Балалардағы митральді қақпақшаның бейревматикалық зақымдануы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Неревматическое поражение митрального клапана неуточненное (I34.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен бекітілген

Митральды қақпақшаның ревматикалық емес зақымдануы - митральды қақпақшаның ревматизмнен басқа, өзге  этиологиялы зақымдануы.
Митральды тарылу – сол жүрекше систоласы кезінде қанның физиологиялық ағыммен сол жақ қарыншаға өтуіндегі сол жүрекше – қарыншалық тесіктің  тарылуы.
Митральды жеткіліксіздік – сол жақ жүрекше–қарыншалық  қақпақшаның  әлсіздігінен систола кезінде сол жақ қарыншадан қанның  сол жақ жүрекшеге қарай кері бағытқа өтуіне кедергі жасауға қабілетсіздігі [4,5,6,7,8].
Екі жасқа дейінгі балаларда митральды стеноздың клиникалық көріністері анықталса, туа біткен ақауды  білдіреді.

Хаттама атауы: Балалардағы митральді қақпақшаның  бейревматикалық зақымдануы
 
Хаттама коды
 
ХАЖ -10 коды (тар)
І34.0 Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі
І34.2 Митральді қақпақшаның бейревматикалық  стенозы
І34.8 Митральды қақпақшаның басқа бейревматикалық зақымдануы
І34.9 Митральды қақпақшаның анықталмаған бейревматикалық  зақымдану
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
АҚ - артериялық қысым
АЛТ - аланинаминотрансфераза
АСТ-аспартатаминотрансфера
ААФ - ангиотензинайналдырушы фермент
БІТУ - белсендірілген ішінара тромбинді уақыт
АИВ - адамның иммун тапшылық вирусы
ИФТ - иммуноферментативті талдау
КФК - креатинфосфокиназа
ЛДГ - лактатдегидрогеназа
ХҚҚ - халықаралық қалыптандырылған қатынас
ЖАҚ - жүрекше аралық қалқа
СЕҚҚП - стероидты емес қабынуға қарсы препаттар
МҚРЕЗ – митральды қақпақшаның ревматикалық емес зақымдануы
ЖҚТ – жалпы қан талдау
ЖНТ - жалпы несеп талдау
ЖРҚ - жедел ревматикалық қызба
ПУ - протромбинді уақыт
МҚП - митральді қақпақшаның пролапсы
ПТИ - протромбинді индекс
ЕФМЖ – еритін фибромономерлі  жиынтық
ЭШЖ - эритроциттің шөгу жылдамдығы
СРА - С – реактивті ақуыз
СТӘС - синусты түйіннің  әлсіреу синдромы
ТУ - тромбинді уақыт
УДДГ - ультрадыбысты допплерография
УДЗ - ультрадыбысты зерттеу
ЖЖЖ - жүректің жиырылу жиілігі
ЭКГ - электрокардиография
ЭхоКГ - эхокардиография
 
Хаттаманы  дайындау күні    - 2014 жыл
 
Пациенттердің санаты  -  митральді қақпақшасы зақымданған балалар
 
Хаттаманы пайдаланушылар – балалар кардиологтары, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері, фельдшерлер.

Жіктемесі


Балалардағы митральды қақпақшаның зақымдануының клиникалық  жіктелуі [6]:
- Митральды жеткіліксіздік
- Митральды тарылу
- Құрамдасқан митральды жеткіліксіздідігі және тарылуы

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейдегі негізгі диагностикалық тексерулер:
- Жалпы қан талдау
- ЭКГ
- ЭхоКГ
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық  тексерулер:
- ЭКГ  Холтерлік  мониторингі
·                         
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі :
- ЖҚТ ( 6 параметрде)
- ЭКГ
 
Стационарлық  деңгейде жүргізілетін  негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер
 (шұғыл госпитальдаудағы амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген  диагностикалық тексерулер  жүргізіледі):
- ЖҚТ
- ЖНТ
- Биохимиялық қан талдау (калий,  натрий , билирубин,   несепнәр, АЛТ, АСТ,  тимолды сынама, жалпы ақуыз, ақуызды фракция, креатинин, СРБ, АСЛО  анықтау);
- ИФТ– әдісі арқылы  қан сарысуындағы  р24 АИТВ антигенін  анықтау
- Өңешті контрастілеу арқылы жүрек рентгенографиясы
- ЭКГ
- Допплерлік  тексерумен  ЭхоКГ
- Іш  қуысы ағзаларының УДЗ  
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық  тексерулер: (шұғыл госпитальдаудағы амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген  диагностикалық тексерулер  жүргізіледі):
 
·     коагулограмма (ПВ-ПТИ-МНО, РФМК, АЧТВ, ТВ, фибриноген);
·     қан тромбоциттерінің адгезия және агрегация реакцияларын өткізу;
·     В және С гепатиттеріне ИФА маркерелерін жүргізу;
·     өңеш арқылы ЭхоКГ;
·      ЭКГ Холтерлік мониторингі;
·       мойын  қантамырларының УЗДГ;
·      стресс – эхокардиография ;
·      велоэргометрия;
·      кардиоинтервалография ;
·      Электроэнцефалография;
·      аңқа жұғындысынан бактериологиялық  зерттеу;
·      микробқа қарсы препараттардың бөлінген қсірінділер сезімталдығын анықтау.


Жедел жәрдем кезінде жүргізілетін  диагностикалық шаралар:
·                         АҚ өлшеу;
·                         ЭКГ
 
Диагностикалық критерийлер
 
Шағымдар және анамнез:

Шағымдары:
Митральды қақпақша жеткіліксіздігін  (ревматикалық емес ) науқастар жақсы көтереді және көп жылдар бойы симптомсыз өтуі мүмкін. Жарақат салдарынан кенеттен  болған митральды қақпақша жеткіліксіздігі, қақпақша астылық аппарат  зақымдануы  болса, клиникалық симптомы  жедел өкпе ісінуі арқылы анықталынады [1]:
- ентікпе ;
- жүрек  ентікпесінің ұстамалары;
- қақырықпен жөтел,  көбіне қан ұйындыларымен;
алғашқы тарылу қалыптасуында  шағымдары және ақау  көріністері  болмайды.
Туа  біткен митральды тарылуда:
- респираторлы дистресс-синдром, жиі өкпе аурулары, тахипті (жаңа туылған  нәрестелерде) ;
- физикалық күштемеге,  ентікпеге, жүрек соғуына  толеранттылықтың төмендеуі;
- цианоз, оң қарыншалық жеткіліксіздік  бауыр  ұлғаюы арқылы көрінеді, ісінулер;

Анамнез:
- жүктіліктің  қатерлі  ағымы;
- ерте жаста шағымдарының  пайда болуы;
- тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің болуы.
 
Физикалық қарау [1,7,8]:
митральды қақпақша жеткізіліксіздік кезінде:
- төстен солға қарай  жүректік бүкір;
- күшейген және  жайылған  жүрек ұшы түрткісі;
- жүрек шекарасы солға және жоғары кеңейген;
І тонның әлсіреуі не болмауы, өкпе артерия үстінде ІІ тон акценті, жүрек қуысында қосымша ІІІ тон  болуы,  жүрек ұшында естілетін систолалық шудың интенсивтілігі әртүрлі -  жұмсақ, үрлеуші немесе жүректің ұшында максимальды естілу нүктесімен өрескел.  

Митральды қақпақша тарылуы кезінде:
- перифериялық пульсацияның азаюы;
- систолиялық  АҚ төмендеуі ;
- жүрек ұшы түрткісінің әлсіреуі;
- жүрек ұшында пресистолиялық діріл;
- жүрек шекарасы жоғары және оңға  кеңейген ;
- жүрек ұшында шапалақты   І тон;
- жүрек ұшында  пресистолалық акцентпен максимальды  естілетін диастолалық шу;
- өкпе артерия үстінде  ІІ тон акцентінің   екі еселенуі, жүректің ІІІ және ІV  тондарының пайда болуы.

Зертханалық тексерулер:
·                        ЖҚТ: анемия;
·                        қанның биохимиялық талдау: СРБ, КФК, ЛДГ  жоғарылауы, диспротеинемия  (альбуминнің төмендеуінен) ;
·                        коагулограмма:  тромбоциттер агрегациясының бұзылуы.
Аспаптық зерттеулер [8,10]:

Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуі:
 
Митральды қақпақша жеткіліксіздігі кезінде:
·                         кіші қанайналым  шеңберінде  қанның  іркілу белгілері ;
·                        жүрек көлеңкесінің солға қарай, ал кешірек кезеңінде  оңға қарай  ұлғаюы       

Митральды қақпақша тарылуы кезінде:
·                        кіші қанайналым  шеңберінде  қанның  іркілу белгілері;
·                        жүрек көлеңкесінің   сол жүрекше және оң қарыншаға байланысты ұлғаюы;
·                        өкпе артериясы доғасының  ісінуі.
 
ЭКГ:
Митральды қақпақша жеткіліксіздігі кезінде:
·                         сол жүрекше мен қарынша гипертрофиясының әлсіз белгілері,  ал кейін оң қарынша;
·                         жүрек  ырғағының әртүрлі бұзылыстары, әсіресе  жүрекше фибриляциясы, экстросистолия
 
Митралды қақпақша тарылуы кезінде
·                         Р тісшесінің өзгеруі – үлкейген, кеңейген, кейін оның  І, ІІ және  а VL жалғамадырында  екі еселенуі, V1, V2 тіркемелерінде екі фазалы;
·                        оң қарыншаның  гипертрофия белгілері, жүрек электро осінің  оңға жылжуы
·                        реполяризация  үдерісінің бұзылысы.
 
Эхо КГ :
Митралды қақпақша жеткіліксіздігі кезінде :
·                         митралды қақпақша жармаларының өзгеруі,  қақпақша асты  аппаратының өзгеруі ;
·                         сол жүрекше мен қарынша қуысының кеңеюі;
·                        әртүрлі дәрежелі митральды қақпақшада  регургитация белгілерінің болуы          
 
Митралды тарылу кезінеде:
·                        оң қарынша мен  сол жүрекшенің кеңеюі,  сол қарынша қуысының  азаюы;
·                        митральды қақпақшаның  эхотығыздығы қалыңдаған, үлкейген,  алдыңғы жармалар қозғалысының амплитудасы төмендеген, екі жарманың да қозғалысы бір бағытта;
·                        диастолиялық ағымның максимальды жылдамдығы 1,3 м/с жоғары.
 
Мамандар кеңесіне көрсетулер:
·                        оториноларингологтың кеңесі – созылмалы инфекция ошақтарын табу және оларды санациялау мақсатында;
·                        кардиохирургтың кеңесі – жүрек жеткіліксіздігі дамуы кезінде митралды қақпақшаның зақымдалуын кардиохирургиялық  түзету жүргізу;
·                        невропатологтың кеңесі – неврологиялық  симптоматика анықталуы кезінде;
·                        психиатрдың кеңесі – психосоматикалық  симптоматика анықталуы кезінде;
·                        стоматологтың кеңесі - созылмалы инфекция ошақтарын табу және оларды санациялау мақсатында.

Дифференциалды диагноз


Аурудың аталуы Ажырату белгілері
Инфекциялық эндокардит -        стафилококк, грамм-теріс микроағзалар, жасылданатын стрептококктың басым болуы;
-        тек СЕҚҚП   тағайындағанда қызбалық синдром толық басылмайды;
-         өршитін әлсіздік, анорексия, дене салмағының тез азаюы тән;
-        жүрек қақпақшаларының тез өршитін  деструктивті өзгерістері және  іркілулік қанайналым жеткіліксіздік симптомдары;
-        ЭхоКГ кезінде жүрек қақапақшаларының вегетациясы;
-        позитивті гемоөсірінді
ЖАҚ оқшауланған аневризмасы -      дәнекер тін элементтерінің әлсіздігіне байланысты   көбіне сопақша терезе  аймағында орналасады;
-      ЖАҚ  ақауының кездейсоқ   жабылуынан кейінгі  дәнекер тіннің тұқымқуалаушылық дисплазиясы кезінде  пайда болады,  не  туа біткен ақау болып табылылады ;
-      әдетте  аневризмалық шығыңқылар кішкене,  гемодинамикалық өзгерістермен жүрмейді және хирургиялық отаны  қажет етпейді
-      ЭхоКГ  арқылы   жүректе дыбыстық өзгерістерді анықтауға болады:  сопақша терезе аймағында  оң жүрекшеге қарай ЖАҚ шығыңқы болуынан  аневризма анықталады;
-      жүректе шертпелердің болуынан клиникалық аневризмаға  күдіктенуге болады,  МҚП  кезіндегіге  ұқсайды. Аневризма мен пролапс  бірігуі болуы мүмкін;
-      ЖАҚ  аневризмасы бар  балалар  қарынша үстілік тахиаритмияның , СТӘС  дамуына бейім
ЖРҚ (жоғары жастағы балалар) -        кардит;
-        артрит;
-        хорея;
-        сақина тәрізді эритема ;
-        ревматикалық түйіндер ;
-        қызба;
-        артралгия;
-        абдоминальды синдром;
-        серозиттер;
-         зертханалық: жоғарылаған жіті фазалық  ЭТЖ және СРБ ректанттары;
-        ЭКГ  Р-Q  аралығының ұзаруы ;
-        алдында болған  А- стрептококк инфекциясын растайтын деректер
 Жүректің вегетативті дисфункциямен шартталған аритмиялар,  басқа да өзгерістерінің болмауы.     экстросистолиялардың, пароксизмальды  тахикардияның, қайтымды суправентикулярлы  тахикардияның экстрокардиальды генезі пайдасына мына мәліметтер бар:
-         анамнез  (патологиялық жүктіліктен және босанудан туылған балалар );
-        созылмалы инфекция ошақтары және  олардың  өршуі кезінде күшеюі;
-         гипертензивті – гидроцефальді синдром;
-        вегетативті тамырлы  дистония симптомдары;
-        экстрасистолалар  кезеңімен жоғалады,  тұрғанда және физикалық жүктеме кезінде олардың мөлшері азаяды;
-         Функциялық кардиопатия ЭКГ да  ST-T  түрінде  көрінеді, І дәрежелі  АВ – блокаданы дәрілік сынамамен  ажыратуға болады (калий обзиданды және атропинді );
 Сол жүрекше миксомасы -        жүйелі ауруларға күдік тудыратын көріністер: дене салмағының төмендеуі, қызба , жүйелі эмболия , ЭТЖ жоғарылауы , сарысулы γ-глобулин  шоғырлануының жоғарылауы;
-        сол жүрекшелік қарыншалық қақпақша ашылу шертпесі естілмейді, қолқа қақпақшасының қосалқы зақымдану белгілері болмайды;
-        дене қалпының өзгеруі  кезінде аускультативті симптоматика  жиі өзгереді;
-        ЭхоКГ да сол жүрекшенің эхо-контрастілі түзілісі , ангиографияда  бөліктік толу ақауы көрінеді.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты :
·    Нейровегетативті , психосоматикалық  бұзылыстарды түзету;
·    Асқыну  профилактикасы (миокард нейродистрофиясы, инфекциялы эндокардит).
Емдік шаралар қанайналым жеткіліксіздігінің, қақпақша зақымдану  асқынулардың дамуына, қабыну процесінің дәрежесіне байланысты.
 
Емдеу тәсілі

Дәрі-дәрмексіз емдеу  
· Тәртіп :
Тәртіп 1- төсектік;
Тәртіп 2- жартылай төсектік;
Тәртіп 3- жалпы;
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу  
Кардиометаболиялық препараттар:
·карнитин хлориды 50-75 мг тәулігіне 30 күн;
• калий оротаты 10-20 мг/кг/тәулігіне, 20 күн 3 реттік қабылдаумен;
• магний оротаты 1 табл. күніне 3 реттен 30 күн;
Бір мезетте екі препараттан асырмай  кардиометаболитикалық преапараттарды алмастырып тағайындайды.

Бактерияға қарсы терапия (көрсетім бойынша):
• амоксициллин 0,125-0,5 г  10 күн 3 реттен;
• амоксициллин/клавуланат 1,875 г  10 күн 3 реттен;
• эритромицин 0,4-1,0 г тәулігіне  10 күн  4 реттен;
• азитромицин10 мг/кг  күніне 1 рет, 3 күндік курспен;
• спирамицин 1,5-9,0 млн. МЕ  тәулігіне  10 күн;
• рокситромицин 5 мг/кг/ тәулігіне  10 күн  2 реттен;
• кларитромицин 15/мг/кг/ тәулігіне  10 күн   бойы;
• цефазолин 20-50-100 мг/кг/ тәулігінге 10 күн  бойы  4 реттен;
• цефалексин 50-100 мг/кг/ тәулігіне   10-14 күн  бойы 4 реттен;
• цефуроксим  50-100 мг/кг/ тәулігіне  3-4 реттен 10- 14 күн бойы  ;
• цефтриаксон 50-100 мг/кг/ тәулігіне  4-14 күн бойы  2 реттен;
• имипенем + циластатин 50 мг/кг/ тәулігіне 10-14 күн бойы  2 реттен.
 
Әртүрлі топтағы  аритмияға қарсы  препараттар  (көрсетім бойынша):
бета-блокаторлар: пропранолол табл.  0,25-0,5 мг/кг/ тәулігіне  3 реттен  немесе  атенолол таб 50-100 мг   тәулігіне   бір реттен;
α- и β-адреноблокатор: амиодарон табл. 5-9 мг/кг/ тәулігіне 3 реттен ;
мембраностабилизатор (қарыншалық  экстросистолия): лидокаин 1-2% ампула ерітіндісі 1-2 мг/кг  бір реттен т/і;
•  кальций антагонистері: верапамил таб 1-3 мг/кг/   тәулігіне 2-3 реттен.
 
Қанайналым жеткіліксіздігі  дамыған кезде: 

кардиотоникалық препараттар  -  ІІ және одан жоғары дәрежелі қанайналым жеткіліксіздігі кезінде жүректік гликозидтер - дигоксин таблеткасы  тұрақтандырушы доза 0,008- 0,01 мг/кг/ тәул 2 реттен;
диуретиктер – қанайналым жеткіліксіздігі кезінде фуросемид таб 1-3 мг/кг/ тәулігіне 3 реттен  кейін спиронолактон таб 3,3 мг/кг/ тәулігіне  2-3 реттен немесе триамтерен табл. 1-2 мг/кг/ тәулігіне ауысумен  тағайындалынады ;
АПФ ингибиторлары: эналаприл табл. 2,5-5-10 мг/ тәулігіне 2 реттен  немесе каптоприл таб (дозасы жеке тағайындалынады) 0,3-1,0 мг/кг/ тәулігіне  3 рет.
Антикоагулянттар  мен антиагреганттар:
• варфарин таб 2,5-5,0 мг/тәу, 3 күн бойы 2 реттен,
кейін протромбин уақытына байланысты түзетіп тұрады (нормадан 1,5-2 есе артық болуы тиіс);
 фениндион (фенилин) таб 1 мг/кг/тәу, 4 рет;
 
Қабынуға қарсы терапия  ҚҚСЕП (көрсетімдер бойынша):
• ацетилсалицил қышқылы табл. 60-100 мг кг -ға, бірақ тәулігіне 2,0 гр көп емес;
• индометацин таб 2-2,5-3 мг/кг/тәулігіне;
• диклофенак таб 2-3 мг/кг/тәулігіне;
• ибупрофен таб  30-40 мг/кг/ тәулігіне;
• напроксен таб 10-20 мг/кг/тәулігіне;
• нимесулид таб 5 мг/кг/тәулігіне.
 
Глюкокортикостериодтар (көрсеткіш бойынша ):
• преднизолон таблеткасы  0,5-1,0 мг/кг/тәу  2-3 аптасына қарай  аптасына 2,5 мг-нан тәулігіне  ақырындап азайтады, күннің алғашқы жартысында  бүйрек үсті безінің  физиологиялық ырғағына сәйкес  тәулік бойы   таралады.
 
Метаболизмді және ми қанайналымын жақсартатын  психофармакотерапия, седативті препараттар  (көрсетім бойынша ):
• сасықшөп тұнбасы 1 шай қасықтан 20 күн бойы күніне 3 реттен ;
• валериан экстракты табл. 0,02 1 таблеткадан 20 күн бойы 2-3 реттен;
• диазепам табл. 2,5-15 мг 10 күн бойы тәулігіне;
• циннаризин таб  50-75 мг – нан тәулігіне, 20 күн бойы;
• винпоцетин  10-15 мг нан тәулігіне, 20 күн.
 
Амбулаториялық  деңгейде  дәрі-дәрмекпен  емдеу :
Негізгі  дәрілік  заттар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
• Бензатин бензилпенициллин флакондағы 600 000 МЕ (459 мг) б/і 4 аптада 1 рет;
• Калий оротаты табл. 500 мг 10-20мг /кг/тәу 3-5 күн бойы 2-3 реттен ;
 
Қосымша дәрілік заттар тізімі:
• Дигоксин, табл. 0,25 мг, 0,1 мг;
• Верошпирон, табл. 0,25.
 
Стационарлық  деңгейде  дәрі-дәрмекпен  емдеу :
Негізгі дәрілік заттар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%):
• Амоксициллин табл. 500 мг, 1000 мг; 250 мг; 500 мг, капс.; 250 мг/5 мл пероральді суспензия;
• Амоксициллин/клавуланат табл. 625 мг,; флакондағы  600 мг,   инъекцияға арналған ерітінді;
• Эритромицин табл.  250 мг, 500 мг; пероральді  суспензия 250 мг/5 мл;
• Азитромицин табл. 125 мг, 500 мг; капсулалар  250 мг;  флаконда 200 мг/100 мл;
• Цефазолин , инъекционды ерітіндіге арналған ұнтақ  1000 мг;
• Цефуроксим таб  250 мг, 500 мг; флакондағы инъекционды ерітіндіні 750 мг  дайындауға арналған  ұнтақ;
• Цефалексин таблеткасы  және  капсуласы 250 мг, 500 мг; 125 мг, суспензия  және  сироп 250 мг/5 мл;
• Пропранолол табл. 40 мг;
• Амиодарон табл. 200 мг; амп 150 мг/3 мл;
• Лидокаин 1%, 2%, 10% (гидрохлорид)  инъекцияға арналған  ерітінді 2 мл, 10 мл,;
• Дигоксин табл.  0,25мг, 0,1мг; амп   0,25мг/мл;
• Фуросемид табл. 40 мг; амп20 мг/2мл;
• Эналаприл табл. 2,5 мг, 5мг,10 мг; амп 1,25 мг/1 мл;
• Варфарин табл. 2,5 мг;
• Ацетилсалицил қышқылы  таб  100 мг, 150мг,75мг, 300 мг, 500 мг;
• Диклофенак табл.  25мг, 50 мг, 100 мг;  инъекцияға арналған  ерітінді  75 мг/3 мл;  ректальді суппозиторилер  50 мг; мазь 100 мг;
• Преднизолон табл. 5 мг;  инъекцияға арналған ерітінді 30 мг/мл;
• Диазепам табл. 2 мг, 5 мг;
• Пирацетам табл. 200 мг; амп 20% 5 мл;
• Карнитин хлориды таб 75-100 мг;
 
Қосымша дәрілік заттар тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
• Спирамицин   суспензияға арналған    гранула  1,5 млн ЕД, 375 мың  ЕД, 750 мың  ЕД; инфузияға арналған  ұнтақ 1,5 млн ЕД;
• Кларитромицин таб 250 мг, 500 мг;
• Цефтриаксон  флаконда, инъекционды ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ 500 мг,1 000 мг;
• Имипенем +циластатин  флаконда,   ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ  500 /500мг;
• Атенолол табл.  50 мг, 100 мг;
• Верапамил табл. 40 мг, 80 мг;
• Спиронолактон табл. 25 мг, 50 мг;
• Индометацин табл. 25 мг;
• сасықшөп  тұнбасы  30 мл; \
 •   Валериан  экстракты  таблетки 0,02;
 • Винпоцетин- таб 5 мг, 1 0 мг; амп 2 мл.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі қолдыналатын дәрі-дәрмектер:  

Митральды тарылу кезіндегі   өкпе ісінуін тоқтату:
•  Ілмекті  диуретиктер: фуросемид   бастапқы бір реттік мөлшері  — 1–2 мг/кг, максимальды —6 мг/кг.
Жүрекше фибриляциясы/лүпілдеуі  кезінде :
• Аденозин - т/і егуге арналған ерітінді (1 мл — 3 мг, в ампулада — 6 мг).  Балаларға  — 50 мкг/кг. Мөлшерін 2 мин сайын  50мкг /кг дейін ұлғайтуға болады, максимальды мөлшер 250 мкг /кг ; 
• Амиодарон - балаларға арналған таблетка мөлшері 2.5-10 мг/ тәу. Ем ұзақтығын және тізбегі жеке тағайындайды;
 • Амиодарон – ампула - жүктемелеу  мөлшері 5-7 мг/кг 250 мл 5% декстроза ерітіндісі (глюкозы) 30 - 60 минут бойы.
·  Амиодарон – таблеткасы ампуласы (жаңа туған нәрестелерге,  сәбилерге, және 3 жасқа дейінгі балаларға т/і егуге болмайды.
 
Басқа  да емдеу түрлері
 
Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері
 
Стационарлық деңгейдегі емдеудің  басқа түрлері:
·     Физиоем:
·                   мойын – жаға аймағына  магний және броммен электрофорез;
·                   электроұйқы;
·     Перикард және жүрек ауруларында массаж ;
·     Перикард және жүрек ауруларында  емдік дене шынықтыру.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:  «Жіті жүрек жеткіліксіздігі» кезінде жүргізілетін  клиникалық хаттама бойынша  жүргізіледі.
 
Хирургиялық араласулар:

Амбулаториялық деңгейдегі  хирургиялық араласулар: жоқ.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін  хирургиялық  араласу:
Хирургиялық емге көрсетілімдер:
·     митральді регургитациядан әсерінен болған  клиникалық  айқын көрсеткіштер;
·     жыпылықтау аритмиясы;
·     өкпелік гипертензияның болуы (өкпе артериясындағы қысым тыныштықта 50 мм сын.бағ.артық немесе жүктеме берілгенде 60 мл сын.бағ асады);
сол қарыншаның  анық систолиялық  дисфункциясы (СҚ лақтырысының фракциясы 30% аз, аяққы систоликалық көлемі 55 мм артық).
 
Ота  түрлері:
·     комиссуротомия;
·      баллонды  вальвулопластика;
·      митральды қақпақшаны  протездеу;
Ота шараларының  түрі науқас  мәртебесіне және  қақпақша  морфологиясына байланысты анықталынады.
 

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар  (асқынулар профилактикасы,  МСАК деңгейіндегі  алғашқы алдын алу, қауіптік факторды көрсету );
 
 Алғашқы профилактика:
 Пренаталтьді  скрининг
 
Қайталама профилактика:
Амбулуториялық  кезеңде  тағайындайды :
·     миокардтағы алмасуды жақсартатын  препараттар жылына 2-4 реттік курспен  (калий оротаты, панангин, рибоксин, фолий қышқылымен  В12 дәрумені,        L-карнитин немесе  милдронат);
бейстероидты анаболикалық гормондар; 
(ретаболил, неробол, фемоболин, метандростендиол, фосфаден).
Көрсетімдер бойынша тағайындайды:
·     тұрақтандырушы мөлшердегі  жүрек гликозидтері;
·     аритмияға қарсы препараттар;
·     несеп айдағыштар аптасына 1-3 рет;
·     стресстің алдын алу  үшін  седативті препараттар;
·     жедел интеркуррентті  ауруларда  ҚҚСЕП терапиясын 2-3 апта бойы жүргізіледі ;
·     созылмалы тонзиллит кезінде 1 жыл бойы бацилинотерапия  тағайындайды
·     тонзиллоэктомия  жайлы сұрақ  индвидуальді   қаралады;
·     бала мектептегі физикалық жүктемеден  босатылады;
·      емдік дене  шынықтыру  және  жаяу жүріс  ұсынылады.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі : 1. Мутафьян, О. А. Детская кардиология: руководство / О. А. Мутафьян. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 504 с 2. ACC/AHA/ASE 2003 Guideline Update for the Clinical Application of Echocardiography A Report of the American College of Cardiology/American Heart Association Task Force on Practice Guidelines (ACC/AHA/ASE Committee to Update the 1997 Guidelines for the Clinical Application of Echocardiography) Scottish Intercollegiate Guidelines Network A National Clinical Guideline Antithrombotic Therapy March 1999 3. Management of Patients WithValvular Heart Disease A Report of the American College ACC/AHA Pocket GuidelinesA Report of the American College of Cardiology/American Heart Association Task Force on Practice Guidelines July 2000 4. Mitral Valve Prolapse: Time for a Fresh Look. Reviews in Cardiovascular Medicine 2001;2(2): 73- 81. Guidelines: https://www.americanheart.org 5. http://www.evrika.ru/show/866 Ю.М. Белозёров, И.М. Османов, Ш.М. Магомедова «Новые взгляды на проблему пролапса митрального клапана у детей и подростков»- 6. Сторожаков Г. И., Гендлин Г. Е., Миллер О. А. Болезни клапанов сердца - М., «Практика», 2012,- С.200 7. «Детская кардиология» Под ред. Дж. Хоффмана. - Пер. с англ., М., «Практика», 2006. – С.543 8. Беляева Л.М. Детская кардиология и ревматология: Практическое руководство., «МИА»,2011, - С.584 9. Murphy M.L., Pichichero M.E. Prospective identification and treatment of children with pediatric autoimmune neuropsychiatric disorder associated with group A streptococcal infection (PANDAS). – Arch. Pediatr. Adolesc. Med.– 2002.– Vol. 156.– P. 356–361. 10. И.Н. Денисов, С.Г. Горохова «Диагноз при сердечно-сосудистых заболеваниях. Формулировка, классификации»,- Практическое руководство,-Москва,«ГЭОТАР-Медиа», 2008. – с. 26-33.

Ақпарат


Әзірлеушілер:
1. Абдрахманова Сағира Тоқсанбайқызы –  м.ғ.д., «Астана медицина
университеті» «№2 балалараурулары» кафедрасының  меңгерушісі;
2. Нұрғалиева Жанар Жеңісқызы – к.м.н., ассоциирленген  профессор, «С.Д. Асфендияров атындағы Казақ  Ұлттық медицина  университеті» ШЖҚ РМК   «№2  балалар аурулары» кафедрасының  меңгерушісі;
3. Мамбетова Индира Зинабдинқызы – м.ғ.к.,  «С.Д. Асфендияров атындағы Казақ  Ұлттық медицина  университеті»   «Амбулаторлық–емханалық   педиатрия» кафедрасының  доценті
4. Құдайбергенова Махира Сейдуалиқызы – «Ұлттық ғылыми  медициналық  орталық» АҚ  клиникалық  фармакологы.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иелері:
Отарбаев Н.К. – м.ғ.д., «Республикалық  диагностикалық орталық» АҚ  басқарма төрағасы;
Джаксалыкова К.К. – м.ғ.д.,«Семей мемлекеттік медицина  университеті» ШЖҚ РМК, «Педиатрия» кафедрасының  меңгерушісі, профессор.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары:  3 жылдан кейін не  жаңа диагностикалық әдістер  пайда болғанда  немесе жоғары дәрежелі  дәлелденген емдеу шаралары пайда болғанда  қайта қаралады .



Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх