Жүктіліктен болған ісіну мен гипертензиясыз протеинурия

P-O-021

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Вызванные беременностью отеки с протеинурией (O12.2)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:
Ісіну - сұйықтың генерализацияланған жиналуы, ол 12 сағаттық төсектен 
тұрмау тəртібінен кейін де болады немесе аптасына 2,2 кг-нан көбірек салмақ қосумен анықталады.


Хаттама коды: P-O-021 "Жүктіліктен болған ісіну мен гипертензиясыз протеинурия"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
О12     Жүктіліктен болған ісіну мен гипертензиясыз протеинурия.
О12.0. Жүктіліктен болған ісіну.
О12.1. Жүктіліктен болған протеинурия.
О12.2. Жүктіліктен болған протеинуриялы ісіну.

Жіктемесі


Жіктемесі:  жоқ.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
Тамақтану тəртібі мен сипатының бұзылуы, шылым шегу. Протеинурия (тəулігіне 300 мг/л-ден жоғары) мен артериальдық гипертензия болмаған кездегі жүкті əйелдердің 80 ℅ -нда ісіну оқиғасы физиологиялық сипатта болады.

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер:
- Аяқ-қолдың жəне беттің ісінуі немесе ісіктің жайылып кетуі;
- Тəулігіне 0,3 г/л-ден көбірек протеинурияның болуы немесе оның жоқтығы;
- АҚ қалыпты көрсеткіштері;

Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар:  Аяқ-қол, бет ісінуі.
Анамнез:  Ісінудің ұзақтығы.
 
Физикалық тексеру:
- Жалпы жағдай (күй);
- АҚ;
- Тамыр соғысы;
- Диурез (зəрдің пайда болуы, шығуы);
- «Сақина» симптомы;
- Акушерлік қарау.

Инструменталдық зерттеу:
- 20-22, 30-34 апта мерзіміндегі ұрыққа УДЗ.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
– терапевт пен неврологтың консультациясы.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі;
2. Гематокрит, концентрация, тромбоциттердің мөлшері;
3. Бактериялардың несіппен шығуын əйгілеуге арналған зəр скринингі;
4. Қан сарысуындағы креатининнің, мочевинаның концентрациясы;
5. Коагулограмма;
6. 20-22, 30-34 апта мерзіміндегі ұрықтың УДЗ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Сарысулық трансаминаз бен альбуминның концентрациясы;
2. Зəрдің бактериологиялық себілуі.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеу:
- Қанның жалпы анализі;
- Гематокрит, концентрация, тромбоциттердің мөлшері;
- Бактериялардың несіппен шығуын əйгілеуге арналған зəр скринингі;
- Қан сарысуындағы креатининнің, мочевинаның концентрациясы;
- Коагулограмма;
- Сарысулық трансаминаз бен альбуминаның концентрациясы (көрсетімдер бойынша);
- Зəрдің бактериологиялық себілуі (көрсетімдер бойынша).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диазгноз:
Протеинуриялы ісінуді преэклампсиямен, веналық бұзылумен дифференциациялайды.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы:
1. Емдеу-қорғау тəртібі.
2. Дезагреганттық терапия.
Көрсетімдер бойынша - Төмен мелекулярлы декстрандарға тамырішілік дəрі жіберу (инфузия)

Ем мақсаты: протеинурлар мен ісініулердің болмауы.

Дəрі-дəрмексіз ем [5,16]:
1. Емдеу-қорғау тəртібі.
2. Фитотерапия.
3. Оксигенотерапия.

 Дəрі-дəрмектік ем:
- Витаминотерапия (аскорбинацид, витамин Е, поливитаминдер) (А) [4,6,10,11];
- Калий дəрі-дəрмектері (оротик ацид, калилі жəне магнилі аспарагинат) (В)[6,14];
- Қанның реологиясын жақсартатын дəрі-дəрмектер (дипиридамол) (А) [4,6,10,11];
- Спазмолитиктер (аминофиллин, паверин гидрохлорид, дротаверин) (А) [4, 5, 6, 10, 11].

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Аскорбин ацид.
2. Витамин Е.
3. Поливитаминдер.
4. Оротик ацид.
5. Калилі жəне магнилі аспарагинат.
6. Дипиридамол.
7. Аминофиллин.
8. Папаверин гидрохлорид.
9. Дротаверин.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- Зəр анализінің қалыпқа келуі;
-  Клиникалық көріністі жою.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: Жоспарланған ауруханаға жатқызу - айқын көрінген протеинурия мен преэклампсия симптомдары біріккен кезде.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика:
- Теңгерілген (сбалансированное) тамақтану;
- Жүктіліктің екінші жартысында сол жақ қырымен жату.

Профилактикалық шаралар (күшейтілген жəне күрделендірілген профилапктика):
- Фитотераия;
- Витаминотерапия;
- Емдік денешынықтыру;
- Еңбек пен демалу тəртібін қалыпқа келтіру.
 
Әрі қарай жүргізу,  диспансерлеу принциптері:
- Диспансерлік есепке қою;
- Жүктіліктің соңына дейін 10 күн сайын зəрге талдау жасау;
- Неврологтың консультациясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Davison J. M., Dunlop W. Renal hemodynamics and tubular function in normal human pregnancy. Kidney Int. 18:152, 1980. 2. Sims E. A. H., Krantz K. E. Serial studies of renal function during pregnancy and the puerperium in normal women. J. Clin. Invest. 37:1764, 1958. 3. First M. R., Pollack V. E. Pregnancy and Renal Disease. In R. W. Schrier, C. W. Gottschalk (eds.), Diseases of the Kidney. Boston: Little, Brown, 1988. 4. Lim V. S., Katz A. I., Lindheimer M. D. Acid-base regulation in pregnancy. Am. J. Physiol. 231(6):1764, 1976. 5. Clapp J. F., III et al. Maternal physiologic adaptations to early human pregnancy. Am. J. Obstet. Gynecol. 159:1456, 1988. 6. Brown M. A. et al. Sodium excretion in normal and hypertensive pregnancy: A prospective study. Am. J. Obstet. Gynecol. 159:297, 1988. 7. Lenke R. R., VanDorsten J. P., Schifrin B. S. Pyelonephritis in pregnancy: A prospective randomized trial to prevent recurrent disease evaluating suppressive therapy with nitrofurantoin and close surveillance. Am. J. Obstet. Gynecol. 146:953, 1983. 8. Whalley P. J., Cunningham F. G., Martin F. G. Transient renal dysfunction associated with acute pyelonephritis of pregnancy. Obstet. Gynecol. 46(2):174, 1975. 9. Hayslett J. P. Interaction of renal disease and pregnancy. Kidney Int. 25:579, 1984. 10. Fisher K. A. et al. Nephrotic proteinuria with preeclampsia. Am. J. Obstet. Gynecol. 129:643, 1977. 11. Barcelo P. et al. Successful pregnancy in primary glomerular disease. Kidney Int. 30:914, 1986. 12. Hou S. H., Grossman S. D., Madias N. E. Pregnancy in women with renal disease and moderate renal insufficiency. Am. J. Med. 78:185, 1985. 13. Bobrie G. et al. Pregnancy in lupus nephritis and related disorders. Am. J. Kidney Dis. 9(4):339, 1987. 14. Fine L. G. et al. Systemic lupus erythematosus in pregnancy. Ann. Intern. Med. 94:667, 1981. 15. Uhle B. U., Long P., Oats J. Early onset preeclampsia: Recognition of underlying renal disease. Br. Med. J. 294:79, 1987. 16. Grunfeld J. P., Ganeval D., Bournerias F. Acute renal failure in pregnancy. Kidney Int. 18:179, 1980. 17. Pockros P. J., Peters R. L., Reynolds T. B. Idiopathic fatty liver of pregnancy: findings in ten cases. Medicine (Baltimore) 63(l):l, 1984. 18. Lindheimer M. D. et al. Acute Renal Failure in Pregnancy. In B. M. Brenner, J. M. Lazarus (eds.). Acute Renal Failure (2nd ed.). New York: Churchill-Livingstone, 1988. 19. Davison J. M. The effect of pregnancy on kidney function in renal allograft recipients. Kidney Int. 27:74, 1985.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Төлебаева Л.Р. – «Қостанай қалалық босану үйі» МКҚК бас дəрігерінің орынбасары. 
Жұмагалиева А.К. – «Қостанай қалалық босану үйі» МКҚК дəрігер акушер-гинекологы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх