Балалардағы персистирлеуші клоака

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2017 (Қазақстан)

Сохранившаяся клоака (Q43.7)
Педиатрия, Хирургия детская

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының
2017 жылғы «29» маусымдағы
№ 24 хаттамасымен мақұлданған

Персистирлеуші клоака – зәр шығару мүшелері дамуының туа біткен ақаулары тобын біріктіретін қыздардағы туа біткен сирек аномалия, олар үшін ортағы несеп жолы, қынап және тікішектің төменгі бөліктерінің бірыңғай каналға немесе клитордың артынан ашылатын қуысқа бірігуі болып табылады.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 коды тары):

АХЖ-10
Коды Атауы
Q43.7 Персистирлеуші клоака
 
Хаттаманы әзірлеу күні: 2017 жыл.
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

АЛТ аланинаминотрансфераза
АРМ аноректальды  мальформациялар
АСТ аспартатаминотрансфераза
БІТУ белсенділендірілген ішінара тромбо пластиналы уақыт
ВЖ вестибулярлық жыланкөз
АСАРП артқы сагитальды аноректопластика
БЖАБЖ Балалар жасындағы ауруларды біріктірілген жүргізу
ЭТЖ эритроциттердің тұну жылдамдығы
КТ компьютерлік томография
МРТ магнитті-резонансты томография
МҰ медицина ұйымы
УДЗ ультрадыбыстық зерттеу
ДД дәлелділік деңгейі
 
Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, неонатологтар, балалар хирургтары.
 
Пациенттердің санаты: балалар (қыз балалар)
 
Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

А Жоғары сапалы мета-талдау, РБЗ жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
В Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулеріне жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+), олардың нәтижелері тиісті популяцияға немесе нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданылмайтын жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес  тәуекелі бар РБЗ-ға (++ немесе +) қолданылуы мүмкін. 
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
GPP Үздік клиникалық практика

Жіктемесі


1Жіктеме [1,6]:
Қазіргі уақытта балалар хирургтарының басым бөлігі Аноректальды ақауларды келісу Крикенбектік жіктеуді (Германия, 2005 жыл) жалпы мойындалған, онда «жоғары», «төмен», «аралық» сияқты түсініктерді тіркеу жоқ.
 

Үлкен клиникалық топтар Сирек жергілікті нұсқалар
Аралық жыланкөз Тікішек дивертикулалары
Ректоуретральды жыланкөз (буылтықтық және простаталық) Тікішек атрезиясы (стеноз)
Ректовезикалдық жыланкөз Ректовагиналды жыланкөз
Вестибулярлық жыланкөз Н-фистула
Клоака Басқалары
Жыланкөзсіз атрезия -
Айналшықтың тарылуы -
 
Персистерлеуші клоаканың жіктелуі:

Тип Аномалия
I тип: Күйзелістер нысаны Айналшықтың ультрақысқа УГС және қалыпты әйелдердің жыныс мүшелерінің алдыға жылжуы
II тип: Клоаканың төмен мальформациясы
 
Қысқа УГС - <3см (ЛК-желілерінен төмен)
III тип: Клоаканың жоғары мальформациясы Ұзын УГС – 3 см (деңгейге бірігу немесе ЛК-желілерінен жоғары)
IV тип Қынап және тікішек қуық қуысына түседі
Клоака дамуының сирек нысандары Ер балалардағы артқы клоака
Клоака экстрофиясы
 

Диагностикасы


ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМ-ШАРАЛАРЫ [2,3,6]

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар:
·          айналшықтың қалыпты орында болмауы;
·          бірыңғай урогениталды канал;
·          колостоманың болуына.

Өмір анамнезі:
·          жүктілік кезінде тератогенді факторлардың болуы (ананың жүктіліктің І үш айлығындағы анемиясы, инфекциялық аурулар, тератогенді факторларға ие дәрілік препараттарды қолдану және т.б.).
 
Зертханалық зерттеулер (ДД – В):
·          қанның жалпы анализі – лейкоцитоз, анемия, жылдамдатылған ЭТЖ мүмкін.
·          зәрдің жалпы анализі – зәр шығару жүйесінің қабыну процесімен байланысты лейкоцитурия. Соңғы асқынған кезеңдерінде зәр шығару жүйесінде жыланкөздің болуымен байланысты функциялардың төмендеуімен қайталама өзгерістер.
·          қанның биохимиялық анализі – бүйректердің қайталама патологияларымен байланысты өзгерістер мүмкін (креатинин көрсеткіштері, клиренс креатинин, Реберг сынамасы, несепнәр).
·          зәрді бактериялық және антибиотиктерге сезімталдығына егу – микробты пейзажды анықтау, дұрыс антибактериалды терапия мақсатымен антибиотиктерге сезімталдықты анықтау.
·          коагулограмма (протромбинді уақыт, фибриноген, тромбинді уақыт, БІТУ).
 
Аспаптық зерттеулер:
·          ЭКГ – операция алдындағы дайындық мақсатымен жүрек патологиясын болдырмау үшін.
·          ЭхоКГ– жүрек-қантамыр жүйесін дамытудың қосалқы мүмкін ақауларын болдырмау үшін.
·          Құрсақ қуысы мүшелері және бүйректерді УДЗ – зәр шығару жолдары мүшелерін дамытудың мүмкін қосалқы ақауларын болдырмау үшін.
·          Сегізкөзді шолу рентгенографиясы – сегізкөз және құйымшақты дамыту аномалияларын анықтау және сакральды индексті анықтау үшін.
 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер:
·          балалар невропатологының консультациясы – гипоксиялық-ишемиялық тип бойынша ми қан айналымының бұзылуы, неврологиялық симптоматика және ОЖЖ зақымдану  симптомдары, жалған буылтықты бұзылулары;
·          неонатологтың консультациясы – қосалқы патология болғанда;
·          диетологтың консультациясы – тағамдық қоспаларды іріктеуде;
·          балалар нефрологының консультациясы – бүйректің қабыну өзгерістерін емдеу;
·          балалар урологының консультациясы – зәр шығару жүйесінің ақауларының үйлесімінде;
·          балалар гинекологының консультациясы – сыртқы және ішкі жыныс мүшелері ақауының үйлесімінде;
·          балалар пульмонологының консультациясы – рефлюкс-индуцияланған бронхо-өкпелік қабынулар, аспирациялық пневмониялар, бронхо-обструктивті синдром, бронхиалды астма, апноэ;
·          балалар оториноларингологының консультациясы – ЛОР-мүшелерінің қосалқы патологиялары;
·          балалар кардиологының консультациясы – қайталама кардиомиопатиялар, кардиттер, тұрақсыз гемодинамика;
·          кардиохирургытың консультациясы – жүректің туа біткен ақауларын болдырмау;
·          реаниматологтың консультациясы  – қарқынды терапияны өткізу, реанимация шарттарындағы ерте операциядан кейінгі кезең.

Диагностикалық алгоритм: 
Жаңа туған нәресте қыз балаларда емдеу әдісін таңдау алгоритмі (А.Реna) (1-сызба).

1-сызба. Аноректальді мальформациясы бар пациент (қыз балалар):

 

Дифференциалды диагноз


Дифференциальды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі
Диагноз Дифференциальды диагностикаға арналған негіздеме Зерттеп-қараулар Диагнозды жоққа шығару өлшемшарттары
Ректовестибулярлық жыланкөз  Қынап кіреберісінде фистула болғанда айналшық саңылауының болмауы Жалпы тексеру
Per rectum
·    Тексеруде қынаптың кіреберісінде жыланкөз байқалады;
·    Қынап және несеп жолының нақты дифференциациясы;
·    Тек қыз балаларда байқалады;
Персистирлеуші клоака Несеп жолдары бөліктерінің төменгі бөліктерінің, қынаптың және тікішектің бірыңғай каналға бірігуінде айналшық саңылауының болмауы Жалпы тексеру
 
·    Тексеруде несеп жолдарының төменгі бөліктерінің, қынаптың және тікішектің бірыңғай каналға бірігуі байқалады;
·    Дамымаған жыныс жолдары;
·    Қыз балаларда ғана байқалады;

Емдеу тактикасы (амбулатория)


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: жоқ.

Емдеу тактикасы (стационар)


СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ [1,6]: аталмыш диагнозы бар барлық пациенттер стационарлық деңгейде емделеді.
 
Пациентті бағдарлау, пациентті бақылау картасы (сызбалар, алгоритмдер):
 
АНОРЕКТАЛЬДЫ МАЛЬФОРМАЦИЯЛАРДА ПАЦИЕНТТЕРДІ БАҒДАРЛАУ СЫЗБАСЫ


Дәрі-дәрмексіз емдеу:
·          Режим палаталық, ерте операциядан кейінгі кезеңде төсектік.
·          Диета: Стол №16б стол, 16 стол, ақуыздар санын жас ерекшелік нормаларымен салыстыру бойынша бір жарымдықпен жоғары калориялы диета, дәрумендендірілген, минералдық заттармен бай; глюкокортикоидтерді тағайындауда рационды калий тұздары және кальцийді көп құрайтын өнімдермен байытады.
·          орталық катетер күтімі;
·          аноректоуретро вагинопластикадан кейін Фоллейдің уретралдық катетері анықталады;
·          күніне 2-3 рет күнделікті таңу;
·          NB! шетін жіктердің ажырау профилактикасы үшін операциядан кейінгі жараны кептіру;
·          күніне 3х4 рет фурацилиннің жылы ерітіндісімен зәр катетерін шаю;
·          зәр катетері қуықтан 10-20 тәулікте алынады.
 
Дәрі-дәрмектік емдеу: ауру ауырлығы және клиникалық белгілер ерекшелігіне байланысты:
·          операциядан кейінгі асқынулар профилактикасы мақсатымен антибактериалды терапия;
·          вирусқа қарсы терапия (көрсетілімдер бойынша);
·          антимикотикалық терапия, эубиотикотерапия – зең аурулары және тікішек дисбактериозы профилактикасы үшін.
 
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі:
·          цефуроксим, цефтазидим, цефтриаксон, гентамицин, амикацин, эртапенем, метронидазол, флуконазол, 50% анальгин, 1 % димедрол, этамзилат.
 
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі:
·          альбумин 10%, 20%, фуразидин, глюкоза 5%, глкюза 10 %, глюкоза 15 %, фуросемид, аминоплазмаль, липофундин.


Р/с ДЗ атауы Енгізу жолдары Доза және қолданылу реттілігі (күніне неше рет) Қолданылу ұзақтығы
(күндер саны)
Антибактериялық заттар: b-лактамды антибиотиктер және басқа антибактериялық заттар
(антибиотиктер микроб сезімталдығына байланысты іріктеледі)
1. Цефуроксим (ДД – В) [1,6] Бұлшықетішілік, тамырішілік. Нәрестелер үшін цефуроксимнің тәуліктік дозасы әр 6-8 сағат сайын баланың денесіне 30-60 мг 1 кг құрайды. Бір жастағы және одан үлкен балаларға препарат дозасы әр 6-8 сағат сайын 30-100 мг  тәулігіне 1 кг салмаққа құрайды. 10
2. Цефтазидим (ДД – В) [6] Бұлшықетішілік, тамырішілік. Балаларға арналған мөлшерлеу құрайды: екі айға дейін – 30 мг  кг  дене салмағына тамырішілік, екіге бөлінген; екі айдан 12 жасқа дейін – 30-50 мг кг салмаққа тамырішілік, үшке бөлінген. 10
3. Цефтриаксон (ДД – В) [6] Бұлшықетішілік, тамырішілік. Екі аптаға дейінгі жаңа туған нәрестелерге арналған доза: тәулігіне бір рет 20-50 мг /кг дене салмағына; емізулі бала және кіші жастағы бала (15 күн -12 жас): тәулігіне бір рет  20-80мг/кг; дене салмағы  50 кг артық жасөспірімдерге «ересектер» мөлшерлемесін тағайындайды: тәулігіне бір рет 1-2 грамм. Максималды тәуліктік мөлшер төрт грамды құрайды. 10
4. Эртапенем
(ДД – С) [6]
Бұлшықетішілік, тамырішілік. 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 рет 15 мг/кг дозасында тағайындайды (бірақ 1 г/тәу артық емес).
Препаратты т/і инфузия немесе б/і инъекция жолымен енгізеді. Т/і енгізуде инфузия ұзақтығы 30 мин құрауы тиіс.
10
5. Амикацин
(ДД – В) [6]
Бұлшықетішілік, тамырішілік. Амикацинді әр 8 сағат сайын 5 мг/кг есеппен немесе әр 12 сағат сайын 7,5 мг/кг-нан енгізеді. Зәр жолдарын зақымдаған асқынбаған бактериалды инфекцияларда, Амикацинді әр 12 сағат сайын 250 мг-нан қолдану. Шала туған балаларға препаратты 10 мг/кг мөлшерлемеде енгізе бастайды, одан кейін 7,5 мг/кг дозасына өтеді, оны әр 18-24 сағат сайын енгізеді.Ұзақ бұлшықетішілік енгізуде терапия 7-10 күнге созылады, тамырішілкте – 3-7 күн. 10
5. Гентамицин
(ДД – В) [6]
Бұлшықетішілік, тамырішілік. Доза жеке анықталады. Парентеральды енгізуде бүйректерінің қалыпты функциясы бар ересектер үшін аурулардағы әдеттегі тәуліктік доза б/і және т/і енгізуде  — 3 мг/кг/тәу, енгізу мерзімділігі — 2–3 рет тәулігіне; ауыр инфекцияларда — 5 мг/кг дейін (максималды тәуліктік доза)  3–4 қабылдау. Орташа емдеу ұзақтығы — 7–10 күн. Т/і инъекцияда  2–3 күн ішінде өткізеді, одан кейін б/і енгізуге ауысады. Зәр шығару жолдарының инфекцияларында ересектер және 14 жастан асқан балаларға арналған тәуліктік доза  0,8–1,2 мг/кг құрайды.
Ерте жастағы балаларға ауыр инфекцияларда өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана тағайындайды. Барлық жастағы балалар үшін максималды тәулікті доза — 5 мг/кг.
7
7. Метронидазол (ДД – В) [6] Тамырішілік. 2-5 жастағы балаларға - 250 мг/тәу.; 5-10 жас - 250-375 мг/тәу.,  10 жастан асқандарға - 500 мг/тәу. Тәуліктік дозаны 2 қабылдауға бөлген жөн. Емдеу курсы - 10 күн.          1 жасқа дейінгі балаларға - 125 мг/тәу., 2-4 жас - 250 мг/тәу., 5-8 жас - 375 мг/тәу., 8 жастан үлкен - 500 мг/тәу. (2 қабылдауға). 10
Зеңге қарсы ДЗ (дисбактериоз профилактикасы үшін)
11. Флуконазол
(ДД – В) [6]
Тамырішілік. Тері және шырыштының кандидозды зақымдануында флюконазолды т/і енгізуде 1 – 3 мг/кг.
Инвазивті микоздардағы доза 6 – 12 мг/кг дейін көтеріледі.
10
Симптоматикалық терапия
12. Альбумин 10%.
(ДД – С) [6]
Тамырішілік. Гипоальбуминемияда, гипопротеинемияда тамырішілік тамшылық. Балаларға альбумин тәулігіне 3 мл/кг дене салмағына артық емес мөлшермен тағайындалады. (Көрсетілімдер бойынша) Көрсетілімдер бойынша
13. Альбумин 20%. (ДД – С) [6] Тамырішілік. Балаларға арналған бір реттік мөлшер 0.5-1 г/кг құрайды. Препаратты шала туған емшектегі балаларға ғана қолдануға болады.  (Көрсетілімдер бойынша) Көрсетілімдер бойынша
 
15. Фуросемид (ДД – В) [6] Бұлшықетішілік, тамырішілік. 15 жасқа дейінгі балаларға тамырішілік немесе бұлшықетішілік енгізу үшін орташа тәуліктік доза - 0,5-1,5 мг/кг құрайды. Көрсетілімдер бойынша
16 Этамзилат
(ДД – С) [6]
Бұлшықетішілік, тамырішілік. Дозалау режимі жеке көрсетілімдерге байланысты анықталады. Балаларға 10–15 мг/кг/тәу дозасында 3–4 қабылдауға тағайындалады. 4-6
17 Анальгин 50% (ДД – С) [6] Бұлшықетішілік, тамырішілік. Балаларға 0,1-0,2 мл есеппен енгізіледі, 50% 0,2-0,4 мл 25% ерітіндіде 10 кг дене салмағына енгізеді. 3-5
18 Димедрол 1 % (ДД – С) [6] Бұлшықетішілік, внутрь Б/і — 1–5 мл 1% ерітінді.
Ішке — 0,025–0,05 г (балаларға — 0,01–0,03 г) 1–3 рет күніне.
 
3-5
19 Фуразидин
(ДД – С) [6]
Ішке Таблеткаларды ішке қабылдау, тамақ ішу кезінде қолдану ұсынылады (зәрді қышқылдату үшін). Емдеу режимінде 2 таблеткадан тағайындайды (100 мг)  тәулігіне 4 рет бірінші күні, одан кейін – 2 таблеткадан  (100 мг)  тәулігіне 3 рет. Педиатрияда, 5-7 мг/кг/тәулігіне дозаны тағайындай отырып. Егер балаларға ұзақ емдеу жоспарланса, онда дозалауды тәулігіне 1-2 мг/кг дейін азайтады. Емдеу курсы 7 ден 8 күнге дейін құрайды. Емдеудің соңғы курсынан 10-15 күннен кейін  қажеттілігі болғанда қайталайды. 

 
Көрсетілімдер бойынша

Хирургиялық араласу:
1)      Пенья бойынша артқы сагитальды аноректоуретровагинопластика.
Көрсетілімдер: ақауды клиникалық және рентгенологиялық растау

Қарсы көрсетілімдер:
·          жоғары тыныс алу жолдарының өткір қабынулары;
·          өткір инфекциялық аурулар;
·          айқын гипотрофия;
·          анық емес этиологиялы гипертермия;
·          терінің іріңді және қабыну өзгерістері;
·          психо – неврологялық бұзылулар;
·          жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан абсолютті қарсы көрсетілімдер
 
Әрі қарай емдеу:
·          аноректальды мальформацияны түзетудің бастапқы кезеңіне өту.
 
Емдеу тиімділігінің индикаторлары:
·          неоайналшық, нео несеп жолы, нео қынаптың болуы;
·          неоайналшық, нео несеп жолы, нео қынаптың тарылуының болмауы.

Ауруханаға жатқызу


ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР [1,6]

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: 10 айдан 1 жылға дейінгі жастағы оперативті түзету (операциялық емдеудің негізгі кезеңін өткізу үшін) басқа мүшелер және жүйелер тарапынан қосалқы патологияларға қарсы көрсетілімдер болмағанда.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: өткір тікішектік өткізбеушілік клиникасы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Alberto Pena,M.D., Marc Levitt, M.D., «Thetreatment of anorectal malformations», 2006. 2) Ормантаев К.С., Ахпаров Н.Н., Аипов Р.Р. Атлас аноректальных мальформаций у детей. – Алматы, 2011 г., 176 стр. 3) Ахпаров Н.Н., Смагулова Д.У., Аипов Р.Р. Новый способ наложения колостомы у детей. Вестник Казахского Национального Медицинского Университета, 2007, №2, С. 8-10. 4) Аипов Р.Р. Актуальные вопросы классификации аноректальных мальформаций у детей. Педиатрия и детская хирургия Казахстана, 2008 - №2, стр. 30-32. 5) Лёнюшкин А.И., Лукин В.В., Окулов Е.А. Аноректальные пороки развития// Бюлл. для врачей. – М, 2004. - №2(42). – С.19-31. 6) Большой справочник лекарственных средств. Под редакцией Зиганшиной Л.Е.

Ақпарат


ХАТТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттама әзірлеушілерінің тізімі:
1)      Ахпаров Нұрлан Нүркенұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК хирургия бөлімшесінің меңгерушісі.
2)      Афлатонов Нұржан Бақытбекұлы – «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК хирургия бөлімшесінің дәрігері.
3)      Ахтаров Кахриман Махмұтжанұлы – «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы » РМҚК хирургия бөлімшесінің дәрігері.
4)      Рүстемов Дастан Зейноллаұлы – Ұлттық ана мен бала ұлттық орталығы «UMC» КҚ филиалының балалар хирургиясы бөлімшесінің дәрігері, Астана қаласы.
5)      Мажитов Талғат Мансұрұлы – медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ клиникалық фармакология және интернатура кафедрасының профессоры, клиникалық фармаколог.

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Рецензенттердің тізімі:
1)  Набиев Зохир Нарзулоевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Педиатрия және балалар хирургиясы Ғылыми-клиникалық орталығының директоры, Тәжікстан.
2) Тұрсынқұлов Бахтияр Шахайдарұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Рахат» медицина орталығының балалар хирургы.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх