Балалардың созылмалы холециститі

H-P-024

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый холецистит с хроническим холециститом (K81.2)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы 

Созылмалы холецистит - бұл өт қабы қабырғаларының біртіндеп склероздануы (беріштенуі) мен деформациялануымен (пішінінің өзгеруімен) бірге қабынулық созылмалы зақымдалуы.
 
Хаттама коды: H-P-024 "Балалардың созылмалы холециститі"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K81 Холецистит
K81.1 Созылмалы холецистит
K83.0 Холангит
K91.5 Холецистэктомиядан кейінгі синдром

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
1. Ағымы бойынша: жіті, созылмалы, қайталанатын (рецидивтелетін).
2. Қабыну сипаты бойынша: катаралды, флегманозды, гангренозды.
3. Ауру фазасы бойынша: өршу, толық емес оңалу, оңалу.

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез: оң жақтағы жоғары квадратта батып, ұстама тəрізді ауыру сезімі (əсіресе, майлы, қуырылған тамақтан соң) диспепсиялық бұзылыстармен үйлеседі.

Физикалық тексеру: оң «үрлену» белгілері, уыттану, қызба.

Лабораторлық зерттеулер:
1. ҚЖА: аздаған лейкоцитоз, таяқша ядролы лейкоциттердің артуымен лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы, ЭТЖ жоғарылауы.
2. ҚБА: сиал қышқылы, серомукоид, фибрин, α2-глобулиндер құрамының артуы, жиі рецидив беретін ағым кезінде γ-глобулиндер деңгейі артуы мүмкін.

Инструменталдық зерттеулер: УДЗ-де - өт қуығының 2 мм-ден көп тығыздалуы мен қалыңдауы, көлемінің норма жоғарғы шегінің 5 мм2-ден көп ұлғаюы, паравизикалды эхонегативтіліктің болуы, сладж-синдромы (Өт қабы қабынуының Халықаралық критерийлері, Вена, 1998).

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
2. Жалпы қан анализі (6 параметр). 
3. Жалпы зəр анализі.
4. АСТ анықтау.
5. АЛТ анықтау.
6. Билирубинді анықтау.
7. Нəжісті копрологияға зерттеу.
8. Отоларинголог кеңесі.
9. Стоматолог кеңесі.
10. Дуоденалды зондтау.
11. Өттің бактериологиялық анализі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Эзофагогастродуоденоскопия.
2. Холецистохолангиография.
3. Диастазды анықтау.
4. Сілтілік фосфотазаны анықтау.
5. Холестеринді анықтау.
6. Холангиопанкреатография (компьютерлік, магниттік-резонансты томография). 
7. Ретроградты холангиопанкреатография.
8. Электрокардиография.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Ауру өршуін басу.
2. Моторлық бұзылыстарды түзету.
3. Ауру сезімі мен диспепсия синдромдарын тоқтату.

Дəрі-дəрмексіз ем: диетамен емдеу.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Қабынуға қарсы терапия.
2. Метаболизмдік терапия.
3. Моторлық бұзылыстарды түзету.
4. Өт айдау терапиясы.

Емдеу міндеттері:
- өт қабында жұқпаны жою;
- билиарлы жүйеде сфинктер қызметін қалыпқа келтіру;
- өттің литогендігін азайту.

Өттің инфицирленуін жою үшін өт қабында емдеулік концентрацияларда жиналатын энтеропатиялық айналымға қатысатын кең спектрлі антибактериалды дəрі-дəрмектер қолданылады.

Таңдалатын дəрі-дəрмектер - котримаксазол* 240-480 мг тəулігіне 2 рет. Сондай-ақ, ципрофлоксацинді* ішуге 250-500 мг тəулігіне 2 рет, ампициллин тригидраты* 250-500 мг тəулігіне 2 рет, эритромицин* 200-400 мг/тəу. əр 6 сағат сайын, фуразолидон* 10 мг/кг/тəу. 3 рет қабыладуға немесе метронидазол* 125-500 мг/тəу. 2-3 рет қабылдауға. Лямблиоз анықталғанда соңғы екі дəрі-дəрмектің тағайындалуы орынды. Антибактериалды дəрі-дəрмекпен емдеу орта есеппен 8-10 күн бойы жүргізіледі. Алайда, өтен бөлініп шыққан микрофлора мен оның сезімталдығын есепке алғанда, емдеу ұзақтығы ұзартылады немесе өзгертіледі. Ұзақ мерзімді, көп мөлшерде антибактерилды ем кезінде микоздың алдын алу мен емдеу үшін итраконазол ішуге арналған ертінді 5 мг\кг\күніне есебінен, 5 жастан жоғары балаларға.

Симптоматикалық дəрі-дəрмектік ем көрсетілім бойынша қолданылады:
1. Өт шығару жолдарының қозғалыстық қызметін қалыпқа келтіру үшін прокинетиктер-домперидон 0,25-1,0 мг/кг күніне 3-4 рет, тамақтануға дейін 20-30 мин. бұрын, 3 аптаға созылған емдік курсы ұсынылады.

2. Өт айдайтын - силимарин фумаринмен* 1-2 капсуладан күніне 3 рет, немесе магний сульфаты*, емделу курсы 3 аптадан кем емес, химиялық холеретиктер - оксифенамид (немесе холерез бен холекинезді күшейтетін басқа дəрі-дəрмектер), емделу курсы 3 аптадан кем емес. Өттің литогендігін төмендету, өттің пайда болуы мен шығарылуын ынталандыру үшін содезоксихолий қышқылын* 10 мг/кг салмағына есебінен күніне 1 рет түнге, ұйықтар алдында 14-20 күн бойы қаюбылдау тағайындалады.

3. Ұйқыбезінің эксекреторлы жеткіліксіздігінде панкреатин* 10 000 Бірл., липазаны күніне 3 реттен тамақтану кезінде 2 апта бойы қабылдау тағайындалады.

4. Алгелдрат+Магний гидроксиді*, (немесе басқа сіңірілмейтін антацидті дəрі-дəрмек) бір дозадан тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан соң қабылданады.

Науқастар диспансерлік бақылауды, сонымен бірге, жұқпаның созылмалы ошақтарын санациялауды қажет етеді, себебі, науқастың 40% созылмалы тонзиллитпен, ішек құрттық инвазиямен, лямблиозбен сырқаттанады.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ампициллин тригидраты 250 мг табл.; 250 мг, 500 мг капсула; 500 мг, 1000 мг инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ; 125/5 мл флаконда суспензия
2. *Эритромицин 250 мг, 500 мг табл.; 250 мг/5 мл пероралды суспензия
3. *Фуразолидон 0,5 мг
4. *Орнидазол 250 мг, 500 мг табл.
5. *Метронидазол 250 мг табл.; 0,5 флаконда, 100 мл инфузияларға арналған ертінді
6. *Итраконазол оралды ертінді 150 мл-10 мг\мл
7. *Домперидон 10 мг табл.
8. *Фумарин, капс.
9. *Магний сульфаты 25% 20 мл амп.
10. *Панкреатин 4500 ЕД капс.
11. Алгелдрат+магний гидроксиді 15 мл
12. *Пирантел 250 мг табл.; 125 мг пероралды суспензия
13. Ко-тримаксазол 240, 480 мг табл.
14. *Мебендазол, 100 мг шайналатын табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Оксифенамид 250 табл.
2. *Ципрофлоксацин250 мг, 500 мг табл.; 200 мг/100 мл флаконда, инфузияларға арналған ертінді
3. *Урсодезоксихолий қышқылы 250 мг, капс.
4. Селимарин капс.

Ем тиімділігінің индикаторлары: аурудың өршуін басу, ауру сезімі мен диспепсиялық синдромдарды тоқтату.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- айқын ауру сезімі мен диспепсия;
- аурудың жиі қайталануылары (жылына 3 реттен артық).

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті зерттеулер көлемі:
1. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
2. Жалпы қан анализі.
3. АЛТ, АСТ, билирубин.
4. Копрограмма, энтеробиозға қырынды тапсыру.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1 Клинические рекомендации основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред И.Н.Денисова, В.И.Кулакова, Р.М.Хаитова. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001. – 1248 с.:ил. 2. Клинические рекомендации+фармакологический справочник: Под ред И.Н.Денисова, Ю.Л. Шевченко – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 1184 с.:ил. (серия «Доказательная Медицина») 3. Society of Nuclear Medicine Procedure Guideline for Hepatobiliary Scintigraphyversion 3.0, approved June 23, 2001SOCIETY OF NUCLEAR MEDICINE PROCEDURE GUIDELINES MANUAL MARCH 2003 4. EVIDENCE-BASED CLINICAL PRACTICE GUIDELINES ON THE DIAGNOSIS AND TREATMENT OF CHOLECYSTITIS Domingo S. Bongala, Jr., MD, FPCS, Committee on Surgical Infections, Philippine College of Surgeons, Epifanio de los Santos Avenue, Quezon City, Philippines

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: Шарипова М.Н., ҚР ДСМ Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх