/тәулікте)
> 1 жас – дене массасының 10% (80 мл/кг/тәулікте)
Патологиялық жоғалтулар сұйықтығының есебі:
- безгекке жоғалтулар – 10 мл/кг/тәулікте әрбір Цельсия градусына 37 жоғары;
- тахипноэға жоғалтулар – 10 мл/кг/тәулікте әрбір 10 тыныс алу қимылдарына жас нормасынан жоғары;
- құсумен жоғалтулар – 10 мл/кг/тәулікте;
- диареямен жоғалтулар – 20 30 мл/кг/тәулікте.
 
Амбулаторлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу:
[1, 2, 3, 4]
Негізі дәрі-дәрмектердің тізімі:
Декстроза+Калий хлориді+Натрий хлориді+Натрий цитрат-құрама препарат. Ішке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындау үшін құрғақ заттекті шығарады – орамада 20 данадан қалталар. 1 қалтада натрий хлоридінің 3,5 г, натрий цитратының 2,9 г, калий хлоридінің 2,5 г, глюкозаның 10 г бар.
Фуразолидон - 0,05 г-нан дәрілер
Цефиксим - ішекті еритін қабықшалармен қапталған 200 мг-нан дәрілер, №10 ұнтақ дайындау үшін 26 г-нан. 50 мл (100 мг/5 мл) флакондарда пероральды қабылдауға арналған суспензия
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі:
Панкреатин - ішекте еритін қабықшалармен қапталған, минимикросфералары бар 150 мг, 300 мг-нан капсулалар
Бактериофагтер - А, В, С, Д, Е топтардың салмонеллезді бактериофагы қышқылға тұрақты жабыны бар дәрілер 0,1 г, А, В, С, Д, Е топтардың дезинтериялы бактериофагы қышқылға тұрақты жабыны бар дәрілер 0,1 г
Ацетаминофен - капсулалар, ішіне қабылдауға арналған ерітіндіні дайындау үшін көпіршікті ұнтақ [балаларға арналған], инфузияға арналған ерітіңді, ішіне қабылдауға арналған ерітіндіні [балаларға арналған], шәрбат, ректальды суппозитарилер, ректальды суппозитарийлер [балаларға арналған], ішіне қабылдауға арналған суспензия, суспензия
Ибупрофен - 100мг/5мл 100 г флакондарда пероральды қабылдауға арналған суспензия

Стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:

Негізі емдік дәрі-дәрмектердің тізімі:
Адреналин - 0,18 % 1 мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Азитромицин - 125 мг дәрі, 500 мг к/і арналған ұнтақ
Альбумин - 20 % 100 мл инфузияларға арналған ерітінді
Амикацин - ішіне қабылдауға арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 500мг
Ампициллин/сульбактам – к/і арналған ұнтақ 750 мг
Ацетаминофен - капсулалар, ішіне қабылдауға арналған ерітіндіні дайындау үшін көпіршікті ұнтақ [балаларға арналған], инфузияға арналған ерітіңді, ішіне қабылдауға арналған ерітіндіні [балаларға арналған], шәрбат, ректальды суппозитарийлер, ректальды суппозитарийлер [балаларға арналған], ішіне қабылдауға арналған суспензия, суспензия
Ибупрофен - 100мг/5мл 100 г флакондарда пероральды қабылдауға арналған суспензия
Апротинин-100000АтрЕ флакондарда инъекцияларға арналған ерітінді әзірлеу үшін ұнтақ
Бактериофагтер - А, В, С, Д, Е топтардың салмонеллезді бактериофагы қышқылға тұрақты жабыны бар дәрілер 0,1 г, А, В, С, Д, Е топтардың дезинтериялы бактериофагы қышқылға тұрақты жабыны бар дәрілер 0,1 г
Бензодиазепин-1000000ӘБ флакондарда күре тамырдың ішіне және бұлшық етке егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ
Гентамицин сульфаты - инъекцияларға арналған 4% 2 мл ерітінді №10
Гепарин-5000ӘБ/мл 5 мл флакондарда инъекцияларға арналған ерітінді
Гидрокортизон - 5 мл флакондарда инъекцияларға арналған микрокристалды суспензия
Дексаметозон 4 мг/мл 1 мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Декстроза - күре тамырдың ішіне егуге арналған ерітіндіні, инфузияларға арналған ерітінді
Дифенгидромин - 1% 1мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Допамин - 4% 5мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Дроперидол - 0,25% инъекцияларға арналған ерітінді
Дротоверин - 40% 2мл 2мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Гелофузин-майлы эмульсия
Кальция глюконат-10% 5 мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Saccharomyces boulardii Лиофизерленген ашытқы – оральды қабылдайтын суспензияны дайындау үшін лиофилизироватетілген ұнтақ 250 мг қалталарда
Лиофирленген өнімдер бактериялар-капсулалар
Маннит-15% 200 мл инъекцияларға арналған ерітінді
Натрий меглюмин сукцинаты-100, 200 және 400 мл-ден бөтелкелерде немесе 250 мен 500 мл-ден полимерлі контейнерлерде 1,5% инфузияларға арналған ерітінді
Меропенем - 1г флаконда ішіне егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизат
Натрий метамизолы - 50% 2мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Налидикс қышқылы - 500 мг флакондағы капсулалар
Натрий оксибаты - 20% 5 мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Натрий хлориді - 0,9% 200 мл флакондарда инфузияларға арналған ерітінді    
Неостигмин - ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Норфлоксацин – 1 дәрінің құрамына 0,4 г норфлоксацин
Панкреатин - ішекте еритін қабықшалармен қапталған, минимикросфералары бар 150 мг, 300 мг-нан капсулалар
Преднизолон 30 мг/мл 1 мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Стерофундин-майлы эмульсия
Цефтриаксон – 1000 мгг егуге арналған инъекция үшін ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ;
Цефотаксимом - 1000 мгг егуге арналған инъекция үшін ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ;
Цефепим - 1000 мгг егуге арналған инъекция үшін ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ;
Фуросемид - 1% 2 мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Фенобарбитал - 100 мг таблеткалар
Ибупрофен - 100мг/5мл 100 г флакондарда пероральды қабылдауға арналған суспензия
Сультамициллин - 2 гр инъекцияларға арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ
Глюкоза-5%, 10% 200 мл флакондарда инфузияларға арналған ерітінді
Норадреналин - күре тамыр ішіне егуге арналған ерітінді
Апротинин - 100000АтрЕ флакондарда инъекцияларға арналған ерітінді әзірлеу үшін ұнтақ
Магний сульфаты - 25% 5 мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Диазепам - күре тамырдың ішіне және бұлшықетке егуге арналған ерітінді, инъекцияларға арналған ерітінді

Қосымша емдік дәрі-дәрмектердің тізімі:
Жаңа мұздатылған плазма
Натрий тиопенталы - 1г флаконында күре тамырдың ішіне егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ
Эпинефрин/Норэпинефрин
Эритроцитарлы масса
Натрий метамизолы - 50%  ампулаларда 2мл ерітінді
Дротоверин - ампула, 2,5% ерітінді 2мл
Дифенгидромин - ампула, 1% ерітінді1мл
Папаверин гидрохлориды - 2% 2мл ампулаларда инъекцияларға арналған ерітінді
Дибазол - 1, 2 және 5 мл-дан ампулаларда 0,5 немесе 1% ерітінді
 
Жедел  шұғыл жәрдем көрсету кезіндегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
Шок кезінде:

     Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, оттегі беру.
     Веннозды кіру. Шеткі көктамырлардың катетерлеуін бастау.
Қарқынды инфузионды терапия 20 мл/кг бойынша ретті 3 сорғалап егу (кристаллоидтердің және коллоидтердің қатынасы 1:1), егер қажет болса, онда инфузияға геодинамикалық жауап негізінде, одан да көп. Егер бала өте арық болса, онда сұйықтықтардың көлемдері мен егілу жылдамдығы басқаша болу керек, сондықтан, балада тамақтанудың ауыр бұзылуы жоқ па, соны тексеріңіз.
Преднизолон – б/і немесе т/і бір ретті 2 мг/кг (шығару формасы – 1,0 мл – 30 мг-нан ампулалар);
38,5ºС жоғары безгек кезінде - ацетаминофен бір реттік мөлшерде массасы 10-15 мг/кг. Егер тері жамылғылары бозарған болса, папавериннің 2% ерітіндісі б/і 0,1-0,2 мл/өмір сүру жылы немесе дибазолдың 1% ерітіндісі б/і 0,1 мл/өмір сүру жылы және метамизол натрийдің 50% ерітіндісін белгілеу қажет: 1 жасқа дейінгі балаларға – 0,01 мл/кг, 1 жастан үлкен балаларға – 0,1 мл/өмір сүру жылы.
Құрысу синдромы кезінде: 1. ректальды немесе б/е бір реттік мөлшерде диазепамның 0,5% ерітіндісі массасы 0,1 мл/кг (0,5 мг/кг), бірақ 2,0 мл аса емес.
 
Емдеудің өзге түрлері:
амбулаториялық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері: жүргізілмейді.
стационарлық деңгейдегі емдеудің өзге түрлері:
-Асқазанды тазарту: несептің қанға сіңуін азайту мақсатымен жіті тамақтан улану/табиғи жаратылысты гастрит кезінде.
жедел  жәрдем көрсету кезеңіндегі дәрі-дәрмекті емдеу:
-Асқазанды тазарту: несептің қанға сіңуін азайту мақсатымен жіті тамақтан улану/табиғи жаратылысты гастрит кезінде.
 
Хирургиялық араласу (бұл жағдай негізгі болмаса, онда оның негіздемесін сипаттау қажет: белгілі бір кезең ішінде дәрі-дәрмекті емдеудің тиімсіздігі кезінде, емдеу тиімділігі негізгі индикаторларының оң динамикасы болмаған кезде және т. б.) жүргізілмейді.
амбулаториялық деңгейде хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
стационарлық деңгейде хирургиялық араласу: жүргізілмейді.

Әрі қарай жүргізу [4, 6, 17]
Дизентериядан және өзге жіті диареялық инфекциялардан кейін (сальмонеллезден басқа) реконвалесценттерді ауруханадан шығару толық клиникалық сауығудан соң жүргізіледі.
Дизентерияның және өзге жіті диареялық инфекциялардың (несептік және Proreus, Citrobacter, Enterobacter типті және т. б. шартты-патогенді қоздырушылардан болғандардан басқа) реконвалесценттерін бір ретті бактериологиялық тексеру ауруханадан шығарғаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде, бірақ антибиотикті терапия аяқталған соң екі күннен ерте емес, амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.
Диспансерлік бақылау бір айдың ішінде жүргізіледі, бір ай өткенде бір реттік бактериологиялық тексеру қажет.
Дәрігерге бару еселігі клиникалық көрсеткіштер бойынша анықталады.
Диспансерлік бақылау тұрғылықты мекенжайы бойынша ЖТД/педиатрмен немесе жұқпалы аурулар кабинетінің дәрігерімен жүзеге асырылады.
Аурудың қайталануы немесе зертханалық зерттеудің оң нәтижесі кезінде дизентериямен ауырған тұлғалар емдеуден қайта өтеді. Емдеу аяқталғаннан кейін, бұл тұлғалар үш айдың ішінде ай сайын зертханалық зерттеуден өтеді. Бактерия тасушылығы үш айдан аса жалғасатын тұлғалар дизентерияның созылмалы түрімен ауыратындар сияқты емделеді.
Созылмалы дизентериясы бар тұлғалар бір жыл ішінде диспансерлі қаралуда болады. Бұл тұлғаларға бактериологиялық тексеру мен дәрігер-инфекцианистің қарауы ай сайын жүргізіледі.
Сальмонеллездің реконвалесценттерін ауруханадан шығаруды толық клиникалық сауығудан және үлкен дәреттің бір реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін жүргізеді. Зерттеуді емдеу аяқталған соң үш күннен кешіктірмей жүргізеді.
Ауруға шалдығып шыққаннан кейін диспансерлік бақылауға тек қана декреттелген контингент тартылады.
Сальмонеллезбен ауырып шыққан тұлғаларға диспансерлік бақылауды жұқпалы аурулар кабинетінің дәрігері немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік (отбасылық) дәрігерлер жүзеге асырады.
Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонеллаларды бөлуді жалғастыратын балаларды емдеуші дәрігер мектепке дейінгі балалар мекемесіне барудан он бес күнге босатады, бұл кезеңде бір екі күн аралықпен үлкен дәреттің үш ретті зерттеуін жүргізеді. Қайталанған оң нәтиже кезінде босатудың және қараудың сол сияқты тәртібін тағы он бес күн ішінде қайталайды.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
-сулы-электролитті балансты қалпына келтіру;
-улану симптомдарын оқшаулау;
-гастроинтестинальды синдромын оқшаулау;
-дәретті нормалау;
-үлкен дәреттің теріс бактериологиялық талдауы (сальмонеллез кезінде).

Ауруханаға жатқызу

Госпитальдау үшін көрсетімдер: [3,4,5,6]Шұғыл госпитальдау үшін көрсетімдер:
Клиникалық көрсетімдердің болуы:
-ҚОБ болуы (5 жасқа дейінгі балалар үшін БЖАЫЖ бойынша):
--іше алмайды немесе емшек еме алмайды;
--әрбір тамақ ішкеннен немесе ішуден кейін құсық;
--ауырған сәтте түйілу;
--летаргия халінде немесе ессіз.
-ауырлығына тәуелсіз 0-ден 2 айға дейінгі балаларда аурудың барлық  нысандары;
-ауыр нысан, асқынулардың болуы (нейротоксикоз, ЖУЕ, гиповолемиялық  шоктың клиникасымен ауыр сорғыту);
-ауыр сусыздану;
-ұзаққа созылған диарея;
-амбулаториялық емдеудің тиімсіздігі, соның ішінде Б жоспары бойынша (сақталатын құсық, 38,5ºС тоқтаусыз қызба; сусыздану дәрежесінің үдеуі);
-ілеспелі патологиямен ауырланған аурудын түрлері;
-дизентерияның созылмалы түрлері (асқыну кезінде).
Эпидемиялогиялық көрсетімдердің болуы:
-науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті індетке қарсы тәртіпті сақтау мүмкінсіздігі (әлеуметтік-нашар отбасылар);
-медициналық ұйымдарда, мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде, сәбилер үйлерінде, шипажайларда, мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде, -жазғы сауықтыру ұйымдарында, демалыс үйлерінде ауыру оқиғалары.
 Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер: жүргізілмейді.

Алдын алуы

 
Профилактикалық іс-шаралар: [4, 6, 17]
-ерте анықтау және науқастарды және бактерия тасушыларды оңашалау;
-байланыс жасаушы тұлғаларды клиникалық-зертханалық тексеру;
-ошақты зарарсыздандыру;
-науқасты оңашалау жағдайында байланыс жасаушыларды 7 күн ішінде бақылау.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттердің тізімі 1. Лечение диареи. Учебное пособие для врачей и других категорий медработников старшего звена. Всемирная организация здравоохранения. 2006 г. 2. Оказание стационарной помощи детям. Руководство ВОЗ по ведению наиболее распространенных заболеваний в стационарах первичного уровня адаптированных к условиям Республики Казахстан. Г. С.1-36, 109-130. 3. Куттыкужанова Г.Г., Огай Е.А. Клиника и терапия острых кишечных инфекций. Алматы 2010. 4.Мазанкова Л.Н. Клинические рекомендации по лечению острых кишечных инфекций у детей // Материалы VIII конгресса детских инфекционистов России// г.Москва, декабрь 2009. М.2009. С.-15 5.Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 января 2012 года №33 «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-эпидемиологических (профилактических) мероприятий по предупреждению инфекционных заболеваний». 6.Ведение ребёнка с серьезной инфекцией и тяжелым нарушением питания. Руководство по уходу в стационарах первого уровня в Казахстане. ВОЗ, МЗ РК,2006 год. 7.Интегрированное Ведение Болезней детского возраста. Всемирная организация здравоохранения. Отдел Здоровья Ребёнка и Развития. Казахстан. ЮНИСЕФ,2013 год. 8.Mavromichakis J., Evans N., McNeish A. et al. Intestinal damage in rotavirus andadenovirus gastroenteritis assessed by D-xylose malabsorption. Arch Dis Child.1977; 52:589-591. 9. World Gastroenterology Organisation (WGO). World Gastroenterology Organisation global guidelines: acute diarrhea in adults and children: a global perspective. Milwaukee (WI): World Gastroenterology Organisation (WGO);2012 Feb. 24 p. 10.Practice Guidelines for the Management of Infectious Diarrhea According tothe guidelines of Infectious Diseases Society of America (R.L. Guerrant,T.V. Gilder, T.S. Steiner, N.M. Thielman, L. Slutsker, R.V. Tauxe,T. Hennessy, P.M. Griffin, H. DuPont, R. Bradley Sack, P. Tarr, M. Neill,1.Nachamkin, L. Barth Reller, M.T. Osterholm, M.L. Bennish, L.K. Pickering.Practice guidelines for the management of infectious diarrhea. Clin Infect Dis 2001; 32:331-50.) l l.National Collaborating Centre for Women's and Children's Health. Diarrhoea and vomiting in children. Diarrhoea and vomiting caused by gastroenteritis:diagnosis, assessment and management in children younger than 5 years.London (UK): National Institute for Health and Clinical Excellence (NICE);2009 Apr 12.Михельсон В.А. Детская анестезиология и реаниматология. 2001

Ақпарат

Хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
1. Кұттықожанова Г. Г. - м.ғ.д., профессор, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚАЗ ҰМУ «Балалардың жұқпалы аурулары» кафердрасының меңгерушісі.
2. Баешева Д. А. - м.ғ.д., «Астана медицина университеті» АҚ «Балалардың жұқпалы аурулары» кафердрасының меңгерушісі.
3. Эфендиев И. М. оглы - м.ғ.к., доцент, Семей қ., ММУ «Балалардың жұқпалы аурулары мен фтизиатрия» кафердрасының меңгерушісі.
4. Күзгібаева С. Б. - жоғары санатты дәрігер, Астана қ. әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК ауруларды қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.
5. Бақыбаев Д. Е. - «Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ дәрігері – клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы - м.ғ.д., «ҚарММУ» ШЖҚ РМК клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры, жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх